Химиялық - токсикологиялық зерттеулерге сынама алу қағидасы және оны жеткізу талабы туралы ақпарат



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.1 Ветеринариялық.санитариялық сараптау зертханасында сынама алу қағидасы
1.2 Токсикологиялық талдау
1.3 Химиялық .токсикологиялық тексеру үшін сынама алу, орап.қаптау және зертханаға жіберу
1.4 Токсикологиялық талдаудың негізгі әдістері
1.5 Токсикологиялық зерттеу үшін патологиялық материал, қан, азық сынамасын алу
1.6 Химико.токсикологиялық зерттеу үшін азықты алу және жөнелту
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ауыл шаруашылығы малдарының және өсімдік өнімдерінің экологиялық қауіпсіздігі мен сапасы оның құрамындағы токсиндік заттарға байланысты болып келеді. Токсиндік заттар мал ағзасына келесі жүйе арқылы түседі: топырақ-өсімдік-мал. Аздаған мөлшерде тыңайтқыштар ретінде және минералдаы азық ретінде ауылшаруашылығында қолданады.Соның нәтиежесінде мал организміне түсіп орасан зор шығынға әкелетін, еліміздің эканомикасына зор нұқсан келтіретін кесел екені бәрімізге белгілі. Бұл кеселдің айқын клиникалық түрде байқалмауына байланысты бірнеше мыңдаған жануар бастарының уланып, өлімге ұшырайтыны түсінікті.
Отандық және алыс-жақын шетел ғалымдарының аталмыш мәселені зерттеп, атқарған еңбектері көп болуына қарамастан бұл жағдай осы күнде өзектілігі арта түсуде. Химиялық токсикологиялық улы затттардың организмге сіңуі мен сіңу жылдамдығы олардің адаммен жануарлардың денесіне түсу жолдарына улылық әсерлері тәуелді. Улар организмге ас қорыту, тыныс алу жүйелерімен және тері арқылы түседі. Улы заттардың газ, бу және шаң тәрізді түрлерінің ингаляциялық жол арқылы түсуі зор маңызға ие. Экологиялық жағдайлар, сапасыз азықтармен азықтандыру, сонымен қатар қанағаттанарлықсыз күтіп-бағу ережелері малдардың ағзасына кері әсерін тигізеді және олардан алынатын өнімдердің сапасын айтарлықтай төмендетеді.
1.К.Н.Қожанов « Ветеринариялық фармакология» Алматы, 2009
2.Е.М.Қорабаев, Н.А.Заманбеков, Ә.М.Өтенов, Б.Д.Айтжанов , Н.К.Көбдікова, А.А.Байниязов « Токсикология» Алматы,2011
3.А.А.Байниязов, Н.А.Заманбеков « Фито-Фармакология» Алматы 2014

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрілігінің
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік Университеті

БӨЖ
Тақырыбы: Химиялық - токсикологиялық зерттеулерге сынама алу қағидасы және оны жеткізу талабы

Орындаған:Талапқанқызы М
Тексерген: Билялов Е.Е
Топ:ВС-203

Семей 2015

Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.1 Ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханасында сынама алу қағидасы
1.2 Токсикологиялық талдау
1.3 Химиялық -токсикологиялық тексеру үшін сынама алу, орап-қаптау және зертханаға жіберу
1.4 Токсикологиялық талдаудың негізгі әдістері
1.5 Токсикологиялық зерттеу үшін патологиялық материал, қан, азық сынамасын алу
1.6 Химико-токсикологиялық зерттеу үшін азықты алу және жөнелту
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Ауыл шаруашылығы малдарының және өсімдік өнімдерінің экологиялық қауіпсіздігі мен сапасы оның құрамындағы токсиндік заттарға байланысты болып келеді. Токсиндік заттар мал ағзасына келесі жүйе арқылы түседі: топырақ-өсімдік-мал. Аздаған мөлшерде тыңайтқыштар ретінде және минералдаы азық ретінде ауылшаруашылығында қолданады.Соның нәтиежесінде мал организміне түсіп орасан зор шығынға әкелетін, еліміздің эканомикасына зор нұқсан келтіретін кесел екені бәрімізге белгілі. Бұл кеселдің айқын клиникалық түрде байқалмауына байланысты бірнеше мыңдаған жануар бастарының уланып, өлімге ұшырайтыны түсінікті.
Отандық және алыс-жақын шетел ғалымдарының аталмыш мәселені зерттеп, атқарған еңбектері көп болуына қарамастан бұл жағдай осы күнде өзектілігі арта түсуде. Химиялық токсикологиялық улы затттардың организмге сіңуі мен сіңу жылдамдығы олардің адаммен жануарлардың денесіне түсу жолдарына улылық әсерлері тәуелді. Улар организмге ас қорыту, тыныс алу жүйелерімен және тері арқылы түседі. Улы заттардың газ, бу және шаң тәрізді түрлерінің ингаляциялық жол арқылы түсуі зор маңызға ие. Экологиялық жағдайлар, сапасыз азықтармен азықтандыру, сонымен қатар қанағаттанарлықсыз күтіп-бағу ережелері малдардың ағзасына кері әсерін тигізеді және олардан алынатын өнімдердің сапасын айтарлықтай төмендетеді.

Негізгі бөлім
Ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханасында сынама алу қағидасы
Сынама алуды тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы, ветеринариялық бақылау бекетінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы, мемлекеттік ветеринариялық зертхананың ветеринариялық дәрігері, базардың немесе өндірістік бақылау бөлімшесінің ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханасының ветеринариялық дәрігері, сондай-ақ ветеринария саласындағы уәкілетті органның аумақтық ведомстволарының бөлімшелерімен құрылатын комиссия жүргізеді. Сынама алуды орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті иесінің қатысуымен жүргізеді.
Сынамалар алу үшін тот баспайтын болаттан, қалайыдан немесе тамақ өнеркәсібінде қолдану үшін рұқсат етілген полимерлі материалдардан дайындалған төмендегі келесі құрал-саймандар қолданылады:
1) әр түрлі конструкциялы пышақтар;
2) қайшылар, пинцет;
3) сұйық, сусымалы өнімдер үшін сүңгі тәрізді сынама алғыштар;
4) қасықтар, сүңгі, шөміш, кружка, 200 граммға дейін сыйымдылығы бар ожаулар;
5) шыны бойынша қарандаш, пастер пипеткалары, резеңке тығыны бар шыны түтіктер, кружкалар, стақандар, нормативтік құжаттарға сәйкес келетін әртүрлі диаметрі мен ұзындығы бар металл және пластмасс құбырлар;
6) жалпы мақсаттағы зертханалық және техникалық таразылар;
7) қажетті сыйымдылығы, герметикалық жабылатын тығыны мен қақпағы бар шыны немесе синтетикалық материалдардан жасалған ыдыстар;
Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының, патологиялық материалдың, судың, топырақтың сынамаларының зертханалық зерттеулерін жүргізу аяқталған бойда ветеринариялық зертханаларда олардың көрсеткіштерінің ветеринариялық- санитариялық талаптарға және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігінің көрсеткіштеріне сараптама актісін береді, сыналатын үлгілер зертханалық зерттеулер жүргізгеннен кейін есептен шығаруға және утильдеуге жатады. Бақылаушы сынама осы сынаманың жарамдылық мерзімі аяқталған бойда утильдеге жатады. Сынамаларды утильдеу жою актісін толтырып, арнайы құрылған комиссиямен жүргізіледі. Актіге комиссияның барлық мүшелерімен қол қойылады, актіде баяндалған деректердің толықтығына, дұрыстығына және объективтілігіне жауапкершілікті ветеринариялық зертхананың басшысы алып жүреді.
Токсикологиялық талдау
Құрамында улы заттары бар екендігіне күдікті барлық заттар химиялық-токсикологиялық талдау жасау үшін, тиісті зертханаларга жіберіледі. Тексеруге жіберілетін заттар әр түрлі болуы мүмкін: сұйық және қатты заттар, су, несеп, ішек-қарындағы азык қалдықтары, құсық бөліктері, әртүрлі мүше кесінділері (бауыр, бүйрек,өкпе және жүрек), улы химикат үлгілері (қабырға жэне еден қырындылары, астаудағы азық) болуы мүмкін. Токсикологиялық зерттеуді облыстық және республикалық мал дәрігерлік зертханалардың химиялық-токсикологиялық бөлімдерінде, сонымен қатар, соттық медицина, соттық-сараптау иституттары зертханаларында жүргізуге болады. Бұл ұйымдар тексеруге жіберілген заттарды арнаулы құжаттар арқылы қабыдайды.
Оған:
1. Тексерілетін заттар тізімі, иесінін аты - жөні, тұрғылықты жері және нақты керекті нәтижеге сұраныс
2. Соттың және тергеу бөлімдерініц шешімі, соттық-ветеринарлық сою хаттамасы , ауру тарихы жіберіледі. Химиялык- токсикологиялык талдау жүргізетін мекеме тексеру барысын да - ағзада улы заттардыи бар-жоқтығын анықтап кана коймай, улы заттардың кай категорияга жататындығын және сандық көрсеткіштерін де анықтауға міндетті.
Химиялық -токсикологиялық тексеру үшін сынама алу, орап-қаптау және зертханаға жіберу
Химиялык-токсикологиялық тексеруге жіберілетін барлык зерзаттар бұған дейін дәрі-дәрмек сақталмаған таза ыдыстарда буылып-түйілуі керек. Ботаникалык талдау жүргізілетін көлемді азыктарды (сабан, пішен) кұрамын сақтап, бұзылмай жеткізуге ынғайлы қаптармен жіберуге болады.
Жазгы күндері алынған патологиялық зерзаттардың бұзылып кетпеуін қадағалаған жөн. Суык ауа-райында және тез жеткізуге мүмкіншілік болса, зерзатты фиксациялаудың керегі жоқ. Фиксация жасау үшін тек ректификатты спирт қолданылады. Басқа химиялық заттар фиксатор бола алмайды. Мысалы, хлороформ - өзі уытты зат , ал формалин улардың кұрамын өзгертеді.
Тексеруге жіберілетін зерзат мелшері мал түріне қарай әр- түрлі болады. Мысалы, ұсақ жануарларды ( қоян, кұстар, теңіз шошқасы) соймай-ақ, тұтас күйінде жіберуге болады. Ал үлкеи малдардын мүшелерінің (бауыр,көк бауыр,өкпе және ішек-қарын ішіндегі азығымен) әр қайсысынан 250-500г сынама алынады жүрек және бүйрек көлеміне қарай бүтіндей немесе жартылай ал ми мен жұлыннан бірнеше кесек, сонымен қатар, малдың нәжісін, сілекейін тағы басқаларды жіберуге болады. Астаудағы азық және су қалдықтарында да улы затқа деген күдіқ болса әрқайсысынан 1 кг сынама алып, тексеруге жібереді
Жолдама қағазында алынған сынамалардың мөлшері (кл не месе г), түсі, иісі және сақтауға қолайлы жағдайлар секілді азықты сипаттайтыи ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химиялық-токсикологиялық зерттеулерге сынама алу қағидасы
Химиялық-токсикологиялық зерттеулерге сынама алу қағидасы және оны жеткізу талабы жайлы
Химиялық-токсикологиялық зерттеулерге сынама алу қағидасы және оны жеткізу талабы
Ветеринарлық-санитарлы экспертиза
Улану түрлері
КҮНДЕЛІК ПЕН ЕСЕПТІ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ
Улы заттардың жіктелуі
Удың ағзаға ену жолдары
Уланған малдың сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау
Тағамдық өнімдердегі токсиндік затты анықтауда қолданылатын заманауи әдістермен техникалық аппаратуралар
Пәндер