«Қазагроэкс» АҚ-ның технологиялық сипаттамасы



Кіріспе
«Қазагроэкс» АҚ.ның технологиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ...
Кәсіпорынның әкімшілік басқару жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Технологиялық залдың сипаттамасы, қондырғылар мен жабдықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Астықтың сапалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Ұн және оның сапа көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Желдету және аспирациялық қоңдырғылары. Жұмыс жасау принципі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Астық қабылдайтын кәсіпорындағы қоршаған ортаны қорғау, еңбек қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Ситовейкалық машиналардың тиімділігін анықтау ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясы – бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін алғашқы рет өңдеу, қайта өңдеу және оны сақтау жөніндегі ғылым.
Қазіргі кезде, Қазақстанда технологиялық ғылыми мекемелер мен жоғарғы оқу орындары, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын тексеретін зертханалар бар. Әр алуан шикізаттың сапасына сорттық және оны өсіру жағдайының әсері туралы мәліметтерді студенттер өсімдік шаруашылығы, биохимия, астықтану, егіншілік және тағы басқа пәндердің курсынан алады. Астық сапасына жинағаннан кейінгі өңдеудің және өнімді сақтаудың әсерін ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасы, оларды мемлекеттік мөлшерлеу принципі, сондай-ақ әр түрлі өнеркәсіптердің шикізаттарға қоятын талаптары кешенді түрде толық қарастырылады.
Ауыл шаруашылық мамандарын осы курстан өнімнің тұтынушы бағасы жөнінде түсінік алған соң, соны ескеріп, халықтың қажетіне сай өнімді өндіруді жоғары тиімділікпен ұйымдастыра алады.
Қазіргі уақытта ғылым мен техника біршама жақсы дамығанымен сақтау кезінде жыл сайын астық шығыны 10-15%, ал кей жылдары 40-50% жетеді.
Сонымен бірге ауыл шаруашылығының өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясы күрделі іс. Болашақ ауыл шаруашылық мамандарына өсімдік шаруашылығында азық-түлік сапасын арттыруға және өнімді сақтаған кезде шығынның аса көп болмау жолдарын табуға көмектеседі.
Қазақстанда астық, тұқым және олардан өндірілетін өнімдер селекциялық станцияларда, әр түрлі шаруашылықтарда, элеваторларда, астық қабылдау жерлерде, ұн, жарма, құрама жем, нан зауыттарында, макарон фабрикаларында, өсімдік майы, крахмал өндіру, сыра қайнату, спирт зауыттарында сақталады.
Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі құраушы элементі ұн және жарма өнеркәсібі болғандықтан, оны дамыту және жаңарту үкімет алдында маңызды мәселе болып отыр. Қазіргі кезде үкімет өз алдына ұн және жарма өнеркәсібінің техника – өндірістік және техника – қайта жандандыру базаларын дамыту, қосымша өндірістік қуаттарды енгізуге, енгізілген капиталды тиімді пайдалану, құрылыстық өндірісті экономикалық ынталандыру сияқты мақсаттар қоюда. Жаңа өнеркісіптік кешендерді құрумен қатар ескі ұн және жарма зауыттарын қайта жобалап салу да жоспарлануда.
1 Егоров Г.А. Технология муки, Практический курс. – М.: ДеЛи принт. 2007. – 143 с.
2 Бутковский В.А., Мерко А.И. и др. Технология зерноперераба-тывающих производств: Учебник для студентов вузов.- М.: Интерграф сервис, 1999.-472 с
3 Егоров Г.А. Краткий курс мукомольного и крупяного производства (практическое руководство). – М.: Хлебопродинформ, 2000. –200 с.
4 Демский А.Б. и др. Оборудование для производства муки и крупы (справочник) – М.: Профессия, 2004. - 426 с.
5 Бутковский В.А., Птушкина Г.Е. Технологическое оборудование мукомольного производства – М: ГП «Журнал хлебопродукты»,-1999.-208 с.
6 Чеботарев О. Н. и др. Технология муки, крупы и комбикормов: Учебное пособие. -М.: ИКЦ "МарТ", Ростов на Дону: Издательский центр "Март", 2004. – 688
7 Ә.І. Ізтаев, С.Т. Тастанбеков және Т.Б. Тастанбеков «Астық өнімдерінің технологиясы». – Алматы, 2006.- 550 бет

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны



Бет

Кіріспе
3
1
Қазагроэкс АҚ-ның технологиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ...
5
2
Кәсіпорынның әкімшілік басқару жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ...
7
3
Технологиялық залдың сипаттамасы, қондырғылар мен жабдықтар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

8
4
Астықтың сапалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
13
5
Ұн және оның сапа көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
16
6
Желдету және аспирациялық қоңдырғылары. Жұмыс жасау принципі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

18
7
Астық қабылдайтын кәсіпорындағы қоршаған ортаны қорғау, еңбек қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

20
8
Ситовейкалық машиналардың тиімділігін анықтау ... ... ... ... ... ... .
21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
25

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
26

Кіріспе

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясы - бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін алғашқы рет өңдеу, қайта өңдеу және оны сақтау жөніндегі ғылым.
Қазіргі кезде, Қазақстанда технологиялық ғылыми мекемелер мен жоғарғы оқу орындары, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын тексеретін зертханалар бар. Әр алуан шикізаттың сапасына сорттық және оны өсіру жағдайының әсері туралы мәліметтерді студенттер өсімдік шаруашылығы, биохимия, астықтану, егіншілік және тағы басқа пәндердің курсынан алады. Астық сапасына жинағаннан кейінгі өңдеудің және өнімді сақтаудың әсерін ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасы, оларды мемлекеттік мөлшерлеу принципі, сондай-ақ әр түрлі өнеркәсіптердің шикізаттарға қоятын талаптары кешенді түрде толық қарастырылады.
Ауыл шаруашылық мамандарын осы курстан өнімнің тұтынушы бағасы жөнінде түсінік алған соң, соны ескеріп, халықтың қажетіне сай өнімді өндіруді жоғары тиімділікпен ұйымдастыра алады.
Қазіргі уақытта ғылым мен техника біршама жақсы дамығанымен сақтау кезінде жыл сайын астық шығыны 10-15%, ал кей жылдары 40-50% жетеді.
Сонымен бірге ауыл шаруашылығының өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясы күрделі іс. Болашақ ауыл шаруашылық мамандарына өсімдік шаруашылығында азық-түлік сапасын арттыруға және өнімді сақтаған кезде шығынның аса көп болмау жолдарын табуға көмектеседі.
Қазақстанда астық, тұқым және олардан өндірілетін өнімдер селекциялық станцияларда, әр түрлі шаруашылықтарда, элеваторларда, астық қабылдау жерлерде, ұн, жарма, құрама жем, нан зауыттарында, макарон фабрикаларында, өсімдік майы, крахмал өндіру, сыра қайнату, спирт зауыттарында сақталады.
Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі құраушы элементі ұн және жарма өнеркәсібі болғандықтан, оны дамыту және жаңарту үкімет алдында маңызды мәселе болып отыр. Қазіргі кезде үкімет өз алдына ұн және жарма өнеркәсібінің техника - өндірістік және техника - қайта жандандыру базаларын дамыту, қосымша өндірістік қуаттарды енгізуге, енгізілген капиталды тиімді пайдалану, құрылыстық өндірісті экономикалық ынталандыру сияқты мақсаттар қоюда. Жаңа өнеркісіптік кешендерді құрумен қатар ескі ұн және жарма зауыттарын қайта жобалап салу да жоспарлануда.
Бұл мәселелерді шешу көбінесе жоғары мамандырылған технологтарға жүктеледі. Технологтардың өндірістік өнеркәсіптерді дұрыс жобалауынан оған бөлінген қаражатты қаншалықты дұрыс игергенін көресетеді. Жаңа өнеркісіптерді және қайта жандандырылатын өнеркісптерді жобалау жаңа ғылыми - техникалық жетістіктер, технологиялық процесстер және өндірістік процесстерді автоматтандыру, оған қоса қолданыстағы кәсіптердің тәжірибесі негізінде жүргізіледі.
Дақыл дәндерінен ұн, жарма және құрама жем алу технологиясы - бірімен бірі тығыз байланысқан астықты тазалап тартуға арналған дайындау, ұнтақтау, майдалау, мөлшерлеу, араластыру және қаптау сияқты негізгі жүйелерден тұрады.
Дайындалған астықты ұнға айналдыру тәсілдері мынадай оперциялардан тұрады: жармалау жүйесіндегі дәнді жармалау, ұнтақталған заттарды түйіршіктерінің ірілігіне қарай бөлу, елек пен желдеткішті қолданып жарманы кебегінен айыру, таза жарманы ұнтақтап ұнаға айналдыру, сортқа бөлу, сапасын тексеру, байыту, қаптау.
Ұн өндірудің технологиялық жүйелерінің құндылығы астық пен электр энергиясын тиімді пайдалануы арқылы бағаланады. Мұнда ұн сапасы да ескеріледі. Ұн, жарма және құрама жем шығаруға, астықты үнемді пайдалануға дәннің технологиялық жүйелердің құамы және олардың жұмыс істеу ырғақтығы, сондай - ақ технологиялық және тасымалдау жүйелерінің түрі де әсер етеді.
Дәнді ұнға айналдырудың технологиялық жүйелері, дәннің және дайын азық - түлік құрамының физикалық, химиялық, биологиялық, т.б. көптеген қасиеттері тығыз байланысты.
Нарықтық экономика кезінде ұн, жарма және құрама жем өндіру салаларында, осы өнімдерді өндіретін кіші шағын кәсіпорындар саны жедел өсіп дамуда. Бірақ бұл зауыттар Кеңес үкіметі кезінен қалған технологиямен қолданатындықтан, дайын өнім сапасы айтарлықтай жоғары болмайды. Сондықтан соңғы кездері жаңа технологиялар мен жабдықтар енгізілуде, оған мысал, заманауи сегізбілікті станоктар, біріктірілген сепараторлар және т.б. жаңа қондырғылар шығарылып жасалуда.

1. Казагреэкс АҚ және оның технологиялық сипаттамасы

"Казагрэкс" АҚ (бұдан әрі - Қоғам) жарғылық капиталда мемлекеттің 100 % қатысуымен Республикалық астық инспекциясының құқықтық ісін жалғастырушысы ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.03.2000 жылғы Қаулысына сәйкес құрылды.
"Казагрэкс" АҚ-ның басты бәсекелестік артықшылдығы - бұл Мемлекеттік астық инспекциясының тарихи мирасқорлығын сақтаған көп санды астық сараптамалық пунктілері бар Қазақстан Республикасының аумағында кең тараған аккредиттелген сынау зертханалар жүйесі.
1. Астық және оның қайта өндірілген өнімдерінің сәйкестігін бағалау және сәйкестік сертификатын беру.
2. шығару елін анықтау сараптау және сәйкестік сертификатын беру.
3. астық және оның қайта өндірілген өнімдерінің сапасын сараптау және сапа паспортын беру.
4. астық және оның қайта өндірілген өнімдерін талдау және сынау хаттамасын беру.
5. жана астықтың сапасын, оның ICC, ISO халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келетін технологиялық қасиеттерін бағалауын өткізу
6. барлық өсімдік тұқымдырының егістік сапасын анықтау
7. мақта-талшық сапасын сараптау және покипті сапа паспортын беру негізгі қызмет әрекеттері болып табылады.
"Казагрэкс" АҚ-ның, өз қызметімен Қазақстан Республикасының барлық бидай егетін облыстар аумағын қамтитын, Астана қаласында Орталық сынау зертханасы және аккредиттелген сынау зертханалы 11 облыстық филиалдары бар. Сондай-ақ, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес 127 аудандық және тұқымдық зертханалар мен Түркістан және Жетісай қалаларында орналасқан 2 мақта зертханалары бар.
Зертханаларда HVI M 700 құралы арқылы мақта-талшықтың сапалық параметрлерін 14 көрсеткіш бойынша анықтайтын сынауды автоматтандырылған сынау жүйесімен өткізеді. Талшықты сынау үшін арналған HVI автоматтандырылған құралы сынауды дәл және нақты жасайды.
"Казагрэкс" АҚ СТ РК 17025-2001 стандартына сәйкес аккредиттелді, сынаулар клиенттер мен шетел алушылардың тапсырысы бойынша жасалады.
Кәсіпорынның Астана қаласындағы орталық зертхана ғимаратының технологиялық сипаттамасына тоқтала кетер болсақ, жалпы алғанда кәсіпорын кірпіштен жасалған, салалары бойынша жіктелген ғимарат болып табылады. Бұл ғимарат іші бірнеше бөліктерден тұрады. Акционерлік қоғамда тұқымдық қорды зерттеу залы, технологиялық зал, биохимиялық зерттеу жүргізу бөлімі, шикі сағызды жууға арналған арнайы қондырғымен жабдықталған астық сапасын анықтайтын зертхана, астық сапасын анықтауға арналған БИС-1 бөлгіші және майдалағыш машина орналасқан арнайы бөлмемен, және барлық құжаттар сақталынған архивке арналған жеке бөлімдерден тұрады. 2 - суретте мекеменің әкімшілік ғимараты көрсетілген.

Cурет 1 - Мекеме ғимаратының сыртқы көрінісі

Бұдан басқа басшылық, кадрлар бөлімі және бухгалтерияға ғимарат аумағында өз қызметін іске асыруда. Мекеменің аумағында жүк көлігінен сынама алуға арналған астық зертханасы орналасқан. Зертханада жүк көліктерінен орташа тәуліктік сынама алынып, сынама технологиялық залға жіберіледі. Жүк көліктерінен сынама алу 2-суретте көрсетілген.

Сурет 2 - Жүк көлігінен сынама алу

Астық партиясын жеткізетін автомобильдер жүкқұжатқа қолбелгі қою алаңында арнайы тексерістен өтіп, онда нұсқаулыққа сай сынама алынады. Технологиялық зал мамандары астықтың ылғалдылығын, қоқыстылығын, зақымдалуын, типтік және төментиптік құрамын, түсін, иісін анықтайды. Әр қожалықтан келген біркелкі астық партиясына орта тәуліктік үлгі жасайды. Сараптама нәтижесіне сай астық партиясының сапа көрсеткіштерін астық сапасы жайлы құжатқа толтырылады.
Қазагроэкс АҚ технологиялық сипаттамасы заманауи зертхана талаптарына сай келеді, мүмкіншіліктері жоғары зертхана болып табылады. Сонымен қатар мекеме астық сапа көрсеткіштеріне баға беретін, шаруа қожалықтарына сертификат берумен және де халықаралық тауар айналымында астық сапасының көрсеткіштері екі тараптың зерттеулері қарама - қарсы келген уақытта қосалқы зерттеу жұмысын жүргізумен айналысатын мекеме.

2. Кәсіпорынның әкімшілік басқару жұмыстары

Басқарма төрағасы. Барлық құрылымдық бөлімшелердің, цехтардың жəне өндірістік бірліктердің тиімді өзара іс-əрекеті жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Олардың қызметін əлеуметтік жəне нарықтық басымдықтарды, жұмыстың тиімділігін арттыруды, өнімдерді өткізу көлемдерінің өсімін, өндірілетін өнімнің пайдасын, сапасын жəне бəсекеге қабілеттілігін ұлғайтуды ескере отырып өндірісті дамытуға жəне жетілдіруге бағыттайды. Жергілікті бюджет, жеткізушілер, тапсырыс берушелер жəне кредиторлар, банк мекемесін, сондай-ақ шаруашылық жəне еңбек шарттарын (келісім-шарттарды) жəне бизнес-жоспарларды қоса алғанда барлық міндеттерді орындауды қамтамасыз етеді.
Басқарма төрағасының бірінші орынбасары - қаржылық директор кəсіпорынның қаржы ресурстарының қозғалысын басқаруды жəне қаржылық қатынастарды реттеуді жүзеге асырады. Бухгалтерияның, экономикалық қызметтің, ауылшарушылығы бөлімінің жəне ақпараттық технологиялар бөлімінің жұмысына жетекшілік етеді.
Бас бухгалтер шаруашылық-қаржылық қызметтің бухгалтерлік есебін ұйымдастыруды жəне материалдық жəне қаржылық ресурстарды үнемді пайдалануды, кəсіпорын меншігінің сақталуын бақылауды, кəсіпорынның қаржылық ресурстарының қозғалысын басқаруды жəне қаржылық қатынастарды реттеуді жүзеге асырады.
Бухгалтерия кəсіпорынның бухгалтерлік есептілігін ұйымдастыруды жүзеге асырады. Кəсіпорын қызметтерінің жұмысымен байланысты шығындарды оңтайландырудың мониторингін жүргізеді. Материалдық, еңбек жəне қаржылық ресурстарды үнемді пайдалануды, кəсіпорын меншігінің сақталуын бақылаудың мониторингін жүргізеді.
* Экономикалық қызмет саланың жай-күйін жəне үрдістерін талдаудың негізінде кəсіпорынның бірыңғай экономикалық саясатын қалыптастыруды жүзеге асырады. Өнімді (жұмыстар мен қызметтерді) өндіру жəне өткізу процесіндегі дамытуды экономикалық жоспарлауды жүзеге асырады.
* Ақпараттық технологияларды қамтамасыз ету бөлімі есептеуіш, локальді есептеу желілер құралдарға жəне коммуникациялық жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
* Ауыл шаруашылығы бөлімі астық сатып алуды жүзеге асырады, мекеменің үздіксіз жұмысы үшін өндірістік бөлімшелерді шикізатпен қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылығы саласында кəсіпорын стратегиясын, ауыл шаруашылығы кəсіпорындарымен, əртүрлі меншік нысанындағы тауар өндірушілермен, астық өндіру жəне сату жөніндегі ірі компаниялармен ынтымақтастық бағдарламаларын əзірлейді.
Басқарма төрағасының құқықтық ұйымдық-кадрлық мəселелер жөніндегі орынбасары басқарманы ұйымдастыруды, мекеменің персоналының қалыптасуы мен дамуын, құқықтық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
oo Заң бөлімі мекемедегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді, кəсіпорын мүдделерін заңды қорғауды жүзеге асырады.
oo Жалпы бөлім кəсіпорынға жəне оның бөлімшелеріне шарушылық, материалдық-техникалық жəне əлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
oo Қауіпсіздік жəне күзет қызметі ғимараттың, үй-жайдың, жабдықтың, өнімдердің, техникалық құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
oo Персонал бойынша директор Компания қызметкерлерінің білікті штатын ұйымдастыруды жүзеге асырады.

3. Технологиялық залдың сипаттамасы, қондырғылар мен жабдықтар

Технологиялық залдың негізгі қызметі дән сапасын зерттеу және биохимиялық талдау жасау болып табылады. Технологиялық залда барлық заманауи жабдықтар мен қондырғылар орналасқан. Сонымен қатар, астық сапа көрсеткіштерін автоматтандырылған лазерьлік сәулемен, сканерлеу әдісі арқылы жұмыс істейтін жабдықтар бар. Олар астықтың сағыздылығын, шынылығын, ақуыздық құрамның мөлшерін және т.б. сапа көрсеткіштерін тез әрі анық көрсетеді. Технологиялық зал аналитикалық жабдықтарды өндіретін Perten Instruments, Brabender cекілді әлемдік жетекші компаниялардың өнімдерімен жабдықталған. Бұл залда негізінен астық сапасына зерттеу жүргізіледі. Биохимия және дән сапасы зертханасы осы залда орналасқан. Технологиялық зал 3-суретте көрсетілген.
Дән сапасын технологиялық бағалау зертханасы 1961 жылы, алдымен В.Р.Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ҒЗИ-ның бидай селекциясы бөлімінің құрамынан жасақталды. Зертхананың құрылу мақсаты -- технологиялық бағалау қорытындысына сәйкес, тұқым сапасы бойынша бидайдың селекциялық процессін қамтамасыз ету.

Сурет 3 - Қазагроэкс АҚ технологиялық залы

Лаборатория зерттеулерінің негізгі бағыттары төмендегідей:
Әдістемелік әзірлемелер (дән сапасының биохимиялық детерминантасының сипаттамасы және зерттеуі; дән сапасының жаңа бағалау әдістерін әзірлеу; аналитикалық негізді автоматтандырылған экспресс-жүйелерге ауыстыру);
Дән сапасының генетикалық жүйелерін маркерлеу және дәнді пайдаланудың соңғы типі бойынша селекциялық бағдарламаладың дифференциациясын қамтамасыз ететін бағалаушы жүйесін жетілдіру (бидай - нан пісіруші, кондитерлік, макарон, арпа - сыра пісіруші, жарма, мал азықтық, т.б.), мал азықтық және азықтық емес (биотехнологиялық) пайдалану мен селекцияны MAS-деңгейге (marker assisten selection) ауыстыру.
Құрғақшылықтың әсерінен күйзелістік жағдайларда дән сапасын қалыптастырудың мониторингі;
Топырақ-өсімдік-өнім (астық) жүйесінде биохимиялық, технологиялық қасиеттері мен экологиялық қауіпсіздік және қоректік құндылық парамертлері бойынша ауылшаруашылық өнімдері сапасының мониторингі;
Бидай, арпа, тритикале, жүгері, қытайбұршақ, күріштің, т.б. генетикалық ресурстарының коллекцияларын қалыптастыру және тіркеу үшін жоғары сапалы үлгілер (донорлар мен көздер) бойынша мәліметтер базасын жасау;
Ортаның әрекеттесу генотипі модельдерінің негізінде өнім мен сапа бойынша тұрақты түрлі технологиялық типтегі ауылшаруашылық дақылдарын өсіру аймақтарын анықтау және оңтайландыру;
Технологиялық залдан бөлек кәсіпорын аумағында астық тұқымдастарына және жоғары сұрыпты дән селекциясына зерттеу жасайтын тұқымдық лаборатория орналасқан. Мұндағы негізгі қызмет астықтың сапа көрсеткіштерін анықтап, оған баға беру болып табылады. Тұқымдық лаборатория суреті төменде келтіріледі.

Сурет 4 - тұқымдық лаборатория

Казагроэкс АҚ еліміздегі астық сапасына баға беретін зертханалар жүйесі екенін айтқан болатынбыз. Қоғамның жұмысын нәтижелі және тездету үшін жаңа технологиялық машиналармен, қондырғылармен жабдықталған. Әлемдік нарықта жетекші компаниялардың бірі perten instruments компаниясы болып табылады.
Perten instruments компаниясының жабдықтары
Perten instruments компаниясы әруақытта өндірістің белсенді қатысушысы болды. Компания АҚШ ауылшаруашылығы министрлігімен және IAOM, ICC, AACC секілді ұйымдармен бірге жұмыс істейді. Әлемнің түкпір - түкпірінде, дәлірек айтсақ 100 шақты мемлекетте өз қызметін жүзеге асырады. Компания кей елдерде тікелей қызмет атқарса, кей елдерде жергілікті дистрибьюторлық компаниялармен серіктестік қызмет атқарды. Ол компаниялар Perten instruments компаниясының бөліктес құрамы болып табылады. Ол компаниялардағы қызметкерлердің барлығы астық сапасын бақылау, ұн, тағам өндірісі және жем өндірісі саласы бойынша жоғары санатты мамандар болып табылады.
DA 7300 маркалы лекті БИК анализаторы БИК диапазондағы заманауи онлайн анализаторы болып табылады. Астық, ұн, тағам және жем өндірісінде қолданылады. Анализатор өнім жайлы дәл қазіргі уақыттағы ақпаратты жылдам әрі анық көрсетеді. Құрылғының суреті төменде көрсетілген. Астық сапасы жайлы ақпаратты жедел беруі келесідей артықшылыққа ие:
* үрдісті автоматтандырылған бақылау жүйесі
* жеделдетілген іске қосу және бағаны өзгерту
* барлық өнімді толық бақылау
* жоғарғы қауіпсіздік техникасы
* экономикалық тиімді

Сурет 5 - DA 7300 маркалы лекті БИК анализаторы

Инфраматик 8800 маркалы БИК астық анализаторы дәнді және майлы дақылдардағы ақуыздың құрамын, ылғалдылықты және майлылықты анықтайды. Инфраматик суреті төменде көрсетілген. Бұл құрал заманауи жабдықтар арасындағы ең таңдаулысы және озық үлгіде жасалған жабдық болып табылады. Қолдануға тиімді, құрылысы қарапайым, салмағы жеңіл, габариттік өлшемдері кішкентай, лаборатория жағдайында қолдану өте тиімді.

Сурет 6 - Инфраматик 8800 маркалы БИК астық анализаторы

Бұл құрал қолданушыларға еркіндік беру мақсатында шығарылған мобильді заманауи құрылғы болып табылады. Ол астық сараптамасын далалық жағдайда, өңдеу орындарында және қоймаларда анықтауға арналған. GPS модулмен қамтамасыздандырылған. Ол протеиндік картамен жабдықталған.
Глютаматик - сағыздың сапасы мен санық анықтауға арналған құрылғы.
Макарон өнімдерін және нан пісіру кезінде қолданылатын ұнның күші мен сағыздылығы соңғы өнімнің сапасын анықтайды. Глютаматик жүйесі сағыздың сапасы мен санын анықтауға арналған стандарт болып табылады.
Сағыздың саны мен сапасы нан, пішінәй, крекерлер мен макарон өндірісіндегі негізгі көрсеткіш болып табылады. Бөлке нанның суретінде шикі сағыздың саны нанның сапасына едәуір әсер ететіні белгілі. Төменде суреті көрсетілген.

Сурет 7 - Глютаматик құрылғысы

Артықшылықтары мен ерекшеліктері:
* Сағыздың саны мен сапасын анықтау - дайын өнімнің сапасын жақсарту мүмкіндігі
* Ұн мен астық үшін - сағыздың құрамын анықтау мүмкіндігі
* Сағыздылықтың анық көрсеткіші
Лабораториялық диірмендер
Perten instruments компаниясы лабораториялық диірмендердің екі түрлі үлгісін жасайды: балғалы және дискілі
Дискілі диірмендер астық үлгілерін өңдеу кезіндегі ондағы ылғал мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді, ал осы уақытта балғалы диірмендер көптеген басқа мақсаттарда қолданылады. Мысалы: құлау санын анықтауда, Глютаматик жүйесі үшін және БИК анализатор үшін. Төменде диірмен суреті келтірілгін.

Сурет 8 - Лабораториялық диірмендер

Артықшылықтары мен ерекшеліктері:
Құлау саны мен сағыздылық индексі - құлау санын анықтауға арналған диірмен және сағыздылық индексін анықтау үшін сынама ала алады
Үлгілердің жоғарғы шектегі біркелкілігі - сараптама нәтижесінің қайталануын және сенімділігін жақсартады
Берік конструкция - ұзақ уақыт жұмыс жасайды және қызмет көрсету бағасы өте арзан, астық және т.б. дақылдарды ұнтақтай алуы - диірмен астық үлгілерінің әр түрін майдалайды
4. Астықтың сапалық сипаттамасы

Бидай - адам баласы ежелден пайдаланып келе жатқан ең негізгі дақыл. Ол жер шарында кең тараған, қазір барлық егіліп жүрген ауыл шаруашылық дақылдарының ішінде бірінші орын алады. Бидайдың мұндай кең тарауына, тек соның ғана химиялық құрамында болатын, сумен қосылып клейковинаға айналатын ақуыздардың болуы. Осының арқасында бидайдың ұнынан нан, макарон сияқты тағамдар пайдалануға болады. Бидай ұнынан пісірілген нан дәмді, басқа дақылдардың ұнынан пісірілген нанға қарағанда өте сіңімді болады.
Бидайдың тағамдық қасиеттеріне байланысты олардан жоғары аса бағалы ұн алады. Ұнның шығымына және сапасына дәннің химиялық құрамы мен техологиялық қасиеттері, ал бұл қасиеттер дәннің сорттық ерекшеліктеріне, оның өсіп - өнген ортасына, топырақтың құрамы мен ауа райына байланысты өзгеріп отырады.
Астықтың технологиялық қасиеттері - дәннің барлық физикалық, химиялық қасиеттері мен сапасын, оның ұнға айналу кезіндегі сипаттамасын, ұнның жалпы шығымын және оның сапасын айтады, сондай - ақ энергия шығыны жатады.
Бидайды тиімді пайдалану үшін технологиялық қасиеттерін әрдайым анықтап тұру керек. Бидай эндоспермнің шынылылғына, түріне (жұмсақ және қатты), жаздық немесе күздік нысандарына, дәннің түсіне (қызыл және ақ), ал қара бидай құрылысына, өндірілетін аумағына қарай типке бөлінеді. 9-суретте бидай дәнінің құрылысы көрсетіледі.

Сурет 9 - Бидай дәнінің құрылысы

Астықты қабылдау және ұн тартуға дайындау кезіндерінде бидайдың күшіне едәуір көңіл бөледі. Өйткені күшті бидайдан сапалы және наубайханалық қасиеттері жоғары ұн алуға болады. Наубайханалық күшіне қарай жұмсақ бидай күшті, орташа және әлсіз деп үш топқа бөлінеді.
Күшті бидайдан алынған ұннан қамыр илегенде ол суды көп сіңіреді. Осы қамырдан пісірілген нан сапалы, көлемі үлкен болады. Ол ашып жетілу үшін көп уақытты қажет етеді, нанның қабығы жұқа болады.
Күші орташа бидайдан да наубайханалық сапасы жақсы ұн алуға болады.
Күші әлсіз бидай ұнының наубайханалық қасиетін жақсарту үшін күшті бадайдың ұнын қосу керек.
Дәнің шынылығы мен басқа көптеген қасиеттері оның наубайханалық сапасын бағалайтын көрсеткіштер. Дәннің шынылығымен оның проценттік мөлшері бидайдың сортты ұн тартуға жарамдылығын және ұн тартқанда жүретін процесстердің ырғағын ретімен анықтайды.
Дәннің ұн тартуға әсер ететін көрсеткіштер дәнді ұнтақтап, ұнға айналдыру кезінде ұнның ығымы мен сапасына, электр энергиясының шығынына үлкен әсер етеді.
Дәннің шынылығы. Бидайдың технологиялық қасиеттері, ең алдымен бидай ұнының қиыршық болып келуі, оның шығымдылығының жоғары болуы бидай дәнінің шынылығына байланысты. Бидай дәнінің эндоспермінің ұлпаларының өзара байланысы әр түрлі болуына байланысты әр дән екі түрлі құрылымда болады. Шынылығы жылтыр және ұн тәрізді ақ құрылымдар. Кейде ол екеуінің арасындағы жартылай шынылықты түрі де кездеседі.
Эндосперм шынылығы немесе ұн тәріздес болуы оның құрамындағы крахмал түйіршіктерінің формасына, орналасқан орнына, құрамына, санына және ақуыздық заттардың санына байланысты болады. Мұның бәрі бидайдың ботаникалық түріне, сортына байланысты өзгеріп тұрады.
Дәннің ірілігі және біркелкілігі. Біркелкілік деп астық қоспаларының ішіндегі барлық дәннің бірдей ірілігі, ылғалдылығы, тазалығы, түсі, химиялық құрамы және тағы да басқа көрсеткіштері бойынша біркелкі болуын айтады. Біркелкілік астықтың ылғалдылығын анықтауда ерекше орын алады. Егер бірнеше кішігірім партиялардың ылғалдылығы біркелкі болса, оларды бір бірімен қоса беруге болады. Егер астықтың үлкен тазартылған және құрғатылған партиясына аздап болса да ылғалдылығы жоғары астық қосылып кетсе, сол арада белсенді аймақ пайда болып, астықтың қыза бастауына себепші болады. Ылғалдылығы жоғары астықтың тыныс алу процесі жиілеп, жылу бөліне бастайды да, біраз уақыттан соң өзінен-өзі қызу процесі басталып кетеді. Өндіріс орындарында бидайды тиісті елеуіштерден елеп, біркелкіліктің процентін табады. Содан кейін әр елеуіштен өтпей қалған массаны немесе екі елеуіште қалған дәндердің массаларының қлсындылары арқылы бағаланады.
Мың дәннің массасы. Мың дәннің массасын анықтау көбінесе тұқымға арналған астықтың сапасын тексергенде қолданылады. Бұл оның эндосперміндегі қоректік заттар қорының көп екенін, дәннің толықтығын көрсетеді. Дән ірі болған сайын оның эндоспермі мен қабыршақтарының арасындағы қатынас өсе береді.
Бұл көрсеткіш дәннің ірілігін, біркелкілігін көрсетеді. Сондықтан оны дәннің ұнға айналу қасиетінің көрсеткіші деп есептейді. Егер мың дәннің салмағы жоғары болса, онда одан алынатын сапалы ұнның түсімі де көп болады.
Дәннің тығыздығы. Тығыздық көрсеткіші дәннің сапасының салыстырмалы көрсеткішінің бірі. Толық піскен толған дәнінің ішіндегі химиялық заттар өзара тығыз орналасады да, оның орташа тығыздығы жоғары болады. Егер астықтың ішінде әр түрлі жеңіл немесе ауыр қосындылар болса, оларды да осы қасиеттерінің айырмашылықтарын пайдаланып бөліп алуға болады. Астықты қоймаға құйғанда өздігінен жіктелуі мүмкін. Бұл оның жақсы сақталуына әсерін тигізеді.
Дәннің тығыздығына оның химиялық құрамынан басқа оның ұлпаларының арасында ауаның болуы, шынылығы, ылғалдылығы және басқа да көптеген жағдайлар өздерінің ықпалын тигізеді.
Дәннің күлділігі. Бұл көрсеткіш дәннің құрамындағы минералдық заттардың мөлшерін көрсетеді. Дәнде минералдық заттар әр түрлі орналасады. Көбінесе олар дәннің алейрон қабатында, қабыршақтарында, тұқым бүршігінде орналасады, ал эндоспермде олардың мөлшері аз болады. Бұл заттар дәнді ұнтақтаған кезде қабыршақпен бірге кебекке шығып кетеді де ұнның күлділігі төмендейді. Сондықтан ұнның сапасын оның күлділігі арқылы бақылайды. Бұл тек жорамал баға болып есептеледі.
Дәннің наубайханалық қасиеттерін бағалайтын көрсеткіштер. Олар дәннің технологиялық қасиеттерін бағалауға керекті көрсеткіштердің ішіндегі, ерекше маңыздысы. Олардың ең маңыздысы сағыз мөлшері мен сапасы. Дәннің сағызы нәруыздың суға ерімейтін бөлшектерінен тұрады. Оның құрамында нәруызбен мықты байланысқан аздаған крахмал, май және басқа заттар бар. Сағыз көбіне нәруыздан тұратын болғандықтан ұнның мөлшері мен сапасы сағыздың мөлшері мен сапасымен байланысты болады. Сағыздылықтың сапасы да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бетонның құрылыс материалының түрлері
Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта шаруашылығының дамуын талдау
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Өнімдер өндірісі
АВТОМАТТЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОБЪЕКТІЛЕРІ
КОМПРЕССОРЛЫҚ СТАНЦИЯДАН ШЫҚҚАН ГАЗДАРДЫ УТИЛИЗАЦИЯЛАУ
Өндіріс көсіпорындарының реконструкциясы мен жаңадан құрылыс салыну кезіндегі санитарлық сактық қадағалау. Студенттердің өзіндік дайындығына арналған оқу-әдісгемелік құрал
Автоматты басқарудың оптимальды жүйелері
МТБЭ синтезінің катализаторы
Химиялық өнеркәсіп
Пәндер