Алматы облысы, Қарасай ауданына жеміс бақтарын отырғызу жобасын құру



I Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
II Негізгі бөлім
2.1 Алматы облысы, Қарасай ауданының табиғи климаттық жағдайы...3.4
2.2 Жеміс бақтарын отырғызу жобасын құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3Аудандастырылған жеміс дақылдарының сорттарына қысқаша сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
III Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
IV Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Жеміс-жидек шаруашылығы — жеміс - жидек дақылдарын өсірумен айналысатын өсімдік шаруашылығының саласы. Жеміс-жидек шаруашылығына көшет (жеміс дақылдарының көшетін өсіру) және жидек (таңқурай, қарақат, бүлдірген, т.б. жидек дақылдарын өсіру) шаруашылығы; шекілдеуікті, сүйекті, субтропиктік (анар, құрма, інжір, т.б.), жаңғақ, шырын жемісті дақылдарды өсіру жатады. Жеміс-жидек шаруашылығы тек көп жылдық өсімдіктерді алдымен көшеттікте өсіріп, оны жеміс бағына немесе көлемді егіс алқабына (плантация) отырғызумен және көптеген жеміс-жидек дақылдарын өсірумен айналысады. Жеміс-жидек шаруашылығы — өсімдік шаруашылығының ертеден келе жатқан салаларының бірі.
Алма, алмұрт, анар, шабдалы, өрік, алхорының өсіріліп келе жатқанына 4 мың жылдан асты. Вавилон мен Ассирия (б.з.б. 3 мыңыншы жыл), Қытай мен Үндістан (б.з.б. 2-мыңыншы жыл), Қырым (б.з.б. 700 жыл) бақтары туралы жазбалар қазірге дейін сақталған. Орта ғасырларда жеміс-жидек шаруашылығы Батыс Еуропада, әсіресе, Францияда дамыды. 19 ғасырда Қырымда, Орталық Азияда, Украинада өндірістік бақтар егіліп, жеміс-жидек шаруашылығы тауар өндіру саласына айналды.
Жеміс-жидек шаруашылығын дамытуда бақтарды тыңайтқыштармен және пестицидтермен қамтамасыз етудің, өнімді жинау жұмысын механикаландыру деңгейін көтерудің, жемісті өңдеудің, сақтаудың, т.б. маңызы зор. Жеміс дақылдарының кейбір тұқымдары (шекілдеуікті,жаңғақты және цитрусты) ұзақ уақыт бойы жасаң күйінде сақталады, әрі қыстыгүні және ерте көктемде витаминдер, биологилық белсенді заттар аз болған жағдайда,адам организміндегі қажетті витаминдер т.б пайдалы заттар орнын толықтырады.
1. Аяпов К.Ж, Укибасов О.А. «Жеміс – жидек дақылдары сорттарын анықтауға арналған оқу құралы» , - Алматы. – 2011. -
2. Аяпов К.Ж, Кампитова Г.А, Мажитова Р.С. «Жеміс шаруашылығы» Алматы, Сөздік-Словарь 2005ж
3. Н.Г. Щепетков, М.Ә. Ысқақов. «Жеміс –көкөніс шаруашылығы», Алматы 2011ж

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2

II Негізгі бөлім
2.1 Алматы облысы, Қарасай ауданының табиғи климаттық жағдайы...3-4
2.2 Жеміс бақтарын отырғызу жобасын құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3Аудандастырылған жеміс дақылдарының сорттарына қысқаша сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

III Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
IV Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе
Жеміс-жидек шаруашылығы -- жеміс - жидек дақылдарын өсірумен айналысатын өсімдік шаруашылығының саласы. Жеміс-жидек шаруашылығына көшет (жеміс дақылдарының көшетін өсіру) және жидек (таңқурай, қарақат, бүлдірген, т.б. жидек дақылдарын өсіру) шаруашылығы; шекілдеуікті, сүйекті, субтропиктік (анар, құрма, інжір, т.б.), жаңғақ, шырын жемісті дақылдарды өсіру жатады. Жеміс-жидек шаруашылығы тек көп жылдық өсімдіктерді алдымен көшеттікте өсіріп, оны жеміс бағына немесе көлемді егіс алқабына (плантация) отырғызумен және көптеген жеміс-жидек дақылдарын өсірумен айналысады. Жеміс-жидек шаруашылығы -- өсімдік шаруашылығының ертеден келе жатқан салаларының бірі.
Алма, алмұрт, анар, шабдалы, өрік, алхорының өсіріліп келе жатқанына 4 мың жылдан асты. Вавилон мен Ассирия (б.з.б. 3 мыңыншы жыл), Қытай мен Үндістан (б.з.б. 2-мыңыншы жыл), Қырым (б.з.б. 700 жыл) бақтары туралы жазбалар қазірге дейін сақталған. Орта ғасырларда жеміс-жидек шаруашылығы Батыс Еуропада, әсіресе, Францияда дамыды. 19 ғасырда Қырымда, Орталық Азияда, Украинада өндірістік бақтар егіліп, жеміс-жидек шаруашылығы тауар өндіру саласына айналды.
Жеміс-жидек шаруашылығын дамытуда бақтарды тыңайтқыштармен және пестицидтермен қамтамасыз етудің, өнімді жинау жұмысын механикаландыру деңгейін көтерудің, жемісті өңдеудің, сақтаудың, т.б. маңызы зор. Жеміс дақылдарының кейбір тұқымдары (шекілдеуікті,жаңғақты және цитрусты) ұзақ уақыт бойы жасаң күйінде сақталады, әрі қыстыгүні және ерте көктемде витаминдер, биологилық белсенді заттар аз болған жағдайда,адам организміндегі қажетті витаминдер т.б пайдалы заттар орнын толықтырады.

Негізгі бөлім
2.1. Қазақстандағы жеміс шаруашылығы

Қазіргі Қазақстандағы жеміс шаруашылығының дамуы алдағы кездегі жеміс шаруашылығының дамуымен салыстырғанда әлдеқайда дамып келеді. Қазақстан Республикасында жеміс - жидек дақылдарынан аса сапалы, мол өнімдер алатын экономикалық тиімділігі зор арнайы фермерлер, жеке шаруашылықтар саны жылдан жылға көбейіп келеді. Олар негізінен еліміздің халқын жеміс - жидек тағамдарымен толық болмаса да жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету. Мысалы, 1991 жылы Республикада шарушылықтардың саны 0,3 мың га болса, 2001 жылы бір мыңға жетіп отыр. Бірақ, соңғы жылдары жеміс шаруашылығының жалпы көлемі мен өндірілетін өнім мөлшері күрт төмендеп кетті.
Қазақстанда жеміс-жидек дақылдарының гендік қорын құру мәселелері зерттелді (А.Н. Кацейко, М.П. Левина, А.Д. Виновец, Н.Ю. Нұртазина, М.Т. Нұртазин, т.б.). Орта Азиядағы ең ірі жеміс және жидек дақылдарының 3000-нан астам сортының коллекциясы жасалды. Жеміс дақылдарын көбейтудің әдісі мен технологиясы (К.Г. Карычев, И.П. Савеко), таулы және жазық жерлердегі бақтарда жеміс өсірудің қарқынды технологиясы (А.Жанғалиев, И.С. Голованов, Ю.Л. Кудасов, Е.Г. Раузин, А.С. Куцуков), ағаш өсімдіктерін түзуші тіндері арқылы өсіру (С.Г. Долгих, Н.П. Клоконос), жидек дақылдарын өсіру технологиясы (С.Н. Олейченко) жасалды. Топырақ құнарлығын сақтау жәнебақ агроценозын құру (Г.П. Адрианова, Е.М. Коваленко), өсімдіктерді аурулардан, зиянкестерден және арамшөптерден қорғау (М.М. Исин, Г.Н. Қайырова), егістіктерді суару (В.Х. Арст, А.И. Бондарцев), ауқымды процестерді механикаландыру (Ж.Мағажанов) мәселелері зерттелді. Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шығарған 15-ке жуық жеміс-жидек сорттары Қазақстанның әр түрлі аумақтарында аудандастырылған. Қазіргі Қазақстандағы жеміс шаруашылығының дамуы алдағы кездегі жеміс шаруашылығының дамуымен салыстырғанда әлдеқайда дамып келеді.
Бұл саланың негізгі зерттейтін объектісі - көп жылдық ағаш және бұта тектес өсімдіктердің жемістерін, жидектерін алу үшін өсірілетін дақылдар. Жеміс шаруашылығы негізінен жеміс-жидек дақылдарының өсуін, дамуын, көбеюін, өнім салуын, сапалы өнім салу заңдылықтарын зерттейді. Жеміс-жидектің құрамында органикалық қышқылдар, қант, хош иісті илік заттар, витаминдер өте көп болады. Адам денсаулығы үшін жеміс-жидектің маңызы өте зор. Медицинада кеңінен қолданылады.
Біздің Республикамызда жеміс шаруашылығының дамуына көп еңбек сіңірген ғалымдар қатарына А.Ж.Жанғалиев, А.П.Драгавцев, А.Н.Кацейко, В.П.Вонамаршук, В.И.Васильев, А.П.Андронов, Б.Г.Матаганов, К.Г.Карычев, Е.Г.Раузин, О.А.Үкібасов жатады.
Қарасай ауданының топырақ және климаттық жағдайы

Қарасай ауданы -- Алматы облыстың оңтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. 1928 ж. құрылған. Алғашында Ленин, кейіннен (1935 ж. дейін) Калинин, 1935 жылдан Қаскелең, 1998 ж. қыркүйек айынан қазіргі атымен аталады. Жерінің аумағы 2,1 мың км². Тұрғын халқының саны 159,1 мың адам (2003). Аудан аумағындағы 67 елді мекен 1 қалалық әкімшілікке және 12 ауылыдық әкімшілік округке біріктірілген. оңтүстік, оңтүстікбатыс бөлігі таулы (іле Алатауының биік шыңды сілемдері), орталық бөлігі сай-жыралармен тілімделген жазық. Ауданның ең биік жері -- Іле Алатауы баурайынан Ақсай өзені бастау алатын Айдатау шыңы (4029 м). Шыңды мәңгі мұз бен қар басқан. Таулы шың қырғыз елі шекарасы тұсыңда орналаскан. Іле Алатауының осы батыс бөлігінде биіктігі 3000 м-ден асатын бірнеше таулар мен асулар (Тікқия, Үшқоңыр, Кебеже, Айғайтас, Көкөзек, Көктөбе, Емеген, құмбел, Қаскелең, да 1000 мм-ге дейін жетеді. Аудан жерімен Қаскелең, Шамалған (Қасқасу), ұзынқарғалы, Ақсай, Үлкен Алматы өзенідері ағып өтеді. Мұнда таудың қара топырағынан бастап, қуаң даланың бозғылт қоңыр, сұр топырағына дейінгі барлық табиғи белдемге тән топырақ түрлері одан басқа орыс (27%), түріктер (6%), әзірбайжандар (3,2%), ұйғырлар (2,6%), немістер (1,7%), татарлар (1,3%), күрдтер (1,3%), украиндер (1,2%), т.б. ұлт өкілдері тұрады. Халық негізінен ауданның жазық бөлігінде қоныстанған. Оның орташа тығызд. 1 км²-қа шаққанда бар. Негізінен халық тығыз қоныстанған әрі шаруашылық тұрғыдан жақсы игерілген өңірі теңіз деңтейінен 800-1100 м биіктікті қамтыған. Климаты континенттік, қысы біршама жұмсақ, жазы ьгстық. Қаңтардың жылдық орташа жұмсақсы -- -6-9°С, шілдеде 22-24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері жазық өңірде 300-500 мм, таукездеседі. Биік таулы белдеуде алмұрт, шие, алма, өрік, долана, арша, шырша, альпілік, субальпілік шалғын, жазық өңірде бетеге, жусан, ебелек, т.б. астық тұқымдас шөптесін өседі. Жануарлардан: арқар, таутеке, қасқыр, түлкі, қоян, борсық; құстардан: ұлар, кептер, бүркіт, сұңқар, т.б. мекендейді.
Климаты негізінен континенттік. Қысы қоңыржай салқын. Қаңтар айындағы орташа температура солт. жазық бөлігінде -- 10-16°С, оңтүстікте -- 4-9°С. Жазы ыстық және қуаң. Шілде айының орташа температурасы солтүстігінде 25°С, оңтүстігінде 27°С. Бұл жазық өңірлерде жауын-шашынның орташа жылдық мөлш. 110-250 мм. Тау бөктерінің климаттық жағдайы жұмсақ. Қаңтар айының орташа температурасы -- 5-9°С, жылымық жиі болып тұрады. Шілде айының орташа температурасы тау бөктерінде 21-23°С, тау аңғарларында 19-22°С. Жауын-шашын тау бөктерінде 400-600 мм, тау аңғарларында 700-1000 мм. Облыс жерінде жауын-шашын негізінен көктем мен жаз айының басында жауады. Солт. өңірдің жазығы мен тау бөктерлерінде қар жамылғысының орташа қалыңд. 10-30 см, тау беткейлерінде 40-100 см. Балқаш және Алакөл жағалауларында бриз желі соғады.
2.3 Өсірілетін жеміс - жидектерге сипаттама

Алманың - жаздық сорттары. Пеструшка - жергілікті сорт. Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштары өте биік өседі,жас ағашының бөрікбасы дөңгелектеніп келеді, өнім бергеннен кейін селеуленіп кетеді. Суыққа және қуаңшылыққа төзімді. Ағаштары отырғызылғаннан кейін 6-8 жылда жеміс бере бастайды, өнімді жыл сайын салмайды, әрбір жеміс ағашы орта есеппен 180 кг өнім береді.
Жемісінің өлшемі орташа (100-110г) қабығы сары, жалпақ қызғылт жолақтары мен жеке - жеке орналасқан теңбілдер бар, сырты тегіс. Жұмсағының түсі ақ, тығыздығы орташа, шырынды, жемісі тасымалдауға шыдамды.

1- сурет. Жаздық алманың пеструшка сорты

Мельба - Канадалық сорт. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырылған. Ағаштары орташа өседі, суыққа төзімді, бөрікбасы ағаштың жас шағында сопақша, ал жеміс берген уақытта аумақты кең болады.
Жемісті 6-7 жылда салады, жыл сайын өнім береді. Өнімділігі орта есеппен әрбір жеміс ағашынан 75-100 кг. Жемісінің өлшемі орташа 130 кг, түсі көкшіл сары, қызыл, қызыл жайылған шырайлы жұмсағы ақ, шырынды, қышқылтым тәтті, өзіне тән жақсы иісі бар.

2- сурет. Жаздық алманың мелба сорты

Алманың күздік сорттары. Ренет бурхардта - Никиталық ботаника бағында шығарылған сорт. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштарының өсуі орташа, бөрікбасы қалың, жас шағында сопақша, ал өнім бере бастағанда шар тәрізденіп кетеді, суыққа төзімді.
Жемісі 6-7 жылда салады, жыл сайын өнім береді.Өнімділігі орта есеппен әрбір жеміс ағашынан 140-160 кг.
Жемісінің өлшемі орташа (100 г) , домалақтау, түсі - сары, тасымалдауға қолайлы, жұисағы ақ, сарғыштау, тығыз, шырынды, хош иісті, қышқылтым тәтті.

3- сурет. Күздік алма сорты Ренет бухардта
Апорт - ескі, тегі белгісіз сорт.Қазақстанның оңтүстігі және оңтүстік шығыс облыстарында және Шығыс-Қазақстан облысында пайдалануға рұқсат етілген.
Бұл таулы, суармалы аудандар үшін ең бағалы сорттардың бірі. Бөрікбасы сирек, дөңгелек, аумақты. Өнімді көбінесе шет жағына орналасқан ұзын бұтақшалары береді. Жазық аймақта және тау етегінде суыққа шыдамсыз, ал тау белдеуінде, таулы аймақта суыққа төзімділігі жақсы. Жемісті отырғызылғаннан кейін 7-8 жылда береді, өнімділігі орта есеппен әрбір жеміс ағашынан 100-150 кг.
Алмасы өте ірі (250 г), түсі әдемі болады. Жұмсағы ақшыл жасылдау, орташа түйіршікті, нәзік, шырынды, қышқылтым тәтті, өзіне тән хош иісі бар.

4- сурет. Алманың күздік сорты апорт

Қыстық алма сорттары. Румянка Алма - Атинская. Сорт Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында "Зеленка Вуда" сортының екпе көшетінен алынған. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында пайдалануына рұқсат етілген. Ағаштарының бөрікбасы кең пирамидалы онша тығыз емес. Суыққа төзімділігі орташа. Ағашы отырғызғаннан кейін 5-6 жылда жеміс бере бастайды. Жыл сайын өнім береді. Өнімділігі орта есеппен бір ағашта 50-100 кг келеді. Жемісінің өлшемі орташа (130 г), дөңгелек, конус формалы, сарғылт жасыл түсті, қызыл қоңыр реңді. Жұмсағы шырынды, хош иісті, қышқылтым тәтті.

5- сурет. Қыстық алма сорты Румянка Алма - Атинская

Заилийское. Сорт Қазақтың жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында белгісіз сорттардың екпе көшеттерінен шығарылған.Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығыс облыстарында пайдалануға рұқсат етілген.
Ағаштары аласа, бөрікбасы жинақы, суыққа шыдамды.Жемісі ерте, отырғызылғаннан кейін 3-4 жылы салады.Өнімді жыл сайын береді. Әрбір жеміс ағашынан орта есеппен 160-190 кг өнім алынады. Алмасының өлшемі орташа және ортадан жоғары (110-180 г), сарғыштау жасыл, қызыл қоңыр түсті, күігірт сызықтары бар. Жұмсағы жасылдау, нәзік, шырынды, қышқылтым тәтті

6-сурет. Қыстық алма сорты Заилийское

Алмұрттың сорттары. Краса Семиречья. Талгарская красавица сортының еркін тозаңданған дәнін себу арқылы, ҚазЖжЖШҒЗИ-да алынған сорт. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысында өсіруге ұсынылады.
Ағаш бөрікбасы дөңгелек, жеміс салуының басым типі - сақиналы бұтақша. Жеміс салуды 4-5 жылы бастайды. Жемістері ірі (175-126 г) ұзыншақ- алмұрт тәрізді пішінді. Негізгі бояуы жасылдау - сары жемісінің көп бөлігінде қызыл- күрең шыраймен. Жемістерінің жиындық пісуі қыркүйектің екінші онкүндігінде басталады, Желтоқсанға дейін сақталады.Өнімділігі жоғары. Бұл сортты баққа отырғызудың қолайлы жүйесі, жабайы орман алмұртына ұластырылған ағаштары 8х6 м.

7- сурет. Алмұрт сорты краса семиречья

Шие сорты. Шпанка крупная - халық селекциясы арқылы шығарылған сорт, Қазақстанда Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген.
Ағаштары ірі, бөрікбасы дөңгеленіп келген, аумақты, қалыңдығы орташа, суыққа шыдамды. Жемісті 3-4 жылда салады. Өнімді жыл сайын береді. Әрбір ағаштан орта есеппен 30-40 кг шие алынады. Жемістерінің өлшемі орташа (2-3 г), ашық қызыл, домалақ, жұмсағы шырынды, қышқылтым, тәтті.

8-сурет. Шие сорты шпанка крупная

Алхоры сорты. Виктория - Англиялық сорт. Қазақстанда Атырау облысында, Оңтүстік және Оңтүстік - шығыс облыстарда пайдалануға рұқсат етілген.
Ағаштары биік өседі,бөрікбасы аумақты,қалыңдығы орташа.Суыққа төзімді. Отырғызылғаннан кейін 4-5 жылда өнім береді. Жемісті жыл сайын салады. Әрбір ағаштан орта есеппен 30 - 35 кг жеміс алынады. Жемісі ірі (50г), пішіні сопақша, түсі күңгірт қызыл, жұмсағы сары, аздап талшықты, шырынды қышқылтым тәттілеу. Сүйегі жұмсағынан жақсы айрылады. Жемісі жас күйінде қолданылады, қайнатпа қайнатылып,тосап дайындауға өте жақсы.

9- сурет. Алхорының виктория сорты
Таңқурай сорттары. Алматинская - Қазақ жеміс, жүзім ғылыми зерттеу институтының ғалымдары шығарған сорт. Түптері ықшамды, жартылай шашыраңқы,сабақ бергіш қабілеті орташа. Сабақтарының төменгі жағында тікенекшелері бар. Жидектері ірі және орташа көлемді, пішіні орташа шар тәрізді, түсі ашық қызыл, ерте мерзімде пісетін сорт.Дәмі тартымды. Өнімділігі орташа. Суыққа төзімді.

10- сурет. Алматинская таңқурай сорты
Өрік (Prunus armeniaca) -- раушангүлділер тұқымдасына жататын жеміс ағаштарының туысы, жеміс дақылы болып саналады. Ағаштары өте биік, 8 - 15 м аралығында. Жапырақтары жалпақ, жоғары жағы үшкірлеу, тісті болып келеді. Жеміс бүршіктері бір гүл береді, олар ақ немесе қызғылт түсті, жапырақтарынан бұрын ашылады. Жемісі етті, түкті, ал сүйегі жылтыр. Өрік - жарық, жылу сүйгіш дақыл, жеңіл ауа, ылғал өткізгіш топырақтарда жақсы өседі, ал сазды, тұзды жерлер Өрік өсіруге жарамсыз келеді. Құрғақшылыққа төзімді. Тікпе көшеттері отырғызылған бақтар 3 - 4 жылдан кейін өнім бере бастайды, 40 - 50 және одан да көп жыл өмір сүреді. Әр түбінен 15 - 20 (7 жылдық ағаш), 60 - 100 кг (15 - 20 жылдық ағаш) жеміс алынады. Жемісі шілде айында піседі, салмағы 20 - 70 г. Жемісінің құрамында 4 - 20% қант, алма және лимон, т.б. қышқылдары, 10%-дай каротин, 0,4 - 1,3% пектин заттары, ал тұқымында 29 - 58% май болады. Жемісінің өзін, кептірілген және өңделген күйінде (шырын, тосап) пайдаланады. Өрік ағашын егісті желден қорғайтын орман алқабында отырғызады және шабдалымен телу үшін өсіріледі. Өріктің мәдени сорттарын көбейту тәсілі - ұластыру. Негізгі отырғызу тәсілі тік бұрышты, қатар аралығы 6 - 8 м, қатар іші 5 - 6 м. Отырғызғаннан кейін жас ағаштардың бөрікбасын қалыптастыру үшін шырпу (қысқарту, сирету) жұмыстарын жүргізіп, 3 - 4 жылда бір рет органик және минералдық тыңайтқыштар енгізіп тұру қажет. Қазақстанда Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында бір түрі - кәдімгі өрік (A. vulgarіs) өсіріледі.
Мұның бұрынғы КСРО-да 4 түрі бар: Сибирь өрігі, моңғол өрігі, қара өрік және кәдімгі өрік. Өріктердің кептірілген жемістері (өрік, құрағы, шапталы) және консервісі тамаққа жұмсалады. Өріктің негізгі сорттары: Қызылбет, Амброзия, Луиза, Шалах, Хосровшам, Хурмаи, Бұхара, Товарищ, Ансу және т. б.

11 - сурет. Өріктің сорттары

Шабдалы (Persіca) -- раушангүлділер тұқымдасына жататын жеміс ағашы. Шабдалының мәдени сұрыптары кәдімгі шабдалыдан таралған. Кәдімгі шабдалының биіктігі 6 -- 8 м, жапырақтары кезектесіп орналасқан. Гүлі қос жынысты, түсі қызғылт, сары немесе ақшылдау. Ол 2 -- 3 жылдан бастап 15 -- 20 жылға дейін жеміс береді. Жемісі етжеңді, ішінде сүйегі бар, қышқылтым, шырыны тәтті, құрамында қант, органик. қышқылдар, А, С витаминдері көп. Тұқымында болатын Шабдалы майынан тамақтық заттар мен дәрі жасалады. Әр шабдалы ағашынан 20 -- 120 кг жеміс алынады. Жемісі жастай және кептірілген күйінде (компот, тосап, тәтті сусын, т.б.) пайдаланылады. Өнімді мол алу үшін топырақты құнарландыру, уақытымен суғару және қажетсіз бұтақтарын кесіп, сиретіп отыру керек. Оның өсіп тұрған жерінде арамшөптер болмауы қажет. ТМД-да, Орта Азия республикаларында, Закавказьеде, Қырымда, Дағыстанда, Молдовада, Солтүстік Кавказдың Қара теңіз жағалауында және Қазақстанның оңтүстік облыстарында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы жеміс шаруашылығы туралы
Алматы облысы Ұйғыр ауданына отырғызуға рұқсат етілген жеміс дақылдарының сорттарына сипаттама
Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Көксу ауданында 76 га жерге бақ отырғызу
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жеміс бағын отырғызу жобасын құру
Алма сорттары
Қазақстандағы жеміс шаруашылығы
Жеміс-жидек шаруашылығы
Облыстың көлік және коммуникациялық байланыстары
Жеміс жидек дақылдарының сорттарына сипаттама
Жеміс тұқым ауданы
Пәндер