Ветеринариялық лабораториялардың ветеринария саласындағы негізгі қызметі



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
• Лабораторияның құрамы мен міндеттері
• Арнайы зерттеу функциялары
ІІІ. Қорытынды
Ветеринариялық лаборатория (латынша Laboro – работаю, жұмыс істеймін) - әртүрлі объектілерді, олардың қасиеттерін, құрылымын, оларда болатын химиялық және биологиялық процесстерді зерттейтін мекеме.
Негізгі құрамы:
• республикалық, обылыстық, қалалық, аудандық және ауданаралық малдәрігерлік лабораториялар;
• ғылыми-зертеу және оқу орындарының құрамдарына кіретін ғылыми-зерттеу мекемелері.
Малдәрігерлік лабораториялардың негізгі міндеттері:
• ауруларды жою және олардың алдын алу үшін малдәрігерлік-санитарлық іс-шараларды дайындау, ұйымдастыру;
• мал азықтарын, суды, ет-сүт өнімдерін және т.б. азықтық заттарды диагностикалық зерттеулерден өткізу;
• малдәрігерлік мекемелерге, жеке мал мамандарына тиісті көмек көрсету;
• қажетті әдістемелік нұсқаулар дайындап шығару;
• малдәрігерлік объектілерде радиологиялық зерттеулер жүргізу.
Малдәрігерлік лабораториялар өз міндеттерін орындау үшін төмендегідей іс-шараларды іске асырады:
• шаруашылықтардан келіп түскен материалдарды бактериологиялық, биологиялық, серологиялық, токсикологиялық, патолого-анатомиялық, гистологиялық және т.б. зерттеулерден өткізеді;
• шаруашылықтарда және жеке меншіктерде аллергиялық және т.б. қажетті зерттеулерді жүргізеді;
• материал жіберген мекемелер мен жеке адамдарға зерттеу нәтижелерін, қорытындыларын жеткізеді;
• жеке шаруашылықтардың, елді мекендердің ветеринариялық-санитариялық және эпизоотиялық жағдайларын зерттейді;
• малдәрігерлік лаборатория жұмыс істейтін аймақтардағы малдәрігерлік іс-шаралардың тиімділігін талдап, анықтайды;
• өзіне тиісті аймақтарда мал ауруларын жою және олардың алдын алу үшін жүргізілетін ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды дайындау және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді;
• малдәрігерлік мекемелерде және жеке мал мамандарына, сондай-ақ шаруашылық және фермерлік қожалықтарда, жеке кәсіп иелеріне мал ауруларымен күресу жөнінде кеңес береді;
• алдыңғы қатардағы малдәрігерлік мекемелердің, шаруашылықтардың, фермерлердің, жеке кәсіпкерлердің тәжірибелерін және ғылым жетістіктерін насихаттап, кеңінен көпшілік арасына таратып отырады.
Ветеринариялық лабораториялардың құрылысы және штаты жергілікті жағдайларға және жүргізілетін зерттеулердің көлеміне байланысты әртүрлі болып келеді. Мәселен, обылыстық ветеринариялық лабораторияларда бактериологиялық, серологиялық, протозоологиялық, химико-токсикологиялық, клинико-диагностикалық, патологоанатомиялық, радиологиялық, мал азықтарын және тамақтарды тексеретін бөлімдер болады. Кейбір лабораторияларда шаруашылық және эпизоотологиялық бөлімдер қарастырылады. Ал ауданаралық және аудандық лабораторияларда міндетті түрде бактериологиялық, серологиялық және химико-токсикологиялық бөлімдер болады.
«Зертханалық іс» К.Н.Қожанов.,С.К.Қожанова-Алматы.2010

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Ветеринариялық лабораториялардың ветеринария саласындағы негізгі қызметі

Орындаған:Байзақ Н.С.
Тексерген:Билялов Е.Е.
Тобы:ВС-403



Cемей- 2015 жыл

Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
* Лабораторияның құрамы мен міндеттері
* Арнайы зерттеу функциялары
ІІІ. Қорытынды



Ветеринариялық лаборатория (латынша Laboro - работаю, жұмыс істеймін) - әртүрлі объектілерді, олардың қасиеттерін, құрылымын, оларда болатын химиялық және биологиялық процесстерді зерттейтін мекеме.
Негізгі құрамы:
* республикалық, обылыстық, қалалық, аудандық және ауданаралық малдәрігерлік лабораториялар;
* ғылыми-зертеу және оқу орындарының құрамдарына кіретін ғылыми-зерттеу мекемелері.
Малдәрігерлік лабораториялардың негізгі міндеттері:
* ауруларды жою және олардың алдын алу үшін малдәрігерлік-санитарлық іс-шараларды дайындау, ұйымдастыру;
* мал азықтарын, суды, ет-сүт өнімдерін және т.б. азықтық заттарды диагностикалық зерттеулерден өткізу;
* малдәрігерлік мекемелерге, жеке мал мамандарына тиісті көмек көрсету;
* қажетті әдістемелік нұсқаулар дайындап шығару;
* малдәрігерлік объектілерде радиологиялық зерттеулер жүргізу.
Малдәрігерлік лабораториялар өз міндеттерін орындау үшін төмендегідей іс-шараларды іске асырады:
* шаруашылықтардан келіп түскен материалдарды бактериологиялық, биологиялық, серологиялық, токсикологиялық, патолого-анатомиялық, гистологиялық және т.б. зерттеулерден өткізеді;
* шаруашылықтарда және жеке меншіктерде аллергиялық және т.б. қажетті зерттеулерді жүргізеді;
* материал жіберген мекемелер мен жеке адамдарға зерттеу нәтижелерін, қорытындыларын жеткізеді;
* жеке шаруашылықтардың, елді мекендердің ветеринариялық-санитариялық және эпизоотиялық жағдайларын зерттейді;
* малдәрігерлік лаборатория жұмыс істейтін аймақтардағы малдәрігерлік іс-шаралардың тиімділігін талдап, анықтайды;
* өзіне тиісті аймақтарда мал ауруларын жою және олардың алдын алу үшін жүргізілетін ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды дайындау және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді;
* малдәрігерлік мекемелерде және жеке мал мамандарына, сондай-ақ шаруашылық және фермерлік қожалықтарда, жеке кәсіп иелеріне мал ауруларымен күресу жөнінде кеңес береді;
* алдыңғы қатардағы малдәрігерлік мекемелердің, шаруашылықтардың, фермерлердің, жеке кәсіпкерлердің тәжірибелерін және ғылым жетістіктерін насихаттап, кеңінен көпшілік арасына таратып отырады.
Ветеринариялық лабораториялардың құрылысы және штаты жергілікті жағдайларға және жүргізілетін зерттеулердің көлеміне байланысты әртүрлі болып келеді. Мәселен, обылыстық ветеринариялық лабораторияларда бактериологиялық, серологиялық, протозоологиялық, химико-токсикологиялық, клинико-диагностикалық, патологоанатомиялық, радиологиялық, мал азықтарын және тамақтарды тексеретін бөлімдер болады. Кейбір лабораторияларда шаруашылық және эпизоотологиялық бөлімдер қарастырылады. Ал ауданаралық және аудандық лабораторияларда міндетті түрде бактериологиялық, серологиялық және химико-токсикологиялық бөлімдер болады.
Малдәрігерлік лабораторияны директор - малдәрігері басқарады. Бөлімдерінде - меңгеруші-малдәрігері, лаборант және препаратор немесе санитар болады. Жергілікті жағдайларға байланысты бөлімдерде арнайы маман малдәрігерлері болуы мүмкін.
Типтік жоба бойынша обылыстық ветеринариялық лабораторияда келесі құрылыстар болуы керек: лабораториялық корпус, радиоактивті суды сақтайтын резервуары бар радиологиялық лаборатория, виварий, гараж, залалсыздандыратын дәрілерді сақтайтын қойма және сарай, өлексені және патологоанатомиялық материалдарды жағатын пеш. Лаборатория жарық, кең болуы керек. Төбесінің биіктігі 3 м, сеңкесінің кеңдігі - 2,5-3 м, терезелерінің көлемі - 2,2-2,4 м. Әрбір терезеде оңай және жеңіл ашылатын желдеткіш болуы керек. Терезелердің көлемі жалпы бөлменің 15-20 % -дай мөлшерде болуы қажет. Есіктерінің ені 1 м, биіктігі - 2,25 м. Едені линолеуммен, плитамен немесе пластикатпен жабылады. Қабырғаларын майлы бояумен боялады. Бу көп болатын бөлмелердің қабырғаларын плитамен қаптаған жөн. Арнайы зерттеулер үшін жеке бөлмелер қарастырылады.
Бактериологиялық кабинет - көлемі 23-32 м², бактериологиялық зерттеулер жүргізуге бейімделіп, арналған бөлме. Онда шынымен қоршалған, 7-8 м² көлемде бокс болады. Кабинет және бокс бактерицидті лампалармен қамтамасыз етіледі. Бактериологтың жұмыс үстелі линолеуммен, пластикатпен немесе шынымен қапталады. Үстелде барлық қажетті реактивтер, приборлар, аппараттар және материалдарды дайындауға, бояуға, микроскоп арқылы тексеруге қажетті заттар болады. Бокста сондай үстелде зерттелетін материалды қоректік ортаға себуге және қайталап өсіруге қажетті құрал-саймандар болады. Бактериологиялық кабинетте микроорганизмдерді өсіру үшін термостат қойылады.
Жақсы жабдықталған бактериологиялық кабинеттерде люминесцентті микроскопқа арналған қараңғыланған бокс болады. Сондай-ақ араластырғыш аппараттар, центрифугалар, анаэробтарға арналған микроанаэростаттар және т.б. лабораториялық заттар болуы керек.
Қабылдау бөлмесі - көлемі 9-15 м² болып келетін, зерттелетін материалдар түсетін бөлме. Бөлмедегі линолеуммен, пластикатпен немесе шынымен қапталған үстелдің үстінде эмальды ванночкалар, пинцеттер, қайшылар, скальпель, залалсызданратын сұйық құйылған ыдыстар орналастырылады. Онда зерттелуге түскен материалдар қабылданып реттеледі. Жеке үстелде ол материалдар тіркеліп, материал иесіне тиісті құжаттар беріледі.
Мал соятын бөлме - көлемі 17-25 м² болатын, жақсы желдетілетін және жарық бөлме болуы керек. Едені су өткізбейтін, майлы бояумен боялған, немесе плитамен қапталған болады. Бөлме суық және ыстық сумен, су ағындысымен қамтамасыз етіледі. Онда ұсақ малдарды соятын, инструменттерді қоятын үстелдер; хаттама жазуға арналған қозғалмалы үстел және инструменттерді, халаттарды, перчаткалар мен реактивтерді сақтайтын шкафтар орналастырылады.
Асколи кабинеті - көлемі 11-14 м² болатын сібір жарасына арналған материалдарды зерттейтін бөлме. Онда преципитация реакциясына керекті пробиркаларға арналған штативі бар үстел, пастер және өлшегіш пипеткалар, биологиялық препараттар және басқа да қажетті материалдар болады. Қанның сары суын және антигендерді пробиркаларға құю ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы ветеринариялық санитария ғылымының қалыптасуы
Қазақстандағы ветеринария қызметі және ҚР «Ветеринария туралы» заңы
Базарлардағы ветеринариялық санитариялық қадағалауды ұйымдастыру
Қазақстан Республикасында ветеринариялық санитария ғылымының қалыптасу кезеңі, тарихы
Ветеринариялық лаборатория. Жазым бола қалған жағдайда көрсетілетін бірінші көмек
Құтырық ауруының сипаттамасы
Ауру малды емдеудің қағидаттары
Қанды зерттеудің клиникалық маңызы
Қазақстандағы ветеринария қызметі мен ҚР «Ветеринария туралы» заңы
Қазақстандағы ветеринария қызметі және ҚР «ветеринария туралы» заңы туралы
Пәндер