Клиникалық өлім жағдайындағы (шок, коллапс, талу, тұншығу, күн өту, ыстық өту) жануарларға алғашқы ветеринариялық көмек көрсету



I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Коллапс
2.2 Асфиксия
2.3 Жарақаттық шок
2.4 Күн тию,күн өту
2.5 Ыстық соғу

III. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Жедел ветеринариялық көмек- ветеринариялық дәрігердің, орта және кіші ветеринариялық персоналдың тікелей міндеті. Ол тәуліктің кез-келген кезіңде және барлық жағдайларда көрсетілуі тиіс.
Жарақаттанған жануар ауруының ағымы, ұзақтығы жануардың өнімділігі, жұмысқа қабілеттілігі уақытылы және сапалы көрсетілген жедел көмекке байланысты.
Жедел ветеринариялық көмекті жануар тұрған орында амбулаториялық жануарларды емдеу мекемесіне жеткізгенде, күрделі операция қажет болғанда емдеу мекемесінде стационарлық жағдайларында көрсетеді.
Жедел алғашқы ветеринариядық жәрдем көрсету үшін, оның әдістерін білумен бірге қандай дәрілер керектігін білу керек. Тек сонда ғана малға көрсетілген жәрдем нәтижелі болады.
Коллапс
Коллапс-бұл кенеттен пайда болған жүрек-қантамырлық жеткіліксіздігі, артерия қысымының және өмірлік маңызды функцияларының әлсіреуімен сипатталады.
Себептері: аса ауыр жүрек-қантамырының жеткіліксіздігі,жарақат кезінде көп қан кету салдарынан, ірі ошақты күйікте, улану, шошу және бұлшық еттің шамадан тыс жұмыс істеуі салдарынан болады.
Белгілері: жануарларда кенеттен жалпы әлсіздік пайда болады, мал жата береді, демалысы ауыр, жүрек соғысы әлсіз, әрең білінеді. Кілегей қабықшасы түссізденіп, көгілдір түске айнала бастайды. Денесі мұздап, температурасы күрт төмендеген, бұлшық ет босаңқы, сыртқы тітіркендіргіштерге реакциясы нашар, жануардың жалпы күйі төмендеген.
Алғашқы көмек: ең бірінші кезекте себебін жояды.Егер де қан кетіп жатса, оны тоқтатудың амалын жасау керек: жгут салып, тампонада жасайды. Жануарды жылыту керек: тұзды жгутпен ысады, грелка, жылыту пештерімен жылытып, жануардың үстін бүркеп жауып тастайды. Егерде коллапс асқынып бара жатса жүрекке массаж жасайды.
Алғашқы ветеринариялық көмек: қансырауды тоқтатады: қан тамырларын лигатуралайды, биологиялық тампонада, тамыр ішіне кальций хлоридін және т.б. енгізеді. Қан қысымын жоғарылатып, жүрек жұмысын жақсартады.
1. Б.К. Ильясов, А.Б. Ильясов «Алғашқы ветеринариялық жәрдем» «Нұрдана-LTD» баспасы-2011, 56-61-154 беттер

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Cемей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет
Аграрлық факультеті
Ветеринариялық санитария кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: Клиникалық өлім жағдайындағы (шок, коллапс, талу, тұншығу, күн өту, ыстық өту) жануарларға алғашқы ветеринариялық көмек көрсету

Орындаған:Байзақ Н.С.
Тексерген:Ахметжанов О.Н.
Тобы:ВС-403

Cемей- 2016 жыл
Жоспар:
I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Коллапс
2.2 Асфиксия
2.3 Жарақаттық шок
2.4 Күн тию,күн өту
2.5 Ыстық соғу

III. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ.
Жедел ветеринариялық көмек- ветеринариялық дәрігердің, орта және кіші ветеринариялық персоналдың тікелей міндеті. Ол тәуліктің кез-келген кезіңде және барлық жағдайларда көрсетілуі тиіс.
Жарақаттанған жануар ауруының ағымы, ұзақтығы жануардың өнімділігі, жұмысқа қабілеттілігі уақытылы және сапалы көрсетілген жедел көмекке байланысты.
Жедел ветеринариялық көмекті жануар тұрған орында амбулаториялық жануарларды емдеу мекемесіне жеткізгенде, күрделі операция қажет болғанда емдеу мекемесінде стационарлық жағдайларында көрсетеді.
Жедел алғашқы ветеринариядық жәрдем көрсету үшін, оның әдістерін білумен бірге қандай дәрілер керектігін білу керек. Тек сонда ғана малға көрсетілген жәрдем нәтижелі болады.
Коллапс
Коллапс-бұл кенеттен пайда болған жүрек-қантамырлық жеткіліксіздігі, артерия қысымының және өмірлік маңызды функцияларының әлсіреуімен сипатталады.
Себептері: аса ауыр жүрек-қантамырының жеткіліксіздігі,жарақат кезінде көп қан кету салдарынан, ірі ошақты күйікте, улану, шошу және бұлшық еттің шамадан тыс жұмыс істеуі салдарынан болады.
Белгілері: жануарларда кенеттен жалпы әлсіздік пайда болады, мал жата береді, демалысы ауыр, жүрек соғысы әлсіз, әрең білінеді. Кілегей қабықшасы түссізденіп, көгілдір түске айнала бастайды. Денесі мұздап, температурасы күрт төмендеген, бұлшық ет босаңқы, сыртқы тітіркендіргіштерге реакциясы нашар, жануардың жалпы күйі төмендеген.
Алғашқы көмек: ең бірінші кезекте себебін жояды.Егер де қан кетіп жатса, оны тоқтатудың амалын жасау керек: жгут салып, тампонада жасайды. Жануарды жылыту керек: тұзды жгутпен ысады, грелка, жылыту пештерімен жылытып, жануардың үстін бүркеп жауып тастайды. Егерде коллапс асқынып бара жатса жүрекке массаж жасайды.
Алғашқы ветеринариялық көмек: қансырауды тоқтатады: қан тамырларын лигатуралайды, биологиялық тампонада, тамыр ішіне кальций хлоридін және т.б. енгізеді. Қан қысымын жоғарылатып, жүрек жұмысын жақсартады.

Асфиксия
Асфиксия- бұл ұлпаларға оттегінің жеткіліксіз мөлшерде түсуінен болатын тыныс алудың бұзылуы. Асфиксия жануарларда өкпеге оттегінің қиын немесе келмеуі әсерінен болады(тұншығу).
Себептері: асфиксия көмей, кеңірдек, жұтқыншақ тығындарының бөгде денелермен зақымдалуы, ісіктер, тыныс алу жүйесінің бұзылуынан, улану және тұншығу салдарынан пайда болады. Туудың ауырлығынан және т.б. жағдайларға байланысты жаңа туылған төлдерде тынысы тоқтап, тұншығып қалады.
Белгілері: Асфиксия кезінде тынысы қиындап, сырыл пайда болады. Тыныс алуы шулы және демалған кезде қабырғааралық ұлпалары ішіне қарай тартылып, тыныс алуы аз ғана уақытқа тоқтап та қалады. Кілегей қабықшаларының түссізденгенінен байқауға болады. Жүрек жұмысы нашарлай бастайды. Бастапқы кезде жануарда қорқыныш пайда болып тынышсыз күйде болады, сонан соң есінен тана бастайды. Жас төлдерде тыныс тоқтайды, бірақ жүрек әлсіз соғып тұрады, рефлекстер байқалмауы мүмкін, жүрек тондары білінбейді.
Алғашқы ветеринариялық көмек: асфиксияның пайда болған себебін табу керек. Тыныс алу орталығын қоздыру үшін тері астына 0.5- 5 мл 1% лобелин немесе цититон, цитерин, парацетин жібереді, оттегі терапиясын қолданады. Жүрек жұмысын жақсарту үшін тамыр ішіне кофеин, камфор майы, кордиамин, бұлшық етке адреналин енгізеді. Егер бөгде заттар кеңірдекті бітеп тастаған болса, онда трахеотомия операциясын жасайды.
Жарақаттық шок.
Оның себебі өте ауыр ашық және жабық механикалық жарақаттар екені белгілі. Жарақаттану салдарынан жануардың бүкіл тіршілігіне қатысы бар мүшелерінің қызметінің күрт нашарлануы, өлімсіреуі - жарақаттану талмасы (жарақаттық шок) деп аталады. Мал организімінің мұндай жағдайға ұшырауы алдымен миындағы орталықтардың қалыптан тыс жағдайға ұшырауынан болады. Сондай ақ ауыр және ұзақ операциялар кезінде, операциядан кейінгі мезетте талма жағдайы байқалады.
Шок - естен тану, талма: басында қысқа уақыт қоздырылып, кейіннен жүйке жүйесі мен бүкіл организмнің терең тоқырауға түсуімен сипатталатын малдың жағдайының жалпы ауыр күйі.
"Шок" деген сөзді XVIII ғасырдың басында Француз дәрігері Ле-Драм енгізген және шоктың негізгі ауру белгілерін анықтаған Пирогов дүниеде бірінші болып, аурудың даму барысына түсінік беріп, оның емі мен алдын-алу шараларын ашты. Естен танудың жіктелуі - себептеріне байланысты:
1. Жарақаттан пайда болған - әр түрлі зақымдалудан туатын;
2. Операциялық естен тану -- шала немесе толық жансыздандырмаудан туатын түрі;
3. Гемотрансфузиялық - сәйкес емес қан құйғанда, сәйкессіз белок еккенде болады;
4. Анафилактикалық -- алдын-ала бөгде белокпен немесе бактерия уытымен (сенсибизацияланған) сезімдендіру кезінде болады.
Бұлардың ішінде жарақаттың әсерінен туатын естен тану өте жиі кездеседі. Белгілері: пайда болатын уақытына байланысты естен танудың алғашқы және кеш болатын түрлері болады.
Алғашқы естен тану - мал жарақаттанған мезгілде немесе жарақатганғаннан кейін бірнеше минут пен бірнеше сағаттың ішінде пайда болады.
Кеш пайда болатын естен тану - жарақаттан, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Залалсыздандырудың физикалық әдістері
КІДІРІССІЗ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ
Ішкі аурулар
Пациентті тексеру әдістері
Анафилактикалық шок белгілері
Химиялық заттардан уланулар
Жаралану кезіндегі алғашқы медициналық көмек
Жарақаттар туралы
Мочевина туындыларымен улану
Әр түрлі оқыстық жағдайлар кезіндегі диагностика және дәрігерге дейіңгі көмек
Пәндер