Ауыл шаруашылығы дақылдарының аурулары мен зиянкестерімен күрес


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Агробиология факультеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Ауыл шаруашылығы дақылдарының аурулары мен зиянкестерімен күрес.

Орындаған: Мамашалиева А.

АГ - 401қ

Қабылдаған: Набиоллина М.

Алматы, 2016 жыл

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

2. 1. Ауыл шаруашылығы дақылдарының аурулары

2. 2. Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестері

2. 3. Ауру зинкестермен күрес шаралары

  1. Қорытынды
  2. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Ауыл шаруашылығы - материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді.

Өсімдіктерді қорғау ғылыми негізделген шара ретінде ауыл шаруашылығы өсімдіктерін өсіру технологиясының құрамына кіреді. Қазіргі кездегі негізгі мәселе-ауыл шаруашылығы өсімдіктерінен тұрақты түрде мол өнім алу. Зиянкестердің әерінен ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің өнімділігі 10-20% азаяды, ал кейде өнім түсімінің болмауы да мүмкін. Зиянды жәндіктердің түрлері өте көп. Зиянды жәндіктермен күресті дұрыс ұйымдастыру үшін олардың түрлерін, биологиясын, олардың көбеюіне әсер ететін жағдайларды, мониторинг пен күресу шараларын жақсы білу қажет. Зиянкестерге қарсы тек улы препараттарды қолданудың кері әсері де бар. Сондықтан улы препараттарды пайдалану қазіргі уақытта арнайы ереже бойынша жүргізіледі. Оларды тек «Қазақстан Республикасы аумағында 2003-2012жылдары пайдалануға рұқсат етілген пестицидтер тізімі»(қысқаша «Тізім» . . . ) негіздеме бойынша қолданылады. Зиянкестерге қарсы күресте агротехникалық (егу мерзімі мен себу мөлшерін сақтау, ауыспалы егістікті енгізу, топырақты өңдеу, тыңайтқыш қолдану, төзімді сорттар пайдалану және т. б. ), биологиялық, физикалық, генетикалық, механикалық тәсілдерді де дұрыс пайдалана білу керек.

«Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің ақпараты бойынша 2014 жылы Қазақстанда аса қауіпті зиянды организмдердің таралуы 7, 5 млн. гектар алаңда, оның ішінде астық дақылдарының (тот, септориоз) аурулары 2, 2 млн. гектар алаңда таралуы болжамдануда.

Жыл сайын аса қауіпті зиянды организмдермен күресу үшін республикалық бюджеттен шамамен 4-5 млрд. теңге бөлінеді. Үстіміздегі жылы астық дақылдарының ауруларына қарсы химиялық өңдеулер жүргізуге 2, 7 млрд. теңге қарастырылды. Оның 1, 7 млрд. теңгесі фунгицидтерді сатып алуға, сондай-ақ пестицидтердің қорын құруға және химиялық өңдеу жөніндегі қызмет көрсетулерді сатып алуға бағытталды. 2014 жылғы 28 шілдедегі жағдай бойынша астық дақылдарының ауруларымен күресу үшін сатып алынған фунгицидтер бөлінді және өңірлерге жеткізілді.

2. 2. Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестері және күрес шаралары

Ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келтіретін көп қоректі жәндіктердің түрлері Brachicera-қысқамұрттылар отряд тармағына, Acrididae-наңыз шегірткелер тұқымдасына, Dolichocera-ұзынмұрттылар отряд тармағына, Grylotalpidae-тұқымдасына, Tettigonaadae-шекшек тұқымдасына, Gryllidae-шырылдауық шілделіктер тұқымдасына жатады.

Зиянды шегірткелер:

Қазақстанның солтүстігінде таралғандары: итальяндық прус-Calliptamus italicus italicus L. кресті кішкене саяқ шегіртке-Dosiosturus brevicolis Ev., ақжолақты-Chortippus albomarginatus D. G., кресті-Pararcyptera microptera F. -W., қоңырқанатты-Stauroderes scalaris F. -W. саяқ шегірткелер, адалалық атбас шегірткелер-Euchorthippus pulvinatus F. -W. және басқалар. Азиялық шегірткенің-Locusta migratoria migratoria L. тұрақты қоңыстары Қазақстанның оңтүстік жартысындағы ну қамсыты жерлер, осы жерлерден олар басқа алыс өңірлерге тарала алады. Марокколық шегіртке-Dosiostaurus maroccanus Thunb. Қазақстанның оңтүстігінде таралған(Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары) .

Азиялық, мароккалық, итальяндық шегірткелер, анда-санда тұрандық және шөл далалық шегіркелер кезеңдік өзгерістерге ұшырайды. Олардың үйірленуі кезінде бір шаршы метрде жүз және одан да көп дернәсілдері болады. Үйірлі шегірткелердің сандары көбейген кезде, алғашқыда дернәсілдердің жиынтығы (кулиги), кейін олардан шегіртке табындары пайда болады.

Барлық шегірткелердің ұзынша денесі, секіруге қолайлы артқы аяқтары, кеміргіш ауыздары. қатты дамыған алдыңғы кеудесі, жіңішке үстіңгі қанаты, жалпақ, желдеткішке ұқсас жиналатын қанаттары болады. Жылына бір ұрпақ береді. Ұрғашы шегірткенің арнаулы бөліп шығаратын сұйық затымен қатайған топырақтан жасалған күбіршеде тың жерлерде, жайылымдарда, құмдардың шөтінде және т. б. жерлерде жұмыртқа күйінде қыстайды. Шегірткелер жұмыртқалардан әр мезгілде шығады. Дернәсіл ересек шегірткеге ұқсас болып туады. Дернәсіл 30-40 күн дамиды. Даму кезеңінде дернәсіл 4-5рет түлеп, 4-5жас өтеді. Дернәсілдер және ересек шегірткелер әр түрлі өсімдіктерді зақымдайды:дәнді дақылдарды, майлық дақылдарды, көкөністерді, жайылымдар мен шабындықтарды. Олар құрғақшылық кезінде, табиғи өсімдіктер күйіп кеткенде өте қауіпті. Тым көп көбейген жағдайда егістіктер күйіп кеткенде өте қауіпті. Тым көп көбейген жағдайда егістіктер мен жайылымдарға қатты зиян келтіреді, олардық жер бетіндегі биомасса бөліктерін құртып жібереді. Шегірткелердің көп жылдық динамикасында циклдік байқалады-қатты көбеюлерді мен депрессиялық жайлар кезектесіп отырады.

Күресу шаралары.

Шегірткелерге қарсы күресу шараларын олардың сандарына бақылау жасаудың нәтижесіне қарап пайдаланады. Алдын алу шараларының маңыздысы ерте көктемде шегірткелер табылған егістік танаптарды бізтұмсықты немесе дискілі тырмалармен, ал көпжылдық шөптерді тісті немесе бізтұмсықты тырмалармен өңдеу. Сонымен бірге танап аралықтарын, танаппен шектесетін тың және егін егілмейтін жерлерді де өңдеу қажет. Егін алқаптарында жою шаралары инсектицидтермен «Тізім . . . » бойынша (Қосымшаны қараңыз) саяқ шегірткелерге қарсы 8-10дернәсіл/м 2 , үйірлі шегірткелерге қарсы 5 және одан да көп дернәсіл/м 2 болғанда жүргізіледі. Дернәсілдерді есепке алу жұмыстарын таңертеңгілікте немесе кешкілікте маршрутпен жүріп 100метр сайын әрқайсысы 1м 2 алаңқайда көзбен шолып жүргізеді немесе рамканың көмегімен әрбір секірген шегірткені есептеп, кейін 1м 2 қанша болатындықтарын анықтайды. Егер бір станцияны мекендеген шегірткелердің түрі көп болса, жұмыртқалардан әр мезгілде шықса және жастары әр түрлі болған жағдайда ұзақ уақыт әсер ететін инсектицидтерді пайдаланған дұрыс. Химиялық өңдеу жұмыстары дернәсілдер қанаттанғанға дейін жүргізілсе, тиімділігі жоғары болады. Әрбір нақты жағдайға байланысты жаппай, бөгеу және локальды өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Бөгеу мақсатымен өңдегенде дәрі шашылатын жердің жалпақтығы 40-100м шамасында болуы керек.

Бұзаубастар. Жердің астында тіршілік етеді. Орта жастағы дернәсілдері және ересек жәндіктері жердің астында 1м дейінгі тереңдікте тіршілік етеді. Өмір сүру циклі бәр жылдан көп уақытта созылады. Мамырдың аяғында маусым айында ұрғашылары 10-20см тереңдікте, арнаулы ұяларға 150-300 данадан жұмыртқа салады. Бұзаубастар алдыңғы аяқтарының көмегімен топырақтың үстіңгі қабатында жолдар салады, 50-ден аса өсімдіктердің тамырын, сабақтарының жер асты бөлігін, өскіндерін және тұқымдарын жеп зиян келтіреді. Олар ылғалды, суармалы жерлерді, негізінен көкөніс алқаптарын мекендейді. Жылы жайларда темекінің, көкөністердің және т. б. өсімдіктердің көшеттеріне өте көп зиян тигізеді. Көп тараған түрлері -кәдімгі (Gryllotalpa gryllotalpaL. ) және бір тікенекті(Gryllotalpa unispina Sauss. ) бұзаубастар.

Шекшектер. Құрғақшылық жылдары сандары өте көп болғанда егінге, көкөніс дақылдарына, майлық дақылдарға және жеміс ағаштарына зиян келтіреді. Антеналары денелерінен ұзын, үлкен жәндіктер. Жылына бір рет ұрпақ береді. Топырақта, өсімдіктерде және олардың ұлпаларында жұмыртқалары қыстайды. Аса зияндылары-жасыл (Tettigonia viridissima L. ) және сұр (Decticus verrucivorus L. ) шекшектер.

Шілделіктер. Орташа және үлкен, жалпақ денелі жәндіктер. Түнде тіршілік етеді. Топырақ түйірлерінің астында, жарықтарда нимфалар(ақырғы жастағы дернәсілдер) қыстайды. Ылғалды, суармалы жерлерде көкөністердің, майлық дақылдардың, дәнді дақылдардың, бүлдіргеннің жапырақтары мен сабақтарының төменгі бөліктерін жейді. Өсімдіктерге зиян келтіретіндері-далалық (Grillis desertus Pall. ) және бордо(Grillis burdigalensis Lattr. ) шілделіктер.

Күресу шаралары . Ерте күзде сүдігер жырту және отамалы өсімдіктердің қатар аралықтарын өңдеу арқылы бұзаубастардың, шекшектердің және шілделіктердің көбеюіне жол бермеуге болады. Көкөніс өсірушілер бұзаубастармен күресу үшін арнаулы жырашықтарды пайдаланады.

Дәннің сұр көбелегі -Apamea anceps Schift(Noctuidae-түн көбелектер тұқымдасы, Lepidoptera-қабыршақ қанаттылар отряды) .

Көбелектерінің алғы қанаттарының түсі қоңыр реңді аралас сұр не болмаса күңгірт сұр, ал артқы қанаттары сұр немесе ақшыл сұр болады. Жоғары жастагы жұлдызқұрттар күңгірт сұр, арқа жағынан бойлай жолақтар орналасады. Дене ұзындығы-25-35мм. Жұлдызқұрттар топырақта қыстайды. Көктемде олар қуыршақтанады. Жазда маусым айының ортасына қарай көбелекке айналады және олардың ұшуы байқалады. Жұмыртқаларын масақшыларындағы гүлді қабыршақтарының астына салады. Дәннің сұр көбелектің өсімталдығы өте жоғары, қолайлы жағдайлар болғанда 2000-3000-ға дейін жұмыртқа салады. Жылына 1 ұрпақ дамиды. Жұлдызқұрттар бидайды, қарабидайды, кей-кейде арпаны зақымдайды. Төменгі жастағы жұлдызқұрттар дәннің ішінде қоректеніп, қабығын ғана қалдырады. Төрт жастан бастап олар ашық қоректенеді. Ашық қоректену барысында дәндерді сыртынан кеміріп тастайды. Өнім жинағаннан кейін топыраққа түскен дәндермен қоректенеді. Бидайды қайталама себужәне ұсынылған оңтайлы мерзімінен ерте себу, жылы қыс және тіршілік кезеңінде ылғалды ауа райы дәннің сұр көбелегінің көбеюіне қолайлы жағдай туғызады.

Күресу шаралары . Күзгі және көктемгі зерттеу көрсеткіші бойынша қажетті шешімдер қабылданады. Жұлдызқұрттардың қыстап шыққан санын 8-16 үлгілі алаңдарда әр үлгі 0, 25м топырақ тереңдігі 15см дейін қазып, тығыздығын анықтайды. Тексеруде тіршілік қабілетін сақтаған 2-3 жұлдызқұрттар/м табылса, топырақты өңдну қажет. Кулътиватор не болмаса тегершік құралдармен 6-8см тереңдікке өңдейді.

Жаздық бидайды оңтайлы-кеш уақытта сепсе, өсімдіктердің масақтануына көбелектердің жаппай ұшуының ілесетіндігін синхрондығын бұзады. Жұлдызқұрттардың 1-2 жас кезеңінде егістіктің 10 жерінен 20-25 масақтан алып барлығы 200-250 масақ, қапшыққа салады. Қапшықты буып, оны 1-2 тәулік кептіреді. Инсектицидтердің дән ішінде қалдық есебінде болмауын қамтамасыз ету үшін бүрку жұмыстарының санитарлық уақытын бұлжытпай сақтау керек.

Астық қоңыздары . Кресті-Anisoplif aqricola Poda., кузъка A. austriaca Hbst, . красун- A. seqetum Zoubkoui Kryn. Scarfbaeidea-тақтамұрттылар тұқымдасы, Coleprera-қоңыздар отряды.

Кузька қоңызының қанаттары қызыл күңгірт, кеудеге қарай төрт бұрышты дақ болады. Дене ұзындығы-12-15мм. Кресті қоңызда ашық сары, жирен крест немесе әкір тәріздес суреттері бар. Дене ұзындығы -11-13мм. Красун қоңыздың үстінгі қанаттары қоңыр сары түсті, бұйір жақтарында қылшықтар орналасады. Дене ұзындығы-11-13мм. Барлық қоңыздардың балан құрттары С тәрізді, қалың етті, үш жұп аяқтары бар, үзындығы-35мм. Кузька мен кресті қоңыздар 2 жылда 1 ұрпақ беріп дамиды . Баланқұрттардың даму ұзақтығы 22 ай. Красун құрттарының баланқұрттары 10 айда дамиды. Қоңыздар алғашқы уақытта күздік бидайды, кейін жаздық астықтарды, жатаған бидайықты зақымдайды. Олар бидайдың, арпаның, қарабидайдың жұмсақ, өнбеген дәндерімен қоректенеді. Масаққа көтерілгенде қоңыздар артқы аяқтары мен қатты дәнді ұшырып түсіреді.

Күресу шаралары. Астық дақылдарды қайта-қайта өндіруден олардың саны көбейеді. Бидайдан кейін отамалы дақылдарды орналастыру керек. Отамалы дақылдардың қатар аралықтарын өңдеу, тыңайтқыш енгізу, үстемелеп қоректендіру баланқұрттардың санын азайтады. Ерте сыдыра жырту, кеш сыдыра жыртуға қарағанда тиімдірек, себебі баланқұрттар топырақтың төменгі қабатына көшіп үлгермейді. Тексеру нәтижесінде гүлдену-дән қалыптасу кезеңінің басында 1 шаршы метрге қоңыздар саны3 данадан астам болса, егістіктерді инсектицидпен өңдеу керек(« Тізім бойынша») .

Астықтың жолақ бүргесі- Phyllotreta uittula Redt. (Coleptera-қатты қанаттылар отряды, Chrysomelidae-жапырақ жемірлері тұқымдасы ) . Ұсақ қоңыздар, дене ұзындығы-2мм -дей, қара түсті, үстіңгі қанаттарында сары созылмалы жолақтары бар, артқы аяғы секіргіш. Дернәсілдері ақшыл сүр, кеуде және анальдық қақпандары ақ, ұзындығы-4-5мм. Ересек жәндіктер жердің үстінгі бетіндегі топырақ астында ағаш шоқтарында, межелнрде, сайларда қыстайды. Топырақ жылысы мен кодрен жапырақтары, күздік дақылдар және жабай астық тұқымдастарымен қоректенеді. Жаздық бидайдың, арпаның, күздік қара бидайдың өскіндері шыға бастағаннан бастап, егістік жерлерге жаппай тарайды. Әсіресе мамыр айының 1-2 онкүндігінде астық дақылдарының өскіндерінде қыстап шыққан қоңыздар көп болады. Қоңыздар жапырақ паренхимасымен кеміріп қоректенеді, осының нәтижесінде ол жапырақ кеуіп қалады. Жапырақ беті 25-30 проценттен артық зақымданса, өнім шығыны елеулі болады.

Күресу шаралары . Себу уақытын қолайлы мерзімде өткізудің маңызы зор. Құрғақ ыстық ауа райы жағдайында мамыр айының 1-2 онкүндігінде шыққан өскіндер үшін (үшінші жапыраққа дейін) қоңыздар өте қауіпті. Өсімдіктердегі қоңыздар санын 8-16 үлгілерде (әр үлгі 0, 25м) есептеп, жапырақ бетінің зақымдануын анықтайды немесе энтомологиялық аулағыш пен 10 жерде 10 рет сермеп қағып жүргізеді. Астықтың жолақ бүргесінің тығыздығы 300-400 қоңыз/м асса немесе жапырақ зақымдануы 25процент көп болса, өскіндерге нақты айқын қауіп туады. Инсектицидтерді(« Тізім ») тәртібі бойынша қолданады.

Сүлікше қоңыздар -қызыл кеуделі-Oulema melanopuz L . . . көк- Lema lichensis Voet. (Cjleoptera-қатты қанаттылар отряды, Chrysomelidae-жапырақ жемірлері тұқымдасы) . Біріншісі-түсі жасылдау көк қоңыз, алдыңғы арқасымен аяқтары сарғылт қызыл, жоғарғы қанаттарында параллелді орналасқан нүктелер болады. Дене ұзындығы-4-4, 8мм. Екіншісі-алдыңғы арқасы кеуденің басқа бөліктерінен айырмашылығы жоқ, дене ұзындығы-3-4мм. Дернәсілдің құрсақ жақ бөлігі көтеріңкі, қара қоңыр шырышпен қапталған, 3 жұп кеуде аяқтары бар. Дернәсілдің дене ұзындығы-5мм-ге дейін болады.

Жылына бір ұрпақ береді. Қоңыздар топырақта немесе өсімдік қалдықтарында қыстайды. Өсіп-өну және көбею үшін көктемгі-жазғы мерзімдегі ылғалды және жыл ауа райы өте қолайлы. Ұрғашы жәндіктер жүмыртқаларын 3-7 данадан тізбектеп салады, барлығы 200 жұмыртқа. Дернәсілдер сұлыға, арпаға, қатты бидайға едәуір зиян келтіреді. Жапырақ жұмсағымен қоректенеді, жапырақ талшықтары мен эпидермиске көп тимейді. Қоңыздар жапырақтарды саңылау және ұзынша келген ақ жолақтар жасап зақымдайды. Зақымданған жапырақтар сарғайып қалады, ассимиляция барысы төмендейді.

Күресу шаралары. Сүлікше қоңыздарды және олардың дернәсілдерін 8-16 үлгілерде(әр үлгі 0, 25м) өсімдіктерді қарап есептейді. Жаздық астық дақылдарының түптену кезеңінде 10-15 қоңыз/м күздік дақылдарында 40-50 қоңыз/м, түптену кезінде 1 сабақты 0, 5-1 дернәсіл табылса, химмялық күрес шараларын жүргізу керек. Инсектицидтермен бүрку(«Тізім») реглменті бойынша жүргізілуге тиіс.

2. 1. Ауыл шаруашылығы дақылдарының аурулары

Егістіктегі ауыл шаруашылық өсімдіктерін көптеген ауру жұқтырғыштық микрорганизмдер мекендейді. Солтүстік Қазақстанда бидайдың ең көп тараған және зиянкесті аурулары болып тозаңды және қатты қаракүйе, тамыр шірік, қоңыр және сабақты тотбасуы, жапырақтардың септориозы. Арпа тозаңды, тасты қара күйе, тамыр шірік, сабақты тотбасуы және жапырақтың гельминтоспориозды теңбілділігімен зақымданады. Бұл аталған аурулардан шығындар 15-20% және одан артық болады. Кейбір жылдары астықтылардың карликті болуы және қуыршақтануы байқалады, олардың қоздырғыштары вирустар, арпаның жолақты бактериозы, масақтың фузариозы және б.

Аурулардың таралуын және дамуын шектеу үшін фитосанитарлық шаралар мен агротехникалық тәсілдер кешенін жүзеге асыру керек, ал қажетті жағдайда өсімдіктерді химиялық қорғау құралдарын қолдану керек.

Егер аурулардың қоздырғыштары өсімдік қалдықтарында және топырақта сақталған жағдайда бұл аурулардың көпжылдық динамикасын фитосанитарлық алғы дақылдарды, егіс егу мезгілін және себу нормасын сұрыптау арқылы реттеуге болады. Сонымен қатар ылғалмен қамтамасыз ету режимін реттеу арқылы зиянкестігін төмендетуге болады.

Инфекцияның көзі тұқымдар болғанда экономикалық жағынан ең тиімдісі оны дәрілеу.

Аурулар көзі болып ауа саналғанда жоғарыда көрсетілген тәсілдер тиімді емес, ең тиімдісі егістерді фунгицидтермен өңдеу. Химиялық өңдеудің оңтайлы кезеңі аурудың жаппай таралуының басы.

Егістік агробиоценоздарында ауру тарататын микроорганизмдерден басқа пайдалылары да бар. Көптеген микроорганизмдер организмдердің басқа түрлерін жоятын немесе олардың өсуін тежейтін органикалық заттар шығарады. Бұндай заттар антибиотиктер деп аталады.

Антибиотиктер медицина мен ветеринарияда кеңінен пайдалынады, сонымен қатар өсімдіктер ауруларын тарататын қоздырғыштармен күресу үшін пайдаланады. Өсімдік шаруашылығында химиялық құралдарға қарағанда - фунгицидтер антибиотиктерді пайдаланудың көптеген артықшылығы бар. Антибиотиктер өсімдіктердің органдары мен тканьдарына жеңіл кіреді, баяу инактивизацияланады, қолданылған дозаларының өсімдіктерге деген теріс әсері болмайды, сонымен бірге қоздырғыштар - патогендік саңырауқұлақтар мен бактерияларға талғап әсер етеді. Бірақ ұзақ уақыт пайдаланғанда улыхимикаттарды қолданғандай ауру қоздырғыштарының антибиотиктерге деген тұрақтылығы немесе төзімділігі пайда болады да олардың тиімділігі төмендейді. Сондықтан үнемі бір антибиотиктерді қолдануға болмайды, олардың жаңа препараттарын пайдалану керек.

Егістіктегі агробиоценоздардың тұрақтылығын арттыру үшін тыңайтқыштарды пайдалану, суармалау, топырақта ғылыми негізделген өңдеулер жүргізумен қатар ауыл шаруашылық дақылдарының көптеген жаңа түрлерін енгізу керек. Бұндай жағдай сонымен қатар топырақты зорығудан қорғайды. Қай танапта болсын оларды жыл сайын алмастырып отыру зиянкестер мен аурулар санын және улыхимикаттарды пайдалану қажеттілігін азайтады. Осыған орай агробиоценоздардың өнімділігі артады.

Жалпы табиғатта пайдалы және зиянды организмдер жоқ, олардың барлығы бір-біріне қызмет етеді және тек адамға қарасты олар пайдалы немесе зиянды болып келеді. Адам өзінің мақсатында агробиоценоздарды пайдалана отырып онымен шектескен табиғи биоценоздарға зиян келтірмеуге тырысу керек.

Картоп рагы. Қоздырғышы - Synchytrium endobioticum Pers . Ауру тамырдан басқа мүшелердің бәрін, әсіресе түйнектерді күшті зақымдайды. Аурудың бірінші белгілері жас түйнек көзшелерінен басталады, кейіннен ісік өсінділері үлкейе береді, кейде тіпті оның көлемі түйнек көлемімен бірдей болады. Ісік өсінділерінің ішінде саңырауқұлақтың қыстық споралары өсіп жетіледі. Ауру түйнекпен бірге жерге түскен ісік өсінділеріндегі споралар қыстап шығып, көктемде зооспорангия құрады және өніп шығады. Зооспорангияда жетілген талшықты зооспоралар сау түйнекке жабысып, оның эпидермисіне енеді. Осылай түйнекке түскен зооспора көбейіп дамып зооспорангия жиынтығына айналады. Зооспорангия споралары арқылы қоздырғыш жаз бойы жаңа өсімдік түйнектеріне тарайды. Саңырау құлақ жапырақта 5-6 жыл бойы өзінің тіршілігін сақтай алады. Бұл ауру картоптан басқа томатта, меңдуанада, т. б. алқа гүлді өсімдіктерде кездеседі.

Күресу шаралары . Карантиндік шараларды қолдану; картоп егілген танапқа 5-6 жыл бойы ісікпен ауырмайтын өсімдік еккен соң ғана қайтадан картоп егуге болады; ісік ауруы кездескен топырақты 1, 5 процентік нитрафенмен немесе хлорпикринмен залалсыздандыру.

Дәнді дақылдардың тат аурулары аса зияндыаурулардың бірі. Эпифитотия кезінде көптеген аудандарды қамтып, егін түсіміне көп шығын келтіреді. Споралары алыс қашықтықтарға желмен ұшып барып аурудың кенеттен пайда болуына себепкер болады. Тат саңырауқұлақтары өсімдіктердегі ассимилияциялық процестерді бұзып, фотосинтезді азайтады, тынысалу мен булануды жиілетеді. Мысалы сабақтаты мен қатты зақымданғанда шығын 50%-дан жоғары болуы мүмкін.

Дәнді дақылдардың қаракүйе ауруларын кәдімгі саңырауқұлақтар (Еuтусоtа) бөліміне, Базидиомицеттер (Basidiomycetes) класына, қаракүйе (Ustilaginales) қатарына жататын қоздырғыштар тудырады. Олар бейімделген паразиттер болып табылады, әрбір түрі белгілі бір дақылды залалдайды. Ұлпалар бүзылып, түрі күйік тәрізді болады. Қара түсті телиоспоралар (бір дөнде 8-20 млн. дана) пайда болып, зақымдалған жер қарайып кетеді. Бидайдың тозанды қара күйесі. Бидай өсіретін аудандарда жаппай та-ралған. Тозанды қаракүйенің қоздырғышы екі вегетациялық кезеңде дамиды. Бидай бірінші жылы гүлдеген кезде за-лалданады, ауру екінші жылы бидайдың масақтану кезінде байқалады, Бидай гүлдеген кезде ауадағы телиоспора аналықтың аузына түседі, телиоспора-дан диплоидті жіпше өсіп аналықтың түйініне енеді. Зақымданған дәннің сырттай сау дәннен айырмашылығы болмайды. Саңырауқұлақ жіпшумауы өскіннің ішінде масақтану кезеңіне дейін диффузиялық жолмен өсу нүктесінің артынан бойлап дамиды. Жапырақ қынабынан масақ бүлінген күйінде шығады, тек өзегі ғана (гүл шоғырының сағағы) сақталып қалады. Кейде жекелеген сағақтар немесе масақтар сақталады. Ауру масақтың жұқа түссіз қабығы оңай жыртылады да, споралар жеңіл шашылады. Саңырауқұлақ жіпшелері тұқымда 3 жылдан аса уақыт сақтала алады. Өсімдіктердің зақымдануына ауаның жоғары ылғалдылығы (60% -дан астам) немесе гүлдену кезінде тамшылы сұйық ылғалдың болуы қолайлы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдік карантині жайлы
Ауыл шаруашылық дақылдарының карантинді зиянкестері
Сұлы дақылының аурулары
Жылыжайда қызанақ аурулары есепке алу әдістері
Күріш зиянкестері
Бақша дақылдарының зиянкестері және олармен биологиялық күрес шаралары
Сұлы зиянкестері және дәнді дақылдар зиянкестерімен күресу шаралары
Жеміс дақылдарының зиянкестері
Жүгері дақылының морфологиялық, биологиялық сипаттамасы
ШҚО Абай ауданы жағдайындағы сұлы өсімдігінің аурулары, зиянкестері, арамшөптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz