Ақмола облысы туралы жалпы мәліметтер



I Кіріспе
II Ақмола облысы туралы жалпы мәліметтер
III Ақмола облысының табиғи.климаттық жағдайы
3.1 Климат
3.2 Жер бедері және топырақ түзуші жыныстар
3.3 Жер бетік және жер асты сулары
3.4 Өсімдік жамылғысы
3.5 Топырақтары
IV Ақмола облысының топырақтарының негізгі топырақ типімен типшелерін анықтау және сипаттама беру
V Ақмола облысының топырақтарының балл бонитеті
VI Ақмола облысының топырақтарын агроөндірістік топтастыру
VII Дайындық, далалық және камералдық кезеңнің экономикалық шығындары
VIII Қорытынды
Қосымша
Кіріспе

Картаны пайдалану – картографиялық өнімдерді (карта, глобус, атлас, т.б.) тәжірибелік, ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу салаларында, оның ерекшеліктері мен бағыттарын үйрететін картографиялық өнімдермен жұмыс істеу әдістері жасалатын, алынған нәтижелердің сенімділігі мен ықпал ету деңгейіне баға берілетін картографияның бір бөлімі.
Ерте заманнан қазіргі күнге дейін карталар жергілікті жердің бағдары мен теңіз және құрлық үсті маршрут-сызбаларын анықтауда қолданылып келсе, бүгінгі күнде карталар ғарыш пен әуе бассейніндегі навигациялық қызметті атқаруда. Карталарды Жер мен қоғам туралы білімді беруде, инженерлік құрылысты жобалау құжаттарында, өнеркәсіп, ауылшаруашылық нысандары мен қалалар және басқа да елді-мекендерді орналастыруды жоспарлауда кеңінен қолданылады.
Картография – табиғат пен қоғамның құбылыстарын географиялық карта мен басқа да картографиялық өнімдерді кескіндеу және оларды құрастыру, пайдалану әдістерін зерттейтін ғылым.
Топырақ картасы шаруашылық территорияларындағы топырақтың сапасына жəне орналасуына нақтылы мағлұмат береді, оған тіркелетін картограммалар жəне топырақ очеркімен бірге ауылшаруашылық өндірісінің практикалық мақсаттарын шешеді. Топырақ картасын топырақтың – агрономиялық зерттеулерде жасайды, мұнда топырақ қасиеттерінің агроөндірістік топтастыруына баға беріп жəне ауылшаруашылық өндірісінде тиімді пайдалануыдың ұсыныстары енгізіледі. Топырақ жамылғысын экспедициялық, далалық, стационарлық жəне лабораториялық тəсілдермен жан-жақты зерттейді. Топырақ картасын жасауға арналған топырақ зерттеулері бірнеше кезеңдерден: дайындық, топырақты зерттеу мен талдаудың далалық жəне далалық құжаттардың мағлұматтарын жан-жақты талдау камералдық кезеңдерден тұрады. Шаруашылық топырақтарын зерттеудің алдында дайындық кезеңі жүргізіледі, онда зерттейтін нақтылы территорияның жоспарын жасаудан басталады. Жүргізу мақсатына байланысты, зерттеу топ құрамы жоспарланады (топырақ отряды, экспедициясы), алдыңғы жүргізілген құжаттарды жинақтайды жəне біріктіреді, топографиялық негіздерді дайындайды.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Агробиология факультеті
Топырақтану және агрохимия кафедрасы
Топырақ картографиясы пәні

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Ақмола облысының топырақ картасын жасау
Орындаған: Бердиев Н.М. ПА-405
Тексерген: қауымдастырылған профессор Наушабаев.А

Алматы 2016
Мазмұны

I Кіріспе
II Ақмола облысы туралы жалпы мәліметтер
III Ақмола облысының табиғи-климаттық жағдайы
3.1 Климат
3.2 Жер бедері және топырақ түзуші жыныстар
3.3 Жер бетік және жер асты сулары
3.4 Өсімдік жамылғысы
3.5 Топырақтары
IV Ақмола облысының топырақтарының негізгі топырақ типімен типшелерін анықтау және сипаттама беру
V Ақмола облысының топырақтарының балл бонитеті
VI Ақмола облысының топырақтарын агроөндірістік топтастыру
VII Дайындық, далалық және камералдық кезеңнің экономикалық шығындары
VIII Қорытынды
Қосымша

Кіріспе

Картаны пайдалану - картографиялық өнімдерді (карта, глобус, атлас, т.б.) тәжірибелік, ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу салаларында, оның ерекшеліктері мен бағыттарын үйрететін картографиялық өнімдермен жұмыс істеу әдістері жасалатын, алынған нәтижелердің сенімділігі мен ықпал ету деңгейіне баға берілетін картографияның бір бөлімі.
Ерте заманнан қазіргі күнге дейін карталар жергілікті жердің бағдары мен теңіз және құрлық үсті маршрут-сызбаларын анықтауда қолданылып келсе, бүгінгі күнде карталар ғарыш пен әуе бассейніндегі навигациялық қызметті атқаруда. Карталарды Жер мен қоғам туралы білімді беруде, инженерлік құрылысты жобалау құжаттарында, өнеркәсіп, ауылшаруашылық нысандары мен қалалар және басқа да елді-мекендерді орналастыруды жоспарлауда кеңінен қолданылады.
Картография - табиғат пен қоғамның құбылыстарын географиялық карта мен басқа да картографиялық өнімдерді кескіндеу және оларды құрастыру, пайдалану әдістерін зерттейтін ғылым.
Топырақ картасы шаруашылық территорияларындағы топырақтың сапасына жəне орналасуына нақтылы мағлұмат береді, оған тіркелетін картограммалар жəне топырақ очеркімен бірге ауылшаруашылық өндірісінің практикалық мақсаттарын шешеді. Топырақ картасын топырақтың - агрономиялық зерттеулерде жасайды, мұнда топырақ қасиеттерінің агроөндірістік топтастыруына баға беріп жəне ауылшаруашылық өндірісінде тиімді пайдалануыдың ұсыныстары енгізіледі. Топырақ жамылғысын экспедициялық, далалық, стационарлық жəне лабораториялық тəсілдермен жан-жақты зерттейді. Топырақ картасын жасауға арналған топырақ зерттеулері бірнеше кезеңдерден: дайындық, топырақты зерттеу мен талдаудың далалық жəне далалық құжаттардың мағлұматтарын жан-жақты талдау камералдық кезеңдерден тұрады. Шаруашылық топырақтарын зерттеудің алдында дайындық кезеңі жүргізіледі, онда зерттейтін нақтылы территорияның жоспарын жасаудан басталады. Жүргізу мақсатына байланысты, зерттеу топ құрамы жоспарланады (топырақ отряды, экспедициясы), алдыңғы жүргізілген құжаттарды жинақтайды жəне біріктіреді, топографиялық негіздерді дайындайды.

II Ақмола облысы туралы жалпы мәліметтер
Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс.1939 жылы құрылған. 1961 - 92 жылдары Целиноград облысы болып аталды. Жер аумағы 146,2 мың км². Тұрғыны 746,6 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 5,1 адамнан келеді (2006). Солтүстігінде Солтүстік Қазақстан, шығысында Павлодар, оңтүстігінде Қарағанды, батысында Қостанай облыстарымен шектеседі. 14 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік ауданға бөлінген. 10 қала, 13 кент, 245 ауылдық әкімшілік округ бар. Әкімшілік орталық - Көкшетау қаласы. Ақмола облысы Сарыарқаның солтүстік-батыс бөлігінде, Есіл өзенінің жоғарғы ағысындағы дала белдемінде орналасқан. Жерінің басым бөлігі абсолюттік биіктігі 400 м-ден аспайтын аласа белесті, ұсақ төбелі жазық. Солтүстігінде Көкшетау қыратының сілемдері (Сандықтау, Домбыралы, т.б. аласа таулар) орналасқан. Облыстың батыс, орталық, шығыс бөліктерін Есіл, Атбасар, Сілеті жазықтары алып жатыр. Оңтүстік-батысында Теңіз - Қорғалжын ойысы бар. Облыстың батыс жағында Есіл өзеніне дейін Торғай үстіртінің шығыс шеті еніп жатыр. Есіл өзенінің оң жағалауы Атбасар, сол жағалауы Теңіз жазықтарымен шектеседі. Оңтүстік-шығысында орманды, көркем Ерейментау өңірі орналасқан. Оның негізгі бөлігі жартасты, қырқалар тізбегінен (100 - 500 м) тұрады. Жерінің геологиялық құрылымы каледон және герцин қатпарлығы кезеңінде қалыптасқан. Палеозой дәуірінің соңында континенттік түзілу кезеңі басталды. Өте ұзақ мерзімге созылған тегістелудің нәтижесінде пайда болған таулы өлке мезозой дәуірінде бірте-бірте қыраттарға айналды. Облыс жері негізінен палеозойдың метаморфтанған тақтатастарынан, кварциттерінен, құмтастарынан, альбитофириттерінен, әктастарынан, конгломераттарынан түзілген. Солармен бірге интрузивті (гранит, диорит, габбро, т.б.) және эффузивті жыныстар кең таралған. Байырғы жыныстарды неоген мен төрттік дәуірлердің сарғылтым шөгінділерінің қалың қабаттары жауып жатыр.

III Ақмола облысының табиғи-климаттық жағдайы
3.1 Климат
Климаты тым континенттік, қысы ұзақ (5,5 айға созылады) суық, жазы қоңыржай ыстық. Қаңтардың орташа темпертурасы - 16 - 18°С, шілдеде 19 - 21°С.

Ақмола облысың Климаттық графигі

Ауаның ең төмен температурасы 40С0 нөлден төмен, ең жоғарғы +44С0 қа дейін жетеді. Атмосфераның орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 265мм. құрайды. Желдің орташа жылдық жылдамдығы -5,3мсек жетеді.

Ақмола облысының жауын-шашын мөлшері
Тұрақты қар жамылғысы қарашаның ортасында қалыптасып, оңтүстігінде 130 - 140 күн, солтүстігінде 150 - 155 күн жатады. Қардың орташа қалыңдығы 20 - 22 см. Солтүстігінде жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 400 мм, оңтүстігінде 250 мм. Қардың орташа қалыңдығы 20 - 22 см. Солтүстігінде жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 400 мм, оңтүстігінде 250 мм.
Тұрақты қар жамылғысы желтоқсанның басында түсіп, 5 ай және одан да көп уақыт жатады. Қардың қалындығы 65-70 см, ал оратылығында 75-87см. Жазы қысқа, жылы,қысы ұзаққа созылып, аязды, қатты желді және қарлы боранды болады. Негізгі климат туғызатын фактор - маусым, шілде айларындағы күн көзінің жарқырауы.

3.2 Жер бедері және топырақ түзуші жыныстар
Ақмола облысы Қазақстан Республикасының орталық бөлігінің солтүстістігінде Қазақтың аласа белді- бетегейлі даласы (Сарыарқа) мен Теңіз жазығының арасында орналасқан.
1939 жылдың 14 қазанында құрылған. Батысында Қостанай, теріскейінде Солтүстік Қазақстан, шығысында Павлодар, оңтүстігінде Қарағанды облыстарымен шектесіп жатыр. Көлемі- 146,2 мың шаршы км.Облыс аумағының солтүстік бөлігін Көкшетау (Көкше тауы - 947 м), Жақсыжалғызтау (730 м), Жыланды (665 м), Зеренді (587 м) тауларымен бірге Көкшетау жотасының орта тұстары алып жатыр.
Облыстың оңтүстік жағы - орташа биіктігі 300-400 метр болатын бұйратты, жон-жоталы жазық. Орталық бөлігінде Сандықтау, Домбыралы таулары орналасқан, оңтүстік-батысы Теңіз-Қорғалжын ойпатымен жалғасады.
Облыс құрамындағы екі қала - Көкшетау мен Степногорск обыстық маңызға ие, 8 қала (Ақкөл, Атбасар, Державинск, Ерейментау, Есіл, Макинск, Степняк, Щучинск) аудандық басқару жүйесінде, сондай-ақ мұнда 17ауылдық аудан, 14кент және 244 ауылдық округ бар.
Облыстың жері ауыр механикалық құрамымен, тұздылығымен және су өткізгіштілігімен ерекшеленеді. Жер қойнауы құнарлы қарапайым қара топырақты және ауыр механикалық құрамымен зор және тұзды, төменгі су өткерімімен ерекшеленетін бозғылт түсті болып келеді.
Қара топырақты зона республиканың солтүстігінде тараған. Бұл зона Солтүстік Қазақстан облысын түгелімен, Қостанай облысының көп жерін, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік бөліктерін камтиды. Республика аумағының 25,5 млн гектар жерін (9,5%-ын) алып жатыр.
Қара топырақты зона үш зона аралығына бөлінеді: сілтісізденген қара топырақ - орманды дала табиғат зонасының оңтүстігінде аз ғана бөлігін алып жатыр; кәдімгі қара топырақ және оңтүстіктегі қуаң даланың қара топырағы - дала зонасына тән. Құнарлылығы жағынан алдыңғы екі өңірдің топырақ құрамында гумусы (қара шіріндісі) мол (6-8%) қара топырақ орын алса, оңтүстігінде қара топырақтың қара шіріндісі аздау (4-6%) келеді. Қара топырақты зона ылғалмен қамтамасыз етілген жазық далада тараған, республиканың негізгі астық өндіретін алқабы саналады.
3.3 Жер бетік және жер асты сулары
Ірі өзендері Есіл, оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік - рекреациялық кешеннің құрылымы
Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаттары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Астана қаласының сипаттамасы
Ақмола облысы аумағына халықтарды депортациялау
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША САЛЫҚ КІРІСІН ЖӘНЕ САЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ ЖҰМЫСЫН ТАЛДАУ
Қашықтықтан зондтауды қолдану
Қазақстан Республикасы кітапханалары жаңа жағдайда: мәселелері, даму жолдары
Қазақстан СЭҚ мемлекеттік реттеу мен кеден саясатын дамыту болашағы және көкейтесті мәселелері
Қазақстандағы шағын көлдердің туристік рекреациялық мүмкіндіктерінің қазіргі жағдайы мен даму болашағы
Пәндер