Ауыл шаруашылық малдарын күтуге қойылатын гигиеналық талаптар



I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
III. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Ауыл шаруашылығында малдардың денсаулығын сақтап, олардан жоғары сапалы, мол өнім алуды қамтамасыз ету тек малға қалыпты жағдай туғызып, санитарлық гигиеналық талаптарды сақтағанда ғана болады.
Малдарға қалыпты жағдай туғызу, яғни тірі организм мен оның өмір сүру ортасының байланысын бақылап, қайшылығына жол бермей, тепе-теңдігін сақтауға бағытталған шаралар зоогигиенаның негізгі саласы болып есептеледі.
Әр малдардың физиологиялық ерекшеліктерін ескеріп тиісті жағдай туғызбаса, олардан тіпті тұқымдық көрсеткіштерінен де төмен өнім алып, малдардың табиғи төзімділігін, әсіресе жоғарғы өнімді малдар мен жас төлдердің, нашарлатып әртүрлі ауруларға ұшырып, өлім- жітімнің артуына апарып соғатындығын көрсетеді. Сондықтан, ауыл шаруашылық малдарының күтімі,малдардың тері гигиенасы, тазалығы т.б. өте маңызды.
Малдардың терісіне, аяқтары мен тұяқтарына тұрақты күтім жасау және мезгілді серуендету, олардың өнімін арттырып, төзімділігін жоғарылатады.
Мал терісінің гигиенасы. Тері гигиенасының маңызы оның атқаратын физиологиялық ролінен туындайды. Яғни тері организмде барьерлік, секреторлық бөліп шығару, тыныс алу және жылу жүйесін реттеу функцияларын атқарады. Теріде көптеген рецепторлар жүйелері орналасқан. Терілердің нерв рецептері арқылы организм орта мен тұрақты байланыста болып, орталық ми жүйесінің рефлекторлық басқару ролінің арқасында денедегі барлық ішкі мүшелердің қызметін реттеп тұрады.
Терінің белгілі бөліктерінде вегетативті нерв жүйесі арқылы барлық дене мүшелерінен рефлекторлы иіндер тізбегі Захарин- хеда деген зона түзіледі. Ішкі органдардың тітіркенуі, терінің соматикалық нервтер мен жабдықталған бөлігіне беріліп, ол арқылы орталық нерв жүйесіне түседі де, одан келген хабар қайта тиісті мүшелерге жетіп, жауапты реакциялар туады. Сондықтан тері денені жауып, ткандарды және мүшелерді механикалық, физикалық, химиялық және басқа әсерлерден қорғап, сол сияқты микроорганизмдердің денеге кіруіне бөгет жасап-барьерлік қызмет атқарды. Терідегі секреторлы қызметті май және тері бездері атқарады. Организмнен тердің бөлінуі дене температурасын қалыптауға әсер етіп, су тепе-теңдігін сақтап, зат алмасу процестерінің зиянды қалдықтары термен бірге сыртқа шығарылады. Май бездерінің секреттері терінің серпінділігін арттырып, жүн және қауырсындарды майлайды.
1. М.С.Садуақасов «Ветеринариялық-санитарлық гигиена»
Алматы-2008.286-290 беттер

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Cемей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет
Аграрлық факультеті
Ветеринариялық санитария кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: Ауыл шаруашылық малдарын күтуге қойылатын гигиеналық талаптар

Орындаған:Байзақ Н.С.
Тексерген: Койгельдинова А.С.
Тобы:ВС-403

Cемей- 2016 жыл
Жоспар:
I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
III. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ.
Ауыл шаруашылығында малдардың денсаулығын сақтап, олардан жоғары сапалы, мол өнім алуды қамтамасыз ету тек малға қалыпты жағдай туғызып, санитарлық гигиеналық талаптарды сақтағанда ғана болады.
Малдарға қалыпты жағдай туғызу, яғни тірі организм мен оның өмір сүру ортасының байланысын бақылап, қайшылығына жол бермей, тепе-теңдігін сақтауға бағытталған шаралар зоогигиенаның негізгі саласы болып есептеледі.
Әр малдардың физиологиялық ерекшеліктерін ескеріп тиісті жағдай туғызбаса, олардан тіпті тұқымдық көрсеткіштерінен де төмен өнім алып, малдардың табиғи төзімділігін, әсіресе жоғарғы өнімді малдар мен жас төлдердің, нашарлатып әртүрлі ауруларға ұшырып, өлім- жітімнің артуына апарып соғатындығын көрсетеді. Сондықтан, ауыл шаруашылық малдарының күтімі,малдардың тері гигиенасы, тазалығы т.б. өте маңызды.
Малдардың терісіне, аяқтары мен тұяқтарына тұрақты күтім жасау және мезгілді серуендету, олардың өнімін арттырып, төзімділігін жоғарылатады.
Мал терісінің гигиенасы. Тері гигиенасының маңызы оның атқаратын физиологиялық ролінен туындайды. Яғни тері организмде барьерлік, секреторлық бөліп шығару, тыныс алу және жылу жүйесін реттеу функцияларын атқарады. Теріде көптеген рецепторлар жүйелері орналасқан. Терілердің нерв рецептері арқылы организм орта мен тұрақты байланыста болып, орталық ми жүйесінің рефлекторлық басқару ролінің арқасында денедегі барлық ішкі мүшелердің қызметін реттеп тұрады.
Терінің белгілі бөліктерінде вегетативті нерв жүйесі арқылы барлық дене мүшелерінен рефлекторлы иіндер тізбегі Захарин- хеда деген зона түзіледі. Ішкі органдардың тітіркенуі, терінің соматикалық нервтер мен жабдықталған бөлігіне беріліп, ол арқылы орталық нерв жүйесіне түседі де, одан келген хабар қайта тиісті мүшелерге жетіп, жауапты реакциялар туады. Сондықтан тері денені жауып, ткандарды және мүшелерді механикалық, физикалық, химиялық және басқа әсерлерден қорғап, сол сияқты микроорганизмдердің денеге кіруіне бөгет жасап-барьерлік қызмет атқарды. Терідегі секреторлы қызметті май және тері бездері атқарады. Организмнен тердің бөлінуі дене температурасын қалыптауға әсер етіп, су тепе-теңдігін сақтап, зат алмасу процестерінің зиянды қалдықтары термен бірге сыртқа шығарылады. Май бездерінің секреттері терінің серпінділігін арттырып, жүн және қауырсындарды майлайды.
Әртүрлі малдардың жасына және салмағына байланысты терілерінің температурасы әрқилы болады. Мал терілерінің күн сәулелерін сіңіріп алуы да малдың жүнінің түсіне, қалыңдығы мен тығыздығына байланысты әрқилы болады да, ақ түсті терінің жылу сіңіргіштігі қара түспен салыстырғанда екі есе кем сіңіреді. Тері арқылы су буланып денеден бөлінуі сыртқы ауаның температурасы мен ылғалдылығына қарай, ауаның дымдығы төмен, температурасы жоғары болған сайын судың теріден булануы көбейеді. Мал терісімен 13% дейін булану арқылы жылуды жоғалтады.
Малдардың терісі денедегі тыныс процесіне де қатысады. Тері арқылы ылғи газ алмасу процесі көмір қышқылы бөлініп, оттегі сіңіріліп тұрады. Барлық организмде жүретін газ алмасудың 0.5 - 1% тері арқылы жүреді.
Терінің сыртқы түскен қабығымен денеден көптеген газдар, белок, тұздар, мочевина, креатинин, ұшқыш май қышқылдары, холестерин бөлініп, ал бүйрек ауруы болған кезде тері арқылы зат алмасу процестерінің улы қалдықтары ацетон, өт пигменттері т.б. бөлініп шығады.
Денедегі зат алмасу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Ауыл шаруашылық малдарын күтуге қойылатын гигиеналық талаптар жайында
Ірі қара мал гигиенасы жайлы мәлімет
Көк азықтармен азықтандыру
Ірі қара малының гигиенасы.Мал қораларына және мал шаруашылық өндірісіне қойылатын санитарлық гигиеналық талаптар
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы
20-60 күндік 360 бас бұзау қорасының желдеткіш режимін оңтайландырудың есептік режимдрі
Жылқы малдарының гигиенасы
Малды жазда бағып-күту гигиенасы
Жылқы мен түйелердің гигиенасы,қойлар мен ешкілердің гигиенасы
Пәндер