Саяси қуғын-сүргіннің себептері. Жарты елді жайлаған аштықтағы М.О.Әуезовтың ұйымдастырған шаралары



I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
II. Негізгі бөлім
1. Саяси қуғын.сүргіннің себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2. Жарты елді жайлаған аштықтағы М.О.Әуезовтың ұйымдастырған шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
3. Қазақстан саяси қуғын.сүргін құрбандарын еске алуда ... ... ... ... ... ...11
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
Кеңестік билік жергілікті тұрғындардың ұлттық ерекшеліктері мен мүдделерін қорғаушыларға, ұлттық автономия құру идеясын қолдаушыларға «тап жаулары», «ұлтшылдар», «жат пікірдегілер», «әлеуметтік қауіпті элементтер» деген жала жауып, халықтың да оларға деген теріс көзқарастарын қалыптастыруға жағдай жасады. Кеңес билігінің бастапқы жылдарында аграрлық, көшпелі ел түбегейлі өзгеріске ұшырады. Жаппай индустрияландыру мен қала санының артуы шаруалардың материальдық ресурсының жойылуына әкеліп соқты. 1925 жылы қыркүйекте Қазақстанға басшылық қызметке Ф.И.Голощекиннің келуі елде орын алып отырған жағдайды одан бетер ушықтырды. Қазақстан компартиясының көшбасшысы Филипп Голощекин 1927 жылы "Кіші Қазан" төңкерісін жариялады. Ол Қазақстанды кеңестік өзгерістерден тыс қалған деп санады.Оның жүргізген саясаты ұлт зиялыларын жаппай қуғындауға ұласты. Голощекин өзіне қарсы шыққандарды қызметтерінен алып, республикадан қуды, олардың көзін жоюды қолға алды. Бұл ұжымдастыру мен көшпелі қазақтың отырықшылық өмірге бейімделуін танытты. Асыра сілтеу мен халықтың қолындағы малды тартып алып қою салдарынан 1932-33 жылдары Қазақстанда бір жарым миллион адам көз жұмды. 600 мыңға жуық қазақ елін тастап, көшіп кетті. Биліктің мұндай саясаты кей өңірлерде қарулы бас көтеруге әкеп соқты, алайда ол аяусыз басып-жаншылды. Халықтың қамын жеген ұлт қайраткерлерінен сескенген тоталитарлық билік өкілдері тығырықтан шығар жолды іздеді.
Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасынан Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылды. Олар әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. Ұлт қайраткерлеріне негізінен КСРО-ны құлату үшін жасырын контрреволюциялық ұйымдар құрды деген заңсыз жала жабылды. Сонымен қатар молдалар мен діндарларды «басқаша, бөтен ойлайтындар» деп айыптады.
1. АЛАШТЫҢ АРДАҒЫ:(елтанымдық және тілтанымдық жинақ). Құрастырған Е.Е.Тілешов, Г.П.Әріпбек. Астана:"Руханият", 2010ж - 264 бет.
2. Профессор Зарқын Тайшыбайдың мақаласы «Жарты елімізді жайлаған аштық»
3. Политические репресии в Казахстане в 1937-1938 гг. Сб. Док./Отв. Ред. Л. Дегитаева. А., 1998. – 336 с.
4. Печенкин А. А. 1937 год //Отечественная история. – 2003.-№1.-С.33.
5. https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstan-sayasi-kugyin-surgn-kurbandaryin-eske-aluda-254361/
6. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z930002200_

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
II. Негізгі бөлім
1. Саяси қуғын-сүргіннің себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2. Жарты елді жайлаған аштықтағы М.О.Әуезовтың ұйымдастырған шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
3. Қазақстан саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуда ... ... ... ... ... ...11
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

Кіріспе
Кеңестік билік жергілікті тұрғындардың ұлттық ерекшеліктері мен мүдделерін қорғаушыларға, ұлттық автономия құру идеясын қолдаушыларға тап жаулары, ұлтшылдар, жат пікірдегілер, әлеуметтік қауіпті элементтер деген жала жауып, халықтың да оларға деген теріс көзқарастарын қалыптастыруға жағдай жасады. Кеңес билігінің бастапқы жылдарында аграрлық, көшпелі ел түбегейлі өзгеріске ұшырады. Жаппай индустрияландыру мен қала санының артуы шаруалардың материальдық ресурсының жойылуына әкеліп соқты. 1925 жылы қыркүйекте Қазақстанға басшылық қызметке Ф.И.Голощекиннің келуі елде орын алып отырған жағдайды одан бетер ушықтырды. Қазақстан компартиясының көшбасшысы Филипп Голощекин 1927 жылы "Кіші Қазан" төңкерісін жариялады. Ол Қазақстанды кеңестік өзгерістерден тыс қалған деп санады.Оның жүргізген саясаты ұлт зиялыларын жаппай қуғындауға ұласты. Голощекин өзіне қарсы шыққандарды қызметтерінен алып, республикадан қуды, олардың көзін жоюды қолға алды. Бұл ұжымдастыру мен көшпелі қазақтың отырықшылық өмірге бейімделуін танытты. Асыра сілтеу мен халықтың қолындағы малды тартып алып қою салдарынан 1932-33 жылдары Қазақстанда бір жарым миллион адам көз жұмды. 600 мыңға жуық қазақ елін тастап, көшіп кетті. Биліктің мұндай саясаты кей өңірлерде қарулы бас көтеруге әкеп соқты, алайда ол аяусыз басып-жаншылды. Халықтың қамын жеген ұлт қайраткерлерінен сескенген тоталитарлық билік өкілдері тығырықтан шығар жолды іздеді.
Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасынан Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға буржуазияшыл-ұлтшыл деген айып тағылды. Олар әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. Ұлт қайраткерлеріне негізінен КСРО-ны құлату үшін жасырын контрреволюциялық ұйымдар құрды деген заңсыз жала жабылды. Сонымен қатар молдалар мен діндарларды басқаша, бөтен ойлайтындар деп айыптады.

2.1. Саяси қуғын-сүргіннің себептері.
Зиялы қауым партия қайраткерлерінің қателігі мен асыра сілтеуін қатты сынға алды. Кеңес билігі азаматтық соғыс жылдарындағы ұлт тәуелсіздігіне белсене қатысқан "Алаш Орда" қозғалысының көптеген қайраткерін тізімге алып отырды. 1928 жылы Ахмет Байтұрсынов, Міржақыпов Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Халел Ғаббасов сынды 44 "буржуаз ұлтшыл" қамауға алынды. 1930 жылдың қыркүйегінде Мұхамеджан Тынышпаев, Халел Досмұхамедов, Жақып Ақбаев сынды бірқатар қазақтың қаймағы тағы қамауға алынды (барлығы - 40 адам). Олардың бір бөлігі Ресей территориясына ит жеккенге айдалды. 1937-38 жылдары қазақтың көрнекті қайраткерлерінің барлығы репрессияланды. Сондай-ақ респрессия құрбандары ішінде Тұрар Рысқұлов, Нығмет Нұрмақов, Сұлтанбек Қожанов, Ұзақбай Құлымбетов, Ораз Жандосов, Әбілхайыр Досов, Смағұл Сәдуақасов, Темірбек Жүргенов, Әлихан Бөкейханов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Құдайберген Жұбанов, Санжар Асфендияров та бар. Бүгінгі таңда Қазақстанның орталық көшелеріне, мемлекеттік мекемелеріне осы қоғам қайраткерлері мен қазақтың көрнекті азаматтарының аты берілген. Олардың еңбектерін оқушылар, студенттер оқып, ғалымдар зерттейді. Олардың құрметіне мемлекетте мемориалдық кешендер орнатылып, ескерткіштер ашылған.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы саяси қуғын - сүргін құқық қорғау органдарының қолымен жасалды. Осы мақсатта ең алдымен қуғындаудың заңдық негізі әзірленді. Оған дәлел ретінде сол жылдары қабылданған заңдарды алға тартамыз. Кеңес мемлекетінің заңдары қазан төңкерісінен бастап - ақ тоталитарлық жүйенің орнығуына жол ашты. Кеңестік құқық биліктен айырылған қанаушы таптарға қарсы бағытталғандықтан, адамдар шыққан әлеуметтік тегі үшін жазаланды. Кеңестік заңдар кеңестік тәртіпті нығайтуға, социалистік экономиканы құруға, еңбекшілер бостандығы мен демократиялық құқықтарын қамтамасыз етуге, бұқараны коммунистік санамен тәрбиелеуге тиіс болды. Сөз жүзінде заңдардың сипаты демократиялық бағытта болғанымен, іс жүзінде адамдарды жікке бөліп таптар арасындағы күресті өмірге әкелді. Бұл адам баласының мәдениетіне, адамзат өркениетіне аса қауіпті еді. Кеңестік тоталитарлық тәртіпті жамандау мақсат емес, алайда оның миллиондаған адам өмірін құрбандыққа қиған саясаты ұлт санасына ізін салып та кетті. Кеңестік жүйеде өмір сүрген халықтардың саяси қуғын - сүргін зобалаңына ұшырамағаны кемде кем.
Кеңестік тоталитарлық жүйе билік тармақтарын бір - бірімен байланыстырып, сот билігін саясаттың құралына, коммунистік партияның қолшоқпарына айналдырды. Сол арқылы репрессиялық шаралар жүргізілді. Сот билігі өзіндік мәртебесінен айырылған тұста өрескел заңсыздықтар етек алып, адам құқықтары аяққа басылды. Ең алдымен халықты идеологиялық өңдеу ісі қарқынды қолға алынды.
1928-1931 жылдары жалған айып пен жала жабу әдісі күшейіп, айыпкерді мойындатудың әдіс - тәсілдері жетілдіріліп, ОГПУ - дің қолында репрессияны жүргізудің даяр механизмі болған. Осы механизм 1930 жылдары толықтай күшіне енген. Нәтижесінде саяси қуғын - сүргін жалпылама бағыт алды. Сот - тергеу органдарының жазалаушы қызметі саяси - шаруашылық науқандар барысында қарқынды деңгейде жүрді. Астық, ет дайындау, бай - кулактарды тап ретінде жою, социалистік меншікті қорғау науқандары кезінде жоспарды орындай алмаған халыққа қарсы қолданылған репрессиялық шаралар өте көлемді. Юстиция халық комиссариаты екі апта сайын сот - тергеу органдарынан экономикалық науқандарға қатысты қылмыс туралы мәліметтерді сұрап отырған.Сол кезде азаматтар үстінен қозғалған қылмыстық істердің басым көпшілігі заңсыз болған. Дәлел келтірсек: ... 1928 жылы сотталған шаруалар өз өнімдерін сатпаған және алыпсатарлықпен айналыспаған. Оларлың көпшілігінде астықты сату туралы рұқсат қағаз болғанымен, олардың үстінен заңсыз түрде түрде қылмыстық істер қозғалған, - деген мазмұндағы деректер мұрағаттарда жиі кездеседі. Мәселен, Қылмыстық Кодекстің 61 бабының 3 тармағы науқан жоспарын орындамау мақсатында ұйымдасқан топты жазалауға бағытталғанымен, осы бап бойына жеке адамдар да сотталған. Айыпқа тартылған тұлғаны қылмыскер атандыру үшін бірін - бірі танымайтын, әр ауылдан шыққан айыпкерлерді топтап, байланысы жоқ бірнеше істер біріктірілген. Ал, астық жинау науқанында кеңес өкіметіне наразылық білдіргендерді террористік іс - әрекет жасады деп айыптаған. Олар Қылмыстық Кодекстің 58 бабының 8 тармағымен ату жазасына кесілген. Тіпті, ауылдарында бай - кулак қаламағандығын айтқан ауылдық кеңес төрағалары да атылған. Ал, науқан жоспарын орындауға шамамыз жетпейді деп шындықты айтқан тұлғалар Қылмыстық Кодекстің 58 бабының 10 тармағымен сотталған. Нәтижесінде түрмелерге адам сыймай, сотталғандар адам төзгісіз жағдайда жазаларын өтеген. Түрмелер мен еңбекпен түзету лагерлерінде азапты өмір туралы мұрғаттарда көптеген құжаттар сақталған. Түрмелерде адам санының шамамдан тыс болуын билік таптық күрестің шиеленісуінен деп түсіндірген. Кейбір түрмелерде қылмыстық іс қозғалмай сотталған азаматтар да болған. Мысалы, 1931 жылы 112 орындық Қызылорда түрмесіндегі 325 адамның 203 - і ешқандай айыпсыз қамалған. Ал, 300 адам түрме қабырғасының жанында ашық аспан астында қамауда жатқан. 1930 жылдан бастап өлім жазасына кесілгендер туралы ақпарат мемлекеттік құпияға айналады.
Тарихшылардың мәліметі бойынша, 1937-38 жылдары советтік Қазақстанда 118 мың адам сотталған. Олардың 25 мыңына ату жазасы кесілген. Сотталғандар арасында совет саясатына қарсылық білдірген ұлт оппозициясының көшбасшылары да болды. Мамандардың пікірінше, сол кезеңдегі тарихи мәліметтердің ақтаңдақ тұстары әлі де көп. Кеңес заманында Қазақстан территориясында ірі еңбекпен түзеу лагері - Карлаг жұмыс істеп тұрды. Онда қамалғандар ауылшаруашылығы, индустриальдық өндірістегі ауыр жұмыстарға жегілді. Карлагта бір миллионнан астам тұтқын болған. Сондай-ақ елімізде саяси маңыздағы АЛЖИР - отанын сатқандардың әйелдері тоғытылған Ақмола лагері болды. Ондағылар жан жолдасының саяси қылмысы үшін жазасын өтеді.
Халық жауы атанған көптеген қайраткер-журналистердің есімдері Егемен Қазақстанның шежіресінде бұл күндері құрметпен аталады. Бұл қатарда 1919-1938 жылдары газет Ұшқын, Еңбек туы, Еңбекшіл Қазақ, Еңбекші Қазақ, Социалды Қазақстан, Социалистік Қазақстан аталған шақтарда редактор болған Халил Есенбаев, Бернияз Күлеев, Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Әбдірахман Байділдин, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Молдағали Жолдыбаев, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов, Ораз Исаев, Ғаббас Тоғжанов, Айтмұхамед Мусин, Жанайдар Сәдуақасов, Жүсіпбек Арыстанов бар. Оның ішінде М.О.Әуезов те болды.
Осы жылдары көптеген ұлт жаппай Қазақстанға қоныс аударылды. 1937 жылы күзде жүз мыңдаған корей, түрік, ирандық, күрд және әзірбайжандар елімізге кеп қоныс тепті. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысы жылдары елімізге немістер, гректер, шешендер, ингуштар, қарашайлар, балқарлар, қырым татарлары және басқа ұлттар депортацияланды. Олардың жалпы саны 1 миллион 200 мыңды құраған.
КСРО-да 1986 жылы өткен шеруге қатысушылар да тәуелсіз Қазақстанда саяси репрессия құрбандары қатарына жатқызылады. Бұл оқиғаның өрбуіне Қазақ КСР ОК бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың орнынан алынуы және оның орнына Геннадий Колбиннің тағайындалуы түрткі болған. Желтоқсанда елде жаппай наразылық акциясы өтті, бірақ ол аяусыз басып-жаншылды. Қамауға алынғандар саны 8,5 мың адамнан артады. Бұл оқиға мемлекеттің саяси өміріндегі демократияның бастауы боп табылады. Өйткені одан кейінгі бес жылдан соң тәуелсіз Қазақстан мемлекеттік егемендігін жариялады.
1993 жылы Қазақстанда "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" заң қабылданды. Оның мақсаты - әділдікті орнату және зардап шеккендердің шығынын өтеу. негізінде қатысушы халықтардан жеңіске жету үшін тек материалдық игі - ліктерді ғана емес, халық руханиятының қуат - тылығы мен өресінің кеңдігін қажет етеді. Осы тұрғыдан, большевиктік режим жеңіске жету жолында және Кеңес халқын рух - тандыру мақсатында 1942-43 жылдары азаматтардың діни еркіндіктеріне қеңдік танытылуында айтарлық жағы болды. ҚСРО аумағын мекендеген халық - тардың елсүйгіштік сезімдерін арттыру мақсатында, сол халықтардың рухани құндылықтарын дәріптеуге, жариялауға, зерттеуге және сол шығармашылықты ха - лық - қа молынан таратуға мүмкіншіліктер берді. Мұнымен қатар, Қазақстанға соғыс кезінде эвакуациямен КСРО-ның батыс аймақтарынан келген дүниежүзілік және одақтық деңгейдегі ғалымдар, өнерпаздар мен өзге де салалардың білікті мамандары шоғырланып, интеллектуалдық деңгейінің арттыруына елеулі үлес қосылды. Бұл бас - тамалар қазақ зиялыларының тарапынан жанды қолдауын тауып, өте тиімді пайдаланылды.
Қандай да бір ғылымы дамыған елде - тілі, әдебиеті мен тарихы тасада елеу - сіз қалып жатса, онда ол елдің елдігі де, руханиятының тектілігі де күмәнды болмақ.
Осы тұрғыдан, алғанда қазақ халқының руханиятының ішіндегі өзін-өзі сақтау иммунитеті, таң - даулы тәуірлерінің парасаты арқылы ғана сақталып келген. 37 жылға дейінгі қазақ Алаш - деп ұран салса, енді жаңа ұран - Қазақ болды. 1938 жылы үзілген қазақ руханияты мен қазіргі руханиятымызды жалғайтын зиялы қауым құралып қалыптасуы Ұлы Отан соғысы басталған кезеңнен бастау алады. 1941-53 жылдар аралығында қазақ руханиятының жаңа құрағы құралып, серкелерінің ордалы ортасы: Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Бауыржан Момышұлы, Әлкей Марғұлан, Қасым Аманжолов, Есмағанбет Исмаилов, Ер - мұхамбет Бекмаханов, Бейсенбай Кенжебаев, Қажым Жұмалиев, Ілияс Омаров, Ахмет Жұбанов, Жайық Бек - тұров, Темірғали Нұртазин, Әуелбек Қоңыратбаев, Қайым Мұхамедханов, Бекежан Сүлейменов және т.б. осылар сынды Алаш арыстарының көз - дерін көріп, тағылымдарын бойларына сіңірген, қазақ халқына қызмет ету - аманатын адал арқалаған ерлеріміздің қатарымен толықтырды. Бұл рухани һәм тарихи сабақтастығының үйлесімді жалғасы болып, текті руханиятымыздың есесін қайтарып, іргесін бүтіндеді.

2.2. Жарты елді жайлаған аштықтағы М.О.Әуезовтың ұйымдастырған шаралары
"Егер де бұл аудандарды аштықтан құтқару үшін дәл қазір шұғыл түрде үзілді-кесілді шаралар қолданылмаса, Қазақ республикасы қазақсыз қалады. Көптеген аудандардағы қазақтар бірталайдан бері тек қана көртышқан, суыр, тағы сол сияқты аңдар мен жәндіктерді азық етіп, өзегін жалғауда. Соның салдарынан ауылда әртүрлі жұқпалы аурулар мен індет түрлері бұрын естіп-білмеген көлемде таралып барады.̕̕̕ ̕
Мұның барлығы аштарға көмек көрсету ұйымдарының Қыр еліне (қазақтар, деп оқыңыз. - З.Т.) жаны ашымайтындығын, олардың тағдырына немкетті қарайтындығын көрсетеді. Сондай-ақ осындай қасіретке қарсы қайрат көрсетуде, аштық зардаптарының бетін қайтаруға қазақ қызметкерлерінің енжарлығы байқалады. Билік басында отырған қазақ қызметкерлері, сіздерге бұл істі дәл осы күйінде қалдыруға болмайтыны өз алдына, бұл - біз үшін үлкен қылмыс деп білемін. Бәріміз осы үшін қазақ елінің алдында, өзіміздің арымыздың алдында жауаптымыз".
Баяндамасының соңында М.Әуезов қырдағы аштарға көмек көрсету шараларының жоспарын ұсынды. Жиналыс сол жоспарларды негізге алып, қаулы қабылдады.
Кейін қазақ халқының атын әлемге танытқан ұлы ойшыл, кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезов осы сөздерді айтып, халқының тағдыры үшін еңіреп тұрғанда 25 жастан жаңа ғана асқан еді.
Бұл баяндамадағы "Қырдағы ел", "Қыр қазақтары" деген атаулар Ақмола, Семей, Торғай губернияларының аумақтарын түгел қамтиды.
Осылайша республиканың қыр аймақтарында ашаршылыққа ұшыраған халыққа көмек көрсету деген жалпы мәселенің аясында, әсіресе, экономикалық негізі осал, аңқау, сондықтан да қырылып қалуға әбден бейім қазақ ауылдарына ерекше назар аудару керектігі мемлекеттік деңгейде арнайы көтерілді.
Көп ұзамай сол 1922 жылдың қаңтарында ҚОАК саяси хатшысы М.Әуезов аштарға көмектесу жөніндегі Орталық комиссиясының мүшесі ретінде Орал губерниясын аралап қайтты.
Осы сапардың қорытындысы бойынша ол РКП(б) облыстық комитетіне есеп берді. Орал губерниясында ашаршылыққа ұшыраған халықтың жағдайын баяндай келіп, М.Әуезов бұл аймақтың Ақмола губерниясына бекітілгенін, яғни Қызылжардағы билік орындарының жұмысын ширату керектігін баса көрсетті.
Қазақ қызметкерлерінің осы жиналысында: "Аштарға көмек көрсету жөніндегі төтенше комиссиялардың құрамында қазақ өкілдері жоқ. Сондықтан аштыққа ұшырап, қатты ауыртпалық тартып отырған қазақ ауылдарына тиісті көмек берілмеуде", - деген тұжырым жасалды. Демек, жағдайды түзеу үшін қазақ қызметкерлерінен тез арада жауапты өкілдер жасақтап, тікелей қазақ ауылдарына жіберу жөнінде М.Әуезовтің ұсынысы бірауыздан қолдау тапты.
1922 жылғы 19 ақпанда, Орынборда өз жұмысын бастаған РКП(б) Бүкілқазақтық екінші конференциясында саяси сипат алып, үлкен пікірталасқа ұласты. Қазақ қызметкерлері бұл мәселені "Тұтас ұлтты құрып кетуден сақтау керек!" деген тұрғыда көтерсе, қазақ еместер оларды "сыңаржақ ұлтшылдық" деп айыптады.
Осынау сын сәттегі айтыс-тартыстың сырына қанық болу үшін конференция жұмысының хаттамасынан үзінділер келтірсек, оқырман өзі-ақ түсініп, кімдікі бұрыс, кімдікі дұрыс екенін таниды деп ойлаймын. Кейін М.Әуезов бастаған бүкіл қазақ зиялыларына зобалаң туғызып, қуғын-сүргінге ұшыратудың басы осы конференцияда айтылған сөздер мен жабылған жала екеніне көзіміз жетеді.
Конференцияның 21 ақпан күні төртінші мәжілісінде Қазақстан Орталық атқару комитетінің төрағасы Сейітқали Мендешев аштықпен күрес жөніндегі Орталық төтенше комиссияның жұмысы туралы баяндама жасады. Осы мәселе бойынша ҚОАК саяси хатшысы Мұхтар Әуезов сөз сөйледі. Конференция жұмысы туралы №3 бюллетеньге (21 ақпан 1922 ж.) жарияланып, таратылған хаттамадағы М.Әуезовтің сөзін келтірейік: "Қырда бәрі баяғыдай, олар ешқандай ақпарат алмайды. Қыр қазақтары көмекті қайдан алуға болатынын білмейді. Қыр қазақтарына ерекше қарау керек, өйткені олардың тіршілік-тұрмысы ерекше. Олардың күнкөрісі малда ғана. Мал қырылса, біз қазақ шаруашылығын ондаған жылдар бойы да қалпына келтіре алмаймыз.
Ал егер орыс шаруасы аштыққа ұшыраса, әйтеуір, оның басында үйі, қора-қопсысы бар, соқа-сайманы бар, егін өсіретін құнарлы жері бар. Оған тұқым берсе, біраз мал берсе, жағдайын түзеп ала алады. Қырдағы қазақтың шаруашылығы мұндай емес. Сондықтан қыр қазақтары арасындағы жұмыстарды нақты іс-жоспармен жүзеге асыру қажет.
Аштарға қызмет көрсететін орталық, губерниялық органдар қала жұртшылығының күнбе-күнгі қысымын көріп отыр. Қала жұртшылығы өзінің мұң-мұқтажын бұрынырақ айта алады, яғни олар біздің жауапты қызметкерлердің күнбе-күнгі назарында. Жергілікті қызметкерлер уақытында мәлімет ала алмаймыз, деп сылтау айтады. Қайдағы мәлімет, егер қыр қазақтары көмекті кімнен сұрарын білмей отырса.
"АРА" (Қазақстандағы аштыққа көмек беру үшін құрылған халықаралық қоғамдық ұйым) тарапынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін тарихы мәселелерін зерттеу
Мұхтар Әуезовтің шығармашылық ғұмырнамасы
ХХ ғ. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі. Мәдениет, білім, ғылымдағы ұлт мәселесі бойынша таптық-партиялық принциптер және оның ұлыдержавалық астарлары
Мәдени жаңғыру қарқыны
ЖАНДОСОВ Ораз Саяси қайраткер
М.Қ. ҚОЗЫБАЕВТЫҢ ӨМІР ЖОЛЫ ЖӘНЕ ТАРИХШЫ – ҒАЛЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ (1985-2002)
Голощекин және оның сойылын соғушылар
Қазан төңкерілісі және Қазақстанның саяси өмірі
Ақпан революциясы жайлы
Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары
Пәндер