Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар. Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар: бала тәрбиесінде нақыл, қанатты, шешендік сөздер қолдану, бесікке бөлеу тәрибиесі



1. Тәрбие сөзіне анықтама. Салт.дәстүрлердің тәрбиелік мәні.
2. Бесік . тәрбие бастауы. Бесік жырының тәрбиелік мәні.
3. Бесік той.
4. Бесік жырлары
5. Пайдаланған әдебиеттер.
Тәрбие қоғамдық талаптарға сай болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тәрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық-әрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге әлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да әсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.
Қазіргі заман тәрбиесі гуманистік негізінде болып, тұлғаның әлеуметтік-мәдени, даралықты, жауапкерлікті қатынас бағыттарында дамуына орайласады. Мұндай тәрбие технологиялық икемшілдігіменен, көңіл-күйге сәйкестігімен, сұхбаттастығымен, жағдайға орай орындалуымен, болашаққа бағытталуымен ерекшеленеді.
Тәрбие – бұл жалпы, ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен оқушының ықпалдасты әрекеттерін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе жағдайында мақсаты тұлға қалыптастыру болған әлеуметтік процесс. [1]
Ұлттық санаға сіңіп, қалыптасқан салт-дәстүрлер сол ұлттың ой-санасының дәрежесін көрсетеді. Ұлттық сананың қозғаушы күші – ұлттық намыс, ұлттық абырой. Ол жеке тұлғалардың перзенттік борышты өтеу дәрежесіне сай өмірден өз көріністерін байқатты. Сондықтан әрбір әдет-ғұрыптың, салт-дәстүрдің адам санасына әсер ететін тәрбиелік мәні зор. [2]
1. Бабаев С.Б.,Оңалбек Ж.К.;Жалпы педагогика;Алматы «NURPRESS» 2011;140 бет
2. Табылдиев Ә.;Қазақ этнопедагогикасы;Алматы «Санат» 2001; 6-7,51,54 беттер
3. Құрастырған Б.Ж. Жүсіпова;Қазақ халқының салт-дәстүрлері;Алматы «Көшпенділер» 2007;11-18 беттер
4. Нығмет Мыңжан;Қазақтың қысқаша тарихы;Алматы «Жалын» 1994, 389 бет

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Жаратылыстану математика факультеті
Математика кафедрасы

СӨЖ-1
Тақырыбы: Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар. Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар: бала тәрбиесінде нақыл, қанатты, шешендік сөздер қолдану, бесікке бөлеу тәрибиесі.

Орындаған:Сыдықова Аяулым Т-411 гр
Тексерген: Оралбекова Б.С.

Семей 2015ж
Жоспар:
1. Тәрбие сөзіне анықтама. Салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәні.
2. Бесік - тәрбие бастауы. Бесік жырының тәрбиелік мәні.
3. Бесік той.
4. Бесік жырлары
5. Пайдаланған әдебиеттер.

Тәрбие сөзіне анықтама. Салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәні.
Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі.
Әл-Фараби
Тәрбие қоғамдық талаптарға сай болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тәрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық-әрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге әлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да әсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.
Қазіргі заман тәрбиесі гуманистік негізінде болып, тұлғаның әлеуметтік-мәдени, даралықты, жауапкерлікті қатынас бағыттарында дамуына орайласады. Мұндай тәрбие технологиялық икемшілдігіменен, көңіл-күйге сәйкестігімен, сұхбаттастығымен, жағдайға орай орындалуымен, болашаққа бағытталуымен ерекшеленеді.
Тәрбие - бұл жалпы, ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен оқушының ықпалдасты әрекеттерін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе жағдайында мақсаты тұлға қалыптастыру болған әлеуметтік процесс. [1]
Ұлттық санаға сіңіп, қалыптасқан салт-дәстүрлер сол ұлттың ой-санасының дәрежесін көрсетеді. Ұлттық сананың қозғаушы күші - ұлттық намыс, ұлттық абырой. Ол жеке тұлғалардың перзенттік борышты өтеу дәрежесіне сай өмірден өз көріністерін байқатты. Сондықтан әрбір әдет-ғұрыптың, салт-дәстүрдің адам санасына әсер ететін тәрбиелік мәні зор. [2]

Бесік - тәрбие бастауы.
Мұхтар Әуезов Ел болу үшін, бесігіңді түзе деп айтқан. Бұл сөздің мән-мағынасына ой салсақ, ол - тәрбие ұрпақты дүниеге келтіруден басталады; сол тәрбиенің дәстүрлік, салт-саналық бастаулары мен бағдарларын жан-жақты пайдаланып, даналықпен дамыта білу керек деген өсиеттің мәнін ұғамыз. Нәрестелік кезінен басталатын тәрбиенің қалыптасқан ұлттық рәсімдері мен тәлімдік тәсілдері ұлттық салтпен қолданылып жан жүйеге тәлім-тәрбиелік әсер етеді.
Тұрмыс-салт әуендерімен айтылатын бесік жыры бөбекті жұбату үшін және оған тілек айту үшін ғана шығарылған емес. Ең әуелі ырғағы бесіктің тербелісіне сәйкес келетін сабырлы екпінде айтылатын қоңыржай әуен бөбектің сезім мүшелері арқылы оған сүйкімді, сүйсінерлік әсер етіп, жан-жүйесін жадыратады, яғни ұнамды, ұнамсыз әсермен баланы жұбатады. Екіншіден, баланың келешегіне үміт артып, тілек айта отырып, оны жұбатушы ана болашақтың шамшырағы мен нұрсәулесінен қуат алғандай әсерленеді. Үшіншіден, ата-ана жатқа айтқан тілектерді тілі шыққан балдырғандар да жаттап, әрі тілі дамиды, әрі сол сөздерден тәлім алады.
Бесік жырларын мазмұнына қарай: шілдехана жыры, бесікке бөлеу жыры, жұбату және тілек айту деп топтауға болады.
Балғын бөбек бесік жырының жанға жайлы әуезді әуеніне жұбанып, рахатқа бөленеді. Мұның психологиялық, медициналық мәні зор. Психологиялық жағынан бала анасының әрдайым жанында екенін сезінеді, яғни қауіпсіздік, қамқорлықты түйсікпен сезіне алады. Медициналық жағынан маңыздылығы - баланың денесінің, жаялығының тазалығы. [2]
Бесік той.
Туған-туыстары жиылып, нәрестені бесікке салу дәстүрін өткізеді.
Қазақ баласының бесігі - құс төсек, жастық, жаялық, жөргек, қол бау, тізе бау, тізе жастық, бесік көрпе, шүмегі мен түбегі тазалық үшін ыңғайлы даярланған, екі басы доғаша иіліп жасалынған, құрау шабақтары нығыз қиюластырылған, екі қос аяқтары дөңес табанды, арқалығы өрнектелген жанұя. [2]
Бесік алып бару - қазақтың бір жерге келін болып түскен қызы тұңғышын босанғанда орындалатын дәстүрі. Бесіктің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақта Баланы жастан
Қазақ халық педагогикасының дәстүрлері туралы түсінік
Ана тілі сабақтарында кіші мектеп жасындағы оқушылардың қазіргі тәрбиесіндегі қазақ халық педагогикасының озық дәстүрлерін қолдану
Халық педагогикасының балалар тәрбиесіндегі рөлі
Қазақтың халықтық педагогикасы арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу
Оқушылар тәрбиесінде халық педагогикасын қолдану
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар туралы ақпарат
«Этнопедагогика» пәнінің оқу-әдістемелік кешені (оқытушылар үшін)
Мектепте халық педагогикасын оқытудың тәрбиелік маңызы
Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің теориясымен танысу
Пәндер