Сапалы инженер маманды даярлаудың өзекті мәселелері



Жоспары:
Кіріспе
1. Сапалы мнженер маманды даярлаудың өзекті мәселелері
Негізгі бөлім
1. Инженер мамандығы жөнінде жалпы мәліметтер
2. Инженерлерді даярлау . өзекті мәселе
Қорытынды.
Инженер мамандар . келешектің кепілі.
Инженер мамандарды даярлаудың әлеуметтік аспектілері.
Қазір Қазақстан Республикасы экономикалық жағынан тұрақты даму арнасына түсіп, саяси, демократиялық ұстанымы тұрғысынан дүниежүзін риза етіп, мойындатқан мемлекет болды. Республика Президентінің негізгі ұстанымына орай біздің мемлекеттік стратегия: «алдымен – экономика, содан соң саясат» бағытымен дамып келеді. Экономикадағы қарышты қадам нәтижесінде Қазақстан тұрғындарының әлеуметтік- тұрмыстық жағдайы сапалық жоғары деңгейге көтерілді. Бұл тұрғыдан алғанда, Солтүстік көршіміз – іргелі Ресейдің өзі біздің ТМД кеңістігінде көшбастаушы екенімізді мойындайды. Зерттеушілер берген бағаға қарасақ, Қазақстан 1990 жылдардың басында әлемдік рейтингте алғашқы жүз мемлекеттің қатарына да ілікпеген.Ал 2005 жылы 117 мемлекеттің арасында 61 орынды алды. Бұл көрсеткіш Литвадан(43-орын), Қытайдан(49- орын), Үндістаннан (50-орын), Польшадан(51-орын), Мексикадан(55-орын) кейін, ал Бразилиядан (65-орын), Түркиядан(66-орын), Әзірбайжаннан(69-орын), Аргентинадан(72- орын), Ресейден(75-орын), Украйнадан(84-орын), Венесуэладан(89-орын) алда тұрғанын сипаттайды.Бәсекелестікке қабілеттілік индексі бойынша былтыр және биылғы жылы ТМД елдерінінің бәрін артта қалдырып,56-орынға көтерілдік.Бүкіл әлемдік экономикалық форумның рейтингісі бойынша 51-орын және инновациялық фактор жөнінен 71-орынды иемденді.Осыдан он жыл бұрын шетелдік инвесторлар Қазақстанды Орта Азия елдерімен, бес жыл бұрын Ресей мен Украйна елдерімен салыстырса, қазіргі кезді елімізді Оңтүстік-Шығыс елдерімен салыстыруда.Бас-аяғы 15 жылдың ішінде осындай биіктерге қол жеткізуіміз, ең алдымен, мемлекет басшылығының ғылыми негізделген өміршең саясаты және Қазақстан жерінің табиғи байлығы нәтижесінде мүмкін болды.Алайда, отандық өндірісті дамытуда Қазақстан бүгінде халықаралық еңбек рыногына бағдарланған бәсекеге қабілетті инженер мамандарымен толыққанды қамтамасыз етуді қажетсініп отыр. Оған дәйек - бүгінгі күнде еліміздің өндіріс орындарынының көпшілігінде шетелдік мамандар жұмыс істеуде. Қазақстан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегі аймақтардан келіп түсетін ақпараттар негізінде жасалған талдау қорытындысы бойынша Қазақстан өнеркәсіп өндірістері жыл сайын 40 мыңдай инженерді қажет етеді. Ал алдағы уақытта әр түрлі деңгейдегі инженер мамандарына 119 мыңдай сұраныс болады екен. Бір ғана мұнайгаз саласындағы мамандардың болжамды қажеттілігі 2007 жылға – 17,5 мың адам, 2008 жылға – 16,6 мың, ал 2009 жылға – 15,3 мың адамды құрайды. Оның үстіне өндіріске білікті жұмысшы кадрлары да жетіспейді

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
Кіріспе
1. Сапалы мнженер маманды даярлаудың өзекті мәселелері
Негізгі бөлім
1. Инженер мамандығы жөнінде жалпы мәліметтер
2. Инженерлерді даярлау - өзекті мәселе
Қорытынды.
Инженер мамандар - келешектің кепілі.


Инженер мамандарды даярлаудың әлеуметтік аспектілері.
Қазір Қазақстан Республикасы экономикалық жағынан тұрақты даму арнасына түсіп, саяси, демократиялық ұстанымы тұрғысынан дүниежүзін риза етіп, мойындатқан мемлекет болды. Республика Президентінің негізгі ұстанымына орай біздің мемлекеттік стратегия: алдымен - экономика, содан соң саясат бағытымен дамып келеді. Экономикадағы қарышты қадам нәтижесінде Қазақстан тұрғындарының әлеуметтік- тұрмыстық жағдайы сапалық жоғары деңгейге көтерілді. Бұл тұрғыдан алғанда, Солтүстік көршіміз - іргелі Ресейдің өзі біздің ТМД кеңістігінде көшбастаушы екенімізді мойындайды. Зерттеушілер берген бағаға қарасақ, Қазақстан 1990 жылдардың басында әлемдік рейтингте алғашқы жүз мемлекеттің қатарына да ілікпеген.Ал 2005 жылы 117 мемлекеттің арасында 61 орынды алды. Бұл көрсеткіш Литвадан(43-орын), Қытайдан(49- орын), Үндістаннан (50-орын), Польшадан(51-орын), Мексикадан(55-орын) кейін, ал Бразилиядан (65-орын), Түркиядан(66-орын), Әзірбайжаннан(69-орын), Аргентинадан(72- орын), Ресейден(75-орын), Украйнадан(84-орын), Венесуэладан(89-орын) алда тұрғанын сипаттайды. Бәсекелестікке қабілеттілік индексі бойынша былтыр және биылғы жылы ТМД елдерінінің бәрін артта қалдырып,56-орынға көтерілдік.Бүкіл әлемдік экономикалық форумның рейтингісі бойынша 51-орын және инновациялық фактор жөнінен 71-орынды иемденді.Осыдан он жыл бұрын шетелдік инвесторлар Қазақстанды Орта Азия елдерімен, бес жыл бұрын Ресей мен Украйна елдерімен салыстырса, қазіргі кезді елімізді Оңтүстік-Шығыс елдерімен салыстыруда.Бас-аяғы 15 жылдың ішінде осындай биіктерге қол жеткізуіміз, ең алдымен, мемлекет басшылығының ғылыми негізделген өміршең саясаты және Қазақстан жерінің табиғи байлығы нәтижесінде мүмкін болды.Алайда, отандық өндірісті дамытуда Қазақстан бүгінде халықаралық еңбек рыногына бағдарланған бәсекеге қабілетті инженер мамандарымен толыққанды қамтамасыз етуді қажетсініп отыр. Оған дәйек - бүгінгі күнде еліміздің өндіріс орындарынының көпшілігінде шетелдік мамандар жұмыс істеуде. Қазақстан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегі аймақтардан келіп түсетін ақпараттар негізінде жасалған талдау қорытындысы бойынша Қазақстан өнеркәсіп өндірістері жыл сайын 40 мыңдай инженерді қажет етеді. Ал алдағы уақытта әр түрлі деңгейдегі инженер мамандарына 119 мыңдай сұраныс болады екен. Бір ғана мұнайгаз саласындағы мамандардың болжамды қажеттілігі 2007 жылға - 17,5 мың адам, 2008 жылға - 16,6 мың, ал 2009 жылға - 15,3 мың адамды құрайды. Оның үстіне өндіріске білікті жұмысшы кадрлары да жетіспейді.Сол себепті өндірістегі кадр мәселесі - бүгінгі күннің ең өзекті мәселерінің бірі. Мұндай үлкен қажеттілікке себеп болған факторларды сараптауымыздан байқағанымыз: біріншіден, кеңес өкіметі инженер мамандарынан кенде болған жоқ, алайда, одақ ыдырағаннан кейін кеңестік дәуірде кәсіби білім алған инженерлердің көпшілігі еліміздегі өндіріс орындарының тоқыраған уақытында мамандығын өзгертіп мұғалімдікке немесе басқа кәсіпке маманданды,нарықтық экономикаға, жаңа технологияға бейімделе алмады; екіншіден, кеңестік дәуірде дайындалған инженерлер құрылыс және шикізат өндіру бағытындағы өнеркәсіптер үшін мамандандырылды. Биотехнология, автоматтандыру және басқару, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, авиациялық техника және технологиялары, атом өндірісі, космосты игеру тағы сол сияқты керекті мамандықтар бойынша кадрлар өте аз. ХХ ғасырдың 20- жылдары кеңестік Қазақстанның өзінде инженер мамандарды шетелдерде даярлауға талпыныс болған. Алайда, саяси жүйе ол бастаманы жүзеге асыртпады. Тарихи деректерді сараптап қарасақ одан кейінгі 60-70 жылда біз оқшауланған күйде қалдық, оның үстіне жоғары оқу орындарында инженерлік мамандықтар көп уақытқа дейін дәстүрлі үрдіспен оқытылып келді. Ал, елімізге шетел инвестициясының енуі, өндірістің қарқындап даму кезінде жаңа технологияға негізделген техникалық құрал жабдықтар басқару, өндірісті жаңаша ұйымдастыруда кешегі мамандардың біліктілігі бүгінгі сұранысқа сай болмай шықты. Ендеше Қазақстандағы көптеген шетелдік кәсіпорындардың, ірі-ірі құрылыс компаниялары мен басқа да өндіріс орындарының көбінде жетекші инженер мамандардың неліктен дені шет ел азаматтары болып отырғаны түсінікті. Бұл қиыншылықтан шығудың, әлемдегі 50 бәсәкелес елдердің қатарына кірудің жолдары қандай? Ол үшін, ең алдымен, елімізде ғылым мен білімді, адам факторын жетілдіріп, өндірісте және тағы басқа салаларда озық техника мен технологияны меңгеру арқылы ғана қол жеткізуге болады. Білім мен ғылым бүгінде бәсекенің негізгі факторы болып табылады. Егер, біздегі білім мен ғылымды дамыған елдермен салыстыратын болсақ Испаниядан 10 есе, Швециядан 73 есе төмен екенбіз. Әрине, әлемнің бірде-бір елі ғылым мен техниканың жетістіктеріне бірден қол жеткізген емес. Ол үшін:
-Біріншіден, үкімет ғылымға бөлінетін қаржы көлемін молайту керек. Қазақстанда соңғы үш бойына ғылымға бөлінген қаражат көлемі ЖІӨ-ге қатысты - 0,3% деңгейінде қалып отыр. Бұл көрсеткіш басқа елдерде- Швецияда - 4 %, АҚШ-та, Германияда, Жапонияда - 3%, Францияда - 2%, Ресейде - 1,6-1,9%, Украйнада - 1,3 % құрайды. Бюджеттік қаражаттар құрылымындағы ғылымға бөлінген қаржының үлесі Қазақстанда 50%-ға жуық, Әзірбайжанда - 74%, Ресейде - 60%-ды көрсетеді. Бұл мәліметтер ғылымды қаржыландыру көлемін өсіру қажеттігін көрсетеді.
-Екіншіден, Елбасы айтқандай Жоғары білім беру саласында дәл және инженерлік ғылымдарды басымдықпен дамыту - бұл дамуымыздың жаңа кезеңінің міндетті шарты. Ғылымға бөлінген қаражатты мемлекеттік бірлестіктер, технопарктер, университеттер мен өнеркәсіптердің иновациялық аймағын, жоғары технологиялық аймақтарын құруға, ғылымның ұйымдастырушылық нысандарын дамытып, олардың өндіріспен байланысын күшейтуге,еліміздегі ғылыми-техникалық әлеуетін қайта құрылымдауға, ғылыми кадрлар даярлау жүйесін нығайтуға бөлу керек.
-Үшіншіден, инженерлер даярлайтын жоғары оқу орындары әлемдегі оқытудың озық технологиясын тез арада меңгеру керек. Себебі, ғылым мен техниканың үздіксіз қарқынды дамуына байланысты бүгінгі жаңа ақпарат ертеңге ескіруде. Қазір материалдық базасы төмен,лабаротоиялары талапқа сай келмейтін жеке университеттердің бәрінде дерлік инженерлер даярлау үрдісі бар. Бірақ олардың түлектері жұмыс таба алмай жүргендердің қатарын көбейтушілер болып қалуда. Әлемдік стандарттар деңгейіндегі сапалы инженер мамандарды әзірлеу - жаңа серпін мен жаңа қарым-қатынасты талап ететін жұмыс. Сондықтан, отандық кәсіби оқу орындарында оқу жүйесіне білімдендірудің жаңа технологияларын тиімді енгізудің жолдарын нақтылау керек. Ол жайында Елбасы 2006 жылы Қазақстан халқына Жолдауында: "Бізге биік беделді инженерлік оқу орындарының жүйесі керек, бәлкім, оларға қабылдаудың тәртібі де қалыптан тыс болар, оқу бітірушілерге талап та бөлекше қойылар", - деп жаңа ізденістер арнасын нұсқады. Ендеше, сапалы білім берумен қатар, келешекте техникалық мамандықтарға өтініш білдірген талапкерлерлердің білімін сынауда талапкерлердің кәсіби бейімділігі мен қабілеттілігін ҰБТ-де ескеру мүмкіндігін ойластырып, өмірге енгізуіміз керек.Сонымен қатар, Болашақ бағдарламасының аясын әлде де кеңейту қажет.Елбасы биылғы Жолдауында жоғары оқу орындары алдына Білім беру реформасы табысының басты өлшемі - тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады... - деп нақты міндеттерді айқындап беріп отыр. Ендеше, біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз. -Төртіншіден, инженерлер даярлайтын жоғары оқу орындарына мемлекеттік қолдау көрсету қажет. Елімізде нақты инженерлер дайындайтын ЖОО-ның саны - 14. Олардың 7- 8-і ғана мемлекеттік. Бұлардың оқу базасы қазіргі талаптарға сай деп айтуға келмейді. Сол үшін оларға бөлінетін бюджет қаржысын әлде де арттыру керек, себебі қазір ғылымға бөлініп отырған ақша тек зерттеушілердің жалақысына ғана жетіп отыр. Қазақстан жоғарғы технологиялы өндіріске аяқ тірегеннен кейін, оны игеретін кейбір мамандықтарға да тағы сұраныс туары сөзсіз. Дамыған елдердің инновациялық университеттерінің бюджеті 1-3 миллиард долларға жетеді. Ал біздің университеттердің бюджеті оның маңына да жуымайды.Сондықтан олардың материалдық-техникалық , лабароториялық базасын халықаралық стандартқа сәйкестендіруге де мемлекеттік көмек берген жөн. -Бесіншіден, жоғарыда атап көрсеткендей еліміздің экономикасы қарқынды дамып келеді және осы процеске тұрақты сипат беру үшін арнайы 2015 жылға дейінгі Индустриялдық- инновациялық даму стратегиясы қабылданды. Осы басымдылықтарға сәйкес білім мен ғылым саласының алдына жаңа міндеттер қойылды. Сонымен қатар, халықтың басым көпшілігі білім беру жүйесінің бүгінгі жағдайына алаңдатушылық білдіріп, жаңалықтарды кәсіби-тұлғалық өрлеу бағдарламасына негіздеуді талап етіп отыр. Қазіргі кезде әлемнің 80%-дан астам мемлекеттерінде жастарды кәсіби бағдарлауда орта білім берудің мерзімі кемінде 12 білім жыл. Мұның өзі соңғы 20 - 30 жылда ғылым мен техниканың орасан зор жетістіктерге қол жеткізіп, қоғамның әр түрлі саласында жаңа технологиялардың кеңінен пайдалануынан туындаған жағдай. Жастарды жаңа кезеңнің қатаң талаптарына сай өмірге баулу үшін, оларға бұрынғыдан да мол, бұрынғыдан да жоғары деңгейде білім беру қажет. Біздің елімізде де жаңа әлеуметтік-экономикалық қатынастар қалыптасуда, өмірдің барлық саласында ақпараттық, компьютерлік техникалар кеңінен пайдалануда, көптеген жастар үшін қарапайым экономикалық білім алу өмірлік қажеттілікке айналып келеді. Сондықтан уақыт талабына сай алдымыздағы өзекті мәселені шешудің бірден-бір жолы ретінде жалпыға білім беру саласын 12 жылдық білім беру жүйесіне көшіру болып табылады. -Алтыншыдан, біз кәсіптік техникалық білім беруді жедел дамытуымыз қажет. Біздегі алдыңғы қатарлы лицей, колледж базасында дамыған мемлекеттермен біріккен кәсіби мектептерін ашып және инженер мамандарымызды ол елдерге жіберіп, кәсіби жағынан шыңдауымыз қажет. -Жетіншіден,техникалық мамандықтарға мемлекеттік тапсырыс беруде қажетті мамандықтарға орын көбірек берілуі тиіс.Ол үшін жоғары оқу орындары кәсіпорын,өндіріс орындарымен тығыз байланыста болуы шарт,яғни,олардың сұранысына сәйкес қажеттілікті өтеуі керек.. Әрине, мемлекетіміздегі білім саласы қозғалыссыз деп айта алмаймыз. Бүгінде Қазақстан жоғары оқу орындары жаңа, бәсекеге қабілетті және ашық нарықтық экономиканы құруға өзінің қомақты үлесін қосу үшін талпыныстар жасауда. Бүгінде, университеттік стратегияның негізгі басымдықтары: интеллектуалдық әлеуетті толық әрі жан-жақты пайдалану, ғылыми базаны жетілдіру және кеңейту, ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлауда ғылым мен техниканың тың жетістіктерін қолданысқа енгізу, университет ғалымдарының жаңа ғылыми-әдістемелік зерттеулерінің тиімділігін арттыру болса,басты бағыт - оқу үдерісін басқарудың үйлесімді қағидаттарын орнықтыру, сол секілді экономиканың түрлі құралдарына, сондай-ақ білім беру мен әлеуметтік салалар бойынша жоғары білікті мамандарды даярлау үшін сапа менеджментіне басты назар аудару.болып отыр. Тұтастай алғанда, осы күні ЖОО жүйесінде ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлаудың сапасы, студенттер саны арта түсуде, жоғары кәсіптік білімнің жаңа стандарттары дайындалып, кадрлар әзірлеуді біртіндеп әлемде жалпы қабылданған модельге (бакалавр, магистр PhD докторы) көшіру жүзеге асырылуда. Алайда, білім беру саласында жылдам реформа жасап, тез арада халықаралық еуростандарт талаптарына сәйкес халықаралық еңбек рыногына бағдарланған маман даярлау мүмкін емес. Оған белгілі ауқымда уақыт қажет. Бірақ, ол уақытты күтіп отыратын кез бұл емес. Адам оқып та жетіледі, тоқып та жетіледі,- дейді халқымыз. Сондықтан қоғамымыздың толық жаңаруы бізден ағымдағы өмір сұранысына икемді болуды талап етіп отыр.
Қазір Қазақстанның индустриялдық-инновациялық дамуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар қарқынды жүзеге асуде. Бүгінгі күні Қазақстанның еңбек нарығындағы болып жатқан осындай жаңа өзгерістер білікті және білімді мамандарға сұраныстың табиғи артуына ықпал етіп отыр. Мысалы, республиканың базалық өндірістерінде (тау-кен өндірісі, мұнай газ өндірісі, құрылыс), өндеуші өнеркәсіптерде (өндірістерді автоматты басқару жүйелері, ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер, машина жасау, мұнай химиялық, құрылыс заттар өндірісі) және қызмет көрсету салаларында (туризм, әлеуметтік қамтамасыздандыру, қызмет көрсету, денсаулық сақтау) барабар кадрларға мұқтаждықтың артқаны байқалады.
Елімізде техникалық сала кадрларын даярлау сапасы мен олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға баса назар аударылуда. Осыған байланысты республикада техникалық және кәсіптік білім берудің құрылымы мен мазмұнын реформалау мақсатында Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2010 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның мақсаты - техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қайта ұйымдастыру, еліміздегі өндіріс орындарын бәсекеге қабілетті техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарымен қамтамасыз ету. Инновациалық білім беру және халықаралық ұтқырлық жағдайында республикада техникалық сала кадрларын даярлаудың сапасын жетілдіру үшін техникалық және кәсіптік білім беру инфрақұрылымын дамыту қажет. Себебі техникалық саланың білікті мамандарын даярлау елдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ететін кадрларды қалыптастыру үшін негіз болып табылады.
Қазіргі таңда екінің бірі экономика немесе заң мамандығы бойынша білім алып оқуға тырысады. Ал, елімізге ауадай қажет техника, физика, химия, тау-кен ісі, инженер, металлург және құрылысшы тағы басқа салаларға көңіл аз бөлінеді. Неліктен республикамызда техника саласы бойынша мамандық иелері аз? Бәрінің қаржы мен есеп шотты айналшықтап кетуінің себебі қандай? Өйткені, бүгінгі таңда жастар жалақысы көп, тамыр-танысы бар жерді таңдайды. Екіншіден, күн астында қара жұмысқа салынып қиналмай-ақ, бірден жарық кабинетте жұмсақ орындықта отырғанды жөн көреді. Ал, егер техника саласына баратын болса көбіне өндіріс жағына араласып еңбек ету керек екендігін білеміз. Яғни, ол белгілі бір зауытта немесе даладағы электр желілерінде жұмыс жасайтындығы белгілі. Ал, қазіргі заманда кімнің ауыр іс жасап артық қиналғысы келеді? Көбісі қызметі оңай, бірақ еңбекақысы көп қызмет орынды іздестіреді. Дегенмен, елімізде жыл сайын техника мамандықтарының тапшылығы сезіліп, осы салаға жас мамандарды тарту үшін түрлі шаралар қолданып келе жатыр.
Сонымен қатар, биылдан бастап заң саласында оқимыз деген студенттер үшін мемлекеттік грант аз бөлінді. Себебі, аталмыш сала бойынша білім алып жатқан шәкірттердің саны жыл сайын өсіп келе жатыр. Және оларға жұмыс табу да күннен күнге қиындап барады. Сондықтан да, биылдан бастап жоғарыда аталған маман иелеріне мемлекеттік білім беру гранты аз берілетін болып шешілді.
Былтыр талапкерлер арасында биотехнология, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, стандарттау, сертификаттау және метрология, ақпараттық жүйелер, автоматтандыру және басқару, аударма ісі, халықаралық қатынастар, дизайн, құқықтану, қаржы, есеп және аудит, экономика, халықаралық құқық мамандықтары ерекше сұранысқа ие болған. Ал, биылдан бастап техника маман иелеріне көп көңіл бөлініп отыр. Себебі, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылы 14-желтоқсанда Қазақстан халқына Жолдауында: Қазақстан-2050 Жаңа бағытын ескере отырып, Үкіметке 2013 жылдан бастап халықаралық үлгідегі куәліктер беру арқылы инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді тапсырамын деген болатын. Сонымен қатар, білім беру жүйесінде теориялық білім берумен ғана шектеліп қоймай, ғылыми-зерттеушілік бөлімдер құрып дамыту қажет екендігін айтты Елбасы. Қазіргі таңда жаңа технологиялар ойлап тауып елді өзіне қаратып отырған алпауыт елдер көп. Олардың қатарына, Жапония, Қытай, Корея, АҚШ, Ұлыбритания тағы басқа республикалар бар. Ал біз осындай бүкіл дүние жүзін тамсандыра алатын техника ойлап тауып, еліміздің индустриалды-инновациялық дамуын қарқынды ете аламыз ба? Әрине, ол үшін бірінші, өз саласын жетік білетін мықты технология маман иелерін оқытып даярлау керек. Елбасы өз сөзінде: Біздің мақсатымыз - жаһандық технологиялық төңкерістің бөлшегіне айналу - деді.
Сонымен қатар, биылдан бастап педагогика мен агроном мамандықтары бойынша да мемлекеттік білім беру гранттары ұлғайып отыр. Олардың саны 6 мыңға дейін жетті. Оның ішінде ауыл шаруашылық саласы бойынша оқимын деген жастар үшін 2 мың мемлекеттік білім беру гранты берілді.
Инженерлік еңбек дегеніміз - техникалық, технологиялық және әлеуметтік ақпараттық жүйелерді жобалау, жасау, жетілдіру, іске қосу және басқару процестерін қамтамасыз ете отырып, қоғамның талап - сұранымдарына орай өнім өндіруді мақсат ететін, ғылым мен тәжірибеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіби білім берудегі әлеуметтік жұмыс
Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау жүйесі
Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастыру әдістері
Қазақстанның ұлттық кадрлерді дайындаудың қазіргі жайы және болашағы
Қазақстан Республикасының білім беру мазмұнын айқындайтын құжаттарға сипаттама
Болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби дайындаудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Қазалы аграрлы – техникалық колледжі ақпаратында ҚР индустриялды-инновациялық дамуы үшін жұмысшы кадрларды дайындаудың тиімді механизмі
Болашақ мұғалімдерді ақпараттық–компьютерлік және математикалық модельдеу негізі
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық жағдайлары
Білім беру экономиканың бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде
Пәндер