ХХғсоңындағы азия және африка елдерінің әлеуметтік жағдайына сипаттама туралы ақпарат
1. ХХғ.соңындағы Азия және Африка елдерінің әлеуметтік жағдайына сипаттама
2. 1918 жж. Африка елдері
3. 1918 жж. Иран мен Ауғанстан.
4. Үндістан мен Пәкістан
5. 1967. 1969 жылдары Үндістанның экономикалық белсенділігі

Отаршыл эксплуатация жүйесінде Того мен Камерунде өзгерістер болды, бірінші кезекте сауда компаниялар үлкен рөл атқарды. Ал келешекте концессионалдық компаниялар пайда болды, плантациялар пайда болды, осының нәтижесінде теміржол салынды, Германия жан басына салынатын салықты еңгізді, жұмыс тәжірибесін ұлғайтты. Мұндай қиын жұмыстарға үйренбеген плантациядағы адам саны жыл сайын азайып отырды, халық бұқарасының жағдайы қиын болғандықтан миграциялануға мәжбүр болды және көтерілістер ұйымдастырып отырды, бірақ олар қатаң жазаланды. Ұсақ кньяздіктермен феодал басшылары отаршылардың қызметінде болды
Бірінші дүние жүзілік соғысының басталуынан Батыс Африка территориясында Герман отарларына Англия мен Франция әскері кірді. Тогода көп ұзамай Герман отарлары окупацияға ұшырады, ал Камерунде екі жылға созылған соғыс жүріп жатты. Тек 1916 жылдың ақпаныңда Германия әскері жеңіліп Камеруннен қуылып Испаниядық Гвинеяға қашты.
Екінші дүниежүзілік соғыстың соңында Қытай аумағы екі ірі саяси топтың бақылауында болды. Солтүстік-Шығыс Қытай аймағында коммунистік партияның бақылауы орнаса, қалған бөлігінде гоминьдан партиясынң үстемдігі тұрақтанды.
1949 жылы Қытай ұлт-азаттық армиясы шабуылға шығып, Пекинді азат етті. 1949 жылы 1 қазанда Пекинде Қытай Халық Республикасы (КХР) жарияланды. КСРО оны бірінші болып мойындады.
1960 жылдардың ортасында Қытайда «мәдени революция» басталды. Қытай коммунистік партиясының белсенді мүшелерін «буржуазия ықпалына шалдықты» деп кінәлап, оларды жазалауға кірісті.
Партия мен үкімет басында 32 жыл бойы билік құрған Ю.Цеденбал Моңғолияда социализмнің сталиндік моделінің құлаш жаюына үлес қосты.
1992 жылы жаңа Конституция қабылданып, елдің ресми аты өзгертілді. Бұдан былай елдің аты Моңғолия деп аталды. 1990 жылы 4 қыркүйегінде мемлекеттік заң шығарушы орган Ұлы Хурал Моңғолияда президенттік басқаруды енгізіп, Моңғолияны президенттік республика тәртібіне көшірді.
1945 жылы тамызда Жапония жеңіліп, Корея азаттық алды. Соғыс аяқталғаннан кейін Корея 38 паралель бойынша екіге бөлінді.
1960-1980 жылдары Ким Ир Сеннің басшылығымен Солтүстік Корея қоғамы «Чучхе» идеясын жүзеге асыра бастады. «Чучхе» идеясының мазмұны мынадай мәселелерді қамтыды: сыртқы саясаттағы тәуелсіздік, экономика саласында тек өз күшііне сену, елді қорғауға өз әскеріне сену.

ХХғ.соңындағы Азия және Африка елдерінің әлеуметтік жағдайына сипаттама:
1918 жж. Африка елдері
Отаршыл эксплуатация жүйесінде Того мен Камерунде өзгерістер болды, бірінші кезекте сауда компаниялар үлкен рөл атқарды. Ал келешекте концессионалдық компаниялар пайда болды, плантациялар пайда болды, осының нәтижесінде теміржол салынды, Германия жан басына салынатын салықты еңгізді, жұмыс тәжірибесін ұлғайтты. Мұндай қиын жұмыстарға үйренбеген плантациядағы адам саны жыл сайын азайып отырды, халық бұқарасының жағдайы қиын болғандықтан миграциялануға мәжбүр болды және көтерілістер ұйымдастырып отырды, бірақ олар қатаң жазаланды. Ұсақ кньяздіктермен феодал басшылары отаршылардың қызметінде болды
Бірінші дүние жүзілік соғысының басталуынан Батыс Африка территориясында Герман отарларына Англия мен Франция әскері кірді. Тогода көп ұзамай Герман отарлары окупацияға ұшырады, ал Камерунде екі жылға созылған соғыс жүріп жатты. Тек 1916 жылдың ақпаныңда Германия әскері жеңіліп Камеруннен қуылып Испаниядық Гвинеяға қашты.
Екінші дүниежүзілік соғыстың соңында Қытай аумағы екі ірі саяси топтың бақылауында болды. Солтүстік-Шығыс Қытай аймағында коммунистік партияның бақылауы орнаса, қалған бөлігінде гоминьдан партиясынң үстемдігі тұрақтанды.
1949 жылы Қытай ұлт-азаттық армиясы шабуылға шығып, Пекинді азат етті. 1949 жылы 1 қазанда Пекинде Қытай Халық Республикасы (КХР) жарияланды. КСРО оны бірінші болып мойындады.
1960 жылдардың ортасында Қытайда мәдени революция басталды. Қытай коммунистік партиясының белсенді мүшелерін буржуазия ықпалына шалдықты деп кінәлап, оларды жазалауға кірісті.

1960-1980 жылдары Ким Ир Сеннің басшылығымен Солтүстік Корея қоғамы Чучхе идеясын жүзеге асыра бастады. Чучхе идеясының мазмұны мынадай мәселелерді қамтыды: сыртқы саясаттағы тәуелсіздік, экономика саласында тек өз күшііне сену, елді қорғауға өз әскеріне сену.
1965 жылдан бастап АҚШ басқыншылары Вьетнам демократиялық республикасына соғыс қимылдарын бастады. 1965-1973 жылдар аралығында АҚШ басқыншылары Вьетнам жерінде ойран салды, бірақ көздеген мақсатына жете алмады. 1973 жылы 27 қаңтарда Париж келісіміне сәйкес, АҚШ соғысты тоқтатып, әскерлерін алып кетті.
1950 жылдың басында КСРО үкіметі Вьетнам Демократиялық Республикасын мойындады. Сыртқы саясатында Вьетнам КСРО-ға қарай бағыт ұстады.
1975 жылы Үндіқытай жерін АҚШ әскерлері шығарылғаннан кейін саяси билікті қызыл кхмерлер деп аталатын коммунистер тобы басып алды. Кхмерлердің саяси бастығы Пол Пот жылдам қарқынмен социалистіік ревоюция жассауға кірісті. Наразылық білдіргендерді және еңбекке жарамсыз тұрғындарды жаппай өлтіру саясаты іске асырылды. Екі-үш жылдың ішінде 3 млн-нан астам, жазықсыз Камбоджа азаматтарының өмірі қиылды.
Индонезияда тыныштық орната алмауына байланысты, 2001 жылы А.Уахид президенттік қызметтен тайдырылды. 54 жастағы Мегавати Сукарнопутри халыққа жағымдылығымен, тым асқақтамай, сақтық саясат жолын ұстады.
Жағдайдың ушығып бара жатқанын сезген Англия үкіметі 1947 жылы Үндістанға тәуелсіздік беруге келісті. Ағылшындар елден әскерін шығарар алдында елді екі мемлекеттке бөлу ісін қарастырды. Бірі – Үнді Одағы. Бұл елде халықтың көпшілігі үнділер, біраз мұсылмандар да бар. Екіншісі – Пәкістан. Оған мұсылмандары басым бірнеше провинциялар мен князьдіктер кірді, бірақ үнділерде жеткілікті болды.
1950 жылы Үнді одағы Үндістан Республикасы деп аталды. Үкіметті ұлт-азаттық күрес көшбасшыларының бірі Дж. Неру басқарды. Үндістанда үкімет көмегімен ірі су қоймалары, тоғандар, құдықтар іске қосылды. Түрлі кооперативтер құрылды. Осы шаралар жасыл революция деп аталды.
Пәкстандағы жағдайды түзетуге шамасы жетпеген президент қызметіндегі Айюбхан орнынан түсуге мәжбүр болды. 1969 жылы билік генерал М.Яхьяхан қолына өтті. Ол елде әскери тәртіп орнатып сайлау қорытындысын жоққа шығаруы Шығыс Пәкістанда жаппай халық наразылығын туғызды. Желтоқсан айында ол биліктен кетіп, ел басына З.А.Бхутто келіп, әлем картасында жаңа Бангладеш мемлекеті пайда болды. Пәкістанда саяси-таптық қатынастардың анықталмағаны, қоғамдағы іріткілік, саяси сананың мешеулігі, т.б. себептер әскери басшылықтың билік етуіне жол ашты. Сондай жағдайда елді біріктіретін күш ислам діні болды. 1947 жылдан кейін саяси тізгінді Мұсылман Лигасы ұстап тұрды.
Пәкістанда өкімет орындары жалпы пәкстандық ұлтшылдық саясатын жүргізгенімен, аймақтық ұлтшылдық та өрістей түсті. Соның арқасында урду тілі мен бенгал тілі ресми мемлекеттік тіл деп жарияланған еді. Бірақ ресми түрде урду тілі басымырақ болды. Шығыс Пәкістанда демократия, автономия, теңдік үшін күрес басында Авами Лига партиясы болды.
