Бейорганикалық байланыстырғыш материалдарға түсінік


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Бейорганикалық байланыстырғыш материалдарға түсінік
- Бейорганикалық байланыстырғыш материалдар түрі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Байланыстырғыш материалдар - құрылыс жұмысына бетон және ерітінді дайындау, құрылыс конструкцияларының жеке элементтерін бекіту т. б үшін қолданылатын минералдық немесе ағзалық заттар. Ағзалық байланыстырғыш материалдарға битум, смола, кейбір полимерлер жатса, ал минералдық байланыстырғыш материалдарға ұсақтау және сумен араластыру арқылы қатты затқа айналатын ұнтақ заттар жатады.
Байланыстырғыш материалдардың бір ерекшелігі - олардың сумен немесе басқа сұйықтықпен араластырғанда қамыр тәрізді масса түзіп, уақыт өткен сайын бірігіп қатып тасқа айналуы.
Химиялық құрамына қарай байланыстырғыш материалдар: бейорганикалық немесе минералды және органикалық болуы мүмкін. Бейорганикалық байланыстырғыш материалдарға ғаныш, әк, магнезия және әр түрлі цементтер жатады. Органикалық байланыстырғыш материалдарға битум, шайыр және полимерлер жатады. Минералдық байланыстырғыш матеиралдар ғаныш, әктас, мергель саз немесе сәйкес мөлшерде алынған олардың қоспалары сияқты табиғи заттарды күйдіру өнімдерін ұсақтау және күйдіру нәтижесінде алынатын өте ұсақ ұнтақтар.
Ерте кезде байланыстырғыш материалдар орнына балшық жұмсалған. Оған топан, майда сабан сияқты заттар қосылатын. Кейінірек құрылыс гипсі мен әк пайдаланылды. Қазіргі уақытта байланыстырғыш материалдардың көптеген түрлері бар. Олар ауалық және гидравликалық болып екі топқа бөлінеді. Ауалық байланыстырғыш материалдардың қатаю және беку қасиеттері ауа арқылы қалыптасады (әк, құрылыс гипсі, каустикалық магнезит және доломитті, ангидритті байланыстырғыш т. б) .
Байланыстырғыш матеиралдарының әсерін бірінен-бірі кезектесіп келетін үш сатымен түсіндіруге болады:
- Араластыру немесе қамыр түрінде пластикалық массасының не болмаса байланыстырғыш зат пен судың немесе силикат ерітіндісімен араласын ерітінді түзуі.
- Бірігуі немесе қамырдың қоюлануы тығыз, бірақ берік емес қосылыстың түзілуі.
- Қатуы немесе механикалық беріктігінің ұлғаюы.
Байланыстырғыш материалдар ретінде қолданылатын силикат материалдары өндірісінің шикізатына табиғи минералдар ғаныш тасы, әктас, бор, саз, кварц құмы сонымен қатар өндіріс қалдықтары - металлургиялық қож, колчедан өндірісі, нефелин өңдеуден қалған шикіқұрамдар жатады.
Негізгі бөлім
- Бейорганикалық байланыстырғыш материалдарға түсінік
Бейорганикалық байланыстырғыш заттар деп - сумен араластырғанда жақсы иленетін және бірте-бірте қатайып, тасқа айналатын минералдардан құралған, тау жыныстарынан күйдіру арқылы алынатын ұнтақтарды айтады. Сондықтан олар бейорганикалық заттар деп аталады.
Адам баласының бірінші қолданған байланыстырғыш материалы табиғи өртелмеген балшық. Бірақ өзінің байланыстырғыш қасиетінің нашарлығына байланысты және де ылғал ортада беріксізділігіне оның құрылыста қанағаттандыру қасиетін нашарлатып тастады. Бұдан кейін жасанды байланыстырғыш материалды алу тәсілі табылған, оның негізгі таулы тастарды өртеп, ұнтақтау болатын.
Бірінші қолданылған жасанды байланыстырғыш материал -құрылыс гипсі, одан кейін әк. Біртіндеп әк сылағының суға беріктілігі арттырылды, оған майда ұнтақталған күйдірілген балшық және табиғи қоспа қосу арқылы.
Гипсті байланыстырғыш заттар төмен және жоғары температурада күйдіріліп алынады. Төмен температурада гипстер екі сулы гипсті 150о-160оС қыздыру арқылы немесе 120-130 градуста, ал қысымы 1, 3-1, 5 атмосфера су буымен өңдеу арқылы алынады. Ал жоғары температурада гипсті байланыстырғыш зат екі сулы гипсті көбінесе 900 градусқа дейін күйдіру немесе оны 200°С-та ұзақ уақыт қыздыру арқылы алынады. Бұл жағдайларда екі сулы гипс сусыз түріне - ангидритке ауысады. Гипс байланыстырғыш заттарын өндіру үшін шикізат ретінде табиғи гипс тасы, табиғи ангидрит, кальций сульфаттарынан тұратын химия, металлургия және т. б. өнеркәсіптер қалдықтары пайдаланылады.
Байланыстырғыш материалдар құрылыс материалдарының негізі болып табылады, себебі, үлкен құрылыс бөлшектерді бір-біріне байланыстырады, сылақтау, өндеу, әшекейлеу және де құрылыс өнімдері мен бұйымдарын жасау үшін қолданылады.
Қандай құрылыс болса да, байланыстырғыш материалсыз, әсіресе цементсіз салу мүмкін емес, сондықтан цементті құрылыстың наны деп бекер айтылмаған.
Минерал байланыстырғыш дегеніміз бейорганикалық ұнтақтылған материал, сумен араласқаннан кейін қоймалжың илем болып, одан әрі тас күйге айналады.
Минерал байланыстырғыштары көбінесе су және толықтырғыштармен бірігіп пайдалынады. Мысалы: құммен қосылып құрылыс сылағын береді, ал үлкен және кіші толықтырғыштармен қосылып бетон береді.
Байланыстырғыш материалдарды толықтырғыштармен қолданудың екі себебі бар. Біріншісі экономикалық жағынан, өйткені байланыстырғыш материалдың құны жоғары, сондықтан өнімнің құнын төмендету үшін, мүмкіншілігінше байланыстырғыш материалды аз мөлшерде жұмсау керек. Әр түрлі өнімге байланыстырғыш материалдың мөлшерін, оның беріктілігі, ұстамдылығы бойынша алынады. Екінші себебі техникалық мінездемесі. Байланыстырғыш материалдарды толықтырғыштар қоспай жасаса, қатайғанда шөгеді немесе ісініп кетеді. Бұндай бұйым жарылып бұзылады.
- Бейорганикалық байланыстырғыш материалдар түрі
Минералды байланыстырғыш заттар 2 ірі топқа бөлінеді: ауалық және гидравликалық болып. Ауалық байланыстырғыш заттарды сумен араластырғанда алынатын қамыр тек ауада ғана қатаяды және соның салдарынан пайда болған беріктігін сақтайды. Бұл топқа гипс, әк, магнезиалды байланыстырғыш заттар және сұйық шыны жатады. Ал гидравликалық байланыстырғыштардан су қосып алынатын қамыр алдымен ауада аз уақыт қатайғаннан кейін барып, су астында және басқа ылғалды жерде одан әрі беріктігін сақтап қатая түседі. Бұл топқа: портландцемент және оның түрлері, глинозем цементі және оның негізінде алынатын цементтер, гидравликалық әк жатады.
Гидравликалық байланыстырғыштардан су қосып алынатын қамыр, алдымен ауада аз уақыт қатайғаннан барып, су астында және басқа ылғалды жерде одан әрі беріктелініп қатая түседі. Бұл топқа портландцемент және оның түрлері, глинозем цементі және оның негізінде алынатын цементтер, гидравликалық әк жатады.
Қатаю қасиетіне және қоршаған ортаның тигізетін әсеріне төзімдік етуіне байланысты минерал байланыстырғышы 3 топқа бөлінеді, ауада қатаятын, ылғал ортада қатаятын және қышқылға төзімді болып.
Ауа қатаятын байланыстырғышы сумен араласқанда құрғақ ауада қатайып ұзақ беріктілігін ұстайды. Ауа байланыстырғыш материалынан жасалған бетонды немесе бұйымды үздіксіз ылғандырса беріктілігін түсіріп бұзады. Ауа байланыстырғыш материалына гипс, магнезиалды және ауа әгі жатады.
Гидравликалық байланыстырғыш материал сумен араласқаннан кейін ауада қатайып, қатаюын ауада да және суда да ұзартады.
Қышқылға төзімді байланыстырғыш материалдар қатайғаннан кейін ұзақ уақыт беріктілігін ауада әр түрлі қышқыддар әсер еткенде беріктілігін ұстайды, оларға кремний фторлы цементтер жатады.
Қорытынды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz