MS Excel, MS Access



1 MS Excel
2 MS Access
Microsoft фирмасының Excel программасы - кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелердің бірі. Бірақ Excel жәй ғана программа емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекті жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде, түрлі-түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер тұрғызып, мәліметтер базасын даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент жүргізуді және т.б. қамтамасыз ете алады.
Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономика саласында ғана емес, сондай-ақ оқып-үйренуде, ғылыми-зерттеу істерінде, әкімшілік және жәй шаруашылық жұмыстарында да кеңінен пайдалануға мұрсат береді.
MS EXCEL программасының жаңа версиясындағы негізгі жетістігіне 3 өлшемді құжаттардың пайда болуын жатқызуға болады. Файлдар мен кестелер арасындағы байланыстар жеңілдетілді, жанама меню пункттері кеңейтілген, ал қосымша программалық құралдар күрделі есептерді шешуге мүмкіндік береді.
Әр тұрлі көмекшілер жұмыс істеп отырған адамға функциялар мен нұсқаулар беріп, шығарылып жатқан есептің жеңіл жолын ұсынады.
MS EXCEL программасында кез келген уақытта анықтама беретін ішкі жүйе ұйымдастырылған. Осындай енгізілген жаңалықтар жұмыс істеуде жеңілдіктер береді және программаны игеруді тезедетеді.
Ең маңызды программаның кеңейтілулеріне профессионалдарға арналған Visual Basic (VBA) программалау ортасы жатады. VBA толық программалау пакеттерін әзірлеуге мүмкіндік береді.
Бұдан басқа EXCEL программасына енгізілген жаңалықтарға
 Файлдар –менеджері, файлдар туралы толық ақпарат береді;
 Сұхбаттық терезелер - регисторлар;
 Форматтауға арналған шарт белгілер;
 Диаграммаларға тез активтендіруге арналған Drag&Plot;механизмі.
Бұл программамен жұмыс істеуді үйрену алдында бірнеше жаңа ұғымдарды енгізелік.
Электрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағаналардан (тік және жатық жолдар) тұрады. Жолдардың максималдық саны 16384-ке, ал бағаналар саны 256-ға тең. Әрбір бағана мен жолдың қиылысуы ұяшықты құрайды, ол ұяшыққа мәліметтерді (мәтін, сан, формула) енгізеді.
Негізгі ұғымдар: жатық жол, бағана, яұшық, жұмыс парағы, ұяшық атаулары
Жол нөмірі – электрондық кестедегі жолды анықтайды. Ол көлденең орналасқан жұмыс аймағының сол жақ шекарасында нөмірмен белгіленген.
Бағана әрпі – электрондық кестенің бағаналарын (тік жолдарын) анықтайды. Әріптер жұмыс аймағының жоғарғы шекарасында орналасқан. Бағаналар мынадай ретпен белгіленеді: А – Х, содан соң АА – АZ, одан кейін ВА – ВZ жәні т.с.с.
Ұяшық – электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі. Әрбір ұяшықтың бағана әрпі мен жол нөмірінен тұратын адресі бар. Мысалы, В3 адресі В бағанасы мен нөмірі 3 жолдың қиылысындағы ұяшықты анықтайды.
Ұяшық көрсеткіші – ағымдағы ұяшықты анықтайтын көмескіленген тіктөртбұрыш. Көрсеткішті пернелер көмегімен немесе тышқан арқылы кесте бойынша ұяшықтан ұяшыққа орын ауыстыруға болады.
1. Жаңа информациялық технологиялар: Информатикадан 30 сабақ/ Балапанов Е. Қ., Бөрібаев Б. Б., Дәулетқұлов А.Б.- Алматы:ЖТИ.2004
2. Информатика: оқу құралы/ Байжұманов Қ. М., Жапсарбаев Л. Қ. – Астана 2004
3. Ермеков Н., Информатика: Алматы, Жазушы, 2002
4. Исаев С.Ә., Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум: Әдістемелік оқу құралы. Алматы: Абай атындағы АМУ. 2000: Білім, 1995
5. Золотова С.И. Практикум по Ассеss, М.: Финансы и статистика, 2001.

Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Сөж
Тақырыбы: MS Excel , MS Access

Орындаған: Асетов.Н
Тексерген: Кайсанов С.Б

Семей 2015

MS Excel
Дәріс сабағының мазмұны:
MS Excel қосымшасының мiндеттерi.
Негiзгi ұғымдар: жатық жол, бағана, ұяшық, жұмыс парағы, ұяшық атаулары.
Кестенi форматтау.
Кесте ұяшығындағы текстi және санды форматтау.
Негiзгi функциялар: математикалық, статистикалық, логикалық, қаржылық.
Диаграмманың негiзгi түрлерi
Microsoft фирмасының Excel программасы - кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелердің бірі. Бірақ Excel жәй ғана программа емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекті жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде, түрлі-түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер тұрғызып, мәліметтер базасын даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент жүргізуді және т.б. қамтамасыз ете алады.
Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономика саласында ғана емес, сондай-ақ оқып-үйренуде, ғылыми-зерттеу істерінде, әкімшілік және жәй шаруашылық жұмыстарында да кеңінен пайдалануға мұрсат береді.
MS EXCEL программасының жаңа версиясындағы негізгі жетістігіне 3 өлшемді құжаттардың пайда болуын жатқызуға болады. Файлдар мен кестелер арасындағы байланыстар жеңілдетілді, жанама меню пункттері кеңейтілген, ал қосымша программалық құралдар күрделі есептерді шешуге мүмкіндік береді.
Әр тұрлі көмекшілер жұмыс істеп отырған адамға функциялар мен нұсқаулар беріп, шығарылып жатқан есептің жеңіл жолын ұсынады.
MS EXCEL программасында кез келген уақытта анықтама беретін ішкі жүйе ұйымдастырылған. Осындай енгізілген жаңалықтар жұмыс істеуде жеңілдіктер береді және программаны игеруді тезедетеді.
Ең маңызды программаның кеңейтілулеріне профессионалдарға арналған Visual Basic (VBA) программалау ортасы жатады. VBA толық программалау пакеттерін әзірлеуге мүмкіндік береді.
Бұдан басқа EXCEL программасына енгізілген жаңалықтарға
oo Файлдар - менеджері, файлдар туралы толық ақпарат береді;
oo Сұхбаттық терезелер - регисторлар;
oo Форматтауға арналған шарт белгілер;
oo Диаграммаларға тез активтендіруге арналған Drag&Plotмеханизмі.
Бұл программамен жұмыс істеуді үйрену алдында бірнеше жаңа ұғымдарды енгізелік.
Электрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағаналардан (тік және жатық жолдар) тұрады. Жолдардың максималдық саны 16384-ке, ал бағаналар саны 256-ға тең. Әрбір бағана мен жолдың қиылысуы ұяшықты құрайды, ол ұяшыққа мәліметтерді (мәтін, сан, формула) енгізеді.
Негізгі ұғымдар: жатық жол, бағана, яұшық, жұмыс парағы, ұяшық атаулары
Жол нөмірі - электрондық кестедегі жолды анықтайды. Ол көлденең орналасқан жұмыс аймағының сол жақ шекарасында нөмірмен белгіленген.
Бағана әрпі - электрондық кестенің бағаналарын (тік жолдарын) анықтайды. Әріптер жұмыс аймағының жоғарғы шекарасында орналасқан. Бағаналар мынадай ретпен белгіленеді: А - Х, содан соң АА - АZ, одан кейін ВА - ВZ жәні т.с.с.
Ұяшық - электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі. Әрбір ұяшықтың бағана әрпі мен жол нөмірінен тұратын адресі бар. Мысалы, В3 адресі В бағанасы мен нөмірі 3 жолдың қиылысындағы ұяшықты анықтайды.
Ұяшық көрсеткіші - ағымдағы ұяшықты анықтайтын көмескіленген тіктөртбұрыш. Көрсеткішті пернелер көмегімен немесе тышқан арқылы кесте бойынша ұяшықтан ұяшыққа орын ауыстыруға болады.
Ағымдағы ұяшық - көрсеткішпен белгіленіп тұрған ұя. Келісім бойынша мәліметтер енгізу операциясы және басқа іс-әрекет осы ағымдағы ұяшыққа жатады.
Блок (ұялар жиыны, аймағы) - тіркесе орналасқан ұяшықтардың тіктөртбұрышты аймағы. Блок бір немесе бірнеше жолдардан, бағаналардан тұрады. Блок адресі қос нүктемен бөлінген қарама-қарсы бұрыштар координатынан тұрады. Әр түрлі формулалар енгізу кезінде немесе командаларды орындау сәттерінде блокты диагональ бойынша қарсы орналасқан торлар адрестерімен немесе экран бетінде тышқанмен (пернелермен) белгілей отырып енгізуге болады.
Жұмыс парағымен жұмыс. Excel-де электрондық кесте үш өлшемді құрылымнан тұрады. Ол кітап секілді парақтардан (16 парақ) тұрады. Экранда тек бір парақ - кітаптың ең үстіңгі ашық тұрған беті көрініп тұрады. Парақтың төменгі шетінде кітаптың қалған беттерінің нөмірлері жарлық ретінде бейнеленеді. Тышқан курсорымен сол көрініп тұрған жарлықтардың нөмірлерін таңдау арқылы кез келген бетті ашып көруге болады.
MS Excel мәліметтер түрлері. Excel-де кестенің кез келген ұяшықтарына мәліметтердің үш типін енгізуге болады: мәтін, сан және формула. Мәліметтерді ұяшыққа енгізу үшін теңбілторды сол ұяшыққа алып барып, керекті мәліметтерді пернелерде (240 таңбаға дейін) теріп, соңынан Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басу жеткілікті. Excel енгізілген мәліметтердің формула, сан немесе мәтін екенін оның бірінші таңбасына қарап анықтайды. Егер бірінші символ - әріп немесе "'" (апостроф) болса, онда ұяшыққа мәтін енгізіледі деп есептеледі. Егерде бірінші символ цифр немесе "=" болса, онда ол ұяшыққа формула немесе сан енгізілетінін білдіреді.
Енгізілген мәліметтер ұяшық ішінде немесе формула жолында бейнеленеді және оларды енгізу Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басқан кезде аяқталады.
Мәтін енгізу. Мәтін - кез келген символдар жиынтығы, егер мәтін цифрдан басталатын болса, онда енгізуді ' символынан бастау керек. Егер мәтін ені ұяшықтың енінен артық болса және оң жақтағы ұяшық бос болса, онда мәтін сол ұяшыққа да орналасады. Ал, егер оң жақтағы ұяшықта мәтін бар болса, онда ол мәтін экранда қиылысады.
Орандалған әрбір әрекетті болдырмай алып тастауға болады. Егер жұмыс барысында сіздің жоспарыңызда жоқ амалды байқамай орындап жіберсеңіз, оның әсерін ПравкаОтмена командасын пайдаланып алып тастауға болады немесе одан да жеңіл орындалатын Стандартты аспаптар тақтасының оралмалы бағыттауыш тәрізді батырмасын басу жеткілікті. Бұл батырманы бір рет басу ең соңғы орындалған бір әрекеттің орындалу әсерін жоқ қылады, біртіндеп соңғы орындалған бірнеше амал әсерін де алып тастау мүмкіндігі бар.
Сандарды енгізу. Электрондық кестеде ұяшықтарына сандарды =, +, - таңбаларымен немесе оларсыз да енгізуге болады. Егер енгізілген санның ені экрандағы ұяшықтың енінен артық болса, Excel санды экспоненциал формада бейнелейді немесе ол санның орнына #### символдарын қояды.
Әдетте экранда санның ең үлкен және ең кіші шамалары экспоненциалды формада беріледі. Мысалы, 501 000 000 саны ЭЕМ-де 5.01Е+08 болып жазылады, яғни ол 5,01*108 дегенді білдіреді. Ал 0,000 000 005 саны 5Е-9 болып жазылады. Аралас сандардың бүтіні мен бөлшегі нүкте не үтірмен бөлініп жазылады, қандай айыру таңбасын пайдалану Excel программасын орнату кезінде бекітілген келісімге байланысты болады.
Ұяшықтағы мәліметтерді түзету. Мәліметтерді түзету оларды ұяшыққа енгізіп жатқанда немесе енгізіп болған соң да жүзеге асырылады. Егер мәліметтерді ұяшыққа енгізу кезінде қате жіберілсе, онда дұрыс енгізілмеген символдарды BackSpase пернесінің көмегімен өшіріп, керектілерін қайта тере отырып өзгерте аламыз. Esc пернесі ұяшыққа енгізілген мәліметтерден бас тартып, оны қайта теруге мүмкіндік береді.
Мәліметтерді енгізуді аяқтағаннан кейін оны түзету үшін көрсеткішті керекті ұяға ауыстырып, түзету режиміне көшу үшін Ғ2 пернесін басу керек немесе тышқан курсорын формула жолындағы мәліметтер арасына алып барып, оны шерту қажет. Одан кейін керекті мәліметтерге түзетулер енгізіп, ең соңында Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басса болғаны.
Жұмыс құжаттарымен жұмыс істеуге арналған процедураларды қарастырайық. Жұмыс парақтарын кестелер құру, стстистикалық бағалауларды есептеу, мәліметтер қорын басқару, диаграммаларды дайындау үшін қолданады. Оладың әрқайсысы үшін EXCEL программасы жеке құжат құрып, дискіде файл түрінде сақтайды.
Файл өзара байланысқан жұмыс парақтарынан тұрады, олар 3 өлшемді құжатты құрайды (блокнот, жұмыс папкасы) 3 өлшемді құжаттардың көмегімен пайдаланушы бірмезгілде бірнеше кестелермен, диаграммаларды тікелей пайдаланып, олармен жұмыс істеу тиімділігін арттырады.
Жаңа үшөлшемді құжат әзірлеу. Жаңа құжат құру үшін меню қатарынан File - New директивасын шақырамыз. Экранға Book - 2 құжаты шығады:
EXCEL пограммасы жаңа құжаттарға Book атын және ағымдағы реттік номерді береді. Жаңа құжатты Құрал-саймандар тақтасындағы (Пиктографиялық тақта) 1-ші шарт белгісі арқылы құруға болады.
Жаңа жұмыс құжатын іске қосу
Дискіден жұмыс құжаты сақталған файлды іске қосу үшін меню қатарынан File - Open директивасын шақыру керек. Сол сияқты Құрал-саймандар тақтасындағы шартбелгіні пайдалануға болады. Екі жағдайда да файлды іске қосу үшін Сұхбаттық терезе ашылады. Бұл терезеге диск және файл орналасқан директория көрсетіледі. Егер таңдау дұрыс жүргізілсе, онда сол жақты файлдар тізімі көрсетіледі, сол жерден керек файл атын таңдайсыз. Файл атын белгілегенде ол File name - жолында пайда болады, бұдан соң сұхбаттық терезені ОК - батырмасы арқылы жабылады немесе ізделінген файл атында екі рет тышқан батырмасын шерту керек.
Құжатты сақтау
Дайындалған құжатты алғашқы сақтау кезінде меню қатарынан File - Save as... командалар тізбегін орындайды. Бұдан кейін ашылған сұхбаттық терезеде сақталатын файлдың атын, диск және орналасатын директорияны көрсету керек. Excel программасы үнсіздікпен стандартты файл атын ұсынады- Book[ рет номері], қолданушы бұл атты кез келген атпен ауыстыруына болады. Файл атында келесі таңбаларды қолдану қолайсыз - #, $, %, ^,& . Excel программасындағы файлдардың кеңейтілулері - . xls, бұны өзгертуге болмайды. Барлық енгізулер аяқталғаннан кейін Ок-батырмасы баслады.
Резервтік көшірмелерді әзірлеу
Резервтік көшірмені дайындау үшін, меню қатарынан File - Save As командалар тізбегін орындап, ашылған диалогтік терезеде Options командалық батырмасын басып, келесі ашылған SaveOptions терезесінде Always Create Backup опциалық батырмасын басамыз. Сонымен енді файлды сақтау кезінде автоматты түрде резервтік көшірмелер жасалып отырады.
Құжатты автоматты түрде сақтау
Меню қатарынан Tools-Add-Ins командалар тізбегін орындап, Кеңейтілулер менеджерін шақырамыз. Ашылған терезеде AutoSave- опциясын іске қосамыз, содан Ок-батырмасы арқылы терезе жабылады.
Бұдан кейін меню қатарынан Tools командасын орындағанда AutoSave диалогтік терезесі ашылып, онда құжатты сақтау интервалдарын көрсетеміз.
Мәліметтерді қорғау
Пароль енгізу үшін меню қатарынан File - Save As командалар тізбегін орындаймыз. Ашылған сұхбаттық терезедегі Options командалық батырмасын пайдаланып, SaveOptions терезесі ашылады, бұл жердегі Protection Password-енгізу жолына жеке паролді көрсетуге болады, сонда файлды іске қосу кезінде осы пароль сұралады.
SaveOptions терезесін жапқаннан кейін, Confirm Password терезесі ашылады, бұл жерде енгізілген пароль рассталады. Егер паролді Write Reservation Password - енгізу жолына жазсақ, файлды ашу кезінде осы паролді сұрайтын сұхбаттық терезе ашылады, бұл жерде паролді енгізіп не ReadOnly батырмасын шертеміз. Соғңы жағдайда файлды тек қана оқуға болады, дискіге сол атпен көшіруге болмайды.
Кестелік есептеулер
Формулалар мен функцияларды қолдану мүмкіндігі электрондық кестелермен жұмыс істеудің негізгі қасиеттерінің бірі. Бұл кестедегі сандық мәндерге статистикалық талдаулар жасауға мүмкіндік береді.
Формулаларды енгізу. Excel-де кез келген арифметикалық өрнек формула түрінде жазылады. Ол ұяшық адрестері мен сандардың, функциялардың арифметикалық амалдар таңбасы арқылы біріктірілген жиынынан тұрады. Ұяшықтарға енгізілетін формула "=" белгісінен басталып, ары қарай математикалық теңдіктер жазылады, олар аргументтерден, арифметикалық операциялардан және функциялардан тұрады. Ол 240 символға дейін енгізе алады және бос орын болмау керек. Ұяшыққа С1+Ғ5 формуласын енгізу үшін оны =С1+Ғ5 түрінде жазу керек. Бұл дегеніміз С1 ұяшығындағы мәліметтерге Ғ5 ұяшығындағы мәліметтердің қосылғандығын көрсетеді. Нәтиже формула енгізілген ұяшықта алынады.
Формулалардағы аргументтер ретінде сандар және ұяшық адрестері пайдаланылады. Арифметикалық операциялар үшін келесі белгілер пайдаланылады: +; - ; * ; .
Формулада сонымен қатар басқа жұмыс беттеріндегі ұяшықтарға немесе басқа файлдағы кестелерге сілтемелер кездесуі мүмкін. Орнатылған формулалар Менеджері пайдаланушыға үлкен кестедегі қатені, қате сілтемелерді табуға көмектеседі. Формулаларды енгізуді жеңілдету үшін теңдік белгісінен кейін пайдаланылатын ұяшықтарды тышқан батырмасы арқылы нұсқауға болады.
Күрделі формулаларды пайдаланудың мысалы:
Жұмысты орындауға кеткен уақыт С-бағанында көрсетілген, D бағанында бір жұмыс сағаттының бағасы көрсетілген, Е бағанында осы жұмысқа төленетін ақы аралық соммасы көрсетілген. Е16 ұяшығында барлық жұмыстарының жалпы қосындысын көрсету керек. Бұл үшін келесі формуланы жазамыз: Е12+Е13+Е14. Шықан сомманы 0.15 көбейтеміз, қосылған бағаның салығын есептеу үшін Е17:=Е16*0.15 ұяшығында жазамыз.
Соңғы төлеуге арналған сомманы есптеу үшін аралық сомманы қосып аламыз сосын нәтижені 0.15 көбейтеміз. Сандарды қосау үшін SUM() фунцциясын қолдануға болады, онда формула мына түрде болады: Sum(E12:E14)*0.15.
Ұяшықты редакциялау үшін алдымен оны белгілейміз. Келесі қатарында Ғ2 батырмасын басып, редакциялау режимін қосу керек. Excel программасында ұяшыққа сілтеме жасау оңай. Сілтеме қойылғанан кейін ол автоматты түрде жаңарады.
Сәйкес ұяшықтың адресін жаңа жұмыс бетінде орналастыру керек, мысалы В3 ұяшығына қарау үшін Sheet2 жұмыс бетінде мына формуланы енгізу керек: Sheet2 !В3.Егер беттің аталуы арасында пробел болса, онда ол тырнақшаға алынады. Ұяшық адрестері латын әріптерімен жазылады. Екі ұяшықты ақпаратттарды байланыстыруды оңайлату үшін нақты ұяшықтары белгіні буферге көшіреміз және нәтиже шығатын ұяшықты белгілейміз. Paste Special дерективасын Edit менюінан диалогтар терезесінің Paste Link батырмасын басамыз.
Айталық, барлық ұяшықтар тобының соммасын есептеу керек болсын, бұл үшін барлық ұяшықтарды белгілеп алып әрқайсына формулалар жазу керек. Insert менюінда белгіленген ұяшықтар тобының атарын Name ішкі менюіна немесе Define дерективасына шақыру керек. Define Name диалогтар терезесінде осы тооптың атын енгізіңіз. Топтың аты әріптен басталу қажет және 255 символдан аспау қажет. Пробелдар пайдаланбайды. Топтың аты ұяшықтар адресімен бірдей болмау керек. Осы терезеде блокнотқа арналған топ атары тізімі көрсетілген.
Егер сіздің кестеңізде жолдар мен бағаналардың атары бар болса, онда бұл атарды осы аймақтардың аты ретінде алуға болады. Бұл үшін көрші жолдармен ұяшықтарды және жолдарды белгілеп алу керек, Insert Name менюіна Create дерективасын таңдау қажет. Ашылған диалог терезеден атардың орналасқан жері таңдап ОК кнопкасын басу керек.
Егер Define Name диалогтар терезесін шақырсақ, онда Excel программасы белгіленген жолдармен бағаналарға осы атарды бергенін көреміз.
Диаграммаларды құру және көркемдеу
Графикалық диаграммалар кестедегі сандардың бос бағаналарын көркемдейді. Excel 5-ші версиясында жаңадан диаграммалар конструктары шыққан, онда көрсетілімдік сапа диаграммаларын құруға болады.
Әдемі үштік диаграмма тек қана көзге көрнеклікке ғана емес документ сапасының жақсаруына мүмкіндік жасайды. Диаграмманың кестенің жаңына орналастыруға болады немесе оны басқа жұмыс бетіне орналастыруға болады. Диаграммалар конструктары Excel программасында өте бір күшті құрылғы болып табылады.
Диаграмманы тұрғузы көмегімен бірнеше қадамдар жасауға болады. Конструкторға кестенің ортасы диаграмманың типі, жазбасы және түсі көрсетіледі. Конструктор диаграммасын шақыру үшін негізгі тақтада пиктограмма берілген.
Конструктор диаграммасы диаграмманың орналасқан жері туралы ақпаратты күтеді, сондықтан маус көрсеткіші пиктограмма формасын алады. Сіз диаграмма орналасатын жұмыс бетінің бос орында маус көрсеткіші көмегімен төртбұрыш қоюңыз қажет. Бұл үшін маустың сол батырмасын басып, жібермей, төртбұрыштың аймақтарын көрсетіп қоюмыз қажет. Егер диаграмманы бөлек бетте құру керек болса, онда Insert менюінің Chart ішкі менюін таңдап ондағы As New Sheet директивын таңдаңыз.
Осыдан кейін крнструктор диалогты терезе ашады, мұнда бес қадам арқылы диаграмма құру қажет. Бірақта алдымен диаграмма ненің негізінде құрылатынын, қай кестеден джеректер алу керек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәліметтер қоры (Ms Access)
Windows, word, excel, ms access, интернет желісі
Бағдарламамен қамтамасыздандыруды өңдеу технологиясы
Информатика пәні бойынша сыртқы бөлімге арналған тапсырмалар жинағы
Мәліметтер қоры көмегімен ақпаратты сақтау, іздеу, сұрыптау технологиясы
ШИНАЛАР НЕГІЗГІ ЖАД ШИНАСЫ
Windows операциялық жүйесі туралы
Қызметкерді жұмыстан шығару
MICROSOFT ACCESS БАҒДАРЛАМАСЫНДА ЖҰМЫС ЖАСАУ
Электрондық кестелерді пайдалану
Пәндер