Цейлон өмірі тұрақсыз болды. 1964 жылы солтүстік аудандарда тұратын тамилдер бөлек мемлекет құру туралы талаптар көтеріп, кейін орталық үкіметке қарсы қарулы күрес бастауы салдарынан елдегі тыныштық бұзылып, ширек ғасыр бойы азаматтық соғыс жалғасып келеді.
2008 жылдың басында парламенттік сайлау өтіп, онда екі бағыттағы компартия жеңіске жетті. Неапал конгресі де мықты орын иеленді, ал монархияны жақтаушылар соққыға жығылды. Парламент корольдікті жеңіп, Непалды республика етіп жариялады.
1962 жылы Иранда реформа басталды. Шаһтың өзі бұл жаңалықтарды Ақ революция деп сипаттады. 1962-1974 жылдар аралығында жүзеге асырылып, ел экономикасын жаңартуды мақсат еткен рефомалар елді индустрияландыру, жер мәселесін реттеу, оқу-ағарту және денсаулық сақтау салаларын жаңартуды көздеді. 1963 жылы иран әйелдеріне сайлау құқы берілді.
80-жылдардың басында Ирак шекара мәселесін қозғап, оны соғыс арқылы шешпек болды. Иран-Ирак соғысы 8 жылға (1980-1988) созылды. Соғыс әрекеті Иран экономикасының даму қарқынын тежеп, көптеген ауылдар мен қалалар қиратылды.
1978 жылы 27 сәуірде армия офицерлері Ауғаныстан Халықтық-Демократиялық Партиясының мүшелері мен жақтастары мемлекеттік төңкеріс жасады. Елдің аты Ауғаныстан Демократиялық Республикасы деп өзгертілід. АХДП орталық комитетінің бас хатшысы Нұр Мохаммед Тараки бастаған революциялық Кеңес ең жоғарғы өкімет органы болды.
1979 жылы қыркүйекте пуштун Хафизулла Амин бастаған экстремистік фракция қастандық ойластырып, Н.Таракиді өлтіріп, билікті өз қолына алды. 1979 жылдың соңына қарай ислам ұрандарымен қимыл жасаған үкіметке қарсы оппозиция елдің көпшілік бөлігін басып алды. Мұндай жағдайда Х.Амин КСРО-дан әскери көмек көрсетуді өтінді. Ол Ауғаныстанға кеңес әскерлерін кіргізуді ұсынды.
Соғыстан кейін Түркия елі жаңаланудың капиталистік түрін таңдап, этатизм саясатының негізін әлсіретіп, жекеменшіктік шаруашылықтың дамуына жол ашты. Едеуір қалыптасқан ұлттық буржуазия талаптарын ескеріп, Түркия үкіметі 1946 жылдан бастап көппартиялық саяси тәртіпті жақтайтыны білдірді. Түркия 1952 жылы НАТО блогына, 1954 жылы Бағдад блогына мүшелікке тіркелді. Тұрғыт Озал 1983-1989 жылдары премьер-министр, 1989-1993 жылдары президент қызметінде болып, Түркия Республикасының экономикасын жандандыру шараларын жүзеге асырды. Ол Түркия моделі деп аталды. Т.Озал өз саясатын жаса, өндір, өзгеге сат деген ұрандармен бастады.
ХХI ғасырға Түркия Республикасы әлі күнге дейін түпкілікті негізде шешілмеген мәселелермен кірді. Соның бірі әрі күрделісі – курд халқының мәселесі.
Араб мемлекеттері Батыс Азия мен Солтүстік Африка аймағында орналасқан.
1962 жылы Франция Алжирдегі соғысты тоқтатып, плебесцит өткізді. Оның нәтижесніде Алжир тәуелсіздігі мойындалды. Сөйтіп, күресте 1 млн-ға жуық азамат құрбан болған халық жеңіске жетті.
Артта қалған, көшепелі шаруашылықпен шұғылданған Ливия елінің өмірі 50-жылдардың екінші жартысында күрт өзгеріске түсті. Оған мұнай көздерінің ашылуы себеп болды.
1956 жылы Египеттің жаңа конституциясы қабылданды. А.Насер елдің президенті болып сайланды. 1956 жылы ол Суэц каналын ұлт меншігіне алу туралы шешім қабылдады. Бұл бірқатар мемлекеттердің қарсыласу әрекеттерін туғызып, олар 1956 жылдың күзінде Египеттің Израйльмен, Ұлыбританиямен және Франциямен арадағы қарулы жанжалға ұласты.
Арабтардың өмірінде Палестина мәселесі маңызды орын алды. 1947 жылы қарашада БҰҰ оны екіге бөліп, бір бөлігінде еврейлердің (Израиль), екіншісінде арабтардың (Палестина) мемлекеттерін құру туралы шешім қабылдады. Арабтар бұл шешімді бірден мойындамады. Сол сағатта арабтар оған соғыс бастады.
1967 жылы маусымда Израиль шабуылға шығып, Египет аэродромдарын істен шығарып, танкілері Суэц каналына қарай беттеді. 6 күн ішінде араб елдері бірінен соң бірі талқандалды. Египет, Иордания,Сирия әскерсіз қалды. 1 млн-нан астам арабтар тұратын 170 мың шақырым жер жау қолында қалды.
II дүниежүзілік соғыстан кейін Африка елдерінің ұлт-азаттық қозғалысы бүкіл Африканы қамтыды. Африка континенті халқының көпшілігі үшін отаршылдықтан азат болу ең маңызды міндеттерінің бірі болды. Көптеген африкалықтар демократия мен тәуелсіздікке құқымыз бар деп ойлады.
Африканың қазіргі саяси картасында көптеген шекаралар түзу сызықпен көрсетілген, өйткені оларды өз кезегінде Еуропалық державалар дәстүрлі тайпааралық шекараларды ескерместен белгілеген. Мұның нәтижесінде тегі бір халықтар бірнеше мемлекеттерге бөлініп кеткендей, ал мемлекеттердің өздері әр түрлі тайпалардан немесе тілі әр түрлі топтардан қалыптасқандай. Осының бәрі ұлтаралық, дінаралық, аумақтық жанжалдар туғызып, олар ондаған жылдарға созылады және халыққа орасан зор нұқсан келтіреді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін халықаралық шиеленістер барған сайын өрши түсіп, ядролық соғыс қаупін туғызды. Шиеленістердің шығу табиғаты әр түрлі болғанымен, негізгісі КСРО мен АҚШ арасындағы дүниежүзіне жеке-дара билік жүргізу жолындағы бақталастыққа байланысты еді. Екі жақ та әскери-саяси одақтар құруға кірісті. АҚШ бастаған НАТО – 1949 жылы, КСРО бастаған Варшава Шарты Ұйымы 1955 жылы құрылып, қырғи-қабақ соғыстың негізігі орталықтарына айналды.
Соғыстан кейін отарлық жүйе біртіндеп ыдырап, бірталай елдер отар бұғауынан құтылып, тәуелсіз өмір сүре бастады. Олардың көбі Батыс пен Шығыс топтарына қатыспай, бейбітшілікті, бостандықты құрметтейтін үшінші дүние атты топ қалыптастырды. 1962 жылы Куба дағдарысы өте қауіпті жағдайға жетті. Кубаны қорғауды сылтау еткен КСРО зымырандарын құпия түрде аралға орналастыра бастады. Ол анықталғанда, АҚШ екі елді қатты қысымға алып, 1962 жылы қазанда соғыс шығып кету қаупі төнді.
1975 жылы 1 тамызда Хельсинкиде Еуропаның 33 мемлекеті және АҚШ пен Канаданың қатысуымен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтасу туралы Акт қабылданды.
Дүниежүзін елдерін үрейлендірген қырғи-қабақ соғыс 90-жылдардың басында аяқталды. Варшава тобы таратылды, социалистік лагерь ыдырап кетті.
ХХ ғасыр әлем өркениетін білім мен техниканың алуан жетістіктерімен байытты. Атом қуаты игеріліп, ғарыштың ғажайып құпиялары зерттелуде, биотехнология, радиоэлектроника, компьютер өндірісте, ғылымда, өмірде кеңінен қолданылуда. Соғыстан кейінгі 40-жылдар мен ХХ ғасырдың екінші жартысын қамтыған кезеңге ортақ үрдіс – адамның ақыл-ойы мен техникалық прогреске деген сенім айқын көрінді.
Жаратылыстанудағы революция ғылыми, философиялық және дүниетанымдық маңызға ие болды. Атап айтқанда, ол физикадағы аса ірі жаңалықтар. Оның негізгісі атом және оның құрылысы болды. Қарапайым бөлшектердің атомның бөлінбейтіндігін жоққа шығарды.
Ашылған жаңалықтарының ішінде – қуаттың баламалы көздерін (күн, жел, теңіз толқындары), жасанды материалдарды пайдалану, өндіріс пен тұрмысты компьютерлендіру бар.
Бұл кезеңнің ғылымы мен техникасы бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді: зымырандық қозғалтқыштар жасалып, ғарыш кеңістігін игеру басталды. ДНК молекуласы ашылып, дәрі-дәрмектердің жаңа түрлері жасалды. Гендік инженерия мен генетикалық құрылымы өзгертілген өсімдіктер азық-түлік өнімдерін шығару көлемін күрт арттыруға мүмкіндік берді. Кері байланыс пен ақпараттар беру туралы ғылым – кибернетика пайда болды, ал 1976 жылы мини-процессор жасалды. Бүкіләлемдік тор – Интернеттің жаһандық ақпараттық торабын жасау алыс қашықтықтарға ақпараттар берудің жылдамдығын арттыруға мүмкіндік берді. Алғашқы роботтар мен адамсыз өндіріс жасалды. 90-жылдар социализмнің дүниежүзілік жүйесінің дағдарысымен ғана емес, сондай-ақ жылдам қарқындап келе жатқан жаһандану процестерімен де атап өтілді. Жаһандану үрдісі де түйінді мәселелерді алға тартуда. Жаңа басталған ХХI ғасырда әлем халықтары демократиялық жолмен бейбіт қатар өмір сүруге қай кездегіден де артық мүдделі болып отыр. Осы жолда кездесетін кедергілер де аз емес. Қазіргі кезде жұқпалы аурулар, қоршаған ортаның, ауа мен судың ластануы, экология мен азық-түлік проблемасы, ланкестік пен жаппай қырып-жою қарулардың көбеюі сияқты келеңсіз мәселелер көпшілікті мазалауда. XX ғасырда жаһандану үдерісінің күшеюі ғасыр феномені – бұқаралық мәдениеттің пайда болуына әкелді. ХХ ғасыр өнеріндегі жаңа бағыттар өз заманының құбылыстары мен көркемдік шығармашылықтың шындыққа деген түрлі көзқарасын өзінше білдірді. Әдебиет пен өнер бірнеше қатарлас бағыттарда, бірқатар ағымдарға бөліне отырып дамыды, бірақ олардың бәрі бір анықтамаға – модернизмге келіп сыяды.
Модернизм дәстүрлі реалистік ағымдардан қол үзумен сипатталады. Модерн (жаңа, заманауи) – ХХ ғасырдағы мәдениеттің көркем шығармашылықтың классикалық тәсілдерінен қол үзген эстетикалық стильдері мен әдістердің саналуандығы. Модернистік ағымдардың аражігін ажырату оңай емес. Оның неғұрлым жарқын көріністерін: абстракционизм мен авангардизмді атауға болады. Абстракционизм сәулет өнері мен қолданбалы өнерде, мүсін жасауда кең таралды. Авангардизм – бұл өзіне сұлулық түсінігі, үйлесімділік жат болатын өнер суррогаты.
60-жылдары жастар контрмәдениетін немесе жастар топтары мен ағымдарының (хиппи, панкалар және т.б.) антимәдениетін жасауға әрекеттенген алпысыншылардың феномені пайда болды. Олардың соғыссыз және зорлық-зомбылық жоқ дүние құрудың идеалистік пиғылдары алпысыншылдарды өздері ғана емес, сондай-ақ саясатшылардың белгілі бір бөлігінің дүниетанымындағы көп нәрсені өзгертті.
70-80 жылдар – бұл ретро және әкелер мен балалардың қатар өмір сүруі. Жалпыға ортақ компьютерлендіру мен компьютерлік кескіндеудің, виртуалды шындықтың пайда болуы, сондай-ақ басталған урбансыздану процесі постиндустриялық қоғамның көркем мәдениетке өтуін білдірді.
60-70 жылдары АҚШ пен Еуропада интернационалдық стильден аударғанда жоғары технологиялар дегенді білдіретін хайтек стилі пайда болды, ол қоғамдық ғимараттар, спорттық және театр орталықтарын, көрме павильондарын салу үшін пайдаланылады.
Киноматография, телевидение, бейнелік өнер – ХХ ғасыр мәдениеті бейнесін барынша жоғары дәрежеде айқындады.
II дүниежүзілік соғыстан кейін Африка елдерінің ұлт-азаттық қозғалысы бүкіл Африканы қамтыды. Африка континенті халқының көпшілігі үшін отаршылдықтан азат болу ең маңызды міндеттерінің бірі болды. Көптеген африкалықтар демократия мен тәуелсіздікке құқымыз бар деп ойлады. 1945-1980 жж. ұлт-азаттық қозғалыс екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең 1945 жылдан бастап 50 жж. ортасына дейінгі уақытты қамтиды. Оның мынадай сипаты болған: отаршылдыққа қарсы күресте шерулер, ереуілдер, азаматтық бағынбау қимылдары сияқты бейбіт әдістер басым болды. Ұлт-азаттық қозғалыстың екінші кезеңі 50 жж. екінші жартысынан бастап 80 жж. дейін созылды. Бұл Африкадағы отаршыл империялардың біржола ыдырауына жеткізген отаршылдыққа қарсы революциялар кезеңі болды. 50-жж. ортасы – 1960 жж. – Тропиктік Африкада отаршылдық жүйенің тамырына балта шабылды. 1960 жылы тарихқа Африкаж болып енді. Бұл жылы 17 британ, француз және бельгиялық отарлар өздерін тәуелсіз мемлекеттерміз деп жариялады.
Артта қалған, көшпелі шаруашылықпен шұғылданған Ливия елінің өмірі 50-жж. екінші жартысында күрт өзгеріске түсті. Оған мұнай көздерінің ашылуы себеп болды.
1960-1961 жж. Конго республикасында тәуелсіздік алу үдерісі әр түрлі саяси күштердің аса шиеленіскен күресімен қатар жүріп жатты. Алтынның, платинаның, алмастың, уранның, т.б. көп қорлары бар аймақ – Оңтүстікті отаршылдар қолдан бергісі келмеді. Анголада, Мозамбикте, Зимбабведе, Намибияда тәуелсіздік үшін қарулы күрес өрістеді.
КСРО Африка елдеріне социалистік бағдар жолын – социализм орнатуға жеткізетін құрылыстарды бірте-бірте жүзеге асыру жолын ұсынды.
Кеңес үлгісіндегі аграрлық реформалар социалистік қайта құру бағытын таңдаған Африка елдерінде ауыл шаруашылығы құлдырап, ашаршылық басталды. Ангола мен Мозамбикте, Ганада, Танзанияда, Эфиопияда, солай болды. Социалистік бағдар алған елдерде индустрияландырудың көлемі шектеулі болды.
Тәуелсіздік алғаннан кейін бұрынғы отарлардың алдында қазіргі мемлекетті басқара білуге үйрену міндеті тұрды. Африка жетекшілері саяси партиялар арасындағы бір-бірін бөліп тұрған шеп тайпалар арқылы өтетінін түсінді. Ұлтты топтастыру үшін олар бір партиялық жүйені таңдап алды.
Күштерді біріктіру Африка елдері үшін басты міндеттердің біріне айналды. Олар тек бірлескенде ғана ойдағыдай дами алатын еді. 1963 ж. ұзақ келіссөз жүргізгеннен кейін тәуелсіз Африка мемлекеттерінің мемлекет және өкімет басшыларының конференциясында Африка Бірлігінің Ұйымы (АБҰ) құрылды. АБҰ өзінің қызметінде Африка мемлекеттерін отарлық тәуелсіздіктен толық азат ету жолындағы күреске жұмылдырды.
1953 жылы 18 маусымда Египет Республика болып жарияланды. А.Насер елдің президенті болып сайланды. 1956 жылы ол Суэц каналын ұлт меншігіне алу туралы шешім қабылдады. Бұл бірқатар мемлекеттердің қарсыласу әрекеттерін туғызып, олар 1956 жылы күзінде Египеттің Израильмен, Ұлыбританиямен және Франциямен арадағы қарулы жанжалына ұласты.
Сирия 1958 жылы ақпанда Египетпен бірігуге келісіп, Біріккен Араб Республикасы құрылды. Оның президенті А.Насер болды. Бірақ 1961 жылы күзде Сирия қарулы күштері толқып, өз елін бөлек шығарып алды.
1967 жылы маусымда Израиль шабуылға шығып, Египет аэродромдарын істен шығарып, танкілері Суэц каналаына қарай беттеді. 6 күн ішінде араб елдері бірінен соң бірі талқандалды. Египет, Иордания, Сирия әскерсіз қалды. 1 млн-нан астам арабтар тұратын 170 мың шақырым жер жау қолында қалды.
1967 жылы Израиль басып алған жерлерді Египетке қайтарып алу ұзақ уақыт бойына оның өзекті мәселесі болып келді. 1978 жылы Кэмп-Дэвидтегі Египет-Израиль келісімінің негізінде Израиль мен Египеттің арасында 1979 жылы бейбіт шарт жасалынды, осыған сай Израиль өзі басып алған Синай түбегін Египетке қайтарды.
Арабтардың өмірінде Палестина мәселесі маңызды орын алды. 1947 жылы қарашада БҰҰ оны екіге бөліп, бір бөлігінде еврейлердің (Израиль), екіншісінде арабтардың (Палестина) мемлекеттерін құру туралы шешім қабылдады.
1962 жылы Франция Алжирдегі соғысты тоқтатып, плебесцит өткізді. Оның нәтижесніде Алжир тәуелсіздігі мойындалды. Сөйтіп, күресте 1 мл-ға жуық азамат құрбан болған халық жеңіске жетті.
Африканың қазіргі саяси картасында көптеген шекаралар түзу сызықпен көрсетілген, өйткені оларды өз кезегінде Еуропалық державалар дәстүрлі тайпааралық шекараларды ескерместен белгілеген. Мұның нәтижесінде тегі бір халықтар бірнеше мемлекеттерге бөлініп кеткендей, ал мемлекеттердің өздері әртүрлі тайпалардан немесе тілі әр түрлі топтардан қалыптасқандай. Осының бәрі ұлтаралық, дінаралық, аумақтық жанжалдар ондаған жылдарға созды, осының бәрі халыққа орасан зор нұқсан келтірді.
1918 жж. Иран мен Ауғанстан.
Иранда бұл кезеңде әр түрлі жасырын ұйымдар құрылып жатты. 1905 жылы Энджумене махфи(Жасырын энджумен) деген атпен үкіметке қарсы қоғам құрылды. Бұндай құпия ұйымдар Иранның әр түрлі аймақтарында көптеп құрыла бастайды. Олар наразылық шерулерін ұйымдастырып, халық көтерілістеріне басшылық етті.
ХХ ғасырдың басында Иранның ішкі әлеуметтік жағдайы қатты шиеленісіп кетті. Ашаршылық бүліктері мен империалистік езгіге қарсы халық көтерілістері жиілей түсті. Шетелдіктердің зорлығы, халық жағдайының адам төзгізстігі және 1905-1907ж.ж. Ресейдегі төнкерістің әсері Иранда 1905-1911ж.ж. революцияға алып келді. Факті түрінде бұл конституциялық қозғалыс болған болатын.
1905 жылы желтоқсанда Тегеранда бұқаралық шеру мен шах Абдул-Азим мешітінде бестке отыру өткізілді. Қарсылық көрсетушілер үкімет қызметіне ие болып отырған шетелдік азаматтардың қызметтен кетуін талап етті, әділетхана құруды, яғни халықтың арыз-арманын, талап-тілегін қарайтын ұйым, мекеме құрылуын талап етеді. Халықтың қысымынан қорыққан шах бұл тілектерді орындауға ант берді. Саудагерлер базарлармен лавкаларын, дін иелері мешіттерін жапты, ереуілшілдер қалалық еңбекші күштеріне сүйенді, көп мыңдаған оппозициялық ойдағы адамдар дәстүрлі түрдегі бәсен қарсылық көрсетті Бірақ бұқаралық шеру тараған соң шах уәдеден тайып, көтерілісшілерді жазалауға кіріседі. Бұған жауап ретінде, 1906 жылы маусым-шілде айларында қозғалыстың жаңа толқыны басталды. Шахтан көтерілісшілер шетелдіктерді мемлекеттік биліктен кетіруді, конституция қабылдауды талап етті.
1906 жылы жазда қозғалыс ауқымды бола бастады. Көтерілісшілер шах билігінің шектелуін, министрлер қатарын босатуы парламент мүшелерін шақыруды талап етті. Мемлекетте шах үкіметі қайраткерлеріне бақылау жасалды және сайлау комитеті құрылды. Ағылшын миссиясының мекмелерінде 20 мың адам жиналған күшті бест ұйымдастырыған соң шах парламенті мәжілісті шақыру манифесін беруге мәжбүр болды. 1906 жылы қыркүйікте мәжілістің ашылуы болды, желтоқсанда шах Мозафер-эд-диннің өлімінен бір неше күн бұрын мәжіліс бірінші иран конституциясын бекітті.
Конституция үкіметпен чиновниктердің салдарынан тез бұзыла бастады және революциялық қозғалыс үлғая бастады. Жаңа фактор 1907 жылы 31 тамыздағы ағылшын-орыстың Ирандағы әсері шекарасының аумағы туралы келіссөз себеп болды. Бұл келісім бойынша Иран үшке бөлінді Солтүстік Иран ең бай аймақ орыстарға қарады, Орталық Иран бейтарап деп есептелінді, Оңтүстік Иран мұнайға бай ағылшындарға қарады.
Мәжілісті қуған соң 1908 жылы реакция қайта орнықты, ол қозғалыстың жанадаып өршуіне алып келді. 1908-1909 жылдары Иран революциясының ірі ошағы Тебриз қаласы болды. Тебриздегі халықтың бас көтеруін басып-жаныштауға шах әскерінің күші жетпей, шетелдіктерді көмекке шақырды. Ағылшындар мен орыс әскерлерінің күшімен Тебриз көтерілісі қанға боялып басылды.
1909 жылы конституцияны қайта қалыпына келтіру үшін қарсылық жаңа күшпен бұрқ ете түсті.Сәуір айының соңында Гильяннан астанаға фидайлер революциялық отрядтары ағыла бастады.Бір мезетте оңтүстіктен Исфағаннан конституцияны қолдағанбахтияр тайпалары Тегеранға жорыққа аттанады. 13- маусымда Тегеранды бірікен гилан федайлары мен бахтия отрядтары басып алады. Шах Мұхаммед-Әли екінші мәжілісті шақыруға мәжбүр болды. Жаңа Иран үкіметі бір қалыпты–либералдық қайраткерлерден құралды, олар ірі сауда буржуазиясын және помешиктердің мүдделерін қорғады.1910 жылы Англия мен Ресейдің талаптарын орындау үшін үкімет федайлар мен бахтияр әскерлерінің басшыларын Тебризден кері шақырып алады. Астана тұрғындары халық батырларын зор салтанатпен қарсы алады.Дегенмен де тамыз айында арнайы дайындалған бахтияр бөлімшелері мен тегеран полициясы пулемттар мен артелериядан оқ жаудырады. Федай отрядтары қарусыздандырылып,көпшілік федайлар тұтқындалады.
1910 жылдың аяғына қарай Иран үкіметі қаржыны қайта құру мен реттеуу үшін АҚШ-тан кеңксшілер беруін сұрайды. Американ монополистері бұл ұсынысты қолдап Морган Шустер бастаған қаржы миссиясын жібереді. ОЛ мемлекттік қазынаның басшы қызметіне тағайындалып, монета сарайының қызметін, салықтар мен т. б кірістердің түсуін және үкіметтің қаржы саласындағы (тіпті бюджетті құру) қызметін бақылау сияқты кең құқтарды иеленді. Шустер Иран өкіметінен тәуелсіз өзінің әкімшілік аппаратын құруға тырысты. Тегеранда Шустердің бұйрығын бұзғандарды қамайтын арнайы гаупвахта ашылды. Американдықтардың бұл әректі халық арасында наразылықтар тудырды.
Халық бұхарасының революциялық қозғалысын ауыздықтауға бағытталған либералдар саясаты-елде самодержавиялық билікті толығымен қайта қалпына келтіруге ұмтылғандарға кең мүмкіндіктер туғызды.
1911 жылдың маусым айында бұрынғы шах Мұхамед-әлі орыс кемесінде жалған есіммен жасырын түрде Иранға келеді. Өзімен бірге қару-жарақтар да алып келген экс-шах реакциялық пиғылдағы Солтүстік Иранды мекндейтін түркімен тайпаларының көсемдерін өз жағына тартады.Олардың көмегімен қарулы отрядтарды жасақтап Тегеранға қарай жылжиды. Мұхамед-әлінің бауырларының бірі Күрдістанда контрревалюциялық бүлік ұйымдастырады.
Революция кезінде құлатылған шахтың қайта оралуы бұхара халықтың наразылығын күшейте түсті. Бүкіл елде бұхаралық шерулер мен митингілер өткізілді. Қайтадан федай әскерлері құрыла бастады.Үкімет әскерлері мен федай отрядтары бірігіп күзде бүлікшілерді талқандайды.
Ағылшын және патшалық Ресей Шустердің миссиясы мен қызыметіне қарсы болды. Орыс есеп-несие банкісінде кепілдікте тұрған Мұхамед-әлінің бауырының мүлкін Шустердің бұйрығы бойынша тәркіленуі Англия мен Ресейдің 1911 жылдың күзінде Иранға қосымша әскер түсіруге себепкер болды. 1911 жылдың қараша айында Англияның қолдауына сүйенген патша үкіметі Шустерді отставкаға жіберуін және Ирандағы тұрған интервенттер әскерінің шығынын төлеуді, бұдан былай Ресей мен Англияның келісімі мен рұқсатынсыз шетелдік кеңесшілерді шақырмау туралы ультиматум қояды. Иран патриоттарының наразылығын тудырып,ел ішінде шетел товарларына байкот жарияланды. Межіліс патша үкіметінің ультиматумын қабылдамау туралы шешім қабылдайды.
1911 жылы патша үкіметі солтүстік провинцияларға әскерлерін кіргізді.24-желтоқсандамәжіліс таратылып, жаңа мәжіліс конституцияны қайта қарайтындығы жөнінде жарлық шығады.Әскер күшпен мәжіліс залынан депутатарды қуып шығады. Полиция саудагелер мен қолөнершілерге күштеп өздерінің дүкендері мен шеберханаларын аштыртыртады.Революциялық қозғалыстың жетекшілерін қамауға алады. Ресми түрде конституция сақталғанымен іс жүзінде ешқандайда жүзеге аспады. 1911 жылдың желтоқсан айындағы оқиғалар революцияның аяқталғандығын көрсетеді. Үкіметке либералдардың орнына реакционерлер келді. Бұл көтерілістің барысында шах билігі едәуір әлсіреп, оның беделі төмендеді. Шах өкіметі халық алдында дәрменсіздігін мойындап, шетел әскери күштеріне арқа сүйеп, империалистерге тәуелділігін арттыра түсті. Шетел державаларының күшімен 1905-1911 жылдардағы Иран революциясы күшпен басып-жанышталды. Бұл революция Иран халқының өміріндегі есте қаларлық елеулі оқиға болды. Артта қалғанфеодалдық-монархиялық елде тұңғыш рет конституциялық бостандық жарияланып,парламент шақырылды. Бұл Қаджарлар монархиясына айтарлықтай соққы боды. Халық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz