Кеуде клеткасының аускультациясы. везикулярлық тыныс алу, бронхиальды, физиологиялық, бронхиальды патологиялық, амфорикалық бронховизикулярлық, құрғақ сырылдар, ылғалды сырылдар



I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Көкірек қуысын зерттеу. Тыныс алу түрлері
2.2 Құрсақты тыныс алу түрлері
2.3 Көкірек қуысын тыңдау және оның тәсілдері

III. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Аускультация (auscultatio) организмде мүшелер мен ұлпалар қозғалысынан туатын дыбыстарды тыңдау әдісі. Дыбыстардың қасиетіне қарап ағзалар мен ұлпалардың күй-ахуалын біледі.
Тыңдау екіге бөлінеді:
1. тікелей тыңдау
2. аспап құралдар арқылы тыңдау

Негізгі тыныс алу шулары
Тыныс алу шулары(Adurmura respiratoria), -аускултация кезіндегі тыныс алу органдарындағы пайда болған дыбыстармен сипатталады. Тыныс алу шуларын :
1.Физиологиялық- негізгі
2.Патологиялық – қосалқы деп бөледі.
Физиологиялық тыныс алу шуларына :
Бронхиальды
Везикулярлы тыныс алулар жатады.
Көкірек қуысын қарау. Қарау арқылы көкіректің сырт пішінін, түрін, тыныс алу санын, тыныс алу тереңдігін, күшін, тепе-теңдігін және ырғағын анықтайды. Көкірек қуысының сырт пішінін, көлемін және көкірек қимылын анықтаудың ауруды анықтауда үлесі өте зор. Оларды көкірек торшасының қаптал жақтарын және артқы жағынан қарау арқылы анықтайды. Бұл кезде малдың түрін, тұқымын, жасын, қоңдылығын, дене пішінін ескеру керек. Көкіректің кең және терең болуы өкпе сыйымдылығының қызметінің жақсы екендігін білдіреді, ал оның қисылыңқы, басылыңқы болып келуі малдың өкпе ауруларына шалдыққанына күдіктендіреді және оның өрбуіне өте қолайсыз әсерін тигізеді. Көкіректің сырт пішінінің өзгеруі кейбір аурулар себебінен болуы мүмкін,мысалы рахит,остеодимтрофия, өкпе эмфиземасы, омыртқаның қисаюы және т.б.
1. «Жануарлар ауруларының клиникалық диагностикасы» оқулық, Алматы-2014, 67-77 беттер
2. Б.К. Ілиясов. Алғашқы ветеринариялық жәрдем. (Оқу құралы). Алматы. 2011 жыл. 32-35 беттер

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Cемей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет
Аграрлық факультеті
Ветеринариялық санитария кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: Кеуде клеткасының аускультациясы. Везикулярлық тыныс алу, бронхиальды, физиологиялық, бронхиальды патологиялық, амфорикалық бронховизикулярлық, құрғақ сырылдар, ылғалды сырылдар

Орындаған:Байзақ Н.С.
Тексерген:Жексенаева А.Б.
Тобы:ВС-403

Cемей- 2016 жыл

Жоспар:
I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Көкірек қуысын зерттеу. Тыныс алу түрлері
2.2 Құрсақты тыныс алу түрлері
2.3 Көкірек қуысын тыңдау және оның тәсілдері

III. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ.
Аускультация (auscultatio) организмде мүшелер мен ұлпалар қозғалысынан туатын дыбыстарды тыңдау әдісі. Дыбыстардың қасиетіне қарап ағзалар мен ұлпалардың күй-ахуалын біледі.
Тыңдау екіге бөлінеді:
1. тікелей тыңдау
2. аспап құралдар арқылы тыңдау

Негізгі тыныс алу шулары
Тыныс алу шулары(Adurmura respiratoria), -аускултация кезіндегі тыныс алу органдарындағы пайда болған дыбыстармен сипатталады. Тыныс алу шуларын :
1.Физиологиялық- негізгі
2.Патологиялық - қосалқы деп бөледі.
Физиологиялық тыныс алу шуларына :
Бронхиальды
Везикулярлы тыныс алулар жатады.
Көкірек қуысын қарау. Қарау арқылы көкіректің сырт пішінін, түрін, тыныс алу санын, тыныс алу тереңдігін, күшін, тепе-теңдігін және ырғағын анықтайды. Көкірек қуысының сырт пішінін, көлемін және көкірек қимылын анықтаудың ауруды анықтауда үлесі өте зор. Оларды көкірек торшасының қаптал жақтарын және артқы жағынан қарау арқылы анықтайды. Бұл кезде малдың түрін, тұқымын, жасын, қоңдылығын, дене пішінін ескеру керек. Көкіректің кең және терең болуы өкпе сыйымдылығының қызметінің жақсы екендігін білдіреді, ал оның қисылыңқы, басылыңқы болып келуі малдың өкпе ауруларына шалдыққанына күдіктендіреді және оның өрбуіне өте қолайсыз әсерін тигізеді. Көкіректің сырт пішінінің өзгеруі кейбір аурулар себебінен болуы мүмкін,мысалы рахит,остеодимтрофия, өкпе эмфиземасы, омыртқаның қисаюы және т.б.
Екі жақты симметриялық кеңеюі өкпенің альвеолярлық эмфиземасында байқалады, ал оның бір жақты кеңеюі, қақпақты пневмотороксте, бір жақты плевритте кездеседі.
Көкірек көлемінің кішіреюі жұқа көкірек өкпенің екі жақты ателектазында, өкпе туберкулезінде, рахитте байқалады.
Тыныс алу түрлері- көкірек және құрсақ бұлшық еттерінің, тыныс алу кезіндегі жұмысы мен әрекеттенінен анықтайды. Дені сау малдарда тыныс алу түрі аралас немесе көкіректі құрсақты болып келеді, тек иттерде және терісі бағалы аңдарда көкіректі тыныс алу түрі басымырақ, көкіректі тыныс алу түрі бұл кезде көкірек құрсақ қабырғасына қарағанда қозғалмалы болып келеді, мұндай құбылыс көк ет ауруларында, құрсақ ауруларында, құрсақ ішіндегі қысым жоғарылағанда және кейбір ауруларда, көк ет қысылғанда т.б.
Құрсақты тыныс алу түрі- бұл кезде құрсақ бұлшықеттері қабырға еттеріне қарағанда көбірек қимылдайды. Ол плевритте, қабырға сынғанда, өкпенің созылмалы альвеоларлық эмфиземасында байқалады.
Тыныс алу саны- өкпе жағдайын анықтағанда өте қажетті көрсеткіш болып есептеледі.Тыныс алу санын көкірек қаңқасының құрсақ қабырғасының және танаудың қозғалыс санынан, шығарылған ауаның лебінен өкпені немесе кеңірдекті тыңдау арқылы 1 минутта неше рет тыныс алатындығын және пневмографиялық тәсілмен анықтайды. Дені сау малдарда тыныс алу саны бір минутта төмендегідей болады: ірі қара малында 12-25, қой және ешкіде 16-30, жылқыда 8-16, шошқада 15-20, итте 14-26, тауықта 12-32.
Тыныс алу санына мына жағдайлар әсер етеді: жынысы, жасы, тұқымы,қоңдылығы,ауаның жылы суықтығы, ылғалдылығы, тәулікпен жыл мезгілі, буаздығы, ішек қарынның азықпен толуы, жұмысы, жүйкенің қозуы, сыртқы орта жағдайы.
Ауру малда тыныс алудың жиілеуі немесе сиреуі байқалады. Тыныс алудың жиіленуі - полипноэ-өкпе, плевра ауруларында кездеседі және құрсақ қуысының қысымы жоғарылағанда, іш кебуі мен жүрек ауруларында, қан азайғанда, дене қызуы көтерілгенде байқалады.
Тыныс алудың сиректенуі- олгопноэ-көмей, ірі бронхтар тарылғанда, бас сүйегінің ішкі қысымы көтерілгенде, зілді гастриттерде, ацетономияда, мал сал болғанда және басқа ауруларда.
Тыныс алу тереңдігінің күші - диагностикалық тұрғыдан маңызы өте зор. Тыныс алу тереңдік күшін тыныс алу қозғалысының қимылынан байқайды, яғни тыныс алғандағы және тыныс шығарғандағы ауа көлемімен анықтайды.
Тыныс алу тереңдік күшінің өзгеруі жоғарғы және терең, күшті тыныс алу болып бөлінеді. Жоғарғы тыныс алу көбінесе патологиялық жиіленген тыныспен бірге бірігіп келеді, бұл кезде тыныс шығару мен тыныс алу қысқа болады. Тереңдік тыныс патологиялық ырғағы сирелген тыныспен бірге байқалады, тыныс алу мен тыныс шығару созылыңқы болып келеді.
Саккадирлі немесе үзілісті тыныс ерекшілігі тыныс алу мен тыныс шығару акты бірнеше бөлініп, күшеніп тыныс алынады. Бұл аритмияда, плевритте, микробронхитте, қабырға сынғанда, өкпенің альвеоларлы эмфиземасында, энцефалитте, менингитте, кетозда, уремияда байқалады.
Кусмаульдің үлкен тыныс- тыныс алу санының минутына азайғанын, тыныс алу фазаларының біразға созылып, тереңдеуін көрсетеді. Бұл уақытта тыныс шығару кезінде әр түрлі шуылдар естіледі. Кусмаульдің үлкен тынысы жұқпалы жылқы энцефалитінде, бұзау паратифінде кездеседі.
Биот тынысы- бұл тыныс жоғарылығы түзу, бірақ күшенген тыныс алу қозғалысынан кейін қайталанып тұратын ұзақтығы 20-30 секунд үзіліспен ерекшеленеді. Үзілістен кейін тағы тыныс алу қозғалысы байқалады.Бұл аритмия, энцефалиттте, менингитте, ми ісігінде, миға қан құйылғанда болуы мүмкін.
Чейнсток тынысы- бұл тыныс ұзақтығы 15-30 секунд үзілістің пайда болуымен, сонан соң бірте бірте күшейетін тыныс алу қозғалысымен сипатталады. Ең жоғарғы деңгейіне жетіп, сонан біртіндеп әлсізденіп үзіліске айналады. Бұл тыныс алу аритмиясы ми және оның қабығына суық тигенде, миға қан құйылғанда, миокардитте, аутоинтоксикацияда және басқа улану кезінде байқалады.
Грок тынысы тыныс алу конструкциясының бұзылуын көрсетеді. Бұл тыныс алу ағзалардың келісілмеген түрде жаслаған жұмфсфмен сипатталады.
Ентігу (диспноэ) тыныстың тарылуы, бұл тыныс ырғағы, түрі, тереңдік және саны бұзылуымен бірге кездесетін қасірет. Тыныс алудың әр фазасына қарай инсператорлы, экспираторлы және аралас ентігу болып бөлінеді.
Көкірек қуысын тыңдау және оның тәсілдері.
Көкірек қуысын тыңдаудың мақсаты ондағы шуылдың сипатын және күшін анықтау. Ол тыныстану ағзаларының жұмыс істеу қимылының әсерінен туындайтын шуыл.
Көкірек қуысын тыңдау тәсілі- малдың түріне, күдіктенген құбылыстың сипатына және т.б. заттарға байланысты болады. Ірі малда әдетте тікелей тыңдау тәсілі қолданалады, тек бір кішігірім аумақтағы дыбысты немесе өте нашар естілетін дыбысты ест уүшін фонендоскоп және стетоскоп қолданылады. Тыңдау үшін алдын ала мықтап байланған малдың жанына келіп, оның бас жағына қарап тұрады. Малдың арқасына қолды қойып, сол жақ өкпесін оң құлақпен, ал жоқ өкпесін сол құлақпен тыңдайды.
Асау малдың өкпесінің артқы бөлігін тыңдау үшін тыңдаушы басын артқы құйрық жағына бұрып, сол өкпесін сол құлақпен, оң өкпесін оң құлақпен тыңдайды. Ұсақ малда тыңдауды құралдардың көмегімен жүргізген дұрыс, малды орындыққа жатқызып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі тыныс алу шулары. Амфорикалық тыныс алу жайлы мәлімет
Негізгі тыныс алу шулары. Амфорикалық тыныс алу туралы
Негізгі тыныс алу шулары. Амфорикалық тыныс алу туралы ақпарат
Негізгі тыныс алу шулары. Амфорикалық тыныс алу туралы мәлімет
Негізгі тыныс алу шулары. Жанама тыныс шулары
Негізгі тыныс алу шулары. Амфорикалық тыныс алу жайлы ақпарат
Негізгі тыныс алу шулары. Амфорикалық тыныс алу жайлы
Бронх демікпесі, ауыр дәрежесі, өршу фазасы, басқарылмайтын саты
Кеңістіктегі дене жағдайы
Тыныс алу жүйесі жайлы
Пәндер