Поливинилацетат өндірісінің қалдықтары мен органикалық қалдықтарды кәдеге жарату әдістері


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Поливинилацетат өндірісі қалдықтары.

Поливинилацетат - қатты зат, түссіз және мөлдір, уытсыз адгезияға жақсы. Поливинилацетат күрделі эфирде, ароматты күкіртті суда жақсы ериді, бензинде, керосинде, майда, скипидарда, глицеринде ерімейді. Поливинилацетат суда аздап ісінеді. Оны лакты бояғыш материалдарды өндіру үшін қолданады. Поливинилацетат - аморфты, түссіз, иіссіз және дәмсіз термопластикалық полимер. Винилацетатының, яғни сірке қышқылының винилді эфирінің полимері болып табылады. Молекулалық массасы 10 000-1 500 000; Жұмсару температурасы 30-50 °С; Тығыздығы 1, 19 г/см3; Салыстырмалы ұзаруы 10-20%; Жылуөткізгіштігі 0, 16 Вт/(м·К) ; Шынылану температурасы 280C; Электр тұрақтылығы 1 МВ/м; Ылғал өткізгіштігі (2, 5-5, 8) · 10-14 кг/(м·с·Па) ; Газөткізгіштігі 56·10-15 м3/(м·с·Па) .

Поливинил ацетат полимерлеу нәтижесінде түзілетін өнім - винилацетат.

Негізгі органикалық және мұнай химиялық синтез өндірісінде алынатын, оттекті қосылыстардың арасында болатын күрделі винил эфирлерінің ішінен ең маңыздысы - винилацетат. Ол алдыңғы орындардың бірін алады. Өндірісте винилацетат ең алдымен мономер ретінде кең тарады. Винилацетат ең маңызды қасиеті оның полимерленуге қабілеттілігі болып табылады. Полимерлену иондық механизммен жүріп, қышқылдық агенттермен катализденеді. Сірке қышқылының винил эфирі тәуелсіз-радикалды механизм бойынша өтетін, полимерлену мономерлеріне сәйкес келетін мономерлермен сополимерленуге қабілетті.

Винилацетаттан алынатын полимерлер өнімдерінің арасында поливинилацетат, поливинил спирті және поливинилацетальдар кең қолданыс тапты. Жоғары адгезиялық және эластикалық қасиеттеріне орай винилацетат жоғары желімдеуіш қабілеттілігіне ие және ол суда еритін латексті бояулар, желімдер (металдарға арналған) өндірісінде қолданылады, сондай-ақ винилхлоридпен, этиленмен, акрил қышқылының эфирлерімен, стиролмен және тағы басқалармен сополимерлері кеңінен таралған.

Винилацетат одан да көп мөлшері поливинил спирті мен поливинилацеталь алу үшін жұмсалады. Поливинил спирті суда ериді және сулы ерітінділерде эмульгатор және қоюландырғыш (загуститель) ретінде қолданылады. Сондай-ақ бензинге және майға төзімді шланглер дайындауда, май өткізбейтін қағазды толықтандырғыш (уплотнитель) әсіресе, әртүрлі атпен шығарылатын, мысалы «винол», «винал» (АҚШ), «куралон», «винилон» (Жапония) және басқа да талшықтар дайындауда қолданылады.

Органикалық материалдар өндірісінің қалдықтары. Органикалық қалдықтар органикалық синтез нәтижесінде қаныққан, қанықпаған, ацетилен және аромат көмірсутектер алу негізінде түзіледі. сонымен қатар целлюлоза, талшықтар, каучуктер, бояулар, жілңмдер, пластмассалар және резина бұйымдары негізіндегі полимер өндірісінде түзіледі.

Хлорлы көмірсутек өндірісінің ққалдықтары: органикалық синтез өндірісінде 80 % хлор қолдынылады. Органикалық қосылыстарды хлорлау процесінде 50 % хлор жұмсалады, ал қалған бөлігі газды тұз қышқылы түрінде болады.

Газды тұз қышқылы дегеніміз- құрамында тұз қышқылынан басқа газ түріндегі хлор, СО, СО, О2 және органиекалық қосылыстардың буы бар қосылыстарын айтамыз.

Газды тұз қышқылын утилизациялау әдістері:

  1. Тұз қышқылын өңделген және концентрлі қышқылмен адсорбциялау.
  2. Органикалық қосылыстарды сәйкес келетін еріткіштермен адсорбциялау.

Регенерацияланған газды қышқыл техникалық тұз қышқылының талаптарына сәйкес келеді.

Органикалық қалдықтарды кәдеге жаратуға арналған қалыпты химиялық технологиялар қатарына мыналарды жатқызады:

· пиролиз;

· гидролиз;

· өртеу.

Пиролиз деп ауасыз ортада органикалық қалдықтардың ыдырау барысын басқара отырып ыдырау мен синтез нәтижесінде пайдалы заттар шығарып алу мақсатын іске асыру шарасын айтады. Бұл тәсілді органикалық қалдықтардың көптеген түрлеріне ( ағаштың, қағаздың, матаның, терінің, резеңкенің, майдың, пластмассаның, химиялық қоспалардың, тұрмыстық және ауырухана қалдықтарының) пайдалануға болатындықтан бүгінгі заман талабына сай алдыңғы қатарлы тәсілдердің бірі болып есептеледі. Бастапқыда бұл пиролиза тәсілі қалдықты энергетикалық мақсатқа пайдалануға арналған болса кәзір екінші реттік құнды шикізаттар шығарып алуға (көміртегіні, шәйірді, жеңіл майларды, органикалық еріткіштерді және т. б. ) кеңінен қолданыс тапты. Пиролиздік ыдырау барысында бөліп шығаруға болатын бұл заттарды шикізат түрінде де және отын түрінде де пайдалануға болады. Мысалға, пиролиз арқылы пластмасса қалдықтарын ыдырату барысында бөлініп шығатын заттар мұнай өңдегенде бөлінетін заттармен бірдей болумен қатар бұл процес экономикалық тұрғыдан өте тиімді болып табылады. Полимер қалдықтардың кейбір түрлерін көмір тотығы (СО) ағымы ортасында қыздыру арқылы жүрілетін редукциялық пиролиз деп аталатын тәсіл айрықша оңтайлы болып есептеледі. Бұндағы басты артықшылық ретінде қоршаған ортаға келетін зиян өте аз деңгейде болатындығы келтіріледі.

Гидролиз деп иондары босатылған деңгейде суда ерітілген заттың реакцияға түсуін айтады. Бұны кәдеге жарату технологиясы ретінде қалдық құрамындағы целлюлоза құрамдастарын ыдыратып бөліп алу үшін пайдаланады. Сонымен қатар қалдықты гидролиттік жолмен ыдырату арқылы полиамин заттарды өңдеп диамин шығарып алу мақсатына да қолданады. Құрамында целлюлоза араласқан органикалық қалдықты пиролиз тәсілімен өңдеу арқылы жем ашыртқылары мен кейбір сілтілерді шығарып алады.

Өртеу шарасын химиялық кәдеге жарату технологиясы ретінде түсінуге болады және бұл әсіресе қалдықтың энергетикалық потенциалын пайдалануға қатысты қолданылады. Бұнда қалдықты өртеу барысында химиялық процеспен қатарласа физикалық өзгерістердің де жүрілетіндігін ескеру қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу: әдістері, экологиялық проблемалар мен перспективалар
Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды өңдеу, кәдеге жарату және залалсыздандыру
Павлодар қаласындағы пластикалық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату мәселелері
Органикалық қалдықтарды жәндіктер мен құрттар арқылы биологиялық өңдеу: әдістері мен технологиялары
Ауыл шаруашылық қалдықтарын кәдеге жарату және биогаз өндірісін дамыту жолдары: технологиялық және экологиялық аспектілер
Қостанай қаласындағы құрылыс қалдықтарын басқару: жіктелуі, қоршаған ортаға әсері және кәдеге жарату жолдары
Органикалық қалдықтарды анаэробты компосттау арқылы биотыңайтқыш алу: зертханалық зерттеу мен математикалық модельдеу
Құрамында органикалық заттар басым өндірістік қалдықтарды биотехнологиялық әдістермен қайта өңдеу
Қазақстандағы ілеспе газды кәдеге жарату бағдарламалары мен технологиялары: Теңізшевройл, Қазақойл Ақтөбе, Майбұлақ және автоматтандырылған басқару жүйелері
Тұрмыстық және ауылшаруашылық органикалық қалдықтарды компосттау арқылы биотыңайтқыш өндіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz