Экологиялық фактор



Жоспар

1.Экологиялық фактор.

2.Либих анықтамасы.

3.Шельфорд анықтамасы.
КіРіСПЕ

Менің бұл рефератымның тақырыбы экологиялық факторлар, Либих және Шельфорд анықтамасы.
Экологиялық фактор дегеніміз-организм үшін қажетті немесе теріс әсерін тигізетін ортаның элементтерін айтамыз.Экологиялық фактор 3-ке бөлінеді.Абиотикалық,биотикалық және антропогендік.
Абиотикалық фактор дегеніміз- организмге әсер ететін бейорганикалық ортаның жиынтығы.
Биотикалық фактор дегеніміз- тірі организмдердің бір-біріне және ортаға жағымды немесе жағымсыз әсер етуі.
Антропологиялық фактор дегеніміз- айнала қоршаған ортаға адамның іс-әрекетінің тікелей немесе жанама әсері.
Әрбір организмге әсер ететін фактордың төменгі және жоғарғы шегі болады және бір факто шешуші рол атқарады. Бұл заңдылықты неміс химигі Ю. Либих(1948)ашқан.Оны минимум заңы деп атайды. Шешуші фактормен қатар организмнің факторлар жиынтығына деген ең жоғарғы төзімділік қасиеті болады.Төзімділік заңы В.Шельфорд есімімен аталады.
Пайдаланған әдебиеттер

1. Бродский. Экология. А-1997ж.
2. Сағымбаев. Экология. А-1985ж.
3. Бейсенова.А.С. Экология. А-2002ж.
4. Оспанова. Г.Т. Экология. А-1998ж.

Жоспар

1.Экологиялық фактор.

2.Либих анықтамасы.

3.Шельфорд анықтамасы.

КіРіСПЕ

Менің бұл рефератымның тақырыбы экологиялық факторлар, Либих және
Шельфорд анықтамасы.
Экологиялық фактор дегеніміз-организм үшін қажетті немесе теріс
әсерін тигізетін ортаның элементтерін айтамыз.Экологиялық фактор 3-ке
бөлінеді.Абиотикалық,биотикалық және антропогендік.
Абиотикалық фактор дегеніміз- организмге әсер ететін бейорганикалық
ортаның жиынтығы.
Биотикалық фактор дегеніміз- тірі организмдердің бір-біріне және
ортаға жағымды немесе жағымсыз әсер етуі.
Антропологиялық фактор дегеніміз- айнала қоршаған ортаға адамның іс-
әрекетінің тікелей немесе жанама әсері.
Әрбір организмге әсер ететін фактордың төменгі және жоғарғы шегі
болады және бір факто шешуші рол атқарады. Бұл заңдылықты неміс химигі Ю.
Либих(1948)ашқан.Оны минимум заңы деп атайды. Шешуші фактормен қатар
организмнің факторлар жиынтығына деген ең жоғарғы төзімділік қасиеті
болады.Төзімділік заңы В.Шельфорд есімімен аталады.

Экологиялық фактор - тірі организмнің кез келген даму сатысының бірінде,
тікелей не жанама түрінде ықпал жасайтын орта әсері. Ал бұл факторға, тірі
организм өзінің бейімделгіш қабілетімен жауап береді.
Кез келген тірі организмге әсер ететін ортаның экологиялық факторы,
негізінен, екі категорияға бөлінеді. Біріншісі-табиғат факторы (абиотикалык
әсер), екіншісі-тірішілік иелерінін ықпалы (биотикалык, фактор), сонымен
қатар экологиялық факторды белгілі организм санына қарай олардың кеңістікте
орын алуына қарай да әр түрлі топқа жинақтауға болады.
Соңғы кездері, экологиялык проблемалар қатарына антропогенді
фактор ауқымының кеңеюіне байланысты,ол абиотикалык фактордан бөліп
алынып, өз алдына жеке фактор ретінде қарастырыла бастады.
Инженерлерге аса қүнды болып табылатын, ортаның эклогиялық
факторларының классификациясын С.Монгадский үсынды. Организмдердің әртүрлі
экологиялық факторларға бейімделу қабілетіне орай, сол факторлардың ықпал
ету жиілігі мен түрақтылығына төмендегідей тұжырым жасалынды.
Осыған байланысты ол біріншілік (первичный)периодты түрде ықпал
етуші орта факторы, екіншілік (вторичный)периодты түрде ықпал етуші орта
факторы және периодты түрде ықпал етпейтін факторлар деп жіктеді.
Біріншілік периодты түрде ықпал ететін факторларға -жердіц айналуы,
жыл мезгілдерінің ауысуы, күн көзі сәулесінің жарықтандыру құбылыстары
жатады. Аталған факторлар, біріншілік болғанға дейін де тұрақты түрде
белгілі период аралығында қайталанып отырған. :
Екіншілік периодты түрде ықпал ететін факторлар біріншілік
периодты түрде ықпал ететін факторлар әсерінің салдары:
ылғалдылық,жауын-шашын, температура, суда еріген тұз құрамы.
Периодсыз түрде ықпал ететін факторлар - әр түрлі стихиялық
құбылыстар, өнеркәсіп, өндіріс сарқынды суларының құрамы.
Адамзат баласы, өз іс-қимылының барысында қоршаған табиғи ортаға әсер етуі
арқасында биотикалық және абиотикалык факторларды өзгертіп, тіршілік
иелеріне өмір сүруі үшін нақты жағдайлардың белгілі аралығы болуы тиіс.
Мысалы, температурының төменгі және жоғарғы шегіне қарай әр түрлі
организмдер өзгерісті әр түрлі қабылдайды. Суды қайнату барысында, кейбір
судағы микроорганизмдер жойылады,яғни ішетін су залалсызданды.
Организмнің өмір сүру диапазоны артқан сайын, яғни сырт факторлардың
төменгі және жоғарғы шектерінің аралығы алшақтаған сайын оның
тұрақтылығы да артады, яғни қарастырылып отырған организм толерантты
деп есептелінеді.
Абиотикалық факторлар. Жер бетінің абиотикалық факторын ауа-
райы,климат және жер бетінің беткі қыртысы құрайды. Ауа-райы, климаттық
факторларға мыналар жатады: Күн көзінің сәулесі. Кеңістікке
электромагниттік толқын түрінде таралатын бұл энергия түрінің 99%-І толкын
.0 мнм болып келген жарык сәулелері, оның ішінде 48 %-і көзге көрінетін
жарық, ал 45%-і-инфрақызыл 7%-і ультракүлгін толқындары болып табылады.
Тіршілік үшін, инфрақызыл, жарық және улътракүлгін сәулелерінің
алар орны ерекше.
Күн көзінен таралатын сәулелердің атмосфералық қабаттан өтіп, жер бетіне
беретін энергиясы – 21.1023 кДж шамасында. Алайда, жер бетінің әр бөлігіне
түсетін сәуле шамасы да әр түрлі болғандықтан, ол аудан бірлігіне, бірлік
уақыт бөлігіне келетін энергия шамасымен сипатталады. Аталған
шаманы күн тұрақтысы (солнечная постоянная)- деп атап Дж
бірлігімен өлшейді және оның орташа шамасы 0,14 Джсм2-с.
2. Жер бетінің жарықтығы. Жарық сәулесінің ағынын, оның ұзақтығы мен
интенсивтігін сипаттайтын шама. Жер шарының өз осінен айналуына байланысты,
күн мен түн өзара алмасып отырады. Күннің, жарықтың тіршілік иелеріне,
адамзат өміріне маңыздын айтпаса да түсінікті. Көптеген жануарларда күн мен
түн алмасқан шақта циркадты (сөткелік) деп аталатын активтілік кездеседі.
Мысалы, өсімдіктердің кейбір түрлері күндіз ғана бүр жарып, түнге қарай
қауызын жабады.
3. Ауа ылғалдылығы - атмосфералық ауаның буларымен қанығуын сипаттайтын
шама. Көп жағдайда ауа буымен мейлінше қаныға алмайды. Қарастырылып
отырған жағдайдағы ауа ылғалдығы мен айырымы – ылал тапшылығы (дефицит
влажности) деп аталады. Ылғал тапшылығы маңызды экологиялық фактор.
Өйткені, ол әрі температураны әрі ылғалдылықты сипаттайды. Ылғал
тапшылығының жоғарылаған сайын, ауа-райы құрғақ, ыссы екендігін байқалады.
Ауа райының осындай кездерінде белгілі мерзім аралығында насеком, шыбын-
шіркейлер көбейіп,жеміс ағаштары, өсімдіктердің гүлдері тозаңданып,
көбеюіне қолайлы жағдай туындайды. Аталған денелердің күрт көбеюіне қолайлы
жағдай туындайды.
4. Жауын-шашын - ылғалдылықпен тік байланысты шама. Сонымен бірге, ол
биосферадағы ластаушы заттар миграциясын айқындайды. Жауын-шашын - жер
бетіндегі су айналымының бір бөлігі бола отырып, әр жерге әртүрлі жауады.
Жауын-шашыны сирек болатын кұрғақ, аймақтарды аридті, ал жауын-шашыны жиі
болатын дымқылды аймақты гумидті деп атайды. Жылына 250 мм-ден кем ылғал
мөлшері құрғақ аймақтарға тән.
Атмосфераның газ құрамы - негізінен 21-О2,-0,03% СО2 және т.б.
тұрады. Ауа құрамында су булары,әр түрлі элементтердің тотықтары, шаң-
тозаң, түтіндер кездеседі.
Жер бетінің температурасы- атмосфера темпетурасымен анықталып, күн
сәулесінің энергиясына тікелей тәуелді болып келеді. Жер бетіндегі ендік
биіктеген сайын (экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай) түсетін күн
сәулесі көлбеулене түседі де, климат салқындай түседі.
Ауа қозғалысы (жел). Жел, жер бетінің біркелкі қызбауының нәтижесінде
пайда болған қысым айырымынан туындайды. Жел ағыны, қысым шамасы аз жақка
қарай бағытталады, яғни ол ауа температурасы жоғары жаққа қарай соғады. Жер
шарының айналуы да, ауа массасының циркуляциясына әсер етеді. Қысқасы, жел
- атмосферадағы ауа құрамын біркелкілендіретін ең маңызды факторлардың
бірі.
Атмосфералық қысым. Калыпты қысымға 1,О1З-105 Па шамасы қабылданған. Жер
бетінің бөліктерінде, жоғарғы қысымды аймақтар ұшырасады. Сонымен қатар,
нақты бір жер үшін қысымның маусымдық, сөткелік мәні әртүрлі болып, олар да
жоғарғы және төменгі мәндерге ие болады. Атмосфералық қысымды теңіз
бетіндегі және құрлықтағы (континентальды) деп екіге бөлінеді.
Өте қуатты, кеңістікте спираль бойымен құйындата қозғалған ауа ағынын -
циклон деп атайды. Циклон кезінде, ауа-райының құбылмалдылығы артып, жауын-
шашын өте мол болады.
Сулы ортаның абиотикалық факторы. Жер бетіндегі биосфераның басым
бөлігін — су алып жатыр. Жер шарының құрлық бет айданының 510 млн.км2
шамасының 361 млн. шаршы км,(7І%) мұхиттер үлесіне тиесілі. Жер шарының су
қабаты — гидросфера деп аталып, құрамы тұщы сулы өзен-көл және теңіздерді
қамтиды.
Су тұтқырлығы (взякость) ауаға қарағанда 55 есе, ал тығыздығы 800
есе жоғары.
Сонымен қатар сулы ортаның ерекшеліктеріне төмендегілер жатады:
- суға біркелкі және біртекті (гомогенный) қасиет беретін -оның
қозғалғыштығы, үнемі ағу барысында орын ауыстыруы;
- су терендігіне қарай, ондағы температураның өзгеріп отыруы;
-әртүрлі маусымдарға, мерзімдерге байланысты, су
температурасының - режимінің өзгеріп отыруы;
- су мөлдірлігі немесе тұнықтығы, оның беткі кабатындағы жарықтық режимді
(световой режим) анықтауы.
Жарық сәулелерінің су бойынан өтуіне қарай, әртүрлі бактерияларға — мүк,
балдыр және өзге, өсімдіктерде фотосинтез әрқалай жүреді. Су бойында
органикалық заттардың түзілуі, осы жарық сәулелерінің, оның бойынан өту
кашықтығына сәйкес [яғни эвфотикалық аралықта) жүреді.
Тірі организмдерге ең басты абиотикалық фактор ретінде, судың
тұздылығы, яғни онда еріген минералды тұздар -бикорбанат, сульфат
хлоридтердің концентрациясы болып табылады. Осыған орай, су көздері тұщы
және тұзды сулар болып бөлінеді. Су құрамында еріген оттегі, көмір қышқыл
газы және сутегі иондарының концентрациясының да, су бойында тіршілік
ететін организмдердің таралуы мен көбеюіне және өмір сүруіне маңызы ерекше.
Өнеркәсіптің сарқынды суларында және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық факторлар жайлы мәлміет
Экологиялық факторлар жайында
Экологиялық фактор туралы
Стенобионттық және эврибионттық организмдер туралы ақпарат
Абиотикалық факторлар және олардың тірі организмдерге әсері
Аутэкология
Экологиялық фактор түсінігі
Абиотикалық факторлар
Экологиялық факторлар туралы ақпарат
Негізгі тіршілік орталары. В. Шелфорттың толеранттылық заңы
Пәндер