Плегофония. Тыныс жүйесінің графикалық әдістерімен зерттеу. Пневмография, ринография және кеуде қуысының тесу сынамасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Cемей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет
Аграрлық факультеті
Ветеринариялық санитария кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Плегофония. Тыныс жүйесінің графикалық әдістерімен зерттеу. Пневмография, ринография және кеуде қуысының тесу сынамасы.
Орындаған:Байзақ Н. С.
Тексерген:Жексенаева А. Б.
Тобы:ВС-403
Cемей- 2016 жыл
Жоспар:
- КІРІСПЕ
- НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Кеңірдекті перкуссиялау- плегафония.
- Тыныс алу жүйесін графикалық әдіспен зерттеу.
- Көкірек қуысын тексеру мақсатымен сынама тесу.
- ҚОРЫТЫНДЫ
- ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кеңірдекті перкуссиялау- плегафония. Плегафонияны экссудативті плеврит пен ала өкпені дифференциалдық ажырату мақсатында қолданады. Зерттеу техникасы мынадай: көмекші малдың кеңірдегіне плессиметрді төсеп перкуссия балғашығымен ырғақты бірдей күшпен соғады. Бұл уақытта зерттеуші көкірек қуысының бөліктерінде перкуссия кезіндегі сызданған сыбырлы дыбыс шыққан аймағын тыңдайды.
Көмекші мал кеңірдегінен балғашықпен жоғарыдай ырғақпен соққан кезде шыққан дыбыстың күшін анықтайды. Экссудативті плевритте кеңірдекті перкуссиялау кезіндегі дыбыс көкірек қуысында өте әлсіз және сау малға қарағанда ұзақтан естілген сияқты болып жетеді немесе мүлдем естілмейді.
Ал фибринозды пневмонияда дыбыс көкірек қуысында перкуссия кезінде үнсіз сыбдырлы дыбыс естілген аумақта жақсы естіледі.
Тыныс алу жүйесін графикалық әдіспен зерттеу. Графикалық зерттеу әдістерінің ішінен малдәрігерлік салада тыныс алу жүйесін зерттеу үшін екі тәсіл қолданылады: пневмография және ринография.
Пневмография - көкірек куысының тыныстану қозғалысын пневмограф көмегімен жазу. Оның сырт түрі үлкен Мареев капсуласын еске түсіреді, ол жұқа резинамен жылқыда 9-13 қабырғаның ортасында, ал басқа малдарда 7-10-шы қабырғаға бекітілген. Капсулада пайда болған ауа толқыны жіңішке резина түтікшесі арқылы кіші марея капсуласына беріледі, онда жазатын кұрал бар, ол жылжымалы кимограф қағазына қисық сызықтар пневмограмманы түсіреді.
Хронографтың көмегімен көкірек қуысы тыныстану қимылының ырғағын, тыныс санын, тереңдігін және де әртүрлі тыныстану аритмиясын анықтауға болады.
Ринография - бұл дем алу, дем шығару кезіндегі ауа қозғалысының ағынымен тыныстануды жазу. Осы мақсатпен екі танау тесігінің біреуіне шыны воронканы тығыз жақындатады. Ол резина түтікше арқылы Мареев капсуласына жалғанған, жазу құралы бар. Ауа ағыны жазу құралында толқын тудырады, сол кезде кимограф лентасында қисық сызықтар ринограмма пайда болады. Осы лентаға ринограммамен бірге уақыт белгілері жазылады.
Кеуде қуысын зерттеу үлгісі. Кеуде қуысынын пішіні - жіңішке (жалпақ), орта деңгейде, бөшке тәрізді, дөңгеленген, ұзын, қысқа.
Симметриялығы - симметриялы, симметриялы емес (шығыңқы, сол не оң жағы жалпайған, жергілікті шығыңқылар не керісінше енулер) . Тыныс алу түрі - кеуделік (косталды), құрсақтық (абдоминалды), кеуде құрсақты (аралас) .
Тыныс алу қозғалыстары. Тыныс алу жиілігі. Жиі, сирек, қалыпты (мөлшері келтіріледі) .
Күші - терең (күшейген), орта деңгейде, беткейлік (әлсіреген) .
Демігуі (демікпе) - инспираторлы, экспираторлы, аралас. Тұрақты, күш түскенде не тұрған күйінде. Демігу науашасы болуы.
Симметриялығы - симметриялы, симметриялы емес (шығыңкы, жалпайған, оң не сол жақ кеуде тұсының шығып немесе еніп тұруы) .
Ырғақтылық - ырғақты, ырғақтысыз - сатылар ара қашықтығы созылыңкы, саккадирленген (ауық-ауық), Биотовтік, Чейн-Стокстік, Куссмаульдің ҥлкен тыныс алуы, Грокктың диссоцирленген тыныс алуы. Қарау арқылы қабырғалар мен қабырға аралық бұлшық еттер біртұтастығының бұзылуы анықталынады. Пальпация арқылы бұлшық еттер мен қабырғалардың жасырын бұзылулары мен ауырсынулары анықталынады. Өкпенің артқы перкуторлық шекараларын анықтайды - өзгермеген, ауытқыған (алға, артқа, қай қабырғаға дейін) .
Перкуторлық дыбыс сипаты - ашық өкпелік, тимпаниялық, қорашық, қаталдау, қатқыл, жарылған құмыра дыбысы, металл дыбысы. Патологиялық дыбыс шығу орны белгіленді - кеуде маңының қай бӛлігінде (жоғарғы, ортаңғы, төменгі), қабырға аралығы, бӛлік аумағы, патологиялық ошақ шекараларының сипаты (көлбеу, түзу емес, майысқан) .
Аускультация. Кезекті тәртіпте ӛткізіледі: ортаңғы-алғы бӛлік және ортаңғы-артқы бӛлік, жоғарғы-алғы және жоғарғы-артқы, кеуде маңының төменгі бөлігі мен жауырын алды маңы.
Негізгі тыныс алу шуылдары - везикулярлы және бронхиалды тыныс алулар. Везикулярлы тыныс алу - күшейген (қатты), орташа, әлсіреген, тыныс алу байқалмайды (естілу орны) .
Қосымша шуылдар (патологиялық) - бронхиалды тыныс алу (сау малда болмауы керек), амфоралық, аралас (айқын емес) ; қырылдар: құрғақ, ылғалды; ірі, орта, ұсақ түйіршікті, кіршілдейтін (крепитация) ; кіршілдеу, жерге түскен тамшы шуылы; плевралды: үйкеліс, шалпылдау, өкпе фистуласы шуылдары. Біліну орны белгіленеді.
Тыныс алу жүйесінің функционалдық мүмкіндіктерін анықтау (көрсеткіштері болғанда) - (3-5 минут бойы жүгірту үлгісі, «апноэ» үлгісі - 1-2 минут) . Жеңіл дәрежелі кемістіктер - тұрған күйінде тыныс алуы қалыпты, күш түскенде күшеюі және жиілеуі. Айкын және ауыр дәрежелі кемістіктер - тұрған күйінде күшейген және жиілеген тыныс алу, функционалдық сынамаларды қолданған кездері күрт күшеюі мен жиілеуі.
Плевроцентез ( көрсеткіштері бойынша) - экссудат (жалқаяқ), транссудат, қан. Түсі бойынша - қызыл, сары, сарғыш-жасыл, консистенциясы бойынша - сулы, кілегейлі, иісі бойынша - иіссіз, шіріген иісті, ихорозды деп сипаттайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz