ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еуразиялық жобасы



I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
II. Негізгі бөлім
1. Еуразиялық идеяның шығу кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еуразиялық жобасы ... ... ... ... ... ... .8
3. Ұлт Лидері Н.Ә.Назарбаевтың Еуразиялық интеграциядағы рөлі ... .14
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
Тарих, қоғам біздің заманымыздың үлесіне үрдіс өзгерістер ұсынды, ХХ ғасырдың аяғы ұлы қоғамдық құбылыстарға толы ерекше бір кезеңді туғызды, ең негізгісі – бостандық сезімі, ең негізгісі – жаңа, жас мемлекеттеріміздің шаңырақ көтеруі. Екеуі де саналы адам баласының, қоғамның мәңгілік ізгі арманы, тілегі, мақсаты.
Тәуелсіз, өркениетті мемлекет құрылымы қиындықсыз болуы мұмкін емес, дүниежүзінің тарихында төрт құбыласы сай, бірден қаз тұрып, гүлденіп кеткен мемлекетті ешкім білмейді. Кеңестің ыдырауы егемнеді мемлекеттердің экономикалық дамуын тежеп қана қойған жоқ, мүлдем кейінге итеріп тастады. Тәуелсіз елдердің басшылары дамудың бірден-бір жолы бірлік екенін түсініп, одақ болмағанымен, достастық қажет екенін түсінді.Осы түсініктің нәтижесінде дүниеге Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы келді. ТМД мемлекеттері арсындағы шиеленістердің талай себептері де бар еді. Ол – интеграция еды.Бүгінгі заман талабына сай алғаш рет ТМД-ның маңызды әлеуметтік экономикалық интеграциясы жайлы мәселені Қазақстан Респиубликасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Ұлыбританияға барған сапары барысында көтерген болатын. Н.Назарбаев өзінің Еуразия Одағы идеясын алғаш рет М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамының жиналысында сөз еткен болатын.
Еуразиялық Одақ идеясы дегеніміз ең алдымен аумақтық тұтастығын, саяси егемендігін және мемлекеттердің басқа да тұрақты сипаттамаларын сақтайтын тәуелсіз мемлекеттердің экономикалық одағының идеясы болып табылады. Интеграцияның жаңа деңгейі бір сәтте жаңа мемлекеттердің шекаралары арқылы бөлініп қалған көптеген адамдардың күнделікті проблемаларын шешуге мүмкіндік береді. Еуразиялық Одақ жобасын ұсынудың маңызды жетістігі және тікелей нәтижесі – ол миллиондаған қарапайым адамдардың үміт-тілектерін білдіретін саяси құжаттарды мемлекеттік деңгейде әзірлеуге тыныс береді.Еуразиялық Одақ жобасында негіз етіп алынған маңызды қырларының бірі – оның адамгершілік, адамдық бағыты.
1. Проект о формировании Евразийского Союза государств // Казахстанско-российские отношения. 1991-1995 годы. Сборник документов и материалов. – Алматы – Москва, 1996. – 367-б.
2. http://e-history.kz/kz/contents/view/1002
3. Н.Ә.Назарбаев. ХХI ғасыр табалдырығында. – Астана: «Астана Даму-21» ЖШС, 2006. – 108-б.
4. Н. Назарбаев: «Снять с Евразии «пояс выжидания». «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбат. – Алматы, 1995 жылғы 21 қазан // Евразийский союз: идеи, практика, перспективы. – 233–234-б.
5. Назарбаев Н.А. Евразийский экономический союз: теория или реальность // Известия. – 2009. – 19 марта. – http://www.newskaz.ru/comment/20090320/162045.html.
6. Назарбаев Н.А. Евразийский союз: от идеи к истории будущего // Известия. – 2011. – 25 октября. – http://izvestia.ru/news/504908#ixzz2Ejh9dJYL.
7. Тельнов В. Экономические аспекты развития Евразийской интеграции // Евразис. –2013. – № 2-3(2). –87–90-б.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
II. Негізгі бөлім
1. Еуразиялық идеяның шығу кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..4
2. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еуразиялық жобасы ... ... ... ... ... ... .8
3. Ұлт Лидері Н.Ә.Назарбаевтың Еуразиялық интеграциядағы рөлі ... .14
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

Кіріспе
Тарих, қоғам біздің заманымыздың үлесіне үрдіс өзгерістер ұсынды, ХХ ғасырдың аяғы ұлы қоғамдық құбылыстарға толы ерекше бір кезеңді туғызды, ең негізгісі - бостандық сезімі, ең негізгісі - жаңа, жас мемлекеттеріміздің шаңырақ көтеруі. Екеуі де саналы адам баласының, қоғамның мәңгілік ізгі арманы, тілегі, мақсаты.
Тәуелсіз, өркениетті мемлекет құрылымы қиындықсыз болуы мұмкін емес, дүниежүзінің тарихында төрт құбыласы сай, бірден қаз тұрып, гүлденіп кеткен мемлекетті ешкім білмейді. Кеңестің ыдырауы егемнеді мемлекеттердің экономикалық дамуын тежеп қана қойған жоқ, мүлдем кейінге итеріп тастады. Тәуелсіз елдердің басшылары дамудың бірден-бір жолы бірлік екенін түсініп, одақ болмағанымен, достастық қажет екенін түсінді.Осы түсініктің нәтижесінде дүниеге Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы келді. ТМД мемлекеттері арсындағы шиеленістердің талай себептері де бар еді. Ол - интеграция еды.Бүгінгі заман талабына сай алғаш рет ТМД-ның маңызды әлеуметтік экономикалық интеграциясы жайлы мәселені Қазақстан Респиубликасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Ұлыбританияға барған сапары барысында көтерген болатын. Н.Назарбаев өзінің Еуразия Одағы идеясын алғаш рет М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамының жиналысында сөз еткен болатын.
Еуразиялық Одақ идеясы дегеніміз ең алдымен аумақтық тұтастығын, саяси егемендігін және мемлекеттердің басқа да тұрақты сипаттамаларын сақтайтын тәуелсіз мемлекеттердің экономикалық одағының идеясы болып табылады. Интеграцияның жаңа деңгейі бір сәтте жаңа мемлекеттердің шекаралары арқылы бөлініп қалған көптеген адамдардың күнделікті проблемаларын шешуге мүмкіндік береді. Еуразиялық Одақ жобасын ұсынудың маңызды жетістігі және тікелей нәтижесі - ол миллиондаған қарапайым адамдардың үміт-тілектерін білдіретін саяси құжаттарды мемлекеттік деңгейде әзірлеуге тыныс береді.Еуразиялық Одақ жобасында негіз етіп алынған маңызды қырларының бірі - оның адамгершілік, адамдық бағыты.

2.1.Еуразиялық идеяның шығу кезеңдері.
Әлемнің жаһандану үдерісінде Еуразиялық тұтастықтың қажеттігі, осы кеңістікте интеграциялық үрдістердің өмірлік маңыздылығы, ортақ бірлестіктің қағидаттары мен бағдарламасы туралы идеяны мемлекет президенті Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет 1994 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінде мәлімдеген еді. Сол сәттен бері, өз дамуын алған бұл еуразияшылдық идея түрлі идеологтар, саясаткерлер, сарапшылар тарапынан қолдау тауып, қазір өмірге белсене еніп келеді. Әрине, мұндай озық идея қайдан пайда болды, еуразияшылдық ағымның шығуы, даму тарихы қайда жатыр?, осы мәселеге алдымен, тоқталған жөн. Жалпы, кез келген серпінді идеяның шығу тегін тарихи тұрғыдан қарастырсақ, өзінің даму кезеңдерін қамтиды. Еуразияшылдық идея алғаш рет ХХ ғасырдың бірінші жартысында Еуропада қуғында жүрген орыс эмигранттарының арасында туған екен. Бұл дегеніміз, бұрынғы ақыл-ойдағы идеологиялық құндылықтардың өзгеріп, жаңа көзқарастың пайда болуымен байланысты туған ерекше идеялардың бірі болды деген сөз. 1921 жылы Еуропада жарық көрген орыстың еуразияшыл философтарының осы бағыттағы пікірлерін жинақтаған Шығысқа шығу атты еңбектің алғы сөзінде Бұл мақалалар дүниетанудың апатты өзгерісі кезеңінде туған дүниелер. Болған және алдағы уақытта болатын өзгерістерден біз саяси, әлеуметтік-экономикалық дағдарыстарды ғана емес, дүниетану көзқарасында да терең өзгерістер болатынын болжап отырмыз, делінген. Демек, мұнда еуразияшылдық идея - сының екі кезеңі бар. Біріншісі, 1920-жылдары Н.С.Трубецкой, П.Н.Савиц - кий, Г.В.Вернадский дамытқан фи - ло - со - фиялық ой-пікірлер жүйесі болса, екінші кезеңін - 1990 жылдары Елбасы Нұрсұлтан На - зарбаевтың еуразияшылдық док - три - насын теориядан шынайы бол - мыс - қа ұластыруға талпынған ерік-жігерімен байланыстыруға бо - лады. Олай болса, ресейлік ескі еу - ра - зияшылдық пен қазақстандық жа - ңа еуразияшылдықтың айырмашылығын ажы - ратып алайық. Бірін - шіден, еуразияшылдық Ресей үшін та - рихи тұжырымдама болып қалды. Ал Қазақстан үшін өмірлік қажеттілік. Екін - шіден, ресейлік еуразияшылдық Батысқа қарсы тұрушылықпен ерекшеленді. Ал қазақстандық еуразияшылдық Ба - тыс - тан алыстауға емес, керісінше, мемлекетаралық деңгейде неғұрлым терең қарым-қатынас орнатуға зор мән беріледі. Қазақстанның 2008 жы - лы қабылдаған Еуропаға жол бағ - дарламасы осының айғағы болып табылады. Үшін - ші - ден, Назарбаевтың еуразиялық док - - тринасы орыстардікіндей тар ауқым - дағы идеологиялық сызба емес, кең ауқымдағы халықаралық және өр - ке - ниетаралық байланыстар әдісі, ашық түрдегі өркениеттік карта болып табылады. Ендеше, Көшбасшымыздың Еуразиялық идеясын неоеуразияшылдық емес, жаңа қазақстандық еуразияшылдық деп атауымызға әбден негіз бар. Еуразиялық одақ идеясының тари - хи, этно-мәдени және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары бар. Белгілі тарихшы Лев Гумилев атап өткендей: ішкі Еуразия халқы славян-тұрандық қауымдастығымен көзге түседі, яғни қауымдастық жай этникалық қа - на емес, суперэтностық мәнге ие ора - сан зор кеңістік болып табылады. Он - да батыс еуропалық, славяндық, түр - кі - лік этномәдени құндылықтарды топ - - тас - - тырған әр алуандылық байқалады.Нұрсұл - тан Әбішұлы философ болмаса да, өзінің сезімтал қасие - тімен осы идеяның өміршеңдігіне көзі жеткендігін көрсетеді. Сондықтан да ол осы идеяны іске асыру - дың артықшылығын көре білді және ол ақыл-ой жүйесінде ғана емес, нақты өмірде экономикалық интеграция түрінде қажеттілігін дәлелдеді. Сөй - тіп, озық идеяны өмірде іске асыру бағытын - дағы жаңа көзқарастармен байытты. Біртұтас экономи - калық шынжыр тү - рінде қалыптасқан кеңестік экономиканың қал - пына келіп, қайта жұмыс істеуі мүмкін бол - маған жағдайда жаңа интеграциялық құрылым қажеттілігі ауадай қажет еді. Осы құрылымды Президент еу - разиялық қауымдастық болуы керек деп үлкен көрегендікпен атаған. Бірақ тәуелсіз ел атанған көптеген ТМД елдері лидерлерінің бұл идеяны қабыл - дауға саяси қарымы мен ерік-жігері жетпеді. Ал өзінің көрегенділігін танытқан Нұрсұлтан Назарбаев идеяның өміршеңдігін байқатты. Нұрсұлтан Әбішұлы философияда еуразияшылдық ағым деп аталған осы идеяны жақтаушылардың еңбегімен де жақсы таныс болса керек. Себебі, Ресей қол астындағы халықтар - дың тарихын орыс тарихының тар шеңберінде ғана емес, жалпы еуразиялық өр - кениет ауқымын - да қарастыру қажеттігін ұсынған П.Савицкий, Г.Флоровский, Н.Трубецкой, Г.Вернадский және басқалардың еңбегін жалғастырушы, соңғы еуразияшыл атанған Л.Н.Гумилевті ол жоғары бағалайтынын көруге болады. 30-шы жылдардың ортасында КСРО-да бұл ағым ғылыми айналыс - тан күшпен шығарылып, оны жақтаушылар айыпталғаны белгілі. Оларды ардақтау тұңғыш рет Қазақ - станда ғана қолға алынды. Астанадағы Еуразия университетіне Л.Н.Гумилевтің есімінің берілуі де соның көрінісі деп білеміз. 2006 жылдың 26 мамырында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де Экономика біліміне инновация және ғылым арқылы атты өзінің дәрісінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев былай деді: Еуразиялық идея теория секілді өткен ғасырда туды. Бірақ, еуразиялық идея тәжірибе жүзінде осы ғасырда жүзеге асады. Еуразияшылдық - ХХ ғасырдың басты идеялардың бірі. Мұны өздеріңіз түсініп, көретін боласыздар. Еуразиялық идеяның Қазақстан инициативасы негізінде орындалған үш басты көрінісі - ЕурАзЭҚ, АӨСШК және ШЫҰ. Және бұл үш ұйым мызғымас Орталық, Біріккен Еуразиялық Идеяның тәжірибелік келбеті Еуразияның төрінде орналасқан Қазақстан қауіпсіздік және жоғарғы дәрежеде интеграция мақсатында жаңа көпполярлы әлемдік саяси жүйені құруда үлкен рөл атқарып келеді. Бұл жөнінде Елбасымыз былай дейді: Қазақстан - орталық Азияда еуропалық және азиялық халықтардың тамыры ұштасатын айрықша мемлекет. Әр түрлі мәдениет пен дәстүр бізге Батыс пен Шығаыстың үлкен жетістіктерін бойымызға сіңіруге мүмкіндік береді... біз, Қазақстан, еуропалық және азиялық аймақтық халықаралық ұйымдардың мүшесі бола отырып, өзіміздің геосаяси жағдайымызды ескеріп, қауіпсіздікті нығайту орталығы болуға дайынбыз. Батыс пен Шығысты жалғайтын көпір болатын Қазақстан Президенті 2008 жылы 17-ші ЕЫҚҰ Парламенттік ассамблеяның жылдық сессиясында мынадай көзқарас танытқан болатын: Еуропа және Азия - шырмалаң көптеген тарихи, экономикалық байланысы бар біріккен субконтинент. Бар күш-жігерімізді үлестірмей, қазіргі жаһандық мәселелерге, қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмаймыз. Сондай-ақ, Елбасымыз алға тартқан идеяны бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып қолдауымыз керек. Идея жоғары деңгейде ғана болмай, халықтың қайнаған ортасын баурағанда ғана өміршең болады. Сол себепті, алдымен біз бұл идеяның өміршеңдігіне көз жеткізіп, идеяны іске асырып, дамытуда әрбір қазақстандық үлес қосуы тиіс. Еуразиялық одақ - ты бұрынғы КСРО-ға қайта оралу емес, интеграциялық қай - - та жаңғыру деп түсінген жөн. Өйткені, Еуразиялық одаққа бастар жол - Кеден одағын қарастырсақ, қазіргі еларалық достық тікелей ақшаға байланысты. Бұл жерде қаржы белгілі бір саяси шешімге қатысты бөлінейін деп жатқан жоқ. Мұнда тараптар келісімді түрде қаржы бөліп, дивидендтерін алып отырады. Қазақстан, Ресей, Беларусь - бәрі тең, дербес мемлекет болғандықтан, әр мемлекет өз мүддесіне қарай шешім қабылдайды.Бұл бір ғана елдің саяси идеясы емес. Мұндағы салық заңдары, кеден заңдары арқылы кәсіпкерлердің өздерін өте жайлы сезінуіне, өндірісін дамытуына, салығын лайықты түрде төлеуіне жағдай жасалады. Қазір осы қағида жүзеге асырылып жатыр. Бірақ, бұл Кеден одақта үлкен мәселе туғызатын Кеден кодексін айтуға болады. Сондықтан, кодексті қайта қарау керек секілді. Әзірге Кеден одағындағы іс-әрекеттер кеден саласындағы процедураларды жеңілдетуге бағытталмаған. Ендігі жерде сол түрлі заңдарды реформалау қажеттігі туындап отыр. Мәселен, еңбек құқығын жақындастыру керек. Бұл ретте айтарлықтай айырмашылықтарымыз бар. Салық жүйесінде де біркелкілік болғаны жөн. Әрине, қазір саяси еркіндік бар. Әр ел өз қөзқарасын білдіру керек, білдіріп те жатыр. Сол себепті, осы мәселені терең ойланып, экономикалық тұрғыдан толық талдап, жасау қажет. Жалпы, жаңа Кедендік Одақ құрылғаннан бері, макроэкономикалық тиімділігін байқауға болады. Кедендік Одақ қатысушы-мемлекеттер үшін айтарлықтай, оң пайдасын беруде. Шетел инвестицияларын тарту, ұлттық ЖІӨ өсуі, өнімнің өзіндік құнын төмендету және басқа да көптеген шешуші көрсеткіштер бойынша оң динамиканың неғұрлым нақты цифрларын беріп жатыр. Үш мемлекеттің экономикалық субъектілерінің бірегейлендірілген кедендік тарифтер мен импорттық баж салықтарына бейімделу кезеңіне байланысты белгілі бір қиындықтар туындады. Ұлттық кедендік әкімшіліктер арасында жекелеген сәйкессіздіктер бар, олар Кеден одағы комиссиясының тәсілді жұмыстары арқылы жойылып келеді. Кеден одағы қазақстандық өндірісшілер үшін өткізу нарығының шекарасын Бресттен Владивостокқа дейін кеңейтті. 2011 жылы біздің экспорт Ресейге 60 пайызға, ал Беларусь мемлекетіне 2,3 еседен астамға өсті. Біртұтас кеден аумағы ішінде шетел валютасын алып жүруге қойылған шектеулер алынып тасталды. Бұл Ресей мен Беларусь мемлекетінің тауар өндірушілері үшін жасалды. Осылардың бәрі, байқағанымыздай, барлық қазақстандықтар, ресейліктер және беларусьтер үшін нақты тиімділіктер. Біздің елдеріміздің азаматтарының кедергісіз өтуі үшін бірлескен шекараларымыз мөлдір болып келеді. Қазақстанның, Ресейдің және Беларусьтің Кеден одағы - бүкіл ТМД кеңістігіндегі шынымен де ерікті және тең құқықты интеграцияның бірінші формасы. Бұл тарихта алғаш рет біздің елдеріміздің халықтарын өзара сыйластық, ұлттық болмысты сақтау және ортақ болашақтың бөлінбестігін түйсіну негізінде жақындастырады. Кеден одағының біртіндеп Біртұтас экономикалық кеңістікке, ал уақыт өте келе, Еуразиялық экономикалық одаққа ауысуы біздің халықтарымыздың өркендеуі үшін қуатты ынталандырушы күшке айналып, біздің елдерімізді кең ауқымды әлемдегі жетекші позицияларға алып шығады.
Еуразиялық идея теориядан шынайы практикалық кезеңге өту үдерісінде. Негізі, идея ұсынғаннан бері, Президенттің белсенді қатысуымен болған идеяның жүзеге аса бастауында бес қадамды ерекшелеуге болады: Бірінші қадам, 1994 жылы Мәскеуде ТМД қатысушыларына Еуразиялық одақ құру туралы бастама көтеруі; екінші қадам, 1995 жылы Қазақстан, Ресей, Беларусь президенттері Кедендік одақ құру туралы келісімге қол қоюы, кейінірек Қырғызстан мен Тәжікстанның қосылуы; үшінші қадам, 2000 жылы Бішкекте Кедендік одаққа кіретін Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Қырғызстан, Тәжікстанның мемлекетаралық кеңесінде жаңа халықаралық ұйым - Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың құрылуы; төртінші қадам, 2002 жылы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері Орталық азиялық ынтымақтастық ұйымын құру туралы келісімге қол қоюы; бесінші қадам, 2003 жылы Мәскеуде Қазақстан, Беларусь, Ресей, Украина президенттері бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қол қоюы.

2.2. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еуразиялық жобасы.
Еуразиялық жоба - 1990-шы жылдардың бірінші жартысындағы мемлекет басшысының тұжырымдамалық ілімі, егеменді Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік стратегиясының маңызды бөлігі. Президент халықаралық бірлестіктер тәжірибесін ұзақ зерттеп, ТМД елдеріндегі жағдайды жете талдап ықпалдасу үдерісін жылдамдату керек деген қорытынды жасады. Алғаш рет Еуразиялық бастама елбасының 1994 жылы 22 наурызда Ұлыбританияға ресми түрде барған сапары кезінде тезистік түрде айтылды. Президент Н.Ә. Назарбаев Chatһam House аталатын Королеваның халықаралық қатынастар институтында сөз сөйлеп бұрынғы кеңестік кеңістіктің дамуында екі баста бой көрсетіп отырғанын көрсетті: бір жағынан - ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыру, екінші жағынан - ықпалдасудың қажеттілігі. Мемлекет мүддесін, аймақтың тұрақтылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты мақсат болды. Лондонда бірінші рет мемлекетаралық бірлестік - Еуро-Азиаттық одақтың аты ұсынылды.
1994 жылы наурызда Н.Ә. Назарбаевтың еуропалық аудиторияға өз елінің өркениеттік және геосаяси ерекшелігін түсіндіргенінің ерекше мәні болды: Қазақстан - еуропалық және азиаттық тамырлар қабысқан Азиядағы бірегей мемлекет. Әр түрлі халықтардың өкілдері әр алуан бірлікті құрайды. Әр түрлі мәдениеттер мен дәстүрлердің үйлесімділігі бізге еуропалық және азиаттық мәдениеттердің, Шығыс пен Батыстың ең үздік жетістіктерін сіңіруге мүмкіншілік береді. Қазақстанның орны ерекше - ел, еуро-азиаттық құрылықтың жүрегінде орналасқан, тағдыр еркімен Ресей мен Қытайдың арасында аралық орынды алады. Біздің республикамыздың феномені сонда, біз бір уақытта еуропалықта және азиаттықта аймақтық халықаралық ұйымдардың мүшесіміз, біз өзіміздің геосаяси жағдайымыздың мәнін түсінеміз және оған қоса қауіпсіздікті нығайту бойынша орталық болуға да дайынбыз. Бұл тезистерде Қазақстанның еуразиялық жағдайының ерекшелігін түсінудің болашағы мен жетістігі мазмұндалды және қазіргі қазақстандық еуразиялықтың үш деңгейі көрсетілген: біріншіден, ұлттық-мемлекеттік деңгей, мұнда Қазақстан азиаттық та, еуропалық та ел ретінде түсініледі; екіншіден, аймақтық деңгей, мұнда өзара тиімді еуразиялық бірігуге көңіл бөлінеді; үшіншіден, ғаламдық деңгей, мұнда Қазақстан Батыс пен Шығыстың қатынасында ортадағы жағдайды алатын ел ретінде қарастырылады. Н.Ә. Назарбаев Лондондағы сөйлеген сөзінде 1994 жылы Еуразиялық жобаға көзқарастың қалай қалыптасқанын көрсетеді. 22 наурызда Ұлыбританиядағы сөйлеген сөзі жобаны Мәскеуде ашық ұсынуға негізгі дайындық болды.
Бір аптадан кейін, 1994 жылдың 29 наурызында, Ресей Федерациясына ресми сапары шеңберінде Н.Ә. Назарбаев М.В. Ломоносов атындағы ММУ-де сөз сөйлеп, онда Қазақстан басшысы жаңа аймақтық бірлестік - Еуразиялық Одақ құру жөніндегі идеяны дамытты. Аймақтық бағыттарды талдау негізінде бірігудің қажеттілігі жөнінде қорытынды жасады. Өйткені тіпті көп ғасырлық мемлекеттілігі бар Еуропа елдері бірігуге келе жатыр, себебі әлемдік нарықтың қатаң қарама-қарсылығын түсінуде Президенттің реализмі Еуразия Одағын құру Қазақстан мен Ресей ядросынан басталуы мүмкін екендігін түсіндірумен айқындалды. Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы ғылыми ортаның үлкен қызығушылығын тудырды. 1994 жылы 22 және 29 наурызда Мәскеу және Лондон қалаларындағы сөйлеген сөзінің тарихи мәні аймақтық үдерістердің болашағын, әсіресе Қазақстан мен Ресейдің құрлықтағы аралық жағдайын түсіндірумен де маңызды. Әлем елдері еуразиялық жобаны талқылауда Қазақстанды посткеңестік республика ретінде емес, қазіргі халықаралық дамуда өзіндік жеке орны бар мемлекет ретінде қарастырады. Қазіргі әлемдегі Қазақстанның Еуразиялық мемлекет ретінде ұстанған бағыты Президент Н.Ә. Назарбаевтың 1994 жылы жасалған негізгі тұжырымдарының дұрыс екендігін дәлелдеді.
Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық бастамасы ТМД аймағы үшін - жаңашыл жоба болып табылады. Еуразиялық бастама сол жылдардағы қиындықтардың алдын алуға бағытталып, стратегиялық негізге ие болды. Елбасының Мемлекеттердің Еуразия одағын құру жөніндегі жобасы 1994 жылы 3 маусымда ТМД-ға қатысушы мемлекет басшыларына жіберіліп, оның нәтижесі 6 маусымда қазақстандық, ал 8 маусымда ресейлік баспасөзде жарияланды. Жобаның тұжырымдамалық кіріспесі маңызды мәнге ие, онда (наурыз айындағы сөйлеген сөзінде де) көрсетілгеніндей, ТМД елдерінің дамуы екі үдеріспен анықталады: бір жағынан, ұлттық мемлекеттіліктің одан әрі қалыптасуымен, сондай-ақ, екінші жағынан - ықпалдасумен. ТМД елдерінің басты мәселесі - қабылданған шешімдердің орындалмауында деп Н.Ә. Назарбаев атап көрсетті. Осыдан келіп, барлық қатысушы мемлекеттер тарапынан бірлесіп қабылданған міндеттемелердің сақталуына кепілдік беретін, ықпалдастықтың жаңа деңгейіне көшу қажеттілігі туралы қорытынды жасалады.
Қазақстан Президенті жаңа ықпалдастық бірлестікке төмендегідей анықтама береді: ЕАО - әрбір қатысушы елдердің ұлттық-мемлекеттік мүддесін іске асыруға бағытталған және тұтас бірігу әлеуетіне ие, тең құқылы тәуелсіз мемлекеттердің одағы. ЕАО егемен мемлекеттердің ықпалдасу нысаны болып табылады. Бұл тұжырым егемендік туралы принципті мәселеде ешбір күдікке орын қалдырмайды. Н.Ә. Назарбаевтың жобасы мемлекеттердің егеменділігін сақтай отырып ықпалдасу тұрғысындағы бастама. Еуразиялық одақ жобасының негізіне алынған саяси қағидалар да осымен байланысты: теңдік, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, егемендігін сыйлау, территориялық біртұтастық пен мемлекеттік шекаралардың бұзылмауы. Осы өзекті қағидалардың әр қайсысы қатысушы мемлекеттердің өз егемендігін сақтауына бағытталған. Атап айтқанда, Еуразиялық одақта жалпы немесе қос азаматтық қарастырылмаған - әр адам нақты ұлттық-мемлекеттік азаматтығына ие болуы тиіс. Егеменді мемлекеттердің Еуразия одағына кіруі ерікті түрде жүзеге асады, дегенмен жобада принципті бір пункт бар, ол жаңа қауымдастықтың іс әрекет қабілеттілігіне мүмкіндік туғызатын - ЕАО-ға мүшелікке қауымдасқан түрде кіруге жол бермеу. Жобаның негізгі ережелерінің ішінде, қабылданған шешімдердің орындалуының өзара міндеттілігі туралы мәселенің ерекше мәні бар (Н.Ә. Назарбаев бұл жайында кезекті пікірталастар барысында үнемі ескертіп отырды). Еуразиялық одақ қағаз жүзінде қалмау үшін, жобада ұлттық ұйымдардан тыс құрылымдар айқындалған (мемлекетаралық ұйымдарда қабылданғандай): Елбасылар және үкімет басшылары Кеңесі, ЕАО Парламенті, сыртқы істер министрлерінің Кеңесі, мемлекетаралық атқару комитеті. Сонымен қатар Еуразиялық одақта біртұтас экономикалық кеңістік қалыптастыру ойластырылғанымен, біртұтас саяси кеңістік қарастырылмаған. Бұл өте қисынды, өйткені қатысушы мемлекеттер экономикаларын кіріктіре отырып, саяси егемендігін сақтап қалады. Н.Ә. Назарбаевтың стратегиялық ұсыныстарына сай, еуразиялық аймақтық бірлесу - Қазақстан үшін де, сондай-ақ ТМД-ның басқа елдері үшін де, ішкі әлеуетті дамытудың тиімді құралы. Мұндай нәтижелі даму (дағдарыстан шығу және экономикалық өсу) жаңа нарықтық негізде елдердің экономикалық кірігуі жағдайында ғана мүмкін. Жобаның басым бағыты - прагматикалық (өзара тиімді) экономикалық бірлесу. Бірақ, осы жағдай сай келетін құралдарды, яғни барабар саяси институттарды құру қажеттілігіне мәжбүрлейді. Экономика саласында, Еуропалық Одақтың тәжірибесін талдай келе, Н.Ә. Назарбаев бірқатар ұлттық құрылымдардан тыс үйлестіруші құрылымдарды құруды қажет деп санайды: экономика, шикізат ресурстары бойынша комиссия, экономикалық және техникалық ынтымақтастық істері бойынша қор, инвестициялық банк т.б. сол сияқтылар. Қазақстан Президенті, 1990-шы жылдары шешілуге тиісті, бірқатар өткір мәселелерді көрсетті. Атап айтқанда, - біртұтас экспорттық саясатты жасау, және оны барлық қатысушы мемлекеттердің мүддесіне сай жүргізу. Сондай-ақ, ТМД елдерінің ұлттық заңнамаларын жетілдіру мен жақындастыру жөнінде прагматикалық (өзара тиімді) мақсаттар қойылды, өйткені олардың арасындағы айырмашылықтар, экономикалық бірлесу үдерістерінде айтарлықтай кедергі келтірді. Жалпы алғанда, ТМД аумағында жаңа экономикалық тәртіп орнықтыру, экономикалық саясатты келісіп жүргізу және экономикалық реформаларды жүргізудің бірлескен бағдарламасын қабылдау қажеттілігі атап көрсетілді. Сонымен қатар, Еуразиялық жоба экономика саласымен ғана шектелмейді, онда, күш біріктіруді қажет ететін: ғылым, мәдениет, білім, қорғаныс, қауіпсіздік, экология мәселелері өз орнын тапты.
Н.Ә. Назарбаев 1994 жылғы жобада Еуропалық мүддеге жергілікті, аймақтық мүдде тұрғысынан ғана қарап қоймайды. Қазақстан Елбасы нағыз болашақты болжаушы саясаткер ретінде, экономикалық бірлесудің ғаламдық дәрежедегі мәселелерін де көре білген. Осы орайда тарих қисыны мынадай, яғни әлемдік қауымдастыққа бірігу тек жұмыла кіріскенде ғана мүмкін болмақ. ТМД елдері үшін алыс шет елдердегі қандайда бір аймақтық экономикалық бірлестіктерге қайта бағыт алу әрекетінің жүзеге аспайтындығы айқын болды. Бірақ аймақтық бірлесу - бұл бүкіл әлем елдерінен тасалану амалы емес, керісінше, жобаның эпилогінде көрсетілгендей XXI ғасыр қойнауына өркениеттік жолмен ену (мүмкіндігі. Президент Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық ықпалдасу жобасы, Қазақстан Республикасының және басқа да әлем елдерінің ішінен Еуразия Одағына қатысам деушілердің, шынайы мемлекеттік егемендігінің күшейуіне бағытталған. Егеменді мемлекет және аймақтық ықпалдастық жаңа Қазақстанның дамуын қамтамасыз ететін екі қажетті қозғаушы күш ретінде елестейді.
Қазақстан Президентінің Еуразиялық даму тұжырымдамасы Еуразиялық жоба жарияланған соң үнемі дамытыла берді. Еуразиялық бастама әлеуетін тәжірибеде жүзеге асыру да қатар жүргізілді. Жоба аймақтық мәселелерді парасаттылықпен ұғынудың қуатты көзіне айналды.
Жобаны белсенді түрде талқылау 1994 жылы өтті. Жобаны жариялаған соң үш күннен кейін, яғни маусымның 11 күні, Н.Ә. Назарбаев ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ
Тмд-нің құрылу тарихы. Тмд-нің даму бағыттары
Мәңгілік ел және Рухани жаңғыру бағдарламалары - жаңа Қазақстанның философиясы. Еуразияшылдық
Батыс Қытай Батыс Еуропа жол дәлізі Қазақстан үшін маңызы
Еуразияшылдық пәнінен емтихан билеттерінің жауаптары
Мәңгілік ел идеясы
Қазақстанның транзиттік жүйесі
Мәңгілік ел
Тәуелсіз Қазақстанның ТМД мемлекеттерімен қарым-қатынасы
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен қарым-қатынастарыныңың қалыптасу кезеңін талдау, екіжақты қарым-қатынастардың саяси-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы дамуы
Пәндер