Ауыл шаруашылық дақылдары



Жоспар

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
a) Өсімдіктің тіршілік жағдайлары
b) Өсімдіктің тіршілік заңдылықтары
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Ауыл шаруашылық дақылдары қоршаған орта жағдайларына белгілі бір талаптар қояды, оларды орындау өсімдіктердің қалыпты өсуі мен дамуына, нәтижесінде максимальды өнім беруін қамтамасыз етеді. Бұл талаптардың белгілі бір кезеңдерде арнайы агротехникалық шаралар жүйесінің көмегімен толығымен қанағаттандыруға болады. К.А. Тимирязев ғылыми жер шаруашылығының негізгі басты міндеті – мәдени дақылдардың талаптарын зерттеу мен оларды қанағаттандыру жолдарын іздестіріп қарастыру болып табылады деген болатын. Өсімдіктер сыртқы қоршаған орта жағдайларына толық тәуелділікте өсіп дамиды. Жер шаруашылығында тіршілік факторлары космостық – жарық, жылу және жерлік – су, қорек элементтері, ауа болып бөлінеді. Жарық. Оның көмегімен фотосинтез және басқа да маңызды биохимиялық процестер жүзеге асады. Әртүрлі өсімдіктер жарықты – оның қарқындылығы мен жарық күнінің ұзақтығына байланысты әртүрлі қажет етеді. Күн сәулесінің жарықтандыруы әртүрлі географиялық ендіктерде әртүрлі болып келеді. Осының барлығы ауыл шаруашылық дақылдарының жарықтандыру жағдайларына қатынасын анықтайды.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Ауыл шаруашылық дақылдары қоршаған орта жағдайларына белгілі бір талаптар қояды, оларды орындау өсімдіктердің қалыпты өсуі мен дамуына, нәтижесінде максимальды өнім беруін қамтамасыз етеді. Бұл талаптардың белгілі бір кезеңдерде арнайы агротехникалық шаралар жүйесінің көмегімен толығымен қанағаттандыруға болады. К.А. Тимирязев ғылыми жер шаруашылығының негізгі басты міндеті - мәдени дақылдардың талаптарын зерттеу мен оларды қанағаттандыру жолдарын іздестіріп қарастыру болып табылады деген болатын. Өсімдіктер сыртқы қоршаған орта жағдайларына толық тәуелділікте өсіп дамиды. Жер шаруашылығында тіршілік факторлары космостық - жарық, жылу және жерлік - су, қорек элементтері, ауа болып бөлінеді. Жарық. Оның көмегімен фотосинтез және басқа да маңызды биохимиялық процестер жүзеге асады. Әртүрлі өсімдіктер жарықты - оның қарқындылығы мен жарық күнінің ұзақтығына байланысты әртүрлі қажет етеді. Күн сәулесінің жарықтандыруы әртүрлі географиялық ендіктерде әртүрлі болып келеді. Осының барлығы ауыл шаруашылық дақылдарының жарықтандыру жағдайларына қатынасын анықтайды.

Өсімдіктің тіршілік жағдайлары және факторлары

Жер бетінің өсімдіктермен жасыл желең жамылмаған көлемі онша көп емес, полюс шеңберінің аржағынан бастап шөл даланың аптапты құмдарына дейін өсімдіктер кездеседі. Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы орасан зор.
Жер бедеріне, ауа райына, жыл маусымындағы жылу, ылғалға байланысты белгілі бір аймақта тарай өскен өсімдіктер арктика шөлі, тундра, қоңыржай аймақ орманы (қылқан жапырақты, жалпақ жапырақты), орманды дала, далалық, шөлейт, шөл өсімдіктері алқабы деп бөлінеді. Таулы аймақтарда өсімдік алқабы биіктік белдеуге байланысты таралады. Әрбір алқапта өзіне тән өсімдік түрлері өседі.
