Шерхан Мұртазаның "Ай мен Айша" роман-диологиясына, Ш.Бейсенованың «Сүзгенің соңғы күндері» хикаятына әдеби талдау (образдар жүйесі, портреттер, мінездеу, жазушының көркемдік стилі, тіл айшығы



Қазіргі замандағы әдебиетте әжелер мен аналар жайында қалам тартқан жазушылар ішінде Шерханның алатын орны ерекше. «Оның шығармаларындағы басты ерекшелік: адам баласының жан күйзелісін, ыза мен кектен тығырыққа тірелер шарасыз күйін аса шебер сүйреттеуі; қазақы мінез-құлық пен табиғат көріністерінің адам жанымен астасып қаз-қалпында сөзбен бейнеленуі. Жазушы шығармаларында философиялық тұжырымдар жасамайды немесе ұнамсыз құлықтарды шымшылап әзіл-оспақтың астына алмайды, кейіпкерлерін көркемсурет галереясындағы көріністей көз алдыңнан тізбектейді»
Қылышынан қаны тамған сонау заманда ұлтымызға Тұрар тұлғасының жаңа қырларын Шерхан дер кезінде таныта білді. Тұрардың қайта оралуына Шерханның «Қызыл жебе» романы жол салып берді десек қателеспеспіз.
Қалың қазаққа Тұрар есімін мәшһүр еткен соң да оның заманға лайық шығармалары шыға бастады. Солардың бірі – жазушының өз анасы жайында «Ай мен Айша» шығармасы.
«Ай мен Айша»- өмірбаяндық романның жаңа үлгісін танытатын, адамның қалыптасуы мен қоғамның дамуын сабақтастыра суреттеген шығарма. Мұндағы адам тағдырлары сұрқай заман шындығын ойлантпай, толғантпай қоймайды. Автор адам жан дүниесін көркемдік тұрғыдан зерттей отырып, кейбір мінезін ашу арқылыоның адам ретіндегі болмысын жан-жақты ашуға тырысты.
Жазушының өзінен «Ай мен Айшада» Ай образын жасаудағы себебіңіз не?» деп сұрақ қойғанда, Ш.Мұртаза: «...Кітаптың атында неге ай тұр десеңіз... Ол, енді, біржағынан тағдырдың ұқсастығы сияқты, біздің анамызбен, әсіресе соғыс кезіндегі жесірлік, қиыншылық көрген аналардың тағдырына ұқсас.
Гейнеде бір өлең бар. Генрих Гейне деген ақында ай туралы әдемі бір сонеті бар. Мағынасы былай: Күнге ғашық ай, сұлу, күн де оған ғашық сияқты көрінеді. Шүпірлеген көп бала тараған. Ол – жұлдыздар. күндердің күнінде арасынан әлдебір қара мысық өтті ме, әлдеқандай сызат бітті ме, екеуі содан екі жақта. Бірі – шығыс жақта, бірі батыста. Күн шықса ай батады. Ай шықса күн батып кетеді. Өмірбақи бір-біріне жолыға алмайды, осынау мұңлы сарыны бар. Ал адам баласының тағдырын алсақ, ері жаңағы трепрессияға ұшырап, не болмаса майданға кетіп келмей қалғандардың көбісі солай. Балалар қалды. Ері жоқ бір-біріне жете алмаған дүние. Жалпы, дүниенің философиясы сол. Ай деген арман болса, күн деген қиял болса, соны қуасың да жүресің. Қашан жетесің, белгісіз, соған байланысты алынған ат».
«Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша» романы әуелі «Жалын» журналында
(1995,№5-12) жарық көріп, әдебиет сүйер қауымнан жақсы бағасын алды. Бұл өмірбаяндық шығарма. Ол: «Сен қайдан келдің ?- дегенде бір данышпан: - Мен Балалықтың елінен келдім,- деген екен», - деп басталады. Ендеше, біздің автор да сол балалыққа саяхат жасап, кіндік қаны тамған, балалық шағы өткен сол туған еліне сапар шегеді.
1.Ш.Мұртаза. Ай мен Айша .-Алматы: «Қазақстан». 2008.-456б
2. http://iskernews.kz/prozalik-shygarma/ ақпараттық-іздестіру порталы
3. http://writers.kz/journals/?ARTICLE=1932&CURENT&ID;=11&NUM=46 сайты
4. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқулық. Б.Ердембеков, Ж.Аймұхамбет,Р.Тұрысбек.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ №5-6
Тақырыбы: Шерхан Мұртазаның "Ай мен Айша" роман-диологиясына, Ш.Бейсенованың Сүзгенің соңғы күндері хикаятына әдеби талдау (образдар жүйесі, портреттер, мінездеу, жазушының көркемдік стилі, тіл айшығы

Пәні: Қазіргі қазақ әдебиеті
Тобы: Қ-217
Орындаған: Султанмуратова Ф.Қ
Тексерген: Сабырбаева Р.Қ

Семей, 2015

ШЕРХАН МҰРТАЗАНЫҢ "АЙ МЕН АЙША" РОМАН-ДИОЛОГИЯСЫ
Қазіргі замандағы әдебиетте әжелер мен аналар жайында қалам тартқан жазушылар ішінде Шерханның алатын орны ерекше. Оның шығармаларындағы басты ерекшелік: адам баласының жан күйзелісін, ыза мен кектен тығырыққа тірелер шарасыз күйін аса шебер сүйреттеуі; қазақы мінез-құлық пен табиғат көріністерінің адам жанымен астасып қаз-қалпында сөзбен бейнеленуі. Жазушы шығармаларында философиялық тұжырымдар жасамайды немесе ұнамсыз құлықтарды шымшылап әзіл-оспақтың астына алмайды, кейіпкерлерін көркемсурет галереясындағы көріністей көз алдыңнан тізбектейді
Қылышынан қаны тамған сонау заманда ұлтымызға Тұрар тұлғасының жаңа қырларын Шерхан дер кезінде таныта білді. Тұрардың қайта оралуына Шерханның Қызыл жебе романы жол салып берді десек қателеспеспіз.
Қалың қазаққа Тұрар есімін мәшһүр еткен соң да оның заманға лайық шығармалары шыға бастады. Солардың бірі - жазушының өз анасы жайында Ай мен Айша шығармасы.
Ай мен Айша- өмірбаяндық романның жаңа үлгісін танытатын, адамның қалыптасуы мен қоғамның дамуын сабақтастыра суреттеген шығарма. Мұндағы адам тағдырлары сұрқай заман шындығын ойлантпай, толғантпай қоймайды. Автор адам жан дүниесін көркемдік тұрғыдан зерттей отырып, кейбір мінезін ашу арқылыоның адам ретіндегі болмысын жан-жақты ашуға тырысты.
Жазушының өзінен Ай мен Айшада Ай образын жасаудағы себебіңіз не? деп сұрақ қойғанда, Ш.Мұртаза: ...Кітаптың атында неге ай тұр десеңіз... Ол, енді, біржағынан тағдырдың ұқсастығы сияқты, біздің анамызбен, әсіресе соғыс кезіндегі жесірлік, қиыншылық көрген аналардың тағдырына ұқсас.
Гейнеде бір өлең бар. Генрих Гейне деген ақында ай туралы әдемі бір сонеті бар. Мағынасы былай: Күнге ғашық ай, сұлу, күн де оған ғашық сияқты көрінеді. Шүпірлеген көп бала тараған. Ол - жұлдыздар. күндердің күнінде арасынан әлдебір қара мысық өтті ме, әлдеқандай сызат бітті ме, екеуі содан екі жақта. Бірі - шығыс жақта, бірі батыста. Күн шықса ай батады. Ай шықса күн батып кетеді. Өмірбақи бір-біріне жолыға алмайды, осынау мұңлы сарыны бар. Ал адам баласының тағдырын алсақ, ері жаңағы трепрессияға ұшырап, не болмаса майданға кетіп келмей қалғандардың көбісі солай. Балалар қалды. Ері жоқ бір-біріне жете алмаған дүние. Жалпы, дүниенің философиясы сол. Ай деген арман болса, күн деген қиял болса, соны қуасың да жүресің. Қашан жетесің, белгісіз, соған байланысты алынған ат.
Ш.Мұртазаның Ай мен Айша романы әуелі Жалын журналында
(1995,№5-12) жарық көріп, әдебиет сүйер қауымнан жақсы бағасын алды. Бұл өмірбаяндық шығарма. Ол: Сен қайдан келдің ?- дегенде бір данышпан: - Мен Балалықтың елінен келдім,- деген екен, - деп басталады. Ендеше, біздің автор да сол балалыққа саяхат жасап, кіндік қаны тамған, балалық шағы өткен сол туған еліне сапар шегеді.
Түсімде ылғи балалық шағымды көремін.
Түсімде күн сайын Мыңбұлақ кіреді. Түсімде Ақсу-Жабағылыны көремін.
Түсімде ылғи туған үйімді көремін.
Түсіме ылғи Айша кіреді. Мұртаза сирек кіреді, өйткені ол кеткенде, мен бес-ақ жаста едім. Елесі еміс-еміс қана - деген лирикалық кейіпкер дүниенің төрт бұрышын араласа да, қандай сұлу табиғат, бай елде болса да, ол үшін Ақсу-Жабағылының орны бөлек.
Бұл романын ата-бабасының, Айшаның аруағына сиына отырып бастайды. Жарын халық жауы деп айдап алып кеткен соң, үш баласын жетілдіру мен заман тауқыметі өз басына қалған ана өмірі көркем суреттелген. Өмірінде талай қиыншылық пен азапты көргенмен ана жүрегі болашақтан тек жақсылықтан үміт күтеді. Бала Шерханды балалары үшін отқа түскен анасы алдындағы қарыздан қалай құтылам деген ой ертеден-ақ мазалаған еді:
Ал мен болсам жатып аламын да ойланамын: анасы үшін о дүниедегі балалар отқа түсе жаздағанда, бұ дүниедегі біз сияқты пәндалар не бітіріп жүрміз ? Не жақсылық жасадық анамызға ?!
Мен паркке бара жатқанда, Қазыбек би көшесі мен Қонаев көшесінің қиылысында бір мәшке итті машина басып кетті. Жаңадан күшіктеген екен. Күшіктері арыққа төселген құбырдың ішінде қалған. Машина соларды таптап кетеді-ау деп, ана сорлы моторлы тажалға қарсы ұмтылған.
- Ана сүтін ақ ішкен адал ұлға, Дүниенің төрт бұрышы болар тұлға!- дер еді Айша...
Ана қарызынан қалай құтыламыз?!
Айша балаларына әрі ана, әрі әке, әрі әже болған нар адам болған.
Сонда үш жетімін ұйықтату үшін, Айша неше алуан ертегі, қиссаларды айтады. Біз үшін бұл бір қадір түндері - Алланың ақ нұры жауған түндер. Анда - санда Айша осылай өзгереді. Ұзақ түнде бізге әр түрлі әңгіме айту арқылы өзі де азаптан арылып, уайымы жеңілдеп қалатын сияқты.
Ізбайша, Әзиза, Айшалар - құдай қосқан қосағынан ерте айырылып, өмірдің бар тақсіретін тартқан тауқыметі көп, балалары үшін жанын отқа да, суға да салған итжанды аналар.
Романға нәр берген бір жетістік - ұлттық характерге мән беру. Қазақ халқына ғана тән ұлттық ерекшеліктер жазушы кейіпкерлерінің бойынан көптеп кездеседі. Қазақ әйелдерінің ата-ене, өзінен жасы үлкен қайынаға, абысынымен бірге қайын сіңлі, қайын інілердің атын атамай, оларға ат қоюы, не болмаса бас әріпін өзгертіп айтуы - ұлттық әдет-ғұрыпымыздың бір нышаны. Айшаның ата-бабадан қалған керегені отқа жақпай сақтауы, елден кетерде бүкіл аруақтан кешірім сұрап, шаңырақпен қимай қоштасуы, Мына иесіз қалып бара жатқан шаңыраққа бас-көз болып жүрерсің деп, иесіз үйді көршісі Баянға тапсыруы - кие тұтқан шаңырақты қандай жұт келсе де, көздің қарашығындай сақтау біздің ұлтымызға тән қасиет екендігін көрсетеді. Үйдің оты сөнуін шаңырақтың шайқалуына балайтын қазақтың от анасын қадірлеуі - бес жасар Барысханның ойнап келіп, жетілік шамға түкіріп, отты өшіре жаздағаны үшін оңбай жазалануы арқылы бейнеленген.
Көркем шығармаға аңыз-әңгімелерді, ертегілерді енгізу - қазақ прозасының табысы. Ал Қоңыраулы еліктер, Жалаңаш қасқыр аңыздарына жан бітіріп тірілту арқылы ізгілікке тәрбиелеуге көңіл бөлу - жазушы жетістігі. Ұзақ түнді қысқартып, аш құрсақ балаларды алдандыру үшін айтқан Айшаның аңыздары, ертегілері - атадан балаға жалғасып келе жатқан рухани мұрамыз. Оның ата-бабалары, туған жер, тарих туралы әңгімелері болашақ жазушыға таусылмас қазына болғаны рас. Бұл романда көп кітап оқып, көп білгендіктен молда атанған Мұртаза мен әңгімешіл, ақынжанды Айшадан туған Барысханның Махамбеттің Қызғыш құсына еліктеп шығарған тырнақ алдысы да сол тұстағы зұлматтың тепкісін әшкерелегендей.
Шығарманың шешімі - Айшаны елден безуі. Оны елден, туған жерден, ата-баба қонысынан бездірген Тасбет пен Жуанқұл. Олар- кешегі Рысқұлды елден бездірген Дауылбай мен Саймасайдың жалғасы.
Бал балалықтың дәмін татып үлгермеген бұл шығармалардың авторлары үшін аналары мен әжесінің аяулы алақаны жанға дауа, тәнге шипа болғаны шығармаларынан-ақ көрініп тұр. Адам өміріндегі ең тәтті кез осы балалық шақ болса, оны еске ала шығарма жазбаған жазушы кем-кем шығар. Ұрпағына осы кезеңде қазақи тәрбиені үлестірген ана мен әжеден айналарсың. Мүмкін бұл әрекетті уақытысында жасағандықтан, қазақтың маңдайына біткен әдебиеттің майданында өз орны бар азаматтары бүгінгі дәрежеге жеткен шығар.
Романдағы кейіпкер бейнесінің сәтті шығуы шығарма концепциясын тереңдете түсу жолындағы жазушы ізденісінен туған көркемдік әдіс, көркемдік табыс деуге болады.

Шығармадағы көркемдік тәсілдер, тілдік қолданыстар
Шығармадағы бейнелеулер:
1. Милиция деген- ұзын сұр шинель, төбесі сиырдың емшегіндей шолақ бас киімдіғ жүздері мұздай суық, мылтықтары үшкір найзалы адамдар болады екен
2. Нахан- маңдайы жарқыраған, жүзі нұр шашқан сұлу жігіт еді
3. Мені құшақтап, бетімнен сүйіп, айналып-толғанған ақ сары, ажарлы әйел- Мұртазаның туған қарындасы, менің әпкем Әдия екен (110-б)
4. Қараңғылау үйде күндігі шаңырақтай, өзі керіскедей, келбетті, сұсты кемпір отыр екен (122-б)
5. Апайымыз- сұқсырдай бетінде шұбар дағы бар, басынан ақ қажым ормалаын тастамайтын, тым таза, тақуа тақілеттес кісі еді (144-б)
6. Бетінің ақтығы ерекше, мәрмәр тақылеттес, ұшында қызылы бар. Ал сәл түріктеу ерні шиедей қып-қызыл. Көзі еліктің лағындай жәудіреп тұрады (146-б )

Шығармадағы фразеологизмдердің қолданысы:
1. Осы біздің Мыңбұлақта ит мұрны батпас қалың қара орман бар
2. Тек ызадан от тұтанған көздері ғана аласұрады
3. Арам қатқыр көк тайқар, алды-артына қарамай ауылға қашып кетті
4. Көз байланып, қас қарая ойын бітіп үйді-үйімізге тарқадық
5. Қарашы, сенің көзің өткір ғой
6. Бір-ақ асай салатын нанды сары алтындай сақтап, дәмін ұзағырақ татқымыз келеді (54-б)

Шығармадағы мақал-мәтелдердің қолданысы:
1. Қанағат жиен бала, қанағат қарын тойғызар, қанағатсыз жалғыз атын сойғызар (44-б)
2. Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар
3. Қырық жыл қырғын болса да, қиыспайды туысқан
4. Көп түкірсе-көл
5. Бар жамандықтың бір жақсылығы бар. Кебін киген келмейді, кебенек киген келеді. Кебенек киіп кетіп еді ғой балаларың, үмітсіз шайтан деген, Қарабас(62)
6. Әкесіз жетім-арсыз жетім, шешесіз жетім-шерсіз жетім (116-б)

Шығармадағы көркемдегіш тәсілдер:
1. Қудайдай жеп-жеңіл алақанымен басымнан сипады- теңеу
2. Тауықтың күркесіндей бөлек бір бөлме болып шыға келді- теңеу (36-б)
3. Қызыл құмырсқаның илеуіндей ғана төбешік ақ қардың ортасында қарауытып калды-теңеу (38-б)
4. Қып-қызыл темір қамырша иленіп, балға қалай ұрса, солай жаншылып, бірте-бірте сұрлана береді (62-б)
5. Есіктің көздей тесігінен қылтиып жаңа туған айдың қияңы көрінеді (76-б)
6. Найзаның ұшындай өткір Манас шыңын көрсеткеніңе тауба! (102-б)
7. Мойнын иіп, тақтайдай жап-жазық арқасын меңзейді (114-б)
8. Жанары ботаның көзіндей жәудіреп, адам көрсе бір жәрдем тілегендей жаутаң-жаутаң еткенде, жаның шырылдап, жүрегің жылағандай болады (116-б)
9. Қараңғылау үйде күндігі шаңырақтай, өзі керіскедей, келбетті, сұсты кемпір отыр екен (122-б)
10. Айшаның талақтай ісіген бетіне шырай кіргендей болды (124-б)

Ш.БЕЙСЕНОВАНЫҢ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихи романдардың басты идеялық-көркемдік ерекшелігі
Ш. Бейсенованың «Сүзгенің соңғы күндері» хикаятындағы лиризм мен психологизм. Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша поэмасының» көркем тілі
Тарихи романдардың басты идеялық-көркемдік ерекшелігі. Қ.Жұмаділовтің "Дарабоз" романына, Шерхан Мұртазаның "Ай мен Айша" роман-диологиясына, А.Кемелбайдың "Қоңыр қаз" шығармасына әдеби талдау
Қазақ əдебиетіндегі лирикалық проза
Қазақтың ұлы жазушылары
Қазақ мемуарлық романы
Шығармада кездесетін синоним сөздер
Қазақ драматургиясы туралы
Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» (екі кітап), «Жұлдыз көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ» атты бес кітаптан тұратын хамса-романын әдеби талдау
Қ.Жұмаділовтің "Дарабоз" романының көркемдік-идеялық ерекшелігі
Пәндер