Cұйылтқыштарға қойылатын талаптар, олардың негізгі құрамы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Cемей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет

Аграрлық факультеті

Ветеринариялық санитария кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Cұйылтқыштарға қойылатын талаптар, олардың негізгі құрамы

Орындаған:Байзақ Н. С.

Тексерген:Мухамадиева Н. Н.

Тобы:ВС-403

Cемей- 2016 жыл

ЖОСПАР:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

2. 1 Сұйылтқыш дайындау талаптары.

2. 2 Шәуетті сұйылту.

  1. Қорытынды.

Сұйылтқыш - бұл өздігінен берілген үлдәртүзгіш затты еріте алмайтын, бірақ дайын концентрленген сыр-бояу ерітіндісімен жақсы араласатын, арзанырақ ұшқыш органикалық сұйықтар.

Сұйылтқыш дайындау талаптары.

Сұйылтқышты 2 түрде дайындайды:

  • Өндірістен арнайы жасап шығарған дайын химиялық қоспаны пайдаланады. Дайын қоспаны тазартылған суға салып еріткен соң шәует сұйылтуға қолданылады.
  • Құрам бойынша жаңа сұйылтқыш дайындап керектенеді.

Жаңа сұйылтқыш дайындағанда ең алдымен тазартылған суды қайнатып, 35 градус жылығанша қойып қояды. Спермосон, глицерин және жұмыртқаның сары уызынан басқа сұйылтқыш құрамына кіретін заттарды аналитикалық немесе химиялық таразыға жеке жеке өлшеп, зарасыздандырылған шыны сауытқа салады. 35 градус жылы тазартылған судан қажетті көлемді өлшеп алыпп, химиялық заттар салынған сауытқа құяды. Шыны таяқшамен химиялық заттарды суға араластырып, толық ерітеді. Дайын болған ерітіндіні сүзіп, басқа шыны сауытқа құяды. Сауытты су банясына қойып 5-10 минут қайнатып зарарсыздандырады. Зарарсыздандырылған ыстық ерітінді минут қайнатып зарарсыздандырады. Зарарсыздандырылған ыстық ерітінді 35 градус жылыған соң, оған спермосон, глицерин және жұмыртқа сары уызын қосып араластырады.

Сары уызын алу үшін жұмыртқаны жақсылап жуып, дәкі орамалмен сүртіп кептіреді. Сыртқа қабығын 70 пайыздық спирт сіңірілген анжымен сүртіп зарарсыздандырады. Қабықты орта тұсынан пышақпен немесе шымшуырмен тең екіге бөліп, ішіндегі ақ уызды шыны кесеге ағызып құяды. Ал сары уызды жармай, бүтін күйінде сүзгіш қағазға ауыстырып ақырын домалатып, сыртына жабысқан ақ уызынан арылтады. Осыдан кейін қабығын ұстарамен тесіп, қағаздың сыртынан саусақтармен қысып, сары уызды зарарсыздандырылған мензуркаға тосып алады. Осы тәсілмен бірнеше жұмыртқаның сары уызын мензуркаға құйып, оның көлемін молайтады. Мензуркаға құйылған сары уыздан қажетті мөлшерді тамызғышқа сордырып алып, сұйылтқышқа қосып араластырады. Дайындалған сұйылтқышты 35градус жылы термостатқа немесе су банясына қойып, градус жылы термостатқа немесе су банясына қойып, 3-4 сағат қолданады. Бұдан ұзақ сақталған сұйылтқышты керектенуге болмайды.

Шәуетті сұйылту.

Шәуетті алдын ала зарарсыздандырылған камерада немесе арнайы зертханада сұйылтады. Сұйылтудан бұрын шәуеттің көлемін, қоюлығын, торшаларының қозғалыс белсенділігін қайткенде анықтап, сұйылтуға жарайтынын білу қажет. Сұйылтқыштың жылылығы шәуеттікімен бірдей болу керек. Сұйылтқыш салқын болса аталық жыныс торшалар суық соққысына ұшырап түгелдей өледі. Сондықтан дайындаған сұйылтқышты қолданғанға дейін термостатқа немесе су банясына қойып, тұрақты се су банясына қойып, тұрақты 35 градус жылылықта ұстау қажет.

Бұқаның шәуетін алғаннан кейін кешіктірмей тура шәует тосқышты 1:1 немесе 1:2 қатынаспен сұйылтады. 5-10 минут өткен соң араластырғышқа немесе мензуркаға құйып, көлемін анықтайды. Бұқаның шәуетін жыныс торшаларының қозғалыс белсенділігіне және санына байланысты 20-50 есе сұйылтуға болады. Бірақ, қатырып сақтаған 1 мөлшер шәуеті ерітіп, ұрықтандыруға қолданар алдында оның ішінде 3 ұпайдан төмен емес белсенді 10 млн жыныс торшалары болуы қажет. Осыны ескере отырып, шәуетті қанша дәрежеде сұйылту қажет екенін анықтайды.

Қошқардың тек қана қою, жыныс торшаларының қозғалыс белсенділігі 9 ұпайдан жоғары шәуетін сұйылтып пайдаланылады. Шәуетті 2-4 есе сұйылтады және сұйылтылған шәуеттің бір мөлшерінде 80 млн кем емес жыныс торшалары болу қажет. Шәуетті шәует тосқышты немесе пеницилиннің босаған шишасында сұйылтады.

Айғырдың 6 ұпайдан төмен емес белсенді қозғалатын немесе 1 млде 150 млн аз емес жыныс торшалары бар шәуетін сұйылтуға жарамды деп есептейді. Айғыр шәуетін 3-4 есе сұйылтады. Сұйылтылған шәуеттің бір мөлшерінде есе сұйылтады. Сұйылтылған шәуеттің бір мөлшерінде 3 млрд кем емес жыныс торшалары болу керек. Шәуетті зарарсыздандырылған шыны сауытта сұйылтады.

Қабан шәуетін алғаннан кейін 30-60 минут өткен соң, таза шыны сауытта 2-10 есе сұйылтады. Жыныс торшаларының қозғалыс белсенділігі 8 ұпайдан, 1 млдегі саны 100 млннан көп шәуетті сұйылтып қолданады. Сұйылтылған 1 мл шәуетте 30 млннан кем емес, ал ұрықтануға қолданатын бір мөлшер шәуетте 3 млрд тан аз емес дұрыс қозғалысты жыныс торшалар болу қажет.

Барлық ата мал, жануарлардың шәуетін сұйылтқанда 25 30 градус жылы сұйылтқышты қолданады. Шәуетті сұйылтқышқа ағызбайды, сұйылтқышты шәуетке қосады. Сұйылтқышты аз аздан, бөліп бөліп, ыдыстың қабырғасымен ағызып құяды. Бір бөлік құйылған соң ыдысты ақырын қозғап, шәует пен сұйылтқышты толық араластырып отырады.

Шәуеттің қалай сұйылтылғанын міндетті түрде тексеріп көреді. Сұйылтылған шәуеттен бір тамшыны заттық шыныға тамызып, оны жабын шынысымен бүркеп микроскоппен қарайды. Микроскоптың үстелшесі 38 40 градус жылы болу қажет. Сұйылтылған шәуеттегі жыныс торшаларының қозғалыс белсенділігі сұйылтылмаған жаңа кезіндегіден өзгермесе шәует дұрыс сұйылтылған деп қортындылауға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Е-қаржымині жүйесіне қойылатын жалпы талаптар
Ауыр енбекпен және спортпен айналысатындардың тамактану ерекшелігі, Азық түлік тауарларының сапасын бақылау
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Ірі қара малының гигиенасы.Мал қораларына және мал шаруашылық өндірісіне қойылатын санитарлық гигиеналық талаптар
Жүйені тексеруге қойылатын талаптар
Несие қызметкерлеріне арналған автоматтандырылған жұмыс орны
Мал коралары ауасының микрофлорасы
Өндірісті басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Азықтардың түрлері
“Iссапарлар шығыстарының есебi” ақпараттық жүйесi
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz