Ауылшаруашылығы және үй жануарларын клиникалық зерттеу кестесі. Ауыру жағдайын анықтаудағы симптомдар мен синдромдар



I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Клиникалық тексеру кестесі
2.2 Аурудың симптомдары мен синдромдары
2.3 Аурулардың синдромдарына түсініктеме
2.4 Диагнозға түсініктеме және оның түрлері

III. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Клиникалық диагностика немесе ауруларды анықтау дегеніміз- гректің diagnosticon- біле, анықтай алатын деген сөзінен шыққан. Клиникалық диагностика малдәрігерлігі бағытындағы ғылымдарының ең негізгі саласы, яғни мал ауруларын анықтау үшін қазіргі заманымыздың озық әдіс тәсілдерін қолдана отырып, малдың күй жағдайын, ауру барысын, өрбуін және оның алдын алу, болдырмау мәселелерін зерттейді.
Клиникалық диагностика ветеринария мамандықтарының ірге тасы, негізі және мал дәрігерлерін дайындаудағы ең маңызды пропедевтикалық бағыт.
Клиникалық диагностика физика, анатомия, физиология, биохимия, микробиология т.б.бағыттардағы ғылымдарға негізделеді.
Ауруларды анықтау негізінен бір-бірімен тығыз байланысты үш бөлімнен тұрады:
 Ауру малдарды зерттеуде пайдаланылатын әдістерді , дәрігерлік диагностикалық техниканы үйренуге бағытталған;
 Семиотикаға,яғни аурулардың симптомдар туралы, олардың ауруларды анықтаудағы маңызына арналған;
 Диагноз қоярда методологиялық ой негіздерін тудыруға,яғни ауруларды анықтайтын әдістерді қолданғанда дәрігерлік қисындылықты орнымен пайдалана білуге бағытталған.
Жануарлараға тексеру жүргізу үшін клиникалық тексерудің жоспарын міндетті түрде білу қажет. Бұл мақсатта әрбір студент тексеру жоспарын жаттап, оны практика жүзінде қолдануы керек.
Жануарларды клиникалық тексерудің жоспары төмендегідей:
1. Ауру малмен алдын -ала танысу. а) тіркеу, б) анамнез.
2. Өзіндік тексеру.
А) Жалпы тексеру.
Габитусты анықтау.
Көрінетін кілегей қабықтарды тексеру.
Тері және тері туындыларын тексеру.
Лимфа түйіндерін тексеру.
Дене температурасын өлшеу.
Б) Арнайы тексеру
1) Жүрек-қан тамыр жүйесін тексеру.
2) Тыныс алу жүйесін тексеру.
3) Асқорыту жүйесін тексеру.
4) Зәр шығару және жыныс жүйелерін тексеру.
5) Жүйке жүйесін тексеру.
В) Ерекше тексеру
Физико-химиялық тексеру.
Микроскопиялық тексеру.
Бактериологиялық тексеру.
Серологиялық тексеру.
Аллергиялық тексеру.
1. ҚазҰАУ«Жануарлар ауруларының клиникалық диагностикасы»
Алматы-2014. 4-8 беттер

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Cемей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет
Аграрлық факультеті
Ветеринариялық санитария кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: Ауылшаруашылығы және үй жануарларын клиникалық зерттеу кестесі. Ауыру жағдайын анықтаудағы симптомдар мен синдромдар.

Орындаған:Байзақ Н.С.
Тексерген:Жексенаева А.Б.
Тобы:ВС-403

Cемей- 2016 жыл
Жоспар:
I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Клиникалық тексеру кестесі
2.2 Аурудың симптомдары мен синдромдары
2.3 Аурулардың синдромдарына түсініктеме
2.4 Диагнозға түсініктеме және оның түрлері

III. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ.
Клиникалық диагностика немесе ауруларды анықтау дегеніміз- гректің diagnosticon- біле, анықтай алатын деген сөзінен шыққан. Клиникалық диагностика малдәрігерлігі бағытындағы ғылымдарының ең негізгі саласы, яғни мал ауруларын анықтау үшін қазіргі заманымыздың озық әдіс тәсілдерін қолдана отырып, малдың күй жағдайын, ауру барысын, өрбуін және оның алдын алу, болдырмау мәселелерін зерттейді.
Клиникалық диагностика ветеринария мамандықтарының ірге тасы, негізі және мал дәрігерлерін дайындаудағы ең маңызды пропедевтикалық бағыт.
Клиникалық диагностика физика, анатомия, физиология, биохимия, микробиология т.б.бағыттардағы ғылымдарға негізделеді.
Ауруларды анықтау негізінен бір-бірімен тығыз байланысты үш бөлімнен тұрады:
Ауру малдарды зерттеуде пайдаланылатын әдістерді , дәрігерлік диагностикалық техниканы үйренуге бағытталған;
Семиотикаға,яғни аурулардың симптомдар туралы, олардың ауруларды анықтаудағы маңызына арналған;
Диагноз қоярда методологиялық ой негіздерін тудыруға,яғни ауруларды анықтайтын әдістерді қолданғанда дәрігерлік қисындылықты орнымен пайдалана білуге бағытталған.
Жануарлараға тексеру жүргізу үшін клиникалық тексерудің жоспарын міндетті түрде білу қажет. Бұл мақсатта әрбір студент тексеру жоспарын жаттап, оны практика жүзінде қолдануы керек.
Жануарларды клиникалық тексерудің жоспары төмендегідей:
1. Ауру малмен алдын -ала танысу. а) тіркеу, б) анамнез.
2. Өзіндік тексеру.
А) Жалпы тексеру.
Габитусты анықтау.
Көрінетін кілегей қабықтарды тексеру.
Тері және тері туындыларын тексеру.
Лимфа түйіндерін тексеру.
Дене температурасын өлшеу.
Б) Арнайы тексеру
1) Жүрек-қан тамыр жүйесін тексеру.
2) Тыныс алу жүйесін тексеру.
3) Асқорыту жүйесін тексеру.
4) Зәр шығару және жыныс жүйелерін тексеру.
5) Жүйке жүйесін тексеру.
В) Ерекше тексеру
Физико-химиялық тексеру.
Микроскопиялық тексеру.
Бактериологиялық тексеру.
Серологиялық тексеру.
Аллергиялық тексеру.
Клиникаға түскен жануарды тіркеу. Тіркеу жұмыстары жануар иесінің немесе күтушілердің айтқан мағлұматтарына, көрсеткен құжаттарына, сонымен қатар өзіндік тексеруге негізделіп жүргізіледі.
Жануарлары тіркеу кезінде амблуаториялық журналға келесі мәліметтерді жазады:
жануарлардың түскен күні
жануардың иесі
иесінің немесе шаруашылықтың мекен-жайы
жануардың түрі
тұқымы (порода)
жынысы
жасы
түсі және ерекше белгілері
таза салмағы немесе өлшемдері
жануардың лақап аты
Күтуші адамнан ауру жануар туралы мәлімет жинау (анамнез). Анамнез екіге бөлінеді: 1) Anamnesis vitae, 2) Anamnesis morbi. Ауру мал туралы мәлімет.
Жануар ауырғанға дейінгі мәліметке келесі сұрақтар кіреді:
1) шығу тегі;
2) ұстау және күту жағдайы;
3) суару және азықтандыру жағдайы;
4) шарушылықтағы атқарылатын жұмысы.
Жануар ауырғаннан кейін мәліметтерге келесі сұрақтар кіреді:
1) жануар қашан және қандай жағдайда ауырды?
2) аурудың қандай белгілері байқалды?
3) жануарға кім және қандай емдік көмек көрсетті
Жануарларға жақындау ережелері және бекіту әдістері. Жануарлармен жұмыс істегенде айқайлауға болмайды. Баяу қозғалып, ақырын дауыстап бару керек.
Жылқыға алдынан және біраз бүйір жағынан жақындаған жөн. Жылқы малын ағаш бұрауды үстіңгі ерніне немесе құлақ қалқанына салу арқылы бекітеді. Сонымен қатар, алдыңғы аяғын тізесінен бүктіріп ұстаған немесе артқы екі аяғына тұсау салып қойған дұрыс.
Ірі қара малға адам ұстап тұрған бүйір жағынан бару керек. Бекітуді мүйіздің ұшын бас бармақпен басып ұстау арқылы және мұрын аралық шеміршекті саусақтармен немесе арнайы қышқыштармен (Гарис қышқышы, Кумсиев қысқышы), тұмсық сақинасы арқылы жасайды.
Түйеге абайлап алдыңғы аяғының маңына шеттен жақындаған жөн. Түйені арқан ілгектен артқы аяқтарын тұсау арқылы, ерніне немесе құлақ қалқанына бұрау салу арқылы, жағын жүгеннің ұшымен байлау арқылы бекітеді.
Қой мен ешкілерді мүйізден немесе мойнынан ұстау арқылы бекітеді.
Иттерді жақтарын бинтпен орау арқылы бекітеді.
Үй құсын қалыпты жағдайда ұстайды да, бір қолмен аяқтарын, екінші қолмен қанаттарын бекітеді.
Әрбір студент оқытушының бақылауы мен жануарларға жақындап, оларды бекітеді.
Клиникалық тексерудің жалпы әдістермен танысу (көру, сипалау, тыңдау, нұқу, термометрия).
Көру әдісі - тексерудің жай әдісі. Бұл әдісті күндіз қолданады. Көру арқылы жануардың басын, мойнын, көкірек клеткасын, ішін, аяқтарын алдымен оң жақтан және сол жақтан, содан соң алды-артынан тексереді.
Сипалау әдісі - жануар денесінің бөліктерін қолдың жұмсақ, жеңіл қозғалыстарымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауру малды оқшаулау
Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің жалпы сұрақтары
Тыныс алу жүйесі жайлы
Ішкі аурулар пәнінен дәрістер
Кәсіптік аурулар
КІДІРІССІЗ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ
Жіті ішек инфекцияларының алдын алу
Ауруларды емдеу алгоритмдері
Энтеровирусты инфекция
Тағам статусы бойынша тамақтану адекваттылығын бағалау
Пәндер