Өсімдіктер өздерінің өсіп- өну қажетті талаптарын қамтамасыз ету үшін қоршаған ортаның әр түрлі жағдайларына бейімденеді.
Өсімдіктер тіршілігін дамытуға күн қуатын толығырақ пайдалану керек. Бұл үшін олар өздері өсіп тұрған танаптан бірнеше есе артық көлемде жапырақ жаяды.т1 гектар егіске өскен көптеген дақылдардың жайған жапырақтарының жалпы көлемі 3-5 гектар келеді. Сол дақылдардың тамырлары топырақ қабатына терең бойлаумен қатар жан - жаына кеңінен жайылады. Егер сол жайылған тамыр тармақтардың бәрін қосып өлшесек, олардың жалпы ұзындығы жүздеген метрге жетеді. Бұған қосымша қорек сіңіретін сыртқы тамыр түктерін қоссақ, мұның өзі одан да бетер ұзара түседі. Өсімдіктер қоршаған ортадан кез- келген элеметтерді пайдаланбай, тек қоректік заттарды ғана таңдап алады да,белгілі бір қатынастарға белсене кіріседі. Дақылдардың өсіп дамуына қажетті сыртқы факторлар - жарық, жылу, су, ауа, қоректік заттар тиісті мөлшерде қолайлы кезеңде қамтамасыз етілсе, онда олардың өнімі де жоғары әрі сапалы болады.
Фотосинтез және өсімдіктің өнімділігі. Жоғарғы сатыдағы жасыл өсімдіктердің, балдырлардың фотосинтездік пигменттер арқылы күн сәулесі энергиясын сіңіруі нәтижесінде қарапайым қосылыстардан (көмірқышқыл газы, су) өздерінің және басқа организмдердің тіршілігіне қажетті күрделі органикалық заттар түзуін фотосинтез дейміз.
Фотосинтез нәтижесінде жер жүзіндегі өсімдіктер жыл сайын 100 млрд тоннадан астам органикалық заттар түзеді. Мұны жартысынан көбін теңіз, мұхит өсімдіктері береді және бұл кезде олар 200 млрд-тай СО2 сіңіреді, қоршаған ортаға 145 млрд-тай бос оттегін бөледі.
Хлорофилдің сіңірген энергиясы бірқатар аралық акцепторлар арқылы су мен көмірқышқыл газына жеткізіледі, осының нәтижесінде инертті болып саналатын бұл заттар күрделі органикалық қосылыстар түзе отырып әрекет жасайды.
Фотосинтез теңдеуі:
6СО2+ 6Н2О=QС6Н12О6+6О2
Бұл теңдеу СО2 және Н2О сияқты жай минералдық заттардан күн сәулесінің энергия есебінен органикалық заттар-углевоттар түзілетінің көрсетеді.
Күн сәулесінің орасан мол болуына қарамастан табиғатта фотосинтез көбінесе жарық фактормен жектеледі. Бұл өсімдіктердің өзін-өзі көлеңкелеуіне байланысты болатын құбылыс. Сонымен фотосинтез процесіне энергияның аз пайдалануы бірқатар себептерге байланысты:
-фотосинтез процесіне белсенділігі жоқ радиацияны шағыластыру жіне өткізу, өсімдіктердің өзін-өзі көлеңкелеуі жапырақ аумағының жеткіліксіздігі.
Фотостнтез процесі негізінен жапырақтарда өтетіндіктен, құрғақ заттың тәуліктік өсімі өсімдіктер жапырақтарының аумағымен анықталады. Жапырақ аумағының жалпы жиынтығы қаншама үлкен болса, олар органикалық заттарды соншама көп түзе алады. Белгілі бір аралығындағы фотосинтездің таза өнімділігі өсімдіктің құрғақ массасын жапырақтардың орташа аумағына бөлу жолымен агықтайды:
Ф.тө=(С2-С1)(12(Ж1-Ж2))
Мұндағы С1 және С2- вегетациялық кезеңнің басындағы және соғындағы түсімнің салмағы. Ж1 және Ж2- осы кезеңнің басындағы және соғындағы күн ішіндегі жапырақтардың ауданы. Негізінен түсімге жапырақтардың аумағы әсер етеді. Қоректену жағдайларын жақсартқанда өсімдіктер ең алдымен жапырақ көлемін арттырады. Астық тұқымдас өсімдіктер мен картоп жапырағы аумағының тиімді мөлшері әр гектар 40-50мың шаршы метр болатынын жүргізілген бақылаулар көрсетті.
Ғылым мен озық тәжірибенің жетістіктеріне сүйене отырып егіншіліктің жоғары мәдениеті деген ұғымды іс жүзіне асыруда мынандай заңдылықты атап кеткен ләзім. Яғни негізгі 5 заңдылық.
1.Табиғаттағы топырақ түзілуінің жағымды тиімділігі заңы. Топырақ құнарлығының қалыптасуы оның біртіндеп арта беретіні , ондағы жәндіктер тіршілігі барған сайын ұлғая беретіні және күн сәулесінің қуаты мен қоршаған ортаның қоректік заттарды көп жинауы, ал содан соң бұларды өзі менкендегенаймаққа шоғырландыру, жәндіктер тіршілігінің жетекшілігінен топырақтың құрылуы-осы заңға жүгінеді.
Ааймақтың климаты, жылуы, су тәртіптері қолайлы өсімдіктердің топырақ қыртысының үстіңгі қабаттарында микрофлоралар мен жануарлар тіршілігінің дамуына жақсы жағдайлар жасалатыны белгілі. Мұның өзі топырақ құрылуын жеделдетеді, оның құнарлылығын арттыруды тездетуге ықпал етеді. Мұндай аймақтарда топырақтың өнімділігі, оның биологиялық қуаты арта түседі. Мәселен, тоңды және шөлді аймақтардың топырағы табиғи тұрғыданөнімділігі өте кедей болып келеді.
2. Қоректік заттарды топыраққа қайтару заңы. Бұл қайтару заңының талабы бойынша-ысырап болу, егінмен бірге кету немесе басқа да себептер салдарынан топырақтың сіңімді қоректік заттарының тепе-теңтігі бұзылған жағдайда, тиісті тыңайтқыштар еңгізу жолымен, яғни басқада агротехникалық әдістермен сол тепе-теңдікті қалпына келтіру қажет. Соның өзінде топырақ іпетті екенін және ондағы микробиологиялық жұмыстар дұрыс реттелсе өсімдіктердің нәр алуына қиын болып келген заттардың бір бөлігі сіңімді күйге ауысатынын ескерген жөн.
Заңдарды қайтару заңының бұзылуы топырақтың қунарлылығының жойылып кетуіне соқтырады.
3. Минимум, оптимум және максимум заңы. Бұл заң қайтару заңымен тығыз байланысты. Егінажайдағы өсімдіктердің өсуінің минимумдегі факторға немесе қоректік элементке тәуелді болатыны белгілі. Егер топырақтағы сіңімді азот 1 гектардан 10 центнер мөлшерінде астық алуға ғана жететін болса, ал фосфордың калийдің және басқа қоректік заттардың қоры 30 центінер, одан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылықта тұқым қорын есептеу
Нысанның табиғи-климаттық және шаруашылықтық жағдайлары
Ауыспалы егіс
Дәнді бұршақ дақылдары зиянкестерінің энтомофагтары
Өсімдік карантині жайлы
Орман кәсіпорнының орман өсімдіктері жағдайының және аумағының қысқаша мінездемесі
Шаруашылық жағдайында жобаланатын ауыспалы егіс дақылдарына тыңайтқыштар қолдану жүйесін жетілдіру
Ауданның ірі өзендері
Ауыл шаруашылығы-Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенінің басты саласы
Магистранттың пеадгогикалық практикадан өту құжаттары
Пәндер