Құқықты реттеу механизмі. Құқықтық құрал: түсінігі және түрлері



КІРІСПЕ
1.тарау. ҚҰҚЫҚТЫ РЕТТЕУ МЕХАНИЗМІ
1.1. ҚҰҚЫҚТЫҢ ӘРЕКЕТІ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ЫҚПАЛ, ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
1.2. ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСІ
1.3. ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ТҮРЛЕРІ
2.тарау. ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰРАЛ: ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
2.1. ҚҰҚЫҚТЫҚ ТЕЖЕУ ЖӘНЕ ЫНТАЛАНДЫРУ
2.2. ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ САЯСАТ
2.3. ҚҰҚЫҚТЫ РЕТТЕУДЕГІ КЕЗЕҢДЕР МЕХАНИЗМІ,
ТҮСІНІГІ ЭЛЕМЕНТЕРІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қоғамдық қатынастар өзінен-өзі тәртіп, заңдылық шеңберінде, құқықтылык және гуманистік талаптар негізінде біржүйелік мағынадағы азамат құндылықтары аясында реттелмейді.
Қоғамдық қатынастардың өмір сүру формалары индивидтердің сан-қырлы әрекеттері қалыптастыратын қарама-қайшылықтар мен күрделі шиеленістен, мүдде қақтығыстарынан тұрады. Мұндай процесстерді бір жүйелі тәртіпке келтіру, индивидтердің мінез-құлықтарына реттік сипат беру көптеген әлеуметтік нормалармен іс жүзіне асырылады, реттеледі. Таңдалып алынған тақырыптың өзектілігі де осы айтылғанмен анықталады
Атап айтқанда діни, әдет-ғұрып, дәстүрлік сияқты нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуде үлкен рөл атқарады. Бірақ, жеке адамдардың саналық, тәрбиелік, генетикалық жөне психологиялық ерекшеліктеріне байланысты олардың бәрінен бір мағынадағы, талаптағы мінез-құлықты талап ету мүмкін емес. Әртүрліліктің өзі қоғамдық қатынастарды дамытудың, жетілдірудің айқын көрінісі.
Құқық – бұл қоғамдық құбылыс. Ол қоғамның туындысы ретінде оның дамуының белгілі сатысында пайда болады. Құқық – адам тәртібінің әлеуметтік маңызды реттеутіші, әлеуметтік нормалардың бір түрі. Ол өзіне әлеуметтік аяны қосып алады: а) адамдарды; б) адамдар арасындағы қарым-қатынасты (қоғамдық қатынастарды); в) қоғамдық қатынастардағы субъектілердің тәртібін.
Қоғамдық сананы тетігі және коллективтің еркі арқылы саяси күштің бөлінуіне байланысты шын мәнісіндегі теңдік, азды көпті құқықтың формальды қайнар көзі ретінде көрсетіледі. Мұндай жағдай құқықтың өз идеалына жақындауы не болмаса одан, өзінің негізінен шегіну болып табылады.
Курстық жұмыс мақсаты, құқықтық реттеу механизмін толыққанды түрде ашып көрсетіп, талдау жасау. Құқық әлеуметтік нормалардың бір түрі ретінде нормативтік қасиетке сүйенеді, ол кейіпті реттеуші ретінде бағыты нақты белгісіз атаусыз әрекет жасап, жалпы белгілерге (жасы; есі дұрыстығы, заңды тұлғаның жалпы белгілеріне) сай әрекет етеді.
1. Жоламан Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық: «Нұр-пресс» - Алматы, 2005 – 296 бет.
2. Т.А. Ағдарбеков, З.Т.Ағдарбекова, М.С.Данишбаева Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы. Түркістан: «Тұран» баспаханасы, 2012 ж. 208 бет.
3. С.Баққұлов. Құқық негіздері. Оқулық, 2-ші басылым. Алматы, 2004-248 бет.
4. Мұхтарова А.Қ. Шетелдердің мемлекет жіне құқық тарихы. – Алматы: Нұр-пресс, 2005-562 бет.
5. Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы
6. Орысша-қазақша заңдык түсіндірме сөздік-анықтамалық. - Алматы: Жеті жарғы, 2008.
7. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері Алматы, 2003.
8. Құқықтану- Алматы: Мектеп -2006
9. Н. Дулатбеков., С. Амандыкова., А. Турлаев. Мемлекет жəне құқық негіздері. Алматы., 1999. -561 бет
10. Булгакова Д.А. Мемлекет жəне құқық теориясы. Оқу құралы.— Алматы: Заң əдебиеті, 2006.— 106 бет.
11. Ағдарбеков Т., Əлайдар А., Алайдаров А., Құқық негіздері. Оқу құралы – Алматы: Нұр пресс, 2008. – 246 бет.
12. Оспанов Қ.И. Құқық негіздері. Оқу құралы – Алматы: Жеті жарғы, 2010. – 304 б.
13. Мемлекет жəне құқық теориясы. – Алматы: Баспа, 1998.- 256 б. 17. Баққұлов С.Д. Құқық негіздері: Оқулық. – 2-ші басылым. – Алматы, 2004. -248 б.
14. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері: Оқулық / Е. Баянов. - Өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, қайта жөнделіп 2-ші рет басылуы. – Алматы, 2003.- 692 б.
15. А.Ибраева, Н.Ибраев. Теория государства и права. А.2000.
16. Сапаргалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет жəне құқық теориясы. Алматы, 1997ж.
17. Сапаргалиев Г.С. Конституционное право Республики Казахстан. Алматы, 2000 ж.;
18. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері Абай атындағы Алматы университетінің Кеңесі, Алматы қаласы, 2003 жыл, 692 бет;
19. Қазақстан Республикасының Мемлекетімен Құқығының негіздері – оқулық: Құраст. Е. Баянов. – Алматы, 2003.
20. Айтхожин К.К. О понятии «принцип Конституции Республики Казахстан» // Вестник Университета имен Д.А.Кунаева. -2002. - №5. – С.16-18
21. Əкімшілік құқық. Оқулық, жауапты редакторы А.А. Таранов. Алматы, 1998 ж.;
22. Қазақстан Республикасының əкімшілік құқығы. – Алматы: Жеті жарғы, 2000.-28 б.
23. Байжанов Н. Неке жəне отбасы құқығы. Алматы, 1997 ж.;
24. Тулеугалиев Г.И. Азаматтық құқық. Жалпы бөлім. А.,2001 ж.;
25. Басин Ю.Г., Диденко А.Г., Иоффе О.С.Гражданское право РК., А. 1994.
26. Сулейменов М.К., Басин Ю.Г. Гражданское право. А. 2000.
27. О.С. Иоффе. Өркениеттілік ойлар тарихынан. Азаматтық құқықсубъектілік. Азаматтық құқық. Мақалалар жиынтығы. Жалпы Бөлім. Оқу құралы. Редакторы А.Г. Диденко. - Алматы. 2003 ж. 164 б.
28. А. Г. Диденко Азаматтық құқық. Жалпы Бөлім. Дəрістер курсы. «Нұр- Пресс» - Алматы, 2006 ж. -722 б.
29. Аленов М.А., Мадиярова А.С. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы.- Астана, 2011, 431 б.
30. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы: Оқулық. – Алматы: Дəнекер, 2000 – 1-том. Ерекше бөлім. – 428 б. 2-том. Ерекші бөлім.- 378 б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Қоғамдық қатынастар өзінен-өзі тәртіп, заңдылық шеңберінде, құқықтылык және гуманистік талаптар негізінде біржүйелік мағынадағы азамат құндылықтары аясында реттелмейді.
