Алматы облысы, Қарасай ауданы бойынша көлемі 50 га алма бақта кездесетін негізгі зиянкестер мен ауруларын болжау және күрес шаралардың мерзімін хабарлау



Жоспары:
Кіріспе
1.1. Алматы облысы, Қарасай ауданының топырағы, климаты
Негізгі бөлім
2.1.
2.2. Алматы облысы, Қарасай ауданындағы алма бақтағы зиянкестері мен ауруларын болжау және хабарлау
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан республикасы аграрлық өндірісті мемлекет. Бүгінгі таңда осы ауыл шаруашылық саласын дамытуға еліміздің үкіметі басты назарды аударуда. Еліміздің әлеуметтік дамуы мен халқымыздың әл-қуатын жақсартып, жоғары деңгейге жеткізудің бағдарламасы ауыл шаруашылық дақылдарының әр түрінің өнімін көбейтіп, сапасын жақсарту.
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту қазақстанның экономикалық саясатының бірден-бір басымдылығы болып табылады. Қазақстанның инвестициялық қоры өзінің мақсаттарына сай бірінші кезекте агроөнеркәсіптік кешен өндірісі құралдарын қайта өңдеу және өндіру салаларының дамуына бағдарланады.
Қарасай ауданында 111 ауыл шаруашылық құрылымы және 11897 ірі шаруа қожалықтары жұмыс атқарады. Аудан жалпы аумағы 200952 га.
Биылғы 2016 жылы аудан бойынша ауылшаруашылық жерлері – 81572 га, шабылым – 2665 га, жайылым – 28394га, егістік – 32544 га, оның ішінде: астық – 10525 га, майлы дақыл – 1170 га, картоп 3920 га, көкөніс - 2145 га, бақша – 90 га, жеміс бақтары – 1615 га, азықтық дақыл – 11204 га, жүгері – 800 га.
Аудан аумағында 1 қалалық және 10 ауылдық аумақтар ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық түрлерін егумен айналысады. Сонымен қатар, ауданымыздың аграрлық бөлігіндегі аумақта бірқатар өндірістік – табиғи аймағы кіреді, олар топырақтық – климаттық жағдайымен ерекшеленеді. Сондықтан да ауыл шаруашылық жерлерінде көптеген зиянды ағзалардың сан түрлі болуы заңды, сол себептен егін науқанында фитосанитарлық жағдай ауданда ауқымды болып табылады.
Осы жылы ауылшаруашылығы жерлер мен егістіктерде зиянды ағзаларды анықтау бойынша мониторингтік тексеру жұмысы - 176,503 мың га, оның ішінде аса қауіпті зиянды ағзаларға – 100,93 мың га, зиянды ағзаларға – 15,913 мың га, карантиндік нысандарға – 59,66 мың га жерге жасалды. Жүйелі тексеру 190,0 мың га. Еліміздің ауыл шаруашылығы өндірісі негізінен екі саланы - өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын біріктіреді. Біздің елімізде өсімдік шаруашылығы ауыл шаруашылығының бір саласы ретінде басымдыққа ие.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Факультеті: Орман, жер ресурстары және фитосанитария
Кафедрасы: Өсімдік қорғау және карантин

Семестрлік жұмыс
Тақырып: Алматы облысы, Қарасай ауданы бойынша көлемі 50 га алма бақта кездесетін негізгі зиянкестер мен ауруларын болжау және күрес шаралардың мерзімін хабарлау

Орындаған: Есқалиев Қыдыр
Тексерген: Алимкулова Мөлдір

Алматы 2016
Жоспары:
Кіріспе
1.1. Алматы облысы, Қарасай ауданының топырағы, климаты
Негізгі бөлім
2.1.
2.2. Алматы облысы, Қарасай ауданындағы алма бақтағы зиянкестері мен ауруларын болжау және хабарлау
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақстан республикасы аграрлық өндірісті мемлекет. Бүгінгі таңда осы ауыл шаруашылық саласын дамытуға еліміздің үкіметі басты назарды аударуда. Еліміздің әлеуметтік дамуы мен халқымыздың әл-қуатын жақсартып, жоғары деңгейге жеткізудің бағдарламасы ауыл шаруашылық дақылдарының әр түрінің өнімін көбейтіп, сапасын жақсарту.
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту қазақстанның экономикалық саясатының бірден-бір басымдылығы болып табылады. Қазақстанның инвестициялық қоры өзінің мақсаттарына сай бірінші кезекте агроөнеркәсіптік кешен өндірісі құралдарын қайта өңдеу және өндіру салаларының дамуына бағдарланады.
Қарасай ауданында 111 ауыл шаруашылық құрылымы және 11897 ірі шаруа қожалықтары жұмыс атқарады. Аудан жалпы аумағы 200952 га.
Биылғы 2016 жылы аудан бойынша ауылшаруашылық жерлері - 81572 га, шабылым - 2665 га, жайылым - 28394га, егістік - 32544 га, оның ішінде: астық - 10525 га, майлы дақыл - 1170 га, картоп 3920 га, көкөніс - 2145 га, бақша - 90 га, жеміс бақтары - 1615 га, азықтық дақыл - 11204 га, жүгері - 800 га.
Аудан аумағында 1 қалалық және 10 ауылдық аумақтар ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық түрлерін егумен айналысады. Сонымен қатар, ауданымыздың аграрлық бөлігіндегі аумақта бірқатар өндірістік - табиғи аймағы кіреді, олар топырақтық - климаттық жағдайымен ерекшеленеді. Сондықтан да ауыл шаруашылық жерлерінде көптеген зиянды ағзалардың сан түрлі болуы заңды, сол себептен егін науқанында фитосанитарлық жағдай ауданда ауқымды болып табылады.
Осы жылы ауылшаруашылығы жерлер мен егістіктерде зиянды ағзаларды анықтау бойынша мониторингтік тексеру жұмысы - 176,503 мың га, оның ішінде аса қауіпті зиянды ағзаларға - 100,93 мың га, зиянды ағзаларға - 15,913 мың га, карантиндік нысандарға - 59,66 мың га жерге жасалды. Жүйелі тексеру 190,0 мың га. Еліміздің ауыл шаруашылығы өндірісі негізінен екі саланы - өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын біріктіреді. Біздің елімізде өсімдік шаруашылығы ауыл шаруашылығының бір саласы ретінде басымдыққа ие.

Топырақ жағдайлары
Мұнда таудың қара топырағынан бастап, қуаң даланың бозғылт қоңыр, сұр топырағына дейінгі барлық табиғи белдемге тән топырақтар түрлері кездеседі.
Қазақстанның оңтүстік-шығысының тау үсті және тау бөктері (Тянь-Шань тау сілемдеріне жататын Іле Алатауы) аймақтарында жергілікті жер бедерінің ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі генезисті және әртүрлі жастағы топырақ құрайтын жыныстар таралған. Олардың ішінде екі мүшелі-эллювиалды-деллювиалды жыныстары ең көп дамыған, үстінде ұсақталған тасты-сазды, астында ұсақталған тасты болып келеді. Бұл жыныстар тығыз палеозоялық түзінділерден құралған, таудың беткейлерін түгелдей дерлік тегіс жамылғымен қаптап жатыр. Бұл орта көлемді тауларда өте жақсы дамыған, кейде биік тауларда және төменгі тауларда кездеседі.
Қазақстанның оңтүстік-шығысының төменгі таулар сілемдерінде сұр топырақ жыныстарымен жабылған, қой тасты және тасты түзінділердің қуатты қабатымен берілген. Олар карбонатты топырақ түзілу және жел қағу процесстері әсерінен сұр топырақтануға ұшырады және бір типті қасиеттерді, яғни қуқыл-сұрғылт, шаңды құрамды, жоғарғы карбонаттылықты, уақ тесіктілікті алды. Бұл олардың жоғарғы горизонттары эолдық шаңдардан құралғандығын жоққа шығармайды. Топырақ түзілу үшін сұр топырақ жыныстары жақсы субстрат болып табылады, бірақ жеңіл шайылып кетеді.
Теңіз деңгейінен 600-800 м биіктікте, тау биіктіктеріне жақында таулық күңгірт топырағы кездеседі. Сұр топыраққа қарағанда таулық күңгірт топырағы тауларға жақын орналасып, олардан өзіндік кейбір қасиеттерімен ерекшеленеді. Ол келесі тип - таулық қаратопыраққа өтпелі кезең болып қызмет етеді және таулы-жазықтық топырақ түзілу процесстерінің белгілі сатысы болып табылады. Аймақтың төменгі бөлігінде жылдық жауын-шашын мөлшері аз жазықтау жерлерде, ашықтау түсті топырақтар дамиды. Бұл - қарашірік мөлшері аз таулық ашық қарақоңыр топырағы. Аймақтың жоғарылау бөлігінде, тауларға жақын және атмосфералық жауын-шашын мөлшері көп жерлерде қарашірік мөлшері жоғары күңгірт қарақоңыр топырақтар құралады. Олар таулы қаратопырақ аймағымен жақындасып жатады. Осы әртүрліліктің әрқайсысы өзіндік өсімдіктерімен сипатталады.
Таулы күңгірт қарақоңыр топырақтары тау етегі жазықтығы жолағымен Іле Алатауының бергі жағының шығысынан батысына қарай таралған. Қазақстанның оңтүстік-шығысының тау бөктерінде күңгірт қарақоңыр топырақтың жалпы көлемі 447 мың гектарды құрайды.

Климаттық жағдайы
Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тау бөктері аймағының климаты күрт өзгермелі болып келеді. Бұл жерде ауа температурасы тәуліктік және жылдық үлкен ауытқуларымен өзгешеленеді, суық қыспен және ұзақ ыстық жазбен сипатталады. Ауа температурасы өзінің ең төменгі шамасына ең суық ай болып табылатын қаңтарда жетеді. Осы қаңтар айында ауаның орташа алғандағы температурасы минус 6-140С құрайды, ал абсолюттік шамасы -32-350С шамасында болады. Ауа температурасының жоғарғы көрсеткіші ең ыстық ай болып табылатын шілдеде байқалады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үрмебұршақ дақылының өсіру технологиясы
Алматы облысы, Қарасай ауданы бойынша көлемі 7 га қырыққабат егісінде кездесетін негізгі зиянкестер мен ауруларын болжау және күрес шаралардың мерзімін хабарлау
Зиянкестермен күресу шараларын хабарлауда ақпараттарды қолдану жүйесі
Алма жемірі көбелектің систематикалық орны
Ауылшаруашылық дақылдарында зиянды организмдердің таралуы мен дамуын болжау
Көкөніс дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау
Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының табиғи климаттық жағдайы
Алматы облысы Сарқан ауданының табиғи-климаттық жағдайы
Алматы облысы, Панфилов ауданының табиғи - климаттық жағдайы
Күздік бидайдан мол өнім алу үшін оның өсіру технологиясын сақтап, олардың қауіпті зиянды организмдеріне қарсы күресу
Пәндер