Ағарту ісінің басты бағыттары



Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
1. Ағарту ісінің басты бағыттары.
2. Абай Құнанбайұлы
3. Шоқан Уәлихановтың

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Ағарту ісінің басты бағыттары, орталықтары. 1867-1868 жылдардағы әкімшілік-аумақтық реформалар біртіндеп қарқын ала бастаған коғамдың козғалыс Ресей империясының алшақ жатқан аудандарында да ағарту ісінің дамуына әсерін тигізді.
XIX ғасырдың 60-70-жылдарынан ұйымдастырыла бастаған ғылыми коғамдар, көпшілікке арналған кітапханалар, ағарту ісінің жолға қойылуы коғамдың өмірдің жандануын тездетті, оған әсерін тигізді.
Облыстық орталықтарда ашыла бастаған халыққа хат таныту қоғамдары да көп ұлтты қазақ өлкесіндегі тұңғыш мектептердің кызметіне жаңа бағыт берді. 1868 жылы кұрылған Түркістан статистикалық комитеті, 1878 жылы ұйымдастырылған Семей облыстық және кейінгі жылдары бірінен кейін бірі жұмысын жолға койған басқа да ғылыми ағартушылық мекемелер қазақ және өлкені қоныстанған басқа да ұлттар арасында ғылым мен білімнің, сауаттылықтың негіздерін таратуда белгілі рөл атқарды.
Қазақстанды зерттеуде, бірқатар еңбектер жариялауда пәрменді рөл атқарған орыс географиялык коғамының Түркістан, Батыс Сібір бөлімдері, кейіннен ашылған Семей бөлімшесі қазақ жерінде ғылыми экспедициялар ұйымдастырды. Абай Құнанбаңүлы Семей облыстык статистикалық комитетінің белді мүшелерінің бірі болғаны жұртшылыққа мәлім. 1883 жылы Семейде қоғамдық кітапхана ашылды. Алғашында кітап қоры 260 томнан ғана тұрған бұл кітапхана жылдан-жылға өсе бастады, кейіннен коғамдық өмірдің бір орталығына айналды.
Осы қалаға жер аударылған А.Д.Блек, Е.П.Михаэлис, А.В.Леонтьев, Н.И.Долгополов, П.Лобановский, С.С.Гросс және де жергілікті халықтың өкілдері, соның ішінде Абай Құнанбайұлы кітапханаға құнды басылымдарды жинауға ат салысты. Кейіннен Ресейдің әр түкпірлерінен осы кітапханаға көптеген журналдар, әр ғылым салаларынан кітаптар келіп түсе бастады.
Ақысыз пайдаланатын қоғамдық кітапханалар Торғайда, Орынборда. ашылды. 1876 жылы Ташкеңтте ұйымдастырылған халыктың сауатын кетеруді басты мақсат еткен арнайы комиссия да жергілікті тұрғындар ара-сында бірқатар ізгі өзгерістерді жүзеге асырды. XIX ғасырдың II жартысында өлкеде әр түрлі мектептердің ашылуына әсер еткен басты фактор, тек ағартушылық ғылыми мекемелер мен кітапханалар болып қойған жок. Патша үкіметінің отаршылдық баскару жүйесіне тілмаштарды даярлау қажеттілігі шаруашылық және шенеунік әкімшілік мұқтаждығына қызметкерлердің жетіспеуі, аралас орыс-қазақ мектептерін жылдан-жылға көбейтуді қажет етті.
1861 жылы Троицк қаласында, Торғай маңайындағы Орынбор бекінісінде, Қазалыдағы №1 фортта ашылған орыс-қазақ мектептері қазақ жастарын қамтуға тырысқан осындай типтегі оқу орындары болды. Алайда жеке бекіністерде ұйымдастырылған қазақ мектептерінің материалдық жағынан қамтамасыз етілуі, ондағы оқушыларға білім беру дәрежесі өмір талабына сай келмеді. Қазалы және Перовскідегі мектептер кейіннен қалалық училищелер болып қайта құрылды. Онда Қазанда, Петербургте білім алған ұстаздар сабак берді.
Қазакстанда халыққа білім берудің басты бағыттары Орал, Семей, Торғай, Ақмола және Сырдария, Жетісу облыстарын басқару туралы "Уақытша Ережеде" айқындалды.
Ағарту ісін дамыту үшін қазақтарға өз еріктерімен қаржы жинауға құқық берілді.
