Жануарлардың қан топтары және көп қан жоғалтқан жануарларға қан құю.Хирургиялық инфекциялар, дамуы, емдеу және алдын алу шаралары



I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Қанды уақытша тоқтату әдістері.
2.2 Қан ағуды біржолата тоқтату әдісі.
2.2 Қан құюдың тарихы
2.3 Қан топтары.
2.4 Хирургиялық инфекциядан туындайтын жергілікті аурулар.
2.5 Абцесс,фурункул,карбункул,фурункулез түсініктемелері

III. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қан - мал денсаулығының оның бар тіршілік болмысының кепілі. Сондықтан дәрігерлер қан мәселесіне айырықша қарайды. Мал жараланып қалса, мал дәрігері ең әуелі оның қанын тоқтатуға асығады. Кішігірім қан тамырынан аққан қан ұю процесі арқылы өз бетімен тоқтауы мүмкін. Қан тамырынан ағып тұрған қанды уақытша және біржолата тоқтату әдістері бар.
Қанды уақытша тоқтату әдістері.Уақытша қан тоқтату әдістері бір нешеу:
а) Қан ағып тұрған жерді басып, қысып тастайтын таңғыш салу арқылы аққан қанды тоқтату әдісі. Бұл әдісте қанап тұрған жерге дәкені бірнеше қабаттан салып, қысып таңып тастау керек. Осылай еткенде қанау баяулайды, тоқтайды. Жарақатқа байланатын дәке микробтардан таза, стерильді болу керек. Жарақат және жарақаттанған қан тамыры ірі болса, соңынан қанды түпкілікті тоқтату үшін қан тамыры байланып, ол жерге хирургиялық тігіс салынады.
ә) Қанап тұрған артерия қан тамырларын бармақпен басып, ағып тұрған қанды тоқтату әдісі бар. Саусақпен басып қан тоқтату әдісі сирек қолданылады. Себебі, шаршаған саусақты ауыстырған кезде қан шапши береді. Күре тамырдан аққан қанды уақытша тоқтатқанда жиі қолданылады. Басқа амал болмағандықтан осы әдісті есте сақтаған дұрыс. Бармақпен қан тамырын басу әдісі кездейсоқ жарақаттарда және операция кезінде ірі қан тамырларынан аққан қанды уақытша тоқтатудың шұғыл әрі жылдам әрекеті ретінде белгілі.
Көбіне қан тамырын сүйекке басқандықтан тамырмен бірге жүйке тамыры да қатты қысымға түсетіні хақ. Ондайда басып түрған жердің зардабы күшейіп, үдей түседі.
б) Малдың ірі қан тамырлары жарақаттанып, қан шапшып ақса, қан ағып тұрған қан тамырын қан тоқтатқыш хирургиялық қысқышпен қысып қанын тоқтатады.
в) Малдың аяқтарының жараланған жерінен жоғары, бұлшық еттерді сүйекке резеңкемен қыса буса, қанап тұрған қан тамыры қысылып, аққан қан тоқтайды. Жалпы қан тоқтату үшін орамал, белбеу, резеңке, түтіктерді де қолдануға болады. Осы мақсатта 1873 жылы Эсмарх деген хирург ширатылған созылғыш резинаны ұсынған еді, қан тоқтату үшін сол құрал күні бүгінге дейін қолданылып келеді.
Қан ағуды біржолата тоқтату әдісі. Қанап тұрған жердің қанын біржолата тоқтату әрекеті тек қана малдәрігерінің қолында. Біржолата қан тоқтату әдістері 4 топқа бөлінеді:
 а) механикалық әдістер;
 ә) физикалық әдістер;
 б) биологиялық әдістер;
 в) химиялық әдістер.
Жарақатынан қан ағып жатқан малдың қанын тоқтату үшін тек бір әдісті қолданып қоймай, жағдайға байланысты малдәрігері бар білімін, тәжірибесін салады. Сонымен қатар қан ағып, қансыраудан пайда болған өзгерістерді емдейді..
1. Б,К. Ілиясов. Ветеринариялық хирургия (оқулық). Алматы. 2008. 400 бет.
2. Б.К.Ілиясов."Алғашқы ветеринариялық жәрдем". Алматы 2001 жыл. (115)
3. Б.К.Ілиясов. Ветеринариялық хирургия. Алматы 2009 жыл.(163)
4. Ілиясов. Б.К. Жануарларды эутанзациялаудың әдістері. - Журнал «Жаршы». - 2006. (165 б).

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Cемей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет
Аграрлық факультеті
Ветеринариялық санитария кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: Жануарлардың қан топтары және көп қан жоғалтқан жануарларға қан құю.Хирургиялық инфекциялар, дамуы, емдеу және алдын алу шаралары

Орындаған:Байзақ Н.С.
Тексерген:Ахметжанов О.Н.
Тобы:ВС-403

Cемей- 2016 жыл
Жоспар:
I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Қанды уақытша тоқтату әдістері.
2.2 Қан ағуды біржолата тоқтату әдісі.
2.2 Қан құюдың тарихы
2.3 Қан топтары.
2.4 Хирургиялық инфекциядан туындайтын жергілікті аурулар.
2.5 Абцесс,фурункул,карбункул,фурункуле з түсініктемелері

III. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ.
Қан - мал денсаулығының оның бар тіршілік болмысының кепілі. Сондықтан дәрігерлер қан мәселесіне айырықша қарайды. Мал жараланып қалса, мал дәрігері ең әуелі оның қанын тоқтатуға асығады. Кішігірім қан тамырынан аққан қан ұю процесі арқылы өз бетімен тоқтауы мүмкін. Қан тамырынан ағып тұрған қанды уақытша және біржолата тоқтату әдістері бар.
Қанды уақытша тоқтату әдістері.Уақытша қан тоқтату әдістері бір нешеу:
а) Қан ағып тұрған жерді басып, қысып тастайтын таңғыш салу арқылы аққан қанды тоқтату әдісі. Бұл әдісте қанап тұрған жерге дәкені бірнеше қабаттан салып, қысып таңып тастау керек. Осылай еткенде қанау баяулайды, тоқтайды. Жарақатқа байланатын дәке микробтардан таза, стерильді болу керек. Жарақат және жарақаттанған қан тамыры ірі болса, соңынан қанды түпкілікті тоқтату үшін қан тамыры байланып, ол жерге хирургиялық тігіс салынады.
ә) Қанап тұрған артерия қан тамырларын бармақпен басып, ағып тұрған қанды тоқтату әдісі бар. Саусақпен басып қан тоқтату әдісі сирек қолданылады. Себебі, шаршаған саусақты ауыстырған кезде қан шапши береді. Күре тамырдан аққан қанды уақытша тоқтатқанда жиі қолданылады. Басқа амал болмағандықтан осы әдісті есте сақтаған дұрыс. Бармақпен қан тамырын басу әдісі кездейсоқ жарақаттарда және операция кезінде ірі қан тамырларынан аққан қанды уақытша тоқтатудың шұғыл әрі жылдам әрекеті ретінде белгілі.
Көбіне қан тамырын сүйекке басқандықтан тамырмен бірге жүйке тамыры да қатты қысымға түсетіні хақ. Ондайда басып түрған жердің зардабы күшейіп, үдей түседі.
б) Малдың ірі қан тамырлары жарақаттанып, қан шапшып ақса, қан ағып тұрған қан тамырын қан тоқтатқыш хирургиялық қысқышпен қысып қанын тоқтатады.
в) Малдың аяқтарының жараланған жерінен жоғары, бұлшық еттерді сүйекке резеңкемен қыса буса, қанап тұрған қан тамыры қысылып, аққан қан тоқтайды. Жалпы қан тоқтату үшін орамал, белбеу, резеңке, түтіктерді де қолдануға болады. Осы мақсатта 1873 жылы Эсмарх деген хирург ширатылған созылғыш резинаны ұсынған еді, қан тоқтату үшін сол құрал күні бүгінге дейін қолданылып келеді.
Қан ағуды біржолата тоқтату әдісі. Қанап тұрған жердің қанын біржолата тоқтату әрекеті тек қана малдәрігерінің қолында. Біржолата қан тоқтату әдістері 4 топқа бөлінеді:
а) механикалық әдістер;
ә) физикалық әдістер;
б) биологиялық әдістер;
в) химиялық әдістер.
Жарақатынан қан ағып жатқан малдың қанын тоқтату үшін тек бір әдісті қолданып қоймай, жағдайға байланысты малдәрігері бар білімін, тәжірибесін салады. Сонымен қатар қан ағып, қансыраудан пайда болған өзгерістерді емдейді..
Механикалық әдістер. Ұсақ қан тамырлары жарақаттанып, қанап тұрған шақта жарақатты таңғышпен қатты қысып байласа, қан ағу тоқтауға тиіс. Ал ірілеу қан тамырлары жарақаттанғанда оған қоса жарақаттанған жерге 5 - 10 пайызды иод ерітіндісіне батырылған мәрлі тығыны қойылып таңылады. Паренхиматозды органдардан қан ағып тұрса, жарақатты операциялық жолмен тығындайды. Дәкені ұзыншалау кесіп, соны жарақатға бірнеше қабат қылып бүктеп кіргізеді. Паренхиматозды органдардан басқа жатырдан, танау қуысынан, жамбас ішіндегі органдардан қан кеткенде де осындай әдісті қолданады. Тығын ретінде салынған дәке 48 сағаттан кейін алынуы керек. Қанның біржолата тоқтауына осы мерзім жеткілікті.
Қан ағып тұрған тамырды байлау. Қан ағып тұрған тамырды операция кезінде төңірегіндегі ұлпалардан оңашалап алып, қысқышпен ұстап тұрып, қысқыштан төмен жерін жібек, капрон жіппен бір рет байлайды да, қысқыш алғаннан соң екінші рет байлайды. Тамырдың кесілген екі жағын, екі бөлігін де байлау керек. Тамырдың бір ұшын ғана байлау дұрыс болмайды. Жараланған тамырдың диаметрі үлкен, өзегі кең болса, қан қысымы көтерілген кезде байлаған жіпті орнынан сырғытып жіберуі мүмкін. Ал сырғып кетсе қан ағу қайта басталады. Осыны болдырмау үшін, қанаған қан тамырынан инемен жіп өткізгеннен соң ғана барып байлайды.
Тамырды жарақаттың жоғарғы жағынан байлау. Егерде жарақат қатты қанап тұрса және аққан қанды тоқтату қиын болса, хирург сол тамырды жарақаттан жоғары тұсынан кесіп, байлап тастайды. Осыған ұқсас жағдай жарақат қатты іріңдеген кезде де болады. Сонымен қатар кейбір ірі немесе өте нәзік операциялар жасалған кезде, әуелі сол органға баратын тамырды тауып алып, оны мықтап байлайды. Содан соң ғана операцияға кіріседі. Егерде ірі тамырдың бұтақтанатын жерін, яғни осы тамырдан жан-жаққа тамырлар тарайтын бөлімін байлап тастаса, сол байланған жерден төмен қарай ұлпалар қарайып, өлімге ұшырайды.
Қанап тұрған қан тамырын табу қиын болса, онда инемен сол тамырдың төңірегіндегі ұлпаларды бірге тіккенде, іште қалған қан тамыры жіпті тартып байлаған кезде қанағанын қояды. Сонымен қатар қанап тұрған беттері біріне-бірі жабысып, тромб пайда болады, арнайы аспап арқылы қанап тұрған тамырды сыға кысып немесе тамырды қысқан қысқышты жарақаттың ішіне 5 - 7 күнге дейін қалдыруға болады.
Жарақаттанған қан тамырын өзара біріктіріп тігу. Қан тамырын тігудің өзіне тән өзгешелігі бар. Егерде қан тамырының ішкі қабығы тігілмесе, сол жерге қан түйіршіктері жиналып, тромб пайда болуы мүмкін. Ал осындай тромба операцияны жоққа шығарады, себебі, сол жерден қан жүруі тоқталады. Осы жәйді ескере отырып жараланған. кесілген тамырды тігіп біріктіргенде, ішкі қабыққа асқан ыждағаттылықпен қарау ләзім. Кейбір ірі тамырлар жараланғаңда оны байлап тастауға болмайды, себебі, жарақаттанған жердің төменгі жағы қансыз қалады. Кесілген тамыр, осы себеті де біріктіріледі, ал біріктіруге жағдай болмаса, алдын-ала дайындалған жасанды қан тамырынан жамау жасайды. Жамау ретінде көптеген күре тамырлардың бірін, аяқтың ішкі не сыртқы жағынан сылып альш, пайдаға асырады. Кейде жамау ретінде өлген малдан алынған тамырларды да арнайы әдіспен дайындайды. Оны лиофильдік құрғату дейді. Яғни өлген малдың қан тамырын тастай мұздатып, қатырып барып дайындайды. Тамыр жамауын пластмассадан да, басқадай заттардан да жасайды. Соңғы жылдары жараланған тамырлардың өзегін тікпей-ақ желім арқылы біріктіріп жүр. Көбінесе тігу әдісі қолданылғандықтан, тігу үшін атравматикалық иненің көмегімен операция жасалады.
Қан тоқтатудың физикалық әдістері. Суық және ыстық арқылы қан тоқтату әдістері. Физика заңдарына сәйкес суықтық қан тамырын құрыстырып, өзегін жіңішкертеді, ал ыстық белокты бүрістіріп, қан ұю процесін тездетеді. Осыны ескеріп, маддәрігерлері қан тоқтатуға суықты кең қолданып келеді.
Суық су құйып, қар - мұзды қанап тұрған жерге баса қойса, тамыр өзегі тартылып, тромбының пайда болу процесі тездейді. Ішкі мүше тамырларынан қан кетсе, оны суық сумен жуып, оның үстіне мұз салып резеңке ыдыс қояды. Малдың дене қызуынан қойылған мұз тез еріп кете береді. Осыған байланысты мұзды жаңартып отыру керек. Сонда ғана қан тоқтайды, қансырау процесі азайады.
Сонымен қатар паренхималық органдар мен ұсақ қан тамырлардан қан акқан жағдайда, қайнап тұрған тұзды су пайдаланады, оның қан тоқтатар қасиеті бар.
Ағзы аралата тоқ жіберіп, денені қыздырып емдеу әдісін диатермия дейді. Жараланған қан тамырындағы қанды тоқтату үшін хирургиялық диатермия әдісі қолданылып, жылу беретін аспаптардың қуаты жоғары болғандықтан, тамыр күйіп, бүріліп қалады да, қан тоқтайды. Бұл әдісті ұсақ және орталай диаметрлі тамырлардан қан аққанда қолданады.
Бұл әдістің пайдалы жері сол - ол операция жасауды тездетеді, тамыр байлаудың қажеті болмай қалады.
Соңғы жылдары О.К. Скобелкиннің басқаруымен хирургия саласында жаңа бір жаңалық туды, ол лазер сәулесінің қасиетін пайдаланып, ірі операциялар жасау. Бұл әдістің ұтымды жері сол - лазер сәулесі тиген жерде қан ұйып, ағымы тоқтап, микробтар жойылып, жара іріңдемей тез жазылады.
Ал қан тоқтатуда В.С. Савельев ұсынған плазмалық скальпельдің келешегі зор.
Биологиялық әдістер. Бұл әдістер бірнеше топқа бөлінеді. Олар:
а) қанап тұрған жарақатты операция кезінде малдың майы, бұлшық еті, фасция, іш май шарбысымен тығындау;
ө) витаминдер енгізу;
б) бұлшық етке жануардын қанынан алынған қан сарсуын егізу;
в) қанаған жерге қанның неше түрлі бөлшектерін енгізу (тромбин, қан тоқтататьш губка, фибриңдік пленка, биологиялық антисептикалық тығын);
г) қансыраған малға қан құю, қанның сұйық бөлімі, тромбоциттер массасы, антигемофильды глобулин А.
Қан ағып жатқан малға консервіленген қаннан 200-500 мг. құйса, ол қанды ұйытып, қан ағу процессін тоқтатады. Жаңа ғана дайындалған цитрат қосылған қанды құйса, оның да қан тоқтатар қабілетінің жоғары екені байқалады. Қол астында дайын қан болмай қалса, қан бөлшектерін, сарысуын немесе плазманы тамырға жіберіп, қан тоқтатуға болады.
Ең бір қиын да ұзаққа созылатын операциялардан кейін немесе қансырау салдарынан ағзада қан ұю процесі бұзылып, фибринолиз дейтін жағдай пайда болады. Осындай жағдайда плазмадан алынған фибриноген дәрісі қоданылады. Ауру малдың қан тамырына енгізілген фибриноген тромбин әсерінен, ұйыған қанда ерімейтін фибринге айналып, қанның ұю процесін тездетеді. Фибриноген ұнтақ дәрі. Оның 1-2 грамын 250-500 мл. физиологиялық ерітіндіде ерітіп, күре тамыр арқылы жіберіп отырады.
Қанның ұю процесін қалыпқа келтіруге себепкер болатын - витаминдер. Қансыраған жануарға С (аскорбин қышқылы), К (викасол) витаминдері қолданылады. Сол сияқты қан бөлшектері - тромбин атты зат қанды ұйытуға белсене қатысады. Егерде осы затты тамыр арқылы енгізсе, ол қанап тұрған тамырдың қанын ұйытып қана қоймай, тамырдың өз ішіндегі қанды да ұйытады. Сондықтан да осы дәріге дәкені малып, жараға таңғыш ретінде ғана салуға болады. Месқарын немесе қуықтан аққан қанды тоқтатуға амал қалмаса, осы тромбинді яғни оның ерітіндісін осы органдардың ішіне енгізіп, пайдалануға болады.
Соңғы кезде тромбинді жарақатға жеке түрде ғана емес, сонымен қатар фибриндік мақта, желатиндік губкамен қосып салатын болып жүр.
Осы губканы қанап тұрған жарақатқа, не ұнтақ ретінде, не тампон ретінде салып қойса, қанау тоқтайды.
Іріңдеген жарақат канаған кезінде, іріңге де қарсы, қан тоқтататын әсері бар биологиялық антисептикалық тығынның көмегі зор. Аталмыш тығынның құрамына қанның сұйық бөлшегі плазма, антибиотик, желатин басқа да дәрі-дәрмектер кіреді.
Жылқының немесе донор болған малдың қан сарысуын қансыраған малдың бұлшық етіне енгізсе, қан ұю процесі тездетіледі, қансырауды тоқтатады.
Операция кезінде бүйректен, көк бауырдан, мидан, бауырдан аққан қанды тоқтату үшін қанап тұрған органның жарақатын тромбоминазаға бай іш май-шарбымен, не бұлшық етпен тығындайды. Осы әдіс айтарлықтай нәтиже береді.
Химиялық әдістер. Химиялық заттардың қан тамырына әсері - қан тамырының өзегін тарылтып, тамыр өзегінің диаметрін кішірейтеді, екіншіден, қан тамырындағы қанның ұю процесін тездетеді. Тамыр өзегінің диаметрін тарылтатын дәрілерге адреналин жатады. Тағы бір қолданылатын дәрінің аты -- спорынья. Қан тоқтату үшін спорынья - қастауыштан дайындалған дәрілер жатыр, өкпеден аққан қанды тоқтата алады.
Қанның ұю процесін жақсартып, аққан қанды тоқтату үшін химиялық заттардың арасында кең өріс алғандарды атап өтсек: кальций хлориді, натрий хлориді, глюкоза және т.б.
Кейбір жағдайларда аминокапрон қышқылын не ішуге, не қан тамыры арқылы енгізуге болады. Кейбір созылмалы аурулардың салдарынан тамырдан аққан қан көлемсіз, бірақ күнделікті ағып тұрғандықтан ауру мал әлсіреп, созылмалы қан жоғалту жағдайына ұшырайды. Мұндай малды дұрыс емдеу үшін алдымен оның негізгі дертін емдеу керек. Яғни малдың іш қуысында жарақат болса, біріншіден, осы ауруды дұрыс емдесе, қанау өзімен тоқтайды.
Қан қысымын төмендету әдісі. Ауру малдың ірі қан тамырларына, бас миына операция жасалған кезде немесе қан қысымы жоғары ауру малға, қандай да болсын операция жасалынған кезде, операция жасалып жатқан жерден қан көп мөлшерде кетпес үшін, ағзаға ганглиоблокатор тобына жататын дәрілер енгізіледі. Дәрілердің осы тобына арфонад, гагроний, гексаметоний дәрлері жатады.
Ауру малдың операция кезінде қан қысымын төмендету ушін арфонад дәрісі кең қолданылады. Ол үшін арфонад дәрісінің 0,1 % ерітіндісінен ауру малдың әрбір 1 кг салмағына, осы дәрінің 0,1-0,2 грамын алып, оны натрий хлорид тұзының изотоникалық ерітіндісімен сүйық жағдайыға келтіреді. Сонда 60 кг салмағы бар ауру жануарға (60x0,2) -12 грамм арфонад дәрісін алып, оны тұзды суға еріткеннен соң ағзаға енгізгенде, ауру малдың қан қысымы бірталай төмендеп, операцияны құрғақ (қансыз) жағдайда жасауға мүмкін туады.
Операцияны ауыртпай жасау үшін, жансыздандыруды құрастырылған дәрілермен өткізуте де болады. Операция жасалып жатқан жерде ауырсыну сезімі пайда болмас үшін әрбір дәрінің тек қана пайдалы қасиеттеріне сүйене отырып, соларды қосып, құрастырып наркоз беріп отырады.
Қазіргі кезде ауру малға құрастырылған наркоз беру үшін, ең алдымен оған вена қан тамыры арқылы не тиопентал-натрий, не гексенал дәрісін жіберіп (ингаляциялық емес наркоз), ауру малды ұйықтатады. Енді ауру мал терең ұйқы жағдайына жеткеннен соң, оның веналық қан тамырына курареге ұқсас дәрілер егіп, ауру малдың бұлшық етерін босаңсытады. Бұлшық еттері босағандықтан, кеуде тыныс алу процесіне қатыса алмайды. Кеуде қозғалмай қалады. Ауру малдың аузына ларингоскоп аспабын енгізіп, соның көмегімен, кеңірдекке наркоздық аппаратқа жалғасқан резеңкелі түтік енгізіп, кеңірдек ішіне не эфир оттегі, не азоттың шала тотығы (наркоздық зат ретінде) беріліп отырады. Ауру мал осыдан кейін наркоздық терең ұйқы жағдайына ұшырайды. Ауру мал осындай жағдайда жатқанына қарамастан, жүйке жүйесі кесілер алдында естен танып қалмау үшін, сол жүйке жүйесіне қосымша новокаин дәрісінің не 0,25% не 0,5% ерітіндтсін енгізу керек. Мысалы, ауру малдың аяғын кесіп алып тастар алдында санның жүйке жүйесіне алдын-ала новокаин дәрісін егіледі.
Қансырауды емдеу. Жүрек жұмысын жақсарту үшін кофеин, тынысы ауырлаған жағдайда лобелин қолданады, мейілінше су береді. Қан тамыры арқылы 5% дейін глюкоза қосып физиологиялық ерітінді жібереді. Оны тері астына да жіберуге болады. Қан алмастырып сәйкес қан құю, немесе оның орнын басатын ерітінділер -- полиглюкин, реополиглюкин, гемодез және В.Н.Петров ерітіндісін қолданады.
Қан және қан алмастыратын заттарды қүю. Кеткен қанның орнын толтыру үшін тамырға, қан айналымына қан қызыл түйіршіктер қосылады. Жан-жануардардың көк етінен және өсімдіктердің қабығынан өтпейтін, кристалданбайтын химиялық затты коллоид десе, осындай коллоид ерітіндісін, тұздың изотониялық ерітіндісін, глюкозаны енгізіп, қан құрамын, оның көлемін бірқалыпта келтіреді.
Қан құюдың тарихы. Қан құю туралы ілімді үш дәуірге бөлуге болады. Бірінші дәуір -- сонау ескілік заманнан 1628 жылы Гарвейдің қан айналым заңы шыққанға дейін. Екінші дәуір - 1628 жылыдан 1901 жылыға дейін, яғни агглютинация заңы ашылғанға дейін. Үшінші дәуір - бүгінгі күнге дейін.
1666 жылы ағылшын ғалымы Лауэр иттерге қан құйғанын жариялады, ал 1667 жылы француз ғалымы Дени мен хирург Эмерец қозының қанын өте қиын жағдайда жатқан ауру жануарға құйып, сол ауру малдың осыдан жазылып кеткенін мәлімдеген. Келесі жолы осындай қан құйған науқас өліп қалды. Сот болған кезде бұл екі дәрігерді жақтаған Франция Ғылым академиясының өкілдері өте ақылды шешімге келіп, әрбір қан құю алдында академиядан дәрігерлер рұқсат алуы керек деген.
1679 жылы Мерклин және 1682 жылы Этген - Мюллер деген дәрігерлер өз бетімен екі түрлі қанды, яғни екі адамның қанын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медициналық қалдықтарды басқару
Залалсыздандырудың физикалық әдістері
Сепсистің этиологиясы
Ас қорыту мүшелерінің аурулары. Ауыз қуысының аурулары, стоматит, фарингит, өңештің бітелуі, гастриттер, асқазан және 6, 12-елі ішек аурулары, өт жолдарының дискенезиясы, холециститтер, гельминтоздар
Медициналық ұйымдарда ауруханаішілік инфекциялық ауруларды бақылауды ұйымдастыру және жүргізу
Сепсис туралы жалпы мәлімет
Қан айналу органдарының аурулары
Жануардың ас қорыту мүшелерінің аурулары
Хирургиялық инфекцияның жалпы сұрақтары
Вирустық аурулар туралы мәлімет
Пәндер