Құқықтық түсінігі және мәні. Құқықтың материалистік теориясы



Кіріспе
І. Құқықтық түсінігі және мәні
1. Қазіргі кездегі құқықты түсінушілік
1. Құқытық анықтамасы және белгілері
2. Табиғи құқық теориясы
2. Тарихи құқықтық мектеп
3. Құқықтың реалистік мектебі
4. Социологиялық құқық мектебі.
5. Нормативтік бағыт
6. Психологиялық теория
ІІ. Құқықтың материалистік теориясы
2.1. Құқықтық пайда болуы (нысандары)
2.2. Құқықтың қазіргі кездегі түсінігі
Қорытынды
Пайдалынылған әдебиеттер тізімі:
Құқық түсінігі және құқықтың әлеуметтік тағайындалу проблемалары құқықтың түсініктері мен ұғымдарының барлық жүйесі үшін, құқықтың барлық теориясы үшін шешуші болып табылады, қалайда барлық теория профилі (оның ғылыми танымдық) және тәжірибелік - идеологиялық көкжиегі олардың шешіміне тәуелді. Осыған байланысты соңғы кезде құқық түсінігі туралы пікірталасқа айналған материалдар қызығушылық тудырады, алдымен «тар» немесе «тар нормативті» деп аталынатын пікірталас туралы және «кең мағыналы» құқық түсінігіне, ал соңғы кезде құқық түсінігіндегі «үш тұжырым» туралы әр түрлі көзқарасқа деген қатынасты түзеу қажет.
Құқық – көпдеңгейлі, көпөлшемді, көпқабатты құбылыс. Жалпы құқық түсінігі дамуы біздің заң ғылымы тарихында келесі негізгі кезеңдерді басынан өткерген: «құқықтық нигилизмнен» - қоғамдық қатынас тәртібі ретінде құқық туралы жалпы түсінікке, содан құқықтың нормативтік түсінігіне, ең соңында, көп аспектілі, яғни қазіргі тілмен айтқанда құқық түсінігіне: «тар», немесе «нормативті» құқық түсінігіне жүгінсек, «құқық- бұл жауаптылықпен бірлесе отырып, белгілі мінез құлық бостандығын өрнектейтін, сонымен құқықтық және құқыққа қайшы мінез құлықтарға мемлекеттік- биліктік критериі сипатында берілген – формальді- анықталған, жалпыға міндетті нормалар жүйесі». Көрсетілген теория ХХ ғасырда әлдеқайда жетілген нысанға ие болды. Өкілдері: Штаммлер, Кельзен және т.б.
Бәрінен бұрын құқық объективтік тұрғыда - нормалардың жүйесі, бірақ ол әрекет етуші жүйе нормасы – аталмыш норма бағытталған тұлғалардың құқықтары мен міндеттеріне және мемлекеттік органдардың құзырына сәйкес белгілеу жолымен қоғамдық қатынасты реттейтін, тәртіпке келтіретін мінез құлық ережелер, бостандық көлемі болып табылады. Басқаша айтқанда, құқықтың өзара әрекеттенуінің объективтік және субъективтік мағынасын көрсететін нормалардың тірі жүйесі.
1. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық – Алматы: «HAS» баспа компаниясы, 2003 – 328 бет.
2. С.Бақұлов. Құқық негіздері. Оқулық, 2-шы басылым
3. Мұхтарова А.К. шетелдердіе мемлекет және құқық тарихы – Алматы Нұр-пресс. 2005 – 562 бет
4. Сапарғалиев Ғ., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық – 2014 – 288 бет
Сілтелмелер:
1. Алексеев С.С. Теория парва, 2-бас., 1995
2. Венгерев А.В. Теория государства и права, 2-бөлім
3. Теория права, 1-т. – М., 1996 – 4-тақырып
4. Венгерев А.В. Теория и права, 2-бөлім, Теория и права - М., 1996 1-т. 4-тақырып
5. Сандевуар П. Введение в права, - М., - 1994 – 28-бет
6. Нерсесянц В.С. Философия парва. – М., 1997 – 586-607 беттер
7. Тихоравов Ю.В. Основы философии права – М., 1997 -2-тарау, - 371-387 беттер
8. Гойман – Червонюк В.И. Очерк теории государства и права, 1-т. – М., 1996 4-тақырып

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Құқық түсінігі және құқықтың әлеуметтік тағайындалу проблемалары
құқықтың түсініктері мен ұғымдарының барлық жүйесі үшін, құқықтың барлық
теориясы үшін шешуші болып табылады, қалайда барлық теория профилі (оның
ғылыми танымдық) және тәжірибелік - идеологиялық көкжиегі олардың шешіміне
тәуелді. Осыған байланысты соңғы кезде құқық түсінігі туралы пікірталасқа
айналған материалдар қызығушылық тудырады, алдымен тар немесе тар
нормативті деп аталынатын пікірталас туралы және кең мағыналы құқық
түсінігіне, ал соңғы кезде құқық түсінігіндегі үш тұжырым туралы әр түрлі
көзқарасқа деген қатынасты түзеу қажет.
Құқық – көпдеңгейлі, көпөлшемді, көпқабатты құбылыс. Жалпы құқық
түсінігі дамуы біздің заң ғылымы тарихында келесі негізгі кезеңдерді
басынан өткерген: құқықтық нигилизмнен - қоғамдық қатынас тәртібі ретінде
құқық туралы жалпы түсінікке, содан құқықтың нормативтік түсінігіне, ең
соңында, көп аспектілі, яғни қазіргі тілмен айтқанда құқық түсінігіне:
тар, немесе нормативті құқық түсінігіне жүгінсек, құқық- бұл
жауаптылықпен бірлесе отырып, белгілі мінез құлық бостандығын өрнектейтін,
сонымен құқықтық және құқыққа қайшы мінез құлықтарға мемлекеттік- биліктік
критериі сипатында берілген – формальді- анықталған, жалпыға міндетті
нормалар жүйесі. Көрсетілген теория ХХ ғасырда әлдеқайда жетілген нысанға
ие болды. Өкілдері: Штаммлер, Кельзен және т.б.
Бәрінен бұрын құқық объективтік тұрғыда - нормалардың жүйесі, бірақ ол
әрекет етуші жүйе нормасы – аталмыш норма бағытталған тұлғалардың құқықтары
мен міндеттеріне және мемлекеттік органдардың құзырына сәйкес белгілеу
жолымен қоғамдық қатынасты реттейтін, тәртіпке келтіретін мінез құлық
ережелер, бостандық көлемі болып табылады. Басқаша айтқанда, құқықтың өзара
әрекеттенуінің объективтік және субъективтік мағынасын көрсететін
нормалардың тірі жүйесі.

Бұл тезистік тұрғыда келесідей:
Негізгі идеялар:
1. бастапқыда, жекелеп алсақ Кельзеннің тұжырымы үшін құқық туралы
түсінік, нормалар жүйесі туралы (пирамида) түсінік болып табылады,
онда оның ең жоғарғы сатысында заң шығарушы қабылдаған негізгі
(егеменді) норма орналасқан, бұл жерде әрбір төменгі норма маңызды
заңдық күшке ие норма алдында өз заңдылығын жоғалтады.
2. Нормалар пирамидасының негізінде құқық түсінігіне кіретін және негізгі
(ең алдымен конституциялық) нормаға сәйкес болуға тиісті соттардың
шешімі, шарттар, әкімшілік нұсқаулар сияқты жеке актілер жатыр.
Жақсы жақтары:
• Нормативтілік сияқты құқықтың негізгі касиеттерін дұрыс бөліп
көрсетеді, және құқық нормаларының заңдық күшінің дәрежесіне қарай
бағыныштылығының қажеттілігін сенімді дәйектейді;
• Бұл көзқарас бойынша нормативтілік құқықтың формальдық анықтамасымен
құрамдас байланыста, яғни заңдық талаптарды (белгілі нақты өлшемдер
күшінде) жетекшілікке алумүмкіндігін шамамен жеңілдетеді және
субъектілерге келесі нормативтік - құқықтық актілермен танысуға
мүмкіндік тудырады;
• мемлекеттің қоғамның дамуына ықпал ету кең мүмкіндігі мойындалады
немесе тек мемлекет негізгі номаны бекітеді және қамтамасыз етеді,
Әлсіз жақтары:
o құқықтың формальдық жағына өте бет бұрғаны байқалады, демек
оның мазмұнды жағын (жеке тұлға құқығы, заңдық нормалардың
адамгершілік бастауы, олардың қоғам дамуының объективтік
қажеттіліктеріне сәйкес келуі және т.с.с.) есепке алмауын
тудырады. Сондықтан да бұл теорияның өкілдері құқықтың
әлеуметтік – экономикалық, саяси, рухани факторлармен байланысын
бағаламайды, яғни олардан құқықты артығымен тазартады;
o негізгі норманы заң шығарушы қабылдайды деген фактіні мойындай
отырып, Кельзен тиімді заңдық нормаларды бекітудегі мемлекеттің
рөлін артығымен бағалайды. Әртүрлі себептерге байланысты ол
ескірген, және негізделмеген нормалармен қанағаттандырылуы
мүмкін.
Генетикалық (марксистік) көзқарас құқықтың пайда болуы немесе тууы
заңдылықтарымен және оның қалыптасуымен айналысады. Құқық түсінігіне деген
осы көзқарастың тұғырын, құқықты қалыптастырушы таптық ерік, осы тап
өмірінің материалдық жағдайымен анықталады деген марксистік формула қалады.
Әрекеттегі құқыққа, мемлекеттік құрылыс тәжірибесіне, олардың
субъектілерінің қызметінің мінез-құлқына бағытталған құқықтүсінушілік
социологиялық көзқарас деп аталады. Өкілдері: Эрлих, Жени, Муремцев және
т.б. Бұл теория ХХ ғасырда әлдеқайда логикалы аяқталған нысанға ие болды.