Қоғамдық қатынастардың өмір сүру формалары индивидтердің сан-қырлы әрекеттері қалыптастыратын қарама-қайшылықтар мен күрделі шиеленістен, мүдде қақтығыстарынан тұрады. Мұндай процесстерді бір жүйелі тәртіпке келтіру, индивидтердің мінез-құлықтарына реттік сипат беру көптеген әлеуметтік нормалармен іс жүзіне асырылады, реттеледі. Таңдалып алынған тақырыптың өзектілігі де осы айтылғанмен анықталады
Атап айтқанда діни, әдет-ғұрып, дәстүрлік сияқты нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуде үлкен рөл атқарады. Бірақ, жеке адамдардың саналық, тәрбиелік, генетикалық жөне психологиялық ерекшеліктеріне байланысты олардың бәрінен бір мағынадағы, талаптағы мінез-құлықты талап ету мүмкін емес. Әртүрліліктің өзі қоғамдық қатынастарды дамытудың, жетілдірудің айқын көрінісі.
Құқық - бұл қоғамдық құбылыс. Ол қоғамның туындысы ретінде оның дамуының белгілі сатысында пайда болады. Құқық - адам тәртібінің әлеуметтік маңызды реттеутіші, әлеуметтік нормалардың бір түрі. Ол өзіне әлеуметтік аяны қосып алады: а) адамдарды; б) адамдар арасындағы қарым-қатынасты (қоғамдық қатынастарды); в) қоғамдық қатынастардағы субъектілердің тәртібін.
Қоғамдық сананы тетігі және коллективтің еркі арқылы саяси күштің бөлінуіне байланысты шын мәнісіндегі теңдік, азды көпті құқықтың формальды қайнар көзі ретінде көрсетіледі. Мұндай жағдай құқықтың өз идеалына жақындауы не болмаса одан, өзінің негізінен шегіну болып табылады.
Курстық жұмыс мақсаты, құқықтық реттеу механизмін толыққанды түрде ашып көрсетіп, талдау жасау. Құқық әлеуметтік нормалардың бір түрі ретінде нормативтік қасиетке сүйенеді, ол кейіпті реттеуші ретінде бағыты нақты белгісіз атаусыз әрекет жасап, жалпы белгілерге (жасы; есі дұрыстығы, заңды тұлғаның жалпы белгілеріне) сай әрекет етеді.
Құқықтың әрекеті қоғамдық қатынастардың субъектілеріне олардың жекелеген ерекшеліктерінен тәуелсіз бірдей шара қолдану принципіне негізделген, шын мәнісінде тең емес субъектілерге (формальды принцип).
Құқық нормалары сырттай объективті болуы міндетті ақылды, әлеуметтік және белгілі ресми нысанда бектілуі шарт (құқықтың қайнар көзінде формальды мағнада): нормативті-құқықтық актыларда, құқықтық дәстүрде, заңды прецеденттерде т.б.
Құқық ішкі ұйымдастыру көз қарасына байланысты (біртұтас) бір-бірімен мақсатқа сай қарым-қатынастардағы элементтердің жүйесі. Құқық бәріне міндетті. Оның айырмашылығы басқа әлеуметтік нормаларға қарағанда жалпымемлекеттік нормативтік жүйені құрайды және өзінің әрекетін қоғамның барлық мүшелеріне жүргізеді.
Құқық интелектуальды - еріктегі реттеуші ретінде әрекет етеді. Құқық арнайы - заңдылықтағы таза құқықтық тетік ғана емес, сонымен қатар, психологиялық тетік: ол адамның еркін, тек оның санасына байланысты реттейді. Белгілі жағдайда, құқықты билік сипаты бар ақпарат жүйесі ретінде қарауға болады, себебі, субъектілердің еркін, тәртібін саналы түрде басқара алады.
Құқық мемлекетпен тығыз байланыста. Себебі, мемлекет қоғамды нормативтік-құқықтық актілерді шығару арқылы реттейді (сонымен қатар, нормативті - құқықтық актілер шығару үшін өз өкілдігін беру арқылы, белгілі дәстүрлерге санкция беру, заңды прецеденттер жасау), яғни заңға айналдыру. Құқық мемлекеттің күштеуімен қорғалады. Басқа әлеуметтік нормалар ондай мемлекеттік - күштеу арқылы іске асыру мүмкіндігімен қамтамасыз етілмеген (мұнда әңгіме мемлекет жағынан оны қолдау туралы болып отыр).

1-тарау. ҚҰҚЫҚТЫ РЕТТЕУ МЕХАНИЗМІ
Қоғамдағы барлық қарым-қатынасты құқықтық реттеу өте күрделі; ол көп саналы, көп жүйелі процесс. Құқықтық басқарудың екі күрделі бағыты: құққытың қоғамдағы қатынастарға тигізетін әсері, ықпалы және құқықтық реттеудің, басқарудың механизмі дейді.
Қоғамдағы қатынасты құқықтық ретту механизмі құрылымының элементтері: құқықтық норма, құқықтық қатынас және заңды құқық пен міндеттің орындалу туралы акті.
1) Құқықтық норма арқылы қоғамдағы заңдылықтың, тәртіптің талабы, мазмұны, шеңбері, мүдде-мақсаты анықталады; олардың орындалу бағыттары, жолдары, тәсілдері көрсетіледі. Егер дұрыс орындалмаса жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі.
2) Құқықтық қатынас арқылы субъектілердің ара-байланысын мүдде-мақсатын, құқық пен міндеттерін анықтап, біліп отырады. Ол мүдде-мақсаттарды қандайй нормативтік актілер арқылы іске асырады; қатынастың басталуы мен аяқталуы көрсетіледі.
3) Заңды құқық пен міндеттің орындалуы туралы актіде - қатынастың толық орындалып, аяқталуы; мүдде-мақсаттың екі жақты іске асуы; дұрыс орындалмаса - кім кінәлі себептері көрсетіледі, оны түзеу, орындау жолдары анықталады.
Осы үш элементтерге сәйкес қатынастарды реттеу механизмі үш кезеңге бөлінеді: қатынастың басталуы, ол қатынасты реттеу үшін жаңа норманың өмірге келуі, субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің орындалуы.
Қоғамдағы қатынасты құқықтық реттеу механизмнің жақсы сапалы жұмыс атқару үшін субъектілердің рухани сана-сезімі, құқықтық білімі, мамандық тәжірибесі жоғары дәрежеде болуы қажет. Құқықтық сапасы да жақсы, халыққа түсінікті болуы керек.
Құқық шығармашылық процесі жақсы жүргізілсе, құқықтық нормалардың да сапасы жақсы болады. Сапалы нормаларды түсіну де жеңіл, орындалуы да оңай. Сондықтан, осы сапалы процестер құқықтық реттеу механизмінің жұмысын жақсартуға көп үлес қосады. Құқық қоғамда зор қызмет атқарады. Ол қоғам қмірінің барлық салаларына, жіне адамның өміріне өзіне тән әдістермен жағымды әсер етеді. Құқықтық саяси қызметі қоғамның барлық саласынан байқалады. Құқықтық экономикалық әлеуметтік, тәрбиелік, мәдени жұмыстарының әсері өте мол. Осыларға қоса құқық мемлекетті, қоғамды және азаматтардың заңды мүдделерін қорғау қызметін де жүзеге асырады.
Заңи мінез-құлық арқылы қоғам басқарылады, азаматтардың құқықтары мне бостандықтары жүзеге асырылады. Заңи мінез-құлық дегеніміз - құқықтық нормалардың нұсқауларына сәйкес келетін жеке тұлғаның мінез-құлқы.
Құқықтың әлеуметтік мақсаты оның атқаратын қызметінен байқалады. Оның қызметі қоғамдық қатынастарға, адамдардың ымінез-құлқына, іс-әрекеттеріне әсер етуге бағытталады. Құқықтың қызметінің мәні, біріншіден, қоғамдық қатынастарды баянды ету, тұрақтандыру; екіншіден, жеке адамның, қоғамның, мемлекет органының зиянды іс-әрекетіне тыйым салу; үшіншіден - мемлекет адамдардың құқықтары мен бостандықтарын паш етумен қатар, оларды қорғау жолдарын, әдістерін, мүмкіндіктерін жан-жақты қарастырады.
Құқықтық ретту мехинизмінің сапасын жақсартуға құқықтық сана мен құықытық мәдениет көп үлес қосады. Құқықтық сана еліміздің азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға, басқа да құқықтық құбылыстарға сана-сезімдерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі.
Құқықтық мәдениет (кең мағынада) - нақты жүйесі мәдени іс-қимылы, әрекет жасау, оларды жүзеге асыру және мемлекет органдарының, лауазым иелерінің іс-әрекеттері жөнінде адамдардың жалпы түсінігі мен пайымдаулары, Құқықтық мәдениет (тар мағынада) - тұлғалардың құқық туралы ой-пікірлері, сезімдері мен пайымдаулары және де сапалы түрдегі қажеттіліктері. Осы қажеттіліктер тұлғаның құқыққа сай міндеттерінен, жүріс-тұрыстарынан көрініс табады.
Әр дәуір, әр ұрпақ өз талап-талғамына сәйкес мәдениетті қажет етеді және сондай мәдениетті жасайды. Ендеше, біз бүгінгі жастарға тек бұрыңғы дүниені ғана орында және тек сол дәстүрде, сол қалпында орында деп талап қоймауымыз керек. Жастарға - мәдени мұраны жақсы біл, меңгер және оын өз дәуіріңе сай етіп пацдалана біл, жетілдір, алға дамыт деп талап қоя білу қажет. Егер жас буын мәдени мұрамызды жетік білсе, оны шығармашылықпен пацдаланып, жаңа ұлттық мәдениет жасаса, қазақ халқының рухы да мәдениеті де зиянды жаһанданудың шылауында кетпесі анық.
Республикамыз егемендік алып, мемлекеттік тәуелісіздігіміз өмір ақиқатына айналды, шамамыз келгенше оны жаңғырту және пайдалану күн тәртібіне қосылды. Өзіне ғана тән құқықтық сезімі, құқықтық ұғымы және танымы халқымыздың жанында. Енді өзінің осы бір екершелігін - ұлттық құқықтық мәдениетін - ескеруде және соған назар аударуды талап етуде.
Қазір Қазақстан Республикасының ілемдік қауымдастығының орны өзгеше. Дербес мемлекет есебіндегі оның дүниежүзілік мемлекетаралық қатынастағы салмағы айырқша. Еліміздің осы жаңа орнын баянды етудің негізгі жолы, оның егемендігін нығайтып, тәуелсіздігін арттыра түсу, сөйтіп, бұл құндылықты халқымыздың мақсат-мүддесіне және игілігіне қызмет еткізу екендігі даусыз.
Қазіргі таңдағы республика ғылымының даму бағыт-бағдары да осы айтылған жәйттердер туындайды. Заң ғылымының, оның ішінде дәстүрлі ұлттық, құқықтық мәдениетті зерттеуге арналған ізденістердің алдында да тың көкжиектер ашылуда. Оларға жаңа талаптар қойылуда, жаңа тұғырлар, көзқарастар айтылуда. Ұлттық сананың қайта түлеуі, соған сай ұлттық құқықтық сана-сезімінің де оянуы, билер институттарының жандануы айтылған ойыңызды қуаттай түсуде.
Әдет-ғұрыпқа негізделген құқықтық жүйе мемлекет заңдарымен түзелген құықықтық жүйеден өзгеше құбылыс. Бұл өзгешілік әдет-ғұрып құқығының тарихи контексінде, әлеуметтік-саяси астарында, рухани бастауларында, принцип-қағидаларында, өмірнамалық құндылықтарында, адамға әсер ету ерекшеліктерінде, әдет құқығы өзінің ішкі мәні және мазмұны, сыртқы тұр-сипаты, іс-қимылды реттеу және оған әсер ету мүмкіншіліктері, жалпы болмысы, яғни, қандай параметрлері тұрғысынан алса да адамзат мәдениетінің ерекше туындысы екендігіне шүбә келтірмейді. Сондықтан, бұл құқықтық жүйеге, оның тарихтағы орнына сйа көзұарас, соған лайық зерттеу әдісі және ұғым-түсініктер қажет.
Құқықтың үш алтын тірегі бар: имандылық, өмірдің материалдық жағдайлары және мемлекет. Құқықтық түсінігі имандылыққа әдептілікке тіреледі. Құқық иамндылық, негізінде пайда болады. Имандылықтың өзі де адамдар арасындағы қатынастарды реттейтін күш. Әрине, имандылықтың талаптары заң емес, тек адамгершілікке негізделеді. Имандылық тек арға, ұятқа арқа сүйенеді. Құқық, имандылықтан нәр алады, неғұрлым құқықтың нормалары имандылық шарттарына сәйкес келсе, соғұрлым олардың сапасы да, абыройы да жоғары болады. Имандылықтың ең күшті құралы - жұртшылықтың пікірі.
Құқықтың тағы бір тірегі - адамдардың өмір сүру жағдайлары, олардың шаруашылығы. Адамзаттың өмір сүруі өндіріске байланысты. Өндіріс тиімді, нәтижелі болу үшін оны ұйымдастыру, оның дамуына қажетті жағдай туғызу керек. Бұл тек мемлекеттік қолынан келеді. Мемлекеттің өндіріске, шаруашылыққа әсер ету дәрежесі қоғамда қалыптасқан меншік: түрлеріне байланысты.
Мемлекеттің қызметі құқық нормаларын қалыптастырумен аяқталмайды, қайта оның қызметі сол сәтте басталады деуге болады. Құқық нормаларының талаптары өздігінен жүзеге аспайды. Оларды жүзеге асыру үшін, талаптарын орындату үшін мемлекет түрлі әдістермен сан алуан қызмет атқарады. Егер құықтық нормалардың талаптары орындалмаса, бұзылса, мемлекет кінәлі адамдарға тиісті шаралар қолдана алады. сөйтіп, құқық нормалары мемлекеттің күшіне сүйеніп, жүзеге асырылады. Құқықтың тірегі, оның күш-қуаты, абыройы - мемлекет. Құқық нормалары адамға бостандық, беріп қана қоймай, сол бостандықты қамтамасыз ететін күшке сүйенеді.
1995 жылғ ы30 тамызда Республикалық референдумда қабылданған жаңа Коснтитуция Қазақстан Республикасының, президенттік басқару нысанындағы бүртұтас мемлекет екендігін айқындап берді. Ата Заң бойынша мемлекеттік билік: заң шығару, заңды іске асыру, заңды қорғау үш тармағы мемлекеттік біртұтастығына, бүкіл дамуына бірдей жауапты.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес бірнеше Президенттің Заң күші бар жарлықты өмірге келді:
oo Қазақстан Республикасының Президенті туралы - 26 ХІІ 1995 ж;
oo Қазақстан Республикасының Праламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы - 16 Х 1995 ж;
oo Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы - 8 ХІІ 1995 ж.
Осы заңдар арқылы елімізде демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекетті құрып, басқарудың қазіргі заманның негіздерін жасады. Сондай-ақ республикада сот-құқық реформасын кезең-кезеңмен жүзеге асыру мақсатында Президенттің 1995 ж. желтоқсанда қабылдаған Қазақстн Республикасындағы соттар жіне судьялардың мәртебесі туралы, Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы заң күші бар жарлықтары сот-құқық жүйесін нарықтық экономика жағдайында жетілдіруге айрықша ықпал етті. Прокуратура органдарында бұрыңғыдай жоспарлы тексеріске жол берілмейді. Заңдардың қолдануына тексерісті прокурор өз өкілеттігі шегінде тексеріп жүргізу туралы қаулы шығарылғаннан кейін, Республика Президентінің тапсыруына, заңды бұзушылық туралы өтініштерге, шағымдарға, хабарларға және басқа да мәліметтерге, заң бұзушылық белгілерінің тікелей анықталуына, жоғары тұрған прокурордың тапсыруына және сұрау салуына байланысты жүргізеді.
Құқықтық ретту механизмі үш элементтен тұрады: құқықтық нормалар, құықтық қатынастар және заңды құқықтар мен міндеттердің орындалуы туралы актілер.
1. Құқықтық нормалар - қоғамдағы адамдардың өзара қатынастарын, байланыстарын шешу ережелерін, әдіс-тәсілдерін көрсетіп, реттеп басқару үшін өмірге келеді. Бұл нормалардың заңды күші әр-түрлы, әр деңгейде болады. Ол нормаларды бұлжытпай орындау міндетті. Құқықтық нормаларды іске асыру түрлері: пайдалану, сақтау, орындау, қолдану. Заң ғылымында және практикада құқықытық реттеу механизмінің негізін құрайтын нормативтік актілер - заңдар, нормалар. Субъектілердің құқықтық тәртібінің мазмұны, шеңбері, орындалуы, жауапкершілігі нормаларда толық, көрсетілуге тиіс.
2. Құқықтық қатынас - бұл құқық механизмінің ең маңызды, ең қажетті элементі. Себебі қатынастағы субъектілердің; құқықтары мен міндеттері, олардың орындалуы сапалы, дұрыс орындалмаса жауапркешілік түрлері көрсетіледі. Құқықтық қатынастың субъхектілеріне нормативтік актілердің шеңберінде толық бостандық беріледі.
3. Субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің орындалу туралы актілері. Бұл актілер арқылы құқықтық реттеу механизмінің орындалу және субъектілердің өздерінің алдына қойған мақсаттарын орындау дәрежесін, деңгейін білу болады. Егерде субъектілер орындалу дрежесіне қанағаттанбаса мемлекеттік органдар көмек көрсетуге тиіс. Құқықты реттеу механизмінің сапасы жұмыс жасауы екі мәселеге байланысты: бірінші - құқықтық үгіт-насихатты жақсы жүргізу, екінші - халықтық құқықтық сауаттылығы жақсы дәрежеде болу. Құқықтық реттеу мехинзмінің кезеңдері екі топқа бөлінеді: Заңды іске асыру органдардың және заңды қорғау органдарының актілері. Атқару органдарының актілері екі кезеңнен тұрады: 1) жарлық, қаулы, шешім, бұйрық қабылдау; 2) сол документтердің орындалу барысын бақылап отыру. Заңды қорғау органдарының актілері үш кезеңнен тұрады: 1) істің мазмұнымен танысу; 2) сол істі қандай нормаларға сәйкес шешуді анықтау; 3) істі қарап шешуді аяқтау.
Республикада жүріп жатқан мемлекеттік құрылыс және құқықтық саладағы қайта құруларға халықтық ұлттық, сипат, адами ажар және рухани нұр жетіспейді. Ал, бұл факторлерді реформалардың айнымас өзегі етпей олардың өмімршеңдігін қамтамасыз ету өте қиын.
Егемендігіміз бен тәуелсіздігімізді баянды етер саяси жіне құқықтық жаңартулар енгізу барысында біз негізінен тұрмысы алдыңғы қатарлы шетел мемлекеттерінің тәжірибесі және үлгісіне көп еліктедік, соларға арқа сүйедік. Бұл, бастапқы кезде бір жағынан, дұрыс та еді. Өтйкені өркениетті елдердің тарихынан, тағылымынан үйрену ешқанашан да артықтық етпейді. Дегенмен, осы еліктеу кезеңі ұзаққа созылып кеткендей, ал кейінгі кездері ол жалтақтауға, жарамсақтануға айналып бара жатқандай. Қанша құнды болғанымен шетел тәжірибесі ол - шетел тәжірибесі. Оны тұтасымен өз елімізге көшіріп алу мүмкін емес. Әсіресе, мемлекет құрылысы және құқық жүйесі саласында. Сондықтан, қазіргі таңдағы баста міндет өз халқымыздың мемлекеттік және құқықтық тарихына, табиғатына және болмысына назар аудару, соны танып-біліп, олардың жаңа дәуірде жаңа деңгейде дамуына жол ашып, жағдай жасау. Себебі өркениетті елдердің өнегесінен үйренеміз деп жүріп біз өз халқымыздың өзіндің саяси болмысы, құқықтық жаратылысы бар екенін ұмытпауымыз керек. Тәуелсіз жаңа мемлекетіміздің және құқықтық жүйеміздің негізінде солар жатуы керек екенін естен шыұрамау абзал. Тіптен, өзіміз үлгі тұтып жүрген батыс Европа мемлекеттері, Америка елі құқықтық өмірлерінің саласында жүргізілер өзгерістерге ең бірінші тарихи тұрғыдан келеді. Олардың мемлекеттік құрылым, құқық, сот жүйелерінде дәстүр, тарих сабақтастығы үлкен рөл атқарады. Ағылшындар әлі күнге дейін өз елдерінде 1215 ж. қабылданған Еркіндік жайлы партияның қолданатындығын мақтаныш етеді.
Демек, біз де өз тарихымызды, дәстүрімізді қазіргі күн талабына лайықтап қолдана білуге үйренуіміз керек. Өтйкені мемлекеттік, құқықтық жүйе бейбіт өмірдің, теңдіктің және әділеттіліктің тірегі, қайнар көздері болуы керек. Ал, теңдік, әділеттілік ұғымдары және құбылыстары әр халықтың дүниені қабылдау, түйсіну, қорыту ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Яғни олардың тарихи түп-тамырынан бастау алып жатады және имандылық, ар-намыс, ұят секілді жанды да тұнық сезімдеріне, ұғымдарына барып тіреледі. Ал, бұл түсініктер, ұғымдар қайта-қайта өзгере бергенді қабылдамайтын ұлт жанының берік қамалдары. Мемлекет, заң жүйесі түптеп келгенде адам жанының осы бір мөлдір тұнықатарының қорғаны болуы үшін жаратылады. Сондықтан да, өз міндеттерін тиісті деңгейде атқрауы үшін сол халықтың жаұ дүйниесінің тарихи болмысынан, ерекшелігінен айрылмауы керек, әркез өз құрылымын, сипатын соларға сай түзетіп отыруға тиіс.
Олай болмаған жағдайда елдегі құқықтық нормалар дұрыс орындалмай, құқықтық реттеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық жүйесінің түсінігі
Құқықтық реттеу механизмінің түсінігі
Мемлекеттің құрылым нысаны
Құқықгы жүзеге асыру
Құқықтық реттеу механизмінің маңызы
МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ ПӘНІ ЖӘНЕ ФУНКЦИЯСЫ МЕН ӘДІСІ. ҚҰҚЫҚ
Құқық шығармашылығы
Мемлекет және құқықтың жалпы теориясының пәнінен дәрістер
Құқық социологиясының пәні
Мемлекет және құқық теориясының пәні және оның ерекшеліктері
Пәндер