Судың экологиялық маңызы



Судың экологиялық маңызы
Судың өсімдіктегі маңызының ең бастысы — өсімдік клеткасындағы протоллазманың өмір сүріп, іс-әрекеттерін ойдағыдай атқаруына қолайлы орта жасауы. Плазма сумен қанығып, ісінген жағдайда ғана белсенді тіршілік белгісі пайда болады, ал егер плазма кеуіп қалса организмнің тіршілігі алдымен әлсірейді, одан әрі тіршілік құбылыстары тоқтайды, яғни, су -тіршілік көзі.
Тірі организмдер үшін судың маңызы төмендегі ерекшеліктерімен анықталады: а) жылу сиымдылығының көптігіне байланысты су баяу жылып, баяу суыйды, осы себепті бойында суы мол өсімдіктер өсіп тұрған ортасындағы температураның күрт өзгеруіне айтарлықгай әсер ете қоймайды; б) капилляр түтікшелерімен (өсімдіктің діңіндегі капиллярмен де) судың жоғары биіктікке көтерілуін қамтамасыз ететін беткі керілу күшінің орасан зор мөлшерінің әсері; в) судың көптеген заттарды жақсы ерітетін еріткіштігін белгілейтін химиялық инерттілігі (іс-әрекетсіз, бейтараптагы). Су ішіне түскен заттармен ішінара ғана (сирек) әрекеттеседі, демек ол ертінді ретінде таусылып қалмайды, әрқилы заттарды ерітуге мүмкіншілігі бар. Суда еріген заттар біршама иондарға ыдырайды, ал бұл иондар бір— бірімен кез келген тұрде қосылып, ерітіндінің құрамын күрделендіріп жібереді, яғни, тіршілік құбылыстарының деңгейі өсе түседі.
Көптеген минералды элементтер организмге су арқылы енеді. Мысалы, бір түп күнбағыс өсімдігі вегетациялық кезеңде 200 кг-ға жуық суды өзіне сіңіреді, мұның тек қана 400 г өсімдіктің қоректенуіне жұмсалады, ал судың басқа бөлігі минералды тұздарды өсімдікке енгізуге, өсімдікті күннің ыстығынан күйіп кетуден сақтау үшін булануға және организм ткандарын сумен толық қаныққан жағдайда ұстап тұруға шығындалады.
Өсімдік топырақтың капилляр түтікшелері ішіндегі суды дерліктей, топырақ бөлшектерінің сыртын қаптап тұратын жарғақ су мен сол бөлшектердің арасындағы өз салмағымен төмен қарай ығысуға ыңғайлы гравитациялық суды біршама сіңіріп, пайдаланады. Капилляр және жарғақ сулар (қалың жарғақта) топырақтың ішінде түйіртпек - бөлшектерге аз күшпен тартылатын болғандықтан, салыстырмалы түрде айтқанда, көпөиындықсыз қозғала алады, сондықтан да олар өсімдік сіңіруге қолайлы болады. Ал, жұқа жарғақты сулар топырақтың өте кішкене бөлшектерімен (коллоидтармен) күшті тартылыста болатындықтан және осы тәріздес гигроскопиялық

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

С ӨЖ
Тақырыбы:Судың экологиялық маңызы

Орындаған:Айдарханова А.Б
Тобы:Бл-209

Тексерген:Жилкыбаева С.Ж

Семей 2015

Судың экологиялық маңызы
Судың өсімдіктегі маңызының ең бастысы — өсімдік клеткасындағы
протоллазманың өмір сүріп, іс-әрекеттерін ойдағыдай атқаруына қолайлы орта
жасауы. Плазма сумен қанығып, ісінген жағдайда ғана белсенді тіршілік
белгісі пайда болады, ал егер плазма кеуіп қалса организмнің тіршілігі
алдымен әлсірейді, одан әрі тіршілік құбылыстары тоқтайды, яғни, су
-тіршілік көзі.
Тірі организмдер үшін судың маңызы төмендегі ерекшеліктерімен
анықталады: а) жылу сиымдылығының көптігіне байланысты су баяу жылып, баяу
суыйды, осы себепті бойында суы мол өсімдіктер өсіп тұрған ортасындағы
температураның күрт өзгеруіне айтарлықгай әсер ете қоймайды; б)
капилляр түтікшелерімен (өсімдіктің діңіндегі капиллярмен де) судың жоғары
биіктікке көтерілуін қамтамасыз ететін беткі керілу күшінің орасан зор
мөлшерінің әсері; в) судың көптеген заттарды жақсы ерітетін еріткіштігін
белгілейтін химиялық инерттілігі (іс-әрекетсіз, бейтараптагы). Су ішіне
түскен заттармен ішінара ғана (сирек) әрекеттеседі, демек ол ертінді
ретінде таусылып қалмайды, әрқилы заттарды ерітуге мүмкіншілігі бар. Суда
еріген заттар біршама иондарға ыдырайды, ал бұл иондар бір— бірімен кез
келген тұрде қосылып, ерітіндінің құрамын күрделендіріп жібереді, яғни,
тіршілік құбылыстарының деңгейі өсе түседі.
Көптеген минералды элементтер организмге су арқылы енеді. Мысалы, бір
түп күнбағыс өсімдігі вегетациялық кезеңде 200 кг-ға жуық суды өзіне
сіңіреді, мұның тек қана 400 г өсімдіктің қоректенуіне жұмсалады, ал судың
басқа бөлігі минералды тұздарды өсімдікке енгізуге, өсімдікті күннің
ыстығынан күйіп кетуден сақтау үшін булануға және организм ткандарын сумен
толық қаныққан жағдайда ұстап тұруға шығындалады.
Өсімдік топырақтың капилляр түтікшелері ішіндегі суды дерліктей, топырақ
бөлшектерінің сыртын қаптап тұратын жарғақ су мен сол бөлшектердің
арасындағы өз салмағымен төмен қарай ығысуға ыңғайлы гравитациялық суды
біршама сіңіріп, пайдаланады. Капилляр және жарғақ сулар (қалың жарғақта)
топырақтың ішінде түйіртпек - бөлшектерге аз күшпен тартылатын
болғандықтан, салыстырмалы түрде айтқанда, көпөиындықсыз қозғала алады,
сондықтан да олар өсімдік сіңіруге қолайлы болады. Ал, жұқа жарғақты сулар
топырақтың өте кішкене бөлшектерімен (коллоидтармен) күшті тартылыста
болатындықтан және осы тәріздес гигроскопиялық су (абсолютті құрғақ топырақ
бөлме ішіндегі ауадан сіңіретін су буы), бу түріндегі су және қатты күйдегі
(мұз, қар) суларды өсімдік өзіне сіңіре алмайды.
Өсімдіктің суды өзіне сіңіру дәрежесі топырақтағы су ерітіндісінің
концентрациясы (еріген заттардың көп-аздыгы) мен ондаш суды
жылылығына (температурасына) байланысты. Топырақтағы суда еріген заттардың
концентрациясы неғұрлым көп болған сайын өсімдіктін бұл суды сіңіру
қабілеті төмендей түседі. Өсімдік жылы суды жақсы сіңіреді, себебі төменгі
температурада судың қоюлығы артып, осыған байланысты клетка плазмасының су
өткізгіштік қасиеті төмендеп кетеді.
Жасыл жапырақты өсімдіктер (папоротниктерден бастап) суды негізінде тамыры
арқылы сіңіреді. Ал, мүктер мен қыналар суды бүкіл денесімен сіңіреді.
Топырақтағы өсімдікке қажетті ылғал мөлшері атмосфералық жауын-шашынға
байланысты, Сондықтан, өсімдіктің өсіп-даму жағдайы жауын шашынның мөлшері
мен жауған мерзіміне және түріне тікелей байланысты болады. Әрине, қар мен
жаңбырдың өсімдіктер үшін маңызы зор, Қар еріген кезде топырақтағы ылғал
қорын молайтады, бұдан басқа қар жамылғысы қыста топырақ пен өсімдікті үсіп
кетуден сактайды. Жауын-шашынның жыл ішіндегі бөлініп, таралуы және осыған
байланысты топырақтағы ылғалдың біркелкі жеткілікті болуы немесе
құрғақшылық пен ылғалды кезеңдерде пайда болуы өсімдіктің өсіп-өнуіне әр
түрлі ықпал жасайды.
Топырақ құрамындағы ылғалдылық мөлшері климатық жағдайларға сәйкес
өсімдіктердің әлеуеттік өнімділік мүмкіндіктерін анықтайды, ал нақтылы
өнімділігі агротехникалық шараларға да және өнім сапасы көбше климат
жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Жауын-шашынның жылдық мөлшеріне
сәйкес ауыл шаруашылығы жерлері үш топқа бөлінеді:
1. ылғал жетіспейтін телімі жерлер (жа уын-шашының жылдық
мөлшері 150-300мм);
2. орташа ылғалды телімі жерлер (350-500 мм);
3. ылғал жеткілікті телімі жерлер (жауын-шашың мөлшері жылына 500
мм-ден артық).
Ауаның ылғалдылыты да өсімдік өмірінде елеулі орын алады, себебі ауа
ылғалдылығы өсімдіктің суды буландыруын реттеп отырады, яғни, өсімдік
денесіндегі судың тепе-теңдігіне әсер етеді. Мысалы, ауаның ылғалдылығы
артқан сайын өсімдік өз бойынан суды буландыруды азайтады, ал өсімдік
өзіндегі суды көп буландырып жіберсе, онда оның тамырлары топырақтан
ылғалды соруды көп мөлшерде және қарқынады түрде іске асырады.
Өсімдіктегі судың тепе-теңдігінің кіріс бөлігі тек қана тамыр арқылы
топырақтан сіңірілтен судан тұрады. Ал, судың шығынын өсімдіктің суды
буландыру немесе транспирация кұбылысы анықтайды. Транспирация кұбылысының
мөлшері және қарқыны жапырақтағы бу шығаратын тесіктердің (леп
тесіктері) саны мен көлеміне, жарығының күшіне, ауаның жылылығы мен
ылғалдылығына, желдің жылдамдығына, өсімдіктің анатомиялық жэне
физиологиялық ерекшеліктеріне тығыз байланысты. Орташа есеппен, жапырақтың
барлық көлемінің 1-2%-ын леп тесіктері (устацалар) кұрайды. Судың езіне
қарағанда, оның кіріс және шығыс бөліктерінің бір—біріне ара қатынасының
экологиялық маңызы өте зор. Кейбір өсімдіктер ылғалы өте мол, суы көп
ортада өсіп жатса да, ылғалдың жетіспеушілігінен зардап шегеді, себебі бұл
өсімдіктерде судың организмге сіңіруінен булануы артық мөлшерде жүреді. Осы
себепті өсімдіктерде физиологиялық қуаңшылық пайда болады.
Сумен қамтамасыз ету жағдайы өсімдіктің сыртқы түріне де, ішкі
ерекшелікгеріне де бірдей ықпал жасайды.
Құрғақшылыққа төзімсіз өсімдіктерге гидатофиттер, гидрофиттер және
гигрофиттер жатады. Гидатофиттер — бұлар судың ішінде өсетін, жапырағы
жүзіп жүретін өсімдіктер (рдесттер, құмыра тәрізділер және
т.б.). Гидрофиттер — суға тек төменгі жағы батып тұратын өсімдіктер (қамыс,
күріш және т.б.). Гигрофиттер - дымқылды және қаракөлеңкелі жағдайда, ауа
мен топырақ әр кезде сумен қаныққан жерлерде өсетін өсімдіктер
(қырыққұлақ, цирцея, қолтимес, елекшөп, қырықбуын және т.б.). Ылғалдық,
жарық, жылулық және ауамен мұқтаждық көрсеткіштері орташа қалыптасқан
жағдайда өсетін өсімдіктер мезофиттер деп аталады. Ылғал жетіспейтін немесе
белгілі бір кезеңдерде өте аз болатын жерлерде, яғни, шөл және шөлейтті
аймақтарда өсетін өсімдіктер ксерофитгер деп аталады. Ксерофиттер
екіге бөлінеді склерофитгер және суккулентгер.
Кұрғақшылыққа төзімділік - бұл организм өөөөөөшіазмасының ерекше қасиеті,
осыған байланысты ксерофитгерде өсімдікке топырақтан ылғалды сіңіру
күшейтіледі, оған керісінше, траспирация құбылысы азайтылған. Топырақтан
ылғалды сіңіруді көбейту бұл өсімдіктердің тамыр жүйесінің айрықша
бітімімен өөөөтүсщдіріледі. Кейбір ксерофиттерде тамыр жүйесі
тармақталмаған, олар өте тереңге еніп, ылғалды топырақтың терең, астындағы
қабаттарынан алады. Мысалы, шөлейтті далада өсетін жантақ өсімдігінің
тамыры 15 м тереңдікке дейін өсіп, өзіне қажетті ылғалды жерасты суларынан
сорып алады. Бұл өсімдік жаз айлары қанша ыстық болса да судан ешбір
тапшылық көрмейді, керісінше бұл кездерде бидайға қарағанда екі жарым есе
артық суды буландрып отырады. Басқа ксерофиттердің тамыры тереңге кетпейді,
топырақтың беткі қабатына кең жайылып, тарап-есіп өздеріне қажетті ылғалды
жиьп алады, Мұндай өсімдіктер бір-бірімен тұтасып, бірігіп өспесе де,
олардың тамыр жүйелері топырақтың беткі қабаттарында араласып, айқасып
жатады.
Ксерофиттердің траспирация құбылысын реттеу тәсілдері әрқилы және
мұндай бейімделушілік басқа топтардағы өсімдіктерге де тән. Тәсілдерге
кейбір өсімдіктердің буландыру көлемін ауық-ауық кішірейтіп тұратын амалын
жатқызуға болады. Мысалы, бір жылдық өсімдіктердің дәні (тұқымы) піскеннен
соң, басқа денесі (органдары) толығымен өледі, ал қалған дәні құрғақшылыққа
төзімді болып келеді (жүз жыл кеуіп жатқан гербарийден алынған дәннің
өскені туралы ғылымда деректер бар). Топырақтың ішінде түйнек және бадана
(луковица) беретін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жобадан күтілетін нәтижелер
Қазақстан Республикасында су ресурстарын құқықтық қорғау
Каспий аймағыньң экологиялық жағдайы
Орта мектепте экологиялық білім мен тәрбие берудің мазмұны, түрлері мен әдістері
Су тапшылығы мәселесін шешу
Жайық өзенінің экологиясы
Су, су экологиясы жөнінде білім берудің тиімді әдіс-тәсілдері
Су жайлы
Су ресурстарының экологиялық мәселелері
Жайық өзені туралы
Пәндер