Ал мұсылман дін өкілдері қазақ ауылдарында мешіт жанында мектептер ашу үшін уездік баскармадаң ерекше рұқсат алуы қажет болды. Ал осы молдалардың өтінішімең ашылған мектептердің негізгі шығының өтейтін де қазақ шаруалары еді. Қазақ шаруаларының шамалы бөлігі ғана ақы төлеп, қазақ станицаларындағы, орыс қыстактарындағы мектептерге балаларын оқуға беруге рұқсат алды. Алайда қазақ жастарын орыс мектептерінде оқытудағы патша өкіметінің мақсаты тек балалардың сауатын ашу ғана емес, сонымен қатар оларды отаршылдық пиғылда тәрбиелеу еді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. Ч. Мусин «Қазақстан тарихы», Алматы 2005.
2. Ж. Қасымбаев «Қазақстан тарихы», Алматы 2004.
3.Н. Мыңжан «Қазақстаның қысқаша тарихы»
4. Қазақстан тарихы очерктер.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ағарту ісінің басты бағыттары.
2. Абай Құнанбайұлы
3. Шоқан Уәлихановтың

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚ АҒАРТУ ІСІ
Ағарту ісінің басты бағыттары, орталықтары. 1867-1868 жылдардағы
әкімшілік-аумақтық реформалар біртіндеп қарқын ала бастаған коғамдың
козғалыс Ресей империясының алшақ жатқан аудандарында да ағарту ісінің
дамуына әсерін тигізді.
XIX ғасырдың 60-70-жылдарынан ұйымдастырыла бастаған ғылыми коғамдар,
көпшілікке арналған кітапханалар, ағарту ісінің жолға қойылуы коғамдың
өмірдің жандануын тездетті, оған әсерін тигізді.
Облыстық орталықтарда ашыла бастаған халыққа хат таныту қоғамдары да
көп ұлтты қазақ өлкесіндегі тұңғыш мектептердің кызметіне жаңа бағыт берді.
1868 жылы кұрылған Түркістан статистикалық комитеті, 1878 жылы
ұйымдастырылған Семей облыстық және кейінгі жылдары бірінен кейін бірі
жұмысын жолға койған басқа да ғылыми ағартушылық мекемелер қазақ және
өлкені қоныстанған басқа да ұлттар арасында ғылым мен білімнің,
сауаттылықтың негіздерін таратуда белгілі рөл атқарды.
Қазақстанды зерттеуде, бірқатар еңбектер жариялауда пәрменді рөл
атқарған орыс географиялык коғамының Түркістан, Батыс Сібір бөлімдері,
кейіннен ашылған Семей бөлімшесі қазақ жерінде ғылыми экспедициялар
ұйымдастырды. Абай Құнанбаңүлы Семей облыстык статистикалық комитетінің
белді мүшелерінің бірі болғаны жұртшылыққа мәлім. 1883 жылы Семейде
қоғамдық кітапхана ашылды. Алғашында кітап қоры 260 томнан ғана тұрған бұл
кітапхана жылдан-жылға өсе бастады, кейіннен коғамдық өмірдің бір
орталығына айналды.
Осы қалаға жер аударылған А.Д.Блек, Е.П.Михаэлис, А.В.Леонтьев,
Н.И.Долгополов, П.Лобановский, С.С.Гросс және де жергілікті халықтың
өкілдері, соның ішінде Абай Құнанбайұлы кітапханаға құнды басылымдарды
жинауға ат салысты. Кейіннен Ресейдің әр түкпірлерінен осы кітапханаға
көптеген журналдар, әр ғылым салаларынан кітаптар келіп түсе бастады.
Ақысыз пайдаланатын қоғамдық кітапханалар Торғайда, Орынборда. ашылды.
1876 жылы Ташкеңтте ұйымдастырылған халыктың сауатын кетеруді басты мақсат
еткен арнайы комиссия да жергілікті тұрғындар ара-сында бірқатар ізгі
өзгерістерді жүзеге асырды. XIX ғасырдың II жартысында өлкеде әр түрлі
мектептердің ашылуына әсер еткен басты фактор, тек ағартушылық ғылыми
мекемелер мен кітапханалар болып қойған жок. Патша үкіметінің отаршылдық
баскару жүйесіне тілмаштарды даярлау қажеттілігі шаруашылық және шенеунік
әкімшілік мұқтаждығына қызметкерлердің жетіспеуі, аралас орыс-қазақ
мектептерін жылдан-жылға көбейтуді қажет етті.
1861 жылы Троицк қаласында, Торғай маңайындағы Орынбор бекінісінде,
Қазалыдағы №1 фортта ашылған орыс-қазақ мектептері қазақ жастарын қамтуға
тырысқан осындай типтегі оқу орындары болды. Алайда жеке бекіністерде
ұйымдастырылған қазақ мектептерінің материалдық жағынан қамтамасыз етілуі,
ондағы оқушыларға білім беру дәрежесі өмір талабына сай келмеді. Қазалы
және Перовскідегі мектептер кейіннен қалалық училищелер болып қайта
құрылды. Онда Қазанда, Петербургте білім алған ұстаздар сабак берді.
Қазакстанда халыққа білім берудің басты бағыттары Орал, Семей, Торғай,
Ақмола және Сырдария, Жетісу облыстарын басқару туралы "Уақытша Ережеде"
айқындалды.
Ағарту ісін дамыту үшін қазақтарға өз еріктерімен қаржы жинауға құқық
берілді.
Ал мұсылман дін өкілдері қазақ ауылдарында мешіт жанында мектептер ашу
үшін уездік баскармадаң ерекше рұқсат алуы қажет болды. Ал осы молдалардың
өтінішімең ашылған мектептердің негізгі шығының өтейтін де қазақ шаруалары
еді. Қазақ шаруаларының шамалы бөлігі ғана ақы төлеп, қазақ
станицаларындағы, орыс қыстактарындағы мектептерге балаларын оқуға беруге
рұқсат алды. Алайда қазақ жастарын орыс мектептерінде оқытудағы патша
өкіметінің мақсаты тек балалардың сауатын ашу ғана емес, сонымен қатар
оларды отаршылдық пиғылда тәрбиелеу еді.
Мектеп, медреселерде қазақ жастарының білім алуына мейлінше кедергі
жасауы патша өкіметінің Орта Азия мен Қазақстанда ислам дінінің тарауына
қарсылығының бір көрінісі еді. Орынбор губернаторы Крыжановскийдің 1867
жылғы "Ресейдің шығыс белігінде мұсылмандықпен күресу жөніндегі шаралары"
да исламдік мектептерге шек қоюға бағытталған арнайы әкімшілік саясаттың
бір бағыты.
1879 жылы желтоқсанның 11-і күні сол Н. Крыжановский

халық ағарту министріне жолдаған хатында Орал, Торғай облыстарында
сауаттылық дәрежесін көтеру мәселесін айта келе, қазақ мектептері үшін
арнайы оқытушылар даярлайтын оқу орындарын ашуды да қажет деп тапты. Оны
бітіргендерді ауылдық старшын, болыстық іс жүргізуші, тіпті молда
қызметтеріне тағайындау ұсьшылған еді. Тұнғыш қазақ мұғалімдік мектебі 1883
жылы Орынбор губерниясының Орск қаласында ашылды. Оған Торғай облысы
мектептерінің инспекторы кызметіне ағартушы Ыбырай Алтынсарыұлы
тағайындалды. Бұл маңызды іс оқытушылар дайындауды тездетті.
Ағарту ісінің құрылымы. XIX ғасырдың аяғында Қазақстанда ағарту ісінің
төмендегідей жүйесі қалыптасты: бастауыш оқу орындары, приход мектептері,
толықтырылмаған гимназиялар, орыс-қазақ аралас мектептері, ауылдық
сауаттылықтың негізін үйрететін мектептер. Орта оқу орындары: реалдық
училищелер, қыздар мен ер балалар гимназиялары. Сонымен қатар мұғалімдер
семинариялары орта буын оқу орындарына теңестірілді. Арнайы маман
даярлайтын оқу орындары: қазақтың мұғалім даярлайтын мектептері,
ауылшаруашылық, малдәрігерлік, Торғайдағы қоленер мектептері, Оралдағы
қолөнер кәсіпшілігіне шәкірттер даярлайтын арнайы мектеп, Омбыдағы
механикалық-техникалық училище, Атыраудағы теңізде жүзу ісін үйрететін
мектеп, т. б. әр түрлі материалдық жабдығы бар оқу орындары ашылды. Оқу
ісінің ұйымдастырылу сапасына қарай 1872 жылы Омбыда, 1879 жылы Ташкентте
ашылған мұғалімдер институты да Ресейдегі орта оқу орындары жүйесінің бір
бөлігі еді.
XIX ғасырдың соңына қарай өлкеде екі сегіз сыныпты ер балалар
гимназиясы, екі жеті сыныпты қыздар гимназиясы, Верный қаласында сегіз
сыныпты әскери гимназия, Оралда реалдық училищенің 6, 7 және 8 сынып-ты ер
балалар гимназиясы, Семейде 4 сыныпты ерлер, 5 сыныпты қыздар гимназиясы
ашылды. Сонымен қатар Қазақстанда шіркеу приход мектептері, жексенбілік
сауат ашатын мектептер де болды.
Патша өкіметінің кедергі жасауына қарамастан, мұсылмандық мектептер
мен медреселер жастардың сауатын ашуға, инабаттылыққа баулуда белгілі рөл
атқарды. Пантюркизм мен панисламизмнің орын тебуіне қарсы күрес дегенді
желеу еткен облыстың генерал-губернаторлары осы мұсылман дінімен байланысты
оқу орындарының оқытушыларын әрдайым қуғындап, әкімшілік шаралармен
қыспаққа алып отырды. 1870 жылы наурыз айының 26-ында қабылданған
үкіметтің "бұратана" халықтар арасында сауаттылықты ашу туралы арнайы
ережесінде мешіттердің жанында ашылған мектептерде орыс тілін оқыту
міндетті деп танылды.
XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан мектептерде білім беру
жүйесі (кейбір өзіндік ерекшеліктеріне қарамай) жалпы Ресейлік ағарту ісіне
мейлінше жақын еді және әр түрлі нұскаулар арқылы үкімет империяның орталық
аудандарындағы білім беруді ұлттық аймақтарға таратуға әрдайым мүдделі
болды. Торғай және Орал облыстарындағы қазақ және баска тілдерде білім
беретін оқу орындары Орынбор оқу округіне бағындырылды. Ақмола және Семей
облыстарындағы оқу орындары Батыс Сібір оқу округіне қарады. Әр түрлі
сипаттағы оқу орындарындағы өзгерістерді ретке келтіріп отыру кеңсесі Томск
қаласындағы шенеуніктерге бағындырылды. Сырдария және Жетісу облыстарындағы
оқу орындарының қызметін қадағалау Түркістан генерал-губернаторлығына
тапсырылды. Шыңжаңнан Жетісуға ойысқан ұйғырлар мен дүнгендер санының
біртіндеп өсуі, Оңтүстік Қазақстан өңірінде басқа аудандармен салыстырғанда
қазақтардың басымдылығы орыс - "түземдік" мектептердің кебірек ашылуына
әсер етті. Осыған байланысты өзіндік ерекшеліктері бар әр түрлі буындағы
мектептерде оқу ісін жолға қою қазақ жастарының сауатын ашуда араб
таңбаларын дамытудың қажет екенін көрсетті.
Шығыс Қазақстанда түсті металлургия өндірісінің, Батыс Қазақстанда
мұнай өндірісінің жолға койыла бастауы, өлкенің Орталық аудандарында көмір
өндірісінің дамуы осы бай өлкені игеретін білімді инженер-техник мамандарды
даярлауды күн тәртібіне койды. Алайда Қазақстанда түрлі шаруашылық
салаларында мамандар даярлайтын бірде-бір арнайы техникалық оқу орны
болмады. Қаржының тапшылығы Қазақстанда ағарту ісін артқа тартқан бір
кедергі болды. Мектептерде оқу ісін ұйымдастыруға қажетті қаражаттың бір
белігі жергілікті тұрғындар есебінен жиналатын. XIX ғасырдың аяғында
Қазақстанда ағарту ісінде жан басына шағылатын шығын Ресейдің Орталык
аудандарымен төмен еді: жан басына Торғай
облысында -19,5, Орал облысында - 16,2, Ақмола облысында-11,3,
Сырдарияда - 9,7, Семей облысында -7, Жетісу облысында - 5,5 тиыннан
аспады.
Қазақстанда халық-ағарту ісінің дамуына кедергі болған негізгі себеп -
оқу орындарының барлық буындарында дерлік білімді ұстаздардың жетіспеуі.
Томскінің, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан музейлерінің қалыптасу және даму тарихы
Қазақстан Республикасының білім жүйесінің негіздері
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ ағартушыларының қоғамдық - саяси көзқарастары
Қазақ зиялыларының ағартушылық қызметі
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі
Ресейде мектеп білімінің мемлекеттік жүйесінің құрылуы
Кәсіптік орта білім беру
Халық Ағарту Комиссариаты қоры құжаттарының Қазақстанның мәдени даму тарихындағы деректік маңызы
Білім беру жүйесі
Қазақстан Республикасының білім беру саясаты, оның дамуы мен құрылымдық жүйесі
Пәндер