Әдеби үдеріс (процесс), әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. Өлең сөздің теориясы. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері. Әдеби үдеріс (процесс), әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер.
Орындаған: Отарбаева М. Н.
Тексерген: Құрманбаева Қ. С.
2015 жыл
Шығарманың көркемдік, өзіндік бітім-болмысын айқындауда жазушы қолданған тілдік құралдың әрқайсысының орны ерекше. Көркем шығарма тілінде кез келген тілдік құрал орынсыз қоданылмайды. Ондағы синтаксистік құрылымдар мен лексемалар, фразеологизмдер, жекелеген дыбыстар - бәрі де көркемдік идеяға қызмет етуге тартылған «желілер» қатарынан орын алады. Әр сөз зергерінің өзіне тән стилі, өзіндік сөз саптау мәнері, ой-толғау әдістері болады. Жазушының қолындағы қуатты қаруы -тіл, шұрайлы сөз десек, ол сөз халықтың тіл байлығы болып табылады. Ал көркем туынды авторының шеберлігі айтар ойын - бейнелі, мәнерлі, айқын жеткізуінде жалпыхалықтық тіл байлығынан қажетті деген тілдік құралдарды сәтті таңдап алып, керегіне жарата білуінен көрінеді. Тілдік құралдардың стильдік жүк арқалау мүмкіндігінің дәрежесі мәтіннен, оның қолданысынан айқын аңғарылады. Әр сөздің құдіретін дұрыс танып, оған көркемдеуші қызмет арту қаламгердің шеберлігіне байланысты. Әр функционалды стильдің өзіндік ерекше стильдік қабаты болады десек, көркем шығарма - дыбыстан мәтінге дейінгі аралықтан орын алатын тілдік бірліктердің стилистикалық қызметін анықтауға жағдай туғызатын бірден бір орта.
Көркем шығарма тілі тілдік қолданыстың ерекше бір саласын құрайды. Көркем әдебиеттегі тілдің қолданысын, қандай қызмет атқарып тұрғандығын, тілдік қолданыстың өзгеріске түсуі мен оның себептерін ашып беретін лингвостилистикалық зерттеулер болып табылады. Көркем шығарма тілінің арқауын әдеби тіл фактілер құрайтындығы белгілі. Ендеше тілдің даму процесінде болып жатқан барлық өзгерістердің одан көрініс тауып жатуы заңды нәрсе. Бұл тұрғыдан алғанда көркем мәтінге жүргізілген талдау әдеби тілдің даму бағытын белгілеуге септтігін тигізеді. Бірақ көркем шығарма әдеби тілде жазылғанымен көркем шығарма тілі мен әдеби тіл арасында ерекшеліктердің болатындығын ескерген жөн. Мәселен, күнделікті қарым-қатынас жасау қажетін өтейтін әдеби тіл көркем шығармада басқа қырынан танылады. Көркем шығармада әдеби тіл бейнелі құрал ретінде жұмсалып, сол арқылы оқушы сезіміне әсер ететін эстетикалық қызмет атқарады. Мәселен, әдеби тілде нормаға жатпайтын тіл элементі көркем шығармада автордың көздеген мақсатына жету үшін қолданылып, арнайы эстетикалық қызмет атқаруы әбден мүмкін. А. Байтұрсынұлының сөзімен айтқанда, тілді қолдану дегеніміз- айтатын ойға сәйкес келетін сөздерді таңдап ала білу және сол сөздерді сөйлем ішіне орын-орнына дұрыстап қоя білу. Бұл-бір. Екіншіден, көркем шығарма тіліндегі әдеби тіл нормасынан ауытқу тіл бірлігінің бойындағы жасырын жатқан мағыналық мүмкіндіктерді ашады.
Лингвистикалық талдаулар көркем шығарманы толық түсінуге жағдай туғызады. Сонымен қатар оқырманның тіл мәдениеті мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға немесе көтеруге септігін тигізеді. Осы тұрғыдан келгенде көркем туындыға лингвостилистикалық талдау жасаудың қажеттігі талас тудырмаса керек.
Б. Шалабай көркем шығарма тілінің негізгі үш белгісін былайша көрсетеді: Біріншіден, ол-өз дәуіріндегі әдеби тіл фактісі. Яғни, жалпы тілдің дыбыстық, лексикалық, грамматикалық материалдары. Өз дәуіріндегі әдеби тілден тыс, өзінше бір дүние емес, соның нормаларына, заңдылылықтарына бағынған тіл. Екіншіден, сонымен бірге, ол-әдеби тілден «тыс», өз заңдылығы бар дүние. Жалпы тілдің көркемдік-эстетикалық талапқа сай қолданылуы негізінде одан (жалпы тілден) тікелей өсіп шыққан «үстеме»тіл. Бұл аспектіде алғанда көркем әдебиет тілінің спецификалық ерекшелігі, жалпы тілдің көркем тілге айналу жолдары мен тәсілдері сияқты үлкен проблематикалық мәселелер қаралады. Үшіншіден, « көркем әдебиет тілі» нақтылы бір көркем шығарманың тілі ретінде түсіндіріледі. Көркем әдебиет тілі «даралық стиль»категориясымен ұштасып жатады. Сонда көркем шығармада тіл көркемдік эстетикалық талапқа сай қолданылса, әр жазушы осы талаптың үрдісінен шығу үшін тілдік құралдарды өзінше
пайданалады. Сөйтіп, әрқайсының өзіндік дара жазу мәнері немесе стилі қалыптасады. Басқалай айтқанда, жазушының халықтың тіл байлығын қажетіне жарата білуі, сөйлем құрау барысында сөз сұрыптауы, оларды белгілі бір тәсілмен ұйымдастыра білу сияқты мәселелер сөз зергерінің өзіндік қолтаңбасын айқындайды.
«Жеке жазушының тіл өрнегінің толып жатқан бояу-бедері, өзіндік өсу, жетілу жолдары болады. Көркем әдебиет тілінің нәзіктігі көп жағдайда жазушының белгілі бір сөздерді «мағыналық топқа иіру», яғни сөздерді өзара мағыналық байланысқа түсіру шеберлігімен байланысты».
Көркем мәтінді талдаудың негізгі бағыттары Р. Сыздық пен Б. Шалабай еңбектерінде сараланып көрсетілген. Көркем мәтінді талдаудың өзіндік ерекшеліктері бар екендігін айта келіп, оның грамматикалық талдаудан өзгеше болып келетіндігін айтады. Көркем туындыға жүргізілетін тілдік талдау көркем шығарма мәтінін мәнерлеп оқудан басталатындығын пайымдаған ғалымдар тілдік талдаудың негізгі өзегі деп шығарманың сөздік құрамын таниды[3, 61] .
Көркем әдебиет стилистикасының пән болып қалыптасуына өзіндік үлес қосып жүрген ғалымдардың бірі Б. Шалабай осы салаға қатысты еңбегінде көркем шығарма тілін зерттеудің теориялық негіздерін белгілеп береді. Автордың айтуынша, көркем әдебиет тілін зерттеудің қырларының санатына көркем шығарманың тілі мен оның идеялық-бейнелі мазмұны, көркем шығарма тілін ұйымдастырушы тілдік бірліктер, көркем шығармадағы автор бейнесі т. б. енеді. Б. Шалабай көркем шығарма тілін үш қырынан қарастыруға болатындығын айтады:
а) таза тілдік қырынан;
ә) стилистикалық қырынан;
б) көркемдік-эстетикалық қырынан. Бұлар көркем әдебиет стилистикасының зерттеу нысанына жатады. Зерттеу жұмысында С. Мұқанов прозасы лингвостилистикалық тұрғыдан қарастырылады.
Көркем шығарма тілін талдауда негізінен шығарманың сөздік қоры (лексикасына) мен грамматикасына, көріктегіш құралдарға назар аударылады.
Көркем шығарма тілін лексикалық тұрғыдан жазушының жалпыхалықтық тілді сөз мақсаттарына сай ұтымды пайдалануы, жаңа сөз қолданыстар немесе қолданыстан шығып қалған лексемамаларды қолдану мақсаты, сондай -ақ кәсіби сөздердің, фразеологизмдердің қызметі т. б. жайлар айқындалады.
Жалпыхалықтық қолданыстағы фразеологиялық тіркестердің жазушы шығармасының көркем идеясына қарай өзгеріске түсу себептері қарастырылады. Шығармадағы көріктегіш құралдарға жүргізілген стилистикалық талдау көркем туындыда пайдаланылған бейнелі тәсілдер- эпитет, теңеу, т. б. жасалу жолдарын зерттеуді қажет етеді. Сонымен, көркем мәтіндегі лингвистикалық құралдардың эстетикалық мүмкіндіктерін көрсету қаламгердің біріншіден, көркем шығармасының маңызды тұстарын айқындаса, екіншіден, оның әдеби тілдің дамуына қосатын үлесін де көрсетеді. Олай болса, лингвостилистикалық зерттеулердің қаншалықты қажеттілігі мен маңыздылығы айтпаса да түсінікті болып шығады.
А. Байтұрсынов: «Метонимия - арасында жақындығы бар екі нәрсенің атын ауыстырып, бірінің орнына бірін айту, алмастыру, ауысу», -дейді.
«Метафораға қарағанда, метонимияның қолданылу аясы әлдеқайда тар. Метафора стиль түрлерінің қай-қайсысында қолданылатын болса, метонимия мүлдем олай емес. Метонимия тілдегі стильдердің бәрінде бірдей қолданылмайды. Ал ғылыми стиль мен ресми-кеңсе стилінде жалпы кездеспейді. Оның көбірек қолданылатын жері - көркем әдебиет стилі. Шығармада метонимияны қолдануда белгілі дәрежеде шеберлік қажет». Егер жоғарыда келтірілген тұжырымға сүйенер болсақ, онда біз жазушының сөз қолданыс шеберлігін танимыз. Себебі автор метонимияны орынды жұмсай отырып, кейіпкерлерін сомдайды. Т. Әбдіков өз шығармаларында метонимияларды түрлі мақсатта қолданған.
1. Тұрмыс тіршілікті көрсету мақсатында.
Колхоз белсенділері өзгерген жоқ па?
Колхоз басшылары өзгерген жоқ па? Автор бұл мысалда ауыл жағдайын суреттеп отырған оқиғаны дәл беру үшін қолданған.
Жұрт көзіне қалай көрінемін . Бұл мысал көпшілік қауымға қатысты алынған.
2. Кейіпкер тілінде келіп екінші бір каһарманның бейнесін тудыру үшін қолданған. Мысалы, Ақ жаулық көнер емес. Осы тұқылга ерегескенде қалай да көндіремін.
- Әй, көк тұқыл, сен өлген күннің мен ертеңіне кемпіріңді азғырып бір бойдақтың арбасына салып жібермесем бе, әкел қолыңды.
3. Кейіпкерді мінездеуде метонимияларды ұтымды пайдаланған. Мысалы, Жуан қарын секем алып қалды. Дүйсенге қарап бірдеңе деп шүлдірлеп жатыр. Жуан қарын метонимиясын жазушы жағымсыз бейне беру үшін қолданған.
4. Т. Әбдіков кейіпкердің портретін жасауда да метонимияларды ұтымды қолдана алған. Мысалы, Мұртты қара айыбынан ақталып шығып, алғашқы абыройын қайтып алғандай көтеріліңкіреп отырып, баяғыда бір патшаның әкесіне тамды құлдарына салдырғанын, бірақ о дүниеде әкесінің тамы мойнына қарыз болып мінгенін, іреудің қолымен салынған топырақ топырақ салдыға есептелмейтінін айтты.
5. Автор шығармаларында метонимияны сөздегі айтылатын ұғымдардың әсерлілігін арттыру мақсатында қолданған. Мысалы, Өңшеңтобырлар жиылып ТОЗ құрыпты, тоздырып жіберу керек дейтін көрінеді өшіккен байлар (3, 15-6) . Айыр қалпақ қатты кейіді.
Тобыр, айыр қалпақ сөздері кісілер атауын алмастырып, сөйлемге эмоциялық мағына үстеген.
Кейіпкердің көңіл күйін беру үшін. Мысалы, Айнала орап, Қаулай жанып қара өрт келеді. Жел соққан сайын алтын найзалар жарқ-жұрқ етіп ырғып-ырғып түседі де дуылдай жөнеледі.
Белсенділерден ығыр болған ба, кім білсін, мені керіп қаға беріске қарай айнала берді. Жауырда менің не шаруам бар.
Алтын найза сөзі өртті алмастырса, белсенді, жауыр деген атаулар адамға, атқа қатысты айтылған. Өрттің алтын найза секілді ырғи қозғалуы, жауыр аттың адамнан қашуы кейіпкердің сезімталдығын, көңіл-күйін көрсетуге жұмсалған тілдік бірліктер болып табылады.
Қаламгер шығармаларында көріктеу құралдары - синекдоха, метонимия эмоционалды-экспрессивті мәні жағынан ұтымды қолданылған тілдік бірліктер болып табылады.
Т. Әбдіков шығармаларында синекдоханы және метонимиялық қолданысты кеңінен, еркін түрде әрі шеберлікпен жұмсайды. Автор өзінің «Әке» атты еңбегінде аталған троп түрлерін ұтымды пайдаланып, кейіпкер бейнесін сәтті сомдаған. Ғалым Р. Сыздықова: «бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны (дараны), үлкеннің орнына кішіні қолданудың негізі сөз мағынасының ауысуы». Т. Әбдіков синекдохаларды шығармаларына көркемдік нәр беру әр сөзді құбылтып айтылатын ойды ажарландыра түсу үшін қолданған. Мысалы, Артында, құдайға шүкір, тұяқ бар.
«Арам сары біздің бұл әңгімемізді ұнатпаған секілді». «Жел соққан сайын алтын найзалар жарқ-жұрқ етіп ырғып түседі де, дуылдай жөнеледі», «Шетен қалпақ ұнатпаған кейіппен: - Неге тұрғанды білмейді, ә?- деп кекетті шала қазақшалап»; «Әлі есімде, көктемнің жаңбырлы бір күнінде шинельді бір тапал келді».
Қорыта келгенде, Т. Әбдіков шығармаларындағы троп түрлері жазушының тіліне эстетикалық нәр беріп, суреттеп отырған оқиғаның көркемдік әлемін байытқан.
Қазақ өлең құрылысы бойынша іргелі еңбек - З. Ахметовтің «Өлең сөздің теориясы» мен «Казахское стихосложение» атты зерттеулері екендігінде дау жоқ. Бұл еңбектер ұлт өлеңінің құрылымдық жүйесі жан-жақты зерттелген теориялық тұжырымы нық, айқын монографиялар. Қазақ өлең құрылысы ғылымының негізін салушы академик З. Ахметов өзіне дейінгі қазақ өлеңінің ырғақ жүйесі бойынша жазылған азды-көпті ғылыми жұмыстарды зерделеп, солардың негізінде қазақ өлеңінің тарихы мен қазіргі үдерісін тереңінен, жан-жақты тексерген ғалымның концептуалды еңбектері әдебиеттанудың маңызды, іргелі бағдары ретінде ғасырдан-ғасырға көше берері хақ.
Өлең құрылысы дамымай, бірқалыпта өзгермей қалатын сала емес. Жаратылыс пен қоғам сияқты поэзия да даму эволюциясынан өтетіндіктен оның мазмұны мен түрі де дәуір тынысына сай түрленеді. Қазақ поэзиясының бастауында тұрған халық өлеңдері әуендік сипатына сай екі түрлі өлшемге жеті-сегіз буынды жыр үлгісі мен он бір буынды қара өлеңмен шектелсе, дана Абай реформасының арқасында өлең жүйесі сан түрлі интонациялық мәнер тауып, ауызекі, шешендік және аралық сияқты мәнер үлгісінің дамуына жол ашты. Уақыт өте келе өлшемдердің жаңа түрлері қолданысқа еніп, поэзияда тамыр жайып, әбден бекінгені белгілі. Олар бес, алты, жеті буынды өлшемнің 3+4 кестесі, сегіз буынды өлшемнің 3+3+2 және 4+4 өрнектері, тоғыз буынды және он, он екіден басталып, жиырма бес буынға жетіп жығылатын өлшемдер еніп, қазақ өлеңінің тақырыптық-мағыналық жүгін лайықты көтеріп жүр. Еркін өлеңдердегі өлшемдердің сан алуан сабақтастығы әр ақынның шығармашылығында жеке сипат алып келеді. Бұл дәстүрлі ырғақтық-интонациялық құрылымдардан өзге талантты ақындардың жеке ізденісі ретінде танылып, жалпылық сипат ала алмай келе жатқан жаңа жүйелер: ақ өлең, прозалық өлеңдер, верлибрлер өлең жүйесінің ерекше мүмкіндіктерін танытып келеді. Өлең құрылысының теориялық тұжырымдарының өз еңбектерімен бітпейтіндігін, қазақ поэзиясы қаншалықты жасаса, соншалық жалғасатынын академик зерттеу еңбектерінде аңғартып кеткен-ді. Қазақ өлеңтануы оның поэзиясымен бірге даму, түрлену жолынан өтеді. Сондықтан өлеңтанушылар өлең өрісіндегі жаңа құбылыстарды дер кезінде байқап, теориялық байыптаулары ұсынылып отыруы тиіс.
Өлең теориясы - әдебиет салаларының ішінде ең дамыған түрі. Әдебиеттану ғылымында да оның зерттелуі оның өзге салаларынан озық тұрды. Бір кемшілігі қазақ поэзиясы тақырыптық-идеялық, көркемдік-бейнелілік тұрғыдан аса мұқият зерттелгенмен, құрылымдық жағын зерттеуде мазмұнның пішіні ретіндегі оның орнын анықтауда жеткіліксіз сараланғаны жасырын емес. Сондықтан қазақтың ақындары өлеңнің техникасына екі түрлі көзқараста. Бірқатары мазмұн мен көркемдігі күшті өлеңге техниканың қажеті шамалы деп, өлең архитектоникасының мәнін бағаламағанмен, бірқатары өлеңінің өзгеше өрісін өрнектерді түрлендіру арқылы тауып жүрді. Өлеңінің ырғақтық-интонациялық жүйесін мазмұнға сай түрлендіру Абай шығармашылығында ерекше мәнге ие болып, мақсатты түрде жасалған үрдіс еді.
Қазір өлеңнің құрылымдық жүйесі өз деңгейінде бағаланып, ақындардың шығармашылығын зерттеуде көңіл бөлініп, ден қойылып жүр. Өлеңнің құрылымдық саласындағы жемісті ізденістері ақындардың қалтқысыз шеберлігі ретінде танылып, шығармаларының ішкі болмысын ашуда үлкен маңызға ие болып келеді. Қазіргі өлеңдердің ырғақтық жүйесін зерттеуде бірқатар кандидаттық диссертациялар жазылды, докторлық жұмыстардың жекелеген тарауларында талданды.
С. Елікбаев «60-80 жылдардағы өлең құрылысы» атты кандидаттық диссертациясында осы кезеңдердегі ақындардың шығармаларына тән ерекшеліктерді іздейді. Зерттеушінің өлең құрылымын талдаудағы ізденістерін айта отырып, өлең теориясының ұғымдарына қатысты мәселерді айқындап алған дұрыс. Ізденуші өз жұмысында өлеңдегі ұғымдарды атауда еркіндікке жол берген. Зерттеу жұмысында «құлдима тармақты шумақ» « бағанды тармақ», «60-80 жылдар арасындағы ақындарда бағанды тармақ қана емес, сырғалы тармақтар да жасалды», «Мағына үшін бөлген сынған тармақтар пайда болды, үстеме жамылған сырғалы тармақтар, сүйретпе тармақтар, сөйлем немесе сөз тіркестері қосылған, аралары нүктемен бөлінген құрама тармақтар, қайталанып келіп отыратын балдақты тармақтар шықты. Шумақ басында басқамен ұйқаспайтын буыны бөлек « ерке тармақтар», ортасынан ажыратылған « топтама тармақтар» дүниеге келді. Тек бас әріптерден тұратын « ерекше тармақтар», ортасынан бөлінген « буындалған тармақтар» жасалады. » деген ұғымдар қазақ өлең теориясында бұрын кездеспеген. Қазақ өлеңі бойынша келелі ойлар айтқан зерттеушілер С. Мұқанов, Е. Ысмаилов, Б. Кенжебаев, З. Ахметов, С. Негимовтардың еңбектерінде жоғарыдағы ұғымдар ұшыраспайды. Олар зерттеуші сияқты тармақтарды түрлерге де жіктемейді. Себебі қазақ өлеңінде әр ақында түрліше көрінетін тармақтардың түрінің барлығына ат беру мүмкін де емес, және ол өлеңтанушылардың өзін де жаңылыстырары сөзсіз. Бұл тармақтардың сыртқы кескіндері оның ырғақтық жүйесіне ықпал етпейтіндіктен оларды жіктеп, термин жасау артықтық етеді. «Бұрынғы салттық ұйқастар сақталып қалды» Қазақ өлеңінің құрылысы бойынша жазылған жұмыстарда салттық сөзінің орнына ұғым ретінде қалыптасқан дәстүрлі ұйқастар деген нақты атау бола тұра, зерттеушінің осындай сөз қолданысын түсіну қиын.
«Біз де өз тарапымыздан тіліміздің мағыналық реңктерді жіктеп, бейнелеуге икемділігін пайдаланып, толымсыз ұйқастың жоғарыда сөз болған соңғы түрін бұрынғы толымсыз ұйқас түрінен айырмалауды, сөйтіп Т. Шапаевтың бейнелі түрде айтқан сөзін нақтылы терминдік атауға айналдырып, шартты түрде кетік ұйқас деп атауды ұсынамыз. Өйткені, соңғы ұйқас үлгілері - тек қана Темірхан Медетбековтің жеке ұйқас ерекшелігі емес, қазақ поэзиясына 1960-70 жылдары келген Қадыр Мырзалиев, Жұмекен Нәжімеденов сияқты ақындардың шығармашылықтарында жеке элемент - нышандардың бой көрсетуімен басталып, қазіргі поэзиямызда орнығып келе жатқан тұтас бір тенденция деуге тұрарлық белгі». Қабош Батырболаттың қазіргі қазақ өлеңінің бейнелілік және түрлік мәселелерін зерттеуге арналған кандидаттық диссертациясында ұсынылып отырған кетік ұйқас ұғымына қатысты пікіріміз де жоғарыда айтқан ұғымдарды ұсынуда сөз талғамына ерекше қарау қажеттігі байқалады . «Кетік, ақсақ, балдақты» деген ұғымдарға телінген поэзияда сымбат бола ма?
Екі зерттеушінің жаңа ұғымдары өлең құрылысының жаңа ізденіс нәтижелерінен туындап отырғаны анық. Қазіргі қазақ өлеңінде ақын дәуірлеріндегі құрылымдық жаңа үрдістердің пайда болуымен жаңа ұғымдар еніп жатады. Мұндай мәселелерді зерттеушілер өздігінше шешуге тырысатындықтан ондағы тұрақты ұғымдарға әртүрлі атау беріліп, кей жұмыстарда еркіндікке жол беріліп жатады. С. Елікбаев атаған тармақтар олардың ырғақтық-интонациялық жүйесіне қатысты емес, сыртқы графикалық суретіне қатысты болғандықтан, зерттеуші «еркіндігін» түсінуге болады дегенмен қазақ өлең құрылысының соңғы, яғни, 70-жылдардан кейінгі қазақ өлең құрылысының теориясында шешілмеген мәселелердің барлығы анықталады.
Оның алғашқысы қазақ өлең құрылысын зерттеуге қатысты. Орыс өлең құрылысын зерттеуде екі түрлі бағыт бар: оның бірі - статистикалық, яғни есептік, екіншісі - ырғақтық-интонациялық. Қазақ өлең құрылысының негізін салушы академик З. Ахметов өз еңбектерінде екі зерттеу түрін қоса алып жүрді. Қазақ өлең өлшемдерінің буындық, бунақтық және ырғақтық сипатын, сабақтасу мүмкіндіктерін айта келіп, оның интонациялық ерекшелігіне, өлең мазмұнын ашудағы айтылу мәнеріне зор көңіл бөлді. Қазақ өлеңін интонациялық тұрғыдан әуендік, ауыз екі сөйлеу және декламативті деп бөлді. «Өлең теориясы саласында қордаланған тәжірибелер бір аса маңызды қорытындыға алып келеді. Өлең құрылысын зерттеуде статистикалық, ырғақтық өрнектерді схемалау, суреттеу мәселесі игеріліп болуы тиіс. Біржақты құрылымды өрнектермен шектелу өлең өрнектерінің терең зерттеу ырғақтардың алуан түрлі комбинацияларын санамалап берумен шектеледі. Бұл бағыт аса өнімді емес, сондай-ақ өлеңнің құрылымдық негіздерінің өзара сабақтастығының күрделі қырлары, өлеңнің ырғақ өрнектерінің көркемдік бай мүмкіндіктері толық ашылмайды» [1, 273] . Ғалымның бұл пікірі орыс өлеңтанушысы Б. Гончаровтың «К проблеме интонации в стиховедении» деген еңбегінде де көрініс табады. «Әдебиеттану ғылымының алдында көркем интонацияны көркем тілде туындайтын ерекше құбылыс ретінде зерттеу міндеті тұр. Интонациялық категорияларға жүгінбей, көркем тілді, оның ішінде өлеңді зерттеу мүмкін емес» деген пікір статистикалық зерттеулердің өлеңнің құрылымынан толық сипаттап бергенмен, шығарманың ішкі логикалық жүйесімен байланыспай, өлең құрылымының көркемдік мәні ашылмай қалатынын алға тартады [2, 48] .
«Статистикалық есептеулер өлең шынайы дыбысталуын қалыптандырып, қарабайырландырып жіберетіні сонша, негізінен тілдің өлең жасаушылық ерекшелігін ғана сипаттайды» [3, 7] . Осындай үрдіс кей зерттеушілердің ғылыми жұмыстарында бой көрсетіп қалатыны жасырын емес. Қазіргі қазақ поэзиясы өлеңнің ырғақтық-интонациялық құрылымын жай өлең өрнегі деп қана қарамай, көркемдік ерекшелігі ретінде бағалайтындай деңгейге өскендігі байқалады. Қазіргі қазақ поэзиясының интонациясы құнарланып кеткендігі сондай ырғақтық өлшемдер ғана емес, тыныс белгілері, тасымал, синтаксистік ерекше құрылым сияқты алуан түрлі көркемдегіш құралдар белсенді түрде өлең әлеміне енді. Олар ақындарда әртүрлі дәрежеде қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz