Қазіргі таңдағы діни ағымдар
1. Дін. Дін туралы түсінік
2. Қазақстандағы жаңа діни ағымдар
3. Жаңа діни ағымдардың топтастырылуы
4. Қазақстан аумағындағы діни ұйымдар
5. Тиым салынған секталар
6. Діни ағымдардан сақтану жолдары
7. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
2. Қазақстандағы жаңа діни ағымдар
3. Жаңа діни ағымдардың топтастырылуы
4. Қазақстан аумағындағы діни ұйымдар
5. Тиым салынған секталар
6. Діни ағымдардан сақтану жолдары
7. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі.
Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз – әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады. Сөйтіп,шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы болып өседі. Барлық тіршілік құбылыстары Алла Тағаланың қолында екеніне және күнәлі істері үшін оның қарғысына ұшырайтынына мұсылман кәміл сенеді.
Осы сенім – оны жаман істерден тежеуші және дұрыстықтан, имандылықтан шықпауына себепші. Иманын жоғалту адамның дінін жоғалтуына алып келеді. Діни тұрғыдан, дін – бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды болмысты, толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым. Қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша дін қырық – елу мың жыл бұрынғы палеолит кезеңінде шыққан. Аталмыш кезеңнің мәдениетескерткіштері жан-жануарлар культі мен аңшылыққа қолданған сиқыршылық белгілерін сақтаған. Сондай-ақ діни наным-сенімдердің болғандығын сол ежелгі дәуірлердегі өлген адамды еңбек құралдары және әшекей бұйымдармен бірге жерлеу дәстүрінің белгілері де дәлелдеді. Діннің неғұрлым ертедегі көріністері – сиқыршылық, тотемизм,ғұрыптық жерлеу культі және шамандық болып табылады. Құдайды тұлғалық Бастау ретінде мойындау қазіргі діндерден ислам, христиан, иудаизм діндеріне тән, ал будда, даосизм діндеріне тән емес. Халықты қамтуы жөнінен діннің тайпалық-халықтық (мысалы, иудаизм) және ұлтаралық немесе әлемдік (будда діні, христиандық, ислам) түрлері белгілі.
Әлемдік діндердің әрқайсысы түрлі ағымдармен конфессияларға бөлінеді. Мысалы, ислам дінінің сүнниттік, шииттік ағымдары, христиан дінінің католиктік, православие және протестанттық конфессиялары бар. Дүние жүзі халқының дені, негізінен, әлемдік үш дінді (ислам, христиандық, будда) ұстанады. Сонымен қатар, маркстікатеизм және бүкіл дін атаулыны теріске шығаратын басқа да көзқарастар жүйесі ғылымда кейде шартты түрде теріс таңбалы діндер деп аталынады.
Ғылымның діннен басты айырмашылығы, ғылым кез келген аксиомаларға, теорияларға күмәнмен қарай алады. Яғни күмәннан қорғалған ештеңе жоқ. Сондықтан да, ғылым тарихында бұрын дұрыс деп келген кез келген теорияның қате болғандығын көрсете алады. Дін, өз кезегінде, күмән келтіре алмайтын, тексеріле алмайтын, адамның санасына түсініксіз, тек жоғары күштерге белгілі, догмаларға негізделеді. Дін ақиқатқа толықтай монополия орнатады, зерттеп немесе тексеруге мүмкіндік бермейді. Ғылымның табиғаты динамикалық, яғни үнемі қозғалыста болып келеді. Қоғам мен табиғатты зерттеуде бірге дамып отырады. Ал енді дін болса консервативті, статикалық болып табылады. Яғни қоғаммен бірге даму емес, бұрын қалай болса, солай қалдыру, Қоғам даму барысында сәйкессіздіктер болса, оны адасқандық деп жариялайды. Ғылым үнемі ізденіс үстінде, дәлелденген факттерге де күмәнданып, қайта қарастыра алады. Дінде бұлай жасауға мүлдем тиым салынған. Егер бір мәселеге күмәндансаңыз адасқан немесе діннің жауы деп айыпталуыңыз әбден мүмкін. Ғылым үнемі ізеністі, оқуды талап етеді. Сондықтан да ғылыммен айналысу көпшілікке шектеулі. Ал дін кез келген адамға тиімді, тек сенім болса жеткілікті.

1.Абуов А. П., Смагулов Е. М. «Қазақстандағы діндер» АСТАНА, – 2011, -225 с
2 Агенттік төрағасы Қ. Лама Шарифтің Қазақстан дінтанушыларының II форумында сөйлеген сөзі Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастар: проблемалары мен болашағы – http://www.din.gov.kz/kaz/press-sluzhba/doklady_i_vystuplenija/
3 Абдрахманов С.: «Еркіндік сенімі бәріне рұқсат етілген емес» http://www.din.gov.kz/rus/press-sluzhba/publikacii
4 Новикова Г. «Құқықтық механика деструктивті ілімдерден қорғау» http://www.din.gov.kz/rus/press-sluzhba/publikacii
5 Ресейдегі діндер тарихы: Учебник /Под общ.ред. Н. А.Трофимчука. – М.: Изд-во РАГС, 2002. -592 с.

Реферат:
Қазіргі таңдағы діни ағымдар
1. Дін. Дін туралы түсінік
2. Қазақстандағы жаңа діни ағымдар
3. Жаңа діни ағымдардың топтастырылуы
4. Қазақстан аумағындағы діни ұйымдар
5. Тиым салынған секталар
6. Діни ағымдардан сақтану жолдары
7. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени
сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның
Жаратушы Құдайға сенімі.
Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз – әлемді
байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Ислам тұжырымдамасы бойынша,
рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы
махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады. Сөйтіп,шынайы
діндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы болып өседі.
Барлық тіршілік құбылыстары Алла Тағаланың қолында екеніне және күнәлі
істері үшін оның қарғысына ұшырайтынына мұсылман кәміл сенеді.
Осы сенім – оны жаман істерден тежеуші
және дұрыстықтан, имандылықтан шықп ауына себепші. Иманын жоғалту адамның
дінін жоғалтуына алып келеді. Діни тұрғыдан, дін – бүкіл болмыстың түпкі
себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын
түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын
әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды болмысты, толық қамтитын өте
кең, ауқымды ұғым. Қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша дін қырық – елу
мың жыл бұрынғы палеолит кезеңінде шыққан. Аталмыш кезеңнің
мәдениетескерткіштері жан-жануарлар культі мен аңшылыққа қолданған
сиқыршылық белгілерін сақтаған. Сондай-ақ діни наным-
сенімдердің болғандығын сол ежелгі дәуірлердегі өлген адамды еңбек
құралдары және әшекей бұйымдармен бірге жерлеу дәстүрінің белгілері де
дәлелдеді. Діннің неғұрлым ертедегі көріністері
– сиқыршылық, тотемизм,ғұрыптық жер леу культі және шамандық болып
табылады. Құдайды тұлғалық Бастау ретінде мойындау қазіргі
діндерден ислам, христиан, иудаизм діндеріне тән,
ал будда, даосизм діндеріне тән емес. Халықты қамтуы жөнінен діннің
тайпалық-халықтық (мысалы, иудаизм) және ұлтаралық немесе әлемдік (будда
діні, христиандық, ислам) түрлері белгілі.
Әлемдік діндердің әрқайсысы түрлі ағымдармен конфессияларға
бөлінеді. Мысалы, ислам дінінің сүнниттік, шииттік ағымдары, христиан
дінінің католиктік, православие және протес танттық конфессиялары бар.
Дүние жүзі халқының дені, негізінен, әлемдік үш дінді (ислам,
христиандық, будда) ұстанады. Сонымен қатар, маркстікатеизм және бүкіл
дін атаулыны теріске шығаратын басқа да көзқарастар жүйесі ғылымда кейде
шартты түрде теріс таңбалы діндер деп аталынады.
Ғылымның діннен басты айырмашылығы, ғылым кез келген аксиомаларға,
теорияларға күмәнмен қарай алады. Яғни күмәннан қорғалған ештеңе жоқ.
Сондықтан да, ғылым тарихында бұрын дұрыс деп келген кез келген теорияның
қате болғандығын көрсете алады. Дін, өз кезегінде, күмән келтіре алмайтын,
тексеріле алмайтын, адамның санасына түсініксіз, тек жоғары күштерге
белгілі, догмаларға негізделеді. Дін ақиқатқа толықтай монополия орнатады,
зерттеп немесе тексеруге мүмкіндік бермейді. Ғылымның табиғаты динамикалық,
яғни үнемі қозғалыста болып келеді. Қоғам мен табиғатты зерттеуде бірге
дамып отырады. Ал енді дін болса консервативті, статикалық болып табылады.
Яғни қоғаммен бірге даму емес, бұрын қалай болса, солай қалдыру, Қоғам даму
барысында сәйкессіздіктер болса, оны адасқандық деп жариялайды. Ғылым үнемі
ізденіс үстінде, дәлелденген факттерге де күмәнданып, қайта қарастыра
алады. Дінде бұлай жасауға мүлдем тиым салынған. Егер бір мәселеге
күмәндансаңыз адасқан немесе діннің жауы деп айыпталуыңыз әбден мүмкін.
Ғылым үнемі ізеністі, оқуды талап етеді. Сондықтан да ғылыммен айналысу
көпшілікке шектеулі. Ал дін кез келген адамға тиімді, тек сенім болса
жеткілікті.
Тарихи жадыға тиеселі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ,
онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып
жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да ол
қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі
болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының зорлығы
соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын
халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді
сипаттау оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі оның
әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын реттеуде
болса керек. Өйткені тіпті религия, сөзінің этимологиялық бастапқы
мәнінің өзі де біріктіру, байланыстыру, қатынасты қалыптастыру
дегенді білдіреді. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын
қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар
негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады.
Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы
деп анықтауға болады.
Қазақстандағы жаңа діни ағымдар
Жаңа діни ағымдарға (Дәстүрлі емес діндерге) жаңадан пайда болған (ХІХ
немесе ХХғғ.), ешқандай этносқа қатысы жоқ діндер жатады. Олардың діни
ілімі нақты мемлекет немесе халық тарихымен терең байланыспайды. Кейбір
діни ағымдар өздерін саналы түрде мемлекет пен қоғамдағы негізгі діндерге
қарсы. Көптеген пікірлер бойынша, дәстүрлі емес культтердің догматтары
канондық догматтарға қарсы болып келеді. Жаңа діни ағымдар жиі дәстүрлі
емес немесе альтернативті діндер деп атайды.
Жаңа діни ағымдардың пайда болу себептеріне қарай, зерттеушілер оларды
саяси, дүниетанымдық, жеке әлеуметтік үдерістермен байланыстырады. Оларға
бірінші кезекте теріс көңіл-күйдің бастауы болған адамзаттың ғаламдық
мәселелерін жатқызады. Жаңа діндер, жалпы дін сияқты, бұлдыр-
компенсаторлықты, дүниетанымды, реттеуші, коммуникативтік қызметін
орындайды. Дәстүрлі емес діндер бұлдыр пішінде қажеттілік қарым-қатынаста,
жанасушылықта, рухани жақындық арқылы өмірдің төл бейнесін қалпына
келтіруге тырысады. Олардың біреулері өзін мемлекетке және қоғамға қарама –
қарсы қояды. Оның таратылуының басты аспабы белсенді миссионерлік қызмет
болып табылады. Дәстүрлі емес діннің басым көпшілігі жасөспірімдерді
қамтуға тырысады. Негізгі миссионерлік жұмыс өткізілетін әлеуметтік топ
ретінде жастар болады. Дәстүрлі емес діндерде жасөспірімдерді біртүрлі
құпия инициациясының жүйесі, экзотикалық, төтеншелік тартады.
Жаңа діни ағымдардың топтастырылуы.
Жаңа діндер өзінің сипаты жағынан алуан түрлі және көп болады.
Дүниетаным негізіне сәйкес догматиктар жаңа діни ағымдарды бірнеше түрлергу
бөледі:
1. Неохристиандық бірлестіктер. Олар өзінің христиандыққа мұраға деген
бағдарлауын мәлімдейді, алайда оның түсіндірмесі үшін дәстүрлі христиандық
тән емес сызбалар пайдаланылады, шығыс діндердің элементтері қамтылынады,
ақыр заманнын тез жақындауында тірек пайда болады. Оларға ТМД – да таралған
келесі ұйымдарды жатқызуға болады: Бірлестіктің халықаралық шіркеуі,
Құдай балалары, Соңғы Өсиеттің шіркеуі (Виссарион шіркеуі), Богородтық
туыстық, Ақ туыстық және т.б.
Кейбір ілімдерде өзінің жеке Жаңа ашулары, яғни қасиетті деп
саналатын мәтіндері (мысалы, Виссарионның Соңғы Өсиеті) болады. Басқалары
канондық мәтіндерден қатты ерекшелінетін Інжілдің өз аудармаларын және
интерпретацияларын береді (мысалы, Иегова куәгерлері және мормондар).
Қазіргі таңда Қазақстанда Иегова куәгерлерінің 59 діни бірлестіктері
тіркелген.
Игова куәгерлері – ұйымның негізі қалаған Чарльз Тейз Рассел. Ол 1878 ж.
Питсбургте өзінің шіркеуін құрды. 1884 жү Расселдің құрылған шіркеуі
негізінде Күзет мұнараның, Інжілдің және трактаттардың қоғамы
ұйымдастырылды, ал 1931 жылдан бастап бұл ұйым Иегова куәгерлері деп
аталынады. Қазақстан территориясында Иегова куәгерлері ілімнің таралуы
мен қауымдардың құрылуы ХХ ғ. 40-50 жж. болды.
Иегова куәгерлерінің ілімі протестантимзнен пайда болды, бірақ негізгі
христиандық түсіндірмелер өзінің жеке түсіндірмесіне ие болды. Олардың
іліміне сәйкес біртұтас Құдайдың есімі – Иегова болды. Ұйымның мүшелері
Троицаны, яғни Құдайдың үш тұрғыда тіршілік етуін (Құдай-ата, Құдай-бала
және қасиетті рух тұрғысында) қабылдамайды. Олар Иисус Христосты Құдайдың
бірден-бір ипостасі емес, ал Құдайдың ең алғашқы жаратылуы, қасиетті адам
Михаил Архангелмен теңестірілетін оның ең жоғарғы туындысы деп түсінеді.
Иисус крестке емес, бағанаға керілген деп Иегова куәгерлері есептейді,
соныдқтан діни таңба ретінде кресті пайдаланбайды. Икона мен крестке
табынуды олар пұтқа табынушылық деп санайды.
Иегова куәгерлері кез-келген мемлекетті шайтанның қаруы ретінде
санайды, оларға әскерде болуға, мемлекеттік әнұранды айтуға, сайлауларға
қатысуға, ресми құрылымдарда қызметте болуға қатаң тыйым салынған, бірақ
салықтарды төлеуге болады. Иегова куәгерлері әртүрлі зайырлы ұйымдарға
енбейді. Олар қан құюға қарсы болады. Көптеген христиандық бағыттар Иегова
куәгерлерін христиандар деп санамайды. ҚР-да Әулиелердің Иисус Христос
Шіркеуінің (мормондар) алғашқы ұйымы 2000 жылы тіркелген болатын.
Бұл ұйымды 1830 ж. АҚШ-да Джоеф Смит құрды. Оның өлімінен кейін
шіркеуді 12 апостолдардың шіркеу кеңесі басқарды, бұл кеңес ары-қарай
басқару кеңесіне ауыстырылды. Інжілден басқа, мормондар өзінің діни
практикасында өзінің жеке жазуларына да негіздейді, олардың ішінде Мормон
кітабы, Ілім және өсиет, Асыл інжу. Дж.Смит авторының бұл үш кітабы
інжіл сияқты өте маңызды болып табылады.
Шіркеудің рәсімдік тәжірибесінде дәстүрлі христиандық конфессиялардың
өкілдері соқыр сенімді және неопұтқа табынушылық деп аталатын діндер
кездеседі. Шіркеудің ұйымдасуы қатаң иерархияға сәйкес құрылады: басында
пайғамбар тұрады, оның қол астында коллегия болады – 12 апостол және 70
оқушы. Қауымның мүшелері арасында ақсақалдар, діндар басшылары, ұстаздар,
епископтар және т.б. ерекшелінеді. Шіркеу мүшелері міндетті түрде десятина
сияқты салықты төлеу керек. Мормондар белсенді миссионерлік жұмысты
жүргізеді, олардың қауымдары әлемнің көптеген елдерде бар.
2. Неоориенталистік ағымдар (бағыттаушы сөзінен – шығыс). Бұл ұйымдардың
негізіне шығыстық діни-философиялық жүйелер – индуизм, кришнаизм, буддизм,
конфуцишылдық т.б. жатады. Әдетте, шығыс діни ағымдар көп қайта жасалынады
және батыс елдері үшін өте ыңғайлы түрінде болады. Неоориенталисттік
ағымдарға Кришна санасы қоғамы, Брахма Кумарис, Трансцендеталды
медитация, Аум Синрике сияқтты ұйымдар жатады. Олардың қызметінде
медитацияны қоса, әртүрлі психологиялық техникалардың көмегімен адамның
ішкі мүмкіндіктерін ашуға негізгі акцент жасалынады. Олардың ілімдерінің
мазмұны – медитация. Олардың медитациялық тәжірибесі жанды құтқаруға
арналған. Мұнда медитациялық тәжірибені орындауда белгілі-бір сөздер айтып,
дыбыстар шығарып оларға мистикалық маңыз береді.
Қазақстанда қайта тіркеуден Кришна санасы қоғамның 8 діни
бірлестіктері өтті: Кришна санасының халықаралық қоғамы Кришна санасының
қозғалысы немесе Харе Кришна қозғалысы болып белгілі.
Кришналықтар өзін жиі вайшнавалықтар (вайшнавалықтар – Вишну құдайының
сыйлаушылары) деп атайды. Қозғалыстың негіздеушісі Шрила Прабхупада (1896-
1977 жж.) Индияда туды, 1965 ж. АҚШ-қа қоныс аударған, сонда 1966 ж. Кришна
санасының халықаралық қауымдастық қоғамын құрды.
Кришнаиттың діни өмірінде маңызды орынды аскеттік тәжірибеге
негізделген Адам өз материалдық дененің қажеттіліктерін минимумға дейін
шектеу керек, тек солай ғана ол өзінің санасының деңгейін және рухани
байлығын жетілдіре алады. Өз-өзін шектеу әрекеті өз ішінде пендешілік
өмірден және барлық игіліктерден бас тартуынан тұрады. Кришнаизм қатал
түрде өзінің ізбасарларының тәртібін реттейді, қатал азықтық шектеулер
бекітілген. Уақыттың көп бөлігі медитацияларға бөлінеді. Қазіргі таңда бұл
ағым бүкіл дүниежүзінде кең таралған. Ізбасарлардың көп бөлігі АҚШ-да және
европа елдерінде кездеседі. Индияның өзінде Прабхупада ізбасарлары онша
белгілі емес.
3. Шайтандық топтар. Оларға Шайтан шіркеуі, әзәзіл культін және ең
зұлымды антигумандық бірлестіктердің басқа түрлерін жатқызуға болады. Олар
өздерін зұлымдықты таратушылар және христиандықтың антиподы деп санайды.
Қазіргі заманғы сатанизм көбінесе антихристиандық бағыттағы секталардың
және ағымдардан тұрады. Олардың жалпы белгісі моральді белсенді түрде
қабылдамау және Құдай тираниясымен күрес жүргізетін қарсылас ретінде
шайтан образын идеалдандыру болып табылады. Негізінен шайтандық секталар
дін мен моральдік құдыретінен бас тартатын жастарға сүйенеді. Көбінесе
жастардың мұндай секталарға енудің бірден-бір себебі – ол тылсымға деген
енуінің құштарлық және есірткінің қызығына түсу. Сатана символикасы жиі
кезде қазіргі заманғы жастар арасындағы субмәдениетпен және рок-музыканың
өкілдерімен пайдаланылады. Кейбір кезде сатанисттер интеллектуалдық клуб
ретінде жасырынады. Жасөспірімдерді сиқырлы күштің, бассыздықтың, күш
культінің болуы тартады.
4. Саентологиялық ілім. Бұл атау ағылшын сөзі science – ғылым деген сөзден
пайда болды. Осы ілім әртүрлі ғарыштық діндерді (бір үлгідегі өкіл і– Рон
Хаббардтың Саентология шіркеуі) біріктіреді. Оның Дианетика: рухани
денсаулықтың замануаи ғылымы атты кітабы 1950 жылы баспаға шығып,
саентология дамуының басы ретінде болды. Қазіргі таңда Саентология
шіркеуі қатаң иерархиясы бар бүкіл әлем бойынша кең таралған және
бизнеспен, саясатпен, мәдениетпен қоса, өмірдің барлық салаларын қамтитын
ұйым болып табылады. Саентологиямен Нарконон, Криминон, Хаббардтың
гуманитарлық орталығы, Дианетика қоғамы және т.б. сияқты ұйымдар тығыз
байланысты. Саентологияның негізгі ілімі ретінде дианетика (ойлау туралы
ғылым) болады. Онда елестеуші түрде ғылымның жетістіктері психоанализ
тәжірибесімен, ғылыми фантастиканың басқа планеталарға рухтардың келуі)
және шығыс діндерінің (қайта туулыу идеясы) элементтері біріктірілген.
Саентология шіркеуімен өткізілетін диагностикалық және терапевтік
тәжірибе бүкіл әлемнің медициналық мекемлер жағынан өте қатаң сынға
алынатынын атап өту қажет.
5. Оккультизм және емдеулік культтер. Мұнда мистикалық ілімдер, магия,
теософия, спиритизм, астрология, сиқырлық, емшілік және т.б. ілімдер туралы
айтылған. Қазақстанда Алля Аят, Ата жолы деген ағымдар кең таралған.
Алля Аят Алля Аят қозғалыстың негізін ХХ ғ. 90-шы жылдарда Алматы
облысы Ұйғыр ауданы Чунджа ауылының тұрғыны Фархат Абдуллаев ( көбінесе
Фархат-ата ретінде белгілі) және оның әйелі Нина салған.
Ұйым өзін мақсатталған дін, ғибадат ретінде, Фархата ата ілімін
оқытуға қатысқандарға барлық ауру-сырқаттардан айығу жағынан көрсете білді.
Секталар мен тәжірибеленетін бұл ідіс 3 негізден тұрады. өмір формуласының
айтылуы, Эткен чайының қолданылуы. (чай құрамы тұз және сүттен
тұрады).,бұл чайдың қасиеттілігі сондай, өзінде үлкен әнергетикалық, күш
қуатқа толы сипаты бар сияқты.
Қазақстанда бастау алған Алля Аят қозғалысы көптеген ТМД елдерінде
танымал болды. Секта Новосибирск қаласында Звезда селенной деген журнал
шығарып тұрды. Осы журналдағы мәліметтерге қарағанда Алля Аят емдеушілері
ауыр халмен психикалық ауруларға душар болған. Зерттеушілердің айтуынша
Фархат Ата әдістері адамға психалогиялық және физикалық денсаулығына әсер
етеді. Ал табиғатта жоқ күшке сенетін және ғылымға қарсы әдісімен
ерекшеленеді. Соттың шешімі бойынша Аллея Аят ұйымының әрекеті Қазақстанда
заңсыз деп табылады. Ал өзінен кейінгілерге мәнгілік ғұмырды уәде
еткен.Фархат-атаның өзі бірнеше жыл бұрын қайтыс болған.
Ата жолы Ұйым 1997 ж ақпан айында Ақ жол деген атпен пайда болды. Біраз
уақыттан соң Алматы қаласында коммерциялық ұйым ретінде Ата жолы деп
өзгертіліп 2001 жылы тіркелді. Ұйым белгілі бір төлемді ақыға адамды кез-
келген аурудан айықтырмас және оны киелі әулиеге өзгертуге уәде береді. Осы
курс емдеулері Қазақстанның (Түркістан) сияқты киелі оңтүстік өңірлеріне
сапар шегіп өлген ата-бабалардың ауруларына сыйынып солармен сөйлесу
негізінде өтті. Адамды әулиелік және емдеу қабілеті бар адамды барлық
жамандықтардан сақтайтын жеке әулие дегенге сендірді.Құқық қорғау
қоғамдарының мәліметтері бойынша қаржылық жағдайын көтеріп отырған Ата
жолын ұйымының ізбасарлары. Ата жолы ұйымындағы қолданылатын емдік әдіс-
тәсілдер халықтың медицинадағы және негізгі принциптеріне қарама қайшы
келеді. Адамның психологиясына әсер ететін және ақыл есін басқаратын әдіс
тәсілдер қолданылады. Сол себепті ұйымдағы дәстүрлі тәжірибе және табиғи
күшке сенетін және исламға қарсы әрекеттерден тұрады. 2009 жылдың басында
Алматы сот шешімі бойынша Ата жолы ұйымына тыйым салды. Өйткені
азаматтардың денсаулығына қауіп-қатер әкеледі.
Бахаизм (бехаизм) – 19 ғасырда ислам секталарында өзімен бірге жаңа дінді
және кез келген соғысқа қарсы тұра алатын қозғалыс ретінде пайда болды.
Бахаистер сол кездегі әлемдік діндер ішінде ислам дінін синкретті және ең
соңғы діндердің ішіндегі жаңа ашылу деп санайды. Арнольда Тойнбидің пікірне
тоқталар болсақ: Бахаизм ислам христиан және әлемдік мойындаған барлық
діндермен тең дәрежедегі тәуелсіз дін болғаныын мақсат тұтты.Бахаиза бұл-
секта емес, ол басқа әлемдік діндер сияқты өзіндік дәрежесі бар жеке
үстемдік ететін дін. оның негізін салған Бахаулла атымен әйгілі Мырза
Хусейн Али. Бахайзмді оқыту, синтез жасау, және әлемдік және дәстүрлік
діндердің негізін қалаған оқыту болып табылады. 2011 жылдың басында жоспар
бойынша Қазақстанда 20 діндер бірлестігі құрылуы крек еді. Бірақ өкінішке
орай, олардың ішінде 6 жергілікті діндік бірлестік қана тіркеуден өтті.
Ахмадие қауымы. Бұл діннің негізін салушы Мырза Гулап Ахмед Кадиани (1835-
1908 жж).Өзінің зертеулерінде ол басқа діндердің хал ахуалы негізнде ең
даңқты құран ретіндегі мұсылмандардың ислам дінін басқа діндерден ерекшелеп
көрсеткісі келді. бәрінен бұрын христиан дінін жоғары қойғысы
келді.Ахмадиа қауымы бәрінен бұрын миссионерлік жұмысқа назар аударады.
Пәкістанда ол саясаттық қозғалыстарға белсене ат салысып қатысады. Бүгінгі
күнде Ахмадиа қауымы көптеген елдерде танымал, солардың қатарында мұсылман
емес елдер (әсіресе батыс елдері) жатады. Көптеген мұсылмандықтар Ахмадиа
қаумы мұсылмандық қоғамға жатқызбайды. Пәкістанда Ахмадиа ұйымы қалалық
дәрежесі бар орталық құрды, сол жерде арнайы мамандарды оқытып дайындатын
университет орналасқан. Исламдық діни қызметкерлер қысым көрсетуінің
әсерінен Ахмадиа ұйымы Англияға қоныс аударды. Ал олардың басты орталығы
қазір Лондонда орналасқан. Ахмадиа қауымының ізбасарлары құран кәрімді 60
тілде аударып жазды. Осы қауымның жеке меншік телеарнасы және көптеген
газет журналдары басып шығарылады. Көптеген дәстүрлі емес діндер қаумы ұзақ
уақыттан кейін қалыпқа келген ілім деп санайды. Біз көбінесе ұзақ уақыттан
кейін қалыпқа келген деп-тек қана өзімен бірге қоғамға қауіп төндіретін
адам денсаулығына зиянды және өзінің ізін жалғастырушыларға психикалық-
материалдық аман саулығын тілейтіндер деп санаймыз.
Бір жыл бұрын, яғни 2011 жылдың 25 қазанында Діни қызмет және діни
бірлестіктер туралы заң өз күшіне енді. Заңның негізгі ережелерін іске
асыру дін саласын құқықтық реттеуді тәртіпке келтіруге мүмкіндік берді.
Діни бірлестіктерді қайта тіркеу үдерісі дер кезінде жасалған сәтті
қадам дер едік. Діни бірлестіктердің саны мен ұстанатын діні туралы жаңа
деректер алынды. Елімізде қайта тіркеу үдерісі басталғанға дейін тіркеуде
4551 діни бірлестік болғаны белгілі. 2012 жылдың 25 қазанында аяқталған
қайта тіркеуден кейін олардың саны 3088-ге дейін қысқарды.
Бұлардың санының азаюы саны аз діни топтардың таратылуымен және іс
жүзінде жұмыс жүргізбеген діни бірлестіктердің қайта тіркеуден өтпеуімен
байланысты болды. Олардың қатарында аты да заты да беймәлім Христово
братство (Христадельфиане), Соңғы өсиет шіркеуі (Виссариондықтар),
Альжан – Дом спасения, Христиан ғылым шіркеуі діни бірлестіктері және
т.б.
Бұрын қызмет атқарған діни бірлестіктердің кейбірі өз құрылтай
құжаттарына дінтану сараптамасының теріс қорытындысын алды, олар
Саентология шіркеуі, Бірігу шіркеуі (муниттер), Ахмадия жамағаты, Рухани
жол және т.б.
Қайта тіркеу көптеген қауымдардың діни ұстанымын нақтылауға жағдай
жасады. Сарапшылардын жұмысы негізінде діни бірлестіктердің жаңа
сыныптамасы жасалды. Елімізде бұған дейін тіркелген 46 конфессия мен
деноминациялардың 17-сі ғана заңды деп табылып отыр. Кезінде жекелеген діни
бірлестіктер кейбір жағдайларда жаңылысып, дербес конфессиялар ретінде
есептеліп кеткен болатын.
Осыған орай, діни ұстанымы бірдей діни бірлестіктер конфессия бойынша
топтастырылды. Мәселен, бұрын жеке конфессия ретінде есептелген Назарянин
миссиясы, Грейс, Надежда, Эммануил қауымдары пресвитериандық
шіркеулердің бір конфессиясы аясында топтастырылды. Сун Бок Ым, Новая
жизнь, Агапе, Жатва, Толық Інжіл шіркеуі, Благодать секілді діни
бірлестіктер елуіншілер шіркеулері құрамына кірді.
Қазіргі таңда ұлттық деңгейде Қазақстан аумағында тыйым салынған
террористік және экстремистік құрылымдармен бірге, төмендегі діни
ұйымдардың әрекетіне тыйым салынған болып табылады:
Аль-Каида, сонымен қатар Каида, База, Ислам әскері, Еврей мен
крестоностарға қарсы дүниежүзілік жихад ислам фронты, Киелі жерлерді азат
ету Ислам әскері, Усама бен Ладен ұйымы, Ислам құтқару қоры, Киелі
жерлерді қорғау тобы материалдық, қаржылық мүмкіндіктері бар лаңкестік
ұйым болып саналады.
Халықаралық террорист Усама бен Ладенмен 1990 жылы Ауғанстанда кеңес
әскере қарсы күрескен моджахедтерді қолдау және 1996 жылдан бастап,
У.б.Ладенмен АҚШ, Израиль және олардың одақтастарына қарсы қасиетті соғыс
(жихад) жарияланды.
1998 жылы 7 тамыз Найроби қаласында (Кения) және Дар-эс-Салам
қаласында (Танзания) американдық елшіліктердегі жарылыстарды, 2000 жылы
қараша айында Йеменде Коул американдық эсминціне шабуылды, сонымен қатар
АҚШ-та 2001 жылғы 11 қыркүйектегі террорлық актіні қоса алғанда, ең ірі
террорлық актілер Аль-Каиданың есебінде.
Аль-Каиданың басты мақсаты-исламдық және көптеген исламдық емес
мемлекеттердің аумақтарын біріктіретін, утопиялық мемлекеттін орнату арқылы
бүкіл әлемде исламдық тәртіпті орнату.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесімен Аль-Каида террорлық ұйым деп танылып және
сәйкес халықаралық санкцияларды қолдау үшін мерзімі ұзартылған тізімге
қосылған. Аль-Каида ұйымына АҚШ, Батыс Еуропа, Ресей және Өзбекстан
елдері тыйым салған.
Асбат аль-ансар. Штаб-пәтері Айн-аль-Хыльва (Сайда қ., Ливан)
палестиналық лагерде орналасқан 1985 жылы құрылған террорлық ұйым. У.Б.
Ладеннің қолдауымен аталған лагерьдің аумағында әлемнің дүрбелең
аймақтарына жіберуге жауынгерлер дайындайды. АҚШ, Израиль, сонымен қатар
Батыс Еуропа мемлекеттері және Ресей Асбат аль-Ансардың негізгі
дұшпандары болып жарияланды.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Асбат аль-Ансар террорлық ұйымдардың мерзімі
ұзартылған тізіміне қосылған. Ресей, Өзбекстан және бірқатар мемлекеттерде
әрекет етуіне тыйым салынған.
АУМ Синрике (Алеф) 1984 жылы ақпан айында құрылған Жапондық діни
секта. 1989 жылы АУМ Шинрикио Культ діни корпорация ретінде Жапонияда
ресми түрде тіркелген. Өткен ғасырдың 90 жылдарында осы сектаның өкілдері
Австралияда, Германияда, Ресейде, АҚШ-та, Тайванда және Шри-Ланкада болды.
АУМ Синрикё басшысы Чизуо Мацумото (Сёко Асахара атты жалған атымен
белгілі) 1994 жылы маусымда өзін Әулие император етіп жариялады.
Әлеуметтiкке қарсы идеяларды, тіпті кісі өлтiрудi iске асыруда
насихаттайтын идеологиялық базасы кертартпа табынушылық болып табылады.
Жапонияда АУМ Синрикё мүшелерімен бұрынғы осы дінді жақтаушыларының
өлтірілуі туралы біршама деректер дәлелденген. АУМ Синрикёнің қоғамдық
қауіптілігі, адамдардың денсаулығына физикалық және психологиялық зақымдар
келтіруімен ерекшеленеді. Сектаға жаңадан кірген мүшелерін қатарда ұстауға
және бақылауға және де өздерінің қатарына жаңа жақтаушыларды тарту үшін
ұйымның жасырын лабораторияларында есірткілер (ЛСД, амфетамин және
мескалин) өндіріп, діни жоралар жүргізу барысында жиі қолданып отырған.
АУМ Синрикёнің бірінші террорлық актісі 1994 жылы шілде айында
Мацумото қаласында (Ногано префектурасында) секта лабораториясында жасалған
зарин заман зәрлi улы затты қолданумен жасаған. Құрбандар саны 7 адамды
құрады, 144 зақымданды. 1995 жылы 20 наурызда Токио қаласында метрода
сипаты бойынша осыған ұқсас екінші террорлық акция орын алып нәтижесінде
5300 жолаушы зақымданды және 12 адам қаза тапты.
Бұдан басқа, осы террорлық құрылымның басшылығы шетелден автоматты
винтовкалардың контрабандылық жабдықтауын ұйымдастырып, олардың
түпнұсқаларын үлгi ретiнде қолданып, оқпен атылатын қарудың сериялық
өндiрiсiн заңсыз жолға қоюғы жоспарлады.
АУМ Синрикё қызметін бейтараптандыру мақсатында Жапонияның құқық
қорғау органдарымен сектаның 500-ге жуық мүшелесінің артынан қылмыстық
істер қозғалды, 110-нан астам адамды ұлттық іздестіру тізіміне қосты. АУМ
Синрикё көсемі тұтқындалып, 1996 жылы 16 мамырда өлім жазасына кесу туралы
шешім қабылданды. Сонымен қатар, сотта осы істі талқылау барысы ұзаққа
созылды. 2004 жылы 27 ақпанда Токио қаласы аймақтық соттың шешімі, 2006
жылы өз күшінде қалған Токионың жоғарғы соты қорғау апелляциясын қарастыру
нәтижесі бойынша АУМ Синрикёнің көсемі Секо Асахараға тиісті жазасын
берді.
Сонымен қатар, Жапонияның билігі ұлттық заңды есепке ала отырып
сектаның қызметіне тыйым салу шараларын қарастырды. Осы жұмыстың шеңберінде
2006 жылы 23 қаңтарда Жапонияның қоғамдық қауіпсіздіктің Талдау комиссиясы
сектаға бақылау жүргізуге шешім қабылдады.
АУМ Синрикёнің жеке басшылары мен мүшелері заринды қолданып,
террорлық актілерді жасауды ақтап, оның оқуларын әлі де таратуды
жалғастырады. АУМ Синрикё идеологтарымен жалған әдісті (йога-клубтар
немесе кездесуге арналған веб-сайттар) қолдану арқылы жаңа жақтаушыларды
тарту үшін агитпункттер құрылады, сонымен қатар қызметті жалғастыру
мақсатымен қажетті қаржы құралдары жинақталады. Жапондық құқық қорғау
органдарының мәліметтері бойынша елде секта мүшелерінің саны 1650 адамды
құрайды.
Қазіргі уақытта АУМ Синрикё, оның жаңа басшысы Фумихиро Дзеимен (аты
Алефке өзгертілді) елдің 17 префектурасында 30 бөлімше және аталмыш діни
орталықтар бар.
АУМ Синрикё бөлшін берін ашу талпыныстары Қазақстанның аумағында да
қолданды.
АУМ Синрикё Еуропалық одақта және АҚШ-та террорлық ұйымдар тізіміне
енгізілді.
Боз гурд немесе Сұр қасқыр ұйымы атауымен белгілі. Бұл ұйым
әскерилендірілген ұлтшыл топтың бірі болып табылады. Негізгі мақсаты Тұран
ойпатында түркі халықтарының бірыңғай мемлекетін құру. Ұйымның негізі 1965-
1970 жылдарда Альпарыслан Тюркеш тарапынан қаланды. 1968 жылы Боз гурд
ұйымы басқа ұлтшыл түрік ұйымдарымен бірігіп альянс құрды, кейіннен бұл
альянстың негізінде Ұлттық қозғалыс партиясы құрылды. Партияның ұстанымы
радикалды идеялардан тұрды. 1974-1980 жылдар арасында қоғам қайраткерлерін,
саяси партия жетекшілерін, журналистерді өлтірмен және қоғамдық орындарда,
қалалық көпіктерде жарылыстар ұйымдастырумен айналысты. 1977 жылы мамыр
айында Стамбул қаласында ереуілге шыққан халыққа оқ жаудырып 40 адамды
өлтірді. 1978 жылы желтоқсанында бір топ жанкешті Кахраманшехир қаласында
діни рәсімнің үстінде 101 адамды өлтіріп, мыңға жуық адамды жарақат таған.
80 жылдары бұл ұйымның әрекеттері экстремистік және заңсыз деп табылды.
Бұған қарамастан 1988 жылы А. Тюркеш Ұлттық жұмысшылар партиясын құрды.
1992 жылы ұйымның құрылымы екіге бөлініп кетті. Бөлінген екінші топтан
радикалды бағыттағы жанкештілер шықты. Ұйым дүниежүзіне 90 жылдары ұйым
мүшесі А. Агджи тарапынан католик шіркеуінің папасы Иоанн Павел ІІ-ге
жасалған қастандықтан кейін танымал болды. 90 жылдардың басында Боз гурд
ұйымы қызметінің ауқымы кеңейді. Бірегей түрік мемлекетін құру идеясынан
Қазақстан да тыс қалған жоқ. Ұйым мүшелері тарапынан елімізге келіп,
жасырын жиналыстар ұйымдастыру фактілері тіркелген. Сонымен қатар, Түркияда
оқып жүрген студенттерді аталмыш ұйым қатарына тарту оқиғалары кездескен.
Бұл ұйымның қызметіне Түркия мен Өзбекстанда тыйым салынған.
Мұсылман бауырлар трансұлттық, діни-саяси, террористік ұйым. 1928 жылы
Мысырда (Исмаилия қ.) Хасан әл – Банна тарапынан құрылды. 1950 жылдары
Сейіт әл-Кутб жүргізген өзгерістерден кейін ұйым радикалды сипатқа ие
болды. Мұсылман бауырлар ұйымының негізгі мақсаты қоғамды
мұсылмандандыру, мұсылман емес өкіметтік құрылымдарды жойып, дүние жүзінде
ислам діні негіздеріндегі халифаттық режимдегі мемлекет орнату.
Ұйымдастырушылық негізгі қызметтерін Сопылық ордендік қағидаттармен
байланыстырады, саяси және жасырын әскери құрылымдар террористік әдіспен өз
қызметіне пайдаланады. Ұйым өз ұранын жариялады. Ұраны: Аллах-идеал,
Пайғамбар-көсем, Жихад-өз мақсатына жету құралы.Аллах атымен өлу-ұлы
армандардың бірі. Қозғалыстың негізгі эмблемасы Құран және айқышталған екі
қылыш. Мұсылман бауырлар ұйымының құрылтайшылар комитетінде 20-дан аса
адам басшылықта отыр. 1940-50 жылдары ұйым мүшелері Египетте саяси өлтіру
әрекеттерін ұйымдастырды, 1954 жылы осы елдің Премьер Министрі (кейінірек
Президент) Г.А. Насерға қастандық ұйымдастырылды.
Тұтастай алғанда, 70-жылдардың аяғы, 80-жылдың басында Сирияда
жергілікті Мұсылман бауырлар ұйымының мүшелері террорлық әрекеттерін
күшейтті. Айталық, 1981 жылы террористік ұйым мүшелері Кемпдевид
келісіміндегі Израилмен достыққа қол қойған Египет президенті А. Садатты
өлтіру үшін қастандық ұйымдастырды. 80-жылдары Мұсылман бауырлар
Ауғанстанда әрекет етіп жүрген ислами экстремистік топтарға белсенді қолдау
жасады. Ұйым шабармандары жалдамалыларды тартумен айналысып отырды, оларды
әуелі содырлардың дайындық жасайтын орнына кейін әскери соғыс жүргізу үшін
Ауғанстанға бағыттап отырды. Айғақтар көрсеткеніндей Мұсылман бауырлар
ұйым мүшелері басқа да шиеленісті аумақтарға террористерді әзірлеуде. 90
жылдардың ортасында Мұсылман бауырлар ұйымы бірнеше рет Египет Президенті
Х. Мубаракқа қастандық жасады. Египетте бір мезгілде ұйым жауынгерлері жол
бағытындағы шетелдік азаматтарына террористік актілер ұйымдастырды.
Қазіргі таңда Мұсылман бауырлар Мысырда жартылай заңды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz