И. Кант



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. И.Кант ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

Пайдалынылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
Кіріспе
Жаңа дәуірден бастап дамыған қоғамның өндірістік қатынастары XVIII ғасырдың аяғы, XIX ғасырдың басында Батыс Европа елдеріне көптеген өзгерістер мен жаңалықтар ала келді. Ғылымы, өндірісі мен техникасы жоғары дәрежеде дамыған Англия сол кездегі елдердің алдыңғы қатарына шықты.
Капиталистік даму процесі біртіндеп еніп, елдегі әлеуметтік жіктелуді күшейте бастағандықтан, Францияда жаңадан көптеген саяси ілімдер мен көзқарастар туды. Соның негізінде революциялық идеялар белең алып, мұның ақыры саяси төңкерістерге алып келді. Ал осы кездегі Германия үшін капиталистік қарым-қатынастың кеңінен дамуы болшақтың ісі сияқты еді. Өйткені неміс жерінде бытыраңқы, ұсақ мемлекеттер пайда болып, олардың арасында шиеленіскен соғыстар жүріп жатқандықтан, жалпы елдің экономикасы мен саяси дамуы кенжелеп қалды.
Алайда, Германияда осы кезде ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер ерекше дамып, осы салаларда дүние жүзін таң қалдырған ұлы жаңалықтар ашылды. Сондықтан неміс ойшылдары Батыс Европадағы осы тарихи дамуды басынан кешіре отырып, ағылшындар және француздардың мәдени, рухани дамуының байлығын бойына сіңіре отырып, жаңа классикалық философияның озық үлгілерін берді.
Классикалық неміс философия бүкіл философия тарихындағы мұраны игеріп, алдыңғы қатарлы мәдениет пен ғылымға сүйеніп, сол кездегі қоғамдық дамуды терең талдай отырып, жаңа диалектикалық әдістің, таным теориясының, логиканың шығуына түрткі болды. Классикалық неміс философия ойлау мен болмыстың диалектикалық байланысын аша отырып, танымдағы субьектінің рөлін айқындады. Сондай-ақ, ойлаудың болмысқа қатынасы формасын жаңа сатыға көтеріп, философиялық категориялардың атқаратын рөлін көрсетіп берді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Әбдімәлік Нысанбаев. Қысқаша философия тарихы. Алматы «Қазақ энциклопедиясы» 1999.
2. Т. Ғабитов. Философия. Алматы «Раритет» 2004.
3. А. Қасабек. Тарихи философиялық таным. Алматы «ҚазГЗУ» 2002.
4. Кант И. Сочинения. М., 1964. Т.3. С. 127.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.
И.Кант ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .5
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .13
Пайдалынылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
6

Кіріспе
Жаңа дәуірден бастап дамыған қоғамның өндірістік
қатынастары XVIII ғасырдың аяғы, XIX ғасырдың басында Батыс Европа
елдеріне көптеген өзгерістер мен жаңалықтар ала келді.
Ғылымы, өндірісі мен техникасы жоғары дәрежеде дамыған
Англия сол кездегі елдердің алдыңғы қатарына шықты.
Капиталистік даму процесі біртіндеп еніп, елдегі
әлеуметтік жіктелуді күшейте бастағандықтан, Францияда жаңадан
көптеген саяси ілімдер мен көзқарастар туды. Соның
негізінде революциялық идеялар белең алып, мұның ақыры саяси
төңкерістерге алып келді. Ал осы кездегі Германия үшін
капиталистік қарым-қатынастың кеңінен дамуы болшақтың ісі
сияқты еді. Өйткені неміс жерінде бытыраңқы, ұсақ мемлекеттер
пайда болып, олардың арасында шиеленіскен соғыстар жүріп
жатқандықтан, жалпы елдің экономикасы мен саяси дамуы
кенжелеп қалды.
Алайда, Германияда осы кезде ғылым мен мәдениет, әдебиет
пен өнер ерекше дамып, осы салаларда дүние жүзін таң
қалдырған ұлы жаңалықтар ашылды. Сондықтан неміс ойшылдары
Батыс Европадағы осы тарихи дамуды басынан кешіре отырып,
ағылшындар және француздардың мәдени, рухани дамуының
байлығын бойына сіңіре отырып, жаңа классикалық философияның
озық үлгілерін берді.
Классикалық неміс философия бүкіл философия
тарихындағы мұраны игеріп, алдыңғы қатарлы мәдениет пен
ғылымға сүйеніп, сол кездегі қоғамдық дамуды терең талдай
отырып, жаңа диалектикалық әдістің, таным теориясының,
логиканың шығуына түрткі болды. Классикалық неміс философия
ойлау мен болмыстың диалектикалық байланысын аша отырып,
танымдағы субьектінің рөлін айқындады. Сондай-ақ, ойлаудың
болмысқа қатынасы формасын жаңа сатыға көтеріп,
философиялық категориялардың атқаратын рөлін көрсетіп
берді.

И.Кант
Жаңа заман философиясындағы, әсіресе, оның таным теориясындағы
пайым мен зерденің бір-бірінен алшақ кеткенін, ендігі
жерде олардың ымыраға келмейтін айқын көріп, соларға
ерекше назар аударған классикалық неміс философиясының негізін
қалаушы, әрі оның атасы – И. Кант (1724 – 1804) болды. Ол
өзінің философиясын ең алдымен, бұған дейінгі дәуірде бір-
бірінен алшақ кеткен логика, таным теориясы және диалектика
туралы проблемаларды жан-жақты талдаудан бастады.
Ол Таза зердеге сын (1871) деген атақты шығармасында
сөзді бұрын ерекше бағаланып, бас иіп келген зерденің
қазіргі кезеңдегі қайшылыққа ұшырып отырған тағдырынан
бастайды. Зерде тап болған қайшылықтардың бетін аша отырып,
таным теориясына және диалектикаға тән мәселелердің де шек
жағасын шығарды.
И. Кант өзіне дейінгі ойшылдардың эмпиризм мен
рационализм саласындағы сыңаржақ кеткен кемшіліктерін көрсете
отырып, философияда бұрын-соңды болмаған үлкен жаңалық
ашты. Ол бұл жаңалықты философиядағы коперниктік төңкеріс деп
атады. Бұл төңкерістің мәні мынада еді: егер Кантқа дейінгі
ойшылдар табиғатты зерттей отырып, болмысты, материяны
философияның негізгі нысанына айналдырса, немістің ұлы
ойшылы, керісінше, біздің философиялық талдауымыз ойлауға,
идеяға, ақыл-зердеге, субьектіге бағытталуымыз тиіс деді. Ал болмыс,
материя, обьекті осы ойлауға, идеяға, ақыл-зердеге, субьектіге
бағынады және солардан келіп шығады деп білді. Мұның өзі
Канттың сол уақытқа дейін кеңінен орын алып келген таным
теориясындағы және философиядағы көзқарасты толығынан қайта
қарап, жаңа ілімнің, ағымның іргетасын қалағанын көрсетеді.
Канттың философиясындағы, таным процесіндегі субьектінің
белсенді рөлін айқындп, негіздеп беру еді.
Кант жоғарыдағы еңбегінде таным процесіндегі қайшылықтарды
кеңінен ашып, олардан шығудың жолын көрсетті. Ұлы ойшыл адам
баласының таным қабілетін: сезімдік, пайым және зерде деп
үшке бөледі. Таным процесін бұлай үшке бөлу философия
тарихында, қайта өрлеу дәуіріндегі Николай Кузанскийдің
шығармасында алғаш рет байқалған болатын. Бірақ Кант таным
процесін басқа тарихи жағдайда басқаша қарастырды. Бірақ
Кант таным процесін басқа тарихи жағдайда басқаша
қарастырды. Оның мақсаты жаңа дәуірдегі эмпиризм мен
рационализм тар өрістілігінен шығып, оларды өзара
ымыраластыру еді. Сондықтан ол априорлы (априорлы – латын
тіліндегі тәжірибеден тыс пайда болған ұйым, ой, идея)
синтетикалық пікірдің жаратылыстану саласында қандай орын
алғандығын көрсету үшін білімдердің әртүрлі салаларын
алды. Кант ең алдымен математиканы, жаратылыстануды және
метафизиканы (философияны) априорлы синтетикалық тұжырым
арқылы талдай келіп, таным процесінің қалыптасуы мен беліглі
бір сатылардан өту жағдайын көрсетті. Осыдан математика –
сезімділікке, жаратылыстану – пайымға, метафизика, яғни философия –
зердеге қатысты екені анықталды.
Кант осылайша белгілеген адамның таным қабілетінің үш
түрі философия тарихында ерекше рөл атқарады. Өйткені, бұл бір
жағынан танымды біртұтас, бірақ ішкі қайшылыққа толы
процесс деп қарау болса, екінші жағынан, философияны
жаратылыстану саласымен тығыз байланыстыруға жасалған әрекет
еді. Сондықтан Кант белгілеп берген адамның бұл таным
қабілетінің үш түрі бүгінгі күнде де өз маңызды жоғалтқан
жоқ.
Канттың Таза зердеге сын еңбегінің трансцендентальды
эстетика деп аталатын бөлімі сезімділіктің формалары туралы
ілім.[1] Сезімділіктің априорлы формалары – уақыт пен
кеңістік,математика ілімімен тығыз байланысты болғанымен, олардың
дүниетанымға тікелей қатысы бар. Кеңістік – априорлық
танымдағы сезімділіктің сыртқы формасы, ал уақыт болса –
сезімділіктің ішкі формасы. Міне, осы анықтамасы арқылы ол
өзіне дейінгі философтардың сезімділіктің формалары – кеңістік
пен уақытты тек онтологиялық түрде, яғни оларды заттардың
өмір сүруінің формалары ретінде қарастыруына қарсы
шықты. Сөйтіп, Кант уақыт пен кеңістік жаратылыстану
саласындағы ұғымдар ғана емес, олар дүниетанудың сезімдік
формалары екендігін философия тарихында алғаш рет айқындап
берді. Мұндай көзқарас уақыт пен кеңістікті метафизикалық
тұрғыдан пайымдап келген жаратылыстану саласының өкілдеріне
ғана емес, сондай-ақ, осы формаларды философиялық танымдық
негізде түсіне алмаған ойшылдарға да қарсы бағытталған.
Өйткені, әрбір ғалым, әсіресе, жаратылыстану саласымен
айналысатындар белгілі бір обьектіні тану үшін оны уақыт пен
кеңістік арқылы зерттей алады.
Кеңістік Канттың философиясында сезімділіктің сыртқы
формасы ретінде анықталып, математикалық жағын зерттеу
үшін адамның сезім мүшелерінің атқаратын рөлі зор.
Бұл жерде Кант сезімділіктің бұл сыртқы формасы
математикалық сандар мен тұжырымдардан туындайтынын айта
отырып, оны обьективті дүниеден бөліп алып қарап отыр.
Сондықтан оның кеңістікті жалаң жаратылыстануға ғана тән
ұғым деп шектемей, сезімділіктің формаларының бірі ғана тән
ұғым деп шектемей, сезімділіктің формаларының бірі деп қарауы
осы ұғымның әлеуметтік, саяси-қоғамдық мәнін зерттеуге жол
ашып отыр. Шынында да геометриялық өрнектер – үшбұрыш, квадрат
және тағы басқалары табиғатта кездеспейді. Оларды көзбен
көріп, қолмен ұстау қиын. Дегенмен, олар біздің сезім
мүшелерімізбен тығыз байланысты. Ендеше, бұл жерде
қайшылық бар сияқты. Ал шындығына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қант диабеті және оның типтері
Диффузиялық шырынды тазарту
Малазықтық қант қызылшасының сақталуы
Спонтанды қант диабеті
Қант диабетінің жіктемесі
Қант диабетінің асқынулары
Сусамыр - қант диабеті ауруы таңқаларлық ауру
Қанттың пайдасы және зияны
Қант диабеті, этиологиясы
ҚАНТ ЗАУЫТЫ ҚАЛДЫҚТАРЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІН ТАЛДАУ
Пәндер