Құрылыс гипсі туралы жалпы мәліметтер



МАЗМҰНЫ
Кіріспе
I. Құрылыс гипсі туралы жалпы мәліметтер
Негізгі бөлім
I. Құрылыс гипсін алу жолдары
II. Құрылыс гипсінің ұнтақтық дəрежесі, ұстасу жəне қатаю мерзімдері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Құрылыс гипсі туралы жалпы мәліметтер.
Гипс байланыстырғыш материалы дегеніміз шикізатты жылу арқылы өңдеп, құрамында жарты молекула суы бар затты ұнтақтау арқылы алынған зат.
Гипс байланыстырғыш материалының шикізаты табиғатта ең көп тараған кристалл таулы жыныстар.
Гипс тасы екі молекула суы бар күкірт қышқылы кальцийі тұздарынан тұрады, ал ангидридтің құрамында суы жоқ. Гипстің химиялық құрамы СаО - 32,56% (кальций тотығы); SО3 - 46,5% (күкіртті ангидрит); Н2О - 20,93%, ал ангидридтің құрамы СаО - 41,19% және SО3 - 58,8%. Екі сулы гипс шикізат минералы жұмсақ, Моос шкаласында оның қаттылығы екіге тең. Ангидридтің қаттылығы 3 - 3,5. Екі сулы гипстің тығыздылығы 2,2 - 2,4, ал ангидридтің тығыздығы 2,9 - 3,1. Екі сулы гипстің суда еруі 1 литрсуға алғанда 2,05 г, ал ангидридтікі 1 литр суға 1г. Таза гипс мөлдір немесе ақ түсті болады.
Гипс байланыстырғыш материалын 4 топқа бөлуге болады:
1. Жарты сулы кальций тұзынан тұратын гипс байланыстырғышы.
2. Сусыз тек күкірт қышқылы кальцийінен тұратын гипс байланыстырғышы немесе ангидрит.
3. Майда ұнтақталған екі сулы күкірт кальцийі байланыстырғышы.
4. Бірінші немесе екінші топтағы гипс байланыстырғышының цементпен, қождармен және басқа материалдармен қоспасы.
Бірінші топқа құрылыс, қалып құю, модельді, медициналық және беріктігі жоғары техникалық гипс жатады. Шикізатты 180 °С дейінгі температурада қыздырады.
Екінші топқа ангидридті цемент және жоғарғы температурада күйдірілген гипс (эстрик-гипс) жатады. Бүл топтағы гипс байланыстырғышын алу үшін шикізатты 600-700°С және 850-1100°С дейін күйдіру керек.
Үшінші топқа гипс цементі жатады. Бұл табиғи гипсті майдалап ұнтақтау арқылы алынған зат.
Төртінші топқа суға берікті үш компонентті қоспалар кіреді жарты сулы гипс + цемент + қоспа немесе жарты сулы гипс + домна қожы + гидравликалық қоспа.
Бұл төрт топтың ішіндегі ең көп тарағаны 1-ші топ, ал ең аз шығарылғаны 2-ші және 4-ші топ.
Гипс байланыстырғышын өндіруде өте әсер ететін қоспалар саз, кремний, әк, органикалық заттар және т.б. Мысалы құрамында темір тотығы бар гипс түсі сары болады, ал органикалық қоспалы гипстер сұрлау болып келеді. Сонымен қатар сазды гипстер де кездеседі, оларға гажа, ганч, арзан сол жерлердің атымен аталған жатады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Садуақасов М., Батырбаев Ғ. Құрылыс материалдары. Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2007. – 259 б.
2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
I. Құрылыс гипсі туралы жалпы мәліметтер
Негізгі бөлім
I. Құрылыс гипсін алу жолдары
II. Құрылыс гипсінің ұнтақтық дəрежесі, ұстасу жəне қатаю мерзімдері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Құрылыс гипсі туралы жалпы мәліметтер.
Гипс байланыстырғыш материалы дегеніміз шикізатты жылу арқылы өңдеп, құрамында жарты молекула суы бар затты ұнтақтау арқылы алынған зат.
Гипс байланыстырғыш материалының шикізаты табиғатта ең көп тараған кристалл таулы жыныстар.
Гипс тасы екі молекула суы бар күкірт қышқылы кальцийі тұздарынан тұрады, ал ангидридтің құрамында суы жоқ. Гипстің химиялық құрамы СаО - 32,56% (кальций тотығы); SО3 - 46,5% (күкіртті ангидрит); Н2О - 20,93%, ал ангидридтің құрамы СаО - 41,19% және SО3 - 58,8%. Екі сулы гипс шикізат минералы жұмсақ, Моос шкаласында оның қаттылығы екіге тең. Ангидридтің қаттылығы 3 - 3,5. Екі сулы гипстің тығыздылығы 2,2 - 2,4, ал ангидридтің тығыздығы 2,9 - 3,1. Екі сулы гипстің суда еруі 1 литр суға алғанда 2,05 г, ал ангидридтікі 1 литр суға 1г. Таза гипс мөлдір немесе ақ түсті болады.
Гипс байланыстырғыш материалын 4 топқа бөлуге болады:
1. Жарты сулы кальций тұзынан тұратын гипс байланыстырғышы.
2. Сусыз тек күкірт қышқылы кальцийінен тұратын гипс байланыстырғышы немесе ангидрит.
3. Майда ұнтақталған екі сулы күкірт кальцийі байланыстырғышы.
4. Бірінші немесе екінші топтағы гипс байланыстырғышының цементпен, қождармен және басқа материалдармен қоспасы.
Бірінші топқа құрылыс, қалып құю, модельді, медициналық және беріктігі жоғары техникалық гипс жатады. Шикізатты 180 °С дейінгі температурада қыздырады.
Екінші топқа ангидридті цемент және жоғарғы температурада күйдірілген гипс (эстрик-гипс) жатады. Бүл топтағы гипс байланыстырғышын алу үшін шикізатты 600-700°С және 850-1100°С дейін күйдіру керек.
Үшінші топқа гипс цементі жатады. Бұл табиғи гипсті майдалап ұнтақтау арқылы алынған зат.
Төртінші топқа суға берікті үш компонентті қоспалар кіреді жарты сулы гипс + цемент + қоспа немесе жарты сулы гипс + домна қожы + гидравликалық қоспа.
Бұл төрт топтың ішіндегі ең көп тарағаны 1-ші топ, ал ең аз шығарылғаны 2-ші және 4-ші топ.
Гипс байланыстырғышын өндіруде өте әсер ететін қоспалар саз, кремний, әк, органикалық заттар және т.б. Мысалы құрамында темір тотығы бар гипс түсі сары болады, ал органикалық қоспалы гипстер сұрлау болып келеді. Сонымен қатар сазды гипстер де кездеседі, оларға гажа, ганч, арзан сол жерлердің атымен аталған жатады.

Негізгі бөлім
I. Құрылыс гипсін алу жолдары.
Гипс байланыстырғыш заттарын өндіру үшін шикізат ретінде табиғи гипс тасы, табиғи ангидрит, сол сияқты негізінен кальций сульфаттарынан тұратын химия, металлургия, т.б. өнеркəсіп қалдықтарын пайдаланады. Құрылыс гипсі қазандарда, айналып тұратын барабандар немесе басқа арнаулы құрылғыларда қыздыру арқылы алынады. Алдымен гипс тасы өлшемі 3-4 см түйіршіктерге ұсатылып, содан кейін шахталы немесе аэробильді диірменде бір уақытта кептіріліп, майдаланылады. Осылай майдаланып кептірілген гипс тасы, механикалық араластырғышпен жабдықталған қазанға түседі. Гипсті қазанда қайнау уақыты 3-4 сағатқа созылады. Гипсті барабандарда өндіру əдісі бойынша өлшемі 2 см ұсақ тасты айналмалы барабанда күйдіреді. Бұл үшін пеш ошағының барабанның бір шетіне температурасы 600-700 С газ жіберіледі. Барабанның екінші шетіне орнатылған тартқыш вентилятор күшімен газ, барабан ішіндегі газ ағымына қарсы жылжып келе жатқан материалды жол жөнекей қыздырғаннан соң, сыртқы шығарылады. Осылай күйдірілген гипс шарж немесе кəдімгі ұн тартатын тас диірмендерде майдаланады. Құрылыс гипсі 3 əдіс бойынша шикізатты майдалау мен оны күйдіру процестерін бір кезде, бір агрегатта жүргізу арқылы өндіріледі. Гипсті əртүрлі қондырғыларды қыздырғанда, екі сулы гипстің бəрі бірдей жарты сулы гипске ауыспайды. Оның біразы, екі сулы күйінде қалып, ал біразы - сусыз ангидрит күйіне көшеді. Бұл екі өнім де құрылыс гипсінің сапасына зиянды. Сондықтан гипс қыздыру құрылғысынан шыққан күйде арнаулы силосқа жіберіліп, онда біраз уақыт ұсталынады. Бұл жағдайда сусызданып үлгермеген екі сулы гипс жарты сулы күйіге көшеді де, ал сусыз ангидрит - су буын бойына тартып, жарты сулы гипске айналады. Осының салдарынан алынған құрылыс гипсінің сапасы əжептəуір жақсарады. Айта кетерлік бір жағдай: құрылыс гипсі қазанда қайнату жолымен алынғанда, қазан мен оған салынған ұнталған гипс тасының биіктігі артқан сайын, "қайнау процесі" қатты жүреді де, алынған өнімнің сапасы жақсарады. Мұның себебі, қазандағы гипстің төменгі қабаттарында орналасқан бөлшектері өздерінің 1,5 молекула суын температурасы 1230С-қа жеткен кезде ғана сұйық күйінде бөліп шығаруында, ал алынатын 0,5 сулы гипстің кристалдарының мүскіні a - формасына жақындауында. Гипстің төменгі қабаттарынан бөлінген су буы жоғары қарай шыққан кезде, қазандағы гипс ұнтағы кəдімгі су тəрізді бұрқылдап қайнайды. Қазандағы гипстің жоғарғы қабатындағы бөлшектері, өздерінің кристалдық суынан 70-800С-та айырыла бастайды. Сол себепті бұл 0,5 сулы гипстің кристалдары майдалау, ал құрылысы - кеуекті болып келеді. Тағы бір жағдай: қолданылатын табиғи гипс тасының тығыздығы артқан сайын, одан алынатын құрылыс гипсінің сапасы да арта түседі. Мұның себебі, сол бір жарым молекула кристалдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гипс бұйымдарын өндіру технологиясына жалпы шолу
Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау
Қор қайтарымы
Құрылыс гипсінің технологиялық схемасы
Құрылыстық гипсті өндірудің технологиялық сұлбасы
Гипсті қалдықтар ылғалдылығы
Бейорганикалық байланыстырғыш заттар
Гипсті байланыстырғыш заттар
Гипс байланыстырғыш материалы
«Жамбыл-гипс» АҚ шаруашылық қызметін талдау
Пәндер