Әдеби байланыс. Хасен Оралтай және Қажығұмар Шабданұлы



Хасен Оралтай (1933 - 2010) - шетелде тұратын қазақ қайраткері, ұлт азаттық қозғалысын зерттеуші, тарихшы, публицист, түрік, қазақ, ағылшын, неміс т. б. тілдерде жазылған еңбектердің авторы. Алаш сыйл. лауреаты (1994), Түркістан қазақ-түрік халықаралық ун тінің құрметті проф. (1994). Қазақ халқының тарихына, этнографиясына, әдебиетіне, саясат мәселелеріне арналған түрік тілінде жазылған «Қазақ түріктері» (Измир, 1961), «Ұлы түрікші Мағжан Жұмабайұлы» (Измир, 1965), «Шығыс Түркістан тарихындағы басты мәселелер» (Стамбул, 1975), «Коммунизммен шайқас» (Измир, 1965) кітаптары шыққан. Мәжит Айтбаевтың «Абылай» дастанын және өлеңдерін (1971), тұңғыш рет «Қазақша-түрікше» сөздік бастырды. Түрік халықтарының тарихи тағдырына арналған материалдар жарияланатын «Биік Түркелі» журналын (17 сан) өз қаржысына шығарып тұрды (1962-1986). Стамбулда 1973 ж. басылған «Алаш» кітабында қазақ халқының ғасырларға созылған ұлт азаттық қозғалысына шолу жасалынды, әсіресе, Алаш қозғалысына, Алаш Орда партиясына, Алаш өкіметіне дұрыс баға берілді. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Тынышбаев, М. Дулатов, Ж. Досмұхамедов, X. Досмүхамедов, М. Шоқаев, А. Бірімжанов, Ә. Ермеков, О. Қарашев, М. Жұмабаев, Р. Мәрсеков, Т. Рысқұлов, С. Асфендияров, Н. Төреқұлов, О. Жандосов, С. Қожановтың т. б. Шығ. Түркістаннан шыққан қазақ зиялыларының өмірбаяны, қоғамдық қызметі көрсетілді. Абай дәстүрлерінің Алаш азаматтары шығармаларында тамыр жаюын жан- жақты баяндады. Қытайдағы зорлықшыл үкіметтің тепкісіне көнбей азаттық үшін алысқан қазақтардың үлкен бір азапты көшін (1947-54) Тибет, Үндістан, Пәкістан арқылы Түркияға бастап барған әйгілі батыр, өз әкесі туралы «Арыстан туған Әлибек Хәкім» («Жұлдыз», 1993, № 7) шығармасын жазды. Желтоқсанның (1986) қанды оқиғалары тұсында X. дүние жүзіне дабыл қағып, жазықсыз қараланған қазақ ұлтын қорғау туралы үн көтеріп, қоғамдық ойды-ұйымдастырды, сөз сөйледі, мақалалар, кітап жазды. Сол тарихи «1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстан оқиғалары» еңбегі түрік тілінен аударылып, қазақша жарияланды («Жұлдыз», 1992, № 2). Мюнхендегі «Азаттық» радиосында қызмет істеген (1967 жылдан) Х. дүниежүзі қазақтарына тарих, қоғам, заман туралы ақиқатты жеткізуге көп еңбек сіңіріп, ұлы Абай көздеген ұлттық сананы, еркіндік мұраттарын қалыптастыруға үлес қосты.
Сәуірдің 14-і күні Мюнхендегі үйінде журналист-зерттеушi, халықаралық "Алаш” сыйлығының иегерi Хасен Оралтай 77 жасында ауыр науқастан қайтыс болды. Хасен Оралтай 1988-1995 жылдары Азаттық радиосының қазақ бөліміне басшылық еткен болатын. Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағында дүниеге келген Хасен Оралтай өткен жиырмасыншы ғасырдың орта шенінде еркіндікке жетуді армандаған қазақтың үлкен тобын Шығыс Түркістаннан алып шығып, небір «тар жол тайғақ кешу» арқылы Батысқа бастаған халық батыры Қалибек Хакімнің ұлы. Кейін Хасен Оралтай әкесінің Шығыс Түркістандағы қазақтарды қытай коммунистерінің шеңгелінен құтқарудағы қиындықтары мен еркіндік жолындағы күресі жайлы өмір шежіресін «Елім-айлап өткен өмір» деген кітабында баяндаған. Азаттық радиосы арысынан айрылған Хадиже бәйбішеге қазаның арты қайырлы болсын деп көңіл айтып, хабарласқан болатын:
«Қазан айының 15-інен бері қатерлі ісік дертімен ауырып жатып қалды. Германиялық дәрігерлер оның денсаулығын әбден зерттеді, жақсы болады деген еді. Бірақ рак ауруы миына, жүрегіне дейін әсер етіп, жағдайы төмендеп кетті»-деп күрсіне әңгімеледі Хадиже Оралтай.
Хасен Оралтайдың Түркияда тұратын немере қарындасы, халықаралық саясат ғылымының докторы Мәриям Хакім марқұмның өмірлік жолындағы ұстанымы жайлы былай дейді:
1. Смағұлова С. Ұлттық интеллигенция және ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы аграрлық мәселе. Автореферат. Алматы,1999.
2. Бөкейхан Ә. Таңдамалы. Алматы, 1995.
3. Шоқай М. Таңдамалы. Бірінші том. Алматы, 1998.
4. Шілдебаев С. ХІХ ғасырдың 1-жартысындағы Түркістан идеясы және Мұстафа Шоқай // Жас Түркістан,1999. №2-3.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Өздік жұмысы
Тақырыбы: Әдеби байланыс.Хасен Оралтай және Қажығұмар Шабданұлы.

Орындаған: Амантай Ә.
Топ: Қ-213
Тексерген: Құрмамбаева Қ.

Семей, 2015
Хасен Оралтай (1933 - 2010) - шетелде тұратын қазақ қайраткері, ұлт азаттық қозғалысын зерттеуші, тарихшы, публицист, түрік, қазақ, ағылшын, неміс т. б. тілдерде жазылған еңбектердің авторы. Алаш сыйл. лауреаты (1994), Түркістан қазақ-түрік халықаралық ун тінің құрметті проф. (1994). Қазақ халқының тарихына, этнографиясына, әдебиетіне, саясат мәселелеріне арналған түрік тілінде жазылған Қазақ түріктері (Измир, 1961), Ұлы түрікші Мағжан Жұмабайұлы (Измир, 1965), Шығыс Түркістан тарихындағы басты мәселелер (Стамбул, 1975), Коммунизммен шайқас (Измир, 1965) кітаптары шыққан. Мәжит Айтбаевтың Абылай дастанын және өлеңдерін (1971), тұңғыш рет Қазақша-түрікше сөздік бастырды. Түрік халықтарының тарихи тағдырына арналған материалдар жарияланатын Биік Түркелі журналын (17 сан) өз қаржысына шығарып тұрды (1962-1986). Стамбулда 1973 ж. басылған Алаш кітабында қазақ халқының ғасырларға созылған ұлт азаттық қозғалысына шолу жасалынды, әсіресе, Алаш қозғалысына, Алаш Орда партиясына, Алаш өкіметіне дұрыс баға берілді. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Тынышбаев, М. Дулатов, Ж. Досмұхамедов, X. Досмүхамедов, М. Шоқаев, А. Бірімжанов, Ә. Ермеков, О. Қарашев, М. Жұмабаев, Р. Мәрсеков, Т. Рысқұлов, С. Асфендияров, Н. Төреқұлов, О. Жандосов, С. Қожановтың т. б. Шығ. Түркістаннан шыққан қазақ зиялыларының өмірбаяны, қоғамдық қызметі көрсетілді. Абай дәстүрлерінің Алаш азаматтары шығармаларында тамыр жаюын жан- жақты баяндады. Қытайдағы зорлықшыл үкіметтің тепкісіне көнбей азаттық үшін алысқан қазақтардың үлкен бір азапты көшін (1947-54) Тибет, Үндістан, Пәкістан арқылы Түркияға бастап барған әйгілі батыр, өз әкесі туралы Арыстан туған Әлибек Хәкім (Жұлдыз, 1993, № 7) шығармасын жазды. Желтоқсанның (1986) қанды оқиғалары тұсында X. дүние жүзіне дабыл қағып, жазықсыз қараланған қазақ ұлтын қорғау туралы үн көтеріп, қоғамдық ойды-ұйымдастырды, сөз сөйледі, мақалалар, кітап жазды. Сол тарихи 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстан оқиғалары еңбегі түрік тілінен аударылып, қазақша жарияланды (Жұлдыз, 1992, № 2). Мюнхендегі Азаттық радиосында қызмет істеген (1967 жылдан) Х. дүниежүзі қазақтарына тарих, қоғам, заман туралы ақиқатты жеткізуге көп еңбек сіңіріп, ұлы Абай көздеген ұлттық сананы, еркіндік мұраттарын қалыптастыруға үлес қосты.
Сәуірдің 14-і күні Мюнхендегі үйінде журналист-зерттеушi, халықаралық "Алаш" сыйлығының иегерi Хасен Оралтай 77 жасында ауыр науқастан қайтыс болды. Хасен Оралтай 1988-1995 жылдары Азаттық радиосының қазақ бөліміне басшылық еткен болатын. Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағында дүниеге келген Хасен Оралтай өткен жиырмасыншы ғасырдың орта шенінде еркіндікке жетуді армандаған қазақтың үлкен тобын Шығыс Түркістаннан алып шығып, небір тар жол тайғақ кешу арқылы Батысқа бастаған халық батыры Қалибек Хакімнің ұлы. Кейін Хасен Оралтай әкесінің Шығыс Түркістандағы қазақтарды қытай коммунистерінің шеңгелінен құтқарудағы қиындықтары мен еркіндік жолындағы күресі жайлы өмір шежіресін Елім-айлап өткен өмір деген кітабында баяндаған. Азаттық радиосы арысынан айрылған Хадиже бәйбішеге қазаның арты қайырлы болсын деп көңіл айтып, хабарласқан болатын:
Қазан айының 15-інен бері қатерлі ісік дертімен ауырып жатып қалды. Германиялық дәрігерлер оның денсаулығын әбден зерттеді, жақсы болады деген еді. Бірақ рак ауруы миына, жүрегіне дейін әсер етіп, жағдайы төмендеп кетті-деп күрсіне әңгімеледі Хадиже Оралтай.
Хасен Оралтайдың Түркияда тұратын немере қарындасы, халықаралық саясат ғылымының докторы Мәриям Хакім марқұмның өмірлік жолындағы ұстанымы жайлы былай дейді:
Хасен Оралтайдың өмірі "елім" деп еңіреген едігелер тарихын жазумен өтті. Ағамыз XX-шы ғасырда Шығыс Түркістан аталатын қазақ жерінде ел үшін, жер үшін, қазақ үшін жүргізілген арпалыс пен қазақтың еркіндікке деген талпынысының нәтижесінде шет елдерге, Батысқа босып барған қазақтардың өмір шежіресін жазған-ды. Хасен Оралтай ғұмырын алты Алаштың ұлтшыл зиялыларының тарихы мен Қазақстанның бүкіл көкейтескен маңызды мәселелерін жазып жариялауға арнады.
Хасен Оралтайдың жазушылық, өз білгенінше тарихшылық ролі алдымен Шығыс Түркістан қазақтарының Ұлт азаттық күресін қолына қалам алып, алғашқы қарлығаш болып әлемге жариялаудан бастады. Осыдан жарты ғасыр бұрын (1961) алғашқы кітабы "Еркіндік Жолында. Шығыс Түркістан Қазақ Түріктері" еңбегі Түркияның Ізмір қаласында баспадан шықты. Өмірінің соңғы кезеңіне дейін әрі өзі жазған, әрі өзі ұйымдастырған еңбектердің барлығының көздеген мақсаты - қазаққа пайдалы, қазаққа қатысты, қазақтың өткені мен келешегі үшін өзекті мәселелерге арналды.
1954-1967 жылдары Түркияда тұрған Хасен Оралтай ұлт-азаттық жолында күрескен алаш азаматтарының ұранымен газет, журнал, кiтап шығарумен айналысты. 1968 жылдан Мюнхендегі Азаттық радиосына қызметке келген Хасен Оралтай 1988 жылдан бастап 1995 жылға дейін Азаттықтың қазақ бөлімін басқарған.
1986 жылғы желтоқсандағы қазақ жастарының советтік жүйеге қарсы көтерілісі туралы күллі әлемге Азаттық радиосы алғашқы болып жар салған еді. Кейін Хасен Оралтай қазақ жастарының Желтоқсан көтерілісі жайында Батыс баспасөзінде жарық көрген түрлі мақала, деректерді жинақтап кітап етіп басып шығара отырып, сол еңбекте советтік Қазақстандағы алғашқы толқу турасында өзіндік баға да берген болатын.
Хасен Оралтай Азаттыққа қызмет еткен 27 жылда советтік бұғаудағы қазақтың өзекті мәселелерін ұдайы көтерумен болды. Қазақстан халқына еркін де, бейтарап ақпарат жеткізуге тырысты.
Мәриям Хакім:
Қазақ үшін бойын кернеген ой-пікірін жеріне жеткізе айтып, сөзі жеткенше қалам сермеп, тарихта қалдыруға тырысқан жан еді. Азаттық радиосында жұмыс істеген кезден бұрын да, кейін де, қарлығаш қанатымен су сепкендей болса да, қазақтың өзекті мәселелерінің жаршысы мен жыршысы жұмысын атқаруға талпынды,-дейді.
Хасен Оралтай ұлттың мүддесін қорғау жолында өз ұстаным-сенімдерін ашық танытқанда шен алуды, пайда табуды көздемеген еді деп еске алады Мәриям Хакім.Хасен Оралтайдың бүкіл ғұмыры жат жұртта өткенімен, ол жүрегі әрдайым қазақ деп соққан, әрбір сөзіне қазақ аман болсын деген тілегін қосып отыратын қазақ ұлтының шын жанашыры бола білген еді.
Хасен Оралтай 2007 жылы Қазақстан Журналистика академиясының БАҚ саласындағы жалпыұлттық Алтын самұрық мәртебелі сыйлығымен марапатталды.Алаш рухын асқақтатып өмір сүрген Хасен Оралтайдың тұтас ғұмыры әкесінің басынан кешкен қанды күндердің жалғасындай елім деп еңіреп өтті дейді Азаттық радиосына пікірін білдірген Еуразия халықаралық жазушылар одағының мүшесі, Жас қазақ үні газеті бас редакторының орынбасары Жәди Шәкен. Ол: "2008 жылы Еуропа қазақтары көші тарихының көсемдерінің бірі, Алаш ардақтысы Қалибек Хакімнің 100 жылдық мерейтойының Алматыда аталуына да көп еңбек сіңірді. Әрі осы Халықаралық конференция негізінде 2009 жылы Білім баспасынан Қалибек Хакім туралы естеліктер атты кітап шығаруға атсалысты. Алаш рухын асқақтатушылардың соңғы тұяқтарының бірі болған Хасен Оралтайдың тұтас өмірі әкесінің басынан өткен қанды күндердің жалғасындай елім деп еңіреп өтті. Жатқан жеріңіз жаннат, топырағыңыз торқа болсын, аяулы аға!",-деген жүрекжарды сөздерін айтты Азаттық радиосына.
Қай кезеңде де халық санасын қозғаған, іс-әрекетке шақырған тұлғалардың еңбегі ескерусіз қалмақ емес. Сондай қайраткердің бірі - шалғайда ғұмыр кешкен, белгілі алашшыл қайраткер Хасен Оралтай. Жат жердің аласапыран күресі мен тартыс азабын жастайынан басынан кешкен Хасен ес білгеннен бастап, туған ел жерінің тілегін, ынтымағын тілеп өткен. Х.Оралтай - журналист, тарихшы, қоғам қайраткері ретінде алашшыл бағыттан жаңылмаған тұлға. Х.Оралтайдың Түркия мен батыс елдеріне Қалибек Хакім атанған әкесі Қалибек Райымбекұлы шетқақпай тірлік кешкен ағайынның басын қосып, тұрақтап қалатын мекен іздеуде көпшілікті бастай білген. Ұзақ сарпылған сапардан соң, Түркия жерімен қауышады. Салихлы қаласына орналасып, мал өсіріп, теріден киім тігіп кәсіп жасаған Қалибек ел жерді ойлап, өздерінің қазақ жұрты екенін таныту мақсатында айналасынан хабар алып, бастарын біріктірудің әрекеттерін жасап бағады. Қалибек елді азаттық көтеріліске бастап, Қытай елінің қысымына қарсылық көрсетіп, елді әрекетке жұмылдыра білген. Осындай жат елде жүріп, халықшыл мақсатты нысан еткен Хасен Оралтайдың қоғамдық саяси бағыттағы қадамы ерте айқындалады. 1961 жылы ол Шығыс Түркістан Қазақ түріктері азаттық жолында, 1965 жылы Бүйүк Түркішіл Мағжан Жұмабайұлы деген кітаптарын жариялап, осы жылдары Бүйүк Түркелі журналы мен Коммунизм Сауаш газетін шығарып, мақалалар жаза бастайды. Бұл қайраткерлік әрекеттер шет өлкеде қазақ есімінің танылуына көмектесті.
Х.Оралтай 1961 жылдың көктемінде Еркіндік жолында Шығыс Түркістан қазақ түріктері деген тұңғыш кітабының алғысөзінде: Әр күн қорқу мен үрейлену және мың бір түрлі қауіп қатер ішінде өмір сүрудің қиыншылығын тек басынан өткізгендер ғана біледі. Сол азап пен ауыртпашылықтарға душарласып, оған шыдап төзбеуіміздің себебін сұраудың қажеті бар ма? Бұл сауалға бір ақ ауыз сөзбен жауап беруге де болады: түрік тектес болуымыз, ерікті адам болып өмір сүруді көксеуіміз. Х.Оралтайдың бұл тырнақалды еңбегі Түркияда қазақ атымен шыққан әрі қазақ жазған тұңғыш кітап болуымен ерекшеленеді.
Хасан Оралтайдың ұлтжанды әрекеттерінің бірі - Ізмірде түрік тілінде Бүйүк түрікші Мағжан Жұмабайұлы деген кітапты шығаруы. Бұл кітапты жазудағы себебін автор: Бұл кітапты әзірлеуіме біздің түркістаншыл туыстарымыздың Мағжан Жұмабайұлының Түркістан екі дүние есігі ғой деп басталатын әйгілі толғауын көбірек тілге тиек етіп, Мағжанның Түркістандық ақын екендігін айтумен шектелетіндігі, оның қазақ екендігі туралы үн шығармайтындығы, сондай ақ Түркия түріктерінің түрікшіл тобының маған Мағжанды, оның еңбектерін жұртшылыққа таныту керек деген пікір айтулары, деп түсіндіреді. Бұл шет елдегі қазақтың санасына ұлттық қозғау салған еңбек болды. Түрікшілдік белгілі бір қоғамдық құбылыс ретінде танылды. Ресейдің отарлау саясатына қарсы бағытталған азаттық қозғалысты бастаушы ұлт зиялыларының түрікшілдік бағыт ұстауына ұлы түрік рухының өлмегендігі, ғасырлар қойнауынан бері қарай түрік халықтарымен бірге жасасып келе жатқан азаттық философиясының санада сақталғаны негіз болды [4, 5-8] деген пікірге ден қойсақ, қазақ зиялыларының халқы үшін қаншалықты еңбек сіңіргенін байқаймыз.
Атамекенінен амалсыз қара үзген ұрпақ өкілі Х.Оралтайдың қоғамдық, қайраткерлік қызметінің бірнеше салада өрбігенін байқаймыз. Соның бірі - өмірінің отызға жуық жылын арнаған Азаттық радиосындағы еңбегі. Германияның Мюнхен қаласындағы Азаттық радиосы 1953 жылы жұмысын бастайды. Бұл қызметке аса жауапкершілікпен кіріскен Х.Оралтай радио хабарларына кірістірілетін ақпараттардың мазмұн мәнін зер сала сараптап, негізді материалдарды беруге мұқият қарайды. Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланғанын естігенде, сүйінші хабар дайындап, бұл қуанышты хабарды жеткізу бақытына ие болғанын тебірене жазады.
Х.Оралтай өз ұлтының тәуелсіздігіне шаттанып, әдебиеті мен тарихының шынайылығының жақтаушысы қатарында, айғақты мәліметтерді толассыз, мақсатты түрде ұйымдастырып отырады. Соның бір дәлелі - 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына байланысты сараптауы мол, шынайы хабарларды жеткізіп отыруы еді. Осыған байланысты желтоқсан айында әр жылы Азаттық радиосының қазақ бөлімі арнайы хабарлар ұйымдастырып, сұхбаттар жүргізуді үрдіс етеді. Түркістан Мұхтарияты үкіметінің құрылған күнгі мүшелеріне арнап, М.Тынышбайұлын, М.Шоқайұлын еске алу хабарларын өткізеді. Өз қоғамының даму өресін басқадан бұрын байқап, халқының есесін түгендеп, ұлттық қасиетін тереңдетіп отыру ұлтжанды азаматтарға тән болса, қайраткер Хасен Оралтай сондай белгілі тұлға.
Қоғам өзгерісін жан-жақты әрі терең таныған зиялы тұлғалар халқының ұлттық санасының оянуына қажетті мәселелерді дұрыс барлап, әрі қарайғы өрлеуіне ықпал етті. Ұлтының тәуелсіздігін көксеп, рухының жоғары болуын қолдаған қайраткерлердің осы арнадағы мұрат мақсаттары да, көзқарастары да үндес еді.

Қажығұмар Шабданұлы (1925 жыл, Таңсық елді мекені, Шығыс Қазақстан облысы - 15-ақпан, 2011 жыл, Шәуешек қаласы, ҚХР) - жазушы.
1930-шы жылдардың басында ашаршылықтан бас сауғалап, ата-анасымен Қытайдың Шыңжаң өлкесіне қарасты Дөрбілжін ауданына ауып барған. Жергілікті халықтардың мәдени-ағарту көтерілісі кезеңінде Дөрбілжіндегі Қазақ-қырғыз ұйымын басқарған. Алғаш рет 1958 ж. оңшыл, солшыл деген саяси айыптаулармен сотталып, 22 жылға бас бостандығынан айрылған Қажығұмар жазасын Такламакан шөліндегі Тарым лагерінде толық өткеріп, 1980 жылы бостандыққа шығады.
1986 жылы желтоқсанында ұлттық дербестікті көздейтін Үміт атты партия құрды және Қазақстанның астыртын ұйымдарымен байланыс жасады деген айыптаулармен, шетел жансызы деген желеумен 13 жылға екінші мәрте түрме жазасына кесіледі. Бұл жаза мерзімін ол Үрімжі қаласының №1 түрмесінде өткізеді.
Қытай өкіметі тарабынан саяси себептерге байланысты қудаланғаны үшін Қажығұмар Шабданұлы қамауда отырған кезде адам құқығын қорғау жөніндегі Халықаралық рақымшылық (Амнести интернешнл) ұйымы оны ар-ождан тұтқыны деп танып, Қытайдың құзыретті ресми орындарынан ол кісіге байланысты әділ тергеу мен ашық сот жүргізуін жүйелі түрде талап еткен.
Қажығұмар Шабданұлының алты томдық "Қылмыс" романының бiрiншi томы Қазақстанда тұңғыш рет 2005 жылы халық жазушысы Қ.Жұмадiловтiң "Тас түрменi бұзып шыққан тарлан сөз" атты кiрiспесiмен жарияланған-ды. Кiтаптың беташарына енген бұл мақаланы сексеннен асқан ғұмырының қақ жартысын түрмеде өткiзген Қажығұмар Шабданұлы туралы ең алғаш - қы зерттеу деп қараған жөн. Мұнда алты томның жазылу тарихы мен жанрлық сипаты, Қ.Шабданұлының абақтыда ұзақ отырудан дүниежүзiнiң рекордтар кiтабына кiрген түрмедегi кезеңi толық көрсетiлген. Қытайдағы 1950 жылдың соңында бас - талған "Тарих тапсыру", "Үшке қарсы", "Беске қарсы" деген әрекеттер, "Жер арендасын кемi - ту", "Стиль түзету" сияқты дабыралы науқандар кезiнде "ұлтшыл" атанып, 1958 жылдан 1978 жыл - ға дейiн табаны күректей 20 жыл уақытын Такламакан шөлiндегi Тарым лагерiнде өткiзген Қ.Шабданұлының "Қылмыс" романын жазуы осы жылдардан басталады. Қытай көсемi Маузыдұң өлгеннен кейiн бостандыққа шыққан жазушы көздеген мақсатына дендеп кiрiседi. "Қылмыс" романының алғашқы екi томы кезiнде, дәлiрек айтсақ, 1982,1985 жылдары Үрiмжiдегi Шыңжан халық баспасынан 15-20 мың тиражбен таратылған екен, ал үшiншi томы түптелiп жатқанда ұсталып, өртеледi. Қырсықтың ең үлкенi осы жерде айналдырады. Қ.Шабданұлы "Кеңес Одағының астыртын ұйымдарымен байланыс жасап, ұлттық дербестiктi көздейтiн "Үмiт" атты партия құрған шетел жансызы" деген желеумен 1986 жылы қайта ұсталып, содан Үрiмжiдегi № 1 абақтыда сар төсек болып 15 жыл жатады. "Қылмыстың" қалған томдары осы түрмеде жазылады. Оның 1989 жылы жарық көрген Шығыс Түркiстандағы ұлт-азаттық көтерiлiстiң қаһарманы Зуқа батыр Сәбитұлы туралы "Пана" романы да - түрме туындысы. Бұл роман Қазақстанда 2004 жылы баспадан шығарылды. "Халықаралық рақымшылық" (Амнести интернешнл) ұйымы оны "ар-ождан тұтқыны" деп танып, Қытайдың құзыреттi ресми орындарынан әдiл тергеу мен ашық сот жүргiзуiн жүйелi түрде талап еткендiктен, әбден қартайған шағында ғана оған бостандық берiлдi. Абақтыдан босаған соң, үнемi бақылауда болатын үй қамағы мен студент кезiнде Гомиңдаң түрмесiнде жатқан екi жылды қосқанда, Қажекеңнiң қамаудағы стажының қырық жылдан асып жығылатынын Қ.Жұма - дi - лов өз мақаласында атап көрсетедi. "Жазылған тiлдей қағаздарды астыртын сыртқа шығару, жазғандарын түрлi тә - сiл - мен сақтау, кейiн ол кiтаптар мен қолжазбалардың әртүрлi жолдармен шекара асып, менiң қолыма жетуi - өз алдына бөлек хикая", - дейдi Қ.Жұмадiлов жоғарыда аталған алғысөзiнде. Мiне осы тiлдей қағаздар арқылы тар қапастан жарық дүниеге шыққан "Қылмыс" романының толық нұсқасы 2009 жылдың соңыңда ғана Қазақстан жұртшылығының қолына тидi. "Көптомды "Қылмыс" романын араб жазуы үлгiсiндегi төте жазудан кириллицаға түсiрткен, баспаға дайындап, жалпы редакциясын қараған - Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмадiлов" деген сөз әр кiтаптың бiрiншi бетiнде тұр. 2005 жылғы тұңғыш томға жазылған "Тас түрменi жарып шыққан тарлан сөз" атты жазушының "беташар" сөзi де сол қалпында берiлiптi. Әлбетте "Қылмыстың" алты томы оңайшылықпен оқырман қолына тиген жоқ. Бұл - таза Қ.Жұмадiлов бастаған жанкүйер, тiлеулес азаматтардың жан - кештiлiгiнiң арқасында жарыққа шықкан ғажайып қазына. Оны қарау, сүзгiден өткiзу, тағы басқа техникалық жұмыстарын қоспағанда, баспасөз бетiнде қоғамдық пiкiр туғызатындай әлденеше мақала жариялатып, алты томдық кiтап қашан жарық көргенше тағат таппай, өкше iзiне түскен бiрден-бiр адам Қ.Жұмадi - лов болғандығын көзi қарақты оқырман түгел бiледi. Оның бұл еңбегiн 24 қараша 2009 жылы Алматыдағы Ұлттық баспасөз клубында өткен "Қылмыс" романының тұсаукесер рәсiмiнде Дүниежүзi қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Талғат Мамашев те атап өттi. (Әбдiлханқызы С. Түрмеде жазылған "Мың бiр түн". Айқын. - 2009, 25 қараша).
"Қазақ әдебиетiнiң классигi Қажығұмар Шабданұлының бұл шығармасы Шыңжаң қазағының 1930-80 жылдар аралығындағы жарты ғасырлық тарихын жүйелi түрде қамтитын, Қытайда өмiр сүрiп жатқан қазақ ұлтының тағдырынан сыр шертетiн эпопеялық шығарма" деген Қ.Жұмадi - ловтiң осы мәжiлiстегi пiкiрiн республикалық басылымдардың барлығы да жарыса жариялады. "Сөйтiп, қазақ әдебиетi тарихында тұңғыш рет дүниеге келген алты томдық романның кiндiгi түрмеде кесiлдi. Қандай төзiм, қандай еңбекқорлық, әдебиетке деген неткен құштарлық десеңiзшi?! Өзi зынданда жатқан, жарық дүниеге аман шығар-шықпасы екiталай адамның ұлы мақсаттан айнымай, болашақ ұрпаққа арнап кiтап жазуынан асқан ерлiк бола ма?! - деп тамсанған осы жолдардың авторы Қ.Жұмадiловтiң өз ұмтылысы да ерлiкке пара-пар емес пе?!
Жанры жағынан бұл шығармаларды Қ.Жұмадi - лов мемуар яғни ғұмырнамалық романға жатқызғанымен де, мұнда суреткердiң өмiр жолы ғана баян - далып қоймайтынын, сонымен бiрге жарты ғасырға созылған тұтас дәуiр шындығы қоса қамтылатынын жазушы өте орынды атап көрсеткен. Қазiргi уақытта романның сан түрi бар. Кейiн - гi кезде тарихи роман түрлерiнiң қатарына әскери-эпистолярлық, әскери-тарихи роман түрлерi қосылып, Б.Момышұлының шығармаларын осы тұрғыдан талдау қолға алына бастады. Ал Қ.Шабдан - ұлының бұл шығармасы сөз жоқ, мемуар, соның iшiнде тарихи ғұмырнамалық роман деу - ге болады.
Көптомдықтың бiрiншi кiта - бында 1925 жылы бұрынғы Семей облысы, Аягөз ауданына қарасты (қазiргi ШҚО, Үржар ауданы) Таңсық ауылында дүниеге келген Қ.Шабданұлының қандай отба - сын - да туғанынан басталып, 1930 жылдардағы Қазақстан өмiрiндегi зобалаң, одан 1932 жылы болашақ жазушының жетi жасында ашаршылыққа ұшыраған елмен бiрге Шәуешекке өтуi, жат жердегi босқындар тiрлiгi, олардың бiрте-бiрте Қытайдың Шыңжан аймағына қарасты Дүрбiлжiң ауданына сiңуi сөз болады. Бұл жер (Шәуешек, Дүрбiлжiң) Қ.Жұмадiловтiң "Соңғы көш", "Тағдыр" романдары арқылы Қазақстан жұртшылығына жақсы таныс. Кiтаптың басталуындағы "Кiрiспенiң" орнына "Кiрiсу" деп алғанының өзiнен-ақ жазушы жаңалығының ұшқынын көремiз. Себебi көтерiп отырған тақырыбы, суреттеу тәсiлi тұрғысынан бұл романды әдеттегiдей бастау мүмкiн де емес. Сондықтан да жазушының "Кiрiсу" деген сөзi науқаншылдықтың белгiсiн бiрден аңғартады. Бiрiншi кiтаптың бiрiншi бөлiмiнiң аты "Туған жер" емес, "Туған апан", одан кейiнгi бөлiмдер "Қашаған бөлтiрiк", "Үйiрлi ұры", "Адаланған албастылар", "Таласта", "Ажал аузында" деп келсе, кейiнгi кiтаптарда "Аласапыранда", "Тартыста", "Шай - қаста", "Жеңiс құшағындағы жеңiлiс", "Ашылған құпия" деп кете бередi. Барлық кiтаптардағы бөлiмге қойылған тақырыптардың өзiнен-ақ оқиғаның қалай өрбитiнiн шамалап, шебер өрiлген композициялық құрылымның куәсi боласыз. Келесi кiтаптарда Шыңжаңдағы ұлт-азаттық күресi, реформалар мен төңкерiстер, өкiмет басшылары ауысқанмен де, мән-мағынасы өзгермеген сiрескен қоғамдық жүйе тiзбектелiп берiлiп отырады. Қ.Жұмадiлов: "Бiз осының бәрiмен автордың екiншi "менi", бас кейiпкер Биғабiлдiң басынан кешкендерi арқылы танысамыз", - дей келе, оның батысқа елiктемей, өзi жақсы бiлетiн шығыстың аңыз-ертегiлерiн соның iшiнде темiрқазық - тай жол нұсқаған - "Мың бiр түн" хикаясын дөп басып көрсетуi бұл шығармаға берiлген алғашқы жарасымды пiкiр деуге болады. Қ.Шабданұлының өз шығармасына осыншама ұзақ уақытты, сан ал - уан оқиғаларды сыйғызатындай тамаша форма тауып, шығыстық желiнi шебер пайдалана бiлген - дiгiн халық жазушысы ғажайып деп таниды. Олай дейтiн жөнi бар.
Расында "Қылмыс" романынының басталуының өзi ерекше. Негiзгi кейiпкер автордың өзi тергеуде отырады да, "Құдiреттi тергеушiм, өтiрiк қоссам, тас төбемнен ұрыңыз" деп кекетiп алады. Бұл сөз алты романның өн бойын шарлайды. Былайша айтқанда - өз алдына табылған айрықша метаморфозалық пiшiн. Гректiң эллинистикалық кезеңiнде өмiр сүрген (б.э.д.IV - I ғ) ертедегi Римнiң соңғы атақты ұлы ақыны Публия Овидий Назон (43 ж.б.э.д - 17 ж.б.э.) антикалық әдебиеттiң екi жүз елу мифологиялық аңыздары мен сарындарын жинақтап, жүйелей келе 15 кiтаптан тұратын "Метаморфоза" деген поэма жазып шыққан. Осы поэмасы арқылы Гректiң Metamorphosis - өзгеру деген сөзiне түбегейлi жаңа мазмұн бiтiрiп, антикалық мифологияны өлең тiлiмен жаңадан түзiп шығады. Мұның поэма түрiндегi аудармасы ғана емес, қарасөзбен аударылған нұсқалары да кезiнде дүниежүзiне тарап кеткен. Ал Қ.Шабданұлы романдарындағы қарсылығы да қайшылығы да мол шым-шытырық оқиғаларды автордың тiзген моншақтай жымдастырып баяндауы, ештеңесiн қалдырмай бiр желiге бағындырып байлап шығуы - Публия Овидий Назонның "Метаморфозасымен" сарындас. Түрлендiрiп айтсақ, бұл "Мың бiр түн" мен "Метаморфоза" арасынан өзгеше көктеп шыққан жаратылысы мүлде бөлек өсiмдiк тәрiздi. Себебi жазудан бұрын қаламгердiң қа - ры - мына сай қалып тауып, өзiндiк үлгi жасап алғаны ақиқат. Ең алдымен жазушы жаңалықтарының жарқын бiр көрiнiсi осында ғой деймiз. Осы арқылы Қ.Шабданұлы қазiргi қазақ прозасында автордың екiншi "менi" атынан баяндалатын шығармалардың озық үлгiсiн көрсетiп бердi дей аламыз. Бүкiл оқиға Биғабiл кейде жақын-жұрағат, дос-жарандарының Биға деп отыратын автордың екiншi атымен берiледi.
Шығыс әдебиетiндегi "Мың бiр түн" ертегi - сiндегi уәзiрдiң қызы Шахризаданың "О, құдiреттi падишам" деп басталатын бiрiнен-бiрi өткен хикая - лары сияқты романның әр бөлiмi "Құдiреттi тергеушiмнен" басталып, роман оқиғасы тұтқынның тергеушiге қайтарған жауабы түрiнде баяндалады. Мұндағы айқын таңба оқиғадан кейiн тағы да "Құрметтi тергеушiм, Әдiлеттi тергеушiм, Көреген тергеушiм, Данышпан тергеушiм, Кемеңгер тергеушiм, Қаһарлы тергеушiм, Қисық көз, қытымыр тергеушiм" деп басталып, автордың астарлы кекесiн мен мырс еткiзер мысқылға, сын-сықаққа толы қорытынды ойымен кесек-кесек түйiн жасалады. Әр оқиғаның соңын бұлайша тұжырымдап отыру "Мың бiр түн" хикаясында жоқ. Әр томның тiптi әр бөлiмнiң соңы тергеушiге қаратылып саяси ажуамен аяқталып, шығарманың бас-аяғының жымдасып отыруы кiтапқа жаңа сипат, жалынды қуат бiтiрген.
А.Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқыш" атты еңбегiнде жазба әдебиеттi дiндар дәуiр, дiлмар дәуiр деп екiге бөледi де, қисса, хикаят, мысал, насихат (үгiт), мiнажат, мақтау, даттау, айтыс, толғау, терме сияқты жанрларға жеке-жеке тоқталып, бұларды дiндар дәуiрге жатқызады. (Байтұрсынов А. Ақ жол. - Алматы: Жалын, 1991).
Ислам дiнi тарағаннан бергi жазба әдебиеттiң басы қасиеттi Алла атымен басталып, жаратқан - ға мiнәжат айтумен аяқталатыны туралы мағлұмат - түпнұсқалар қайта жарық көре бастаған кезден яғни тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi ұлттық жаңғыру үрдiсiмен үндес дүние. Ал А.Байтұрсынов поэ - зиялық шығармалардан мысал келтiрiп, түсiндiрiп беретiн мiнәжат жанры туралы мүлде хабарсыз болдық деуге болады. Тiптi балалар әдебиетiнiң атасы Ы.Алтынсариннiң кәдiмгi "Кел, балалар, оқы - лық" өлеңi де "Бiр Аллаға сиынып, Кел, балалар, оқылық" деп басталуы кездейсоқтық емес, бұл А.Байтұрсынов дiндар дәуiр деп бөлген әдебиеттiң өзiне тән таңбасы екендiгiне ендi ғана көзiмiз жеткендей. Ал Қажығұмар Шабданұлының "Қылмыс" романында осы дәстүрдi жаңа қырынан жаңғыртуы кездейсоқ емес. Қытайдағы қазақтарда ХХ ғасырдың бас кезiнде 24 таңбадан тұратын А.Байтұрсыновтың төте жазуы өзi "қазақ жазуы" деп атаған "Әлiп биi" шыққанға дейiн араб графикасына негiзделген шағатай жазуы қолданылғаны белгiлi. Жалпы, Кеңестiк жүйе орнағанға дейiн кез-келген қазақ алғашқы сауатын дiни оқудан бастаған. ХХ ғасырдың 20-жылдарында Қазақстандағы дiни оқу мүлде жойылып кетсе, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдеби байланыс: Х.Оралтай және Қ.Шабданұлы шығармалары
Әдеби байланыс Хасен Оралтай және Қажығұмар Шабданұлы шығармашылығы
Шетелдегі қазақ әдебиеті және әдеби байланыс
«Қылмыс» романы
Шабданұлы Қажығұмар
Қ.Шабданұлы "Қылмыс" романын талдау
Мәдениет қоғам дамуының негізгі қажетті саласы
Алаш тұлғаларының көзқарасындағы үндестік
Ахмет Байтұрсынов өмірі туралы
Қажығұмар Шабданұлы «Қылмыс» романы
Пәндер