Терминология және аударма мәселелері


Терминология және аударма мәселелері
Терминдердің күнделікті өмірде араласпайтын жері жоқ. Қазіргі кезеңде олардың ауызекі сөйлеу тілімізге де еніп, өзара қарым-қатынас құралына айнала бастағанын байқау қиын емес. Бұл - әдеби тілдің дамуын көрсететін белгілердің бірі. Сан салалы ғылыми қажетімізді өтеп отырған әдеби тіл, ең алдымен, осы терминологиялық лексиканың өрістеуіне тәуелді.
Терминге жүктелетін негізгі міндеттің бірі - арнаулы салалардағы қарым-қатынастың тиімділігін арттыру. Ондай міндетті атқару үшін термин өзі атау болып отырған ұғымның ең негізгі, басты белгілерін қамтып, адамның практикалық қызметі мен тәжірибесінің нәтижелерін дәл бейнелеп көрсетуі тиіс. Термин ұғым мағынасын дәл беруі керек деген талаптың өзі ұғыммен тығыз байланысты. Қарапайым ұғымға қарағанда ғылыми ұғымның мазмұны бай, белгілері нақты болып келеді. Ғылыми ұғымның белгілері ғалымның зерттеу жұмысының нәтижелеріне сәйкес немесе тәжірибе негізінде анықталады. Зерттеушінің жан-жақты дәлелденіп, нақты қол жеткізген ғылыми нәтижесі терминнің анықтамасына айналып, дефиниция құрамына енеді. Зерттеу барысында анықталған әрбір тың нәтиже, анықталған ұғым белгісі термин мағынасын құрап, сол арқылы жаңа бір ақпаратты жеткізудің негізі қаланады. Өйткені ғылыми ұғым белгілі бір терминмен белгіленіп, тілдік таңбаға ие болмайынша, терминологиялық ақпараттың таралуына да мүмкіндік туындамайды. Ұғымдар жүйесін тіл материалы арқылы жабдықтайтын терминология кез келген ғылым саласының мазмұнын құрайтын негіз болып табылады.
Қазақ терминологиясын жасап, қалыптастыруда тікелей әсері болған факторларды саралап келгенде, термин жасау амалдары мейлі үшеу, мейлі бесеу болсын бәрібір, мұның бәрі де, ең алдымен аударма арқылы, аударма жұмысының өркендеуіне орай пайда болғандығын байқаймыз. Тіпті керек десеңіз, аудармаға ешбір қатысы жоқ боп көрінетін мәністік (семантикалық) тәсілдің алғашқы тармағы арқылы жасалатын, яғни байырғы сөздер мен диалектілердің терминденуінің өзі де аударманың әсері арқылы туған деп түйін жасауымызға әбден болады дейді зерттеушілер. Олай болса, аударма қазақ тілінде термин жасаудың ең басты тәсілі болып табылады.
Әдетте арнайы лексиканы зерттеушілердің көпшілігі термин мәселесін қарастырғанда оның түрлі жасалу жолдары мен тәсілдерін дұрыс көрсете отырып, соны қалыптастырудағы аударманың рөліне тереңдей бермейді. Біздіңше, мұның өзіне тән сыры, қыры әлі арнайы зерттелген жоқ. Сондықтан термин туралы сөз қозғағанда, оны ең алдымен аудармамен байланыстыра әңгімелеу керек. Біздің зерттеуіміздің мақсаты да осы. Біз жұмысымызда қазақ тіліндегі термин шығармашылығын аудармамен байланыстыра қарастырамыз.
Арнаулы ақпаратты әдебиеттің негізгі тілдік құралы - терминдер, терминдік сөз тіркестері. Қазақ әдеби тілінің терминдік жүйесінің қалыптасуы мен реттелуіне аударма әдебиеттің әсері лексикалық-грамматикалық құрылымдағы динамикалық сипаттармен тығыз байланыста қарастырылуы тиіс. Өйткені қазақ терминологиясының теориялық-практикалық негіздері тілдегі семантикалық үдерістердің, сөзжасамдағы өзгерістердің, тілдік бірліктердің дәйектемелерін таратып талдау арқылы жан-жақты, толыққанды ашылады.
Аударматану тұрғысынан қарағанда тілдер арасындағы ауыс-түйістер лингвомиграциялық процестер (үдерістер) деп аталады. Яғни тілге тікелей кірме сөз қосылады, немесе тілде формальды жағынан теңдестіру (өзге тілдегі сөздің сыртқы нысанын сақтау, калька балама жасау), семантикалық жағынан теңдестіру (мағыналық құрылымы жақын-жуық баламалардың пайда болуы), сөзжасамның жаңа тәсілдерінің белсенділігінің артуы сияқты процестер жүреді.
Интернационалдық (халықаралық) терминдер, тұрақты, клише тіркестер (үштік одақ, Ақ үй, мемлекеттік құрылым, төртінші билік т. б. ) - еуропалық тілдер - орыс тілі - қазақ тілі арасындағы лингвомиграциялық процестердің көрінісі, тілдердің өзара әсері, ықпалдасуы, аударма процесінің нәтижесінен туындаған заңдылық.
Ендеше, аударма және тілге икемдеп алу тәсілдері - қазақ тілінің халықаралық терминдерді ұлт тіліндегі терминдерге айналдырудағы негізгі тәсілдері қатарында саналады.
Қазақ аудармасының дәуірлері
Аударма - бүкіл адамзаттың рухани байлығын ортақтастырудың құралы, яғни рухани байлығымыздың дәнекері. Қазіргі таңда аударма барынша кеңінен өріс алып, жан-жақты дамып отыр. Оның өсуінің өзіне тән жолдары, әр алуан сатылары, өзіндік ерекшеліктері бар. Оның өсу жолдары халқымыздың тарихына, оның тілі мен әдебиетінің дамуына байланысты. Халықаралық экономикалық, қоғамдық-саяси, мәдени, эстетикалық қатынастардың бәрі аударма арқылы жүзеге асады. Барлық жерлерде, барлық елдерде аударма жұмысы бар. Ұшан-теңіз өмір ағысының барлығын байланыстырып, ұштастырып отырған аударма. Аударма - халықтар арасындағы қарым-қатынастың үлкен құралы.
Аударманың тарихи тамыры тереңде жатыр. Әр кезеңге, әр дәуірге лайықты өрбіген пікір таласы - аударма дейтін ғылыми саланы қалыптастыра бастады. Аударма пайда болғалы ол жайындағы ғылыми ой-пікірдің де қанаттаса өрби түсуі заңдылық.
Тіл зерттеу тарихында жазба аударма, жалпы аудармаға байланысты пікірлер көне Греция, Рим кезеңдерінен басталады. Ал аударма заңдылық тарын зерттейтін алғашқы теориялық еңбектер ХVІІІ ғасырларда пайда болған. Осы кезеңдерден бүгінге дейін аударма жұмысы және оны зерттеу үздіксіз даму үстінде.
1680 жылы ағылшын аудармашысы Дж. Драйден (1631-1700) аударманың 3 түрін ұсынады: Біріншіден, «метафраз» - түпнұсқаның дәл жеткізілуі, екіншіден, «парафраз» - түпнұсқаның түріне емес, ерекшелігіне бағдарланып, еркін жеткізілуі, үшіншіден, «имитация» (еліктеу) - түпнұсқа тақырыбына жазылған шығарма.
Аударма теориясының көрнекті маманы Л. С. Бархударов құрылымдық сипатына қарай аударманы төрт түрге бөліп көрсетеді:
1) жазбаша-жазбаша аударма немесе жазбаша мәтіннің жазбаша аудармасы;
2) ауызша-ауызша аударма немесе ауызша мәтіннің ауызша аудармасы ;
3) жазбаша-ауызша аударма немесе жазбаша мәтіннің ауызша аудармасы;
4) ауызша-жазбаша аударма немесе ауызша мәтіннің жазбаша аудармасы. М. О. Әуезов 1955 жылы жазылған «Көркем аударманың кейбір теориялық мәселелері» атты мақаласында аударманың үш түрін атап өтеді. Бірінші - сөзбе-сөздік - әріпқойлыққа негізделген аударма. Екінші - еркін аударма. Соңғысы аударманың өте-мөте қонымды ғылыми дәлелденген түрі - шығарманың мазмұнын да, формасын да толығырақ беретін ғылыми дәл, балама аударма.
Қазақ тіліне аудару, қазақ тілінен аудару мәселелері кейбір зерттеушілердің айтуынша, орта ғасырлардағы араб тілді түркітанушы ғалымдардың еңбегінен бастау алады.
Қазақ тілінен аудару заңдылықтары жайындағы қазақ тіліндегі алғашқы ой-пікірлер ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап «Түркістан уәлаяты газеті» мен «Дала уәлаяты газеті» беттерінде бой көрсете бастады. Аударма мәселесі жайында тұңғыш рет арнайы пікір айтқан С. Сейфуллин болды.
Одан кейін ХХ ғасырдың 20-жылдары Ж. Аймауытовтың «Аударма туралы», Е. Алдоңғаровтың, Б. Кежебаевтың мақалалары жарық көреді.
30-жылдары «Социалистік Қазақстан» газетінің 18-санында жарияланған М. Әуезовтің «Пушкинді қазақшаға аудару тәжірибелері туралы» атты мақаласында Абай тәжірибесі, Абай үлгісі, Абай шеберлігі аудармашылар ұстанар қағида, бағыт бере темірқазық есебінде көрсетіледі.
40-жылдары М. И. Ритман-Фетисов пен Б. Кенжебаевтың бірлесіп жазған «Советтік Қазақстандағы аударма жұмысы» деген мақаласында аударманың мәні, тарихы, аударылған дүниелер туралы айтылады.
Аударма мәселесінің шындап қолға алына бастағаны - 50-ші жылдар. Осы кезде М. Әуезовтің, М. Қаратаевтың, С. Талжановтың, Ә. Сатыбалдиевтің, С. Нұрышевтің, К. Қанафиеваның т. б. ғылыми мақалалары аударманың ғылым ретінде қалыптасып, дамуына ерекше әсер етті.
60-жылдары аударма теориясының негізін жасауға айрықша үлес қосқандар - С. Талжанов пен Ә. Сатыбалдиев болды. Сонымен қатар аударма мәселелерін арнайы сөз ететін Қ. Нұрмұханов, З. Тұрарбеков, Т. Әбдірахманов сияқты зерттеушілер мен аудармашы қаламгерлердің еңбектері шығады.
70-жылдары аударма ғылымы өркендей түседі. Көптеген кандидатттық, докторлық дисссертациялар қорғалып, монографиялық зерттеулер мен кітаптар, толып жатқан ғылыми мақалалар жарық көреді. Олардың ішінде аударманы зерттеуші, Ө. Айтбаевтың да еңбектері бар.
Одан кейінгі 15-20 жыл ішінде де аударма мәдениетінің көтеріле түскенін, оның ғылыми жағынан зерттелуі өсе түскенін байқаймыз.
Қазақ аудармасының даму тарихын зерттеушілер шамамен төмендегідей дәуір-кезеңдерге бөледі.
Бірінші дәуір - VIII-XIV ғ. ғ-да қазақтың халық болып қалыптаспаған, түркі халқының қрамында ру-тайпа, ұлыс одағы болып жүрген кезіндегі сөздіктер
Екінші дәуір - қазақ аудармасында нәзира әдіс-тәсілін қолдану Шығыста әдебиет туындыларын аударудың негізгі каноны болған дәуір. Нәзира аударма - арабтардың Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алған дәуірінде көркем әдебиетте, әсіресе поэзияда көп қолданылған әдіс-тәсіл.
Үшінші дәуір - қазақ халқының Ресей империясының құрамына кірген кезінен басталады. Орыс ғұламалары мен әдебиетшілері бұл дәуірде, бір жағынан, қазақ тақырыбын орыс әдебиетіне әкелсе, екінші жағынан, қазақ оқымыстылары орыс әдебиетінің үлгілерін қазақ тіліне аударады.
XIX ғ. аяқ шенінде орыс тілінен ғылыми мазмұндағы кітаптар да аударыла бастады. Орысшадан қазақ тіліне аудару өнерін ілгері бастыруда XIX ғ. соңғы ширегінде қазақша мерзімді баспасөздің дүниеге келуі үлкен рөл атқарды. 1970 жылы көкекте Ташкентте «Түркістан уәлаятының газеті» «Туркестанские ведомости» газетінің қазақ тіліндегі аудармасы ретінде шығады.
1888 жылдан 1902 жылға дейін Омбыда «Акмолинские ведомости», кейінірек «Степная газетаның» аударма қосымшасы ретінде «Дала уәлаятының газеті» шығып тұрған. Газет ғылыми, техникалық, көркем әдебиеттік, фольклорлық және публицистикалық материалдарды қазақ тіліне аударуда, қазақ аударма дәстүрін қалыптастырып, жетілдіруде белгілі рөл атқарды.
Төртінші дәуір - қазақ аудармасының кеңес заманында өркендеп, ғылыми жолмен дамыған дәуірі. Бұл дәуірде бұдан бұрынғы қазақ аудармасында туа бастаған, қалыптаса бастаған игі дәстүр, тәжірибе ілгері басты, баий түсті. Аударма мемлекеттік ісіміздің құралына, халықтардың рухани қазынасына, әдебиеттерін туыстастыратын, жақындастыратын дәнекерге айналды.
Қазақ аудармасының тарихы мен теориясын қалыптастыру ісіне соңғы 20-30 жылдар шамасында жарияланған ғылыми-зерттеу еңбектері, мерзімді баспасөздегі мақалалар, конференциялар мен кеңестердің материалдары үлкен себін тигізді. Аударма көне де, жаңа да өнер. Ол - сөз, әдебиет, публицистика ғылымдарының ажырамас бөлігі.
Жалпы әдеби тіліміздің әдебилігінің бір шарты оның ғылым тілі ретіндегі қызметіне де тікелей байланысты. Ал ғылым тілінің терминологиялық жүйесіз қалыптасуы мүмкін емес.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz