Жайылымда мал ұстаудың ветеринариялық-санитариялық гигиеналық талаптары


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Cемей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет

Аграрлық факультеті

Ветеринариялық санитария кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Малды жайылымда ұстауға қойылатын гигиеналық талаптар

Орындаған:Байзақ Н. С.

Тексерген: Койгельдинова А. С.

Тобы:ВС-403

Cемей- 2016 жыл

Жоспар:

  1. КІРІСПЕ
  2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
  3. ҚОРЫТЫНДЫ
  4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Әр жайылым көктемде, малдарды шығармай тұрып мамандардың қатысуымен зерттеліп және өлексе қалдықтарынан, жабайы малдардың сүйектерінен, үйінді тастардан, көңдерден, шірік қоқыстардан, минералды тыңайтқыштардың қалдықтарынан т. б. тазалануы керек.

Жайылымда қалыпты мөлшерде әртүрлі шөптердің жинағы болуы, жайылым азығының биологиялық құнарлылығын қамтамасыз етуі керек. Сондықтан жасанды мәдени жайылымдар дайындағанда оның 3\2 бөлігіне дәнді-бұршақты қоспалардың шөбін егу қажет.

Табиғи және мәдени жайылымдардың шөптегі тек қана биологиялық құнарлылығының ғана гигиеналық маңызы болмайды, онымен қоса малдардың көк азыққа сұранысын қамтамасыз етуі керек. Тәуліктік көк азыққа малдардың сұранысын анықтау үшін төмендегідей нормативке сүйенген дұрыс: сауын сиырларға сүтіне қарап 45-75 кг, бір жастан асқан тайыншаларға 30-40кг, жасқа толмаған торпақтарға 15-25 кг, жылқыларға 30-40кг, қойларға 6-8 кг (жазық, шөлейтті аймақтарда шөптің құрғақтығына байланысты жазық, шөлейтті аймақтарда шөптің құрғақтығына байланысты 3-6кг), торайлы мегежіндерге 10-15кг, жас шошқаларға 3-6кг қаралады.

Сауын сиырларға және бордақылауға арналған ірі қара малдары үшін шалғынды, көкалдары мол, ойпан таулы жерлерге, орман жиектеріне, дәнді бұршақты және қалың жоңышқалы шөптері бар жерлерге жаюды қарастырады.

Ірі қара малдарына жазық орманды жерлерге жазғытұры мезгілдерде, ал жазда шалғын шабындық, күзде тұздықты шалғындарға ұйғарады. Тоғайлы, аласа бұталы жайылымдарға сауынды сиырларды (көзін, желінін т. б. жарақаттардан сақтандыру үшін) жаюға болмайды. Жас ірі қара малдарын жұмсақ, сулы шөбі бар жерлерге баққан жөн. Батпақты жерлерде баққан малдарда минералды зат алмасу процесстері бұзылып, остеомолязация, акобальтоз т. б аурулары тууы мүмкін. Сулы, ылғалды жайыдымдарда малдардың мазасын алып, қоңдандырмай қоятын қансорғыш масалар, сона, шіркейлер көп болады.

Ірі қара малдарына қарағанда жайылымды жақсы пайдалана алатын қойларға құрғақ, шөптері аласа жерлерді бөледі. Қой және ешкілер үшін орманды жерлердің кең алаңдары ғана жайылуға жарамды болады. Олар таулы және жазық жерлерде жақсы жайылады. Оларға сулы, батпақты, ойпаңды жерлер жайылымға жарамайды. Ондай жайылымдарда қойлардың тұяқтары зақымдалып, айырма болып және шірік құрт аурукларына ұшырап, әсіресе фасциолиоз және диктокаулиоздермен ауырады . Қойларға қараған, шеңгел т. с. с тікенек өсімдіктері бар, жүніне жабысып, ластайтын жайылымдар жарамайды. Селеулі жайылымдарға, әсіресе олардың басы қатып бекіген кезде, маусым айының бірінші жартысынан кейін жаюға болмайды. мәдени жайылымдарда қойдын жүнін ластайтын арам шөптер аз болады да, ол жерлерге жайылған малдардың терісі, жүні таза болады.

Шошқалар төменгі, сулы-топырақты жерлердің жайылымдарын, әсірсе қайыңды, еменді тоғайлардың ішін пайдаланғанды дұрыс көреді. Бірақ шошқаларды жас клеверлі және люцерналы, жасанды мәдени жайылымдарға жайған дұрыс болады. Мұндай жерлерде торайлы мегежіндер мен өнімдік жас шошқаларды жаюға болады.

Жылқылар үшін құрғақ, топырағы тығыз, дөңес жерлердегі шөптері көп, бірақ ұзын емес жайылымдар қолайлы болады. Оларға төменгі, ойпаң, ылғалды жерлер тұяқтарына зиян ететіндіктен жайылымға жарамайды.

Жасанды мәдени жайылымдарға азотты тыңайтқыштарды артық мөлшерде салған кезде өсімдіктердің бойына нитриттер мен нитраттар жиналып, малдарды уландырады (өсу тежеліп, сүт азайып, іш тастап т. б. ) . Сол сияқты, жоғарғы құнарлы мәдене жайылымдарға көп мөлшерде калийлі және азотты тыңайтқыштар салғанда нитритті және нитратты токсикозынан басқа малдарда жайылым титаниясы (гипомагнемия) байқалады. М ұндай тыңайтқыштарды жайылым топырақтарына бөліп салса, нитриттер және нитраттармен улану жайылым титаниясының шығу қаупі төмендейді.

Азотты тыңайтқыштарды мәдени жайылымдарға қолдану үшін оларды жақсы суландырған жөн. Неғұрлым тыңайтқыш жайылымға көп салынған болса, соғұрлым қарқынды суландыру қажет. Ондай жақсы суғару жайылымның қнімін арттырып, нитраттардың өсімдіктерге жиналуына жол бермейді. Сұйық көңдерді пайдалану жайылымдардың санитарлық жағдайын жақсартады. Бірақ, малдарды жайылымға сұйық көң салғаннан кейін бір айдан ерте жаюға болмайды.

Малдарды лагерлі жайылымдарда бағу үшін арнайы орындар мен жабдықтар дайындау қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Малдарды жайылымда ұстаудың ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптары
Жазғы жайылымдарды пайдалану және малды өрісте ұстаудың ветеринариялық-гигиеналық талаптары
Шошқаларды ұстаудың жүйелері мен ветеринариялық-санитарлық және гигиеналық талаптары
Жұмыс жылқыларын ұстаудың ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптары мен күту шарттарын жақсарту шаралары
Айғыр қораларының ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптары, ұстау жағдайлары және жақсарту шаралары
Зоогигиена және мал қора-жайының санитариялық-гигиеналық талаптары мен микроклиматы
Биелерге арналған қора-жайлардың ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптары, күту технологиясы және жақсарту шаралары
Қаз қораларының ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптары мен микроклиматты жақсарту шаралары
Қабандарға арналған қоражайлардың ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптары мен күтіп-бағуды жетілдіру шаралары
Айғыр қораларының ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптары мен күтіп-бағуды жетілдіру шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz