Тігінен және көлденең еңбек бөлісу. Басқару деңгейлері


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Тігінен және көлденең еңбек бөлісу.

Басқару деңгейлері.

Орындаған: Утегалиева А. Р.,

ДЯ-305

Тексерген: Кушуков Г. С.

Семей, 2015

Жоспар:

  1. Еңбекті бөлісу
  2. Тігінен және көлденең еңбек бөлісу
  3. Басқару деңгейлері

1. Еңбекті бөлісу

Еңбек бөлінісі - еңбек қызметі түрлерінің ара жігін ажырату. Еңбек бөлінісі еңбекті ұйымдастыру жүйесінде қалыптасады. Өндірістің тиімділігін арттырудың тұрақты қолданыстағы факторы болып табылады. Негізгі 3 түрге бөлінеді:

- жалпы қоғамдық өндіріс ауқымында қалыптасатын жалпы еңбек бөлінісі;

- түрлі салалар мен өндірістер арасында орын алатын жеке еңбек бөлінісі;

- жекелеген кәсіпорындар мен бірлестіктер, қызметкерлер арасында орын алатын жеке - дара еңбек бөлінісі;

Сонымен қатар аумақтық, халықаралық еңбек бөлінісі де болады. Кәсіпорындарда:

- қызметкерлердің өндірістік-шаруашылық қызметтерге қатысуына, орындалатын міндеттердің сипатына, өндірістік үдеріске қатысуына қарай атқарымдық еңбек бөлінісі;

- еңбек үдерісінің технологиялық жағынан бір текті жұмыс түрлері бойынша саралануына негізделген технологиялық еңбек бөлінісі;

- қызметкерлерді кәсібі (мамандығы) және біліктілік деңгейі (разрядтар, санаттар) бойынша бөлетін кәсіптік-біліктілік еңбек бөлінісі.

Басқару саласында еңбекті бөлісу бірлескен еңбек процесінде басқару апаратының қызметін шектеуді, оларды дербес жұмыс түрлерін оқшаулауды, сондай-ақ біркелкі басқару жұмыстарын орындау үшін арнайы бөлімшелерді бөлуді және құруды көздейді. Басқару еңбегін бөлудің негізгі белгілері мыналар болып саналады:

- жұмыстың технологиялық біркелкілігі,

- орындалатын қызметтер және орындаушының кәсіптік - мамандық сипаттамасы.

Осы белгілерге сәйкес қызметшілердің еңбек бөлінісінің мынадай үш нышаны сай келеді:

1. технологиялық;

  1. қызметтік;
  2. кәсіптік - мамандық.

Еңбекті мамандыру мен бөлісу адамдар жұмысының өнімділігін едәуір арттыратындығы белгілі. Әркім өз міндетін айқын түсініп, қоян - қолтық әрекет еткенде ғана бірлесіп атқарған жұмыстың тиімді болатыны сөзсіз. Осыған орай ұйымдастыру функциясының міндеті, еңбек әрекеті элементтері олардың өзара әрекет ету тәртібі арасындағы пропорцияны анықтау, жүйедегі әрбір жұмыскерлердің орны мен рөлін белгілеу, оларды бөлімшелер мен звеноларға орналастыру, бұлардың бірлескен әрекетін мұқият ұйымдастыру.

Еңбекті мамандандыру мен бөлісу адамдар жұмысының барлығының жекелеген қызметшілер мен жұмыскерлердің іс-әрекетін белгілейтін құжаттар әзірлеу арқылы жоспарда көрсетілген шаралар мен өндірістік процестердің мүлтіксіз жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.
Ұйымдастыруды басқару функциясы өндірісті ұйымдастырудың белгілі алты принципі бойынша құрылады: мамандыру, пропорциалдық, параллелдік (қатарластық), дәлділік, үздіксіз және ырғақтылық.

Ұйымдастырудың өзі адамдардың бірлескен іс-қимылын бейнелейді. Бірқатар физиологиялық, биологиялық, психологиялық және әлеуметтік шектеулерге байланысты адамдар өз мақсатына жету үшін бірігуге, бірлесіп әрекет етуге мәжбүр болады. Мұндай бірлесу көп жағдайда қолайлы болуы, әрі белгілі бір ұйымдық құрылымда шығынды аз жұмсауды қажет етуі мүмкін.
Ұйымдастыру - бұл кәсіпорын құрылымын құру процесі, оның өзі адамдардың өз мақсатына жетуі үшін тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

2. Тігінен және көлденең еңбек бөлісу

Басқару ісінің тиімділігі сондағы әрекеттердің нақтылы жағдайға қарап ұйымдастырылуы сипатына байланысты болады, яғни тиімді еңбек бөлінісі - мақсатқа тиімді жету жолы. Еңбек бөлісудің 2 түрі бар:

  • көлденең;
  • тігінен.

Көлденең еңбек бөлінісі дегеніміз - басқару процесіндегі әртүрлі қызметтерді икемді орындау мақсатында компонентерге жіктелінуі, яғни, ұйым ішіндегі өндірістік және функционалдық қызметтердің орын алуы. Көлденең еңбек бөлінісі арқылы ұйымда бастапқы өндірістік цехтармен, бөлімдермен қатар, барлық жүйенің қызметін қамтамасыз ететін: жоспарлау, қаржы, жаңалықтар енгізу, қызметкерлерді басқару, маркетинг, жабдықтау т. б бөлімдер құрылады.

Тік еңбек бөлінісі - басқару жүйесінің күрделі сипаты болуынан туындайтын әрекет. Мақсатқа жетуде басқарушы ұйым қызметін тиімді үйлестіріп отыруы қажет. Осыдан барып қызметкердің анықталуы, өкілеттіліктердің берілуі және басқару деңгейлеріне бөліну жүзеге асырылады.

3. Басқару деңгейлері

Деңгей бұл - бір сатыда орналасқан буындардың жиынтығы. Басқару деңгейлері бір - бірімен тік байланыста болады, сонымен қатар иерархия бойынша бір - біріне бағынады.

Ұйым ішінде басқару деңгейлері жоғары, орта, төменгі болып бөлінеді.

1. Жоғарғы деңгей - ұйымның жалпы стратигиясын, бағыт-бағдарламасын уақыт пен кеңістік бойынша қалыптастырып жасауда және жалпы ұйымдық дамуды бағалауда қызмет атқаратын жоғарғы басшыларды ( президент, вице-президент, директор, басқарма) өз құрамына енгізеді.

2. Орта деңгей - жоғары буын анықтаған ұйымның жалпы мақсатын жүзеге асыруды үйлестіру қызметтерін жүзеге асыратын өндірістік және функционалдық бөлім басшылары.

3. Төменгі деңгей - тікелей орындаушылар және де төменгі ішінара қызметтерді орындайтын басшы буындар.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ахметов Қ. Ғ. Менеджменттің негіздері (Оқу құралы), Ақтөбе Орал . 2005

2. Мескон М. Х., Альберт М., Хедоури Ф., Основы менеджмента-М. :"Дело", 1992, 694 б.

3. Ахметов К. Ғ., Сағындыков Е. Н., Байжомартов Ү. С., Жүнісов Б. А., Жұмаев Ж. Ж. -Ақтөбе-Орал, "А-Полиграфия", 2015-519 б.

4. В-де Ханика. Новые идеи управления. Изд. Прогресс. 1969 г.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тігінен және көлденеңнен еңбек бөлісу. Басқару деңгейлері
Тігінен және көлденеңінен еңбек бөлісу. Басқару деңгейлері
Тігінен және көлденең еңбек бөлінісі. Басқару деңгейлері
Басқару деңгейлері
Туризмді басқару жүйесі мен құрылымы
Жергілікті бюджетті басқарудың тиімділігін арттыру
Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі және оның сараптамасы
Кәсіби саладағы конфликт жағдайындағы тұлғаның мінез-құлық моделдері
Мемлекеттік бюджетті басқару тиімділігін арттыру жолдары
Басшының мақсаты басқалардың өзіне бекітілген жұмысты орындауына ықпал ету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz