Жылқылар мен түйелердің ұстау жағдайын оңтайландыру


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

Аграрлық факультеті

Ветеринариялық санитария кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Жылқылар мен түйелердің ұстау жағдайын оңтайландыру

Орындаған:Байзақ Н. С.

Тексерген:Муратбаев Д. М.

Тобы:ВС-403

Cемей- 2016 жыл

ЖОСПАР:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

2. 1 Жылқы малдарын ұстау жүйелері

2. 2 Түйе шаруашылығының ерекшеліктері

2. 3 Түйе күтімі және азықтануы

  1. Қорытынды.

Кіріспе.

Ірі қара өсіру қоңыржай белдеудің табиғи және мәдени жайылымдармен жақсы қамтамасыз етілген орман, орманды дала, дала аймақтарында жақсы жолға қойылған. Дүниежүзі бойынша ірі қараның мал басы 1, 3 млрд-қа жетіп отыр. Өндірілетін сүттің барлығын дерлік, ал еттің 35%-ын осы ірі қара малы береді. Интенсивті сүтті және етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы дамыған елдерге тән, оларда мал қолда да, жайылымда да бағылады. Өнімділік өте жоғары болғандықтан, бұл шаруашылық саласы жылдан-жылға өркендеуде. Етті бағыттағы мал көбінесе қоңыржай және субтропиктік белдеулердің неғұрлым құрғақ аудандарында таралған.

Жылқы малдарын өсіру көптеген шаруашылықтар үшін, әсіресе табынды-жайып ұстауға қолайлы Қазақстан, Қырғызстан, Башкирстан, Бурят, Якут, Алтай т. б. елдерде кең тараған. Олардан тек құнарлы, сіңімді ет, сүт алып қана қоймай, міну және жегіп жүк тасу жұмыстарына пайдаланады және көптеген жарыс ойындарына қосып, жүлделі орындарға ие болады.

Сол сияқты жылқылардан биологиялық препараттар (гипериммунді қан сөлдері, гамма-глобулиндер, қарын сөлдерін т. б. ) алуға пайдаланады.

Жылқылардың осындай т. б. ерекшеліктеріне негіздеп төрт бағытта өсіретін шаруашылықтар болады.

  • Жұмыс бағытына арналған жылқылар - шаруашылық ішіндегі жүк тасымалдау, бір жерден бір жерге қатынасу, малдарды айдау, жайып-бағу, шағын жерлерді жыртып өңдеу т. б. үшін пайдаланады;
  • Өнімдік бағыттағы жылқылар - ет, қымыз, өндірістерді табында ұстау кезінде, жыл бойына, арзан құнарлы өнімдермен әсіресе жоғарғы сортты жылқы колбаса - шұжықтармен ұлттық дәмді - қазы, қарта, жал, жая тағамдарымен, дем алу орындарына (курорттарға) құнды емдік қасиеті мол сусын-қымыз дайындау, емдеу мекемелеріне арналған емдік биологиялық активті препараттар жасап шығару т. б. алуға;
  • Спорттық бағытындағы жылқылар - әртүрлі мәдени-спортты ойындарға, туристік саяхаттарға, арнайы жарыстарға арналған;
  • Жаңа тұқымды жылқыларды өсіріп және ескіні жаңарту бағытындағы селекциялық жұмыстарды жүргізу.

Жылқы малдарын айтулы мәнде өсіріп дамыту үшін және бұл саладан ең жоғарғы өнімдер алуға зоогигиеналық талаптарға сәйкес күтіп бағу шараларын қолдану қажет.

Жылқы малдарын ұстау жүйелері

Жылқы малдарын ұстау жүйелері мен тәсілдерін таңдау әр шаруашылықтың жағдайына, алған бағытына, жер орайы, ауа райына байланысты жасалады.

Жылқы шаруашылығында екі ұстау жүйесі: қорада және жайылымда - табында қолданылады.

Табында жайып ұстау жүйесі - ертеден келе жатқан тиімді, жылқыларды табиғый жайылымдарда жайып, арзан өнімдер алуға негізделген. Бұл жұйені малдардың бағыты, шаруашылықтың мүмкіншілігіне және жер орайына байланысты екі тәсілде пайдаланады. Мәдениетті табында және жақсартылған табында ұстау болып бөлінеді.

