Экономикалық аудан. Қазақстанның экономикалық аудандары


Жоспар:
- Экономикалық аудан.
- Қазақстанның экономикалық аудандары.
Экономикалық аудан - жалпы ел аумағының тұтастай бірігіп жатқан ірі бөлігі. Ол өз кезегінде бірнеше әкімшілік-аумақтық бөлініс бірліктерін қамтиды. Экономикалық аудан бір-бірінен жер аумақтарының экономикалық-географиялық орналасу жағдайының, табиғат және еңбек ресурстарының, шаруашылығының кешенділігі мен оның салалық мамандануының, өндіріс орындарының өзара ауданішілік тұрақты байланыстарының бірыңғайлы үйлесуімен, әрі олардың ел экономикасындағы маңызына қарай ерекшеленеді. Әдетте халқының еңбек дағдысына және табиғат жағдайына байланысты белгілі бір аумақтағы шаруашылықтың тиімді салалары бағытында дамуы барысында географиялық еңбек бөлінісі туындайды. Олармен тығыз байланыста басқадай қосалқы қызмет көрсетуші өндіріс салалары пайда болуы арқылы үлкен аумақты қамтитын Экономикалық аудан дүниеге келеді. Кейбір экономикалық аудан бір бағыттағы өнімдер өндірсе, екіншісі көп салалы болады. Осылайша экономикалық аудан арасында үнемі қызмет пен өнімдер алмасуы нәтижесінде ауданаралық экономикалық байланыстар орнығады. Ел ішіндегі экономикалық аудандар жиынтығы, сол мемлекеттің жалпы ұлт-тық экономикасын құрайды. Халық шаруашылығының дамуы барысында экономикалық ауданның мамандану бағыты да өзгеріп отырады. Мысалы, жаңа кен байлықтарының үлкен қорлары ашылуы немесе ірі өндіріс орындарының салынуларына байланысты. Осы себепті, экономикалық аудан құрамында іргелі өзгерістер болып, оның орналасу шекараларының өзгерісі нәтижесінде жаңа экономикалық аудан қалыптасады. Кез келген экономикалық ауданның экономикалық-географиялық сипаттамасы төмендегі жоспар бойынша беріледі:
- Экономикалық аудан құрамы, оның шекаралары;
- Экономикалық-географиялық жағдайлары мен ресурстары, оларға шаруашылық тұрғысынан баға беру және тиімді пайдалану мүмкіндігі;
- Халқы және еңбек ресурстарының орналасу ерекшеліктері;
- Шаруашылығының дамуындағы тарихи алғышарттар;
- Шаруашылығының, оның ішінде өнеркәсіп және а. ш. салаларының мамандануы мен орналасуы;
- Өндірісті орналастыру формалары (аумағы-өндірістік кешен, өнеркәсіп тораптары, өндірістің шашыраңқы орталықтары, т. б. ) ;
- Ірі қалалары;
- Экологиялық жай-күйі;
- Сыртқы байланыстары және экономикалық ауданның даму болашағы.
Қазақстан аумағы шаруашылыққа мамандануына қарай бес экономикалық ауданға бөлінген. Экономикалық аудан дегеніміз - бір-бірінен шаруашылыққа мамандануы және дамуы жөнінен айырмашылық жасайтын елдің бір бөлігі.
Орыс ғалымы Н. Н. Баранский Қазақстанды бес экономикалық ауданға бөлген, олар: Орталық Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан экономикалық аудандары.
Батыс Қазақстан Қазақстандағы жер көлемі жөнінен бірінші орын алатын экономикалық аудан. Аудан құрамына Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары кіреді. Батыс Қазақстан экономикалық ауданына кіретін облыстар мамандануы жөнінен ерекшеленеді. Маңғыстау мен Атырау облыстары мұнай, газ, балық өнеркәсібіне, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары хром, никель, минералды тыңайтқыштар өндіруге маманданған. Ақтөбе облысында орналасқан Мұғалжар тауында Қазақстандағы хром мен никельдің 99%-ы шоғырланған. Қазақстан хромның қоры жөнінен Оңтүстік Африка Республикасынан кейінгі екінші орынды алады. Қазақстандағы негізгі қара металлургия орталықтары ретінде Ақтөбе мен Ақсу қалалары саналады. Ақтөбе мен Ақсуда сапалы ферроқорытпа өндіріледі.
Орталық Қазақстан экономикалық ауданында 100% кокстелетін көмір, шойын, болат марганец кені өндіріледі. Себебі осы кендердің қорлары өте мол.
Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы Қазақстанның басты суармалы егіншілікті ауданы. Мұнда үнемі суаруды қажет ететін техникалық дақылдардан мақта, қант қызылшасы, күріш, дәнді дақылдар өсіріледі.
Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы Қазақстан бойынша бірден-бір мақта өсіретін аудан. Мақтадан жеңіл өнеркәсібіне қажетті талшықтан басқа, шитті мақта майы алынады.
Шығыс Қазақстан еліміздің түсті металлургия мен арзан су электр энергиясын өндіретін ауданы. Шығыс Қазақстанда Қазақстандағы ірі СЭС-тар мен түсті металдың мол қоры бар. Шығыс Қазақстан Қазақстанның орман шаруашылығы бойынша жетекші ауданы. Қазақстандағы орманның 40 пайызы Шығыс Қазақстанға тиесілі. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан Қазақстанның негізгі алтын өндіретін ауданы. Қазақстандағы алтын кен орындарының 62-сі осы ауданда шоғырланған. Шығыс Қазақстанда жыл сайын 887 кг алтын өндіріледі.
Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы Қазақстанның басты астық шаруашылығы дамыған ауданы. Мұнда егістік жердің 78%-ына жаздық бидай егіледі. Құрамына Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстары жатады. Аумағында Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы орналасқан. Ірі қалалары - Павлодар, Петропавл, Қостанай, Екібастұз, Көкшетау.
Қазақстандағы әкімшілік аумақтық бөлінудің ең жоғарғы сатысы - облыс. Қазақстандағы облыстар саны - 14. Ауданы жөнінен ең үлкен облыс Қарағанды облысы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz