Полигонометриядағы бұрыштық өлшеулер. Мемлекеттік геодезиялық жүйелерге жүрістерін байланыстыру тәсілдері. Триангуляция жобасынын дәлдігін бағалау


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі.

Семей мемлекеттік Шәкәрім атындағы университеті.

СӨЖ

Тақырыбы : Полигонометриядағы бұрыштық өлшеулер. Мемлекеттік геодезиялық жүйелерге жүрістерін байланыстыру тәсілдері. Триангуляция жобасынын дәлдігін бағалау

Орындаған: Сағындық А. Н

Тексерген: Аубакирова С. М.

Семей 2015ж

Полигонометриядағы бұрыштық өлшеулер

Инженерлік-геодезиялық тор пунктері қалалар, өндірістік, энергетикалық, құрылыстық нысандар шекарасында геодезиялық белгілермен бекітіледі, олар конструкциясында, орналасу орнында және оларды қолдану әдісінде бірқатар ерекшеліктерге ие.

Полигонометрия центрлерін ғимарат қабырғасында бекіту үшін белгінің 2 типі қабылданған. 1-ші тип қабырғалық чугунды репер түрінде болады. Белгінің үстіңгі бөлігі сфералы және онда диаметрі 2 мм тесік бар. Бұл тесік полигонометрия пунктінің центрі ретінде қолданылады, сонымен қатар ол визирлік құрылғыны орнату үшін арналған. Центрдің 2-ші типі металл стаканнан тұрады, ол аз оттегілі шойыннан дайындалады. Стакан қабырғаға дюбель - шегемен жер бетінен биіктігі 0, 3-1, 2 м болатын құрылыстық - монтаждық тапаншаның атылу көмегімен бекітіледі. Пункт центрі ретінде диаметрі 2 мм болатын стакандағы тесік алынады. Бұл центрлер 3-ші және 4-ші классты нивелирлеудің сызықтарын бекіту үшін және де ғимараттар төбесінен жер бетіне түсірілген триангуляция және трилатерация пункттерінің центрін бекіту үшін қолданылады.

Полигонометриялық пункттерді қабырғалық маркалармен немесе реперлермен бекіткен кезде полигонометриялық жүрістерді қабырғалық белгілерге байланыстыру есебін шешу қажет.

http://konspekta.net/studopediaorg/baza11/991991950106.files/image018.gif

Байланыстырудың қарапайым схемасы төмендегідей. Теодолитті полигонометриялық жүрістің α нүктесіне орнатады. Бұл нүкте А белгісіне жақын В белгісі көрініп тұратындай шарттардың сақталуында таңдалады. Егер S арақашықтығы және φ бұрышты өлшесек, онда белгілі АВ қабырғасы және S арқылы кез келген элементті есептеп табуға болады. АВ сызығының дирекциялық бұрышының полигонометриялық жүріс қабырғасына берілуі есептелінген бұрыш γ және өлшенген бұрыш φ арқылы жүргізіледі, ал координаталардың берілуі - S қабырғасы және А нүктедегі есептелінген бұрыш арқылы жүргізіледі. Дәл осындай схема координаталардың жұмыс центріне берілуіндеде қолданылуы мүмкін. Ал көршілес пункттің (В) көрінуі мүмкін болмағанда байланыстырудың күрделі құрамына бірнеше қабырғалық бергілер кіретін схемасы қолданылады.

Полигонометриялық жүрістерді ғимараттарда орналасқан триангуляция пунктеріне байланыстыру кезінде триангуляция центрінің координаталарын қабырғалық немесе грунттық бергілерге шығару қажет. Ол ушін аумақта Аab және Аbc үшбұрыштарын тұрғызады, олардың S 1 және S 2 қабырғалары өлшенген. Үшбұрыштар шешімінен Аb қабырғасын анықтайды. Дирекциялық бұрышты триангуляция торларының қабырғаларынан 2 рет береді. Егер жарық қашықтық өлшеуіш қолданылса есеп арақашықтықты тікелей өлшеуге байланысты қысқартылады.

Орманды жазық жерде триангуляция жүйесінің дамуы қиындау немесе жергілікті жағдайдың күрделілігінен экономикалық жағынан орынсыз кезде полигонометрия әдісі қолданылады. Осы әдіс жергілікті жерде жүрістер және полигондаржүйесін салудан тұрады, олардың барлық бұрыштары мен қабырғалары өлшенеді . Егер бір пункттің координаталары және бір қабырғасының дирекциондык бұрышы белгілі болса, онда полигонометриялық жүрістің барлық пункттерінің координаталарын есептеп шығаруға болады. Полигонометриялық жүрістің бұрыштары тиісті дәлдіктегі теодолиттермен өлшенеді. Полигонометриялык жүрістердің қабыргаларының ұзындығын өлшеу үшін жарық және радио қашықтық өлшеуіштер, оптикалық-механикалық қашықтық өлшеуіштер, болат және инварлық сымдар, ленталар мен рулеткалар колданылады. Қабырғаларының ұзындығы, сонымен қатар өлшенген базистен, қосалқы бұрыштары өлшенген геометриялық фигуралар арқылы анықталуы мүмкін. Сондықтан қабырғаларын өлшеу әдісіне байланысты полигонометрия; а) траверстік немесе магистральдық , яғни қабырғаларын тікелей өлшеу арқылы; э) параллактикалық полигонометрия , яғни қабырғаларды қысқа базис және параллактикалық сүйір бұрыш арқылы жанама тәсілмен анықтауға негізделген

Мемлекеттік геодезиялық жүйелерге жүрістерін байланыстыру тәсілдері.

Мемлекеттік геодезиялық жүйелерге жүрістерін байланыстыру тәсілдері, сонымен қатар ізденіс, құрылыс, жер қойнауын пайдаланып жерге орналастыру тағы басқа көптеген инженерлік есептерді шешудің негізі болып табылады. Сондықтан, геодезиялық торларды құрудың дәлдігін қамтамасыз ету үшін оның бұрыштық және ұзындық өлшеулер тиісті аспаптар мен тәсілдер жүргізуге тиісті.
Мемлекеттік геодезиялық торларға мыналар жатады:
а) 1, 2, 3, 4 кластық пландық жүйелер, олар өзара бұрыштық және ұзындық өлшеулер дәлдігімен, жүйе қабырғаларының ұзындықтарымен ерекшеленеді. Пландық жүйелер триангуляция, трилатерация, полигонометрия әдістерімен құралады.
ә) I, II, III және IV класты биіктік нивелирлік тораптар. Олар геодезиялық нивелирлеу әдісімен құралады.
Геодезиялық жүйелер жалпыдан жекеге қарай көшу принціпімен: жоғары жүйеден, яғни I - кластан төменге қарай неғұрлым дәл құрылғаннан, соғұрлым ұсақтау және дәлдігі кемдеу класқа құралады. I - класты жүйе мейлінше жоғары дәлдікке ие болады және ол төменгі кластарға геодезиялық жүйелердің дамуы мен олардың пунктерінің координаталарын бір тұтас жүйе есептеу үшін, негіз қызметін атқарады

. 1. Мемлекеттік геодезиялық торлар

Мемлекеттік геодезиялық торлар - мемлекеттің территориясында координаталарың таралуын қамтамассыз ететін және басқа да геодезиялық торларды құруға негіз бола алатын геодезиялық торлар айтылады.
Мемлекеттік геодезиялық торлар барлық масштабтағы топографиялық түсірістердің теодолиттердің негізі болып табылады. Ол ғылыми және мемлекеттік мәліметтерді шешу кезінде қорғаныс және халық шаруашылығы талаптарын қанағаттандыру керек.
Мемлекеттік геодезиялық торларды пландық және биіктік геодезиялық торларға бөлуге болады.
Пландық торлар - триангуляция, трилатерация, полигонометрия тәсілдерін, ал биіктік торлар геодезиялық нивелирлеу тәсілімен құрастырылады.
Мемлекеттік пландық геодезиялық торлар өзара үшбұрыштық, сызықтық өлшеулердің дәлдігі және қабырғалардың ұзындықтары бойынша ерекшеленген I, II, III, IV - ші класты торларға бөлінеді.
I-ші класты Мемлекетік геодезиялық торлар қатарының ұзындықтарын 200 км

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Полигонометриядағы бұрыштық өлшеулер. Мемлекеттік геодезиялық жүйелерге полигонометрия жүрістерін байланыстыру тәсілдері. Триангуляция жобасының дәлдігін бағалау
Триангуляция жүйесінің қабырға ұзындықтарының қателігін алдын ала есептеу
Пландық геодезиялық торлардың классификациясы
Геодезиялық торлардың классификациясы
Мемлекеттік геодезиялық торлар
Бірінші класстың триангуляциясы торы
Полигонометриялық торлар
Геодезия
Қолданбалы геодезия туралы жалпы түсінік.пландық инженерлік-геодезиялық торлар.пландық толықтыру торларын жобалау.триангуляция жобасының дәлдігін бағалау
Құрылыс торын жобалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz