Жегу саймандарының гигиенасы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Cемей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет

Аграрлық факультеті

Ветеринариялық санитария кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Жегу саймандарының гигиенасы

Орындаған:Байзақ Н. С.

Тексерген: Койгельдинова А. С.

Тобы:ВС-403

Cемей- 2016 жыл

Жоспар:

  1. КІРІСПЕ
  2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Қамыт-саймандарға қойылатын гигиеналық талаптар.
2. Жегу саймандары және оларға қойылатын гигиеналық талаптар.
3. Жегу ережелері және оған қойылатын гитиеналық талаптар.

  1. ҚОРЫТЫНДЫ
  2. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ.

Жегу малдарын әртүрлі ауылшаруашылық жұмыстарына тиімді пайдалану - оны азықтандыру, суару және күтіп бағуға ғана байланыстыемесжұмыста қолданатын жегу саймандардың гигиеналық талаптарға сәйкестігіне де тікелей катысты болады.
Жылқы және түйе малдарынәртүрлі шаруа жүмыстарына: міну, жеңіл, ауыр жүкке жегу және тең тасымалдарға пайдаланады.
Әрбір жұмыс атына размерлері дәл жегіп-міну әбзелдерін тандап алу қажет. Олай болмаған жағдайда күш-көлік есебінде пайдаланған малдардың денелеріне жарақаттар түсіп, жұмыста толық өз күшін пайдалана алмай, уақытынан бұрын шаршап, қан айналысы бұзылып (қамыт қысып), тынысы тарылып, кей кездерде өкпе қабыну ауруларына апарыпсоғуы мүмкін. Сондықтан жегіс-мініс және тең тасымалдау жұмысына пайдаланукезінде оларға арналған қамыт-сайман, ер-тоқым әбзелдері, әсіресе мал денесіне тиіп тұратын жерлері тегіс, жүмсақ, олқы боп соқпайтын, кеуіп қалып қажамайтын болуға тиіс. Ол үшін дұрыс кептіріп, сыртқы ортаның зиянды әсеріне тигізбей сақтау керек.
Оларды жұмыстан соң дым тартқан (тер) бөлшектерін сүртіп, құрғатып кептіргеннен сон, жұмсартып майлап қойған жөн (қайыс белшектерді) . Бір шаруашылықта бірнеше қамыт-саймандар пайдаланатын кездеоларды әрбір күш-көлікке ыңғайлап, дәлдеп бекітіліп, оларға арнайы жекелеме орындар (қадалар) белгілеген дұрыс. Малды дұрыс мініс-жегіс тасымалдаужұмыстарына пайдалануолардың денсаулықтарын жақсартып, денесіншынықтырып, өнімін арттыратыны дәлелденген. Бірақ оларды жұмысқа пайдаланукезінде олардың физиологиялық ерекшеліктерін (буаздығы, жынысы т. б. ), жасын (тай, құнан, кәрі т. б. ) ескере отырып жұмыс мөлшерін белгілейді. Сондықтан жұмысқа пайдалану кезінде мініс-жегіс аттарының мынындай жағдайлары еске алынуға керек.
1. Малдың салмағы (массасы), жасы және күйі (қоңы) .
2. Жұмысқа жаттығуы және дайындық дәрежесі.
3. Қамыт-сайман әбзелдерін дұрыс, ақаусыз, әрбір малдың ерекшеліктеріне байланыстырып таңдау.
4. Жұмысқа әр малдың физиологиялық ерекшеліктеріне (азықтандыру, суару, үзіліс жасау т. б. ) .
5. Ауа райының құбылысын, жол ауырлығын (қар, батпақ) жер бедерін (тау, еңіс т. б. ) ескеру.
6. Малдың негізгі денсаулық көрсеткіштеріне (темпера­тура, пульс, демалысы, ақсау, жарақат т. б. ) көңіл бөлу.

Істелген жұмыстың шамасынекі көрсеткішпен бағалайды;
1. Жүкті тарту (жылжыту) күшімен.
2. Жүрген жол аралығымен.
Тарту күші малдың берілген жүкті бір жерден бір жерге ауыстыруға жұмсалған малдың күші, ол килограмм (тонна) мен өлшенсе, жүріп кеткен жолы - километр (метр) мен есептеледі, яғни көліктің атқарған жұмысы килограмм-километрмен өлшенеді. Оны атқарған күшін жүрілген жолына көбейту арқылы анықтайды.
Көліктің тарту күшін анықтау үшін арнайы өлшегіш құрал динамометр (өздігінен көрсетіп жазатын) арбаға бекітіледі. Жылқының тарту күші оның тірі салмағына байланысты болады. Бүкіл одақтық институттың жылқы шаруашылығы бөлімінің зерттеуі бойынша аттың кддаммен жүріп тартқан күші оның өзінің салмағының 13-15 процентін-дей болады деп есептейді.
Мысалы, аттың салмагы 600 кг болса тарту күші - 13, 500 кг - 14, 400 кг - 15 процентке сәйкес келеді. Жылқылардың жегу және салт мініп пайдаланудан басқа үстіне жүк теңдеп те пайдаланады. Ол жүктің салмагы жылқының тірі салмағының 25-30 процентін құрауы керек.
Жылқының тарту күшін екі тәсілмен анықтауға болады:
1. Тірі салмагы бойынша
2. Аттың шоқтығының биіктігі бойынша.

Тірі салмагына қарап анықтау мына формуламен табады:
Р= А/9+11 (1) . Шоқтығының биіктігі бойынша мына формуланы пайдаланып анықтайды Р= Н/20 ( 2) мүндағы,

Р - аттың тарту күші,
А - тірі салмағы
Н - шоқтығының биіктігі

Егер бір көлікке бірнеше аттар жегілген болса олардың тарту күшін мына формуламен анықтайды:
Рп = 1, 075 х (1 -0, 07 х п ) х Р (3 ) мұндағы:

Р - бір аттың орташа тарту күші
п - жегілген аттардың саны.

Жегілген аттың тарту күшіне биікке қарай, немесе ылдиға қарай жүруі көп әсер етеді. Сондықтан жүкті өрге қарай тарту күші мына формуламен анықталады: Р = әм + (м+ м ) х п (4) еңіске қарай:

Р =әм -(м-м ) х п (5) мұндағы,
ә - жолдың қарсылық коэффициенті.
Р -тарту күші
м - тасымалдауға жататын жүктің салмағы.
м - аттың тірі салмағы.
п - таудың көлбеу бұрышы, градуспен.

Жегуге арналған қамыт-сайман мынадай жұмыстар үшін қажет заттардың жинағы боп есептеледі:
1. Шаруаға пайдалану кезінде ат пен көліктің бірігуіне арналады.
2. Аттың күшін дерте арқылы беру.
3. Жегілген атты бастап (бұрып) отыру.
4. Малдың денсаулығын және күшін қалыпты сақтау.


Қамыт-саймандардың құрамы және оларға қойылатын гигиеналық талаптар
Шаруашылықта екі түрлі қамыт-сайман пайдалынады. Доғалы және доғасыз-пострамкалы.
Доғалы қамыт-сайман мына бөлшектерден тұрады; жүген, қамыт, шілея, доға, ершік айылымен, белдеме айыл (ершік үсті арқалық), шап айыл, делбе. Доғасыз қамыт-саймандарға кіретіндер: жүген, қамыт, шілея, ершік, постромка.
Жегілген аттың денесіне тиіп тұратын қамыт-саймандарды - әбзелдер дейді. Оған жататындар: жүген (ноқта), қамыт, ершік, шілея, айылдар.
ЖҮГЕН - жегін малды бұрып бағыттап және байлап бекітуге арналады. Ол малдың басының формасына дәл келіп, дұрыс жатуға тиіс. Ол бірнеше бөлшектен тұрады: кеңсірік, желкелік, кекілдік, сағалдырық, сағалық, ауыздық, сулык,, тізгін, шылбыр. Жүгенді мықты, созылмайтын, денеге батпайтын, қажап жарақаттамайтын материалдан (қайыс, ремень т. б. ) жасайды. Денемен үйлесетін бетін тегіс қылып өріп, табан салып жаяды. Тізгін және шылбырды қылды жіптерден есіп жасауға да болады.
ҚАМЫТ - жегін малдарын көлікпен (арба, шана) байланыстырып, көліктің күш-қимылын, оған беретін ең қажетті жабдық. Мал денесіне тарту күшінің 80-85 процентін қамыт арқылы жеткізіледі. Қамытты екі имек ағаштан жасап, үстіңгі екі басын біріктіріп қайыспен байлайды. Мұны желке бауы деп атайды. Екі құлақ ағаштарының астына имек -былғарыдан ішін жеңіл затпен (ағаш, шөп үгіндісі) толтырған "шұжык, " орналастырылады. Оның, размері әртүрлі жасалады (0-10) . Қамыттың төменгі құлағына құлақ баулар (қалың қайыстан) және (жіңішке қайыстан) тамақ-бау жасалады. Қамыттың сыртын былғарымен ішін кигізбен қаптайды.
ЕРШІК - жегін малдың арқасына салынып, дертені көтеріп, тарту күшін қамыттан бөліп белкөтерме арқылы белге (арқаға) түсіру үшін керек бөлшек. Ол екі басы, екі қапталға орнатылып, қаптал асты жұмсақ кигізбен қапталады. Қапталды ағаштан немесе металдан жасайды. Ершікті көліктің беліне орнатып тартпа белдікпен бекітеді.
АЙЫЛ - қайыстан (тоқыған, жалпақ тоқылмай тілінген, ременнен, қыл жіптен т. б. ) жасалады. Ол ер үстіне көрпе, жастықша салынып үстін қамтып малдың төс астынан өткізіліп тартып бекітетін - төс айыл, ердін, қапталынан өткізіліп, малдың шап тұсынан жүргізіліп тартылатын - шап айылдан тұрады.
Бел көтерме - ершік үстінен өткізіліп екі басы екі дертеден айналдырып тартылатын қайыстан тіліп, не өріп (жіптен) жасалған бөлшек. Ол салмақ күшті аттың мойына (қамытқа) толық түсірмей арқаға беледі.
Шілия - арба-шанадағы жүктің салмағымен алға жылжып, көліктің жегін малдың артқы аяғын қағуына жол бермейтін бөлшек. Ол жалпақ тілінген қайыс, ременнен жасалады. Ол көліктің қабырғасы, артқы сандары үстінен (құйрықтан төмен) өтіп, екінші жағынан айналып қамыттың құлақ бау тұстарынан бекітіледі. Шоқтық, жая үстілерінен көлденең белдік қайыстары болады. Шілияның үстіне өрнектер жасалып (жезден, күмістен) салпыншақ, шашақтар-мен әшекейленеді.
ДЕЛБЕ - жегін көлікті бағытқа бұруға арналған, тілінген қайыстан (өрілген), жіптен т. б. жасалған бөлшек. Оның екі басы екі жағынан көтерменің үстінен, құлақ баудың астынан өткізіліп жүгеннің ауыздығының шығыршығына бекітіледі.
ДОҒА - екі басы екі дертеге қамыттың құлақ бауы арқылы бекітіліп, оның солқылдап жегін малының мойнын соғудан сақтандыратын тұтас ағаштан иіліп жасалған бөлшек.
ДЕРТЕ - түзу, бұтақсыз, жеңіл, тегіс, жұмыр ағаштан жасалатын бөлшек. Оның бір басы жүк көлігінің алдыңғы бөлігіне бекітіліп, алдыңғы екі басы қамыттың екі құлақ бауына байланады. Байлау (құлақ бау) сырғып шығып кетпес үшін дертенің басына кертік (ойық) немесе арнайы бөгет жасалады.
ЕР - салт мініс көліктеріне арналған жабдық. Оны кепкен кайың ағаштан, жеңіл алюминий темірлерімен құрастырып жасайды. Оның алдыңғы (тік, биіктеу) және артқы (көлбеу) қасы, имек, жалпақ мал беліне жайлы, дақ түсірмейтін екі қапталы болады. Олардың астынан тоқым (киіз, былғары), жабағы, терліктер салынады. Үстінен көрпе салынып, айылмен (төс айыл) малдың төс тұсынан тартылып бекітіледі. Екі қапталдың артқы тұсынан екі айыл өткізіп (бірі ұзын топса басты) бірі қысқа тесігі бар малдың шап тұсынан тартылып бекітіледі. Екі қапталды, орта тұсынан тоқымның үстінен үзеңгі-үзеңгі бау арқылы бекіледі. Үзеңгі атқа аяқ салып міну, отырған кезде аяққа тіреу жасап және аттан түсуге арналады. Бұдан басқа ердің артқы қапталынан тесіп таспа қайыс өткізіледі (алдынан да) - жеңіл жүк теңдеуге және ердің еңісте алға жылжымау үшін қүйрық астынан өткізілген құйысқан (қайыстан, жіптен өріліп, өрнектелген), ал өрге қарсы жүргенде ердің артқа жылжуын бөгейтін - өмілдірік (қайыс-жіптен) көліктің мойын астынан (омыраудан) өткізіліп бекітілетін бөлшектері болады.
Ердің бірнеше түрлері болады: қазақ ері, қалмақ ері, ашамай ер, құранды ер, күмістелген ер т. б. Әрбір қамыт-сайман, ер-тоқымдарды құрғақ, таза сақтайтын орындары және ауыстырмайтын нөмірлері болуға тиіс. Олардың дымқылдан көгеруінен, шіруінен, құрғақтан кеуіп қатуынан, темір бөлшектерінің тат басуынан сақтандыру қажет.
ЖЕГУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОҒАН ҚОЙЫЛАТЫН ГИГИЕНАЛЫҚ ТАЛАПТАР

1. Күш-көлікке жегуге арналған малдың басына жүген кигізеді (ноқтаның орнына) . Жүгеннің кеңсірік қайысынын, аралығынан, егер дұрыс болса, жалпағынан екі саусақ қана өтеді.
2. Аттың арқасына ершікті алдымен шоқтыққа таяу, соңынан артқа жылжытып (аттың жүнінің жығылуы үшін) салады. Ол алдыңғы ұшымен бір бөлігі мен шоқтыққа, ал артқы үшымен екі бөлігі мен арқаға (9-15 қабырғалардың басы) түсіп жатуға тиіс. Одан кейін ершік айылын төстен тартып бекітеді.
3. Қамытты үстіңгі жағын (кең) төмен айналдырып, астын үстіне (тар) қаратып басына кигізіп, мойынныңжіңішке жеріне қайта айналдырып түзетіп, шоқтыққа қарай итеріп кигізеді де, шілияны жауырынына жауып қүйрықтың жанына қыйсайтып, астынан өткізеді.
4. Атты дертенің сол жағынан ортасына, басын қамыттың құлақ бауының тұсына келтіріп кіргізеді. Сол дертенің басын құлақ бауға салып, доғаның сол жақ кертік басын аралығынан өткізіп, екінші басын қамыттың үстінен аттың оң жағына асырады.
5. Көліктің оң жағына шығып, оң дертенің басын доға басының ойық жеріне салып, қамыттың оң құлақ бауына доға артынан, дерте үстінен астына қайырып оның (доғаның) басына іледі.
6. Оң жақ дертеге бір басы бекітілген белтірікті ершіктің үстінен өткізіп аттың сол жағына түсіреді. Сол сияқты тартпа айылды да (бір басы оң дертеге бекітілген) аттың астынан сол жағына жіберіледі.

7. Сол жағына шығып тамак, бауын қамыттың құлақ ағаштарының басын біріктіріп (бір аяқпен тіреп тұрып) қосылғанша тартады да, тез шешуге қолайлы етіп, ілгіштеп байлап бекітеді. Сол кезде доға тік, былқылдамай бекіп, қамыттың құлақ бауы сіресіп тартылған болуға тиіс.
8. Үстіңгі белтіріктің бір басын сол дертеден орап, екі дертені кетереді де, орап оңай шешілетін етіп бекітеді. Көтерген кезде қамыттың төменгі шужығы мен аттың төс аралығына терт саусақ жалпағынан кіретін орын қалуға тиіс. Егер белтірікті ете жоғары көтерсе, қамыт аттың мойнының жіңішке жеріне келіп, атқа куш бермей, ауыр жүк, өрге қарсы жүрген

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Суда еріген оттегіні анықтау
Асылтұқымды малдарды азықтандыру және олардың гигиенасы
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы қойлар мен ешкілердің гигиенасы жайлы
Жылқы малдарын ұстау жүйелері
Жылқы мен түйелердің гигиенасы,қойлар мен ешкілердің гигиенасы
Мал гигиенасы
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Жылқы қорасы жобасының зоогигиеналық негізделуі
Жылқы малын ұстау жүйелері мен тәсілдеріне талдау жасау
Павлодар аймағындағы жылқы малына арналған мал қорасының жобасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz