Қазақстан территориясындағы қорықтар. Қорықтар - табиғи лаборатория


ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ҚОРЫҚТАР

ҚОРЫҚТАР - ТАБИҒИ ЛАБОРАТОРИЯ

Биосфера - қоғам байлығы ол қашанда жер бетіндегі тіршіліктің нәр бұлағы. Қазақ жерінде тәуелсіз мемлекет орнату оңай шаруа емес екендігін халық сезеді. Мемлекет тәуелсіздігі табиғи ресурстарға тікелей байланысты екенін қазақ елі жақсы біледі. Табиғи ресурстардың тиімді пайдалану ісі мемлекетіміздің дамуының бірінші жағы. Ал атмосфера компонентгерін қорғау тәуелсіз мемлекетіміздің дамуының бірінші жағы. Осы екі міндетті комплексті түрде шешу нөтижесінде еліміздің бай табиғаты бұрынғыдан да гүлденіп, ол өнеркәсібі мен мал шаруашылығы дамыған алдыңғы қатарлы тәуелсіз мемлекетке айналдырып жібереді. Осы кезде жер қойнауынан алуан түрлі қазба айлығы, мұнай, газ өндіріліп сан мыңдаған кәсіпорындағы қайтадан өрлеу үстінде.

Биосфера қазынасы сарқылмайтын дүние емес. Оның адам игілігі үшін ұзақ мерзім пайдалану үшін өсіп-өнуі үшін адамнын қамқорлығын керек етеді. Айналаны қоршаған орта тазалығы, орман-тоғай, қазба байлықтар, су байлығы, жануарлар дүниесі мен өсімдіктер көлемі ғалым биологтар назарында тұрған басты мақсаттың бірі. Табиғи ресурстарды рационалды түрде пайдалану, оны қорғау - өте күрделі мәселе. Ол үшін ең алдымен адам мен биосфера арасындағы өзара қатынасты дұрыс шешу, биосфера байлығын ысырапсыз пайдалануға ат салысу, оның байлығын арттыра түсу ісіне қатынасу, күтіп-баптау шараларының дұрыс жолға койылуын керек етеді. Бір сөзбен айтқанда биосферадағы экологиялық-биологиялық тепе-теңдік бұзылмауға тиіс. Олардың табиғи заңдылықтарын терең білуіміз керек. Бұл міндетті ойдағыдай шешуде табиғи лаборатория-қорықтардың рөлі өте зор. Қорықтарда көп жылдар бойы биосферада өтіп жататын өзгерістерге бақылау жүргізіліп, оның даму зандылықтары үрдістердің дамуына келешегіне болжам жасалады (зкологиялық мониторинг) .

Онда болатын өзгерістерді зерттеу нәтижелеріне қарай алдын шамалауға болады. Сондықтан да қорықтар нағыз күрделі табиғи лаборатория болып табылады. Биосфераның қорғауға алынған бұл аймағы ауа-райы (климаты), топырағы өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі арасында бірнеше мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан биологиялық-химиялық байланыстарды сақтайды. Қорықтар - биосфера эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жай алған жайылым мен шабындық, аң-құс, айдын шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер мүмкіңдігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс. Қай заман болмасын, қорықтарды ұйымдастыру күн тәртібінен ешқашан да түскен емес. өйткені биосфера байлықтарын қорғау, онда ғылыми-зерттеу жұмыстарын сондай-ақ биосфера компоненттерін қорғау және үгіт-насихат экологиялық білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде қорықтар өте маңызды роль атқаратыны белгілі. Осыған орай қорықтар ұйымдастыру бөлініп Қазақстанның шөл-шөлейтті аймақтарында үйір-үйірімен жайылып жүретін, бірақ кейіннен мүлде азайып кеткен құландарды қорғап қалуда қорықтардың, әсіресе Бадхыз қорығының рөлі орасан зор болды. Сондай-ақ, Барса-келмес қорығында айтар үлес қосты. Бүгінгі Бадхыз қорығында құандар саны көбейе түсті. Барса-келмес аралы жойылып кеткеннен кейін ондағы құландарды арнаулы ұшақтармен Алтынемел ұлттық биосфера паркіне, Іле өзел жағасына әкелінді. Міне, осы жерде олар жылдан-жылға өсіп көбеюде.

Қазақстанның бірнеше табиғи-географиялық аймақтары солтүстігінен оңтүстігіне қарай орманды-дала, шөлейтті, шөлді өңірлерді қамтиды. Қазақстан жерінде Д. И. Менделеев кестесіндегі химия элементтердің бәрі дерлік кездесетін біздің республикамыз табиғи ресурстарға аса бай өлке. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5777 аңның, 150 құстың 480, бауырымен жорғалаушылардың 150, мекенділердің 12 түрі тіршілік ететін айтпай кетуге болмайды. Бай өлкені шын мәнінде табиғи байлықтың қайнар көзі деп ғалымдар бекерден-бекер айтпаған болар. Бірақ, бұл інжу-маржандар қанша болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес екені кейінгі кезде өзінен-өзі өне беретін зат емес. Сондықтан да оны пайдаланумен бірге, ұқыпты түрде қорғап, байлығын молайта беруге барлык мүмкіндікті керек. Осы бағыттағы шаралардың бірі - "жер жанатты" деп орынды аталып кеткен небір тамаша аймақтарды, өлкелерді, өңірлерді қорға айландыру керек екенін өмір көрсетіп отыр.

Бұл салада Қазақстан Республикасында соңғы жылдар ішінде қыруар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келдік. 1962 жі ҚазақССР Жоғары Советінің биосфераны қорғау заңы шықты. Мұнда табиғи ортаны көркейтудің бірнеше нақты шаралары анық көрсетілген. Олар - қорықтар, парктер, заказниктер мен табиғат ескерткіііп сақтау ережесі (1969) . Сонымен бірге 1972 жылы ҚазақССР мемлекеттік қорықтарының ережесі жарық көрді. Міне, бұл көрсетілген құжаттарда қорықтар мен табиғат ескерткіштерін ұйымдастырудың мақсатымен міндеттері және биосфераны қорғау тәртібі айқын керсетілген. Қазакстан Республикасындағы қорықтардың жұмысын жақсартуына үлкен көңіл бөлінген. Оған бұрынғы ҚазақССР Министрлер Советінің сонғы жылдары қабылдаған бірнеше арнаулы қаулы-қарарлары дәлел бола алады. 1969 жылғы 9 шілдеде "Наурызым мемлекелік қорығының орманын қалпына келтіру мен қорғау шаралары туралы", 1972 жылғы 2 тамызда "ҚазақССР мемлекеттік қорықтарының қызметін жақсарту щаралары туралы", 1976 жылғы 12 шілдеде "Қазақ ССР-інде қорықтар жұмыстарын жақсарту туралы" қаулылар жарыққа шықты. Бұл шаралардың өлкеміздегі қорықтардың ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыстарын жақсартуда зор маңызы болғанын айтпай кетуге болмайды. Қазақстан Республикасының Қорықтарында қол жеткен табыстары мен орын алып отырған кемшіліктерде оларды жоюдың нақты жолдарыда айқын көрсетілген.

Осы кезде Қазақстан Республикасы жерінде (1980 жылғы мәлімет бойынша) 531 мың гектар алқапты алып жатқан 6 қорық (Ақсу-Жабағыны, Алматы, Наурызым, Барсакелмес, Қорғалжын жөне Марқакөл) көлемі 4288 мың гектарға жететін 50-дей аңшылық заказниктер, көлемі 3644 мың гектардай 26 зоологиялық және ботаникалық объектілер, қорғалатын заказниктер және 3 табиғат ескерткіші бар. Олар (Павлодардағы "Гусиный перелет", шарын бойындағы көне заманнан бері қарай жойылып кетпей өсіп-өніп келе жатқан ағаштар, Іле Алатауындағы шыршалар) . Қорғауға алынған учаскелерде, әсіресе, қорықтарда, бұрын осы аймақты мекеңдеген, бірақ соңғы жылдары саны азайып кеткен жабайы хайуанаттар мен сирек кездесетін өсімдік түрлері есепке алынған. Мұндай түрлердің, мәселен, Шығыс Қазақстанның далалық аймақтарында өсімдіктердің 1600 түрі тек осы аймаққа тән болғанын және сирек кездесетінін айтуға болады. Ал Мұғаджар далалы ауданында 15-ке жуық сирек кездесетін эндемик өсімдіктер, Бетпакдаладағы өсімдіктің 1800 түрінің 15-і, Каспийдің онтүстік жагалауындағы өсімдіктердің 1800 түрінің 7-і Республикамыздың басқа жерлерінде кездеспейді. Сондай-ақ, Оңгүстік Алтайда өсімдіктердің 1740 түрі кездессе, оның 18-і, Жоңгар Алатауывда 202 түрі өссе, оның 58-і, Қаратауда 500 түрі өссе, оның 100-і сол аймақтарға ғана тән сирек кездесетін түрлер. Адамның ұнемі қамқорлығы мен аялы алақаны болмаса, мұндай бағалы түрлердің биосферадан жойылып кетуі мүмкін екендігін естен шығаруға болмайды. Сондай-ақ, қорықтар өзінің табиғи сыртқы көрінісі мен онда өскен ағаш түрлерінің ерекшеліктері мен де құнды. Қорықтардың кейбіреулері ЮНЕСКО-ның жанындағы биосфераны қорғаудың халықаралық Одағының құрамына Ақсу - жабағалы қорығы. Оларда тек саны азайып кеткен, мүлде жойылып кету каупі төнген хайуана дүниесі мен аса бағалы өсімдіктер әлемі ғана қамқорлықка алынып қоймай, сонымен бірге Қазақстан Республикасының ежелден бері әйгілі болған таңғажайьш көрікті орындарының бұрынғы атақ данқын арттыра беру мақсатыңца да зор көлемді ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының қорықтарында алдағы уақытта табиғи ресурстарды пайдалану және олардың қайталанбас сұлулығын сақтаудың ғылыми негізін жасау жөніндегі үлкен мақсат пен міндеттер тұр. Бұл мақсат пен міндеттердің биосфера компоненттерін қорғап, оларды шаруашылығына рационалды түрде пайдалану үшін зор маңызы бар. Бұл мақсат пен міндеттердің Қазақстан Республикасы жағдайында көкейтесті екендігі аян. Көлемі 2, 7 миллион шаршы километр жерді алып жатқан байтақ өлке (жоғарыда көрсетілгендей) өзінің саялы да аялы қалың орман-тоғайы оны мекендеген сан түрлі хайуанаттар өзендерімен көрікті өлке. Қазақстан Республикасы территориясы 34-35 миллион гектар егін егуге, бау-бауқша өсіруге жарайтын құнар жер бар. 186-187 миллион гектар шабындықтар мен жайылымдықт 22 миллион гектар орман (оның ішінде 4-5 миллион гектар аса бағбан сексеуіл орманы бар) . Д. И. Менделеевтің периодтық кестесінің бар элементтерін жинақтаған түрлі қазба байлықтардың ірі кен орындар 11 мың өзен, 7 мыңнан астам көлдер мен су қоймалары бар. Сонда ақ, туған өлкеміз менің Қазақстаным елім менің, алуан түрлі жануарларға өте бай. Осымен биосфера қазыналарын қарашығындай сақтап, қорғауға Қазақстан Респубикасындағы жоғарыда айтылған, Ақсу-Жабағалы, Алматы, Қорғалжын, Наурызым, Марқа Баян-ауыл, үстірт, Алтын Еміл және т. б. қорықтардың маңызы орасан зор. ұлан-байтақ Қазақстан мемлекетінің территорияларында келеше де осындай табиғи қорықтар-лабораториялық көбейе берсе екен деген ойдамын.

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА ҚОРЫҚТАР ҰЙЫМДАСТЫРУ

Жер көлемі 2754 мың шаршы километр ұлан-байтақ жерде жатқан Қазақстан Республикасында небары 10 қорық бар дегснге сенудің өзі қиын.

Қазақстан Республика территорияларыньщ кейбір жерлеріне қорық үйымдастыруға қандай мүмкіншілік бар деген сауалға біраз тоқталып өтсек.

Жер құнарын, орманның әсем келбетін, өзендердер мен көлдердің мөлдір сәулетін, аңдар мен құстардың тіршілігін, өсімдіктерді қымбат қазынадай қадірлеп, қастерлеп, аялап сақтайтын қорықтар Қазақстан Республикасьшың орманды-дала, дала, шөл жоие шөлейт аймақтарда жоқтың қасы. Алтай, Жоңғар, Қарқаралы тауларьшда, Сырдария, Іле өзендері жағалауында да қорықтың болмауы жасырын нәрсе емес. Ғалым-биологтардың назарын аударып отырған осы жайт. Өйткені, Қазақстан Республикасында тың және тыңайған жерлерді игеру (1953) мен таулы, шөлді жерлерді мал шаруашылыгы үшін кеңінен пайдалануга байланысты қара қүйрық, аққұрай орақтүмсық сияқты хайуанаттармен қатар, гүлтобылғы, қараған, қара кандағаш (ольха черная), дәрмене (полынь цитварная) бидайықтың біраз түрлерінің қоры күрт төмендеп кеткені ғалым-ботаниктергс белгілі болып отыр. Осындай бағалы жабайы жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, түрлі табиғат аймақтарындағы көрік, лаңдшафтылар келбетін қорғап қалу үшін Қазақстан тәуелсіз мемлекеттінің аймақтарында бірнеше мемлекеттік, тіпті дүние жүзілік маңызды бар қорықтар ұйымдастыру бүгінгі таңда кезек күттірмейтін жайт. Ол туралы бұрынғы Қазақ ССР ғылым академиясының "Табиғатты қорғау және оның ресурстарын рационалды түрде пайдалану" мәселесімен шұғылданатын ғылыми кеңесінің 1975 жылы болған арнайы отырысында кеңінен талқыланғаны туралы қолымызда ғылыми деректер бар.

Бұл отырыста Қазақстанның ірі ғалым-биологтары қорықтар санын көбейту және оларды ұйымдастыру жолдарын ғылыми тұрғыдағы егжей-тегжейлі талқылаған болатын. Қазақстанның ғалым-биологгары келешекте Қазақстан Республикасының барлық гесграфиялық зоналарын қамтитын 21 қорық ұйымдастыру қажет деген ғылыми қорытындыға келіп жүр. Олардың жер көлемі қазіргі кездегі қорықтардың жер көлемінен бірге есептегенде, 2149 мың гектарға жетуі сөзсіз, яғни республика жер көлемінің 75% алмақ.

Республикамыздың табиғи ресурстарын корғайтын жаңа қорықтарды ұйымдастыру үшін алдымен ол маңда арнайы түрде ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Қорықтарды ұйымдастыру үшін ғылыми деректер керек. Табиғи қорықтардың бірін Бетпақ дала шөлді аймағында ұйымдастырған жөн деген ғалымдар бір ауыздан шешімге келген.

Бетпақдала қорығы территориясында Шу өзенінің солтүстігінде жатқан ұсақ тасты шөлді аймақты енгізу жоспарланып отыр. Бетпакдаланың шөлді даласында жусан, баялыш, бұйрығын өссе, ал үстіртті жерлерде қараған, теріскен өседі. өте көне заманның ескертікішіндей болып реликті бұта (спиреантус) көзге шалынады. Ауа-райы өте құбылмалы жазы ыстық, қысы аязды келеді. Жауын-Шашын жерге өте аз түседі. Небары 90-100 мм. Бетпақ дала қорығын тезірек ұйымдастыруды өмірдің өзі асықтырып отыр. Бұл қорықта сүтқоректілердің 40, құстардың 150-200-дей түрі, бауырымен жорғалаушылардың 15-тен астам түрі тіршілік етеді. Міне, осылардың бәрі қорғалуы тиіс.

Екінші - далалы аймақ. Оған Жезқазған облысынаа қарасты Аға селосының батысындағы бұталы дала жатады. Көлемі 40-50 гектар болуы мүмкін. Мұндағы қорғалатын негізгі объектілер түрі камшат, орман сусары, құр, емен, шегіршін сияқты сирек кездесе аң, қүс, өсімдіктер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қорықтар - табиғатты қорғаудың бір түрі
Қаратау қорығынның экотуризмді мүмкіндіктерін жете зерттеу
Алматы қорығының сирек және жойылып бара жатқан жануарлар популяциясының экологиясы
Қазақстан аумағындағы қорықтар
Қазақстанда жаңа қорықтар ұйымдастыру
Қазақстанның аса қорғалатын табиғи қорықтары және территориялары
Марқакөл мемлекеттік қорығы - облыстың Күршім ауданындағы мемлекеттік қорық
Қазақстан қорықтары
Қазақстанның ерекше қорғалатын аймағының жалпы сипаттамасы
Ерекше қорғауға алынған территориялар жайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz