Аударма-түсінігі,түрлері,маңызы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
СРО: СРО
СРО: На тему: Аударма-түсінігі, түрлері, маңызы.

Государственный университет имени Шакарима города Семей

Подготовила: Айткенова Салтанат

27. 11. 2015

Аударманың түрлері.

Аударманы негізінен төмендегідей екі үлкен түрге бөлуге болады: 1) Ауызша аударма. Сөйлеген сөздер, баяндамалар ілеспе түрде ауызша аударылады, шетелдерден келген ресми өкілдер мен қонақтардың пікір алысуына аудармашылар көмектеседі; 2) Жазбаша аударма. Барлық хат-хабар, ресми құжаттар, ғылыми және көркем шығармалар жазбаша аударылады. Түпнұсқаның түрі мен мәніне қарай аударманың да қолданылатын әр алуан амал-тәсілдері бар. Мысалы, ресми құжаттарды аударғанда, түпнұсқаны қаз-қалпында бұлжытпай толық жеткізу көзделсе, ғылыми және техникалық шығармаларды аударғанда, белгілі салалардың терминологиялық ұғымдарын дұрыс беру көзделеді (Ауызша және жазбаша аударма туралы төменде кеңінен түсінік беріледі) .

Қазіргі кезде аударманың түрлері оның әртүрлі белгілеріне қарай ажыратылып жүр. Мысалы, құрылымдық сипатына қарай: 1) жазбаша-жазбаша аударма немесе жазбаша мәтіннің жазбаша аудармасы; 2) ауызша-ауызша аударма немесе ауызша мәтіннің ауызша аудармасы (ізбе-із немесе ілеспе аударма) ; 3) жазбаша-ауызша аударма немесе жазбаша мәтіннің ауызша аудармасы; 4) ауызша-жазбаша аударма немесе ауызша мәтіннің жазбаша аудармасы жанрлық-стилистикалық түрлеріне қарай: 1) көркем аударма; 2) ақпараттық аударма; 3) ғылыми аударма; 4) ресми аударма; 5) публицистикалық аударма; жарнамалық аударма.

Сөзбе-сөз (калька) аударма - тілдік бірліктің сыртқы нысанын, ішкі мазмұнын нақпа-нақ, сол қалпында аудару дегенді білдіреді.

Калька амалы - сөзжасамның бір жолы, тілдің сөздік құрамын байытудың оңтайлы көзі деп есептелінеді. Ол қоғам дамуының, тілдер арасындағы өзара ықпалдастықтың бір көрінісі және бұл қоғамның саяси-әлеуметтік қай ағымымен жүрсе де тілдің даму процесінен, қолданымдық қызметінен шегеріліп, шетке шығарылмақ емес. Өйткені сөзбе-сөз аударудың ғылыми, оқу ағарту салаларының, қоғамдық саяси және ресми стильдер тармақтарының тілден тыс және ішкі тілдік айырым-сапаларын жеткізудің рөлі жоғары. Әңгіме мынада: айталық ресми құжаттардың күрделі түрлері де (мазмұндама, ереже, жарғы т. б. ) қарапайым түрлері де (кеңсе ісқағаздары) сөзбе-сөз тәржімаланады. Тілдік құралдардың осылайша топтасуын қоғамдық-әлеуметтік фактор талап етеді. Ресми құжаттың екі тілдегі нұсқасы нысаны (формасы), құрылымы мен түзілімі жағынан дәлме-дәл болуға тиіс. Түпнұсқадағы кейбір сөзді ауыстыруға, түрлендіруге, я болмаса аударуға қиын соғатынды түсіріп тастауға, сөйлемдердің орнын ауыстыруға, нақты айтқанда, ресми материалдың тілін қазақы табиғи қалыпқа бейімдеуге болмайтындығының және лингвоэтникалық құзыреті бар аудармашының бұған саналы түрде бармайтындығының себебі осы: мәтіндердің құқықтық мәртебесінің бірдей екенін дәлелдеу болып табылады.

Еркін (вольный) аударма дегеннің қағидасынан аудармашының түп нұсқаның мазмұнын өз бетінше әңгімелеп кетуі деген ұғым туындайды. Түпнұсқаны аудару тәсілдерінің қатарында аталып жүргенімен еркін аудармаға бой ұрып жүрген аудармашылар жоқтың қасы десе де болады. Еркін аударманы пайдаланған аудармашы түпнұсқаның мағынасы мен рухына қаныға отырып, оларды өз формасына түрлендіреді.

Аударма ежелден келе жатқан адамның іс-әрекеті. Адамзаттың дамуы (нақты айтқанда, білім, ғылым, техниканың дамуы) ұлтаралық, мемлекетаралық қатынастардың (сауда, шаруашылық, құрылыс, ғылым салаларындағы қызметтестік) нығайып тереңдеуіне алып келеді. Соның нәтижесінде аударма пайда болып, халықтардың бір-бірімен тіл табысуына зор үлес қосып келеді. Адамның атқаратын іс-әрекеттері түрленіп, байыған сайын, аударма да түрленіп, дамып келеді. Қазіргі аударматануда аударма келесі топтарға бөлініп, жіктеледі. Орындалу амалына қарай аударма жазбаша немесе ауызша түрлеріне бөлінеді. Жазбаша аударма арнайы және көркем аудармадан құрылады. Көркем аударманың нысаны көркем әдебиет, көркем сөз болса, арнайы аударма ресми құжаттарды аудару, ғылыми мәтіндерді аудару, техникалық нұсқау, оқу құралдарын аударуды қамтиды. Публицистикалық шығармаларды аудару өзінің коммуникативтік, стильдік ерекшеліктеріне байланысты көркем аудармаға жақынырақ келеді. Арнайы аударма әрекеттің мақсатына қарай мәліметті аударма мен реферативті аудармаға бөлінеді. Мәліметті аударма түпнұсқаның мазмұнын неғұрлым толық беруге бейімделсе, реферативті аударма тек қана маңызды мәліметтерді аударуға арналған. Жазбаша аударма ауызшаға қарағанда көбірек зерттелсе де, көкейкесті мәселелері әлі аз емес, әсіресе көркем аударманың. Оның түбі - көркем әдебиеттің шығармашылық іс-әрекеті болып табылып, жазушының жеке шеберлігінде.

Ауызша аударма ілеспе немесе кезекті болуы мүмкін. Кезекті аударманың ерекшелігі сөйлеуші (түпнұсқаның авторы) мен аудармашының тығыз байланыста болуында. Тіпті сөйлеуші аудармашыға сөйлеу кезегін беріп, өзі үндемей тұрады. Екеуі тыңдаушылардың алдында бірге тұрып, біртұтас қызметкер сияқты көрінеді. Кезекті аударма ойдағыдай болу үшін әңгімелейтін тақырыпты алдын ала белгілеп, ең маңызды да күрделі пайымдаулармен аудармашыны таныстыру қажет. Ол белгіленген саладағы көкейкесті мәселелер туралы хабардар болып, қажетті лексиканы, терминдерді даярлап қояды.

Ал ілеспе аударма аударманың басқа түрлерінен едәуір кейін пайда болғаны анық, себебі ол техникалық құралдармен жабдықталуы керек. Аудармашы аударылатын сөйлемдерді құлаққап арқылы естіп, микрофон арқылы аудармасын айтып отырады. Сөйлеуші (түпнұсқаның авторы) аудармашының қызметінде шаруасы жоқ, ол үлгеріп жатыр ма, айтқан сөзін түсінбей, аудара алмай жатыр ма, ешбір хабары жоқ. Кезекті аудармашы сөйлеушіден түсінбеген жерлерін (мысалы, сандарды, мекемелердің атауларын т. б. ) қайта сұрап анықтап алуы мүмкін болса, ілеспе аудармашының ондай мүмкіндігі болмайды. (Ілеспе аударманың тарихы, оның ерекшеліктері туралы төменде кеңінен баяндалады) .

Ауызша аударма - ілеспе (синхронды), ізбе-із аударма сияқты ауызша рәсімдеуді қажет ететін ауызша аударма түрлерінің басын біріктіретін ұғым. Аударма процесінде түпнұсқа мен оның аудармасы ауызша жасалатындықтан, аударманың бұл түрінде аудармашы түпнұсқа бөліктерін бір-ақ рет қабылдап, оны кейіннен салыстыруға немесе жасалған аударманы түзетуге болмайтынын ескертеді.

Ілеспе (синхронды) аударма- бастапқы мәтінді қабылдай отырып қатар жүзеге асырылатын ауызша аударма. Кәсіби аудармалардың бір түрі.

Көркем аударма мәселесімен айналысушы ғалым Ә. Тарақов ілеспе аударманың күрделілігін танытатын төмендегідей белгілерді атап өтеді:

а) бір мезгілде тыңдап әрі сөйлеу қажеттілігіне байланысты туындаған психофизиологиялық дискомфорт;

ә) баяндамашы не жарыс сөзге шығушының микрофондағы сөзінің қайталанбауына қатысты психикалық кедергі. Өйткені баяндамашыны тоқтатуға, болмаса түсінбеген, не қалып қалған сөзін қайталап сұрауға болмайтындығы;

б) аударманың қайталанбауына және үлкен аудитория тыңдаушыларына байланысты психикалық кедергі. Аудармада қателескенді қайта түзеуге болмайтындығы әрі кешірім сұрауға келмейтіндігі;

в) сөз сөйлеудің жылдамдығына байланысты психофизиологиялық кедергі .

Ғалым ілеспе аудармамен шұғылданатын аудармашыда қажетті төмендегідей қасиеттер болу керек дейді:

а) аудармаға өзін-өзі бейімдей білу;

ә) ынта-зейінді сөйленген сөзге барынша бағыттау қабілеттілігі;

б) тосыннан туған кедергілерден шығуға қажетті қабілеттілік;

в) бірнеше тапсырмаларға бір мезгілде зейін аудара білу қабілеттілігі:

- іс-әрекет жылдамдығы;

- сөз сөйлеу шапшаңдығы;

- психикалық және ден күш-қуатының төзімділігі .

Ізбе-із аударма - мәтін тыңдалып болғаннан кейін жасалатын ауызша аударманың түрі. Ізбе-із аударманы шартты түрде екіге бөлуге болады. Олар: парақтан аудару және абзацты-фразалы аударма. Көбінесе ізбе-із аударма деп жазбалары бар аудармашылық әрекеттің кәсіби түрін атайды.

Ізбе-із аударманың жүзеге асуын былайша сипаттап беруге болады: шешен біраз сөз сөйлейді (25-30 минут немесе одан да көп) . Аудармашы шешен сөзінен кейін айтылған ойды аудара алу үшін жазба түсіре отырып, мәтінді ойша аударады. Қойылған мақсатқа сәйкес, аударма толық немесе қысқаша формада жүзеге асырылуы мүмкін. Алайда қазіргі уақытта ауызша аударманың стандарты біршама өзгерген және түпнұсқа мәтінінің үзіндісін аудару ұзақтығы кей кездерде 15 минуттан асып кетеді.

Ауызша аударманың бұл түрі жауапты келіссөздер, саяси, экономикалық-қаржылық, құқықтық және басқа да мәселелер төңірегіндегі ресми кездесулер кезінде, пресс-конференцияларда, семинарлар мен дөңгелек үстелдер кезінде жүзеге асады.

Дыбыстық құрылғылардың күн санап дамуына байланысты ауызша ізбе-із аударманың қолданылу аясы тарылып барады. Дегенмен жеке кездесулер, келіссөздер кезінде толық түсінісу үшін, әрі ілеспе аударманы қолдану мүмкін болмаған жағдайда ізбе-із аударма бірден-бір тиімді аударма болып табылады. Сондықтан аударманың бұл түрін әрбір кәсіби аудармашы білуі қажет.

Ізбе-із аударманың ілеспе аудармадан басты айырмашылығы мынада: ілеспе аударма мәтін тыңдалып жатқанда жасалса, ізбе-із аударма мәтін тыңдалып болғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Ізбе-із аудармада аудармашы аудармашылық жедел жазуды қолданады.

Ізбе-із аудармашыға қажетті қасиеттерді ғалым Ә. Тарақов былай бөліп көрсетеді:

1) энциклопедиялық білімнің молдығы, ой-өрісінің кеңдігі;

2) өз ұлттық тілін еркін меңгеруі және бай сөздік қоры;

3) жұмыс істейтін шет тіліндегі кез келген сөзді іштей еркін қабылдау қабілеттілігі;

4) жұмыс істейтін шет тілін еркін меңгеру, әсіресе оның сөйлеу тілін, идиомалық оралымдарын білу .

Ізбе-із аударманың бір түрі - парақтан аудару кезінде жазылған мәтін алдын ала оқылмай, оны қабылдау барысында ауызша аударылады.

Ал, абзацты-фразалы аудармада мәтін тыңдалып немесе оқылып болғаннан кейін толығымен емес, әдетте абзацтарға немесе фразаларға бөліп-бөліп тәржімеленеді. Аударманың бұл түрі бірден-бір қарапайым аударма болып есептеледі, сондықтан да аталмыш аударма мәтіннің көлемді үзінділерін есте сақтауды қажет етпейді. Абзацты-фразалы аударма монологті, сондай-ақ диалогті аудару кезінде қолданылады.

Біз тоқталатын аударманың келесі бір әмбебап түрі - жазбаша аударма. Жазбаша аударма - аудару кезінде мәтін көзбен оқылып, жазбаша жүргізілетін кәсіби аударманың ең көп тараған түрі. Жазбаша аударманың көркем аударма және ақпараттық аударма деген түрлері бар.

Көркем әдебиет - ерекше күрделі жанр. Бұл жанрдың жазушы шеберлігі, әр жазушының өзіндік стилі, даралығы, дарыны, мазмұн мен форманы берудегі жазушының қабілеті сияқты алуан түрлі мәселелері бар. Көркем әдебиет тілінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Біріншіден, көркем шығармаларда қолданылмайтын сөздер мен сөз тіркестері, фразелогизмдер некен-саяқ. Екіншіден, қай жанрда жазылған шығарма болса да, онда тіл арқылы қарым-қатынас құралдарының барлық түрінің қолданылуында, яғни ауызекі сөйлеу тіліне қоса, публицистикалық, ғылыми және ресми стильдердің элементтері осы стильде әртүрлі формада ұшырасып отырады. Үшіншіден, көркем шығармалардың басты міндеті - эстетикалық тәрбие беретіндігінде, яғни көркем шығармада сөздің эстетикалық қуаты, сөздің бейнелілігі маңызды мәнге ие.

Жоғарыда сараланып берілген көркем әдебиет стилінің белгілері аударма әдебиетке де тән.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы саласындағы құжаттамаларды аударудың лексика - грамматикалық ерекшеліктері
Көркем аударма түсінігі
Метафора түсінігі және ағылшын тіліндегі метафоралар
Ауызша және жазбазша аударма түрлері
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ДИСКУРСЫН АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨРКЕМ ФИЛЬМ
Аударманың түсінігі мен түрлері
Ауызша және жазбаша аудармада грамматикалық және лексикалық тәсілдер
Ауызша аударманың түсінігі
Поэзиялық шығармаларды аудару
Дүниені философиялық түсінудің негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz