Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары. Өзге тілден енген сөздер. Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні. Лексикография


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
СӨЖ
Тақырыбы : 1. Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары. 2. Өзге тілден енген сөздер. 3. Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні. 4. Лексикография
Орындаған : Қасымбекова А. А
Фи-403 тобы
Тексерген: Қалиева С. Е
Семей 2015
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары
Қарастырылатын мәселелер:
- Қазақ тілінің сөдік құрамы мен негізгі сөздік қоры. Олардың ара-қатынасы.
- Сөздік құрамның жалпы сипаты.
- Негізгі сөздік қордың басты белгілері.
- Түркі тілдеріне және қыпшақ тілдеріне ортақ сөздер.
- Түбір сөздер мен туынды сөздер.
Қазақ тілінің сөздік құрамы. Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам деп аталады. Сөздік құрам белгілі бір халықтың тұрмыс- жағдайын, күнкөріс-тіршілігін, кәсібін түгел қамтып көрсетеді. Белгілі бір халықтың қоғамдық, шаруашылық, мәдени тұрмысы неғұрлым күрделі болса, соғұрлым сол тілдің сөздік құрамы да бай болады деген сөз. Алайда, тілдегі сөздердің барлығыбірдей осы тілде сөйлейтіндерге түп-түгел таныс болмауы мүмкін. Кейбіреуі танымал болғанымен, енді біреулері мүлдем бейтаныс болуы ғажап емес.
Өйткені қазақ тілінің лексикалық құрамына ғасырлар бойы келе жатқан байырғы сөздер де, кірме сөздер де, кейін пайдаболған неологизмдер мен термин сөздер де, әдеби сөздер мен ауызекі тілге тән қарапайым сөздер де, диалектизмдер мен кәсіби сөздер де, қысқасытіліміздегі барлық сөздер кіреді. Мұның бәрін түгелдей жеке адамдардың білуі мүмкін емес. Осыншама мол сөздің қолдаылу жиілігі, қалыптасу тарихы, атқаратын қызметі дей бірдей емес. Соған байланысты сөздік құрам өз ішінен бірнеше топқа бөлінеді.
Сөздік құрамдағы сөздер қолданылу жиілігіне қарай актив сөздер және пассив сөздер деп ең алдымен екіге бөлінеді:
Одан кейін сөздік құрамдағы сөздер қолданылу сипатына қарай бірнеше топқа бөлінеді: а) сөздің әдеби және әдеби еместігіне қарай: әдеби лексика мен диалектілік лексика; ә) әдеби тілдегі сөздердің халыққа таныс және онша таныс еместігіне қарай жалпыхалықтық лексика мен арнаулы лексика болып; б) тілдегі сөздің жұмсалу аясы мен көркемдік мәнеріне қарай бейтарап сөздер мен экспрессивті сөздер болып бөлінеді.
Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры . Қазақ тіліндегі барлық сөздердің жиынтығы сөздік құрам болса, негізгі сөздік қор оның негізгі ұйытқысы, қайнар бұлағы, шығу арналарының ең маңызды бөлігі болып табылады. Сөздік құрамға қарағанда негізгі сөздік қордың сан мөлшері, көлемі әлдеқайда шағын болады. Өйткені оған кез-келген сөз кіре бермейді. Қоғам, адам өміріндегі ең қажетті ұғымдарды білдіретін жалпыхалықтық сөздер ғана кіреді.
Негізгі сөздік қордың мынадай басты белгілерін көрсетуге болады.
- Негізгі сөздік қорға тән басты белгі- тұрақтылық. Оған бірнеше ғасыр бойы өмір сүріп, барша ұрпақ үнемі қолданып келе жатқан сөздер кіреді.
- Екінші белгі- оның сөз тудыруға ұйытқы болатындығы.
- Үшінші белгі-оның жалпыхалықтық сипатында. Негізгі сөздік қорға енетін сөздерді қазақ тілінде сөйлейтін адамдардың барлығы тек түсініп қоймайды, оны күнделікті өмірінде үнемі қолданып отырады.
- Негізгі сөздік қорға енетін сөздерге стильдік қабаттасулар тән емес.
Негізгі сөздік қор мен сөздік құрамныңарақатынасы мынадай жәйттерден нақты көрінеді.
- Негізгі сөздік қор мен сөздік құрам бір-бірін толықтырып, жаңавртып отырады. Тіл дамуының кезеңіндегі негізгі сөздік қорға енген сөздер, оның екінші бір кезеңінде сөздік құрамға ауысады.
- Негізгі сөздік қордың сөз тудыруға ұйытқы болатын қасиетінің арқасында сөздік құрам үнемі жетіліп, толығып отырады.
Қазақтың байырға төл сөздері. Төл сөздер тек қазақ тіліне тән және түркі халықтарына ортақ сөздерден тұрады. Түркі тілдеріне ортақ сөздердің көпшілігі қазақ тілінің де төл сөзі болып келеді. Түркі тілдеріне ортақ сөздердің қазақтың өз сөздерінен айырмашылығы білінбейді. Тек кейбір сөздерде ғана фонетикалық өзгерістерге ұшырағаны ғана немесе көне пішінін сақтағаны білінуі мүмкін. Мысалы, сары сөзінің көне түркі тілінде сарығ, үлкен сөзінің ұлуғ болып айтылғандығы қазіргі қазақ тіліндегі сарғай, ұлғай пішіндерінен аңғарылады. Ә. Болғанбаев пен Ғ. Қалиевтің көрсетуінше, байырғы төл сөздер дегеніміз, халқымыздың өмір тіршілігі, тұрмысы, шараушылығы, мәдениеті, дүниетанымы мен түсінігіне байланысты жалпыхалықтық сипат алған сөздер.
Байырғы төл лексиканың құрамындағы жалпытүркілік сөздер мен негізгі сөздік қордан тыс мол қабаты тіліміздегі тарихи тума сөздермен байланысты. Тарихи тума сөздері тіліміздің сөзжасам тәсілдері арқылы пайда болған.
Қазіргі қазақ төл сөздерінің жасалу жолдары төрт түрге бөлінеді: 1. Лексика-семантикалық, 2. Фонетикалық, 3. Синтетикалық, 4. Аналитикалық.
- Лексика-семантикалық тәсіл арқылы сөз жасау жолдары сөздердің сан жағынан емес, сапа жағынан баюын көрсетеді.
- Фонетикалық жолмен жасалған сөздер әуелі дыбыстардың алмасуы, қосылып айтылуы және түсіріліп айтылуы арқылы вариантты сөз ретінде қолданыла келе жеке-жеке мағынаға ие болу арқылы қалыптасады.
- Синтетикалық тәсіл. Синтетикалық сөз жасау тәсілі үш түрлі жолмен жасалады.
А. Қазақтың төл сөздеріне, осы тілдің өз қосымшалары жалғану арқылы жасалған сөздер.
Ә. Басқа тілден енген сөздерге қазақтың төл қосымшалары жалғану арқылы жасалған сөздер.
Б. Қазақтың төл сөзіне басқа тілден енген қосымшалардың жалғанауы арқылы жасалған сөздер.
4. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған күрделі сөздер. Олар негізінен бірігу, қосардану, тіркесу жолдарымен жасалады. [1. 56-60 б. ]
Өзге тілден енген сөздер.
Өзге тілден енген сөздер- тіл-тілдің лексикасын байытудың аса өнімді жолы; мемлекет пен мемлекет, халық пен халық арасындағы экономикалық, саяси, мәдени байланыстардың нәтижесі. Қарым-қатынастар арқылы бір тілден екінші тілге көптеген сөздер ауысады. Бір тілдің сөздері екінші, үшінші бір тілге тікелей де, жанамалап та, екінші бір аралық тіл арқылы да, ауызша, жазбаша нұсқаулар арқылы да ауыса береді. Қазір дүниежүзі тілдерінің бәрінде де кірме сөздер бар десек те болады.
Дүние жүзінде тіл атаулыға сөз қорын байыта түсуге үлес қосқан жеке тілдер де бар. Мысалы, ерте кезде грек және латын тілдері осындай игілікті қызмет атқарды. Кейніректе француз және неміс тілдері дүниежүзі тілдері сөздік қорын толықтыруға көп үлес қосты.
Қазақ тіл білімінің негізін салушы Байтұрсынов «Сөздік құрамды байытудың ең тиімді жолы- кірме сөздер, оларды қолданудан қорықпауымыз керек»-деген болатын .
«Дала уәләяты» газеті тілін зерттеуші Әбілқасымов: араб-парсы тілдерінен сөз ауысу талай ғасырдың жемісі екенін айтқан. Сонымен бірге қазақ тіліне араб, парсы элементтері тікелей қоян-қолтық араласу нәтижесінде емес, туысқан көрші халықтар арқылы сатылап енген: дәптер, аят, ораза, құдай, қалам, қағаз т. б.
Араб, иран, парсы сөздерінен енген сөздерді төмендегідей бөліп қарауға болады:
- Мәдениет, оқу-білім, ғылымға қатысты сөздер: ғылым, ғалым, өнер, мәдениет, хат, кітап, емтихан, мұғалім, талап, ғибрат, емле, тарих және т. б.
- Әлеумет-құқыққа қатысты сөздер: мемлекет, әлеумет, мекеме, арыз, әдет, заң, мекеме, ахуал, ықпал және т. б.
- Уақыт, мерзім атаулары: дәуір, дәурне, заман, ғасыр, маусым.
Ғ. Мұсабаев қазақ тіліне орыс тілінен Қазан төңкерісінен бұрын енген сөздерді үш кезеңге бөледі: бірінші кезең - XVIIғасырға дейінгі дәуір. Екінші кезең - XVIIғасыр мен XIX ғасырдың Iiжартысындағы аралық . Үшінші кезең - XIX ғасырдың II жартысынан Қазан төңкерісіне дейінгі кезең. Қазан төңкерісінен бермен қарайғы дәуір - қазақ лексикасын орыс тілінен тікелей және орыс тілі арқылы өнімді түрде байыту кезеңі. Қазақ тіліне орыс тілінен енген сөздер: доға, қамыт, жәшік, самауыр, жәрмеңке, кір, сот, түрме және т. б. [2. 36-37б. ]
Кейде шет тілдік сөздер мен сөз тіркестері тілден тілге аударылғанда, олардың құрылысы сақатылп аударылады да, солардың үлгісі бойынша сөздер мен сөз тіркестері жасалады. Шет тілдік сөздер мен сөз тіркестерінің үлгісі бойынша жасалған, олардың құрылысының көшірмесі болып табылатын сөздер мен сөз тіркестері кальки деп аталады. Мысалы қазақ тіліндегі ұшқыш деген сөз орыс тілінің летчик деген сөзінің үлгісі бойынша жасалған. Бұл екі сөздің құрылысы да, жасалу үлгісі де бірдей. Орыс тіліндегі лет деген түбір қазақша ұш деген түбір сөзбен, -чик деген аффикс -қыш деген аффикспен аударылған. Кейбір тұрақты сөз тіркестері де баламасы болмаған жағдайда, кальки жолымен аударылады. Мысалы, орыс тіліндегі беречь, как зеницу ока деген тұрақты тіркес қазақ тіліне көздің қарашығындай сақтау, қырғыз тіліне көздүн қарегиндей сақтоо, тува тіліне қарақ оғу дег қамғалаар түрінде орысша құрылысы сақталып аударылып жүр. [3. 169-171б. ]
Лексикография .
Лексикография- гректің lexis-сөз, grapho-жазамын деген сөздерінен жасалған термин. Ол лексикология және оның бір саласы семосиологияға сүйене отырып, сөздіктерді құрастырудың теориясын жасайды. Тілдегі сөздер мен фразеологизмдерді жинап-теріп, олардың теориясымен шұғылданатын тіл білімінің саласын - лексикография дейді. Яғни, сөздік жасаудың әдістемесімен техникасын үйрететін ғылым деген сөз. Лексикография теориясы сан алуан сөздік жасаудың мол тәжірибелерін ғылыми тұрғыдан қорытындылаудың негізінде, лексикалық зерттулер мен солардың жетістіктеріне сүйене отырып жасалады. Демек, лексикография мен лексикология бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болатын егіз ғылым салалары. Сөздіктердің сапасы осы ғылымдардың қаншалықты және қандай дәрежеде зерттелуіне байланысты. Зерттеу жұмыстары неғұрлым жоғары әрі жемісті болса, шығарылған сөздіктер де соғұрлым сапалы болмақ. Бүгінгі таңда сөздіктің практикалық мәнімен қоса, оның ғылыми сапасына да ерекше назар аударылды. Сондықтан сөздік кез келген мекемеде емес, осы мамандықты жете меңгерген ғылыми маман кадрлардың шоғырланған жерінде жасалады.
Біздер орыс сөздіктерінен лексикографиялық еңбектердің тек әдістемесі мен құрылымын ғана үйреніп отырғанымыз жоқ. Қазан революсиясы тудырған барлық жаңа ұғымдарды осы тілден кейде сөзбе-сөз тікелей қабылдасақ, кейде өз сөзімізбен аударып алдық. Сол арқылы қазақ тілінің сөз байлығы шексіз молайып, жан-жақты кемелденеді. Қазіргі кезде өз ана тілімізде қандайлық мәдени-рухани тілектерді, пікірлерді білдіру керек болса, соның бәрін де нақтылы, әрі емін-еркін дәл жүзеге асыруға болатындай дәрежеге жеттік. Соның нәтижесінде тіліміздегі сөз байлығын жиып-теріп, хатқа түсіріп, іштей саралап, алуан түрлі сөздіктер жасауға мүмкіндік туды. Қазақ тілі біліміндегі сөздіктердің құрылысы мен әдістемесі жылдан-жылға жақсарып келеді. Тіліміздегі сөздерді стильдік арақатынасына қарай іштей саралай отырып, оларды белгілі бірнормаға келтіру бірінші орынға қойыла бастады. Бірақ сөздік жасауда қиындық, одан туған олқылықтар аз болған жоқ. Ең алдымен сөздердің жазылуында бірізділік сақталмай келеді. Әсіресе, біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің арақатынасы жөнінде бірыңғай көзқарас болмады. Лұғат жасалмай тұрып, сөздік құрастыруға болмайтындығын ескерсек, бір сөһздің кейде бірге, кейде бөлек жазылуы сөздік жасауға үлкен қиындықтар келтіретіндігін түсіну қиын емес. Көркем шығармаларда орын алған диалектизмдер мен жарыспа сөздерді орынды-орынсыз кез-келген сөздікке ендіруге жол берілді. Әдеби тілдің сөздігіне алынатын грамматикалық тұлғалар да күні бүгінге дейін сараланып болды деуге келмейді. Сөз мағыналарының түп-төркіні жіктеп бөліп, оларға дәл түсінік беру, сөздердің қолданылу жүйесін айқындап, стильдік белгі қою, фразалық тіркестерді жай тіркестерден ажыратып, көрсету т. б. сөздік жасау ісіндегі жауапты мәселелер болып табылады.
Қазақ лексикографиясы қазақ тіл білімінің өзге салалары тәрізді негізінен соңғы 50-60 жыл ішінде туып қалыптасты. Ұлт мәдениетінің дамып, ғылым мен техниканың өркендеуі, әдеби тілдің қалыптасуы сөздіктердің әр түрін шығаруға жағдай жасады. Революсияға дейін бізде не бары екі тілді шағын сөздіктер ғана болса, онан бергі кезеңде 10-15 түрлі сөздік түрлері пайда болды. Солардың ішінде ең көп шыққан түрі- екі тілді аударма сөздіктер. Лингвистикалық сөздіктердің түрлері өте-мөте көп. Олар әр алуан мақсат-мүддеге лайықталып жасалады. Лингвистикалық сөздіктер бір тілдік, екі тілдік және көп тілдік болып бөлінеді. Түсіндірме сөздік тілдің өз сөзімен түсіндіріледі. Ал екі немесе көп тілдік сөздіктер өзге тілдердің сөздерімен түсіндіріледі. Бір тілдік лингвистикалық сөздіктер академиялық нормативті сөздік және анықтағыш сөздік болып іштей екі салаға жіктеледі.
Орфоэпиялық сөздіктер. Сауттылық сөздерді белгілі ережелерге сәйкес дұрыс жазумен ғана көрінбейді, оларды дұрыс оқумен де бағаланады. К. Ниеталиеваның Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі 1977 жылы жарық көрді. Сөздікке тәжірибеде жиірек бұзылып айтылып жүрген 15 мыңға жуық сөздер мен сөз тіркестері енген.
Аударма сөздіктер. Қазақ халқының сөз байлығын ең алғаш жинап-теріп жеке сөздік етіп шығару тәжірибесі өткен ғасырдығ 2 ші жартысынан бері ғана басталды. Орыстың атақты ғалымдары академик В. В. Радловтың Түркі тілдерінің сөздігін жасаудағы тәжірибе атты төрт томдық сөздігі мен профессор Н. И. Ильминскийдің Қазақ тілін зерттеудегі материалдар деген арнаулы еңбегі ана тіліміздегі сөздерді жинақтап, сөздік етіп шығарудың үлгілерін көрсетті. Қазақстанда да екі түрлі сөздік жасау мәселесі кең жолға қойылды. 1945 жылға дейін бастауыш және орта мектептерге арналған екі тілдік шағын нормативті сөздіктер жасаумен ғана шектеліп келген болсақ, 1946 жылы екі томдық орысша - қазақша сөздік, ал 1954 жылы бір томдық Х. Махмудов пен Ғ. Мұсабаевтың шағын Қазақша - орысша сөздігі басылып шықты.
Терминологиялық сөздіктер. Белгілі біртілдегі ғылым мен техника саласындағы арнаулы атулардың сөдігі. Терминдер топталып бір сөздік түрінде де, белгілі бір ғылым саласына байланысты жеке кітап болып та шыға береді. Мәселен, 1931 жылы шыққан Атаулар сөздігі, 1936 жылы шыққан Терминологиялық сөздігі ғылым мен техниканың жеке бір саласына ғана арналған сөздіктер.
Орфографиялық сөздіктер. Емле бір тілдегі дұрыс жазу нормаларын белгілейді. Ал дұрыс жазудағы негізгі мақсат ойды жазба түрде айқын етіп, дәл жеткізу. Сол үшін емле ережелерін тұрақтандыру сауатты жазудың бірден-бір кепілі деп танылады. Неғұрлым көлемді Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі 1953 жылы жарық көрді.
Фразеологиялық сөздіктер. Тілдегі сан алуан тұрақты сөз тіркестерін қамтиды. Қазақ тілінің тұңғыш фразеологиялық сөздігі 1977 жылы І. Кеңесбаевтың авторлығымен жарыққа шықты.
Диалектологиялық сөздіктер. Қазақ халқының ауызекі сөйлеу тілінде қыруар жергілікті ерекшеліктер бар. Бұлардың көпшілігі фонетика мен грамматикадан гөрі лексика саласында жиірке ұшырасады. Ж. Досқараевтың Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері атты тұңғыш сөздігі 1955 жылы басылып шықты.
Синонимдік сөздіктер. Әр халықтың тіліндегі мәндес сөздерді жинақтап, жеке сөздік етіп шығару тәжірибесі озық мәдениетті елдердің көбінде бар. Қазақ тіліндегі синонимдер сөздігі тұңғыш рет1962 жылы шықты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz