Негізгі бәсекелесті талдау. Бизнес-жоспарлауды қаржыландыру көздері. Бизнес жоспарлау бойынша жалпы кеңес. Бизнес-жоспардың дизайні және стилі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Негізгі бәсекелесті талдау. Бизнес-жоспарлауды қаржыландыру көздері. Бизнес жоспарлау бойынша жалпы кеңес. Бизнес-жоспардың дизайні және стилі.

Жоспар:

  1. Негізгі бәсекелесті талдау.
  2. Бизнес-жоспарлауды қаржыландыру көздері.
  3. Бизнес жоспарлау бойынша жалпы кеңес. Бизнес-жоспардың дизайні және стилі.
  4. Пайдаланған әдебиеттер.

6 нұсқа

  1. Негізгі бәсекелесті талдау.

Талдау не үшін керек? Өзінің бәсекелестердің стратегиясын, мүмкіндеріктірінің күшті және әлсіз жақтары туралы ақпарат алу. Талдаудың бірнеше кезеңдері болады:

  1. Потенциалды мүмкіндіктерін бағалау - күшті және әлсіз жақтары егжей-тегжей зерттеу.
  2. Болашақ мақсаттарын анықтау - Бәсекелесті не ынталандырады? Негізгі мотивациясы.
  3. Қазіргі стратегиясын анықтау - қазіргі кездегі нарықтағы алатын орыны және пайданы ұлғайтудағы мүмкіндіктерін зерттеу.
  4. Бәсекелестің ойы - өзінің нарықтағы алатын орны туралы ойы.
  5. Бәсекелестің іс-әрекетің болжау.

2. Бизнес-жоспарлауды қаржыландыру көздері.

  1. Инвестиция - пайда табу мақсатында белгілі бір кәсіпорынға немесе т. с. с салынған қаржы.
  1. дұрыс құрылған бизнес-жоспар. Инвесторлар өз қаржысын құйғанда, пайда әкелетініне сенуі қажет.
  2. қоғамда жақсы беделге ие болу. Инвесторлар сенімді кәсіпорындарды қаржыландыруға тәуекел етеді.
  3. кәсіпті ашық жүргізу. Бухгалтерлік есептер және БАҚ-пен қарым-қатынас.
  4. ішкі саясат. Ел ішінде тыныштық. Инвесторлар тұрақты дамудағы елдерді таңдауға тәуекел етеді.
  1. Венчурлік инвестициялау. «Венчур» - ағылшынның «Venture» тəуекелді кəсіпорын немесе бастама дегенді білдіреді. Венчурлық қор - венчурлық инвестициялауды жүзеге асыру мақсатында занды түлға құру арқылы немесе құрмай-ақ жеке жəне заңды тұлғалар капиталының шоғырлануын атайды. Венчурлық қорлар - венчурлық инвестициялаудың негізгі механизмі болып табылады. Венчурлық инвестициялаудың бастапқы кезеңінде қызметгі инновация жасау мен коммерциялауға бағытталған компанияларға жеке, отандық жəне шетелдік капиталды тарту мемлекеттің тікелей үлестік қатысуымен венчурлық қорларды қүрғанда мүмкін болады. Венчурлық қорға инвестицияланатын мемлекеттік қаржылар осы қорға кіретін жеке инвестициялардың төуекелдерін төмендетеді. Венчурлық индустрияның қалыптасуының бастапқы кезеңінде мемлекеттің араласуының осындай үлгісі барлық елдерде өзінің тиімділігін көрсетті. Венчурлы қаржыландыру - 1950-60 жылдары Американың Нью-Йорк қаласында банк қызметкері Артур Роктың идеясының негізінде венчурлы қаржыландыру деген ұғым пайда болды. Бұл қаржыландыру шағын инновациялық бизнесті қолдауды дамытуға арналған еді. Қазіргі күні ол жеке венчурлы көсіпкерлікке айналды. Бүл кəсіпкерлік екі түрлі бизнестің қосындысы: бірі - қаржы, екіншісі - инновациялық бизнес. Венчурлы бизнестің негізгі субъектілері мыналар: қаржы акцепторлары - венчурлы компаниялар жəне жаңа бастаушы кəсіпкерлер; қаржы донарлары - жеке тұлғалар, бизнес-періштелер жəне маманданған қорлар; қаржы жөне ақпарат делдалдары. Венчур деген сөздің өзі риск, яғни тəуекел деген мағынаны білдіреді. Бұл бір жағынан, тəуекелге өте жақын, ал бір жағынан, жоғары пайдалы кəсіпкерлік дегенді білдіреді. Венчурлы каржыландыру - ол ұзақ мерзімді жоғарғы тəуекелді қаржыландыру, яғни 5-7 жылға дейін созылады. Ол жаңа пайда болған шағын инновациялық капиталын қалыптастыратың немесе бұрыннан белгілі венчурлы компанияның капиталына - айналатын қаржы құралы.
  2. Несие (лат. creditum - несие, credo - сенемін, сенім білдіремін), несие белгілі-бір мерзім бойы пайдаланып, қайтарылу үшін әдетте, пайыз төлеу шартымен ақшалай немесе тауар түрінде берілетін қарыз.
  3. Лизинг - бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.
  4. Франчайзинг ұғымы Жалпы мағынасында франчайзинг - тауар таңбасын немесе коммерциялық белгілерін жалға беруді білдіреді. Франшизаны пайдалану шарттары франчайзер (франшизаны ұсынған адам) және франчайзи (франшизаны алатын адам) арасында регламенттеледі. Шартының мазмұны әртүрлі болуы мүмкін: қарапайымнан өте күрделіге дейін, құрамында өте ұсақ егжей-тауар белгісін пайдалану ережелеріне дейін өзгешеленеді. Әдетте келісім-шартта франшиза пайдаланғаны үшін аударымдар сомасы реттеледі (ол тіркелген параметрлеріне белгілі бір кезеңдегі құрамдас сату пайызы болуы мүмкін) . Талап аударымдарды болмауы да мүмкін, бірақ бұл жағдайда франчайзи франчайзерден белгілі бір тауар саны, жұмыс немесе қызметтер сатып алуға міндеттенеді. Тауар немесе бренд белгісін пайдалану шарттары жеке тармақпен шартталану мүмкін. Бұл талаптар өте қарапайым (мысалы, франчайзи брендті нақты сала бойынша пайдалануға құқығы бар), сондай-ақ қатал (франчайзи дүкендегі жабдықтарды, мысалы сөрелердің көлемі мен түсі, қызметкерлердің киімдері франчайзердің нақты талаптарына сәйкес пайдалануға міндеттеледі) болуы мүмкін.
  5. МемлекеттікТапсырыс - кәсіпорынға (мекемеге‚ ұйымға) мемлекеттің атынан нақты өнімді дайындап‚ тұтынушыларға жеткізу‚ өндірістік және бейөндірістік, ғылыми-зертеу және басқа сипаттағы белгілі бір жұмысты орындау жөнінде берілетін тапсырма.
  6. Грант (ағылш. grant - сыйға тарту‚ кеңшілік жасау‚ рұқсат беру) - құқықтарды табыстау‚ мүлікті беру туралы құжат; жәрдемқаржы‚ демеуқаржы; ғылыми зерттеулер мен талдамаларды орындау үшін мемлекеттік тапсырысқа ақы төлеуге қайтарусыз бөлінетін ақшалай қаражат; кез келген меншік нысанындағы субъектілердің немесе жеке тұлғалардың ғылыми және әлеуметтік бағдарламалар үшін, сондай-ақ жеке тұлғаларға - ғалымдарға, өнертапқыштарға, авторларға‚ т. б. қайырымдылық, демеушілік көмек ретінде бөлінетін ақшалай қаражаты; заттай грант - инвесторға меншіктену құқығымен ақшасыз нысанда берілетін мүлік немесе мүліктік құқықтар.

3. Бизнес жоспарлау бойынша жалпы кеңес. Бизнес-жоспардың дизайні және стилі.

Бизнес-жоспар - кәсіпорынның алдына қойған экономикалық мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс-тәсілдері баяндалған құжат. Бизнес жасау үшін нарықтық орта жан-жақты зерттеледі. Нарықтық ортаның ағымдағы жағдайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске асырудан түсетін табыс мөлшері, т. б. нақты көрсетіледі. Бизнес-жоспар, көбінесе, банктен кредит алу және оның қайтарылуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Меншік иесінің қатысуымен кәсіпорынның стратегиялық дамуының бағыт-бағдары анықталады, осы арқылы жобаның тиімділігі мен қажеттілігі айқындалады.

Бизнес-жоспар болжалды қаржылық нәтижесі көрсетілген жалпы сипаттамадан және он тарауға бөлінген негізгі бөлімнен тұрады:

  1. жоба бойынша өндірілген тауарлар (не қызмет) түрлері және олардың бәсекелесу қабілеті сипатталады;
  2. тауарларға сұраныс деңгейі мен көлемі ескеріле отырып, өнім өткізу нарығы, өндіріс көлемі мен тауарға қойылатын баға анықталады;
  3. бәсекелестер мүмкіндігі (тауарларының сапасы мен бағасы) туралы мәліметтер талданады;
  4. маркетингтік зерттеу нәтижелері (тауарларды өткізу және баға саясаты, өнімді сатуда ынталандыру, жарнамалау, т. б. ) сараланады;
  5. өнім (не қызмет) өндіру жоспары мен өндірістік байланыстар, өндірістік шығындарды азайту және өнім сапасын жақсарту әдістері айқындалады;
  6. ұйымдастыру-басқару жұмыстары және қызметкерлермен жұмыс істеу бағдары белгіленеді;
  7. жобаның ұйымдық-құқықтық негіздерін көрсететін заңдық құжаттар жасалады;
  8. жұмыс барысында кездесетін қауіп-қатерді болжау және оның алдын алу шаралары қарастырылады;
  9. жобаның барлық буындарының құндық көрсеткіштері жинақталып, ақшаға шағып көрсетілген қаржы жоспары нақтыланады;
  10. қаржы көздері (жобаны іске асыруға жеткілікті соманы қайдан, қанша мөлшерде ала алады және жоба қандай мөлшерде пайда кіргізеді, кредитордан алынған қаражатты мерзімінде қайтара алу қабілеті, т. б. ) жобаланады. Бизнес-жоспар тауар, ақша, өндіріс факторы қозғалысының жалпы балансын айқын бейнелейді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бизнес жоспарын құру жолдары
Өнеркәсіптік кәсіпорынның бизнес-жоспарын жасау
Кәсіпорынның бизнес - жоспарын жетілдіру жолдары
Бизнес жоспардың мәні, қызметтері
Қазақстан кәсіпорындарындағы бизнес-жоспарлаудың мәселелері
Бизнес жоспар. “Апрель” ЖШС-ң бизнес жоспарын талдау
Бизнес жоспардың қысқаша құрылымы
Қазақстан кәсіпорындарындағы бизнес-жоспарлау мәселелері
Бизнес-жоспар кәсіпорын қаржысын стратегиялық жоспарлау мен басқарудың құралы ретінде
Өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz