Әдеби жанрлар



Әдеби жанрлар (фр. тілінде genre - түр, тек, жанр) – ауызша және жазбаша шығармалардың көркем даму процесінде қалыптасады.
Шығарма жанры дәстүрлі түрде мынадай негізгі белгісі бойынша анықталады - бір жанрдағы шығармаларды біріктіретін және айтарлықтай тұрақты, әрі тарихи қайталанатын сипаттағы мазмұнына, құрылысы мен түріне қарай.
Көркем шығарманы кеңінен танып білу жанрлар сериясын тудырады. Атап айтар болсақ, тарихи, отбасылық-тұрмыстық, детективтік, ғылыми-фантастикалық және т.б. келтіруге болады. Мұның барлығы көркем шығарманы кеңінен таңып білудің жемісі. Шығарманың танымдық мазмұны көбінесе романның, повестің және әңгіменің немесе пьеса мен көріністің, өлеңнің жеке немесе топтық портреттің жанрлық ерекшеліктерін айқындайды. Суреткердің идеялық-психологиялық бағалау ұстанымы апологиялық және сырттай объективті, ирониялық болуы мүмкін болғандықтан, бірқатар жанр түрлері туындайды. Оларға тоқталар болсақ, әдебиеттегі ода – баллада – эпиграмма – памфлет осының нәтижесі. Сонымен қатар, олардың әрқайсысында өнердің басқа түрлеріне қарағанда жанрлық мүшелену қатынасында өзгешелік бар, яғни өнердің түрі (мысалы, фольклорлық поэзия және әдебиет, поэзия және проза) мен тегіне (мысалы, әдебиеттегі эпос, лирика, драма) қарай бөлінісінде. Көркем шығарма дифференциясындағы олардың қарым-қатынасын зерделеу тұйыққа тірелуде. Өйткені, «Жанр», «Түр», «Тек», «Әр түрлілік» терминдері осыған байланысты нақты анықтамасын тапқан жоқ. Осының салдарынан, оларды қолданыста бірінің орнына бірін пайдалану жалғасуда.
Қайта өрлеу дәуірі тұсындағы өнер жанрлар арасындағы нақты демаркациялық шекара жоқ; XVII – XVIII ғасырлардағы классицизм эстетикасы жалпы иерархиялық жанрлар жүйесіндегі әр жанрдың тазалығын қамтамасыз ететін қатаң тәртіп орнатты. Сол уақытта Францияда «жанр» ұғымы қолданысқа енді; XIX ғасырда жанрлардың өзара әрекеттестік процесі қайта оралды. Олардың қосылып кетуі, тоғысуы, қатаң белгіленген шекараның бұзылуы басталды. Кейбір қазіргі заманғы теоретиктер жанр

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Әдеби жанрлар

Әдеби жанрлар (фр. тілінде genre - түр, тек, жанр) – ауызша және
жазбаша шығармалардың көркем даму процесінде қалыптасады.
Шығарма жанры дәстүрлі түрде мынадай негізгі белгісі бойынша
анықталады - бір жанрдағы шығармаларды біріктіретін және айтарлықтай
тұрақты, әрі тарихи қайталанатын сипаттағы мазмұнына, құрылысы мен түріне
қарай.
Көркем шығарманы кеңінен танып білу жанрлар сериясын тудырады. Атап
айтар болсақ, тарихи, отбасылық-тұрмыстық, детективтік, ғылыми-
фантастикалық және т.б. келтіруге болады. Мұның барлығы көркем шығарманы
кеңінен таңып білудің жемісі. Шығарманың танымдық мазмұны көбінесе
романның, повестің және әңгіменің немесе пьеса мен көріністің, өлеңнің
жеке немесе топтық портреттің жанрлық ерекшеліктерін айқындайды.
Суреткердің идеялық-психологиялық бағалау ұстанымы апологиялық және
сырттай объективті, ирониялық болуы мүмкін болғандықтан, бірқатар жанр
түрлері туындайды. Оларға тоқталар болсақ, әдебиеттегі ода – баллада –
эпиграмма – памфлет осының нәтижесі. Сонымен қатар, олардың әрқайсысында
өнердің басқа түрлеріне қарағанда жанрлық мүшелену қатынасында өзгешелік
бар, яғни өнердің түрі (мысалы, фольклорлық поэзия және әдебиет, поэзия
және проза) мен тегіне (мысалы, әдебиеттегі эпос, лирика, драма) қарай
бөлінісінде. Көркем шығарма дифференциясындағы олардың қарым-қатынасын
зерделеу тұйыққа тірелуде. Өйткені, Жанр, Түр, Тек, Әр түрлілік
терминдері осыған байланысты нақты анықтамасын тапқан жоқ. Осының
салдарынан, оларды қолданыста бірінің орнына бірін пайдалану жалғасуда.
Қайта өрлеу дәуірі тұсындағы өнер жанрлар арасындағы нақты
демаркациялық шекара жоқ; XVII – XVIII ғасырлардағы классицизм эстетикасы
жалпы иерархиялық жанрлар жүйесіндегі әр жанрдың тазалығын қамтамасыз
ететін қатаң тәртіп орнатты. Сол уақытта Францияда жанр ұғымы қолданысқа
енді; XIX ғасырда жанрлардың өзара әрекеттестік процесі қайта оралды.
Олардың қосылып кетуі, тоғысуы, қатаң белгіленген шекараның бұзылуы
басталды. Кейбір қазіргі заманғы теоретиктер жанр дифференциясы тіптен
ескірген деп жанр мәселесін алға қоюдың қажеті жоқ деп есептейді.
Шығарманы сипаттау үшін оның мазмұнының жанрлық ерекшеліктері маңызды.
Бұған байланысты ұғымдар Г. Гегельдің Эстетика еңбегінде, А.Н.
Веселовскидің Исторической поэтике шығармасында және басқа да
ғалымдардың еңбектерінде қамтылды. Эпикалық, драматургиялық, лирикалық
және лиро-эпикалық сияқты жанрлық топтар ерекшеленген. Осындай топтардың
әрқайсысының шегінде шығарма әдеби тегі, өлеңдік және прозалық формасы
және соңғысы, өзінің көлемі бойынша ажыратыла алады. Көне әдебиеттің
жанрлық жүйесі күрделілігімен және көп тармақтылығымен ерекшеленеді. Жаңа
заман әдебиетімен салыстырып қарар болсақ, тұрақтылығымен сипатталады.
Кешірек, қоғамның дамуы, өзінің жанрларымен бірге әдебиеттің де дамуы
жылдамырақ бола бастады. Әдеби бағыттың туындауымен бірге жанр жүйесі
белсенді түрде теориялық мағына мен негіздеме берудің нысанасына айналды.
Осылайша, классицизм поэтикасы болып жоғарғы, ортаңғы және төменгі жанрлар
ерекшеленді. Жанр жазушылар немесе ақындар міндетті түрде сақтауы керек
регламенттелген жалғыз норма сияқты ұғынылды. Бұдан әрі классицизм
жанрларының рационалистік жүйесін сентименталистер мен романтиктер
бұзды. Олар шығармашылық бостандығын тәртіптерден жоғары бағалап,
қарсы шықты. Романтизм классицизмге керағар жанрлар тудырды. Ол адамның
ішкі көңіл-күйін, сезімін тереңірек ашып алдыңғы қатарға шығарды.
Классицизм дәуірінде орын алмаған адамның ішкі сыры, терең сезімі, жеке
тұлғаның ішкі уайым-қайғысы, қуанышы, яки адами қасиеттер сентиментализм
тұсында алдыңғы орынға шықты. Сентименталистер шығармалары классицистік
мадақ жырын, батырлық поэмаларды, трагедия, поэмаларды ысырып, ішкі сырды
бейнелейтін эллегия, баллада, лиро-эпикалық романтикалық поэмаларға жол
ашты. Әр автор жанр түрлерін әр түрлі жүйелендірді.
Әдебиеттану ғылымында біз әдетте, әр автордың қаламының ұшқырлығы,
жазу шеберлігі өзінше дара, өркештеніп тұрады, бір-біріне ұқсамайтын
өзіндік жазу ерекшелігі болады дейміз. Өйткені, әдебиеттану сөз өнері
болғандықтан сөз – алтын жіп, жыр – кесте демекші, сөздің
құдыреттілігімен түрліше өріледі. Алайда, көп ғасырлық даму тарихы бар
әдебиеттану ғылымы типологиялық ұқсастықтар бар. Осылайша, типологиялық
ұқсастығы мен негізгі қырлары бойынша олар нақты бірнеше топтар мен
тектерге бөлінеді. Бұл тектік бөлініс әдебиеттану ғылымы дүниееге келген
кезден бастап туындады. Бұл көне гректер мен римдіктерге белгілі болды.
Әдебиеттегі тек пен жанр түрлерінің теориясының негізін тұңғыш рет
Аристотель қалады. Аристотель өзінің Поэтика еңбегінде әдебиетті сөзбен
өрілген өмір дейді. Солай деп айта келе ұлы философ оның үш түріне
тоқталады. Оқиғаға автордың өзі қатыспай сырттай бейнелеуі эпикалық
тәсіл деп айта келе ол бұған мысал ретінде Гомер шығармаларын келтіреді.
Екінші тәсіл – бұл әдеби тәсіл. Яғни, шығарманың негізі нысанасы -
автордың жан толғанысы, ішкі сезімі, лирикалық көңіл-күйі. Енді ең
соңғысына келер болсақ, ол – драмалық, ал тектің өзімі драма деп аталады.
Драмада жазушының бейнелеген кейіпкерлері айтайын деген ойын өзінің іс
қимылы, дауыс ырғағы, интонациясы арқылы сахнада береді.
Неміс философы Гегель әдебиеттің тегі туралы мәселемен ден қоя
айналысқан. Бұл ретте ол өзі ғылымының негізі етіп философиялық ұғымдарды
алады. Яғни, объект, субъект ұғымдарын пайдаланады. Әдебиеттің әдеби
тектерінің негізін ол өзінің диалектикалық идеяларының негізінде
қарастырды. Субъект дегеніміз ақынның өзі, эпос - баяндаушы жанр дей
келе, лириканың түрлеріне мадақ жырын, элегияны, лирикалық жолдауды,
өлеңді, эпиграмма мен сонетті жатқызады. Драмаға драма мен трагедияны
жатқызады.
Сөйтіп, бір елде ерте, бір елде кеш тарап, жанр атаулары қанатын
кеңінен жайды, сонымен қатар осы процесс істінде олар әртүрлі
ассоциацияларға ие болып, басқа да мағыналарды жүктеді. Мысалы, Италияда
новелла сөзі басында әртүрлі жанрдағы прозалық шығармаларды, рыцарлық
романдарды, антикалық дәуірдің батырлық мифтерін, тарихи туындылар мен
мысалдарды білдірумен қатар, тұрмыстық күлкілі әңгімелерді де білдірді. Ал
Ресейде повестерді новелла деп атады. Жазушылар өздерінің шығармаларына
қоғамның санасында қалыптасатын жанрлық атауын белгілейді. Авторлар кейде
жанама ассоциациялардың жетегінде кетіп, қателесуі де мүмкін.
Әдебиеттанушыларға автор пікіріне қарсы шығу қиындық тудырады.
Әртүрлі жанрдағы шығармалар кейде бір атаумен айтылса, енді бірде бір
жанр әртүрлі елдерде түрлі атауға ие. Мысалы романдардың тарихи және
қазіргі заманғы немесе, екінші жағынан, саяси және философиялық бөлінуін
есепке алудың қажеті жоқ. Көркем шығармалардағы тарих пен қазіргі заман
олардың тақырыбы саласына жатады. Ал автор мен кейіпкерлердің саяси және
философиялық мүдделері оның проблематикасы саласына жатады. Шығарманың
компазициялық мотивациясын оның жанрлық ерекшелігіне жатқызуға болмайды.
Айталық, лирикадағы арнау жанрға жатпайды.
Жанр - бұл тарихи құбылыс емес, типологиялық құбылысқа жатады. Олардың
құрылысы мүлдем басқаша болғанымен, нақты жанр туындысы болады. Роман,
комедия, элегиялардың жанрлық ортақтығы неде? Оны шығарманың өң бойынан
іздеген дұрыс болар деп ойлаймыз. Яғни, шығарма авторының өз ойын беру
әдісі жанрлық тұтастықты құрайды. Жоғарыда айтқан Аристотель мен Гегель
философиясы осының айқын дәлелі болып табылады. Көп құрылымды көркем
шығарманың мазмұынынан оның жанрлық аспектісі болып табылатын, тарихи
қайталанатын аспектісін, жанр және оның түрлілігінің негізі жататын қырын
табу керек.

Қазіргі замандағы батыс әдебиеттану ғылымы
жанр мәселесі туралы

Р.Уэллек пен О.Уорреннің тұжырымдамаларында жанр мәселесі анағұрлым
кеңірек зерттелген. Олар: әдеби жанр – бұл фикция емес дей келе, әдеби
жанрға төмендегідей анықтама береді. Олардың тұжырымдамасы бойынша: Бір
мезетте жазушының жазу мәнері арқылы анықталатын белгіленген ереже әдеби
жанр. Уоррен мен Уэллектің пікірі бойынша жанр теориясы: әдеби процесті
уақыт пен орын санатының көмегі (кезеңділігі мен тілі) арқылы емес, таза
әдеби категориялардың көмегімен классификациялауға мүмкіндік беретін,
тәртіпке келтірілген жүйе. Осындай таза әдеби категориялардың қатарына
жанр да жатады. Зерттеушілердің идеясы бойынша, жанр әдеби құрылым ретінде
көркем шығармағы сыни баға беруде де қолданылады. Уэллек пен Уорреннің ойы
бойынша жанр мәңгілікке белгіленбейді. Шығармағы жеке, сыни көзқарас жаңа
тек түріне жол ашуға мүмкіндік береді. Уэллек пен Уоррен жанр деп шартты
түрде жалпы ішкі (ішкі сезім, көңіл-күй, қарым-қатынас, ойлау, өзге
сөзбен айтсақ- тақырып пен аудитория) және сыртқы (пішіні, құрылымы)
теориялық белгісі көрінетін әдеби шығармалар тобын атайды [36,28].

Жанр формалары

Лирикалық формалардан өлеңді, өзара тақырыптық ерекшеліктері мен
көтерген мпәселелері бойынша байланысты өлең циклдерін – лирикалық поэманы
байқауға болады. Сонымен қатар, көптеген ұлттың төл әдебиеттерінде әртүрлі
өлең үлгілері туындады. Айталық, өлеңдік-строфикалық формасы. Олардың
кебіреулері ұлт әдебиетінің шегінен шығып, халықаралық дәрежеде мойындалды.
Бұған мысалдар легін келтіруге болады: эллегия, сонет, ертегі, өлең,
поэма, эпопея (бұған әрине мысал мен балладаны қосуға болады), повесть,
әңгіме, пьесаның түрлері және ақ өлең үлгілері осының дәлелі. Бұл
формалардың әр түрі әр дәуірде өмір сүрген әрі әр бағыттағы жазушылардың
шығармаларында әртүрлі жанрлық мазмұнды білдіреді. Эпос, лирика,
драманың тектері, атаулары әртүрлі болғанымен бір-біріне жақын болуы
мүмкін.
Жауынгерлердің ұлтты азат ету мақсатындағы төңкеріс қозғалыстарын
туындатуы түрлі жанрларда лирикалық шығармалардың кеңінен таралып, дамуына
ықпал етті. Ұлтттық-тарихи лирика жетекші маңызға ие болды. Ол басқыншы
жаулап алушылардың құрсауынан босануды аңсаған халықтың, бүтін бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘДЕБИ ЖАНРЛАР АНЫҚТАМАСЫ
Көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі және мәндері
Қазіргі замандағы батыс әдебиеттану ғылымы жанр мәселесі
Тележурналситика жанрлары мен пішіндері
Көркем деректі жанр түрлері
Өлең сөздің теориясы
Шығарманың жанры мен құрылымы
Әдеби үдеріс (процесс), әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер
Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясы
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері
Пәндер