Мәдени-табындау тәсілі бойынша асыл тұқымды және жергілікті тұқымды жылқыларды жылдың көп мезгілінде жайылымдарда ұстап күтіп бағады. Ал қыстың суық кездерінде - іші байлау және бөлмелі (денникті) орындарға бөліп жабдықталған қораларда ұстайды. Ол үшін табындағы жылқыларды жасы және жынысына қарап біркелкі топтарға бөледі (биелер, құлынды биелер, аттар, айғырлар т. б. )

Мәдени табында ұстау кезінде жылқыларды, әсіресе жайылымдардың шөбі азайып, құнары кетіп тозған кездерде және қары қалың, суық боранды, мұзды мезгілдерде шөп және құрама азықтар мен көректендіру қаралады. Ондай суықтарда аналық биелерді жылыланбаған қораларда немесе ашық базаларда шөп беріп (14-20 кг 1 басқа) күтеді де, ашық күндерде оларды да басқа малдар мен бірге жайылымға шығарады.

Жақсартылған табындарда ұстау тәсілі кезінде жылқыларды жыл бойы жайылымда жаяды. Ауа райының өте қолайсыз кездерінде айғырлардың арық-жүдегендері, құлынды-буаз биелермен әлсіз, ауру тай-жабағыларға арнап, жеңіл, жергілікті арзан материалдардан ықтырма қоралар (15-20 % ) қаралады. Қалған жылқыларды қатты суық борандарда табиғи ық жерлер: тау ықтары, жар жиектері, орман, қараған араларын пайдаланады. Жергілікті материалдардан (талдар, қамыс т. б. ) ықтырма, жаппа базалар салып, онда шөп қорымен су қоймасы қаралады. Жайылымда табындап ұстау кезінде жылқылар жасына қарай бөлінбей, үйірімен жүреді. Әрбір үйірде әр жастағы ұрғышы жылқылар және бір айғыр болады. Тәжіриблі қартаң айғырлардың үйірінде 30 басқа, жас құнан-дөнен айғырларда - 15 басқа дейін ұрғышы жылқылар және құлын-жабағылар болады. Басқа- еркек жылқылар (аттар, тай, құнандар) жеке табын ішінде, үйірден бөлек бағылады.

Табындағы жылқылар тығыз жүнді және қалың қабатты терілі болып келеді де, жаздың аса ыстықтары мен қыстың аяздарына төзімді болып келеді. Жергілікті аймақтық ауа райына шыныққан жылқылар қалың қар (40-50 см) астынан, мұз болып қатып қалмаған болса, өзіне қажет көрек азықтарды тауып жейді (тебіндеп) .

Шаруашылықтың бағыты және табиғи жайылымдардың орайы мен су көздерінің молдығына байланысты табындардың размері әртүрлі болады.

Құлынды биелердің табында 80-150, айғырлар 20-25, жас жылқылар (тай, күнандар) - 150 басқа дейін болады. Жайылымы жазық аймақтарда ет бағытындағы жылқылар үшін ір табынның мөлшерін, тай-жабағыларымен қосқанда - 400 басқа дейін, ал таулы жерлерде 100 басқа дейін топталады.

Жылқыларды бір жайылымнан екінші жайылымға ауыстырып, айдаған кезде сағатына 6-7 км жылдамдықтан асырмай және 10-15 км кейін жайып, дем алыс беріп, жалпы тәуліктік жүруі - 30 км аспауы керек. Жайылымдар эпизоотологиялық жағынан жұқпалы аурулар бұрын, шықпаған таяу маңдарда өлген малдардың өлекселері сақталған орындар жоқ, көліктер мен мал айдалатын жолдардың түйісінде орналаспаған болуы керек.

Жылқыларды қорада ұстау жүйесі - кезінде, олардың өндірістік бағыты, физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты жекелеп және топпен ұстайды. Ол үшін жылқы қораларының ішінде жекелеп тұрғызып ұстау үшін жан-жағы сырықтар мен шектелген бөлмелер - денниктер, топтап ұстауға ірі секциялар жасалады. Денниктерде көбінесе, негізгі айғырларды, құлынды биелерді, енесінен айырған жабағыларды және өнімдік бағалы тай-құнандарды ұстайды. Қалған тұқымдық көрсеткіштері бойынша төмен бағалы жылқылар, жұмыс аттары топтап 20-100 басқа дейін ірі секцияларда (залда) ұсталады. Топта (залды) ұстайтын қоралардың ішінде де билердің құлындайтын орындар-денниктер қаралады.

Жылқылар зауыттарына, қораның ық жағынан серуен алаңдары (поддоктар) қаралады. Жекелеме серуен алаңдарының ауданы негізі айғырлар үшін - 600 м², үйрететін жас жылқыларға - 400, басқа жылқылар топтарына - 200 м² қаралады. Жұмыс аттары үшін серуен алаңдары қаралмайды, бірақ аттарды тексеріп, тазалау жүргізу үшін сыртқы ат байлау орындары қаралады.

Жылдың жылы мезгілдерінде қорада ұстаған жылқыларды да, қоршалған, жасанды шөптер егілген жайылымдарда жастары бойынша топтап 50-80 бастан жаяды. Ондай арнайы қоршалып жасалған жайылым орындарында (зауыдтарда) жаю ливадалық тәсіл деп аталады.

Жылқыларды суаруға таза құдық сулары пайдаланады. Санитарлық-гигиеналық талаптарға суларының сапасы сәйкес келетін өзендер, көлдер, бұлақ және тұма суларында пайдалануға болады.

Түйе шаруашылығы , түйе өсіру - мал шаруашылығының дәстүрлі салаларының бірі. Республикадағы барлық жайылымдық жердің 64%-дан астамын (116 млн. га) Түйе шаруашылығы арқылы барынша тиімді пайдалануға болатын, шөл және шөлейт алқаптардың алып жатуы осы саланы өркендетуге кең жол ашады. Қазақ халқы еті мен сүті әрі тағам, әрі шипалы дәру, жүні - киім, өзі сенімді көлік болған қасиетті жануарды төрт түліктің төресі санаған.

Түйе түлігі негізінен жайылымда бағылып, күтімді, құнарлы азық пен жылы қора-жайды аса қажет етпейтіндіктен, басқа малдарға қа­рағанда тиімді түлік түрі болып табылады. Түйе шаруашылығына орынды жұмсалған қаржы 5-6 есе­ге дейін табыс әкелетіндігі ғылы­ми-өндірістік тәжірибелерде дәлелденген.

http://egemen.kz/demo/wp-content/uploads/2013/10/100-333.jpg Түйе өсіріп, одан өнім өндіру - еліміздегі мал шаруашы­лы­ғының дәстүрлі салаларының бірі. Қазақстанда бұл саланың тарихи дамуына жайылымдық жерлердің жартысынан астамын шөл және шөлейт алқаптардың алып жатуы себеп болған секілді. Өйткені, түйе - шөлге өте шыдамды түлік түрі. Қазақ халқы еті мен сүті әрі тағам, әрі шипалы дәру, жүні киім, өзі сенімді көлік болған қасиетті жануарды төрт түліктің төресі санаған.

Түйе түлігі негізінен жайылымда бағылып, күтімді, құнарлы азық пен жылы қора-жайды аса қажет етпейтіндіктен, басқа малдарға қа­рағанда тиімді түлік түрі болып табылады. Түйе шаруашылығына орынды жұмсалған қаржы 5-6 есе­ге дейін табыс әкелетіндігі ғылы­ми-өндірістік тәжірибелерде дәлелденген.

Дәрігерлердің бақылауы шұбатты тұрақты пайдаланатын адамдардың туберкулезбен мүлдем ауырмайтындығын көрсеткен. Сонымен бірге, асқазан ауруларын да шұбатпен емдеудің жақсы нәтиже беретіндігі белгілі. Қос өркешті інгеннен тәулігіне майлы­лығы 5, 5-7, 0 пайызды құрайтын 4-6 литр, ал бір маусымда 1200 литр сүт өндіріледі. Дара өркешті таза тұқымды аруана маясы­нан бір тәулікте майлылығы 3, 5-4, 2 пайыз болатын 12-15 литр, ал бір маусымда 3500 литр сүт өндіруге болады. 0Түйе сүтінен дайындалатын шұбаттың дәмдік, сусындық, шипалық қасиеттері ертеден-ақ белгілі. Әрі сиыр сүтіне қарағанда бактерицидтік қасиеті жоғары болғандықтан, ұзақ мерзімге сақталады (30

Түйе малынан сапалы ет өнді­ріледі. Тағамдық қасиеті және құнар­лылығы бойынша түйе еті сиыр етімен деңгейлес. Өзіндік құны арзан түйе етін өндірудің бас­ты жолы түйені жайып-семірту екен­дігі ғылыми-өндірістік тәжі­ри­белердің нәтижесінде дәлелденді.

Түйені өсіру. Түйе - сүтқоректі жануар. Қазақстанда түйенің байырғы тұқымы болып табылатын қазақтың қосөркеш түйесі бактриан немесе қолға үйренген жануар ретінде белгілі бірөркешті дромадер (аруана) кең тараған. Түйе жазда өре, қыста қора секілді ең кең орында өмір сүреді. Ең бас­тысы қолданылатын орын таза, түйелер ылғалға өте сезімтал болғандықтан сыз өтпейтін болуы керек. Сауу, су беру, түйе жүнін қырқу автоматтандырылған болса, одан әрі түйе асырау айтарлықтай жеңілдей түседі.

Түйелер 20 жылға дейін өмір сүреді. Қалың терісі күндізгі қа­пы­рықтан және түнгі суықтан қор­ғануға арналған. Әрбір түрі даму мен дене бітімінің өзіндік ерек­шеліктеріне ие. Ересек түйелердің таза­ салмағы орта есеппен 600-630 кг. тартады, бір түйеден орта есеп­пен 5 кг. жүн қырқылады.

Түйелер көктемгі және күзгі жайылымдарда тез қоңданады. Етті бағыттағы түйе өсіруді ең алдымен шұбат өндіру ісімен ұштастырған жөн. Міне, осы ет бағытында қазақтың қос өркешті түйесімен қатар, олардың інгендерін қалмақ және түркімен түйе бурасымен шағылыстыру арқылы алынған будандарды барынша көптеп өсіру тиімді болып табылады. Будан буыршындар салмағы жергілікті түйе төлдерінен 80-120 килоға артық болады. Жайылымда семіртілген құнанша, дөненше буыршындардың сойыс шығымдылығы 51, 7-52, 5 пайызға, ірі сақа түйелерде бұл көрсеткіш 55-58 пайызға жетеді.

Түйелердің салмағы жыл маусымына байланысты өзгеріп отыратындықтан, көктемде жайып семіртілген сақа буралар мен інгендерді маусым-шілде, ал жас буыршындарды қараша-желтоқсан айларында етке өткізген орынды. Асылдандыру жұмыстарында тұқым жақсартушы ретінде пайдалану мақсатында ірілігі мен ет өнімділігі бойынша қос өркешті түйелер арасында, ТМД елдерінде ғана емес әлемде ерекше орын алатын қалмақ бактрианы қолданылуда. Тұқым мен типаралық жұптастырудан алынған 1 жасар тайлақтар таза тұқымды тұстастарымен салыстырғанда, тірідей салмағы бойынша 15-20 пайызға басым болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы қойлар мен ешкілердің гигиенасы
Жылқы мен түйелердің гигиенасы,қойлар мен ешкілердің гигиенасы
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы қойлар мен ешкілердің гигиенасы туралы ақпарат
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы жайлы ақпарат
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы қойлар мен ешкілердің гигиенасы жайлы
Жылқылардың, түйелердің, сиырлардың және ұсақ малдардың гигиенасы
Жануарлардың стронгилятозын алдын-алу және жою бойынша шараларды жүргізудің ветеринарлық ережесі
Жануарларды жайылымда ұстау гигиенасы
Жылқы шаруашылығының зоогигиеналық жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz