Катон-қарағай ауданы туралы жалпы малімет



МАЗМҰНЫ
I.КІРІСПЕ
II.Катон.қарағай ауданы туралы жалпы малімет
III.Катон.қарағай ауданының табиғи климат жағдайы
3.1Климат
3.2Топырақ тузуші жыныстар және жер бедері
3.3Жер бедері және жер асты сулары
3.4Өсімдік жамылғысы
3.5.Топырақтары
IV.Катон.қарағай ауданының топырақтарының негізгі топырақ типімен
Типшелерін анықтау және сипаттама беру
V.Катон.қарағай ауданының топырақтарының бал бонитеті
VI. Катон.қарағай ауданының топырақтарының агроөндірістік топтастыру
VII.Дайындық,далалық және камералық кезеңнің экономикалық
шығындары
VIII Қорытынды
Қосымша
Кіріспе
Шығыс Қазақстан облысы,Катон-қарағай аумағы ежелгі заманнан қоныстанған. Оның куәгері есебінде Алтайда, Зайсан қазаншұңқырында, Тарбағатай мен Сауыр жоталарында ежелгі кеніштердің, суландыру жүйелерінің, бекіністер мен қоныстардың іздері сақталған. 15 ғасырдың бас кезінде Ертіс өзені алабының жоғарғы бөлігін ойраттар басып алғаннан кейін бұл жер Жоңғар хандығының құрамында болды. 1758 ж. Қытай әскерлері Жоңғар хандығын жойып жібергеннен кейін, қалмақтар Еділ өзенінің арғы бетіне кетті. Ал қалмақтардан ығысып, негізінде Сарыарқаны мекендеген қазақ рулары өздерінің ежелгі қоныстарына қайтып оралды. 18 ғасырдың бас кезінде патшалық Ресей қазақ жерін тереңдей отарлау мақсатымен қазақтарды ата қонысынан тықсыра отырып, қазіргі облыс аумағында Ертіс бекіністер желісін салды. Осы желінің бойымен біртіндеп бекіністер мен форпосттар жүйесі, ал одан кейініректе казак-орыс станицалары құрылды (1718 ж. Семей, 1720 ж. Өскемен, салынды. Казак-орыстардың мекендері Ертістің оң жағалауы мен оның салаларының бойында пайда болды. Ертіс өзенінің екі бірдей жағынан он шақырымдық шұрайлы жерлер (“Иртышская десятиверстная полоса”) қазақтардан тартып алынып, казак-орыстардың пайдалануына берілді. Яғни, қазақтарға Ертіс өзеніне 10 км-ден жақын жерде қоныстануға тыйым салынды. Қазақтар ең шұрайлы жерлерінен айрылып, ата қоныстарының атауларын жоғалтты, олардың орнына карта беттерінде сақталған орысша атаулар пайда болды. Бүкіл Ертіс өзеніне құятын салалары мен жыра-сайлар, жылғалар орысша аталып кетті. Станицалар біртіндеп оңтүстікке және оңтүстік-батысқа қарай жылжи берді. 1826 ж. Қалба жотасының етегінде Көкпекті бекінісі, 1831 ж. Аягөз өзенінің оң жағасына таяу қазіргі Аягөз қаласына жақын жерде Сергиополь бекінісі, Шәуешек жолының бойында станицалар пайда болды.
Казак-орыс отарлауымен бірге Алтайдың тау аңғарларының шалғайдағы жетуі қиын тайгалық түпкірінде патша өкіметінен тығылып, қашып жүрген орыстар келе бастады. Олар кержактар (ескі ғұрыпты адамдар) мен Оралдың және Алтайдың зауыттары мен кеніштерінен қашқан жұмысшылар мен қолөнершілер еді. Бұлар Бұқтырманың жоғарғы ағысы мен оның салаларының және Нарын мен Қалжыр өзендері бойларында қоныстанды. Осы кезде Қатонқарағай, Белая, Черновая, т.б. ауылдар пайда болды. 18 ғасырдың 60-жылдарында Алтайдың солтүстік-батыс жағында Оба мен Үлбі өзенінің аңғарларында Ресейдің ішкі губернияларынан “поляктар” деп

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
I.КІРІСПЕ
II.Катон-қарағай ауданы туралы жалпы малімет
III.Катон-қарағай ауданының табиғи климат жағдайы
3.1Климат
3.2Топырақ тузуші жыныстар және жер бедері
3.3Жер бедері және жер асты сулары
3.4Өсімдік жамылғысы
3.5.Топырақтары
IV.Катон-қарағай ауданының топырақтарының негізгі топырақ типімен
Типшелерін анықтау және сипаттама беру
V.Катон-қарағай ауданының топырақтарының бал бонитеті
VI. Катон-қарағай ауданының топырақтарының агроөндірістік топтастыру
VII.Дайындық,далалық және камералық кезеңнің экономикалық
шығындары
VIII Қорытынды
Қосымша

Кіріспе
Шығыс Қазақстан облысы,Катон-қарағай аумағы ежелгі заманнан қоныстанған. Оның куәгері есебінде Алтайда, Зайсан қазаншұңқырында, Тарбағатай мен Сауыр жоталарында ежелгі кеніштердің, суландыру жүйелерінің, бекіністер мен қоныстардың іздері сақталған. 15 ғасырдың бас кезінде Ертіс өзені алабының жоғарғы бөлігін ойраттар басып алғаннан кейін бұл жер Жоңғар хандығының құрамында болды. 1758 ж. Қытай әскерлері Жоңғар хандығын жойып жібергеннен кейін, қалмақтар Еділ өзенінің арғы бетіне кетті. Ал қалмақтардан ығысып, негізінде Сарыарқаны мекендеген қазақ рулары өздерінің ежелгі қоныстарына қайтып оралды. 18 ғасырдың бас кезінде патшалық Ресей қазақ жерін тереңдей отарлау мақсатымен қазақтарды ата қонысынан тықсыра отырып, қазіргі облыс аумағында Ертіс бекіністер желісін салды. Осы желінің бойымен біртіндеп бекіністер мен форпосттар жүйесі, ал одан кейініректе казак-орыс станицалары құрылды (1718 ж. Семей, 1720 ж. Өскемен, салынды. Казак-орыстардың мекендері Ертістің оң жағалауы мен оның салаларының бойында пайда болды. Ертіс өзенінің екі бірдей жағынан он шақырымдық шұрайлы жерлер ("Иртышская десятиверстная полоса") қазақтардан тартып алынып, казак-орыстардың пайдалануына берілді. Яғни, қазақтарға Ертіс өзеніне 10 км-ден жақын жерде қоныстануға тыйым салынды. Қазақтар ең шұрайлы жерлерінен айрылып, ата қоныстарының атауларын жоғалтты, олардың орнына карта беттерінде сақталған орысша атаулар пайда болды. Бүкіл Ертіс өзеніне құятын салалары мен жыра-сайлар, жылғалар орысша аталып кетті. Станицалар біртіндеп оңтүстікке және оңтүстік-батысқа қарай жылжи берді. 1826 ж. Қалба жотасының етегінде Көкпекті бекінісі, 1831 ж. Аягөз өзенінің оң жағасына таяу қазіргі Аягөз қаласына жақын жерде Сергиополь бекінісі, Шәуешек жолының бойында станицалар пайда болды.
Казак-орыс отарлауымен бірге Алтайдың тау аңғарларының шалғайдағы жетуі қиын тайгалық түпкірінде патша өкіметінен тығылып, қашып жүрген орыстар келе бастады. Олар кержактар (ескі ғұрыпты адамдар) мен Оралдың және Алтайдың зауыттары мен кеніштерінен қашқан жұмысшылар мен қолөнершілер еді. Бұлар Бұқтырманың жоғарғы ағысы мен оның салаларының және Нарын мен Қалжыр өзендері бойларында қоныстанды. Осы кезде Қатонқарағай, Белая, Черновая, т.б. ауылдар пайда болды. 18 ғасырдың 60-жылдарында Алтайдың солтүстік-батыс жағында Оба мен Үлбі өзенінің аңғарларында Ресейдің ішкі губернияларынан "поляктар" деп аталған шаруалар келіп қоныстанды. 18 ғасырдың соңында Кенді Алтайдың шегінде кен өнеркәсібі пайда болды. Мұнда бірінен кейін бірі Риддер (1784), Зырянов (1794), Белоусов (1797), Сокольный (1822), т.б. түсті металл кеніштері іске қосылды. 1844 жылдан Зырянов кеніші Алтай кен зауытттарының шикізат базасына айналды. Ресейде басыбайлылық құқықтың жойылуы салдарынан арзан жұмыс күшінен айрылған және тех. қайта құруды керек еткен Алтайдың кен өнеркәсібі күрт құлдырай бастады. Оны осы кезде Алтайдың кен өнеркәсібінің негізгі өнімі болып саналатын - күміс бағасының арзандауы ушықтырып жіберді. Алтай зауыттарының түгелдей дерлік жабылуымен бірге Алтайдың басыбайлылық кен өнеркәсібі ауданы, кейбір полиметалл кеніштері австралиялық, ағылшындық, франциялық, т.б. шетелдік капиталға концессияға берді.19 ғасырдың соңынан бастап Семей қаласында өңдеу өнеркәсібі біршама дами бастады. Оның негізгі салалары: ұн тарту мен жүн жуу болды. Жиналған астық пен бидай ұны Ертіс арқылы кемемен 600 км-дей жердегі Сібір темір жолына жеткізіліп тұрды. Ал Қазақстанның бүкіл шығыс бөлігінен және ішінара Шыңжаң аймағынан (Қытайдан) жиналып әкелініп Семейде жуылған жүн алғашқы өңдеуден өткеннен соң, еуропалық Ресейдің шұға фабрикаларына жеткізілді. Өнеркәсіптің бұл екі саласынан басқа облыс жерінің әр тұсында орналасқан ірі елді мекендерде арақ-шарап пен сыра қайнату, сондай-ақ тері илеу, тон тігу, май және сабын қайнату өндірістері де болды. Зайсан,Марқакөл, Алакөл көлдері мен Ертіс өзенінің салаларында балық аулау кәсібі, Риддер мен Зыряновскіде ағаш және темір ұсталық кәсіптер орын алды. 19 ғасырдың екінші жартысында Ертіс өзенінде пайда болған кеме жол қатынасының маңызы күшейді. Кемелер Семейден Омбыға дейін, Зайсан көлі мен Қара Ертіс бойымен жоғары көтерілді.
Шығыс Қазақстан облысы Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында елеулі дами қойған жоқ. Тек 20 ғасырдың 30-жылдары ауыл шаруашылығын ұйымдастыру және елді индустрияландыру науқанын жүзеге асыруға байланысты Кенді Алтай Қазақстандағы түсті металлургия мен кен өнеркәсібінің ең ірі орталығына айналды. Алтайдың қазақтар тұратын бөліктерінде сан алуан елді мекендер пайда болды. Облыс экономикасының әрі қарай дамуына Түркістан - Сібір темір жолымен Локоть - Риддер және Өскемен - Зырянов темір жолын салу, Ертіс өзенінің көліктік маңызын көтеру, Түрксіб темір жолы Жаңғызтөбе стансасынан басталатын "Шығыс айналма жолы" деп аталған жақсартылған қара жол салу едәуір әсер етті.
Екінші дүниежүзілі соғыстан кейінгі жылдары облыс экономикасы тез қарқынмен дамыды. Ертіс өзенінде Бұқтырма,Өскемен және Шүлбі электр стасасылары салынды. Кенді Алтай бойында түсті металл өндіретін жаңа кеніштер мен оны өңдейтін металлургиялық кәсіпорындар, Семейде бұрынғы одақ көлемінде қуаты жағынан КСРО-да екінші орын алған ет комбинатының қуаты артып, Өскеменде титан-магний комбинаты, жасанды жібек комбинаты сияқты көптеген өнеркәсіп орындары пайда болды. Республикалық маңызы бар Алматы - Семей және облыс ішінде өнеркәсіп орындарын темір жолы стансасыларымен және ауылдық елді мекендерді ірі қалалармен, аудан орталықтарымен байланыстыратын облыстық маңызы бар көптеген автомобильдік жолдары салынды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Табиғи-климаттық жағдайы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Биік таулы және таулы-орманды аймақтың ауа-райы өте ылғалды, қоңырсалқын суық, кей жерлерде өте суық. Аймақтың солтүстік жартысында бір жылда 550-560 мм ылғал түседі. Шілделік ылғалдың ызғары әсіресе анық сезіледі. Желдің орташа айлық жылдамдығы бір жыл ішінде 1,7 мсек құрайды. Қатты желді күндер саны жылына 7 күнді, ал шаңды боран -10 күнді құрайды. Өсімдік жамылғысы өз таралымында, ауа райы мен жер жамылғысы тәрізді вертикалды аймаққа бағынады. Биік таулы тундралық аймақтарда жасыл қыналар, тал-шілік, бұталар басым. Биік таулы шалғынды аймақ дәнді өсімдіктер, сан алуан шөп түрлерінің басымдығымен ерекшеленеді. Альпі белдеуінде өсетін өсімдіктер жерге жақын, аймақта тақыр жерлер көбірек, ал субальпілік белдеуде өсетін өсімдіктер неғұрлым жиірек және биік болып өседі. Биік таулы альпі шалғындары Оңтүстік Алтай мен бір бөлігі орталыққа кіретін, атмосферасы ылғалмен жақсы ылғалданатын аймақтарда орналасқан. Таулы-тайга және шалғынды - тайга аймақтары өсімдік жамылғысында қою қылқан жапырақты және ашық қылқан жапырақты тайга ормандарының басымдығымен ерекшеленеді. Орман арасындағы ашық жерлерде жылы және құрғақ ауа райына өсіп үйренген шөптер және қыналы шөптер, әр түрлі дәнді өсімдіктер, шөптер, бұталар және сирек орман таралған. Таулы тайга ормандарында шөптің орташа биіктігі 120-150 см болса, қалыңдығы 80 100 % құрайды. Ірі шөптердің үлесі басым болғандықтан, шөптердің азықтық құндылығы төмен, мал жөнді жемейді және улы деуге де болады. Таулы және орманды-шалғын-дала аймағы тайга ормандарынан қырға ауысады. Ол өсімдік жамылғысында ормандар, орман шалғындары, дала шалғындары мен шалғындық-дала бұталық -шөп тоғайлары өседі. Бұл аймақтағы ормандар ұсақ жапырақты, көк теректі және ақ қайыңды болып келеді. Оңтүстікте, батыста, аздап шығыста, әсіресе тік тау баурайларында - шалғындар, шалғынды далалар, тал шілік тоғайлары секілді ашық ландшафтылар салтанат құрған. Орманды далалы және орманды-шалғын-дала (Нарым және Бұхтарма өзендері бассейні) белдеуінің төменгі бөлігінде негізінен қайыңды-бал қарағайлы және бұталы-шөпті ормандар орын алған. Ашық алаңқайларда және орман алаңдарында бұрынғыдай сансыз көп орман бұталары ( кәдімгі мойыл, орта таволга, тікенді және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған территориялар
ТУРИСТІК- РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ АУМАҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ
Қатон - Қарағай ауданыны орман жүйелерінің сипаттамасы
Шығыс Қазақстан облысының экономикасы
Көккөл сарқырамасы
Қатон-Қарағай ұлттық саябағы
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Шығыс Қазақстан өңірінің туристік потенциалы
ОБЛЫСТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Қорықтар мен ұлттық саябақтар
Пәндер