Әрекеттегі құқық дегеніміз фактілік құқық деп аталынатын яғни құқықтық
қатынаста, құқықтықтәртіпте, құқықтық мінез-құлықта көрініс табатын,
құқықтың іске асуы. Бұл құқықтық реттеудің тиімділігін, соңғы мақсатының
жетістігін бағалауға мүмкіндік беретін қажетті көзқарас.
Бұл бағыттағы өкілдеріне тән қасиет құқық пен заңды қарама-қарсы қою.
Бұл жерде құқықтық жариялылыққа және судьялық бостандықты және әкімшілік
құқық шығармашылықты кеңейтуге басты назар аударады.

І. Құқықтық түсінігі және мәні
1. Қазіргі кездегі құқықты түсінушілік
1. Құқытық анықтамасы және белгілері
Құқық – мемлекет сияқты, қоғамдық дамудың нәтижесі. Ол мемлекеттікке –
ұйымдасқан қоғамда, қоғамдық қатынастың негізгі реттеушісі ретінде пайда
болады. Әдет-ғұрып, моральдік және алғашқы қауымдық құрылыстың нормалары
кетіп, екінші жоспарға қалады, орынды қоғамдық қатынастың реттуіне береді.
Құқыққа көзқарас, оның пайда болуы, орны және рөлі нормативтік реттеу
жүйесінде қоғамның өзінің дамуына, құқықтық ойлардың жетілуі, көптеген
объективтік жәен субъективтік деректеге байланысты ауысып отырды.
Қарама-қайшылықтарына қарамай әр түрлә құқық туралы ойлардың, ілімдердің
жалпы бағыты бір болад:
- Құқық әлеуметтік құбылыс, онсыз өркениетті қоғамда өмір сүру мүмкін
емес;
- Құқық нормативтік нысанынла жалпы адам баласының адалдығының талабын
көрсетуге міндетті, қоғамның мүддесіне түгелімен оның жекелеген
таптарына не болмаса, әлеуметтік топтарға қызмет жасауы керек,
жекелеген мүдделерді және жеке адамның қажеттілігін, қоғамның алғашқы
негізін есепке алуы қажет;
- Жеке меншік құқығы адамның барлық құқығының негізі;
- Құқық тәртіптіліктің өлшемі, ол мемлекетпен белгіленеді және
қорғалады.
Құқыққа көзқарастардың көбінде, оны еркіндіктің нормаларына жатқызады,
себебі табиғатқа қандай қажеттілік керек болса, қоғамға да сондай
деңгейдегі еркіндік керек. Құқық бір жағынан, рұқсат беретін, екінші
жағынан адамдардың бірімен-бірінің сыртқы қарым-қатынасын тежейтін
нормалардығ жиынтығы деп Трубецкой жазды.[1]
Канттың айтуы бойынша, құқық жағдайлардың жиынтығы, біреудің бассыздығы
екіншінің зорлық-зомбылығымен келісіліп, барлығына бірдей еркіндік жолында
болған. Коркуновтың атуы бойынша, құқық еркіндіктің нормалары. Заңды
нормалар қандай да болмасын адамның басқа адамдармен біріккен мүдделерін
орындауға тежеу салады. Ол мүдделерді құқық бөліп, іске асыру мөлшерін
белгілейді, соған байланысты адам бостандығын тежеуге тура келеді.
Гегельдің айтуы бойынша, құқықтық қажеттілігі, тұратын жері еркіндік,
рухани дүние, оынң өзімен туылған, екінші табиғат. Біздің замандастарымыз
да қорыта келіп, қоғамдық өімрде, еркіндік адамның құқыға ретінде
түсініліп, құқықтық құралдармен еркіндік нормаға енгізілген, реттелген.
Құқық туралы ойлар белгілі ғылыми бағыттарға, мектептерге сай бөлінеді.
Олардың ішінен бөліп айтуға болатындары бар. [2.2б]

2. Табиғи құқық теориясы
Ғылыми ағым ретінде бұл теорияның ұзақ тарихы бар. Оның негізгі мазмұны
өте ертеде құрылған. Бұл теорияның негізі, мемлекеттік құрған позитивтік
құқықтан басқа, барлықа адамдарға бірдей позитивтік құқықтан жоғары тұратын
табиғи құқықтың өмір сүретіндігін уағыздайды. Олар табиғи құқықтың
талаптарына негізделеді (өмір сүру құқығы, еркін даму, еңбек, қоғам мен
мемлекеттің істеріне қатынасу). Табиғи құқық түсініктемесі, өзіне туғаннан
бергі және адамдардың, азаматтардың бөлінбейтін, әр мемлекетке міндетті
құқықтарды қосып алады. Рим заңгерлері де азаматтық құқық және халықтардың
құқықтарымен қатар, табиғи құқықты да бөліп қараған, оны табиғи заңдылықтың
көрінісі және табиғи жағдайдағы нәрсе ретінде көрген. Цицеронның айтуы
бойынша, табиғи құқыққа қарсы шығатын мемлекет заңдары, заң ретінде
есептелуі мүмкін емес.
Табиғи құқық теориясы, өзінің нақтылы дамуын Локктың Руссоның,
Гольбахтың, Радишевтің еңбектерінде тапты. Адамның табиғи құқығы қазіргі
барлық құқықтық мемлекеттердің конституциясында бікітілді.
Өркениетті қоғамда табиғи және позитивтік құқықтарды бір-біріне қарсы
қоюға негіз жоқ, себебі олар адамның табиғи құқығын бекітеді жіне қорғайды,
қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің жалпыадамдық біріккен жүйесін
құрайды.
Біріншіден, бұл теория қалпында құқық және заң бөлініп қаралады
(позитивті құқық пен мемлекеттің заңдарын және жоғарғы табиғи заңдардың
барлығын уағыздау);
Екіншіден, құқық пен мораль салыстырылады (сол теорияның өкілдерінің
ойлары бойынша, адалдық, бостандық, теңдік сияқты абстракты бағалылықтар
құқықтың негізіг құрайды және құқықтық шығармашылықты, құқықты қолдану
процесін белгілейді);
Үшіншіден, адамның құқығының қайнар көзі заңдарда емес, адам баласының
табиғатында, ондай құқықты туғаннан құдай береді деген тұжырымдарды
қолдайды.
Қадір қасиеті:
- Бұл – революциялық, прогрессивтік доктрина, себебі ол тудың астында
буржуазиялық революцияларжасалды. Яғни, есікрген феодалдық қатынастың
орнына, жаңа еркіндігі мол құрылым келді;
- Онда заңдардың құқықтық болмайтындығы айтылып адалдықтың,
бостандықтың, теңдіктің құқыққа сай келтірілуі айтылған;
- Адам құқығының қайнар көзіне табиғатты не құдайды қойған, соған
байланысты мемелкеттік құрылымдағы шенеуніктердің бассыздығындағы
теориялық негізді жоқ қылады.
Жетімсіз жақтарына:
- Құқықты олай түсіну (абстракциялық адамгершілік бағалылықты) оның
формалды-заңдылық қасиетін азайтады, соның негізінде заңдылық пен
қарсылықтың арасындағы анықтық белгі жоғалады, себебі адалдық жағынан,
әр адамда әр түрлі болатын ойды анықтау өте қиын);
- Ондай түсінік, тек құқықпен ғана емес, әр адамда әр түрлі болатын
құқықтық танымға да байланысты болады. [3.4]

1. Тарихи құқықтық мектеп
Тарихи құқықтық мектеп табиғи құқық доктринасына белгілі реакция
ретінде пайда болды. Мақсаты, осыған дейінгі зерттелген және сыналған
қоғамдық және мемлекеттік заңдылықтарды, қалыптасқан ортағасыр – феодалдық
жағдайында қорғау болатын. Тарихи мектептің өкілдері, құқықты халықтың рухы
ретінде, біртіндеп, тіл шыққандай, тарихи процесте құрылған мемлекеттің заң
шығаратын билігінің субъективтік көзқарасынан тәуелсіз деп білген.
Құқық – тарихи мектептің өкілдерінің тұжырымдауынша – халық рухының
нәтижесі, халықтың құқықтық сенімдері. Құқықтың дамуы халықтың рухы,
біртіндеп, объективті түрде құқықтағы нормаларды табуына байланысты, деген.
Сондықтан құқық формалды түрде емес, құқықтық институттардың ойларымен
органикалық қарым-қатынасында өмір сүреді. Бұл теорияның негізгі идеяларына
мыналар жатады:
1) Құқық – тарихи құбылыс, ол тіл сияқты келісіммен белгіленбейді,
біреудің көрсетуімен ендірілмейді, тек көрінбей стихиялық пайда боалды
және біртіндеп дамыйды;
2) Құқық – ең алдымен құқықтық әдет-ғұрып (яғни, тарихи қалыптасқан
тәртіп жолы, заңдық нәтижесімен өзіне тартады). Заңдар әдет-ғұрыптан
шығып, ұлттық рухтың негізіне ұлттың сезіміне тереңдейді (сіңеді);
3) Бұл теорияның өкілдері феодализм кезінде пайда болып, адам құқығын
мойындамаған, себебі, сол тектік ғасырдың ғұрпындаадам құқығы табиғи
орын таппаған.
Тарихи құқық мектебінің көрнекті өкілдеріне неміс заңгерлері: Густав,
Гуго, Карл Савиньи, Фридрих Пухта, Шталь және басқалар жатады.
Бұл теорияның мәнділігі:
- Онда ең алғашқы рет, құқықтың мәдени-тарихи және ұлттық ерекшелігіне
көңіл аударылды, құқықтық шығармашылық процесінде оны ескеру
қажеттілігі дәлелденді;
- Құқықтың табиғи дамуы адалдықпен баса айтылады, яғни шығарушының құқық
нормаларын өз қалауымен ғана шығармайтындығы көрсетіледі;
- Уақытпен сыналған және тұрақты тәртіп жолының негізі болатын құқықтық
ғұрыптың ерекшелігі дұрыс көрсетілген.
Жетіспейтін жақтарына жатқызатынымыз:
- Бұл теория өзі шыққан кезден бастап, табиғи-құқықтық доктринаға,
реакция ретінде көрінді, өзінің уаұыты өткен феодалдық идеология
ретінде болды.
- Оның өкілдері заңдарға қажет, құқықтық ғұрыптардың рөлін асыра
бағалаған. [4.2б]

2. Құқықтың реалистік мектебі
Тарихи ойларда, құқықэволюциялық жолмен өзінің ішкі себептеріне
байланысты дамиды десек, реалистік теорияның өкілдерінше, құқық сыртқы
факторлардың ықпалымен дамитындығын дәлелдейді. Ондай факторларға адамды
итермелейтін мүдделер, құқықты іске асыратын мақсаттарды белгілеуге мәжбүр
етеді.
Реалистік теорияның негізін салушылардың бірі – белгілі заңгер
Рудольф Иеринг. Сол теорияның мазмұнын, оның мына жұмыстарынан көруге
болады: Рим құқығының рухы, Құқық үшін күрес, Құқықтағы мақсат.
Иеринг бойынша құқық қорғалған мемлекеттік мүдделер. Ол жеке адамның
өмірлік мүдделеріне кепілдік береді, адамдардың әр түрлі қажеттіліктерін
қанағаттандыруға көмектеседі. Құқық өзінің еркін ұсынған адамға жатпайды,
онымен пайдаланатын адамға жатады. Кімге пайдалануға белгіленсе сол құқық
субъектісі болады.
Құқықтың мақсаты сол пайдаланушылыққа кепілдік береді. Халықтардың,
мемлекеттік биліктің, жіктердің заңсыздықпен күрестері құқықтың өз
негізінде жатыр. Иеринг айтқандай, құқық тарихындағы барлық ұлы
жетістіктерге жататындар: құлдықты, крепостнойлықты жою, жерге,
промвслдарға табынуға еркіндік, меншіліктілік т.с.с. – бұның барлығы
күшпен, кейде ғасырға созылатын, жаулап алынуы қажет және ондай жағдайда,
құқық әр уақытта құқықтың бөліктерін ретінде болады ... Автордың ойынша,
шексіз (абсолютті) түрде адал құқық өмір сүрмейді. Құқықтың бағалылығы,
белгіленген мақсаттарда жүзеге асыру болып табылады.
Мүдделердің күресінде пайда болып, құқық – күш ретінде біреудің еркін
екіншінің мүддесіне бағындырады, адам өміріндегі қажеттік қағидаларды
орындатады. [5.28]
Реалистік теория өкілдерін қадірлеуге, сыйлауға және мойындауға
жататыны, құқықты мақсатқа жету жолындағы құрал ретінде бағалауы, сол
санада қоғамды қорғауды ұйымдастыратын тетіктер есебінде болады. Құқық
мемлекеттік биліксіз, олардың ойынша бос сөз. Тек, құқық нормаларын
пайдаланып, билік құқықты жасайды, осы сәтте қандай жағдайда екенін
көрсетеді және не қажет екендігін де жасайды. Құқық үшін күрес – әр адамның
міндеті, ал оны қорғау, яғни құқықты бұзушыларға қарсы әрекет жасау – тек
өзіне байланысты міндеттілік емес, бүкіл қоғамдық жәнен мемлекеттік міндет:
әр адам өз құқығын қорғай отырып, объективтік құқықты да қорғайды.
Сыртқы жаунгершілігіне қарамай-ақ, Иерингтің реалистік
тұжырымдамасы белгілі бағытта құқық туралы көптеген теориялардың
көзқарастарын біріктіреді: органикалық теория, табиғи, экономикалық,
психологиялық.
Біріншіден, реалистік теория құқықтың бірлігін, және өзгерімпаздығын
тойындайды. Ол үшін құқықтың позитивтік және табиғи бөлінуі. Белгісіз құқық
тек позитивті түрде өмір сүреді. Құқықтың өзгермейтін, мәңгілік ерекшелігі
жоқ, ол тұрақты өзгеріп отыратын құбылыс, қоғам өмірінің жаңа жағдайларын
көрсетіп, отырады.
Екіншіден, реалистік теорияның өкілдері құқық пен мемлекеттің
тікелей байланыстылығын біледі. Мемлекеттік билік, құқықтың өмір сүруге
қажетті жағдай екендігін қолдайды. Табиғи құқықтан өзгешілігі, олар
мемлекеттің қызметіндегі құқықтық шығармашылықтың қажетті және саналы түрде
құқықты туғызушы екендігін мойындайды. Белгілі орыс ғалымы С.М.Мкросцев
құқық – халықтың рухының сапасыз нәтижесі емес, саналы адамдардың қызметі
деген.
Үшіншіден, реалистік мектеп көп ғылыми салалардың қолдайтын құқық
туралы, құқықтық қатынастағы субъектілердің заңдылық құқық және
міндеттіліктің бірлігін, мүшелерінің өз мәніндегі қарым-қатынасының
болмайтындығын дәлелдейді.
Төртіншіден, реалистердің сезімінде маңызды элемент, заңдылық бар:
бассыздыққа жол берілмейді. Тек мемлекеттік билік қана, белгіленген заң
негізінде адамдарға мәжбүрлікті қолдануға мүмкіндігі бар.
Реалистік мектептің қадірлілігі мен жетімсіздігін есепке алмасақ та,
оның құқықты түсіну туралы принципиалды ережелері, кейінгі кездерге дейін
өзгерістерге түспегені анық. Е.Трубецкой айтқандай, әрбір құқық нормасы оны
туғызған мүдделерге байланысты, себебі мүдделер құқықтың мазмұнын құрайды.
Кей кездерде, заң шығарушылардың қателіктеріне байланысты құқық нормалары
қажетті мүдделерді қамтамасыз ете алмайды.

3. Социологиялық құқық мектебі.
Социоллогиялық құқық мектебі – ХХ ғасырдың құқытанауындағы негізгі
бағыттардың бірі.
Құқықтық позитивизмге ұқсап заң ғылымдарының мақсатын, қызметтегі
құықтық формалдық-логикалық жағынан зерттеу ретінде қарамай, социологиялық
мектеп өз күшін тірі құықтық зерттеуге бұрады, яғни құқықтық-қатынас
жүйесі, адамдардың құқық аясындағы тәртібі. Заңтануда (Юриспруденция)
социологиялық бағыттың негізін салушы – Эрликс, оның кітабы Құқық
социологиясы атты кітабы 1911 жылы шыққан. Осы кітабында оның негізгі
идеялары баяндалған.
Социологиялық бағыттың бір түріне солидаризм теориясы жатады. Оның
авторы Леон Дюги айтқандай, қоғамда ұжым индивидке бұйрық беруге құқығы
болмауы керек, не болмаса индивид өзінің жеке басын ұжымға не басқа
азаматтарға қарсы қоймауы керек. Адамдар барлықтарына міндетті жалпы
бірігуліктен шыққан нормаларға бағынуы қажет.
Дюгидің ойынша әлеуметтік норма – бұл қоғамдық өмірдің сыртқы
көрінісіне жататын тәртіктілік. Ол адам баласы жетістіктерінің шыққан жері
жіне мемлекеттен жоғары тұрады. Дюги былай деп жазады: Мемлекет
индивидтердің өздері сияқты құқық нормаларына бағындырылған, билік жасаушы
ерік, құқық нормасында көрсетілген болса, күш жұмсауға да баратын құқықтың
еркі. Әлеуметтік бірлестік жолы, Дюги айтқандай, мемлекетке бағынбайтын
объективтік құқықты құрады, бірақ өзіне мемлекетті бағындырады.
Құқықтың формалдық белгілерін былай қоя тұрып, социологиялық теория,
оны әлеуметтік мазмаұнмен толықтырады, құқықтық қоғам өміріндегі тепе-
теңдікті ұстап тұрған күш екендігін көрсетеді. Бұл теорияның идеялары
құқықтық мемлекеттің мәнін көрсетеді.
Бұл теорияның негізгі идеяларына мыналар жатады:
1) Құқық пен заң бөлініп қаралады. Мұнда құқық, табиғи құқық пен заңда
нақты көрсетілмей, тек заңдарды іске асырғанда көрсетіледі. Егер
заң міндеттілік аясында болса, құқық – нақтылық аясында.
2) Сондықтан, құқықтың түсінігіне заңды әрекеттер, заңды тәжірибе
құқықтық тәртіп, заңдарды қолдану т.б. жатады. Құқық – құқықтық
қатынастар субъектілерінің нағыз тәртібі.
3) Мұндай құқықты, ең алдымен, заңдылық әрекеттер процесінде соттар
құрайды. Олар заңдарды құқықпен толықтырады, яғни, бұл сәтте ол
құқықтық шығармашылықтың субъектісі ретінде соған сай шешім
шығарады.
Қажеттігі:
- Мұндай түсінік құқықты іске асыруды дұрысқа бағдарлайды, оны іс жүзіне
асыруға мүмкіндік пайда болады;
- Құқықтық нысаннан жоғары мазмұн ретіндегі қоғамдық қатынастардың
артықшылығын өте берік негізді көрсетеді;
- Бұл теория мемлекеттің экономикаға араласуын тежеумен жақсы үйлеседі,
бір ортадан басқаруды тоқтатады.
Жетіспейтін жағына:
- Егер құқықтық задарды іске асыруды, нағыз құқықтық тәртіп ретінде
қабылдасақ, құқыққа сай және құқыққа сай еместік арасындағы белгі
жоғалады, себебі өзіне-өзі іске асырудың өзі де, заңды және заңға
қарсы болуы мүмкін;
- Оталық күштің ауырлығын соттардың, әкімшіліктің құқықтық шығармашылық
әрекетіне ауыстырса, құзыретсізздікпен ашықтан-ашық бассыздықтың,
лауазымды адамдар жағынан өсіп кету қаупі бар. [6.586-607]

4. Нормативтік бағыт
Нормативтік бағыт, құқық туралы біржақты емес көзқарастарды
біріктіреді және оның қоғам өміріндегі рөлін көрсетеді. Алғашқы рет
нормативизмнің теориялық жағдайларын Р.Штаммлер көрсеткен. Оның айтуынша
құқық әлеуметтік өмірді сыртқы жағынан реттеу, мақсаты – адамдардың
қажеттілігін қанағаттандыру. Қоғамдағы адамдардың бірігіп қимылдаудың, ол
әлеуметтік материяға не болмаса шаруашылыққа жатқызады.
Құқық пен шаруашылықтың қатынастарын анықтай отырып, Штаммлер ол
Қоғам өмірінің нысандары мен материалдарының қатынастары деп жазады.
Әлеуметтік өмірдің заңдылығы, - оның құқықтық формасының заңдылығы, миға
сіңдіру және құқықытың негізі идеясын адамды қоғамның ақырғы мақсаты
ретінде қосу. Көрсетілген заңдылықтар тек сонда туады, егер әлеуметтік
реттелуі әр адамның, кім құқық кеңістігінде болса солардың мүдделерін іске
асырса. Қоғамның идеалы – бұл қоғам Еркіндікті тілейтін адамдар, әркімдер
құқықтың мақсатын өздерінің мақсаты ретінде ойласа.
Нормативизмнің негізгі мазмұны жинақталған түрде заңгер Г.Кельзен
еңбектерінде көрсетілген. Оның айтуы бойынша, заң ғылымдары құқықты таза
күйінде саясаттан, адамгершілктен және басқа бағалаудан бөлек зерттеуге
міндетті. Себебі, басқа жағдайда ғылым объективтік сипатын жоғалтады және
идеологияға айналады. Кельзеннің тұжырымдамасының шығуы негізгі тәуелсіз
норма туралы, яғни заңдылық күшті және онымен барлық қалған нормалардың
тиімділігін баяндайтын норма жөнінде.
Бұл теория бойынша, барлық құқық жүйесі баспалдақты құрылымда болады,
яғни иерархия нормаларын құра отырып, біртіндеп негізгі нормалардан
шығарылады. Сондықтан теорияның мақсаты, әрбір белгілі құқықтық нормалардың
заңдылық күші бар жоғарғы нормаларға сай құбылыстар екендігін анықтау.
Нормативтік теорияның еңбегін, оның заңды негізіг құратын құқықтық
формалды белгілерін бөлінуінен көруге болады.
Құқықтық мазмұнын белгілейтін барлық сыртқы факторлардан абстракция
негізінде, нормативистер өз ұстанымын ұсынады, яғни, құқық – қоғамдық
қатынастардың нормативтік реттеушісі. Номативтік теория өзінің ғылыми
ойларына сүйене отырып, құқықтық мемлекетті қолдайды. Оынң көптеген
жақтаушылары мемлекет пен құқықты бір-біріне қарсы қойғандарына қарсы
шықты, мемлекетті барлық құқықтық ереелерді бірітітерін ішкі мағына ретінде
анықтады және құқықтық нормаларды іске асыруға және сіңіруге арналған,
бәріне бірдей құқықтық тәртіп орнатушы екендігін уағыздады.
Негізгі идеялар:
1) Кельзеннің тұжырымдамасы бойынша, құқықты нормалардың жүйесі
(пирамидасы) ретінде ойлау, яғни ең жоғарысында негізгі (тәуелсіз) заң
шығарушымен қабылданған норма болады, одан әрбір кіші нормалар өзінің
заңдылығын алады, себебі ол норманың өте маңызды зааңды күші болуға
тиісті;
2) Кельзен бойынша, құқықтың болмысы барып тұрған міндеттілік аясына
жатады;
3) Нормалар пирамидасының негізінде жеке актілер бар – соттың шешімі,
келісім-шарттар, әкімшілік нұсқаулар, олар да өз жағынан құқық
түсінігіне қосылып негізгі (ең алдымен Конституциялық) нормаға сай
болуы міндетті.
Қажеттілігі:
- Құқықтың белгілеу қасиетіне өте дұрыс зейін қойылған, нормативтігі
және құқық нормаларының бағынушылық қажеттілігі, олардың заңды
күштерінің деңгейіне байланысты болатындығы сенімді түрде дәледенеді;
- Нормативтік, бұл жағдайда құқықтың формалды белгілілігімен органикалық
қатынаста, ол негізінен заңды талаптармен басқарылу мүмкіншілігін
жеңілдетеді (анық белгілерінің күшіне байланысты) және субъектілерге
оның мазмұнымен нормативтік актілер арқылы танысуға рұқсат етеді.
- Мемлекеттің қоғам дамуына ықпал жасауының кең мүмкіншілігін
мойындайды, себебі тек мемлекет қана негізі нормаларды белгілейді және
қамтамасыз етеді.
Жетімсіз жақтары:
- Құқықтың формалдық жағына көп көңіл бөлінуіне байланысты, оның мазмұны
жоққа шығарылады;
- Негізгі нормаларды заң шығаратын органдардың қабылдауына байланысты,
Кельзен мемлекеттің рөлін тиімді заң нормаларын белгілеуде өте
жоғарылатып жіберген. [7.371-387]

5. Психологиялық теория
Бұл теория ХХ ғасырдың бас кезінде орыс ғалымы Л.И.Петражицкийдің
негізгі еңбектерінде және шет елдердегі ғалымдар: Дьюи, Мэрилла, Росса,
Эллиотан т.б. жұмыстарында дамыды.
Петражицкийдің ойынша, эмпиристік ғылым екі түрдегі тұрмысты
зерттейді – физикалық және психикалық. Құқық осы тұрмыстық құбылыстың бірі
– психика дүниесіне жатады және императивті-атрибуттық (міндетті -
тартылушылықтағы) адамдардың уайымдауын көрсетеді. Адам баласының қылықтары
еркіндікте және байланыста болуы мүмкін. Ерікті ішкі бірлігін түсінудегі,
адамның тәртібін Петражицкий этикалық сезіну – деп атайды. Бұл түсіну
(білу) – этикалық міндеттену. Оынң негізінде ерекше эмоциялар жатыр, яғни,
уайымдаушылық бостандыққа деген ішкі кедергі және олар адамдарды бірдеңе
істеуге желіктіреді. Нормалар, авторитарлық тыйым салу ретінде және жұмсау,
сол уайымдаушылықтың тек көлеңкесі.
Психологиялық теория этикалық аманатты құқықтық міндеттілік және
этикалық адамгершілік деп бөліп қарайды. Егер біздің этикалық борышымыз
басқа байланыста болса, психологиялық жағынан соған бекітілген және соған
жатады, ал басқа аманат біздің аманатымызға біздің міндетімізді орындауға
талаптанады, яғни бұл жағдайда әңгіме заңды аманат туралы болмақ. Екі
жақтың арасындағы заңды байланыс, бір жағына жатса және басқа жағына
бекісе, ол құқықтық қатынас.
Құқықтық уаымдаудың негізінде атрибуттық борыш эмоциясы (сезімі), ал
адамгершіліктің негізінде – тек императивтік (міндеттілік, бірақ талап
етусіз) этикалық сезім. Егер құқықтық кеңістікте құқықты сақтау, (дұрыс
болса), адамгершілік кеңістікте ойға келмейді. Құқықтық кеңістікте
субъектілер мен объектілердің қатар сипатын айыра білу қажет (кім міндетті
(субъект) және неге міндетті, (объект) кімнің міндетін орындауға талабы бар
және неге, кімге оның құқығы бар). Сондықтан, құқық дәлелдеуге мүмкіндігі
барлығымен және бақылауға көнетіндігімен ерекшеленеді.
Петражицкий құқықты автономдық (не болмаса интуитивтік) және позитивтік (не
болмаса гетерономдық) – деп бөледі. Автономдық құқық ішкі ұяттық дауытың
шақыруына байланысты уайымдау құқығын туғызады. Позитивтік, құқықты ойлар
сонда болады, егер сыртқы нормативтік актіде ол басқа біреудің беделіне
негізделген болса. Интуитивтік құқық жекеше – еркін және ауыспалы – әр
түрлі сипатта болады. Позитвтік құқық, барлық субъектілерге бірдей міндетті
құқықтық бұйрық беруге қабілеті бар.
Петражицкийдің негіздеуі бойынша құқық қоғамдық қызмет әрекетін
(функцияны) реттейді және оны ұйымдастыруымен айналысады. Реттеу қызмет
әрекетінің мазмұны мынада, яғни құқықтық психика материалдық жағдайларды
индивидтердің және ұжымдардың арасында бөледі; ол сонымен қатар азаматтарды
идеалды жағдайлармен қамтамасыз етеді: жеке адамдардың қауіпсіздігін, сөз
еркіндігімен және басқалармен қорғайды. Субъектілерге билікті бөліп беру
құқықтың ұйымдастыруы қызмет әрекетінің негізін құрайды.
Белгілі теориялық қиындықтарға қарамай тұйықтық қоғам өмірінің
құқықтық құбылыстарының оның психологиялық жағында. Петражицкийдің көптеген
принципиалды теориялары, оның ішіндегі өзі құрған түсініктеме аппараты,
қабылданған және қазіргі мемлекетпен құқық теориясында кеңінен
қолданылады.
Бұл теорияның негізгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтың пайда болуы және ерекшеліктері
Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі және оқу пәндеріндегі мемлекет және құқық теориясы
Мемлекет және құқықтың пайда болуы
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері. Мемлекеттің пайда болуы
Құқық мәні, қағидалары
Жеке тұлға, құқық және мемлекет
Мемлекет және құқық теориясы
Мемлекет туралы ақпарат
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
Қауымдық-рулық құрылыс
Пәндер