Жануарлардың жарақаттанулары және оның алдын алу



I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Жарақат туралы түсініктеме
2.2 Жарақат түрлері
III. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Жарақат - әртүрлі сыртқы ортаның әсерінен организмнің ұлпалары мен ағзаларының морфологиялық, торшалық және молекулалық деңгейде патологиялық өзгерістерге ұшырауы. Жарақат – травма (trauma) грек тілінен аударғанда жарақат, зақымдалу дегенді білдіреді.
Жарқаттаушы факторлар экзогенді және эндогенді деп бөлінеді. Сыртқы ортаның жарақаттаушы әсерлеріне механикалық, физикалық, химиялық әсерлер жатады. Ал эндогенді әсерлерге - организмдегі витаминді - минералды заттардың алмасуының бұзылуынан, қан айналымының бұзылуынан, аутоиммундық реакциялардан, аутотоксикациялардан және тағы басқа ішкі құбылыстардың өзгерулерінен болатын жарақаттаушы факторлар жатады. Сондай ақ эндогенді жарақаттаушы заттар азықпен асқазан – ішек қуысына түсуінің нәтижесінде де туындайды. Мұндай іштен зақымдаушы заттарға ішкі мүшелерге әртүрлі себептермен енген микроорганизмнің әрекеттерін және ағзаларда түзілген тастардың әсерін де жатқызуға болады.
Жарақат мал арасында өте жиі кездеседі, ресми мәліметтер бойынша ол тек таза хирургиялық аурулардың 25-30% иеленеді. Ал бас кезінде хирургиялық ауру емес, кейіннен хирургиялық ем қажет ететін аурулар санын қосса (трахеомотомия, руменотомия, кесарев операциясы және т.б.) жарақаттың пайыздық саны одан да жоғары болады. Бұдан басқа негізгі ем – хирургиялық жолдармен емделетін кейбір жұқпалы аурулар (актиномикоз, некробактериоз, сіреспе, айналма т.б.) да бар. Жалпы алғанда барлық ауру малдардың 50% хирургиялық емді қажет етеді екен.
Жарақаттың мал арасында тарауын, онан келетін зиянды бірталай ғалымдар зерттеген. Г.Әбішовтің деректері бойынша ірі қара малда жарақат 37,8%, оның ішінде үш жастығы таналарда - 26,5%, қойда жайылым кезінде 44,6%, қыстауда 7,3%, шошқада 28,4%, жылқыда 26,4% кездеседі. М.В.Плахотин мен Щитов бордақылау комплекстерінде бұқашықтарда жарақат 12-30% дейін кездесетінін бақылаған.
1. Х.Ә.Нұрлақұлұлы, Қ.Б. Исабекова «Тіршілік қауіпсіздігі». Туркестан 2004ж.
2. С.Тайжанов «Өмір қауіпсіздігі негіздері. Алматы «Дәнекер»-2004ж.
3. Әбдірахманов Т.Ж. Мал өсіру гигиенасы және санитариясы. Астана, 2004.
4. Әбдірахманов Т.Ж. Ветеринарлық акушерлігі, гинекологиясы және көбею биотехнологиясы. Оқулық. Астана, 2007.
5. Әбдірахманов Т.Ж. Сиырлардың репродуктивті органдарының аурулары. Оқу құралы. Астана, 2009.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Cемей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет
Аграрлық факультеті
Ветеринариялық санитария кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: Жануарлардың жарақаттанулары және оның алдын алу

Орындаған:Байзақ Н.С.
Тексерген:Ахметжанов О.Н.
Тобы:ВС-403

Cемей- 2016 жыл
Жоспар:
I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Жарақат туралы түсініктеме
2.2 Жарақат түрлері
III. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ.
Жарақат - әртүрлі сыртқы ортаның әсерінен организмнің ұлпалары мен ағзаларының морфологиялық, торшалық және молекулалық деңгейде патологиялық өзгерістерге ұшырауы. Жарақат - травма (trauma) грек тілінен аударғанда жарақат, зақымдалу дегенді білдіреді.
Жарқаттаушы факторлар экзогенді және эндогенді деп бөлінеді. Сыртқы ортаның жарақаттаушы әсерлеріне механикалық, физикалық, химиялық әсерлер жатады. Ал эндогенді әсерлерге - организмдегі витаминді - минералды заттардың алмасуының бұзылуынан, қан айналымының бұзылуынан, аутоиммундық реакциялардан, аутотоксикациялардан және тағы басқа ішкі құбылыстардың өзгерулерінен болатын жарақаттаушы факторлар жатады. Сондай ақ эндогенді жарақаттаушы заттар азықпен асқазан - ішек қуысына түсуінің нәтижесінде де туындайды. Мұндай іштен зақымдаушы заттарға ішкі мүшелерге әртүрлі себептермен енген микроорганизмнің әрекеттерін және ағзаларда түзілген тастардың әсерін де жатқызуға болады.
Жарақат мал арасында өте жиі кездеседі, ресми мәліметтер бойынша ол тек таза хирургиялық аурулардың 25-30% иеленеді. Ал бас кезінде хирургиялық ауру емес, кейіннен хирургиялық ем қажет ететін аурулар санын қосса (трахеомотомия, руменотомия, кесарев операциясы және т.б.) жарақаттың пайыздық саны одан да жоғары болады. Бұдан басқа негізгі ем - хирургиялық жолдармен емделетін кейбір жұқпалы аурулар (актиномикоз, некробактериоз, сіреспе, айналма т.б.) да бар. Жалпы алғанда барлық ауру малдардың 50% хирургиялық емді қажет етеді екен.
Жарақаттың мал арасында тарауын, онан келетін зиянды бірталай ғалымдар зерттеген. Г.Әбішовтің деректері бойынша ірі қара малда жарақат 37,8%, оның ішінде үш жастығы таналарда - 26,5%, қойда жайылым кезінде 44,6%, қыстауда 7,3%, шошқада 28,4%, жылқыда 26,4% кездеседі. М.В.Плахотин мен Щитов бордақылау комплекстерінде бұқашықтарда жарақат 12-30% дейін кездесетінін бақылаған.
Жарақаттың жиі кездесуі шаруашылықтарға орасан зор экономикалық зияндық келтіреді. Малдың өнімділігі азаяды, салмағы төмендейді, көп дәрі-дәрмек, бағып қарауға адам күші кетеді. Осының бәрін ескерсек, ауру малды емдегеннен жарақаттың алдын алуға әрекет жасау өте маңызды. Мұнда мал организімінің биологиясына сүйеніп, оның табиғатқа байланысты өмірін ескеру керек. Ол: "организм + табиғи орта + адамның малға қолдан жасаған жағдайы". Адам малдан неғүрлым мол өнім алу үшін, малға әр түрлі жақсы жағдай жасайды. Мал организмі жеген азығын толық қорытуға, энергиясын (күш-қуатын) толық пайдалануға, сыртқы ортаның әртүрлі зиянды әсерлеріне қарсы тұру қабілетін төмендетіп, адам жасаған жағдайға бейімделеді. Неғүрлым ауыл шаруашылық малдарының өнімділігі жоғары болса, соғүрлым олардың күтімі жақсарып, тиісті жағдай жасалады. Малдарды жабық кешендерде баққанда оның сыртқы орта мен динамикалық тепе - тендігі бұзылып, әр түрлі ауруға шалдығады (артрит - буын қабынуы, тендинит - тарамыстың қабынуы, тұяқ аурулары т.б.). Мұнымен қатар мал қимылсыз көп тұрған жағдайда терінің, бұлшық еттің, ішкі секреция бездерінің, жүйке жүйесінің қан айналысы нашарлайды. Көп қимылдамаған малдың бұлшық еттерінде, сүйектерінде, буындарында, ұлпаларында, ағзаларында қан айналысы 10-15 рет төмен болады. Организмде гипотония дамып, зат алмасу және нейроэндокрин жүйесінің қызметі төмендейді. Мұның бәрі малдардың жарақаттануға бейімділігін артырады.
Себептеріне қарай жарақаттар 5 түрге бөлінеді: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық және жүйке-стресстік.

Жарақаттың түрлері

Механикалық

Ашық
Кесілген
Тесілген
Шабылған
Жаншылған
Жұлынған
Жыртылған
Тістелген
Оқ тиген

Жабық
Соғылу
Созылу
Үзілу
Шайқалу
Басылу
Гематома
Лимфоэкстравазат

Физикалық
Термикалық

Күйік
Үсік

Электрожарақат
Сәулелік жарақат

Химиялық
Сілтіден күю
Қышқылдан күю
Ауыр металдың тұздарынан күю

Биологиялық
Бактериялардан
Тоғышар құрттардан
Зең саңырауқұлағынан

Жүйке-стресстік

1) Механикалық жарақат -- организмге әсер еткен механикалық күштен пайда болып, ұлпалар мен ағзалардың әр түрлі дәрежеде зақымдалуын тудырады. Жарақаттың пайда болуына себепкер факторларға организмге витаминдер мен минералдық заттардың жетіспеушілігі, зат алмасуының бұзылуы, малдың арықтап қажуы т.б. осы сияқты жағдайлар жатады. Жарақаттың пайда болуы мал түлігінің жасына да байланысты. Жас және кәрі малдардың терісі, ұлпалары, сіңірі, тарамысы және сүйегінің механикалық күштің әсеріне төзімділігі төмен болады. Жылқы мен иттің сіңірі, терісі және тарамысы ірі қара мал мен шошқаға қарағанда мықты, созылғыш келеді. Бұл жануарлардың сүйектері де мықты болады.
Механикалық күш организм ұлпаларына соғу, бұрау, қысу, жаншу сияқты түрлерде әсер етеді. Ұлпалардың зақымдалу дәрежесі механикалық күштің бағыты мен әсеріне, жылдамдығына, әсер етуші заттың тығыздығы мен көлеміне, ұлпалар мен ағзалардың физиологиялық жағдайына тікелей байланысты. Мысалы: қуысы толы асқазан, қуық, ішектерге оқ тисе олардың зақымдалуы қатты да көлемді болады. Сол сияқты буаз малдарда остеомаляция дамығандықтан, сүйектері сынған жағдайда көп жерден сынатыны байқалады.
Механикалық жарақаттар ашық және жабық жарақаттарға бөлінеді. Сондай - ақ операциялық, кездейсоқ, туа пайда болған және соғыс жарақаттар деп те қарастырылады. Тері бүтіндігі бұзылса пайда болған жарақатта ашық жарақат дейміз. Тері бүтіндігі бұзылмай пайда болған жарақатты жабық жарақат дейміз. Жарақаттану кезінде ұлпалар мен ағзалардың үзілуі, созылуы, буынның шығуы, сүйектің сынуы мүмкін. Тері анатомогистологаялық құрылысының ерекшелігіне байланысты өте созылғыш және мықты болады. Сол себепті тарамыс - сіңірлер үзіліп, созылып жатқанда, сүйектер сынып, жаншылып ұнтақталған жағдайларда терінің бүтіндігі сақталуы жиі кездеседі..
Тері немесе кілегей қабатының бүтіндігі бұзылған жарақаттарды ашық механикалық жарақат дейміз. Оларға әр түрлі кесілген, тесілген жарақаттар, ашық сынықтар жатады.
Жарақаттар механикалық күш тікелей әсер еткен жерде немесе одан алшақ жерде де болуы мүмкін.
Мысалы: күш малдың жілігіне тікелей әсер етсе, ол сүйек сол жерден шорт сынады. Ал егер мал биіктен алдыңғы аяғына салмақ түсіріп құласа, күш тіке әсер еткен тұяқ емес, малдың тоқпан жілігі орнынан тайып (шығып) кетуі мүмкін.
Кейде механикалық күштің әсерімен ұлпалар мен ағзаларда молекулярлық өзгерістер пайда болады, оны шайқалу немесе контузия дейді.
2) Физикалық жарақат аса жоғары және төмен температураның, электр тоғының және әртүрлі сәулелердің әсерінен пайда болады. Мысалы: малдың отқа күйюі, суыққа үсуі мүмкін.
3) Химиялық жарақат -- мал организміне қышқыл, сілті, ауыр металдың тұздары және т.б. химиялық заттардың әсер етуінен пайда болады. Мысалы: малды химиялық дәрілермен емдегенеде, паразиттерге қарсы дәрілегенде кездеседі. Химиялық заттар түрлеріне байланысты көбінесе тиген жеріне әсер етеді, не болмаса организмге тері, кілегей қабығы арқылы сіңіп бүкіл организмді уландырады.
4) Биологиялық жарақат организмге вирустар, микробтар, зең саңырауқұлақтары, паразиттер еніп өсіп - өнгенде пайда болады.
5) Жүйке - стресстік жарақаттар көру, есту органдары арқылы малдың жүйкесіне стресстік жағдайлардың әсер етуімен пайда болады. Жануарларды аса қорқытып - үркітетін стресстік жағдайлар малды үйреншікті қалпынан басқа қалыпқа ауыстырғанда, транспортпен тасымалдағанда, тиеп - түсіргенде, көп малды эпизоотияға қарсы дәрілегенде, тоғытқанда тағы сол сияқты жағдайларда пайда болып, организмнің бейімделу табиғатын айырықша төмендетеді. Жүйке - стресстік жарақаттар әсерінен әлсіреп қажыған жануарлардың өнімділігі азайып, өсіп - өнуі тежеледі. Тіпті есінен танып, өліп кетуі мүмкін. Көбінесе бұзаулар мен шошқаларда және терісі бағалы аңдарда көп кездеседі.

АШЫҚ МЕХАНИКАЛЫҚ ЖАРАҚАТТАР
Ашық механикалық жарақаттар - сыртқы ортаның механикалық күштерінің әсерінен терінің, кілегей қабықтардың морфологиялық бүтіндігінің және қызметінің бұзылуымен сипатталады. Оны кейде жара деп атау қалыптасқан. Оның белгілері -- терінің, кілегей қабықтардың бүтіндігінің бұзылуы, ауырсыну, қабырғасының ажырауы, қан ағу, қабыну және қызметін толық атқара алмау. Бұл жарақаттың ең жеңілі - терінің эпидермисінің жарақаттануы - сызат деп аталады. Оны кейде жырылу, тырналу дейді. Жарақаттың жиегі, қабырғасы, түбі және қуысы болады. Жиегі тері немесе кілегей қабықтан, қабырғасы - борпылдақ дәнекер ұлпадан, шандырдан, бұлшық етттерден тұрады. Түбі бұлшық еттен немесе сіңірден, сүйектен тұрады. Анатомиялық табиғи қуысқа бөгде заттардың енуінен пайда болған жарақатты қуысқа енген жарақат, ал жарақат дененің белгілі бір жерін тесіп өтіп, оның кірер және шығар аузы болса оны тесілген жарақат дейді.
Ашық механикалық жарақаттың түрлері. Ол үш түрге бөлінеді -- операциялық, кездейсоқ және соғыс жарақаттары.
Операциялық жарақаттар малға әр түрлі операция жасағанда; пішу, жарыққа операция жасау және абсцесс, флегмона тағы сол сияқты инфекциялық процесстерді тіліп өндегенде пайда болады. Кездейсоқ жарақаттар байқаусызда соғылу, жығылу, қысылу тағы басқа жағдайларда болатын жарақаттар. Олардың түрлері -- түйрелген, шабылған, тілінген, соғылған, жыртылған, тістелген, жаншылған жарақаттар. Соғыс жарақаттарына оқ, жарылғыш заттардың сынықтары тиюден пайда болады.
Тілінген (кесілген) жарақат (vulnus incisium). Өткір заттармен: пышақ, скальпель, ұстара, әйнектің сынығы т.б. жараланғанда болады. Мұндай жарақаттың аузы ашылып тұрады, қан ағады, тілінуден пайда болғандықтан жиектері түзу, жарақат айналасындағы ұлпалар көп жарақатталмаған. Бұл жарақаттар көбіне асқынбай қысқа уақытта жазылады.
Түйрелген жарақат (vulnus punctum). Ол үшкір заттармен (шеге, ағаш бұтағы, сым темір, біз т.б.) жарақаттанғанда пайда болады. Бұл заттар денеге ұлпаларды ығыстырып көп жарақаттамай енеді. Жарақаттың ауызы тар, тез бітеліп қалады да қан көп ақпайды. Бірақ анаэробты инфекция дамуы мүмкін. Терең жатқан ірі қан тамырлары жарақаттанып гематома пайда болуы да ықтимал.
Шабылған жарақат (vulnus caesum). Себептері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәуле жарақаттары.Жануарлардың бөгде заттармен жарақаттанулары
Сәуле жарақаттары. Жануарлардың бөгде заттармен жарақаттанулары туралы
Хирургиялық ауруларды емдеуде ұлпа дәрмектерін қолдану туралы
Сәуле ауруы
Тәбеттің бұзылыстары
Жара
Ветеринариялық хирургия
Мал ауруларының алдын алушы жалпы шараларды ұйымдастыру
Жұкпалы аурулардың алдын алушы ветеринарлық шаралары
АШЖБ - Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру
Пәндер