Қаржы валюта нарығы



Жоспар

Кіріспе

І. Қаржы және валюта нарығы, құнды қағаздар түрлері.
1.1 Қаржы және валюта нарығы.
1.2 Құнды қағаз түрлері.

ІІ. Қаржы және валюта нарықтары, негізгі мәліметтер және қор биржасы.
2.1 Қаржы және валюта нарықтары, негізгі мәліметтер.
2.2 Қор биржасы.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе
Жалпы, валюта нарығы дегеніміз шетелдік валютаны және шетелдік валютадағы төлем құжаттарын сату – сатып алу жөніндегі әлеуметтік – экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйесі.
Қазақстан Республикасының халықаралық нарыққа шығуына кедергі жасап тұрңан мәселелердің бірі – теңгенің айырбасталымдылығы. Бір жағынан қазақстандық теңге бірнеше валюталық шектеулері бар айырбасталатын валюта болып саналады. Бірақ бұл шектеулер, Қазақстанның дүниежүзілік валюта нарығының толық құқылы қатысушысы бола алмауына жеткілікті.
Мемлекетіміздің ішкі валюталық нарығы әлі қалыптасқан жоқ, ол қалыптасу сатысында. Қазақстан нарығының жастығынан кез келген ірі қаржы институты, соның ішінде шетелдік де, өзіне пайда түсіре алды. Еліміздің коммерциялық банктері сыртқы қарыздарын өтегенде нарыққа валютаның айтарлықтай қаражат көлемін шығарады, бұл да теңгеге әсер етпей қоймайды. Валюта туралы заңдар қарама – қайшы және толық емес. Еліміздің валюта нарығының ерекшелігі, ол пайда болғанда үкімет теңгенің ішкі айырбасталымдылық жолына тұруымен анықталады. Валютаны еркін алып-сату отандық экономиканы долларландыруға әкеліп соқты. Қаржы нарығындағы болып жатқан өзгерістер валюта нарығына тікелей әсер етуде.
Пайдаланған әдебиеттер

1. О. Баймұратов
Қазақстан қаржы нарығы.
Алматы «Экономика» 2007 ж
2. Б.Жүнісов, Ұ.Мәмбетов, Ү. Байжомартов
Нарықтық экономика негіздері
Алматы 1994 ж
3. К.З.Хамитова
Экономикажәне кәсіпкерлік негіздері
Астана 2007 ж
4. Н.Қ. Мамыров, М.Ә.Тілеужанова
Макроэкономика
Алматы «Экономика» 2003 ж
5. Н. Г. Мэнкю
Макроэкономика
МГУ

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қаржы валюта нарығы.

Орындаған:
Тексерген:

Жоспар

Кіріспе
І. Қаржы және валюта нарығы, құнды қағаздар түрлері.
1.1 Қаржы және валюта нарығы.
1.2 Құнды қағаз түрлері.
ІІ. Қаржы және валюта нарықтары, негізгі мәліметтер және қор биржасы.
2.1 Қаржы және валюта нарықтары, негізгі мәліметтер.
2.2 Қор биржасы.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер.

Кіріспе
Жалпы, валюта нарығы дегеніміз шетелдік валютаны және шетелдік
валютадағы төлем құжаттарын сату – сатып алу жөніндегі әлеуметтік –
экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйесі.
Қазақстан Республикасының халықаралық нарыққа шығуына кедергі жасап
тұрңан мәселелердің бірі – теңгенің айырбасталымдылығы. Бір жағынан
қазақстандық теңге бірнеше валюталық шектеулері бар айырбасталатын валюта
болып саналады. Бірақ бұл шектеулер, Қазақстанның дүниежүзілік валюта
нарығының толық құқылы қатысушысы бола алмауына жеткілікті.
Мемлекетіміздің ішкі валюталық нарығы әлі қалыптасқан жоқ, ол
қалыптасу сатысында. Қазақстан нарығының жастығынан кез келген ірі қаржы
институты, соның ішінде шетелдік де, өзіне пайда түсіре алды. Еліміздің
коммерциялық банктері сыртқы қарыздарын өтегенде нарыққа валютаның
айтарлықтай қаражат көлемін шығарады, бұл да теңгеге әсер етпей қоймайды.
Валюта туралы заңдар қарама – қайшы және толық емес. Еліміздің валюта
нарығының ерекшелігі, ол пайда болғанда үкімет теңгенің ішкі
айырбасталымдылық жолына тұруымен анықталады. Валютаны еркін алып-сату
отандық экономиканы долларландыруға әкеліп соқты. Қаржы нарығындағы болып
жатқан өзгерістер валюта нарығына тікелей әсер етуде.

І. Қаржы және валюта нарығы, құнды қағаздар түрлері.
1.1 Қаржы және валюта нарығы
Қаржы нарығы құнды қағаздар айналысына байланысты экономикалық
қатынастар және мемлекеттің бүкіл ақша қорының жиынтығы. Ол нарық
қатынастарының құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие,
валюта, сақтық және т.б. капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, алтын нарықтарымен
байланысты болады. Қазіргі кезде дүние жүзінде АҚШ, Еуропа бірлестігі мен
Жапония қаржы нарығының ең үлкен қорларын иемденуде. Қаржы нарығы біріне
бірі байланысты және бірін бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз
алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады: қолма қол ақша нарығы, несие
капиталының нарығы және бағалы қағаздар нарығы.
Қаржы нарығының ұғымы көбінесе кең түрде, оған ақша, несие, валюта
нарықтары қоса түсіндіріледі. Қаржы нарығынан айырмашылығы ақша нарығы
төлем қаражаттарының нарығы болып табылады, ол қолма қол ақшаны ғана емес,
сондай – ақ қолма – қол емес төлем қаражаттарының, оның ішінде қысқа
мерзімді банк несиесін қамтиды.
Несие нарығы банктердің орташа және ұзақ мерзімді несие жөніндегі
банктік несие операцияларына байланысты, бұған коммерциялық несие де
жатады.
Қаржы нарығы негізінен ұзақ мерзімді сипаттағы міндеттемелер немесе
куәліктер нарығы деп те атайды. Ақша мен несие нарықтары әдеттегідей
айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді.
Қызмет жағынан алғанда қаржы нарығы кәсіпорындардың, банктердің,
мемлекеттің құнды қағаздар сату арқылы халықтың уақытша бос қаржысын жинап,
қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастар жүйесі.
1. Реттелген тауар нарығының болуы, яғни тауарлар мен қызметтің кез
келген түрлері мен арнауы бойынша сұраныс пен ұсыныстың тепе
теңдігі;
2. Ұлттық банк тарапынан ақша айналысын дұрыс риттеу; бұған қолма –
қол және қолма – қол емес айналым эмиссиясына бақылау жасау
жатады;
3. Несие нарығын жандандыру, оны толық коммерцияландыру, яғни несие
ресуртарын еркін нарыққа орналастыру: несие ресурстарының
қозғалысын Ұлттық банк тағайындайтын пайыздық есептік
мөлшерлемесін, коммерциялық банктердің міндетті резерв нормасын
белгілеу ақша нарығында операциялар жүргізуі арқылы реттеледі.
Қаржы нарығы қызметінің алғышарттары мыналар болып табылады:
1. Бәсекені дамытып, монополиялық үстемдікті шектеу мақсатымен
меншіктің барлық формасындағы, соның ішінде мемлекеттік
сектордың, материалдық өндіріс саласындағы кәсіпорындардың
бастапқы шаруашылық буындарына неғұрлым кең дербестік беру;
2. Қаржы ресурсын қайта бөлуде мемлекеттің рөлін қысқарту;
өндірістік күрделі жұмсалымды орталықтан қаржыландыруды азайту,
кәсіпорындар арсында қаражаттарды ведомстволық қайта бөлуді жою.
3. Шаруашылық субъектілері мен халықтың құнды қағаздарға салынатын
ақшалай табыстарының өсуі;
4. Бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды
доғату; республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы
мемлекеттік займдар шығару арқылы жабылады.

1.2 Құнды қағаз түрлері
Құнды қағаз иесінің осындай құжаттар шы ғарған ұйымдарға қатысты
мүліктік құқығын айғақтайтын ақша құжаттары. Құнды қағаз жеке құжаттар
немесе есепшоттардағы жазбалар түрінде жүреді.
Құнды қағазға мыналар жатады: акциялар, облигациялар, мемлекеттік
борыш міндеттемелері, жинақ сертификаттары, вексельдер. Банк несиесі
алынғанын айғақтайтын құжаттар, депозиттеріне енгізілген сомалар, борыш
жазбалары, мұралар, лотерея билеттері, сақтық қағаздар құнды қағаздарға
жатпайды, пайыз түрінде табыс төленеді және осы құжаттар бойынша басқа
адамдарға құқықтар беріледі.
Акционерлік қоғамдар, кәсіпорындар, ұйымдар, коммерциялық банктер
шығарып, айналым мерзімі белгіленген, иесіне кәсіпорын табысының бір
юөлігін иемденуге құқық берілетін құнды қағаз акция деп аталады.
Бізде еңбек ұжымы, кәсіпорын, акционерлік қоғамдар шығаратын акциялар
пайдаланылады. Алғашқы екі түрі нағыз акция емес, бұл халық пен
кәсіпорындардың бос қаржысын жинақтаудың өзіндік формасы.
Еңбек ұжымының акциялары кәсіпорын қызметкерлеріне ғана таратылып,
оның дамуы үшін салынғанын айғақтайды. Жекешелендіру бағдарламасын жүзеге
асыру барысында еңбек ұжымы мүшелерінің акциялары айналымға түспейді
қызметкер оны тек мұраға қалдырады. Жұмыстан шықса, оның акцияларын
кәсіпорын бес жыл сақтайды.
Шетел валютасы шетел ақшасы мағынасын береді.Ақшаның (МІ) көп бөлігі
депозит түрінде болғандықтан, яғни коммерциялық банктік жүйенің өтімді
пассивтері түрінде, валюта нарығынан талап етілгенде дейінгі депозиттер
бейнесінде сипаттауға болады. Оның негізгі қатысушылары коммерциялық
банктер және банкаралық мімілелер көлемі жиынтық көлемнің 90%- ын құрайды.

ІІ. Қаржы және валюта нарықтары: негізгі мәліметтер және қор биржасы
2.1 Қаржы және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы және валюта нарықтары негізгі мәліметтер және қор биржасы
Қаржы нарығының экономикағы рөлі және мәні
Қаржы нарығының теориялық негіздері
Қаржы нарығы туралы ұғым және оның құрылымы
Қаржы және валюта нарығы
Қазақстанның қаржы нарығын жетілдіру жолдары
Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру
Қаржы нарығының теориялық негiздерi және оның ұғымы
Қаржы нарығын басқарудың басыңқы салалары
Бағалы қагаздар нарығының кәсіби мамандары
Пәндер