Жануарларды тасымалдау кезінде жұқпалы аурулар байқалған жағдайда, ауруға күдік туған кездегі алдын алу шаралар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Жануарларды тасымалдау кезінде жұқпалы аурулар байқалған жағдайда, ауруға күдік туған кездегі алдын алу шаралар
2. Көліктік күйзеліс (стрес) және алдын алу шаралары
3. Тасымалдау кезіндегі жануарлардың жұқпайтын аурулары
4. Ас қорыту жүйесінің аурулары
5. Тыныс аулу жүйесінің аурулары
6.
7. Жүйке жүйесінің аурулары
8. Улану кезіндегі ветеринариялық.санитариялық шаралар
III. Қорытынды
VI. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Көліктегі және шекарадағы бақылау ветеринарлық бекеттері (ШКБВБ) өз аймақтарында жануарларға байланысты жұмыстармен айналысатын барлық тұлғалар қызметін бақылау мәселелерін өз міндеттеріне енгізеді. Оның ішіне кіретіні жануарларды, өнімдерді, жануартекті азықтарды шикізатты жіберуші өнеркәсіптерін және шаруашылық сүбъектілері. Өзінің аймағында жануарларды және жануартекті азықтар мен шикізатты тиеп-арту кезінде ветеринарлық қадағалау қызметін атқаратын тұлғалар,әр түрлі шаруашылықтарды, құс фабрикасы, ет комбинаттары, шұжық өндіретінVI. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі цехтардың, тоңазытқыштардың, қабылдау бекеттерінің жүн және тері шикізаттарын т.б. нысандардың ветеринарлық-санитарлық жағдайын қадағалау тәртібін және осы аталмыш нысандардың эпизоотиялық жағдайын білу шарт.
Бақылауды жүйелі және жылына бір рет комисиялы түрде өткізген жөн. Комиссия құрамына көліктегі ветеринарлық қадағалау мамандары, қалалық (аудандық) бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторы,қалалық (аудандық) санитарлық қызметінің өкілі, темір жол қызметінің өкілі кіруі керек.
Мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, ара өсіру, балық өсіру шаруашылықтарында жануарларды ұстау, азықтандыру, күту ережелерін ветеринарлық-санитарлық шаралар өткізілуі мерзімдері мен көлемнің сақталуын, емдік алдын-алу шараларының өткізілуін бақылайды, жануарлардың ауруға шалдығу жағдайлары мен аурулар сипатын инфекциялық аурулар пайда болуы мүмкіндігіне назар аударып, тіркеуге алады.

1. Бегенова А.Б. , « Шекара және көліктердегі ветеринариялы-санитариялық бақылау », Алматы 2014 ж.
2. Дүйсембаев С.Т. « Ветеринарлық-санитариялық сараптау » , Алматы 2013 ж.
3. Нұрғалиев Б.Е « Мал және құс өнімдерін ветеринарлық-санитарлық сараптау» оқу құралы, Алматы 2011 ж.
4. Ветеринарлық санитарлық заңнама ІІ том , 2005 ж
5. «Ветеринарно-санитарная экспертиза продуктов животноводства», справочник.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Аграрлық факультеті
Бөж
Тақырыбы: Жануарларды тасымалдау кезінде жұқпалы аурулар байқалған
жағдайда, ауруға күдік туған кездегі алдын алу шаралар
Орындаған:Темешова Ж.А
Тексерген:Сүлейменов Ш.Қ.
Топ: ВС-203
Семей 2015 ж
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Жануарларды тасымалдау кезінде жұқпалы аурулар байқалған жағдайда, ауруға
күдік туған кездегі алдын алу шаралар
Көліктік күйзеліс (стрес) және алдын алу шаралары
Тасымалдау кезіндегі жануарлардың жұқпайтын аурулары
Ас қорыту жүйесінің аурулары
Тыныс аулу жүйесінің аурулары
Жүйке жүйесінің аурулары
Улану кезіндегі ветеринариялық-санитариялық шаралар
III. Қорытынды
VI. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Көліктегі және шекарадағы бақылау ветеринарлық бекеттері (ШКБВБ) өз
аймақтарында жануарларға байланысты жұмыстармен айналысатын барлық тұлғалар
қызметін бақылау мәселелерін өз міндеттеріне енгізеді. Оның ішіне кіретіні
жануарларды, өнімдерді, жануартекті азықтарды шикізатты жіберуші
өнеркәсіптерін және шаруашылық сүбъектілері. Өзінің аймағында жануарларды
және жануартекті азықтар мен шикізатты тиеп-арту кезінде ветеринарлық
қадағалау қызметін атқаратын тұлғалар,әр түрлі шаруашылықтарды, құс
фабрикасы, ет комбинаттары, шұжық өндіретінVI. Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі цехтардың, тоңазытқыштардың, қабылдау бекеттерінің жүн және тері
шикізаттарын т.б. нысандардың ветеринарлық-санитарлық жағдайын қадағалау
тәртібін және осы аталмыш нысандардың эпизоотиялық жағдайын білу шарт.
Бақылауды жүйелі және жылына бір рет комисиялы түрде өткізген жөн. Комиссия
құрамына көліктегі ветеринарлық қадағалау мамандары, қалалық (аудандық) бас
мемлекеттік ветеринарлық инспекторы,қалалық (аудандық) санитарлық
қызметінің өкілі, темір жол қызметінің өкілі кіруі керек.
Мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, ара өсіру, балық өсіру шаруашылықтарында
жануарларды ұстау, азықтандыру, күту ережелерін ветеринарлық-санитарлық
шаралар өткізілуі мерзімдері мен көлемнің сақталуын, емдік алдын-алу
шараларының өткізілуін бақылайды, жануарлардың ауруға шалдығу жағдайлары
мен аурулар сипатын инфекциялық аурулар пайда болуы мүмкіндігіне назар
аударып, тіркеуге алады.

күдік туған кездегі алдын алу шаралары
Малдарды арту немесе түсіру, транзит кезінде жануарлардың ауырғаны туралы,
жұқпалы аурулар таралуы туралы күдік болса, бұл малдарды мемветинспектор
жедел түрде сау мал партиясынан оқшаулауы керек, ауру шыққан жөнінде
аудандық мемветинспекторға шұғыл түрде хабарлайды. Егер аурудың түріне
байланысты белгілі бір жануарларды, көліктегі барлық партия жануарларды
оқшаулау керек болса, алдын алу шараларды жүргізу, емдеу қажет болған
жағдайда мемветинспектор ауданның, облыстың, республикалық бас
меминспекторының бақылауымен емдеу, алдын алу, оқшаулау шараларының барлық
түрін жүргізеді. Аурудың түріне байланысты малды сою керек болса,
мемветинспектордың бақылауымен жақын арадағы санитарлық мал сою
комбинаттарына жібереді. Ауру малдарды оқшаулап ұстау жерлеріне, барлық
санитарлық талаптарды ұстана отырып сойып, белгілі бір қолданысқа
пайдалануға жібереді, мұнда арнайы акт толтырылады да, облыстық ветеринария
бөлімшелері бақылауға алады. Ауру малдар шыққан вагондар, ұшақтар,
автокөліктер, ауру шыққан аудан, платформалар, коражайлар, қоралар сонымен
қатар ауру мал болған жерден құрал жабдықтар, ауру малды баққан малшылардың
киім-кешектері, аяқ киімдері міндетті түрде дезинфекцияланып, дезинфекция
туралы акт толтырылып оны бас мемлекеттік облыстық инспекторы қадағалауға
алу керек. Транзитпен өткен автокөлік, вагондарда, су көліктерінде жұқпалы
ауру анықталса, басмеминспектор тоқтатады да, бір вагонды барлық көліктегі
малдарды ветеринарлық-санитарлық, эпизоотияға қарсы шаралар жүргізеді,
ветеринарлық ережелерге сай акт толтырады. Аурумен, жұқпалы аурумен ауырған
малдарды жолшыбай тоқтатқан кезде азық қалдықтарын, төсеніштерді сыртқа
тастауға тыйым салынады. Жұқпалы малдарды тасымалдаған көліктер малдарды
белгілі орынға әкелгеннен кейін қи, төсеніштермен қоса өңдеуден өткізеді,
ветеринарлық ережелерге сай акт толтырылады. Жұқпалы аурумен ауырған малдар
жергілікті бір стансаларға жеткізу, арту арнайы жергілікті ветеринарлық
мекеменің қадағалауында болады.
Әр жағдайда жұқпалы ауруларға күдікті деп танылған малдарды арту, түсіру
кезінде, туберкулез, бруцеллез, маңқа ауруларына мал оң реакция берген
кезде автокөлікке, темір жол көліктеріне артуға, түсіру үшін міндетті түрде
мемветинспектор акт толтырады, мұнда жолсерігі, мал иесі қатысуы міндет.
Актыда аурудың анықталғаны, шектеуін қою керектігі туралы, ветеринарлық-
санитарлық эпизоотиаға қарсы шаралар жүргізілгені туралы толық жазылу
керек. Акті толтырғаннан кейін, бірнеше көшірмесін жасайды. бірінші акт
толтырылған аймақтық ветеринарлық мекемесінің құжатында тіркеледі, ал
екіншісі тауар жіберген тауар алатын мекемелерге, тауар құжаттарына
тіркейді. Үшіншісі қалалық облыстық бас мемветинспекторға береді.
төртіншісі әуежайдың, стансаның бастығына тапсырылады.
Әрбір ауырған малды, ауру, жұқпалы ауруларға күдікті малдар кездескен
жағдайда, жұқпалы ауру шыққан кезде мемветинспектор міндетті түрде аталған
мекемелерге мыналар жайында жедел хабарлайды:
ауру шыққан жердің (аудандық, қалалық) бас мемветинспекторына хабар беру;
ауру мал әкелінген (шыққан) елді мекенге хабарлау;
Зооантропонозды ауру анықталған кезде жергілікті санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау мекемелеріне хабар беру қажет. Тасымалдау
барысында ауруға күмәнді малдарды толық тексеруден кейін тасымалдауға
рұқсат берсе, мемветинспектор қатаң ветқадағалау жүргізіп отыру қажет және
көлік өтетін барлық стансаларға, бекеттерге хабарлау керек, шекара
көліктегі аймақтық ветеринарлық қадағалау бекеттеріне хабарлау шарт. Ауруға
күдікті малдарды, ауырып жазылған малдарды тасымалдағанда келесі ережелерді
сақтау керек:
- вагондармен, ұшақтармен, автокөліктермен, су жолымен тасымалдаған кезде,
малды тасымалдайтын көліктер арнайы жабдықталған, дезтөсеніштер,
кілемшелер, дез заттар болу керек;
- жануарларды тасымалдау кезінде жануарларды артқан кісі қажетті-құрал
саймандармен жабдықталуы қажет. Су беретін арнайы шелек болу керек,
бекеттен алған шелектермен суаруға болмайды;
- мал қарайтын жолсеріктерінде арнайы жұмыс киім, орамал, сабын, қол жууға
арналған деззаттар міндетті түрде болу керек.
Малдарды көліктен түсіру, арту тек қана мемветинспектордың қатысуымен өтуі
керек.
1 Көліктік күйзеліс (стрес) және алдын алу шаралары
Көліктік күйзелісті жануарлар өте ауыр қабылдайды. Арту және тасымалдау
кезінде жануарлар күйзеледі. Жағымсыз дауыстар, шуылдар тасымалдау
кезіндегі дірілдер, қозғалыстар жануарлардың алаңдауына, қозуына және
күйзелуіне әкеп соғады.
Жануарларды тасымалдау кезінде тамыр соғуы жиілеп, демалуы артып, қанның
дисталдық қысымы көтеріліп, қызуы жоғарылайды, бұлшық еттері дірілдейді,
дефекация мен зәр шығаруы жиіленеді.
Ұзақ тасымалдау барысында жануарлар ашығады, физикалық ауырлықтар түседі,
соның салдарынан зат алмасу үрдісі бұзылады. Мысалы, ірі қара мал қанында
фосфотазаның сілтілігі, креатининнің, зәр қышқылы және жалпы липидттер
мөлшері белсенеді және артады.
Тасымалдау барысындағы физикалық ауырлықтар жануарлар ағзасындағы
минералды заттардың және су-электролиттардың алмасуын бұзады. Мысалы
бұқаларды тасымалдау барысында сілекей қабықтарының құрғап, шөлдеуі пайда
болады. Қанда лейкоциттің концентрациясы көбейіп, гематокрит мөлшері 48%-ға
дейін көтерілгені бұл ағзаның дегидротация ұлғаюының белгісі.
Тасымалданған бұқашықтардың қан сарысуындағы натрий, хлор, кальций,
бейорганикалық фосфор көлемдері азайған. Аталған ферменттердің белсенділігі
өзгеріп, зат алмасу үрдісінің бұзылуы қаңқа бұлшық еттеріне және бауырға
функционалдық ауырлық түсу салдарынан болады. Осылардың барлығы тасымалдау
барысында жануарлардың ұзақ шаршау әсеріне соқтырады.
Жануарларды алғашқы тасымалдау барысындағы әсері және қозуы біртіндеп күшті
күйзеліске әкеледі. Осының салдарынан жануар жатып қалып, су мен азықтан
бас тартады.
Ю.Т.Фомичева (1974-1980) зерттеулерінің көрсеткіштері бойынша, бұзауларды
42 сағат тасымалдау барысында тірі салмағының 2,2кг дейін кемиді, ал 65км
қашықтықта тасымалдау барысында әр бастың тірі салмағы 7,3 кг дейін кемиді.
Сойылатын малды тасымалдау барысында 40км қашықтықта 10кг тірі салмағынан,
80км 4 кг және 300км -3,5кг салмақ жоғалады, ал 40км дейін тасымалдау
барысында 84% дейін тірі салмақ кемігендігі дәлелдеген.
Тасымалдау барысында күйзеліс тек қана өлімге немесе жануардың тірі
салмағының кемуіне әкеп соқпайды, ол еттің сапасын да айтарлықтай
төмендетеді.
Күйзелу бұлшық ет үлпасына дегенеративтік әсерін тигізеді, соның салдарынан
ет бозғылт, жұмсақ, сулы болып кетеді.
Тасымалдау барысында алдын алу шараларын жүргізу және жануарлардың күйзеліс
жағдайларын мұқият қарастыру керек. Мал тасымалданатын шаруашылықта,
тасымалдайтын малды басқа топтармен орналастырмау керек және тасымалдау
ережесіне сәйкес азықтандыру керек.
Малды тасымалдар алдында көліктік режимге ауыстыру керек. Малдарды арту
және түсіру арнайы алаңдарда, қажетті қондырғылармен жүргізу керек, ал
шошқаларды арнайы контейнерлерде тасымалдайды.
Жануарларды арту және түсіру кезінде арнайы жабдықталған көлік қолданып,
бір малға тиесілі орын көлемін ескерту керек, арту және түсіру барысында
физикалық күш қолдануға болмайды, кәрі жануарларды соңынан түсірген дұрыс.
Мал тасымалдайтын көліктер желдеткіштермен жақсы жабдықталуы тиіс, ал
жануарлар күннің сәулесінен қорғануы керек. Малдарды тасымалдау кезінде
қажетті мөлшерде сапалы азықтар, жолдың ұзақтылығына қарай, және жыл
мезгіліне қарай су жеткілікті болу керек және жануарларға жақсы күтім
керек.
Малдарды автокөлікпен тасымалдағанда жай, біркелкі жүріп отыру қажет.
Қатты тоқтауға болмайды, көліктің максималдық жылдамдығы 70кмсағ аспау
қерек.
Ауа райы 22-250С-тан температурадан жоғары болса шошқаларды түнгі мезгілде
тасымалдау керек, күндіз тасымалдауға болмайды, ал күн жылы кезде күндіз
жануарларды тасымалдағанда үстеріне суық су немесе әлсіз сірке қышқылын
себелеп отыру шарт.
Малдарды тасымалдар алдында күйзеліс жағдайын азайту үшін және
тасымалдауға тұрақтылық туғызу үшін күйзелуге қарсы аминазин, ромпун,
элеутерококк және т.б. препараттарды енгізеді. Малдарды ет комбинаттарына
түсірер кезде абайлап түсіру керек және көлікте қалай келді, солай топ-
тобымен түсіру керек, пішілмеген бұқаларды бөлек ұстаған жөн, ал шаршаған
немесе күйзелген малдарды 48 сағатқа бөлек ұстауы шарт.
Жануарларды тасымалдау кезінде күйзелістен, тірі салмағының азаюынан және
еттің сапасының төмендеуінен сақтау үшін малдарға әр түрлі
транквилизаторлық заттар енгізеді, бұл заттар орталық жүйке жүйесіне әсерін
тигізеді, жануарларды мидың биоэлектрлігін белсендіреді және сезімін
жоғарылатады. Аталған затты енгізгеннен кейін малдар ортаға тез бейімделе
бастайды, тамыр соғуы байқалады, қан құрамы қалпына келіп, ентігуін
тоқтатады. Транквилизаторлы заттарды енгізгеннен кейін қорқытып, күйзелісі
алаңдауы басылып мал тынышталады.
Осыдан басқа тасымалдау кезеніндегі күйзелісті басу үшін т.б. препараттарды
қолданады: гидроксизин, ацепромазин, азаперон, ксилазин, хлорпромазин және
аминазин.
Аминазин – бұл ақ немесе ақшылт қоңыр ұсақ кристалды ұнтақ. Препарат ұнтақ
түрінде, драже түрінде 0,025, 0,05 және 0,5г, және 1,2 мен 5 мл ампулада
25% ерітінді түрінде шығарылады. Аминазин ми ұлпасының импульстарын, жүйке
жүйесінің қозуын тежеп тыныштандырады. Осының нәтижесінде қаңқа бұлшық
еттері босаңсып, қозу төмендейді. Нәтижесінде малдарды тасымалдау кезінде
тірі салмақтың жоғалуы төменделеді. Малдарды тасымалдау кезінде аминазин
ерітіндісін артар алдында 12 сағат бұрын бұлшық етке немесе тері астына
егеді және малды көліктен түсірер алдында 1кг салмағына 1мг есебімен
ерітінді енгізеді. Кері әсері жоқ, аминазинді малға енгізгеннен кейін 24
сағаттан кейін ғана малды союға рұқсат етіледі.
Ромпун - ақ ұнтақ, ащы дәмі бар, иісі жоқ, суда, метанолда жақсы ериді.
Жүйке жүйесіне жергілікті әсер етеді. Бұл дәріні тынышсыздықтың және
қорқыныштың алдын алу үшін қолданады және тасымалдау кезінде малдың
күйзелуін азайтады.
Ірі қара мал және жылқыға бұлшық ет ішіне 2% ерітінді ретінде көлікке артар
алдында 100кг тірі салмағына 0,25 мл көлемінде енгізеді. Дәрі емдік әсерін
5-15 мин кейін ғана тигізеді. Сиыр мен биенің буаздылығының екінші жартысы
кезінде дәріні енгізуге болмайды.
Малдарды тасымалдау кезінде төзімділігін арттыру үшін элеутероккок
сығындысын қолданған жөн.
Балықтарды тасымалдау кезінде 5-7,5л суға 1 мл есебімен новокаин
енгізіледі.
2 Тасымалдау кезіндегі жануарлардың жұқпайтын аурулары
Бар деректерге сүйенсек, автокөлікпен тасымалдау кезінде 41%, ересек
малдар және темір жолмен тасымалдағанда 49% жас мал және 18 және 38%
ересек мал жарақат алады екен.
Мал жарақатының көбісі көлік түріне байланысты. Осыған орай, арнайы
автокөлікпен тасымалдаған мал жай көліктен тасымалдаған малға қарағанда аз
жарақат алатыны ескерілген: мысалы, арнайы автофургонмен тасымалдағанда
малдардың тек 15,7% ғана жеңіл-желпі жарақаттар алған, ал жай
жабдықталмаған автокөлікпен тасымалдағанда малдардың 60% жеңіл және ауыр
жарақаттар алған.
Жабдықталмаған машиналарға малды артқан кезде кеуде бөлігі, жамбас
бөліктері әр түрлі жарақат алады, ал арнайы жабдықталған машинамен малды
тасымалдаған кезде аталған жердегі жарақаттар мүлдем болмайды, болса да аз
болады.
Малдардың ашық жарасын емдеген кезде жараға микрофлораның түспеуін
қадағалап, қанды тоқтатып, жараны орап қою шарт. Н.Н. Филиповтың (1986)
айтуы бойынша тілікті тігу кезінде этонийді қолданған дұрыс. Этонийдің
микробқа қарсы әсері бар, жара микрофлорасына қарсы әсер етуі және тез
бітісіп кетуіне себепші болады. Тасымалдау кезінде жарақат әсерінен қан
ағып тоқтамаған кезде, көліктегі ветеринарлық-санитарлық зертханада
циакрин СО-9 болу керек, оны қан тоқтамаған жараның үстіне аздап себу
керек, сонда жараның бетінде жұқа орнатып қанды тез тоқтатады, бірақ бұл
препаратты жарадан басқа жүнді жерге себуге болмайды, өйткені бұл жүннің
түсуіне себеп болады.
Табанның және майтабанның жарақаты. Майтабанның жарақаттануы өте ауыр
жарақаттардың бірі, өйткені осының салдарынан бүгілу сіңірі тартылып,
тұяқтары қабынып тұрған кезде қатты ауырсынады. Табанға әр түрлі үшкір
заттардың кіруінен жарақатталады. Аяқ сүйектері және сіңірлері
жарақатталса, емдеу тиімсіз, ал тек терісі ғана жарақатталса, емдеуге
болады.
Емдеу үшін алдымен тұяқтарын қоқыстан тазалайды. Табанның жан жағын
йодпен немесе спиртпен сүртіп кірген бөгде зат болса, алып тастау керек.
Табанда жарақат байқалған кезде оны тазалап спирттік йодпен жуып,
сульфаниламидтті препаратпен бірге иодоформ немесе антибиотик ұнтақтарын
салып, жараны зарарсыздандырылған дәкемен немесе бинтпен байлайды.
Асептикалық пододерматит. Мал аяқтары терілерінің таспен немесе тағы басқа
бөгде заттармен жарақаттануының әсерінен болады. Сонымен қатар малдарды тас
жолдармен айдап тасымалдау барысында мал аяқтары, терілері, табандары әр
түрлі жарақат алады. Тұяқтарды тазалау кезінде, вагондарда және
автокөліктерде ұзақ уақыт демалыссыз тасымалдау кезінде де бұл ауру
байқалады. Бұл ауру кезінде жануардың жалпы жағдайы қанағаттанарлық болып
саналады. Аурудың кезеңіне қарай тәбеті төмендейді, жануар мазасызданады,
жарақатын жалай береді. Аяқтары ауысып, жүрісі өзгереді, қатты жерде
аяқтарын кібіртіктете басуы үдей түседі, жергілікті дене қызуы көтеріледі.
Аяқтарды қысқыштармен қысып тазалаған кезде қатты ауырсынады. Табанын
тазалаған кезде қызғылт және сарғыш дақтар байқалады.
Себебін анықтайды, түяқтарды қоқыстан, кірден тазалайды, өскен тұяқтарын
алып тастайды. Жануарға жұмсақ төсеніш төсейді, демалтады, аяқтарын ыстық
ваннаға салу аурудан айығудың ең жеңіл және тиімді жолы.
Буынның жарақаты. Буын мен тамырлардың жұмсақ ұлпасының терең және
беткейлі механикалық жарақаттануы, сүйек сіңір үлпасының және сіңір
ұлпасының беткейлік және терең жарақаттануы.
Жарақаттар беткейлі және терең болады. Жараны емдеу кезінде ұлпаның
жарақаттану дәрежесін және жануардың түрі мен күйіне назар аударады.
Жаңа жарақатталғанда және жай ісіну, қабыну кезінде жараның жан жағындағы
жүн жамылғысын қырқып, 5% иодтың спирттегі ерітіндісін жағу керек. Жара
беткейін және фибринді тазартады. Сонымен қатар жараны байлап таңған
кезде трициллин немесе Житнюк ұнтағын (құрамы: 60,0 қант, 20,0 ксероформ,
15,0 стрептоцид, 5,0 бор қышқылы), ал кейде Вишневский майын жағу керек.
Жарақат асқынып, қатты қабынса, микробтармен көп ластанған кезде жарақатты
жергілікті жансыздандырады, хирургиялық тәсілмен тазалайды. Осы кезде
өлген ұлпаларды кесіп тастайды да, капсуланы ашады, буынның капсуласы тек
бөгде заттар енгенде кеңейеді. Буын ұлпалары ластанғанда 0,5% новокаин
ерітіндісімен, 1:5000 қатыстағы фурацилин антибиотигімен, 1:500 этакридин
сығындысымен жуып шаяды. Капсулалар іріңдемесе кетгутпен тігеді.
Тез қалпына келтіру үшін жараларды сульфаниламидтті препарат, бор қышқылы
йодоформ препараттарымен сіңірілген дәке тампонымен дренаж жасайды.
Тампонды байлап, ұлпаның грануляциялау жағдайы болғанша ұстайды Буынның
асептикалық эксудативті қабынуы. Асептикалық қабыну ағымына қарай жіті және
созылмалы болады, ал эксудаттың түріне қарай серозды-фибринозды және
фибринозды болып бөлінеді. Асептикалық синовит көбінесе әр түрлі
жануарлардың аяқ, тізе капилярлы буындарында жиі кездеседі. Оның себебі әр
түрлі жарақаттан, ұрып соғудан, буып созылуынан болуы мүмкін. Сонымен қатар
асептикалық синовит инфекцияның және токсико-аллергияның салдарынан да
болуы мүмкін. Сиырда бұл ауру туудан кейінгі инфекция кезінде және желінсау
кезінде анық көрінеді, ал жылқыда инфекциялық анемия, бруцеллез кезінде,
шошқада тілме кезінде байқалады Ревматизм кезінде де асептикалық синовит
байқалады. Аурудың бірінші тәулігінде суық затпен орап, таңған тиімді, ал
токсико-аллергиялық және синовиттің этиологиясы анықталмаған кезде суық
затпен орап таңуға тыйым салынады.
Аурудың екінші күнінен бастап жылу компресстерін қолдана беруге болады, ол
үшін буындарды жылы орап, соллюкс лампасымен, парафинтерапияны және массаж
жасап аздап жетектеп жүргізу керек. Сонымен қатар 5% йодвазоген, ихтиол
және камфора майы мен т.б. тітіркендіргіш майларды сылап жағу керек. Осыдан
кейін новокаин гидрокортизон және антибиотиктермен циркуляциялық блокада
жасау керек. Ірі малдарға 125мг гидрокортизонды, 5000 бірлікпен
пеницилинді, стрептомицинді буын ішіне енгізеді, гидрокортизонды
инъекциялауды қажет жағдайда 5-6 күннен кейін қайталайды.
Сіңірдің жыртылуы. Ірі қара малда ахилес сіңірінің жыртылуы кездеседі және
сан буынының ет сіңірі мен саусақтың терең сіңірлерінде жыртылуы кездеседі.
Жылқыда саусақтардың терең бұлшықет сіңірі, буын бұлшықет арасы сіңірлері,
сүйек сіңірлері мен үшінші бұлшықет сіңірлері жыртылады.
Ауру себебі: ауыр жұмыс кезінде буынның еттерінің қатты жыртылуы,
аяқтардың жарақаттануы, секіріп қатты жүгірген кезде сіңірлердің жарақат
алады.
Жараланған жердің іріңге айналуы, некротикалық тендинит және тендовагинит,
зат алмасудың бұзылуы, тұяқтарының деформациясы байқалады. Емі: Жануарларды
тыныш жерге орналастыру керек. Жарақат алған жерге 1,5-2 айға дейін
сықпамай жағу қажет. Қажет болса, жіп салып тігіп тастайды. Антибиотик
ерітінділерімен жараны жуып отыру керек.
Сіңірдің қабынуы. Көбінесе жылқыларда кездеседі, ал ірі қара мал сирек
кездеседі. Аурудың ағымы бойынша жіті және созылмалы деп бөледі, ал
эксудаттың жиналуы бойынша асептикалық және іріңді деп бөледі. Жылқыларды
көбінесе саусақтардың терен бұлшықет сіңірі, сүйекарасы бұлшықеттері
зақымдалса, ірі қара малда ахиллес сіңірлері, үшінші терең бұлшықет,
жұмылмайтын саусақтары зақымдалады.
Қабыну себептері: сіңірді созып алу, жарақаттану, сіңір қысылып қалуы, ауыр
жүк түсу, байқаусыз қозғалыстар қимылдар жатады.
Емі: Асептикалық тенденит басында суық қолдану керек, ал 2-3 күннен бастап
ылғалды спиртті-ихтиолды (10%-ды), камфорлы орауын қолданған жөн және
уқалап, яғни массаж жасап отыру, керек. Ал созылмалы түрінде қыздырады
және тітіркендіргіш майлар жағады.
Қынап сіңірінің қабынуы. Ағымы бойынша жіті және созылмалы тендовагинит
болып бөлінеді, ал эксудат жиналуы бойынша асептикалық, іріңді деп бөледі.
Ауру малды тыныш жерде бөлек ұстайды. Аурудың 1-2 күнінде суық қолданады.
Қынапқа 0,5% антибиотикпен қоса новокаин ерітіндісін енгізеді, ал
зақымдалған сіңірлерін қаттылап орайды. Қынаптық сіңірден эксудатты сорып
алғаннан кейін, гидрокортизон және фибролизинді енгізеді, 5-7 күн бойы
инъекцияны қайталау керек.
Бұл шаралар жіті түріне қатысты, ал созылмалы түрінде жылу қолданады.
Тітіркендіргіш майлар мен парафин емін және сазды қолданған жөн.
Кілегей қалташықтардың қабынуы. Ағымына қарай жіті және созылмалы болып
бөлінеді, ал эксудат жиналуына орай асептикалық және іріңді болып бөлінеді.
Көбінесе ірі қара малдардың бүгілетін буындарында қабыну үрдісі байқалады.
Жылқыда жіліншік, өкше маңында, тілерсегінде болатын қабынулар.
Қалташықтардың қабынуы механикалық жарақаттан, жараның жан-жағының
микробпен ластануынан және туберкулез, бруцеллез, маңқа аурулары кезінде
болатын қабыну жарақаттар. Бурситті емдеу тендовагинит кезіндегіге ұқсас,
бұл кезде де жан-жағындағы ұлпалар зақымдалады, кілегей қалташықтарын алып
тазалайды, содан кейін тігеді.
Кілегей қалташықтарды 5% йод ерітіндісімен 10% күміс, сульфат мыс
нитратымен өңдейді. 3-4 күннен кейін жараны алып өлі ұлпалардан тазартып,
ашық жара сияқты емдейді.
3 Ас қорыту жүйесінің аурулары
Стоматит. Стоматит жайылған және шектелген түрде болады. Стоматиттің
бірнеше түрі бар: катаралды, пустулалы, крупозды, дифтериялы, ойықжаралы,
афталы және флегмозды.
Катаралды стоматит – бұл бірінші реттік ауру, ал қалғандары екінші реттік
ауру қатарына жатады және басқа бір аурулармен қатар жүреді.
Бірінші реттік стоматит – механикалық, химиялық және термикалық
тітіркенгенде, ауыз қуысының клегей қабаты зақымданғанда болады. Бірінші
реттік катаралды стоматитті 5-10 күн ішінде емдейді. Мұнда аурудың себебін
анықтайды, жұмсақ, таза су береді. Азық қабылдағаннан кейін ауыз қуысын
калий перманганатпен 1:2000, этокридин лактат 1:1000, фурацилин 1:5000, 2-
3% бор қышқыл ерітіндісімен, 0,1-1% танин ерітінділерімен шаяды. Ойық
жараларды йодпен, глицериннің спирттегі ерітіндісімен 1:5, 1:10
қатынасында жағуға болады.
Жануарлар азығында минералды тыңайтқыштардың, химиялық ерітінді заттардың
қосындылары болмау керек және ыстық және жарамсыз азық беруге болмайды.
Дөрекі азықтарды және тікенек шөптерді жібіткеннен кейін беру керек.
Өңештің бітелуі. Өңештің бітелуінің толық және толық емес түрі бар бұл
көбінесе ірі қара малдарда кездесетін ауру, ал кей жағдайда басқа малдарда
да кездеседі.
Өңештің толық бітелуі тамыр-түйнекті азық жеуінен, кей жағдайда азықтың
құрамындағы түйіршіктер әсерінен, сонымен қатар азықты жылдам жұтудың
әсерінен болады.
Өңештің толық емес бітелуі бөгде заттар мысалы: темір-терсек, ине, шеге,
сумен т.б. қатты заттарды жұтып қоюының салдарынан болады.
Аурудың жіті түрінде уақытында көмек көрсетсе, өңеште тұрып қалған затты
алса, мал сауығып кетеді. Созылмалы түрінде өңеш қабынуы, некроз және
өңештің қабырғалары жыртылуына әкеліп соғуы мүмкін.
Өңештің толық бітелуінде, өңешке 100-150,0 вазелинді және өсімдік майын
енгізеді. Өңештің жиырылуын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz